Психикалық құбылыстарды жіктеу


1 дәріс. Психология пәні
Сабақтың жоспары:
- Психологияға ғылым ретінде анықтама.
- Ғылыми және тұрмыстық психологияның айырмашылығы.
- Психологияның даму кезеңдері.
- Психикалық құбылыстарды жіктеу.
- Қазіргі психология ғылымының алдында тұрған басты міндеттер.
- Психологияның салалары мен тармақтары.
Психика мен психология туралы жалпы ұғым
Кез-келген адам өз тәжірибесіне негізделіп, қоршаған дүниені, әртүрлі заттар мен құбылыстарды қабылдауға, тануға қабілетті екеніне есеп береді. Мысалы, біздер құстардың әнін, музыкалық аспаптардың дыбысын, адамның сөзін, ұшып бара жатқан ұшақтың шуын естиміз. Әртүрлі заттарды, ағаштарды, басқа адамдар мен жануарларды, машиналар мен ғимараттарды, түстер мен пішіндерді көреміз. Біздер гүлдер мен бензиннің иісін сеземіз және еш уақытта қант пен тұздан алған дәм сезімдерін шатастырмаймыз. Әр адам оқылған кітап, өзінің ертеңгі әрекеті, қиын есептің шешімі туралы ойлану дегенді біледі. Біздер өзіміз білетін адамның бейнесін, оқу материалын еске түсіре аламыз. Еш уақытта қабылдамаған заттарды, мысалы тропикалық ормандар немесе жойылып кеткен жануарларды елестете аламыз, сондай-ақ дүниеде жоқ - еретегі кейіпкерлері немесе таңғажайып машиналар туралы қиялдай аламыз.
Адам тек қоршаған дүниені танып қана қоймайды, сонымен қатар осы дүниедегі заттар мен құбылыстарға өзінің қатынасын білдіреді. Ол қоршағанды салқынқанды, сабырлы қабылдамай, қандайда бір сезімдер тудыртады: бір заттар мен құбылыстар оны қуантып, қанағаттандырса, басқаларға ол бейтарап қарайды, үшіншілері оны қынжылтады, қорқытады, ашуландырады. Жақсы кітап бізді рақаттандырады, адамның лайықсыз мінез-құлқы бізде наразылық тудыртса, қайсарлы қылығы - таңдану тудыртады.
Адам тек қоршаған дүниені қабылдап, қандайда бір қатынас білдіріп қана қоймай, осы дүниеде әрекет етеді, белсенділік танытады, шешім қабылдайды, мақсатқа ұмтылады, қиындықтарды жеңуде ынта мен табандылық танытады, ерік іс-әрекетін жүзеге асырады.
Сондай-ақ, әр адам басқалардан ерекшеленеді: бір адам музыкаға қызығады, басқасы - спортқа; біреу математика саласына қабілет танытса, басқасы әдебиет саласына; біреу қызба, ашушаң, ұстамсыз, басқасы сабырлы, ұстамды; біреу еңбекқор және қарапайым, басқасы жалқау және менменшіл. Мұның бәрі - қабылдау, ес, ойлау, қиял, сезім мен ерік, темперамент пен мінез көріністері - адамның психикасының көріністері. Ал психикалық құбылыстарды зерттейтін ғылымды психология деп атайды. «Психология» сөзі гректің екі сөзінен пайда болған: «псюхе» - жан, және «логос» ғылым, ілім. Олай болатын болса, психология - адамның жан дүниесін зерттейтін ғылым.
Бастапқыда «жанды» (қазіргі кезде де идеалистердің, діни көз-қарасы бойынша) өлмейтін, өшпейтін адам денесінде өмір сүріп өлген кезде ұшып кететін нәрсе деп есептеген. Жоғарыда суреттелген психикалық құбылыстар осы «жанның» қасиеттері мен көріністері деп есептелген. Ғылымның ескі атауы, «жан» деген сөз біздің тілде де сақталған, алайда басқа мазмұнда: «жан құбылыстары» дегеніміз психикалық құбылыстар болып түсіндірілсе, «жан» деген сөз адамның психикасын, оның ми іс-әрекетінің өнімін білдіреді.
