Шәует алу әдістері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
Ветеринария факультеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Шәуетті сұйылтқыштардың құрамы (экстендорлар, протекторлар және т.б.)

Орындаған: Бөкеев Шыңғыс
Тобы: 402
Тексерген: Тургумбеков А.

Алматы 2021 ж.
Жоспары:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Шәует жайлы қысқаша сипаттама
2.2.Шәует алу әдістері
2.3.Шәуеттің сапасын бағалау
2.4.Шәуетті сұйылту және сақтау
2.5.Шәуетті қысқа және ұзақ мерзімге сақтау әдістері

ІІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

І.Кіріспе
Шәует - аталық малдың жыныстық мүшелері бөліп шығаратын ұрығы. Оның құрамында аталық ұрық торшалар (спермийлер) бар, еннің ирек түтікшелерінде пайда болады, ал сұйық бөлігі (плазма) ен қосалқысы мен ұрық түтікшесінің және қосымша жыныстық бездердің секреттерінен құралады. Химиялық құрамы өте күрделі.
Шәуеттің бір жыныстық қатынаста бөлініп шығатын көлемін эякулят деп атайды. Әр түлік малдың шәуетінің көлемі, спермийлермен қанықтылығы, қозғалыс белсенділігі әртүрлі бола береді, оған малдың бағып күтімі, қоңдылығы, жасы, денсаулығы әсер етеді.
Шәуеттің 90-98 пайызы су, тек 10-12 пайызы ғана құрғақ зат, оның 60 пайызы белоктан тұрады (альбуминдер, глобулиндер, аминоқышқылдар, фибриноген т.б.). Басқа органикалық заттардан: липидтер, көмірсулар, (сахароза, фруктоза) лимон қышқылы, сүт қышқылы, дәрумендер, минералды заттардан: натрий, калий, кальций, фосфор, күкірт, темір және басқа да макро-, микроэлементтер бар. Бұл элементтер лимон қышқылымен т.б. органикалық заттармен қосылып шәуеттің буферлік жүйесін қамтамасыз етеді.

ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Шәует жайлы қысқаша сипаттама
Шәует құрамында гиалуронидаза, пероксидаза, трипсин, каталаза, амилаза, муциназа, липаза сияқты ферменттер де бар. Муциназа жыныстық жолдардағы қою шырышты сұйылтып спермийлердің қозғалуына көмектеседі, ал гиалуронидаза спермийдің аналық ұрық торшасының сыртқы тәж қабатын тесіп өтуіне көмектеседі.
Көмірсулар спремийлердің қозғалуы үшін қажетті күш-қуат көзі болып табылады. Спермийлер - өте ұсақ, ұзындығы 50-70 микрон, жай көзге көрінбейтін тірі торшалар. Оның доғалданған басы, мойны, денесі және өте ұзын (50 микрон) құйрығы болады.
Спермийдің басы жалпақ қасық тәрізді бір жағы дөңес, бір жағы ойыс келеді, сондықтан олар қозғалғанда бір жағына аунап, өз осінен айналып отырады.
Сүт қоректілердің спермийінің ұзындығы аналық ұрық торшасының диаметрінен 2 есе қысқа, ал көлемі 160 мың есе аз. Бірақ кейбір құстардың спермийлері 300 микронға, ал көлбақалардың спермийлерінің ұзындығы 2200 микронға жетеді.
Спермийдің ядросы басында орналасқан. Басы сыртынан қалпақпен жабылған, оның алдыңғы жағында акросома, бұл жұмсақтау зат ұрықтану үрдісінде өте үлкен рөл атқарады. Шәуетті ұзақ мерзімге сақтаған кезде оның тозып-бүліну үрдістері алдымен акросомадан басталады. Ядросы жіңішке хроматин жіптерінен тұрады. Сол хроматин жіптері (фибриллдер) екеуі ортасында өзегі болса, оның сыртын 9 жіпше орап жатады да, спермидің мойнын, денесін және құйрығын түзеді. Спермидің құйрығы оның қозғалу органы болып табылады. Спермийдің сыртқы ортаның әсеріне төзімді етіп тұратын липопротеидті қабығы болады.

4- кесте. Шәуеттің сипаттамасы
Мал түлігі
Орташа көлемі (мл)
1 мл шәуеттегі спермийлер саны (млрд)
Қозғалу белсенділігі (балл)
Патологиялық спермийлер (пайыз)
Қошқар
1 - 1,5
2-3
8- 9
14
Бұқа
4-5
0,8 - 1,2
7 - 8
16 - 18
Айғыр
60 - 100
0,1 - 0,15
5-6
18 - 20
Қабан
200 - 300
0,1 -0,2
5 - 6
18 - 20
Спермийдің де химиялық құрамы өте күрделі, әсіресе оның ядросындағы РНК, ДНК көп мөлшерде азот, фосфор қосындыларын қажет етеді.
Шәуеттің, спермийлердің химиялық құрамын білу спермиогенез үрдісінің дұрыс өтуі үшін, сапалы шәует алу үшін аталық малды дұрыс азықтандыруды ойластыруға қажет.
Жоғары сапалы шәуеттің спермийлері алға қарай үдемелі қозғалып отырады. Мұндай спермийлердің саны қошқардың шәуетінде мысалға, 80 пайыздан кем болмауы қажет. Оны баллмен есептейді, балдық шкала бойынша 80 пайыз түзу қозғалып жүрген спермийлерге 8 балл беріледі. Қозғалыстың одан басқа түрлері бар: тербелмелі қозғалыс, басы қозғалмайтын құйрығымен ғана теңселіп тұрады, немесе кішкене бір шеңбердің бойымен шыр айнала береді. Қозғалыстың бұл екі түрі де шәуеттің сапасының нашар екендігін көрсетеді.
Шәуетте қозғалмайтын, яғни өлі спермийлер көп болса - н е к р о с п е р м и я деп, ал спермийлердің ағысқа қарсы жылжу қабілеті р е о т а к с и с деп аталады.
Спермийлердің сыртқы липопротейдті қабығында теріс (-) электр заряды бар. Соның әсерінен миллиардтаған спермийлер әртүрлі бағытта қозғалып жүріп бір-бірімен түйісіп- соғысып жатса да жабыспайды, ал енді шәуеттің қышқылдығы рН 5-6-дан төмендеп кетсе немесе көп валентті металл иондары араласқанда, басқа малдың шәуеті немесе ауру малдың қынабының шырышы қосылып кетсе спермийлердің қозғалысы тоқтап бір-бірімен жабысып қалады, олар электрлі зарядынан айырылады. Бұл құбылысты с п е р м и о а г г л ю т и н а ц и я деп аталады.
Спермийлер қозғалу үшін біршама күш-қуатты (энергияны) қажет етеді. Бұл қуатты олар тыныс алу, гликолиз және адензинтрифосфор (АТФ) ыдырауы нәтижесінде алады.
Спермийлердің оттегін пайдаланатынын алғаш рет И.И. Иванов (1911 ж.) анықтаған, кейіннен Н.П. Шергиннің зерттеулері спермийлердің тыныс алу қарқыны малдың түлігіне қарай, қоршаған ортаның температурасына қарай әртүрлі болатынын дәлелдеді. Температураның төмендеуі, қышқылдықтың жоғарылауы тыныс алу қарқынын бәсеңдетеді. Осы факторларды пайдалана отырып, кейіннен шәуетті сақтау әдістерін ойлап тапты.
Тыныс алу үрдісі спермийлердің қозғалуы үшін қажетті энергияның негізгі көзі болып табылады. Оттегімен қосылған кезде әртүрлі қоректік заттар: көмірсулар (фруктоза), майлар, белоктар тотығу реакциясына түсіп ыдырайды да, соның нәтижесінде энергия бөлініп шығады, 1 грамм молекула фруктоза (180 грамм), 680 000 каллория энергия береді. Көмірсулар таусылған соң сорбиттер, одан кейін майлар, ең соңында, белоктар реакцияға түседі.
Спермийлер факультативтік анаэробқа жатады, яғни олар оттегі бар ортада да, оттегі жоқ ортада да тіршілік ете береді. Оттегі жоқ жерде энергияны (фруктолиз) үрдісінің нәтижесінде алады, сөйтіп гликолиз дегеніміз шәуеттің плазмасындағы көмірсулардың (глюкоза, фруктоза) оттегінсіз-ақ сүт қышқылына ыдырауы, содан энергияның бөлініп шығуы. Бұл үрдіс күйіс малының шәуетінде жақсы байқалады. Майлар мен белоктар гликолиз реакциясына түспейді. Сондықтан сұйылтқыштардың құрамына глюкоза қосса шәуетті сақтау мерзімі ұзара түседі.
Спермийдің құрамында с п е р м о з и н деген белок бар, ол фермент ретінде аденозинтрифосфаттың молекуласын ыдыратады. Соның нәтижесінде энергия бөлініп шығады да, оны да спермийлер өзінің қозғалысына пайдаланды. Спермийлерді қоршаған ортаның рН 7,3 болса, спермозиннің АТФ-ті ыдырату белсенділігі арта түседі.
Спермийлердің қозғалу белсенділігі артқан сайын оның тіршілік ету мерзімі қысқара береді, оның себебі, біріншіден қоректік заттар тезірек таусылады, екіншіден сүт қышқылы көбейіп кетеді де, содан уланып өле бастайды немесе анабиоздық жағдайға түседі.
А н а б и о з - деп спермийлердің төмен температураның және қышқылдық ортаның әсерінен өмір-тіршілігін баяулатып, мүлдем тоқтауын айтады. Анабиоздан спермийлерді ортаның температурасын жоғарылату арқылы немесе қышқылдығын бейтараптау арқылы оятып қайтадан қозғалысқа келтіруге болады. Бұл құбылысты шәуетті сақтау үшін пайдаланады.
Шәуетке сыртқы ортаның әсері. Бұқадан, қошқардан, т.б. малдан шәует алғанда, оны тасымалдағанда, сақтағанда сыртқы ортаның әсерін ескеруіміз керек.
Температура. Спермийлердің өмір тіршілігіне ең қолайлы температура дене температурасы (38-400) болып табылады, бұл кезде оның қозғалу белсенділігі өте жоғары. Бірақ мұндай жағдайда спермийлер көпке шыдамайды, қоректік заттар қоры тез таусылып, ортаның қышқылдығы артады, жоғары +40 +450 температурада олардың ұрықтандыру қасиеті төмендей береді де, 500 температурада күйіп өледі.
Төменгі температураға спермийлер төзімдірек, тек оны бірден салқындатып жібермей, біртіндеп салқындатса өлмейді (температуралық шок болмайды), тек қозғалысын тоқтатады. Ондай шәуетті ақырындап жылытып, сілті қосып қозғалу дәрежесін бұрынғы қалпына келтіруге болады. Жаңа алынған шәует температуралық ауытқуларға өте шыдамсыз келеді. Сондықтан шәуетпен жұмыс істегенде қолданылатын ыдыс аспаптардың, сұйылтқыштардың жылы болуын қадағалау керек.
О с м о с т ы қ қ ы с ы м. Шәуеттің осмостық қысымы тұрақты бір деңгейде болады, оның плазмасындағы қысым мен спермийлердің ішкі қысымы бірдей, яғни изотониялық қысым болады. Гипертониялық немесе гипотониялық қысым спермийлерді өлтіреді.
Бұқа мен қошқардың шәуетінде гликолиз үрдісі толассыз жүріп жатқандықтан, уақыт өткен сайын шәуеттің құрамында жаңа молекулалар жинала береді де, осмостық қысымды көбейтіп жібереді. Сондықтан бұқа мен қошқардың шәуеті арнайы өңдеуден өтпейінше көп сақтауға шыдамайды, ал қабан мен айғырдың шәуетінде аса көп өзгерістер бола қоймайды. Шәуеттің бетін ашық қалдыруға болмайды, себебі суы буланып ұшады да, тұздардың концентрациясы көбейіп, осмостық қысымы артып кетеді. Шәуетпен жұмыс істегенде қолданатын ыдыс аспаптардың ішінде судың қалдықтары болмауын қадағалау керек.
Күн сәулесі спермийлерге тікелей түскенде өте зиянды әсер етеді, әсіресе, оның ультракүлгін және инфрақызыл сәулелері 20-40 минуттың ішінде-ақ спермийлерді өлтіріп бітеді, жай шашыраңқы жарықтың зияны жоқ. Сондықтан зертхананың терезелеріне перде ұстау керек, далада жұмыс істегенде көлеңкелі орын болғаны жөн.
Химиялық заттар. Спермийлерге дезинфекциялық заттардың бәрі де өте зиянды, атап айтқанда йод, креолин, лизол, скипидар, мүсәтір спирті, тұз қышқылы, эфирдің иісі, сондықтан зертханада дәрі-дәрмек, дезинфекциялық заттарды сақтауға болмайды. Қолданылатын аспаптарды, ыдыстарды, 1 % соданың немесе хлорлы натрийдің ерітіндісімен жуып-шаяды. Антибиотиктердің ішінен биомицин, синтомицин, тетрациклин және кейбір сульфаниламидтер де спермияларға зиян. Дегенмен, азғана концентрацияда шәует сұйылтқыштарға трициллин, сепрмосан деген антибиотиктерді қосады, оның құрамында пенциллин, стрептомицин және ақ стрептоцид бар.
Микроорганизмдер. Дені сау малдың шәуеті микробтардан таза болуы керек. Аталық малдың үсті - басы лас, манеж тазаланбаған болса, шәуетке қоршаған ортадан әртүрлі микроорганизмдер түсіп ластануы мүмкін. Неғұрлым көп ластанса, соғұрлым шәуеттің сапасы төмен болады. Микроорганизмдер шәуетке түскен кезде тез өсіп-көбейеді және спермийлердің денесіне еніп, улы заттар бөліп шығара бастайды. Осының әсерінен спермийлердің қозғалысы баяулап, электр зарядынан айрылып, уланып, бір-бірімен шоғырланып, жабысып өле бастайды. Сондықтан шәуетпен жұмыс істеген кезде ең алдымен, малдәрігерлік-санитарлық ережелерді қатаң сақтау керек, атап айтқанда, зертхананың, манеждің, ыдыс-аяқтың, аспаптардың, малдың тазалығына көңіл бөледі.
Шәуеттің микроорганизмдермен ластану дәрежесін коли-титр, коли-индексті анықтаумен білеміз.
Қолдануға жарайтын шәуеттің 1 мл микробтың саны 5 мыңнан аспауы керек, коли-титрі 1:10 қатынасындай болады.
Ортаның (рН) реакциясы немесе сутегі иондарының концентрациясы спермийлердің өмір- тіршілігіне біршама әсер етеді. Спермийлер үшін ең қолайлы ортаның (рН) реакциясы 6,9-7,2 аралығында болуы керек. Егер ол көрсеткіш 6-дан төмен немесе 7,5-тен жоғары болса, спермийлер өледі, әсіресе, органикалық қышқылдар өте зиянды. Сапалы шәуеттің рН реакциясы бейтарапты деңгейде біршама уақыт өзгермей тұра алады, оған шәуеттің химиялық құрамы көп көмектеседі.

2.2.Шәует алу әдістері
Малды қолдан ұрықтандыру жұмысының нәтижесі оның барлық звеноларының дұрыс орындалуына байланысты. Соның ең алғашқы звеносы аталық малдан шәуетті алу. Бүгінгі таңда оның бірнеше әдістері белгілі: қандай әдіс болмасын ол мынадай талаптарға сай болғаны жөн: а) эякулятты төкпей-шашпай, толық мөлшерде жинап алу, ә) шәуетті ластамай таза алу, б) шәуеттің сапасын төмендетпеу, в) аталық малдыңденсаулығына және жыныстық рефлекстеріне зиян келтірмей, зақымдамай, оны жұқпалы аурулардан сақтау, г) шәуетті алу техникасы оңай, қарапайым, күрделі аспаптарды қажет етпеу керек.
Әрине, бұл талаптың бәрін бірдей қанағаттандыратын әдіс қазір бар. Ол шәуетті жасанды қынапқа алу. Оған дейін шәуетті басқа әдістермен алып келді, оның кейбіреулері қазірдің өзінде де қолданылады.
Жалпы шәует алу әдістерін: қынаптық, уретралдік және хирургиялық әдістер деп үш топқа бөлуге болады.
Қынаптық әдіс. Бұл әдістің мәні мынада: шәуетті күйлеген малдың қынабынан тікелей, жыныстық қатынас біткен соң қасықпен, қынап айнасымен, қолымен жинап алады. И.И. Иванов биенің қынабынан қопсытылған резиналы губка салып қойып, айғыр шауып болған соң губканы сыртқа шығарып қолмен сығып шәует алған.
Бұл әдісті жоғарыда қойылған талаптың бірде біреуіне жауап бермейді: себебі, шәуеттің біразы қынап қатпарларында қалып қояды, оған қынап ішіндегі шырыш араласып, микробтармен араласады, сығып шығарғанда спермийлер зақымдалып, шәуеттің сапасы төмендейді, жыныстық қатынасқа түсу үшін күйлеген мал керек, әрі жыныстық қатынаста болған кезде ауру жұқтыруы мүмкін. Сондықтан қазіргі кезде бұл әдіс қолданылмайды.
Уретральді әдістер. Мастурбация әдісін иттен, түлкіден шәует алғанда қолданады, күпектің сыртынан шүкісінің (penis) басын уқалайды, содан эрекция толық болмаса да эякуляция рефлексі болып, шәует бөлініп шығады. Эякулят толық өз мөлшерінде бөлінбеуі де мүмкін, бірақ қасында күйлеген қаншық тұрса жұмыс нәтижелі болады.
Фистула қою әдісін Х.И. Животков айғырдан шәует алу үшін қолданды. Анустан 10-12 см төменірек жерден қасаның несеп-ұрық арнасына операция жасап фистула қояды. Айғыр күйлеген биеге шапқан кезде сол фистулаға ыдысты тосып шәуетті жинап алады. Мұндай айғырдың енді үйірге салып, одан тұқым ала алмайды, сондықтан шаруашылықта қолдану таппады.
Ұрық жолының қампимасын уқалау әдісін Миллер мен Эванс (АҚШ) жасанды қынапқа жүрмейтін бұқадан шәует алу үшін қолданды. Тік ішекке қол салып қуықтың үстінде жатқан көпіршік бездері мен ұрық жолының қампимасын тауып алып артқа қарай сипай бастайды. Эрекция болмаса да шәует бөлінеді. Оның алдында бұқаны күйлеген сиырдың қасында біраз ұстап тұрған дұрыс. Дегенмен, бұл әдіс бұқаның жыныстық органдарына, тік ішекке зақым келтіруі мүмкін.
Электроэякуляция әдісін өте құнды қошқар, бұқаларда, егер олар жасанды қынапқа жүрмесе, шәует алу үшін қолданады. Тік ішекке 15-30 см тереңдікке биполярлы электрод салып оқтын- оқтын ток жіберіп жамбас, бел омыртқа нерв талшықтарын қоздырады. Мұндағы бір қауіпті нәрсе, байқаусызда электр қуатын көбейтіп жіберсе мал өліп кетуі мүмкін. Айғыр мен қабаннан әзірше бұл әдіспен шәует алынбаған.
Шәует жинағышпен алу. Бұл әдіс жасанды қынап болмай тұрған кезде ертеректе қолданылды. Шәует жинағыш сопақ келген резина қапшық тәрізді. Бұл қапшықты шағылысу алдында күйлеген малдың қынабына салады немесе мал асыла бастаған кезде резина қапшықты оның жыныстық мүшесіне кигізе қояды. Эякуляциядан кейін қапшықты ажыратып алады. Бұл әдіспен шәует алу өте қиын, қазіргі кезде қолданбайды.
Шәуетті жасанды қынапқа алу.Барлық белгілі әдістердің ішіндегі ең қарапайым, барлық мал түлігінен алуға болатын, оңай әдіс арнайы манеж болмаса далада да қолдана беретін әдіс. Бұл әдісті 1931 жылы орыс ғалымдары Н.В. Комиссаров, В.И. Липатов, И.И.Родин ойлап тапты. Жасанды қынап жұқа темірден, пластмассадан, эбониттен, қалың резинадан жасалған цилиндр, оның ішінде жұқа жұмсақ резина түтік және ұрық қабылдағыш шыны ыдыстан тұратын құрал (4- сурет).
3
3
5
5
1
1
4
4
2
2
4-сурет. Қошқарға арналған жасанды қынаптың құрылысы: 1-цилиндр дене, 2-шүмек, 3-резеңке түтік, 4-шәует қабылдағыш, 5- дайын жасанды қынап
Оның ішіндегі жағдай табиғи қынаптың ішіндегі жағдайға (температурасы, қысымы, ұзындығы, ылғалдылығы) ұқсас. Сол қолдан жасалған жағдайлар еркек малдың жыныстық мүшесінің (қаса, қамшы, шүкі) жүйке рецепторларын қоздырып, эякуляция рефлексін туғызып толық мөлшерде, таза, жоғары сапалы шәует алуға мүмкіндік береді. Жасанды қынаптың цилиндрінде, бір бүйірінде тесік болады, ол камера мен цилиндр арасында тұйықталған кеңістікке ауа үрлеп қысым туғызу үшін және ыстық су құйып қажетті температураны ұстап тұру үшін керек.
Жасанды қынапты дұрыс жинап дайындаудың маңызы зор. Алдымен, оның барлық бөлшектерінің бүтіндігін тексеріп шығады, камераның тесігі болса, цилиндрдің тығыны дұрыс жабылмаса, жасанды қынаптың ішінде қажетті қысым туғыза алмаймыз, суы ағып кетеді, т.с.с.
Барлығы бүтін, дайын тұрған бөлшектерді мына тәртіппен жинайды: а) резина түтікті екі жағын бірдей қашықтықта цилиндрге тартып кигізеді, (алдымен бір жағын, содан кейін екінші жағын). Резина түтік өте қатты тартылса да, бос болса да жарамайды, ішкі түтікше бұралмай түзу дәл ортасында орналасуы керек; ә) резина түтіктің екі ұшын цилиндрге бекіту керек; б) цилиндрдегі тесікке шүмекті және шәует қабылдағыштың ең соңынан жуып-тазалап кептіріп дайын болғанда қосады.
Жиналған жасанды қынапты алдымен, соданың 2-3%-дық жылы ерітіндісімен тазалап жуады, содан соң таза ыстық сумен шаяды, іші-сыртын таза кебу сүлгімен сүртіп кептіреді. Кебу резина түтіктің ішін 96° спиртке батырылған тампонмен сүртеді. Спирт жоқ болса, фурациллин ерітіндісімен (1:5000) сүртеді немесе қайнап жатқан суға малып 5 минут ұстап тұрады. Цилиндр бүйіріндегі тесіктен температурасы 50-60º С ыстық су құяды (қошқарлар үшін - 150 мл, бұқаға - 500 мл, айғырға- 1,5-2 л, шошқаға 700-800 мл). Резина түтіктің ішкі кебу бетін таза вазелинмен майлайды, тек шәует қабылдағыш қосылатын 4-5 см жерді құрғақ қалдырады. Шыны шәует қабылдағышты кептіргіш шкафта 160-180° С дейін қыздырады немесе қайнап жатқан суға 3-5 минут ұстап тұрады, содан соң хлорлы натрийдің 1%-дық ерітіндісімен бірнеше рет шаяды. Қабанның жасанды қынабын ыстық бу өткізу арқылы залалсыздандырады. Енді жасанды қынаптың қабырға аралық кеңістігіне ауа үрлейді, ауаны резина түтіктің ішкі қабырғасы бір-біріне тиіскенше үрлей береді, сондағы қысым малдың қынабындағы қысыммен дәл болады. Тесіктің тығынын жауып бекіткеннен кейін оның ішкі температурасын өлшейді. Шәует алар кезде жасанды қынаптың температурасы 40-42 º болуы керек.
Шәует алардың алдында бұқаның үстін шаңсорғышпен сүртеді, күпегін фурациллин ерітіндісімен жуады, кеудесіне алжапқыш байлайды. Бұқалардың шәуетті күйлеген сиырға, өгізге, бұқаға, тіпті, тұлыпқа да секіртіп ала беруге болады. Кейбір бұқалар кәдімгі жасанды қынапқа (1943 жылғы үлгі) ұрық бермейді. Мұның себебін И.И. Родин бұқаның қамшысының басы еркін айнала алмай ауырсынудан деп түсіндіреді. Соны жою үшін ол (1960 жылы) цилиндрдің бір ұшында кеңейген қампимасы бар жасанды қынаптың жаңа түрін қолдануды ұсынды. Шәует алардан бұрын бұқаны 10-15 минут жетектеп жүреді, шәует алатын жерге алып келіп, қайта әкетіп әбден дайындайды.
Манежде, тазалық сақтау керек, бұқаны ұрып-соғып, итеріп дөрекі мінез көрсетуге болмайды. Бұқа секірген кезде жасанды қынапты тұғырда (станокта) тұрған малдың жамбасына 35-45º көлбеумен қатты қысып ұстап тұрады, яғни жасанды қынаптың ұзына бойы бұқаның қамшысының бағытына сәйкес келуі керек (5-сурет).

ә
ә
а
а
5-сурет. Шәует алу кезінде жасанды қынапты ұстау бағыты. а-сиырда, ә-қойда

Эякуляция болған бойда жасанды қынапты шәует қабылдағышымен төмен аудара қояды, тығынды ашып, қынаптың ауасын шығарып шәует қабылдағышты ажыратады.
Жақсы бұқадан аптасына 2-3 рет шәует алады. Бір алғанда қатарынан арасына 5-10 минут өткізіп екі эякулят алады.
Мінезі жаман бұқалармен жұмыс істегенде абай болу керек, жетектеп жүргенде оның мұрнындағы дөңгелек темірге таяқ іліп алып жүреді. Бұқалардан қан алып, укол салып, тұяғын кесіп, мұрнына дөңгелек темір өткізетін жұмыстарға бұқаны бағып-күтетін кісі, ұрық алатын техник араласпағаны дұрыс. Ұрық алатын манеждің ішінде кісі арасынан өтіп кетіп тығылатындай тосқауыл бағаналар орнатады.
Қошқардан ұрық алу бұқадан ұрық алғандай өте ұқсас, тек қошқардың жыныстық қатынас рефлексі өте жылдам өтетіндіктен ұрық алатын техниктің тәжірибелі машықтанған кісі болғаны жөн. Ұрық алатын манеждің іші таза, жылы болуы керек. Ұрық алатын қошқарларды мал қашыру науқанынан 1,5-2 ай бұрын дайындайды. Жас қошқарларды алдымен күйлеген саулықтарға жіберіп үйретеді. Ересек қошқарлардан күніне 2-3 эякулят, әдетте, таңертең жем-шөбін жеп тынығып алған соң, содан кейін кешке қарай бір рет алады. Күйікке нашар түскен, белсенділігі төмен қошқарларға 1-2 апта бойы күнде аузынан 1-2 гр кофеин (1% ерітінді 100-200 мл) ішкізеді.
Қабандардан ұрықты ағаш тұлыпқа (чучело) алады, жасанды қынап тұлыптың ішіне мықтап бекітіледі. Қабан тұлыпқа секіргенде оның қамшысын ақырындап қынаптың аузына қарай бағыттайды. Жыныстық қатынас рефлексі өте ұзақ болғандықтан (10-15 минут) қынаптың температурасын, қысымын бақылап, егер төмен түсіп кеткендей болса қажетті деңгейге дейін реттеп отырады.
Қабаннан үш күнде бір рет шәует алады. Жас қабаннан шәует алуды 8-10 айлық кезінде салмағы 130-140 кг- ға жеткенде ала бастайды.
Айғырдан шәуетті күйлеген биеге алады, әбден үйренген айғыр болса күйлемеген биеге де, тұлыпқа да шаба береді. Құлыны бар биенің алдына құлынын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қойды қолдан ұрықтандыру
Қолдан ұрықтандыру
Еркек қуық асты безінің аденомасын зерттеу мәселелері
Өндіруші бұқалардың тұқымдық құрамын анықтау
Қазақстанда туған бұқалардың шәуетінің сапасы шетелдерде туған бұқалардың шәуетінің сапасын зерттеу
Сыртқы ортаның ұрықтарға тигізетін әсері
Зорлау қылмыстарын тергеу
Асыл тұқымды жылқылардың тіркеу кітабы
Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу
Сиырларда жыныстық циклдың (ағу, күйіт) пайда болу мерзімі және оның белгілері. Жасанды ұрықтандырудың әдістері
Пәндер