Қазақ хандығы кезіндегі ұлттық тәрбие көріністері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Диплом жұмысы
Халық педагогикаксының теориялық негіздері
Халық педагогикасының даму тарихы мен мазмұны
Тарих беттеріне көз жүгіртсек қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу тәжірибесі Шығыс мәдениетінің қайнар көзі болып саналатын ұлы Даланы мекендеген түркі тілдес халықтардан басталатынын байқауға болады. Олар біл елді, жерді мекендеп, бір дінге сеніп, әлем мәдениетінің қалыптасуына теңдесі жоқ үлес қосып, бүгінгі түркі халықтарына ортақ мәдениет пен тарихтың көне бастауы бола білді.
Зерттеуші ғалымдар А.Қасымжанов, Ж.Алтаевтың: Біз тарихқа 14-ғасырдың басынан бастап қазақ деген атпен енсек те, мың жылдық мәдениеті, философиясы, әдебиеті, тарихы бар халықпыз... деген ғылыми тұжырымдамалары жоғарыда айтылған ойымызға дәлел болады.
Осы тақырыпта жазылған тарихи деректерге сүйене келе, қазақ халық педагогикасының даму тарихын қоғамдық құрылыс кезеңдеріне сай 8 кезеңге бөліп қарастыруға болады.
ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
Б.д.д. тас, қола замандары
Б.д.д VII-III ғ.ғ - б.д V ғ. Дейін
VI-IX ғ.ғ аралығы
X-XV ғ.ғ аралығы
XV-XVIII ғ.ғ аралығы
XVIII ғасырдан- XX ғ.ғ 20-ж. дейін
1920-1990 ж.ж аралығы
1991 ж. кейінгі егеменді ел
Алғашқы қауымд ық құрылыс кезіндегі тәрбие
Сақтар мен ғұндардың жауынгерлік тәрбиесі
Ұлы түрік қағанаты кезіндегі тәлім-тәрбие
Араб-шығыс мәдениеті, орта ғасыр ойшылдарының тәрбиелік ой-пікірлері
Қазақ хандығы кезіндегі ұлттық тәрбие көріністері
Қазақстанның Ресейге қосылу кезіндегі ұлт-азаттық қозғалысы мен ағартушылық-демократиялық бағыттағы тәлім-тәрбие.
Кеңестік дәуірдегі ғылыми педагогканың қалыптасуы
Тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық тәлім-тәрбиенің өркен жаюы

Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тәрбие
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар өмір сүріп, тамақ табу үшін топтасып өмір сүрді. Бұл кезеңдегі тәрбие жас пен жыныстық ерекшеліктеріне қарай қоғамдық сипатта болды. Ұл балалар аң аулап, садақ тартса, қыздар киім пішіп, үй жұмыстарын атқарды.
Сақтар мен ғұндар империяларының мәдени-жауынгерлік тәрбие дәстүрлері
Сақтар біздің дәуірімізге дейінгі VII-III ғасырлар аралығында, қазіргі Орта Азия мен Қазақстан территориясын мекендегені бізге белгілі. Олардың Африсиап, Томирис сынды көсемдерінің Парсы империясына жасаған шабуылдары туралы да жиі естиміз. Міне, осы кезеңде сақтарда әскери-көшпелі тұрмыстық кезең қалыптасқан. Осыған байланысты, сақтар өз ұрпақтарына дене, еңбек және эстетикалық тәрбие бере білген. Мал баққан, металл өңдеп, зергерлік бұйымдар, қару-жарақтар жасай білген.
Ғұндар болса, металл игере біліп, мал шаруашылығымен айналысқан. Алайда, олардың ең негізгі кәсібі әскери-жауынгерлік өнер болған. Олар өз ұрпақтарын әскери өнерге тәрбиелеуге тырысқан. Кіші жастан балаларын алғырлыққа, ептілікке және зергерлік бұйымдарды жасауға үйреткен.
Ұлы Түркі қағанаты және оның тәлімдік-танымдық
мұрагерлері (VI-IX ғ.ғ.)
Ұлы Түркі қағанаты орта ғасырлардағы дамыған, әрі адамзат өркениетінің қалыптасуына зор үлес қосқан мемлекет болды.