Адам психиканың байқалуы өте алуантүрлі. Және де олар бір-бірінен ажыратылып өмір сүрмей, өзара байланыста болады, бір-біріне әсер етеді. Бұл байланыс жеке психикалық көріністердің жиынтығы, қарапайым қосындысы ретінде емес, психикалық іс-әрекеттің біртұтас, бірыңғай көрінісі болып саналады. Мысалы, бастауыш сынып оқушысының шынайы ақыл-ой іс-әрекетінде қабылдау, есте сақтау, ойлау, өзара қатты байланысқан.
Қазір сіздер менің ауызша айтып тұрған материалымды тыңдап отырсыздар. Айтылған материалды сіздер есту түйсігі арқылы қабылдайсыздар. Қабылданып отырған материалды сіздер түсінуге, есте сақтауға тырысасыз, ол үшін оған зейін қоюға шоғырлануға тура келеді, сізге таныс кейбір анықтамалар мен хабарларды еске түсіруге тырысасыз. Бұл кезде сіздің қиялыңыз да жұмыс істейді, өйткені көрнекі түрде бір нәрсені елестету керек болады. Қабылданып отырған материал сізде оған деген қандайда бір қатынас тудыртады, сезім пайда болады. Түсінуге байланысты туындайтын қиындықтарды жеңу үшін сіздер ерік күшін жұмсайсыздар. Ақыл-ой іс-әрекетінің жылдамдығы, жетістігі сіздің кейбір тұлғалық қасиеттеріңізге байланысты: белсенділік, еңбекқорлық, жауапкершілік.
Сонымен, психология - психиканың қалыптасу және даму зандылықтары туралы ғылым. Психология ертеде қалыштасқан ғылымдардың қатарына жатады: ол 2500 жылдан астам бұрын ертедегi Грецияда пайда болған.
Ертедегi гректің данышпан ғалымы Аристотель өзiнiң "Жан туралы" атты еңбегiнде алғаш рет психикалық құбылыстарға жүйелi талдау жасайды. Аристотелдi психологияның негiзiн салушы деп атауға болады. Екiншi жағынан, психологиялық құбылыстарды және оның заңдылықтарын ғылыми эксперименталдiк түрде зерттеу шын мәнiңде XIX ғ. ортасынан бастап, қалыптаса бастады.
Психикалық құбылыстарды 3 үлкен топқа жiктеуге болады:
Психикалық үрдicтер - бұл объективтiк шындықты субъективтiк бейнелеудiң әртүрлi формасы. Психикалық үрдiстердi сонымен қатар психикалық функциялар деп атайды. Психикалық үрдiстердiң көмегімен қоршаған ортаны тану iскe асады, бiлiм мен дағдыны, оқыту мен ic-әрекеттi меңгередi. Темендегiдей психикалық үрдiстердiң негiзгi түрлерi қарастырылады: түйсіктер, қабылдау, ес, елес, қиял, ойлау, сезiм және эмоция, epiк.
Психикалық қасиеттер - бұл адамдардың бiр-бiрiнен айырмашылығын бiлдiретiн жеке тұлғаның дара психологиялық ерекшелiктерi. Психикалық қасиеттерге темперамент, мiнез, қабiлеттiлiк жатады.
Психикалық қалып - психикалық iс-әрекеттiң уақытша дамуын сипаттайды. Оқыту мен iс-әрекеттің жемiстi орыңдалуына ерекше ықпал ететін адамның iшкi дүниесiнiң негiзгi саласы болып табылады. Мәселен, белсендiлiк немесе енжарлық, шаршау, стресс т. б. психикалық жағдайлар. Барлық психикалық құбылыстар бiр-бiрiмен өзара байланысты.
Психология ғылымының ең негiзгi мiндеттерiнiң бiрi барлық психикалық құбылыстарды зерттеу және түсіндіру болып табылады, демек олардың пайда болу, қалыптасу және даму негiзiне жататын объективтiк заңдылықтарды ашып көрсету. Психикалық өмірдің заңдылықтарды бiлy, оны оқыту және тәрбие тәжiрибесiнде пайдалану үшiн қажет. Тек қана психикалық үрдiстер мен құбылыстардың заңдылықтарын бiлу және оларға арқа сүйеу, белгiлi-бiр шәкiрттiң дара психикалық ерекшелiктерiн ескере отырып, оқыту және тәрбие үрдiсiн дұрыс ұйымдастыруға болады.
Fасырлар бойы адам ғалымдардың көптеген ұрпақтарының зерттеу пәнi болып келдi. Адамзат өзiнiн тарихын, пайда болуын, биологиялық табиғатын, тiлiн және салт-дәстүрін танып бiледi және оны танып бiлуде психология ғылымына ерекше орын бередi. "Адам үшін басқа адамдардан қызықты нысана болуы мүмкін емес" деген екен ертедегi бiр данышпан, Ол қателеспептi. Психологияның дамуының негiзiне адамзаттың тұрмыс табиғатына, адамзат қоғамдағы оның дамуы мен қалыптасу жағдайларына, оның басқа адамдармен өзара қарым-қатынасы ерекшелiктерiне әpyaқыттa да өсiп отырған қызығушылық жатады.
Қазiргi кезде өндiрicте, ғылымда, медицинада, өнерде, оқытуда, ойында және спортта психологиялық заңдылықтарды бiлмей және түсiнбей көптеген ic-әрекеттiң түрлерiн іске асыру мүмкін емес. Адамның даму зандары туралы ғылыми бiлiмдердiң жүйесi, оның потенциалдық мүмкiншiлiктерi туралы барлық қоғамдық даму үшiн қажет. Бірақ адам әртүрлі ғылымдардың кешенді зерттеу құралының нысаны болып табылады. Олардың әрқайсысының өзiндiк ерекшелігі бар мәселелері болады. Гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік үрдістерді зерттегенде психологиялық факторларды ескеру қажетiгi туындайды, әрбiр ғылым басқа ғылымдардан өз пәнiнiң ерекшелiгiмен сипатталады. Кезiнде белгiлi психолог-ғалым С. Рубинштейн "Жалпы психология негiздерi" атты кiтабында былай деп жазды: "Психологияның зерттейтiн өзiндiк құбылыстардың iшiнен анық та айқын, ерекше бөлiнiп тұрғандары - бiздiң қабылдауларымыз, сезiмдерiмiз, ойларымыз, талпыныстарымыз, қажеттiлiкктерiмiз және т. б., демек, бiздiң өмiрiмiздiң iшкi мазмұнын құрайтындар жатады".
Әдебиеттер:
- Алдамұратов Ә. Жалпы психология: Оқу құралы Алматы: Білім, 1996. - 224 б.
- Алдамұратов Ә., Рақымбеков Қ., Іргебаева Н. Және т. б. Жалпы психология: Оқу құралы. - Алматы: Білім, 1996. - 224 б.
- Жалпы психологияға кіріспе: Оқу құралы / Жауапты ред. С. М. Жақыпов. - Алматы: Қазақ университеті, 2007. - 230 б.
- Жарықбаев Қ. Б. Жантану оқулығы: ҚР жоғары оқу орындары студенттеріне арналған / Қ. Б. Жарықбаев. - Өңделіп, толықтырылып сегізінші басылуы. - Алматы, 2008. - 638 б.
- Першина Л. А., Общая психология: Учебное пособие для студентов высших учебных заведений / Л. А. Першина. - М: Академический Проект, 2004. - 436 с.
- Маклаков А. Г., Общая психология: Учебник для вузов / А. Г. Маклаков. - СПб. : Питер, 2004. - 583 с. :ил. . - (Серия " Учебник нового века") .
- Вопросы психологии познавательной деятельности: Сб. науч. тр. / Моск. гос. пед. ин-т им. В. И. Ленина; И. Л. Баскакова и др. . - М., 1981. - 144 с.
2 дәріс. Қазіргі психология ғылымы және оның құрылысы мен зерттеу әдістері. Психиканың дамуы және бейнелеу теориясы тұрғысынан түсіндіру.
Сабақтың жоспары:
- Психика туралы жалпы ұғым.
- Психика теориялары.
- Психиканың даму сатылары.
- Сана туралы жалпы ұғым.
- Психологияның ғылыми-зерттеу әдістері.
- Психологияның негізгі әдістері.
- Психологияның қосалқы әдістері.
Психиканың дамуы және сананың қоғамдық-тарихи сипаты
Табиғат заңдылықтарын жете түсініп, олардың мән-жайын бағдарлауда психиканың пайда болуын, адам санасының жетілуін байыптап баяндау ең күрделі мәселелердің бірінен саналады. Материалистік ағымды жақтаушы ғалымдар психиканы ұзақ уақыттағы материя дамуының эволюциясы деп түсіндіреді. Материя табиғатын зерттеп, оның түрлері мен формаларын, олардың бөлінбес қасиеттерін анықтауда қозғалыс материяның өмір сүру тәсілі екендігін анықтайды. Қозғалмайтын, абсолютті тыныштықта болатын материя жоқ. Әлемде өлі табиғат та, тірі табиғат та үнемі қозғалыста, өзгерісте, дамуда болады. Қүллі материяның, өлі табиғаттан бастап ең жоғары сатыдағы күрделі материя - адам миының бейнелеу қасиеті мен оның әсерге жауап кайтаруы да үнемі дамып, өзгеріп отырады. Материянын, бейнелеу формасы оның емір сүру тәсіліне байланысты. Бейнелеу сыртқы әсердің сипаты мен формасына қарай білінеді. Өлі табиғаттағы денелер мен заттардың қозғалысы механикалық, физикалық, химиялық әсерлер түрінде байқалады. Мысалы, жердің бетін үнемі судың шаюы, жел мен ауаның әсері арқылы жартастың мүжілуі, теңіздің үнемі жағаға соғып тұратын толқыны салдарынан өзге заттарға қысым түсіріп, олардың түр-тұрпатын өзгертеді.
Материяның тірі табиғатка ауысу кезеңінде оньщ қозғалу формасы да өзгереді, тірі табиғатка тән бейнелердің жаңа сапалық түрі - психика пайда болады. Материя қозғалысындағы биологиялық форма- табиғат тіршілігіндегі жаңа сапалық керініс. Өлі табиғаттан тірі табиғатқа өту жөніндегі түрлі болжамдар бар. Солардың бірі - А. И. Опариннің тірі табиғаттың пайда болуы жайындағы көмірсутек негізінде азот, көміртегі, сутегі, фосфор және күкірт атомдарының түрлі конфигурациялық байланысуы нәтижесінде түзілістер пайда болды дейтін теориясы. Қазіргі ғылымда бұл теорияны қолдайтын мағлұматтар мол. А. И. Опарийнің болжамы бойынша, бұдан шамамен екі миллиард жыл бұрын атмосферада бос оттегі белініп, органикалык заттарда фото-химиялық реакциялардың жүруіне жағдай туған. Ол алғашында қоймалжың зат түрінде болған. Органикалық қосылыстар көмірсутектерінің полиерленуі нәтижесінде алып молекула пайда болған. Молекула өзінің құрамдас бөліктеріне жеңіл бөлінген. Бұл қосылыстардың тіршілігі әрі қарай жалғасып тұруы үшін үнемі ортамен зат алмасуы қажет болды. Молекулалар бойына ортадан жаңа затты сіңіріп ассимйляцияланып, бөлінген заттарды ыдыратып, өзі өндіретін жүйеге айналды. Ортамен зат алмасуын автокатализдік ретке келтірді. Белок молекуласымен ортаның зат алмасуы әуел бастан белсенді жүрген. Бұл алып молекула коацерват деп аталады. Коацерват тамшылары өзара бәсекелесті. Химиялық құрамы жағынан әсерлі кейбір тамшылар өзгелерінен тез өсті. Олар алып дәрежеге тез жетіп, тез ыдырап отырды. Өсу, ыдырау процестері осылай қайталана берді. Ал химиялық құрамы жөнінен түрлі тамшылар бірімен-бірі бірікті. Сонымен, коацерваттардьвд қасиеті мол болды. Осы орайда, оны тірі организм құрылымы деп қарауга болады. Бұл қасиеттер нендей нәтижелер берді? Коацерваттар ортадағы қоректік заттарды сіңіріп, өмір сүруін жалғастыру үшін қажет заттарға тітіркеніп, оларға жауап қайтарды. Ал өмір сүруіне қажетсіз заттарға тітіркенбеді. Зат алмасудағы бұл қажеттілік өзін-өзі реттеу қабілетінің нәтижесі болды. Коацерваттар бөлінуге, түрлі химиялық косылыстармен конструкциялануға бейім тұрған. Сондай-ақ, сыртқы әсерлерді бейнелеу түрлі әсерлердің күші мен сипатына ғана емес, олардың органикалық түзілістері мен коацерваттардың ішкі жағдайына да байланыеты болған. Мүндай органикалық түзілімдердің алғашқы бейнелеу формасы қазіргі тірі организмдердің арғы ата тектерінің геологиялңқ дәуірлердегі пайда болу жағдайына сәйкес келеді.
Өлі табиғаттағы бейнелеуге қарағанда, тірі табиғаттың герототипі коацерваттарда, кез-келген тірі организмдерде бейнелеудің жаңа сапалық ерекшеліктері пайда болған. Ондай өзгерістер сыртқы әсердің күші мен сипатына ғана емес, организмнің ішкі жағдайына да байланысты. Қез-келген тірі организм тіршілік қажетіне қарай сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, тірі материя жаңа сапасының өзін-өзі реттеуіне ықпал етеді. Организмнің ұзақ мерзімді эволюциялық дамуы нәтижесінде бейнелеудің айқын түрлері - түйсіну, қабылдау, ес, ойлау формалары пайда болды.
Әдебиеттер:
- Алдамұратов Ә. Жалпы психология: Оқу құралы Алматы: Білім, 1996. - 224 б.
- Алдамұратов Ә., Рақымбеков Қ., Іргебаева Н. Және т. б. Жалпы психология: Оқу құралы. - Алматы: Білім, 1996. - 224 б.
- Жалпы психологияға кіріспе: Оқу құралы / Жауапты ред. С. М. Жақыпов. - Алматы: Қазақ университеті, 2007. - 230 б.
- Жарықбаев Қ. Б. Жантану оқулығы: ҚР жоғары оқу орындары студенттеріне арналған / Қ. Б. Жарықбаев. - Өңделіп, толықтырылып сегізінші басылуы. - Алматы, 2008. - 638 б.
- Першина Л. А., Общая психология: Учебное пособие для студентов высших учебных заведений / Л. А. Першина. - М: Академический Проект, 2004. - 436 с.
- Маклаков А. Г., Общая психология: Учебник для вузов / А. Г. Маклаков. - СПб. : Питер, 2004. - 583 с. :ил. . - (Серия " Учебник нового века") .
- Вопросы психологии познавательной деятельности: Сб. науч. тр. / Моск. гос. пед. ин-т им. В. И. Ленина; И. Л. Баскакова и др. . - М., 1981. - 144 с.
3 дәріс. Іс-әрекет психологиясы
Сабақтың жоспары:
- И. М. Сеченов іс-әрекет физиологиясы туралы.
- Әрекеттің рефлекторлы тұжырымдамасы.
- Әрекетті ұйымдастыруының механизмдері.
- Н. А. Бернштейн физиологиялық әрекет теориясы.
- Іс-әрекеттің қоздырушы себептері.
- Іс-әрекеттің мақсаты.
- Іс-әрекет құрылымы.
- Іс-әрекеттің орталық құраушысы ретіндегі әрекет.
- Әрекеттің негізгі сипаттамалары.
- Іс-әрекет психологиялық теориясының негізі.
Психология ғылымындағы іc-әрекет туралы жалпы мағлұмат
Іc-әрекетсiз адам өмірі мүмкін емес. Ic-әрекет үрдісінде адам қоршаған дүниені, оның заңдылықтарын танып бiледi, әртүрлі құбылыстарды қабылдайды.
Ic-әрекет үрдісінде өнiмдер және материалдық заттар киiм - кешек тамақ, тұрғын үй жасалады, оларсыз адам өмір сүре алмайды. Ic-әрекет үрдісіңде рухани құндылықтарды - саз, бейнелеу өнepi, поэзия, рьmымды жасау іске асады. Сонымен, ic-әрекет - бұл адамның қоршаған дүниеге белсеңдi қатынасының түрі.
Адамның ic-әрекетi жануарлар мінез-құлқынан ол қанша күрделі болғанмен ерекше айырмашылығы бар. Адамның ic-әрекетi саналы сипатқа ие болады, ол мақсатына бағытталған, демек адам мақсатты және оған жетудiң тәсілдерін түсінеді, iс-әрекеттің кейбiр бөлiмдерiн жоспарлайды, мүмкін болатын қиындықтар мен кедергiлердi ескерiп отырады, қажет болған жағдайда iс-әрекеттi қайта құрады, нәтиженi алдын ала көре бiледi.
Адамның ic-әрекетi еңбек құралдарын дайындаумен, пайдаланумен және сақтаумен байланысты. Адамның ic-әpeкeтi қоғамдық сипатқа ие болады, ол ұжымда және ұжым үшін іске асады. Ic-әрекет үрдісінде адам басқа адамдармен күрделі қатынастарға енедi.
Ic-әрекет қоғамдық - тарихи жағдайлармен анықталады. Адам өзінiң iс-әрекетiн қоршаған өмiрден, өзі өмір сүрген қоғамның талаптарынан бөлiп қарай алмайды.
Барлық уақытта да және кезеңде де адам еңбекпен айналысты, ол қоғамның қажеттiлiгiн (материалдық және рухани) немесе жеке қажеттiлiктердi қанaғаттандыратын өнім берiп отырды. Ic-әрекет адамның өзіне де өзіңдiк таңбасын қалдырады. Психика тек көрiнiп қана қоймайды, ол ic-әрекетте қалыптасады.
Жеке тұлға iс-әрекетте қалыптасады, адам ежет, ержурек қасиет танытады. өздерiңiздi қоршаған адамдарды бақылап қарасаңыздар, мамәндық адамның сыртқы келбетiн, оның рухани дуниесiн өзгертедi. әр мамәндықтың өзіне тән ерекшелiктeрi бар, мәселен, ескери адамның психологиясыңда өзіндiк ерекшелiктерi кездеседi. Сол сияқты мұғалiмдiк дәрiгерлiк мамандықтардың өзіндiк ерекшелiктерi болады.
Адамның ic-әрекетi алдына қойған мақсаттарымен, мiндеттерiмен анықталады, адамды осы ic-әрекетке итермелеген, себеп болған белгiлi түрткілермен байланысты. Алдына қойған мақсаттары мен мiндеттерiн іске асыра отырыл, адам ic-әрекетте өзінiң белсендiлiгiн бiлдiредi.
Кез-келген белгiлi бiр түрткілер пайда болады және іске асады, белгiлi себептермен анықталады. Сiз неге оқыдыңыз? Неге адыңызға университеттi бiтiру туралы мақсат қойдыңыз? Осы сұрақтарды алдыңызға қойып көріңiз, бiрден сiздің есiңiзде осындай шешiмге келуге итермелеген түрткілер пайда болады. Олар әртүрлі болуы мүмкін, бiрақ барлығыда сiздiң оқу iс-әрекетiңiздiң мақсатын анықтайтын қаңдай да болмасын түрткілер болады.
Ic-әрекет оның құрылымына қарай қарастырылады. Кез-келген iс-әрекетте темендегiдей беөлiктердi атап көpceтyгe болады (құрамдас бөлiктeрi, бөлiмдерi, iс-әрекеттің кезеңдерi) : мақсат қою кезеңi (нақты мiңдeттepді анық түсіну) ; жұмысты жоспарлау, әрекеттің тиiмдi тәсілдерін таңдау кезеңi; ic-әрекетті орыңдау, іске асыру кезеңi; одан әpi нәтижелерiн тексеру, қатесiн түзеу, алынған нәтижелердi жоспарланған нәтижелермен салыстыру, жұмысты қорытындылау.
Оқушының нақты оқу әpeкeтін талдай келiп, барлық бұл кезеңдердi аңғару қиын емес. Адамзат ic-әрекетiнiң қажеттi шарттары - психикалық үрдicтер. Олар адамның кез-келген iс-әрекетiнің мiңдеттi жағы болып табылады: ойын үстiңдегi бала, оқушының оқуы, адамның еңбек eтyi - әруақытта да iс-әрекеттің барлық түрлері зейiнмен, қабылдаумен, еспен, ойлаумен және басқа да үрдістермен тығыз байланысты, онсыз адамның ешқандай ic-әрекетi іске аспайды.
Психикалық үрдістер адамды қоршаған opтaғa бащарлайды, оның ic-әрекетiн бағыттайды, оны ойлап iстейдi, әрекеттердi іске асатын жағдайларға сәйкес ретке келтiредi. Екiншi жағынан, бүкiл психикалық үрдістер іске асады, қалыптасады және ic-әрекет үрдісінде реттеледi. Осылай психикалық үрдістер мен адамның ic-әрекетi өзара байланысты және өзара тәуелді іске асады.
Баланың ic-әрекетiн бақылай отырып, бұл үрдіске толық сенуге болады. Бала психикасы оның iс-әрекетiнде қалыптасады. Мектепке дейiнгiлердің ойын әрекетінде оның есiнiң, зейiнiнiң, ойлауының қалыптасуын аңғаруға болады. Мектеп оқушыларында оқу әрекеті ерекше рөл атқарады, осы жетекшi әрекеттің әcepiмeн оқушылардың психикалық үрдістерi сапалы өзгерістерге ұшырайды - олардың зейiн, үрдістерi бiрте-бiрте мақсатты басқарyға және реттеуге бейiм келедi, оның көлемi, қозғалыстығы және басқа да сапалары артады.
Ic-әрекеттің мақсаты және түрткілері психикалық үрдістердi реттеп және оны басқарып отырады.
Әдебиеттер:
- Жалпы психологияға кіріспе: Оқу құралы / Жауапты ред. С. М. Жақыпов. - Алматы: Қазақ университеті, 2007. - 230 б.
- Жарықбаев Қ. Б. Жантану оқулығы: ҚР жоғары оқу орындары студенттеріне арналған / Қ. Б. Жарықбаев. - Өңделіп, толықтырылып сегізінші басылуы. - Алматы, 2008. - 638 б.
- Жарықбаев Қ., Жалпы психология: Оқулық / Қ. Жарықбаев. - Өнделіп, бесінші басылуы. - Алматы: Эверо, 2004. - 378 б.
- Намазбаева Ж. И., Жалпы психология: Оқулық / Ж. И. Намазбаева. - Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2006. - 296 с.
4 дәріс. Қарым-қатынас. Ұжым-топтар
- Қарым-қатынас туралы түсінік.
- Қарым-қатынастың түрлері, формалары, атқаратын қызметтері.
- Қарым-қатынастың жақтары.
- Топтар психологиясы.
- Үлкен топтар мен шағын топтар.
- Топтардың даму деңгейлері.
- Топтардың классификациясы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz