Қозғалыс сапалары кезеңдері


КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі. Еліміздің әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрлерге өту жағдайында қоғамның ғасырлар бойы жинақтаған құндылықтарын саралап, патриотизм, мораль мен парасаттылық пормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәнннің де, жанның да саулығы, оны дамыту, рухани адамгершілік тұрғысында дене тәрбиесі мен спортты үйлесімді, үндестікте дамытып салауатты өмір бейнесі дағдылары арқылы спорт түрлерінен педагог мамандар даярлаудың өзектілігі артуда.
Дамыған елдердің жоғары мектептері қоғам талаптарын қанағаттандырудың бірнеше үдерістерін қарастырады, яғни жоғары білімді демократияландыру, ғылымды, білімді және өндірісті интеграциялау түрі ретінде ғылыми оқу өндірістік кешендер құру, оқу және студент еңбегін жекелендіру, білім беруді әлемдік деңгейге көтеру, дене мәдениеті мен спорт саласы мамандарын кәсіби даярлауға жоғары талап қою. Бұл мәселе ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» жаңа заңында ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны үйлесімді дамытып, кәсіби жетілдіруге бағытталған білім беру қарастрылған [1] «Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» педагогика саласы мамандарының алдында маңызды міндеттер тұрғандығы, яғни білім берудің жаңа үлгісін құрып, оны сынақтан өткізіп іс-тәжірибеге ендірудің негізгі бағыты мамандарды кәсіби даярлаудың маңыздылығы жүйелі мазмұндалған [2] 27 қаңтар 2012 жылғы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауында білім берудің сапасын арттыру жоғары оқу орындарында иновациялық жүйені нығайту, жастарға тек білім беріп қоймай, сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де үйретуі тиіс екені атап көрсетілген. Осы жолдауда Үкіметке мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық іс-қимылдар қабылдауға тапсырма берілді [3] .
2011 жылғы Қазақстан Республикасының заңына Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қол қойған құжатта «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі заңына бірқатар өзгертулер мен түзетулер ендірілді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастырып дамытуға кәсіби шыңдауға шыңдап, жетілдіруге бағытталған білім беру, олардың шығармашылық, рухани және дене күш қуатын арттыру, жан-жақты үйлесімді үндестікте дамытуға жағдай жасау міндеті көзделген [4] .
Ғылым мен техника, мәдениет пен спорт және білім дамуының өзара байланыстылығы сабақтастығы тарихи сипатта дамитыны ескеріліп жүйелі жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері, озық тәжірибелерді жүйелеу жасөспірім балуандардың дене мәдениетін қалыптастыру үдерісінде оларды салауатты өмір бейнесі дағдылары негізінде тәрбиелеу мәселелерін теориялық саралап, сараптамадан өткізу, обьективті тұрғыда талдау өте маңызды.
Бұл құндылықтарды арнайы ұйымдастырылған педагогикалық қызмет аясында, күнделікті тұрмыс жағдайында дене жаттығуларымен жүйелі шұғылдану түрінде, сол сияқты тұрғындарды ақпараттық дерек көздерімен толықтай қамтамасыз ететін баспасөз, телерадио, ғаламтор жүйелері, көпшілік ақпарат құралдары арқылы насихаттау нәтижесінде халық игілігіне пайдалануға болады.
Қазіргі таңда біздің егеменді еліміздің дене мәдениеті саласы мамандарының алдында тұрған негізгі мақсат дені сау, рухы таза, еңбекке, отанын қорғауға дайын, ерік-жігері шыңдалған, өскелең өмір жолдарының күтілмеген қиындықтарына төзімді, жаңа заманның белсенді жас ұрпағының жеке тұлғасын қалыптастыру болып табылады. Осы тұрғыда ел тұрғындары арасында жалпы көпшілік спортты бүкілхалықтық деңгейге көтеру мәселесі күн тәртібінен түсірілмей тұр.