Белгілі ғалым, Айдаров: ... Орхон ескерткіштерінен түркі тайпаларының тарихы, мәдениеті, тілі мен әдебиеті, әдет-ғұрпы, салт-санасы жөнінде толып жатқан деректер табылады..., деп түркілердің тарихын зерттеудегі Орхон ескерткіштерінің маңызын астын сызып айтып өтті десек қателеспейміз деп ойлаймын.
Сол замандағы табылған мұралардың ішінде бірегейі Орхон-Енисей бойынан табылған, тасқа қашалып жазылған VI-VIII ғ.ғ ескерткіштер: Білге қаған, Күлтегін және Тоныкөктің құрметіне қойылған құлыптастар. Бұл құлыптастарда ұлы Түркі қағанаты халықтарының тұрмысы мен салты, жауынгерлік ерліктері мен мәдениеті мәнерлі тілмен өсиет сөз үлгісінде баяндалған.
Тәлімдік тұрғыдан, құлақ қойып тыңдаңыздар, тереңнен ойланып, толғаныңыздар. Өлімнен ұят күшті... Адам ұлының бәрі де өлмес үшін туады... Менің ағам мені адам етті дейтін жолдар көңіл аудартарлықтай.
Ежелгі түркілердің ауызекі поэзия дәстүрі арқылы бізге ІХ ғасырда ғұмыр кешкен Қорқыт атаның есімі жетті. Қорқыт атаның шығармаларында Сыр бойын мекендеген көшпелі тайпалардын тұрмысы мен діни-наным сенімдерін, әдет-ғұрпын бейнелейтін мәліметтер көптеп кездеседі. Олар тәлімдік жағынан да аса құнды дерек болып табылады. Мысалы, анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман... Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді... Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ... т.б Қорқыттың нақыл сөздері өзінің өзектілігін бүгінгі күнге дейін жойған жоқ.
Араб-шығыс мәдениетінің қазақ даласына тарауы, орта ғасыр оқымыстыларының тәлімгерлік ой-пікірлері (Х - ХV ғ.ғ)
Арабтар ислам дінімен қатар ғылым мен білімді дамытуға үлес қоса білді. Осы кезде түркі халықтарының ұлы ғалымдары: әл-Фараби, Қашқари, Низами, Фердоуси, Науаи, Авиценна, Бируни, Иасауи, Баласағұн араб тілін меңгеріп бастады. Көптеген шаһарларда медреселер ашылып, білімнің деңгейі артты. Арифметика, медицина, философия, астрология салалары зерттелінді. Өз заманының бірегейі бола білген әл-Фараби бірнеше тілді меңгеріп, Бақытқа жету жолында, Қайырымды қала тұрғындары, Азаматтық саясат сынды еңбектер жазды. Бұл еңбектерінде ол әдет, қабілет, мінез т.б тәлім-тәрбиелік ұғымдарға түсінік бере білді.
Жүсіп Баласағұнның Құтты білік атты кітабында адамға білімнің қажеттілігі, адамның іс әрекетіндегі оң мен терісі, тілден келесін пайда мен зиян, ел билеушіге қажетті қасиеттер, отбасы мен неке, ұл мен қыздың тәрбиесі, бала мен ата-ананың қарым-қатынасына байланысты мәселелер көрініс тапқан.
Ахмет Йүгнеки Хибатул хикайқ (Ақиқат сыйы) атты шығармасында сол заманғы адамдардың ұнамды, ұнамсыз қасиеттірін атап қана қоймай, пайдалы кеңестерін де ұсынған. Мысалы, Егер билікке қолың жетсе, мақтанба, асып-таспа, Кәріге де, жасқа дақұрмет көрсет т.б өсиет қалдырған.
Алтын Орда мемлекетінің кезеңіндегі Бобырнама, Хорезмидің Мухаббатнама т.б шығармалар жас ұрпаққа сөзсіз тәлім-тәрбиелік ықпалын тигізді және ол көбінесе әскери-жауынгерлік бағытта өрбіді. Олар өз ұрпағының қайратты, епті, намысқой, өнерлі болуын қалап, балаларын соған баулыды.
Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тәлім-тәрбие
(Жыраулар поэзиясындағы тәлімдік ойлар)
Қазақ хандығы сақтар мен ғұндардың, түркілердің ұрпағы болып есептелетінін барлығымыз білеміз. Қазақ халқының өзіндік рухани, мәдени, әдеби ұлттық дәстүрі қалыптасқан. Ұлтымыздың дамуына: ел билеген Керей мен Жәнібектен бастап, халқы үшін уайым жеген Асан Қайғы, Мұхаммед-Хайдар Дулати, төрелігін айта білген Әйтеке, Қазбек, Төле би, батырлар Райымбек, Сырым, Бұқар, Қабанбай, Бөгенбай т.б ауыз толтырып айтарлықтай тұлғалар үлес қосқан. Шешендер мен жыраулар өздерінің өсиет сөздері, жыр-толғаулары арқылы халықты бірлікке, жас ұрпақты тәрбиеге шақырып отырған. Олардың жүрекке жететін отты сөздері рухани, эстетикалық, отаншылдық мәні жағынан да маңызды болған. Ерлікті мадақтап, шейіт болған батырлардың ерлігін өскелең ұрпаққа жеткізу арқылы Отанын қорғауға, батырлыққа, ержүрек болуға тәрбиелеген.
Қазақтың халық педагогикасының ең алғашқы іргетасының қалана бастауына негіз болып, өздерінің тәлімдік идеяларымен XV-XVII ғасырлардағы жыраулар шоғырынан ерекше көзге түскендердің қатарына Асан Қайғы, Шалкиіз, Үмбетай, Сыпыра, Доспамбет, Жиембет, Бұқар жырау сынды дала философтарын айтуға болады. Олар халықтың тәлім-тәрбие мектебінің ұлағатты ұстаздарының рөлін атқарды десек, қате болмас. Ақын-жыраулардың шығармаларынан сол ғасырда өмір сүрген халықтың арманын, салт-дәстүрін бүкпесіз аңғаруға болады. Халықтың тәрбие мектебіне - ақын-жазушылардың, билердің өсиеттері, мақал-мәтелдер, тыйым сөздер, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыпты жатқызуға болады. Ондағы қағидалар мен ғибратты сөздер арқылы жас ұрпаққа саналы тәрбие беруге тырысқан.
Бұл дәуірде мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, зергерлік бұйымдар жасау, кілем, алаша тоқу, ер-тұрман, ыдыс-аяқ (керамика), музыкалық аспаптар жасау кәсіптері дамып, еңбек және эстетикалық тәрбие берудің негізгі құралы болған.
Ресей отаршылдығына қарсы қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыстар және ағартушылық-демократиялық идеялардың өркен жаюы
1730 жылы Кіші жүздің ханы Әбілхайыр қазақ халқын сақтап қалу мақсатында Ресей империясына қосылғаны бізге тарих беттерінен мәлім. Осы оқиғадан кейін елімізде отарлау саясаты белең алды. Шұрайлы жерлер тартып алынып, мектептер мен шіркеулер салынды. Шоқындыру, орыстандыру мақсатында байлардың балаларына арналған мектептер салынды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстан даласына Ресейдің алдыңғы қатарлы оқымыстылары Ф.М Достоевский, Э.Михаэлисс, Н.Долгополов, С.Гросс т.б зиялы-демократтар жер аударылып келіп, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов сияқты демократ-ағартушылармен достасып, олардың саяси-идеялық ағартушылық көзқарастарының қалыптасуына игі әсерін тигізген болатын.
Қазақ даласында білімнің дамып қалыптасуына үлес қосқан тұлғалардың бірі Ыбырай Алтынсарин болды. Ол орыстандыру саясатын батыл айыптап, орыс-қазақ мектептерін ашуды насихаттады. Тәрбие жұмысы барысында қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалануды жөн деп санады және осы принцип негізінде құрастырылған өзінің Қазақ хрестоматиясын (1879 ж.) жазып, ұсынған болатын.
Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен қара сөздері, Шоқан Уәлихановтың ғылыми жаңалықтары, Құрманғазының музыка өнері жас ұрпақты тәрбиелеуде зор ықпалын тигізді.
Кеңестік дәуірдегі қазақ педагогикасының ғылым ретінде дамып қалыптасуы
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Міржақып Дулатов, Мұхтар Әуезов Ресейдің отаршылық және орыстандыру саясатын батыл айыптаушылардың қатарынан болды. Олар патшалы Ресейге жастардың білім алуына жағдай туғызу, мектептер салу сияқты талаптар қойып, ұлттық сана-сезім мен тәлімдік идеялардың көсемдеріне айналды.
1937-1938 жылғы сталиндік жаппай қудалаушылық салдарынан ұлттық тәлім-тәрбиенің дамуы мен қалыптасуына үлкен үлес қосқан зиялы қауым өкілдері жеке басқа табынудың құрбаны болып кеткен болатын. Бұл оқиға ұлттық мәдениеттің тежелуіне алып келді. Халық педагогикасы жөнінде ғылыми-зерттеуле жүргізуге шек қойылды. Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу санадағы ескінің сарқыншағы деп бағаланды. Оқу-білім орталықтарындағы тәрбиелік жұмыстар коммунистік идеологияға негізделді.
Дегенмен, жас ұрпақтың бойына ұлттық сана-сезім көзқарасын қалыптастырып, ұзақ уақыттан бері келе жатқан қазақ педагогикасының қоғамдық өмірдің қажеттілігіне айналуына бағытталған туындылар да жарық көріп жатты. Мысалы, А.Байтұрсыновтың Оқу құралы, Сауат ашқыш, Тіл құралы, М.Жұмабаевтың Педагогика, С.Көбеевтың, Н.Құлжанованың, М.Ғабдуллиннің, Ә.Марғұланның шағармаларын алуға болады.
Педагогика, психология ғылымдары саласында М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың, Ә.Садықовтың, А.Асылбековтың, Қ.Б Жарықбаевтың, К.Құнантаеваның, С.Мусинның т.б монографиялық еңбектері жарық көрген болатын. Алайда, кеңестік педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарында халық педагогикасына терең мән берілмей, коммунистік тәрбие тұрғысынан зерттеу талап етілген еді. Тіптен, балаларға тәрбие беруде жауапкершілігі мол пионер-комсомол ұйымдарының өзі коммунистік тәрбие принциптеріне сүйенді. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының бағдарламалары мен әдістемелік нұсқаулар ұлттық тәлім-тәрбиенің ерекшеліктерімен санаспаған, орыс тілінен аударылған еңбектер арқылы жүзеге асырылды.
Егеменді Қазақстан Республикасында ұлттық тәлім-тәрбиенің қайта жандануы
Желтоқсан оқиғасы ұлттық сана сезімді оятып, халықтың рухын көтере білді және оның әсері қоғамның барлық саласын қамтыды. Осы орайда қазақ мектептеріндегі проблемалар да күн тәртібінен тысқары қалған жоқ. Баспасөз беттерінде Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, М.Балтабаев, С.Ұзақбаева, Т.Сабыровтың халық педагогикасын оқу-тәрбие жұмысына енгізудің аса қажеттілігі туралы пікірлері басылып жатты.
1991 жылы еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін халқымыздың тарихына, мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына қатысы бар, бұрын еш жерде жарияланбаған, саясатқа қайшыдеп есептелген туындылар жарық көре бастады. Бұл кезде ұлттық сана-сезім қайта жаңғырып, рухани кемелдену процесі басталды.
Халық педагогикасын оқу-тәрбие процесіне енгізу мақсатында әр өңірде түрлі бағытта мәжілістер, семинарлар, мұғалімдерді заман талабына сай оқыту мәселелері талқыланып, қолға алынды.
Оқу мекемелерінде ескі педагогикалық тәжірибелердің орнына жаңаша, ұлттық тәлім-тәрбиенің құралдарына негізделіп жазылған Қазақтың тәлім-тәрбие тарихы (Қ.Жарықбаев, С.Қалиев), Қазақтың салт-дәстүрлері (М.Смайылова, М.Оразаев), Ата-мекен (М.Құрсабаев), Кәусар бұлақ (З.Ахметова) және басқа да көптеген ғылыми-тәлімдік бағдарламалар басылып шығып, оқу тәрбие жұмыстарына енгізіле бастады.
Қазақстан Республикасының Білім министрлігі 1993 жылы Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы атты көлемді құжат қабылданды. Тұңғыш рет Қазақтың салт-дәстүрлері атты оқулық (С.Қалиев, М.Смайылова, М.Оразаев) 1994 ж. басылып шықты. Жоғарыда аталған оқулықтар мен еңбектер ұлттық тәлім-тәрбие ісі менғылыми зерттеу жұмыстарының алғашқы бастамасы ғана. Алайда бұл тақырып әліде жіті зерттеуді қажет ететіні жасырын емес.

1.2 Оқушы тұлғасын қалыптастыруда халықтық педагогиканың алатын орны
Халықтың рухани мұрасы - халық педагогикасы. Тәуелсіз мемлекетіміздегі болашақ ұрпағымызды жан-жақты жетілген, бойында ұлттық санасы мен психологиясы бар етіп қалыптастыру -- отбасының, балабақшаның, орта және жоғары білім беру орындарының, бүкіл халқымыздың міндеті.
Халық педагогикасы -- ұлт тәжірибелері мен тағылымынан туған бай қазына. Оның келер ұрпаққа берер үлгісі, тәлім-тәрбиесі көп. Халық педагогикасында маңызды сала ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер болып табылады. Олар ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Ұтытқалған салт-дәстүрлерді, халқымызға тән ұлттық асыл қасиеттеріміздің барлығын да жүйелеп, өмір тәжірибесінде қолдануда, келер ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде ғылыми тұрғыдағы зерттеулердің көбірек болғандығы үздіксіз үрдіске айналуы керек.
Халқымыздың педагогикалық мұраларын оқу-тәрбие жұмысына пайдалану, мектеп тәжірибелеріне еңгізуге керектігі заман талабы екенін сезінген жөн. Себебі заман талабына орай бүгінгі жас ата-ана ата-баба дәстүрін толық қамти алмағандықтан, өткеннен өнеге боларлық салт-дәстүрлерді, нақыл сөздерді сабақ ретінде мектеп бағдарламасына еңгізген абзал. Жеті атасын біліп, олардың ерлігін, өрлігін жанына сақтап өскен ұрпақтан зұлымдық, жауыздық шықпаған болар еді. Бүгінгі таңда мұндай негізді тек мектепте қалаған дұрыс. Халықтық педагогика -- көп арналы, қыр-сыры мол, күрделі ғылым. Ол жастардың рухани, материалдық мәдениетін толық меңгерген, тарихын, әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүр, тәлім-тәрбие, имандылық сияқты қасиеттерін бойына сіңіріп, ұлтын сүйетін азаматтар болып өсуін қамтамасыз етеді.
Халық педагогикасын ең алғаш ғылым деп таныған халқымыздың белгілі жазушысы, педагогика ғылымдарының докторы Совет-хан Ғаббасовтың Халық педагогикасының негіздері атты монографиясында халық педагогикасының алғаш рет 2 сатылы методологиясын, одан шығаты жүрек тәрбиесі және ақыл тәрбиесі атты жүйелерін және 7 түрлі негіздерін бөліп қарастырады. Шын мәнінде қарасақ, Халық педагогикасы дегеніміз көп қырлы, мағынасы өте терең және тұрақты негіздері бар ғылым екенін көреміз. Автор: Халық педагогикасын адамның жан-дүниесін тәрбиелейтін және зерттейтін ілім десе, ал этнопедагогиканы Адамның тән-құрылысының дұрыс жетілуіне әсер етуді зерттейтін ілім деп бөліп даралап көрсеткен. Халық педагогикасы бұған дейін ғылым ретінде танылған емес. Оның негіздері мен методологиясы анықталмаған. Ендеше кез келген пәннің негіздері анықталмаса, онда оның териясы да жоқ деген сөз. Ал осы теориясы қалыптаспаса пән дами алмайды. Осы уақытқа дейін айтылып жүрген тәрбие, оқыту, білім беру педагогика пәнінің негізі бола алмайды, бұл тек категориялық ұғымдар. Себебі кез келген пәннің өз ішінен тек тұрақты бірліктің сипатын аңғартса, ал тәрбиенің, оқытудың, білімнің түрлері көп... деп С.Ғаббасов ашып айтты. Автор өз еңбегінде адам тәрбиесін физиологиялық кезеңдерге бөліп, халық педагогикасының (жеті) негіздерін ұсынды. Бірінші негізде адам тәрбиесін ең әуелі отбасы құруға дайындық және ұрық тазалығынан басталатындығына ерекше мән береді. Өйткені, адамның жан-дүниесі мен тән құрылысы әуел баста сол тарыдай ғана бір жасушаның ішінде орналасқан ғой. Ол сәл уланып дертке шалдықса, бүкіл жан-дүниесіне қатысты ішкі бес сезім ( ұят, жігер, зерде, мінез, қабілет) мен сыртқы бес сезім ( көру, есту, иіс сезу, ойлау, сөйлеу) әлсіреп, ауруға шалдығады. Не себепті қазір ауру балалар, зерделері төмен балалар көбейіп кетті? Осының бәрі -- жастардың арақ ішіп, темекі тартып, нашақорлыққа ұрынуының салдары. Осыдан барып ұрпағымыз уланады. Сондықтан ұрық тазалығы -- адам тәрбиесінің алғашқы баспалдағы. Сол ұрық тазалығын сақтай отырып, ана құрсағындағы тоғыз ай тоғыз күнге созылған жан иесіне жүрек тәрбиесін берумен жалғаса береді.
Атақты педагог И.Г.Песталоцци, А.С.Макаренко ... баланы дүниеге келген сәтінен бастап тәрбиелеу керек ... десе, біз ұсынып отырған жаңа іліміміз: ... тәрбие тәсілдері бала дүниеге келместен, тіпті ана құрсағында пайда болмастан бұрын, болашақ ата-ана болар жастардың танысқан сәттерінен басталуын ... талап етеді. Баланы дүниеге келген бастап тәрбиелеу өте кеш. Бала пайда болмас бұрын болашақ ата-аналар ұрық тазалығын сақтауы керек, себебі барлық тіршілік иелері ең алдымен ұрықтан бастау алады емес пе? Сондықтан жаңа өмір басталғалы отырған екі жас отбасын құруына алдын ала дайындалып, келер ұрпағының дені сау, ақылды, өнегелі болып өсуіне үлкен ден қоюы керек. Осыған байланысты екі жас мынадай үш түрлі мәселеге ерекше мән беруі қажет:
1. Ғасырлар бойы халқымыздың тәлімімен жетілген ата-баба дәстүрлерін қадағалау арқылы ұлттық генофонымызды көздің қарашығындай сақтау.
2. Отбасы құруға саналы түрде дайындалу арқылы ұрық тазалығын сақтаудың мәнін түсіну.
3. Ата-ана мен бала арасындағы сыйластық.
Халық педагогикасының 1-негізін қалыыптастырмақ физиологиялық кезеңнің сипатын шартты түрде Отбасы құруға дайындық және Ұрық тазалығы деп ерекшелеуге тура келеді.
Адам тәрбиесінің екі жүйесі бар. Ол -- жоғарыда айтылып өткен жүрек тәрбиесі және ақыл тәрбиесі. Олардың өзара үндестіктері бар. Ақыл тәрбиесі жүрек тәрбиесінен кештеу басталып, бірте-бірте күрделене береді. Сонымен бірге тән құрылысының дұрыс сақталуын өзін-өзі сақтау түйсігі арқылы, физиология заңдылықтарына бағындырса, ал бұрынғыдай емес өзгеше қалыпқа ауысқан жан дүниесін жетілдіруді ... өзі шыққан тіршілік әлеміндегі -- түйсіктік тәрбиеден -- қазіргі айтып отырған халық педагогикасы бастау алады екен. Бұл екеуін де ұстап тұрған тек түйсіктік ақыл. Тән қуатынсыз жан дүние жетіле алмайды. Сондықтан халық педагогикасының ғылыми негіздерін іздесек, тек ғылыми физиологиялық заңдылықтардан табамыз. Өйткені, адам тәрбиесі тікелей физиологиялық кезеңдермен ұштасып жатыр. Сондықтан физиологияның әрбір кезеңінің тәрбиесі халық педагогикасының негіздері болып қаланады.
Халқымыз көптеген жылдар бойы аңсаған азаттығына қол жеткізді. Енді осы аңсаумен алған азаттығымызды көздің қарашығындай сақтаумен қоса, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиені біліммен байытып, ғылыммен жетілдіруіміз керек. Шығыс ғұламасы Әл-Фарабидың: Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім -- адамзаттың қас жауы деп аманатында айтқандай, ең бастысы -- тәрбие екенін ұмытпайық. Әрине, ұрпақ тәрбиесі ең әуелі ата-анаға байланысты. Халқымыздың белгілі халық тағылымын өз өнерімен ұштастырып жүрген қаламгер Жанат Ахмадидің: Ата қайратты болса, бала ғибратты болады деген сөзі осы жерде ойға оралады.
Қазақтың халықтық педагогикасы арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Ұрпақ тәрбиесі ұзақ және күрделі процесс. Қазақтар келешек ұрпақтың жақсы денсаулықта дүниеге келу үшін тәрбиелік жұмысты бала анасының құрсағында жатқан кезден-ақ баланың биологиялық, психологиялық оқу процесін оның анасының көңіл-күйін тәрбиелеу арқылы жеткізіп отырған. Бала жарық дүниеге келгеннен кейін тәрбие жолы күрделене түседі. Жас нәрестені қырық күндік тәрбие процесіне алу, ат қою, қырқынан шығару, бесікке салу, тұсау кесу, тіл дамыту процесі, атқа міңгізу, т.б. рәсімдері халық әрқайсысынан өз дәрежесінде дәстүрлі жолмен атқарып отырған. Бұл дәстүрлердің барлық кезеңдерінде кәсіби еңбек түрлері белсенді қызмет көрсетіп отырған. Мысалы: тұсау кесуде ала жіппен баланың тұсауын кесіп, одан кейін үлкеннен бата алған. Бесікке салу кезеңінде, бесікті толық дайындап алған соң, бесікті отпен аластап баланы бөлеп, ауылдың салиқалы зерделі үлкеніне ат қойдыртып бесік тойын жасайды.
Біздің ежелгі замандагы ата-бабаларымыз ұрпағына білім беру негізін бесікте жаткан кезінен бастап қалаған. Баласын өлең-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ аркылы ұлттық тәлім-тәрбиенің негізімен сусындаткан. Оларға да сол кездерге сай табиғатқа табыну, ата-бабалардьң әруағына сыйыну тән еді, табиғат күштерін киелі рух деп ұғып. оларға кұрбан шалатын. сондай-ақ күнге, отқа, айға, жұлдыздарға табынатын. Аспан шырақтары жыл қайырудың негізі саналды. Мал баққан көшпенділер көшіп-қону кезінде аспан денелерінің қозғалысын бақылай жүріп, ондағы белгілі заңдылықтарды өмірде пайдалана біліп, соларға қарап жолдарды, егін салу мерзімін белгіледі, эдет-ғұрыптарды реттеп отырды. Сол кезде негізі қаланған салт-дәстүрлердің канша ғасырлар өтсе де. өзгеріске түспей бізге де жеткенінің куәсіміз.
Алайда олар бір-бірімен үйлесіп, жаңа сипат алып, халкымыздың игі ісіне арналганын байкаймыз. Профессор С. Қалиев өз еңбегінде: "Алғашкы адамдар Қазакстан территориясын Арпаөзен, Қаратау, Тәңірқазған, Шарбақты, Ұлытау өңірлерінде мекен еткен", -- деп жазса, ғалым Қ.Аманжолов: "Түрік халқының тарихы" еңбегінде: Б.з.д. 1800-1600 жылдары шыгыс Азияға келіп қоныстанып, Қазакстанмен Оңтүстік Сібірде орналасқан Андроновтар мәдениетін зерттеуші археологтардың айтуынша, білетініміз: бейіттерден табылған түрлі қарулар, әшекей бұйымдар (мыс: алтын жалаткан күміс білезіктер, жүзіктер), Андроновтардың қол өнері әскери қарумен шектеліп қалған жок, сонымен бірге маңызды мәдени заттармен де толықтырылып отырған. Тұрғын үйлерден арбаның темірмен немесе қоламен көмкерілген дөңгелектері табылған. Темірден жасалған арба деңгелекгерінің атқа жегілген бөлігін тек Тянь-Шань жартастарының арасынан ғана емес, балшық ыдыстардың бетіндегі суреттерден де кереміз. Тұрғын үйлерге карап, біз Андронов тайпаларындағы адамдардың отбасы мүшелері көп болғанын, карапайым және бай болып бөлінетінін байкаймыз, -- деп ерекше атап өтеді. Бұл қазақ халқының отбасындағы мүшелерінің көп болуы -- сол заманнан қалыптасқан салт болғанының көрінісі. Андронов мәдениетінен қалыптасқан мұра қолөнердің сан ғасырлар өтсе де негізі отбасының дамуы аркылы өңделіп, жетіліп біздің де заманымызға жеткенін аңгарамыз. Ал Қазақстанның тарихы кітабында "қола дәуірдегі ежелгі қазақстандық тайпаның экономикалық басты-басты екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металлургияның тез дамуы ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті: мұның өзі қоғамда еркектер рөлінің күшеюіне және түптеп келгенде, аналық рудың орнына аталық рудың (патриархат) болуына жеткізді", -- деп қорытынды жасайды. Бұл таптық коғамның шапағаты негізінде патриархалды отбасы бірте-бірте тәжірибеге ене бастағанын, отбасында ер азаматтардың үстемдік еткенін көрсетеді.
Бала тәрбиесін, оның жас кезінде бастаудың дұрыстығын табиғатпен қоян-қолтық өмір сүрген аталарымыздың баланы жастан тәрбиеле -- деп қалдырған ұлағатты нақылы бар. Бұл атаның келешек ұрпағы, әрбір отбасы үшін тәрбиесіндегі тіректі белгі болып саналған мұңын, мәнін толық сезіну үшін табиғаттың биологиялық өсу заңдылығына зер салайық.
Мысалы: талдың бір бұтағында екі жас шыбық өсіп тұр. Біріншісі, біраз уақыт өскенде -- ол толықтау, ал екіншісі -- жаңа бой көтеріп өсіп келе жатқан жас шыбық. Бірінші шыбық шебердің қиялынан шығатын дүниені жасауға көмбей, иілген кезде морт сынып немесе жарылып кетеді.
Екінші шыбық ол жас, буыны қатпаған, шебердің қиялына толық көніп, ойлаған затын жасап алуға мүмкіндік жасайды. Бұл процестің бала тәрбиесіне жасаған ықпалы өте зор болғаны сондай, оны баланы тәрбиелеу жүйесіне салғанда, адам да табиғаттың физиологиялық қасиеттерін толықтыра түсетіндігін анықтаған аталарымыз, ұрпақты жас кезінде тәрбиелеу керектігін бала тәрбиесінің негізгі заңы етіп қалтыруына ықпал жасаған.
Қазақ баланың бас ұстазы ата-анаң , балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі дегендей, отбасында әдемі таным, түйсік қалай қалыптасса, адамның бойында қалатын сол қасиет.
Болса тәртіп, бала өседі сомдалып, қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып деп, Жүсіп Баласағұн айтқандай, ескіріп, тіл шыға басталысымен-ақ баланы шектен тыс шошақтатпай, байсалды, ұғымтал, тіл алғыш етіп баулыған дұрыс .
Халқымыз әкеге қарап ұл өсер , әке көрген оқ жанар,шеше көрген тон пішер -- дегендей, жалпы от басындағы ұл бала тәрбиесінде әкенің, қыз бала тәрбиесінде шешенің орнын ерекше бағалаған.
Ата бабаға сыншыл , Адам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың халық педагогикасының даму кезеңдері
Сақтар мен ғұндар империяларының мәдени-жауынгерлiк тәрбие дәстүрлерi
Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тәлім - тәрбие
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Этнопедагогика пәнінің лекция курсы
Қазақ ұлттық педагогикасының даму кезеңдері
Жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру
Мектепте халық педагогикасы құндылықтары негізінде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу үрдісі
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қүқық тарихы» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері
Жырау - қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі
Пәндер