Құқықтық мәдениет арнайы жобасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Тақырыбы: Рухани Жаңғыру бағдарламасын Қазақстан Республикасының өңірлерінде іске асыру

Орындаған: Куатбаева.Д.
Тобы: ФӨТҚА- 103-21
Тексерген:Айдарбекова.Г.С.

Шымкент 2021

Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру бағдарламасы
Мен көздеген жұмыстарымыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.
( Н.Ә. Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру)

Рухани жаңғыру бағдарламасы Елбасының 2017 жылы 12 сәуірде жарық көрген осы Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласының негізінде жасалған. Онда ұлтымыздың жаңа тарихи даму кезеңінің негізгі мақсаттары көрсетілген, атап айтқанда: рухани және мәдени құндылықтарымызды сақтау және ұлғайту, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену. Осы мақсаттарға жету жолына бағытталған жобалар бағдарламада толық көрсетілген.

Қазақ тілінің латын әліпбиіне біртіндеп, кезең-кезеңмен көшуі туралы жобасы тіліміздің дамуына жаңа импульс беріп, оны әлемдік кеңістікке шығаруға, сөйтіп халықты тілімізді толық меңгеруге ынталандыруға арналған. Ал 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне толық көшетін боламыз: осы уақыттан бастап барлық жазбаша дүниелер - БАҚ беттеріндегі жарияланымдардан бастап, кеңселік іс қағаздарын толтыруға дейін тек қана латын тілінде жүргізілетін болады. Оған дейін ақырын үйреніп, кириллицадан латынға біртіндеп өтетін боламыз.

Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық жобасы жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік беруге, білім сапасын арттыруға және ұлттың өзіндік сана-сезімі мен оның тілін дамытуға бағытталған. Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен айтқанда, біздің әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз ұзақ жылдар бойы бір ғана ілімнің аясында шектеліп, дүниеге бір ғана көзқараспен қарауға мәжбүр болдық. Міне, осы шектіліктен арылу үшін, тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология саласы бойынша әлемнің ең үздік 100 оқулығын қазақ тіліне аудару ұсынылып отыр. Бұл бағдарламаның нәтижесі 5-6 жылдан кейін - кітаптар студенттердің қолына тигеннен кейін өз жемісін бере бастайды, сол кезде отандық жоғары оқу орындарының түлектері халықаралық еңбек нарығында бәсекеге төтеп бере алатын болады деп күтілуде.

Қазақстанның 100 жаңа есімдері атты жобасы еліміздің түкпір-түкпірінен әртүрлі жастағы және әртүрлі ұлттардың өкілдері арасынан жоғары жетістіктерге жетіп, отандастарына үлгі боларлық тұлғаларды дүйім жұртқа таныстырады. Осы жобаға енетін 100 жаңа есім қазіргі Қазақстанның бетке ұстар бейнесі ретінде алынады.

Қазақстанның киелі географиясы атты жоба еліміздің тарихи-мәдени және символикалық киелі негіздеріне сүйенеді. Бұл жобаға жататын қасиетті орындар - елде туризм индустриясын дамытуға, сөйтіп халықты киелі жерлерге тартуға арналады. Сонымен қатар Елбасы өз мақаласында республикада жаппай спортты дамыту мәселелеріне де көбірек көңіл бөледі. Осы орайда аталған Туған жер жобасы елдегі әлеуметтік маңызы зор мәселелерді шешуге, азаматтарды өздері тұратын елді мекендерді абаттандырып, өлкені жандандыруға, дамытуға, сөйтіп жалпы қоршаған ортаны қорғауға баулуға бағытталған.

Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет жобасы ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін шетелге таныстыру жүйесін қолға алуды көздейді. Шын мәнісінде қазіргі заманғы қазақстандық мәдениетті мазмұндық жағынан да, қалыптық жағынан да ілгері дамытуға бағытталған. Осы орайда алдымен Рухани жаңғыру бағдарламасы шетелдік қауым назарына ұсынылып, 2017 жылы 17 - 19 қазан күндері UNESCO-ның Париждегі штаб-пәтерінде онымен таныстыру рәсімі өткен болатын. Осы шара аясында шетелдік көрермен қазақстандық мәдениеттің әртүрлі бағыттарымен танысып, көптеген мәдени іс-шараларды тамашалады.

Рухани жаңғыру бағдарламасы заманауи тәуекелдіктер мен жаһандық талаптарды ескере отырып, ұлттың рухани құндылықтарын жаңғыртуға, сондай-ақ Қазақстанның заманауи әлемдегі басекелік қабілеттілігін арттыруға, ұлттық сәйкестікті сақтауға, азаматтардың мәдени білімін және сана-сезімінің жоғары екендігін дәріптеуге бағытталған. Міне, осы сапалардың барлығы қазақстандықтар сүйенетін негізге, тірекке айналуы тиіс.

Рухани жаңғырту бағдарламасы қоғамды шоғырландыруға, зиялы қауым мен жастарды, барлық ұлт өкілдерін Елбасы жариялаған жарқын идеяның айналасына біріктіруге мүмкіндік береді. Бағдарламаның барлық бағыттарын іске енгізу әлеуметтің, ғылыми-эксперттік қауымдастықтардың, азаматтық қоғам өкілдері мен жастардың белсенді түрде атсалысуымен жүзеге асады.

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында қандай жобалар жүзеге асып жатыр

Вице-министрдің сөзінше, елбасының бастамасымен қабылданған Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында бүгінгі таңда ауқымды жұмыс жүргізілуде. Мәселен, бағдарламаны басқарудың институционалдық құрылымы қалыптастырылды, жергілікті атқарушы органдар және өңірлік жобалық кеңселерме жұмыс жандандырылып, талдамалық және әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ететін қазақстандық қоғамдық даму институтының қызметі жолға қойылды.
Жыл сайынғы негізде өңірлік жобалық кеңселер қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізіледі, олар үшін ағымдағы жылы қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлер жағдайында аталмыш ағдарламаны іске асыру бойынша жаңа әдістемелік құралдар мен технологиялық пакеттер әзірленді, - деді Болат Тлепов.

Рухани жаңғыру бағдарламасын жүйелеу мақсатында талдау жүргізіліп, оны іске асырудың 3 бағыты бекітілген.

Бірінші бағыт - Тұлғалық даму. Білімнің саласын дамыту, бәсекеге қабілеттілік, сананың ашықтығы, прагматизм қағидаттары

Екінші бағыт - Ұлттық бірегейлік және халықаралық мәртебені арттыру. Ұлттық бірегейлікті сақтау.

Үшінші бағыт - Мемлекеттің, азаматтық қоғамның және жергілікті қоғамдастықтардың дамуы. Рреволюциялық емес, эволюциялық даму.

Осы бағыттарға сәйкес Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық іс-шаралар жоспары (97 тармақ) және 2020 жылға арналған өңірлік жоспарлар әзірленді. Жоспар шеңберінде іс-шараларды сапалы іске асыру үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарға арналған ұсынымдар әзірленді, - деді вице-министр.
Бұдан бөлек бағдарламаны іске асыруға қатысқан барлық институттар үшін жаңа бағыттар шеңберіндегі іс-шараларды тиімді іске асыруға арналған оқыту курстары өткізілуде.
Азаматтық алаң пікірталас алаңы жұмыс жасауда, онда танымал қоғам қайраткерлерімен, ғалымдармен, түрлі саладағы сарапшылармен қазіргі заманғы трендтер жағдайында өзекті тақырыптар белсенді талқылануда.

Бағдарлама аясында қандай жобалар жүзеге асуда

Жомарт жүрек бағдарламасы

2018 жылдан бастап біздің Министрлік Жомарт жүрек сыйлығын тағайындады. Жыл сайын бизнес-құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, волонтерлер мен қайырымдылық жасаушылардың 50-ден астам өкілі туған өлкесін дамытуға, елдегі қайырымдылық идеяларын танымал еткені үшін арнайы сыйлықтың лауреаттары атанады, - деді Болат Тлепов.
Вице-министрдің сөзінше, жалпы бағдарламаны іске асырудың 3 жылында демеушілік қаражат есебінен 270 млрд теңге тартылды, нәтижесінде 2 621 нысан салынды, 2 142 объект реконструкцияланды. Осы жобаларды іске асыруға бүкіл республика бойынша 12 мыңнан астам меценат тартылған.

- 2019 жылы 61 млрд теңгеден астам демеушілік қаражатқа 2 274 жоба іске асырылды
- 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 228 нысан салынды. Оның ішінде 2 мектеп, 2 балабақша, 19 мәдениет объектілері, 36 спорт алаңдары, 31 балалар алаңы

- 129 нысан реконструкцияланды. Оның ішінде 28 мектеп, 5 балабақша, 13 мәдениет объектілері, 14 спорт алаңдары, 68 аз қамтылған отбасыларға арналған үйлер, пәтерлер, 1 медициналық мекеме, 5 балалар алаңы
- І-жартыжылдықта қолдау көрсеткен меценаттар саны - 1231.

100 жаңа есім жобасы

100 жаңа есім арнайы жобасы - бұл қазақстандықтарды ынталандыратын және шабыттандыратын, адамдарды кәсіби және жеке дамытуға бағыттайтын, жаңа пайдалы әдеттерге үйрететін ұлттың табысты өкілдерін насихаттау, - деді вице-министр.
Жобаның бірінші ауқымды кезеңі 2017 жылы өтті:
- 2018 жылы Еңбек адамы - Қазақстанның жаңа тұлғасы
- 2019 жылы Жас қазақстандықтардың жетістіктер тарихы
Қатысушыларды іріктеудің үш кезеңінде 6 мыңнан астам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастардың құқықтық мәдениеті
Зайырлы Қазақстандағы рухани мәселелер
Архив - тарих сақтаушысы
Халықаралық құқықты дамыту бағыттары
Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы
Бюджеттік бағдарламалар
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ДЕКЛАРАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Қазақстандағы жастар саясаты
Жастар саясаты
Мемлекеттік басқару және жоспарлау жүйесін жетілдіру
Пәндер