Менің магистрлік диссертациялық жұмысымның негізгі мақсаты самбо күресімен шұғылданатын жасөспірім балуандардың жылдамдық- күш сапаларын жетілдіру жолдарын ғылыми тұрғыда негіздеу болып табылады. Адамзаттың ұлы тарихы күрес арқылы қалыптасып дамыиды. Тіршіліктің әрбір сәті, әр минуты, сағаты және күні күреске толы. Жер бетіндегі барлық тіршілік иесі өмір үшін күреседі, яғни «күрес» деген бір ауыз сөздің мәні мен мағнасы тереңде жатыр. Қазіргі таңда дзюдо, самбо, қазақ күресі, грек-рим, еркін күрес деп ен тағып, дүбірлі бәсекелер ұйымдастырып жүрген атаулы сайыстардың түп негізі-жұмыр басты пенденің, яғни адамзаттың заңғар дүниеде тіршілік етуі үшін ұмтылысынан, жанталасып әрекеттенуінен бастау алғаны ақиқат. Басқа ұлттық күрес түрлері сияқты самбо күресінің өзіндік даму, қалыптасу тарихы бар.
Самбо күресімен шұғылданатын жасөспірім балуандардың қозғалысы сапаларын жетілдіру әдістемесінің негіздері.
Қозғалыс әрекетінің нәтижелілігі мен мүмкіндіктерін аңықтайтын маңызды дене қозғалысы сапаларының бірі күш болып табылады. Қимылдық-қозғалыс әрекетін меңгеру тек дағдыны қалыптастырып қана қоймайды, сонымен бірге дене жаттығуларын орындауға мүмкіндік беретін қажетті күш, жылдамдық (шапшаңдық), төзімділік, шыдамдылық, ептілік және иілгіштік сияқты сапалық ерекшеліктерінің дамуына да байланысты.
Оқыту үдерісінің заңдылықтарын жақсы білу мұғалімге дене жаттығуларының дұрыс орындалу қатынасын және сандық нәтижесін табуға, сол сияқты әрбір сапалық ерекшеліктерін барын үйлесімді ұтымдылықпен дамыту үшін жас ерекшелік шекарасын анықтап, сапалық ерекшелігін дамытуда кешенділіктің оптимальды шамасын орнатуға мүмкіндік береді.
Дене қозғаысы сапалары қимылдық әрекеттің мына сапалық ерекшеліктерінен тұрады: күш, жылдамдық, төзімділік (шыдамдылық), ептілік және иілгіштік. (буын қоспаларының қозғалмалылығы)
«Қозғалыс» және «дене» сапалары сөз ұғымдарының екуіде дене мәдениеті туралы ғылымда тең дәрежеде, өйткені олар осы сапалық ерекшеліктерді анықтайтын әр түрлі қозғаушы күштерге назар аудартады.
«Қозғалыс сапалары» термині орталық жүйке реттегіштері жүйесімен қозғалысты тікелей басқаруға байланысты. Егер қозғалыстың биомеханикалық сипаттамасын бөліп алып қараса, онда «дене сапалары» деген сөз ұғымы пайдаланылады. Қимылдық қозғалыс әрекетінің сапалық ерекшеліктерін адамның ерік, жігерін психологиялық және физиологиялық тұрғыдан қарастырып, үшінші «психомоторлық сапалар» термині қолданылады. Қозғалыс сапаларын өз алдына дербес мына топтарға бөлу қарастырылған: жылдамдық сапасы, күш сапасы, төзімділік сапасы және т. б. Қозғалыс сапаларын құрайтын бөліктердің ішінде жалпы және арнайы түрлерін айыру қажет. Жалпы бөліктері қозғалыс сапасының бірнешеуіне тән. Мысалы, өжеттіктің жігерлілік сапасы немесе төзімділіктің әр түрлерінің көрінуіндегі шыдамдылық және т. б.
Сол сияты дене қозғалысы сапаларының қарапайым және күрделі түрлерін
дұрыс айырмалаған мақсатқа лайықты болады. Күрделіге ептілік, әбжілдік және дәлдік жатады. Бұл қасиеттердің ішіндегі қозғалысқа ең қажетті бөліктері психикалық сапа болып табылады. Мысалы, дәлдік, яғни көзбен мөлшерлеу шамасы.
Қимылдық-қозғалыс сапаларының қарапайым түріне және күрделісіне де өзгеше ерекшелік қасиеттері тән. Мысалы, самбо күресімен шуғылданатын балуанның ептілігі мен баскетболшы ептілігінің шама бірлігі бірдей емес. Қозғалыс қасиеттерін тәрбиелеу туралы айтылады, бірақ мұндағы педагогика ғылымында қолданылатын «тәрбиелеу» ұғымынан өзгешелеу, өйткені педагогикада жеке тұлға ретіндегі адамдық бейнесін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық қызмет. Сондықтан дене мәдениетінде адамның қозғалыс сапаларына, «дамыту» сөз ұғымы (термині) барынша дәл келеді, яғни ол барынша кең ұғымда ағзада жүретін, ал барынша тар ұғымда адам бойындағы күш, жылдамдық (шапшандық), төзімділік (шыдамдылық), ептілік және иілгіштік (буын қосқаларының қозғалмалылығы) қабілеттерін қалыптастыру, яғни дамыту болып табылады[5] .
Жасөспірім балуандардың дене қозғалысы сапаларын дамыту кезеңдермен жүзеге асады. Бір сапаның дамуы бір мезетте онымен бірге басқа сапалардың қатар өсуімен жүреді. Одан әрі бір сапаның дамуы басқа бір сапаның дамуын тежеуі мүмкін [6] .
Күш және оны тәрбиелеу әдістері. Самбо күресімен шұғылданатын жасөспірім балуандардың күшін, оның сыртқы қарсылық күшті жеңетін қабілеті немесе оған бұлшық ет күшімен қарсы тұру мүмкіндігі болып табылады. Күшті дамыту бұлшық еттің физиологиялық өзгерісімен, яғни бұлшық ет талшықтарының өсу және жуандауы нәтижесінде жүреді.
Самбо күресімен шұғылданатын жасөспірім балуандардың күш сапаларын жалпы және арнайы дамыту жаттығулары арқылы арттыруға, дене құрылысын елеулі дәрежеде өзгертуге болады. Дене күші абсолюттік және қатынастық болып бөлінеді.
Абсолюттік күш - нақтылы қимылдық қозғалысқа қатысатын барлық бұлшық ет топтарының жиынтық күш.
Қатынастық күш - адам денесінің (көлемінің) 1кг салмағына тура келетін абсолюттік күштің мөлшері. Балуандардың дене күші сапаларын динамометрдің жәрдемімен айқындауға болады. Әбділлаев Ә. К.
Оңалбек Ж. К. [5] .
18-22 жасқа дейін самбо күресімен шүғылданатын балуандардың дамып келе жатқан организмінің күш мүмкіндіктерін арнайы жаттығулар арқылы жетілдіруге, сонымен бірге басқа жылдамдық-күш, ептілік, иілгіштік сапаларын да қатар дамытуға болады. Күш қабілеттерін сандық бағалау үшін күш мөлшерін сипаттайтын динаиометр көрсеткіштерімен, қайсыбір бұлшық еттердің ширығу кезіндегі сыртқы көрінуімен, яғни бәрінен бұрын ауырлықтармен (гантель, штанга, гир т. б. ) орындалатын күшті тұтастай дамытуға арналған жаттығулардың сыртқы тиімді әсерлілігі көрсеткіштері арқылы бағалау пайдаланылады.
Зерттеу міндеттері:
1. Самбо күресімен шұғылданатын жасөспірім балуандардың дене сапаларын жетілдірудің педагогикалық аспектілерін анықтау.
2. Самбо күресімен шұғылданатын жасөспірім балуандардың дене сапаларын жетілдіруде оқу-жаттығу жұмыстарының педагогикалық технологиясын жасап, оның тиімділігін тәжірибелік эксперименттер арқылы тексеру.
Зерттеудің ғылымы болжамы: Егер, қазіргі таңдағы еліміздегі экономикалық, әлеуметтік, мәдени, педагогикалық үлкен өзгерістерге байланысты самбо күресімен шұғылданатын жасөспірім балуандардың дене сапаларын жетілдіру ерекшеліктері теориялық, әдіснамалық және әдістемелік тұрғыда негізделсе, сонымен қатар жеке тұлғаны өскелең өмір талабы негізінде жан-жақты дамыту идеяларының психологиялық, педагогикалық құндылық ретінде мәні ашылса; жасөспірім балуандардың дене сапаларын жетілдіру жұмыстарының теориялық, әдіснамалық негіздері айқындалып, оны жетілдірудің даярлау технологиясы ұсынылса, оқу-жаттығу процесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік туындайды.
Зерттеудің жетекші идеясы - самбо күресімен шұғылданатын жасөспірім балуандардың дене сапаларын жетілдіру кәсіби даярлықтың аса маңызды бөлігі болып табылады. Сондықтан, спорт мектептерінің самбо күресі бөлімдеріндегі оқу-тәрбие процесінде мақсатты түрде жүзеге асыру үшін тұлғалық бағдар негізінде жалпы азаматтық және ұлттық диалектикалық бірліктегі құндылықтарды тұтас және саналы түрде меңгеретін, өзін-өзі дамытатын, өзінің тұлғалық қажеттіліктерін өтей алатын, бойында интелекті бар жеке тұлға қалыптастыру мүмкіндігі туындайды.
Ғылыми-педагогикалық зерттеулермен үздік жаттықтырушылық-педагогикалық тәжірибелерді пайдаланып, авторлардың педагогикалық-зерттеушілік тәжірибесін сараладық.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, тарихи педагогикалық, психологиялық және дене мәдениеті салаларындағы ғылыми, әдістемелік еңбектерге теориялық тұрғыда талдау жасалды; сұрақ-жауап, сауалнама жүргізу, балаларман, жасөспірімдер спорт мектептеріндегі самбо күресі бөлімдеріндегі оқу-жаттығу сабақтарына қатысып талдау жасау, тәжірибелік эксперименттік жұмысы статистикалық әдістер пайдаланылды.
Зерттеу базасы: Тәжірибелік педагогикалық жұмыстар А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университатінде А. Нұрмаханов атындағы облыстық олимпиада ізбасарларын дайындайтын спорт мектебінде жүргізілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:
1. Дене мәдениеті мен спортқа білім беру процесінің құрамдас бөлігі ретінде сипаттама берілді.
2. Самбо күресімен шұғылданатын жасөспірім балуандардың дене сапаларын (күш, жылдамдық, төзімділік, иілгіштік және ептілік) жетілдіру бойынша оқу бағдарламасының мазмұнын талдаудың әдістемелік негіздері сараланады.
3. Жасөспірім балунадардың дене сапаларын үйлесімді дамуы мен самбо күресінің әдіс-тәсілдерін жетілдіру деңгейі арасындағы өзара байланымының ерекшеліктері айқындалады.
4. Спорттық және сайыс түрлерндегі әдіс-тәсілдерді қолданудың ерекшеліктерін пайдаланып самбо күресі бойынша жасөспірім балуандарды даярлау әдістемесі жасалынды.
5. Педагогикалық үдеріске және оның нәтижелеріне талдау жасалып, бағаланды.
Қорғауға ұсынылған қағидалар:
- Самбо күресімен шұғылданатын жасөспірім балуандардың дене сапаларын жетілдіру бойынша оқу-жаттығу сабақтарының бағдарламасының дұрыс үлгісі даярланды.
- Зерттеу нәтижелері балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің самбо күресі бөлімдерінде, жалпы білім беретін орта мектептер, орта және жоғарғы оқу орындарының самбо күресі жүргізілетін спорттық секцияларында пайдаланудың технологиясы ұысынылды.
- Виктор Афанасьевич Спиридонов, Василий Сергеевич Ощенковтер, Анатолий Харлампиев, Қанат Байшолахов, Асқар Шайкиев, Бауыржан Садықанов, Айтжан Шаңғараевтердің балуандық іс-тәжірибелері оқу-жаттығу сабақтарында пайдаланылды.
Магистрлік диссртация құрылымы : Магистрлік диссртация 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылатын әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде ғылыми зерттеу жұмысының апараты, көкейкестілігі, мақсаты, мәні, ғылыми болжамы, міндеттері мен жетекші идеясы, зерттеу көздері, әдіснамалық және теориялық негіздері, кезеңдері, әдістері, зерттеу базасы туралы сипаттама берілген, зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық және практикалық мәні қорғауға ұсынылған қағидалары мен зерттеу нәтижелерінің дәлділігі мен негізделгендігі мазмұнды баяндалған.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конститутциясы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы, ҚР «Білім туралы» жаңа заңында ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны үйлесімді дамытып, кәсіби жетілдіруге бағытталған білім беру, «Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» педагогика саласы мамандарының алдында маңызды міндеттер тұрғандығы, яғни білім берудің жаңа үлгісін құрып, оны сынақтан өткізіп іс-тәжірибеге ендірудің енгізгі бағыты мамандарды кәсіби даярлаудың маңыздылығы, 27 қаңтар 2012 жылғы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауында білім берудің сапасын арттыру жоғары оқу орындарында иновациялық жүйені нығайту, жастарға тек білім беріп қоймай, сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де үйретуі тиіс екені атап көрсетілген. Осы жолдауда Үкіметке мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық іс-қимылдар қабылдауға тапсырма берілді. 2011 жылғы Қазақстан Республикасының заңына Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қол қойған құжатта «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі заңына бірқатар өзгертулер мен түзетулер ендірілді.
Қазақстан Республикасы оқушы жастары мен балалардың білім беру жүйесі бойынша дене тәрбиесі бағдарламасындағы дене мәдениеті мен спортты дамыту Концепциясы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бекіткен тұжырымдамалары, стандарттары бағдарламалары мен ресми мемлекеттік құжаттар; ғылыми практикалық конференциялардың материалдары, ғылыми-педагогикалық зерттеу жұмыстары мен педагогикалық озат тәжірибелер; автордың жеке зерттеушілік тәжірибесі.
Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі:
1. Зерттеу нәтижелерін балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің
самбо күресі бөлімдері жаттықтырушыларының оқу-тәрбие, оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастыруда пайдаланады.
2. Зерттеу нәтижелері арнайы жоғары және орта оқу орындарында самбо күресінен спорттық секциялардағы оқу-жаттығу сабақтарында пайдаланылды.
1 ЖАСӨПІРІМ БАЛУАНДАРДЫҢ ЖЫЛДАМДЫҚ - КҮШ САПАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Жасөспірім балуандардың жылдамдық - күш, төзімділік сапаларын самбо күресі арқылы арттырудың тарихи-педагогикалық аспектілері
Самбо күресі жүйесінің тарихы бәрінен бұрын екі айтулы тұлғалардың атымен, яғни Виктор Афанасьевич Спиридонов және Василий Сергеевич Ощепковтер мен байланысты. В. А. Спиридонов 1919 жылы Қызыл Армияняң Бас бронды басқармасында қызмет атқарып, соңынан әскерге шақыруға дейінгі спорт нұсқаушыларын даярлап, Ленин атындағы Москва аймақтық курсына оқытушы болып, онда ол «қарусыз қорғану және шабулдау» пәні бойынша бас жетекші маманы міндетін атқарады.
Ол бірінші рет отандық, өзін-өзі қорғау тәсілдерін топтастырып, әдістердің атауларын ендіреді. Бұл ендірілген терминдер самбода және басқа да жеке сайыс түрлерінде осы кезге дейін пайдаланылып келеді. 1921 жылы “қолданыстағы жүйенің ең таңдаулы жақсы әдістерімен, тәсілдерімен құрастырылған жаңа жүйенің” негізі қаланады. Басында, 1923 жылы спортшы - Чекистер, шекарашылар, милиционерлерді біріктірген “Динамо” спорттық қоғамы құрылады.
В. А. Спиридонов Динамо қоғамында "қарусыз өзін-өзі қорғау" спорттық қолданбалы пәні саласы бойынша жұмыстарды басқарды. Ол нұсқаушы мамандарды дайындау жұмыстарымен белсенді шұғылданады. 1927, 1928, 1933 жылдары “қызметке пайдалану үшін” деген айдармен Спиридоновтың үш кітабы баспадан шығады. Бұл кітаптарда ол өзін-өзі қорғаудың жаңа жүйесінің негізгі принциптерін мазмұндайды.
Спиридоновтың айтқан принциптері, сонымен бірге жекпе-жекті жүргізудің айлалы әдіс-тәсілдерін, оқытып-үйрету әдістемесі, яғни оның өзінің қатысуы мен және басқаруымен қаллыптасқан жүйесі қазіргі заманғы қарусыз өзін-өзі қорғау жүйесіне, яғни “самбоға” бұл жүйенің іргетасының қуатты бөлігі ретінде толық қанды енген. Виктор Афонасьевич Спиридонов ауыр соғыс жылдарында, яғни 1943 жылы қайтыс болды. Оның идеялары мен принциптерін Василий Сергеевич Ощепков (1892-1937) одан әрі жалғастырып, жетілдірді. В. С. Ощепков 11 жасында жетім қалып, 29 қазан 1911 жылы 18 жасында Кодоканға түсіп, оны бітіріп Дзюдодан қара белбеу алады.
1914 жылы Владивостоктағы “Спорт” қоғамында дзюдо үйірмесін ашады. Осы үйірме барысында орыс және жапон Дзюдошылары арасында бірінші халықаралық кездесу өткізеді. 1917 жылы Ұлы Октябрь революциясын қолдайды. Жаңа үкімет Ощенковты Жапонияға, Қытайға ұзақ уақытқа жолсапарға жібереді. 1930 жылы Москва дене тәрбиесі институтында Дзюдодан дәріс береді. Оның дайындаған жаттықтырушылары Ленинградта, Украйнада дзюдодан сабақ бере бастайды.
Ощенков ақыл-ойы, көзқарасы, танымы ауқымды адам болғандықтан, біртіндеп мызғымайтын жапон канондарынан бас тартып, күрес үлгісін өзгертеді, орыс тілді сөз ұғымдарын ендіреді. Белдесуге дейінгі және соңынан еңкейіп тағзым етуді қол алысумен алмастырады, салмақ дәрежелеріне бөлуді ендіреді. В. С. Ощепков жаңа жекпе-жек сайысы түрінің негізін қалыптастыра жүріп, күрес әдістері мен өзін-өзі қорғану әдістерін үнемі байыту және жетілдірумен ерінбей шұғылданды. Ощенков В. А Спиридоновтың шәкірттерімен, сол сияқты бірқатар ұлттық күрес түрлерінің өкілдерімен, яғни грузиндердің “Чидаоба”, Молдовандардың “Трынта”, қазақтардың “казахша-күресі” балуандарымен жарыстық кездесулер ұйымдастырды.
Ол тек кең және сенімді спорттық негізінде ғана өзін-өзі қарусыз қорғаудың берік дағдылары қалыптасатынына көз жеткізді. Ощепков сол кезде бар, қолданыстағы халықаралық, спорттық жекпе-жектердің, Қытай Ушуының ұлттық спорт түрлерінің ең таңдаулы тәсілдерін самбо күресінде қолдану тұрғысынан терең зерттеп талдады, таңдаулыларын ендірді. Кейбір толық түсінбеген мамандар: егер Ощепков өз жаттығуын сол жапон күресінен бастаған болса, онда самбо мен дзюдо-бір күрес болғаныма?
Алпысыншы жылдардың басында Токио олимпиадасы қарсаңында КСРО-ға Жапонияның ең таңдаулы дзюдо-шылары өз жаттықтырушыларымен келіп самбо мен танысты.
Олардың бұл төл ерекшлігі және дербестігі бар бөлек күрес түрі екеніне көздері жетті. Олардың алдында мүлдем басқа тұрғыдан, Дзюдоға қарағанда елеулі жетілген жүйе тұрды, яғни өз арсеналында оларға мүлдем таныс емес тәсілдері бар екенін көріп үйренуге асықты. Сонымен бірге Жапон мамандары үшін самбо жүйесін құрайтын ұрыс бөлімі, немесе “боевое самбо” бөлімі таңқаларлық мағлұмат болды.
1936 жылы Москва дене тәрбиесі институтын бітіруші Анаттолий Аркадьевич Харлампиев В. С. Ощепковтің жетекшілігімен оқып, үйренген самьо күресінің барлық әдістерін жинақтап және талдап сол бойынша диплом жұмысын қорғайды.
1937 жылы В. С. Ощепков КСРО-ға қарсы шпиондық жұмысқа араласты деген жаламен түрмеге жабылып, сонда қайтыс болады. 1938 жыл самбо-ның әмбебап жүйесінің даму кезеңі басталды. Маусым, шілде айларында Москвада барлық әртүрлі ұлттық күрес түрлерінің грузин, қазақ, қырғыз, түркімен, молдован жаттықтырушыларын жинаған бірінші Бүкілодақтық жаттықтырушылар жиыны (“Красный спорт” 27 июнь 1938ж) және ғылыми әдістемелік конференция өтті.
Аға жаттықтырушы болып жаттықтырушылар жиынында Ощепковтың шәкірті Анатолий Харлампиев тағайындалды. Конферецияда сөйлеген сөзінде, Ф. Харлампиев: Біздер Кеңестер одағының ұлттық күрес түрлерінің, әдіс тәсілдері қазіргі сіздермен бірге самбо, яғни кеңестік еркін күрес стилі деп атап отырған үлкен, бәрімізге ортақ күрес түрін құру үшін негіз болды”, - деп қорытылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz