Динамикалық жүктемесі жетерлік


Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ТЕХНИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Транспорттық машиналар
Орындаған:Жыңғылбаев Бекзат
Топ:СК-202
Ақтөбе қаласы, 2020-2021 жылы
Көлік ( транспорт ) өте маңызды рөлге ие. Елдің халық тығыздығының аздығы, өндіріс және ауыл шаруашылық орталықтарының бытыраңқы орналасуы, сонымен қатар әлемдік нарықтардан алшақта орналасуы көлік жүйесінің дамуы үшін маңызды етуде.
Көтергіш-көлік машиналары - жүктерді және адамдарды тік, көлденең және көлбеу жазықтықта зауыттар, құрылыс алаңдары, порттар, қоймалар шегінде салыстырмалы түрде қысқа қашықтыққа тасымалдауға арналған машиналар (құрылғылар) көтеру-түсіру мен тиеуді механикаландырудың негізгі құралы болып табылады. өнеркәсіпте, құрылыста, көлікте, тау-кен және ауыл шаруашылығында түсіру жұмыстары.
Темір жол көлігі
Қазақстан үшін темір жол көлігінің маңызы өте зор. Қазақстанда темір жол барлық жүк тасымалы айналымының 68%, ал жолаушы тасымалының 32% қамтамасыз етуде. Қазақстан темір жолының ұзындығы 15 мың км-ден асады. Қазақстанның темір жол жүйесін көршілес елдермен 16 темір жол торабы байланыстырады (11-і Ресеймен, 2 Өзбекстанмен, 1 Қырғызстанмен, 2 Қытаймен) . Қазақстан мен Ресейдің темір жол жүйелері бір-бірімен тығыз байланысты. Қазақстанның көлік жүйесін дамыту стратегиясы аясында 2017 жылға дейін 1400 км темір жол жаңадан салынбақ және бұрыннан бар 2700 км темір жолды электрлендіру жоспарлануда.
Автомобиль көлігі
Алматыдағы Сайран автобекеті.
2011 жылдың мамырына сәйкес Қазақстанда 3 264 400 жеңіл автокөлік тіркелген Қазақстанның автокөлік тас жолдарының ұзындығы 96 мың км-ден асады. Олардың көп бөлігі күрделі жөндеуді қажет етеді.
Қазақстан арқылы жалпы ұзындығы 23 мың км болатын 5 халықаралық автокөлік бағыттары өтеді. Автокөлік магистральдары:
- Алматы - Астана - Қостанай (М-36 трассасы), Челябинскке шығады;
- Алматы - Петропавл, Омскке шығады;
- Алматы - Семей - Павлодар (М-38 трассасы), Омскке шығады;
- Алматы - Шымкент (М-39 трассасы), Ташкентке шығады;
- Шымкент - Ақтөбе - Орал (М-32 трассаы), Самараға шығады.
2009 жылы Қазақстан аумағында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомагистралінің құрылысы басталды. Оны 2015 жылы аяқтау жоспарлануда. Жолдың жалпы ұзындығы 8445 км құрайды, оның 2787 км-і Қазақстан аумағы арқылы (Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары) өтеді. Жолдың асфальтбетонды жабынының қалыңдығы 80 см, автомагистральдің күрделі жөндеусіз жұмыс істеу мерзімі 25 жыл, шекті қозғалыс жылдамдығы - 120 км/сағ. Жобады кейбір өзендер үсті арқылы көпірлер, екі деңгейлі жол айрықтары, жол-қолданбалы комплекстер, аялдама алаңдары, мал өткізу орындары, электронды таблолар қарастырылған. Құрылыспен бір мезгілде трасса бойындағы кейбір аудандарда жаңа жолдар салынып, ескі жолдар жөндеуден өтпек.
Әуе көлігі
Air Astana әуе компаниясының Boeing 757 ұшағы Суварнабхуми әуежайында, Бангкоке (Таиланд)
Халықаралық Алматы әуежайында
Қазақстанның үлкен географиялық аумағына байланысты әуе көлігі үлкен рөлге ие және оны алмастырар басқа көлік түрлері жоқтың қасы. Қазақстанда 22 ірі әуежай бар, оның 14-і халықаралық рейстерге қызмет атқарады. Әуежайлардың көбісінің қызметі аса жүкті емес, республиканың аэронавигациялық тасымалдау қоры қазіргі таңда өз мүмкіндігінің бестен бір бөлігінде ғана қолданылуда. Осы сала үшін Еуропа және Азия арасындағы транзиттік жүк және жолаушы тасымалы аса маңызды. Air Astana Қазақстанның ең ірі әуе компаниясы болып табылады.
Соңғы ірі инвестициялық жобалар:
- Астана қаласындағы жаңа әуежайлық комплекстің құрылысы;
- Атырау қаласының әуежайындағы жаңа ұшу-қону жолағының құрылысы;
- Алматы әуежайындағы жаңа заманауи жолаушы терминалының құрылысы;
- Ақтөбе әуежайының ұшу-қону жолағының жөнделуі;
- Ақтау әуежайының ұшу-қону жолағының жөнделуі;
- Ақтау әуежайындағы жаңа заманауи жолаушы терминалының құрылысы.
Қазақстандағы әуежайлық ақша жиналымы мен әуе билеттерінің бағалары Ресей мен Батыс Еуропа елдерніе қарағанда жоғары емес, бұл елдегі әуе көлігінің дамуын тежеуде.
Су көлігі
Қазақстанның кеме жүруіне ашық су жолдарының ұзындығы 3982 км. Кеме жүруіне жарамды су жолдары: Ертіс, Сырдария, Жайық, Қиғаш, Іле және Есіл өзендері (Петропавл су қоймасынан бастап), Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі, Қапшағай су қоймалары, Балхаш және Зайсан көлдері.
Каспий теңізі арқылы Қазақстан Ресей, Иран, Әзірбайжан, Түркіменстанмен байланысады. Ресей өзендері мен кеме жүретін каналдар арқылы Қара және Балтық теңіздерімен, одан ары Батыс Еуропа елдерімен байланысады.
Ақтау порты Қазақстанның суы қатпайтын жалғыз теңіз порты болып табылады. Ол халықаралық су жолдарындағы стратегиялық маңызға ие.
2007 Қазақстан тарапынан Ресейге Каспий теңізі мен Азов-Қаратеңіз бассейнін тікелей қосуға бағытталған Еуразия каналын ұйымдастыру туралы ұсыныс түскен болатын. Жоба жүзеге асса, Қазақстан Ресей арқылы халықаралық теңіз жолдарына шығуға мүмкіндік алып, сол арқылы теңіз державаларының бірі аталуы мүмкін.
Жүк көтеру машиналары - негізінен дана жүктерді тік көтеріп, аз қашықтыққа горизонталь жазықтығымен тасымалдайтын жəне келесі жүкке бос қайту процесі бар, циклді құрылғыны айтамыз. Негізінен көтеру бағыты - тік, тасымалдайтын жүктер - ауыр дана жүктер болып табылады. Динамикалық жүктемесі жетерлік.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz