Психодиагностикалық құралдар


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Реферат
Тақырып: Психодиагностикалық құралдар және психологиялық диагноз қою мәселелері
Орындаған: Әбіләкім Зерде
Тексерген: Тәжібаев Т. Б.
2021-2022 оқу жылы
Психодиагностикалық құралдар және психологиялық диагноз қою мәселелері.
Жоспар:
1. Психодиагностикалық құралдар
2. Психологиялық диагноз туралы түсінік
3. Психологиялық диагноз түрлері
4. Психологиялық диагноз жасауда кететін қателіктер
Психодиагностикалық құралдар - бұл құралдар көмегімен психодиагностикалық іс-әрекет жүзеге асырылады.
Психодиагностикалық құралдар:
- 1. Өлшеу және бағалау, психодиагностика объектісінің элементтері күйін өзгерту құралдары.
- 2. Психодиагностикалық сипаттау құралдары.
- 3. Психодиагностикалық процесті сипаттау және психодиагностикалық қорытынды жасау құралдары.
Психологиялық диагноз туралы түсінік
Тұлғаны зерттеу үшін алуан түрлі психодиагностикалық тесттерді (әдістемелерді) қолдану практикасы «психологиялық диагноз» түсінігімен тікелей байланысты. «Диагноз» түсінігі ғылым мен техниканың түрлі салаларында кеңінен қолданылады, қандай да бір құбылыстың мағынасы мен ерекшеліктерін анық-тау, тану міндеті тек медицинаға ғана қатысты емес. Әде-биеттерде «психологиялық болжам» түсінігін беретін анық-тамалар аз емес. Қалыптан ауытқумен, аурумен тығыз бай-ланысты медициналық болжам психологиялық ғылымдағы осы түсініктің анықталуына әсер етті. Психологиялық болжамды осы тұрғыдан анықтау - ол жайсыздықтың жасырын себептерін ашу дегенді білдіреді. «Медицинадағы, техникадағы, басқарудағы, қолданбалы психологиядағы диагноз болса да - ол көбінесе көптеген себеп-салдарлы байланыстар жағдайында байқалған жайсыздықтың себептерін іздеу, ашудан тұрады» (В. И. Войтко, Ю. З. Гильбух, 1976) . Кейбір шетел психологтары психологиядағы болжамды тек қандай да бір бұзылулар мен ауытқушылықтарға «атау» беру үшін қолдану қажет деп санаған (Rozenzweig, 1947 және т. б. ) . Мұндай көзқарастар психологиялық болжам сала-сының тарылуына әкеліп соқты, одан қалыпты жеке дара - пси-хологиялық айырмашылықтарды анықтау және есепке алумен байланыстының барлығы түсіп қалады.Психологиялық диагноз кешенді және жүйелі сипатта болады:
- Симптоматикалық деңгейде анықталған қасиеттердің (профиль түріндегі) құрылымын сипаттау;
- Этиологиялық деңгейде индивидтің ағымдағы психикалық күйінің себептерін түсіндіру;
- Типологиялық деңгейде сипаттаушы жалпылаулардан тұлға теорияларының гипотетикалық құрылымдарына көшу. Ол алынған деректерді негіздеуге және сыналушыда болашақ мінез-құлықты болжауға, сонымен қатар психологиялық көмек көрсету үшін бағдарлама жасауға қажет.
... жалғасыПоляк психологы Януш Рейковский ұсынған психологиялық болжамның теориялық сызбаларының бірі, психодиагност жұмы-сындағы төрт негізгі бағытты бөліп көрсетеді:
1. Іс-әрекеттің, мінез-құлықтың болжамын жүзеге асыру, яғ-ни зерттелуші мінез-құлықтың ерекшеліктерін сипаттау, талдау және мінездеме беру.
2. Іс-әрекетті реттеу үрдістеріне бложам жасау немесе іс-әрекеттерді жүзеге асыратын психикалық үрдістерді зерт-теу.
3. Реттеу тетіктеріне, психикалық үрдіс тетіктеріне тәуелді жүйке байланыстарының жүйесіне болжам жасау.
4. Реттеу тетіктерінің генезисіне диагностика жүргізу неме-се индивидтің психикасы қандай жағдайларда қалыптас-қанын анықтау.Іс-әрекет белгілі бір нәтижеге жетуге бағытталған үрдіс. Рейковский іс-әрекетке болжам жүргізуде екі неғұрлым кең аспектіні ажыратуды ұсынады: құралдық (әрекеттердің сапасы, жыдамдығы және адекваттылығы) және қарым-қатынас аспектісі, яғни субъектінің өзі орындайтын әрекеттерге, қошаған ортаға және өзіне қатынасын білдіретін сипаттамалар. Психологиялық болжамның міндеті қандай да бір әрекетердің қате өтуін ғана емес, сондай-ақ индивидуумның қандай әрекетерді жемісті жүзе-ге асыра алатынын анықтаудан тұрады. Іс-әрекеттің жүйеленген сипаттамаларын алу үшін адамның қоғамда атқаратын негізгі рөлдер жүйесін қолдану керек. Рейковский клиникалық диаг-ностикада көбінесе қарым-қатынас аспектісі, ал кәсіби диаг-ностикада құралдық аспектіні есепке алу маңызды деп есептейді. Әрекеттер неліктен дұрыс жүрмейді деген сұраққа жауап беру үшін реттеу үрдістеріне бложам жасау қажет. Рейковский реттеу үрдістеріне диагностика жүргіуде құбылыстардың екі сыныбын бөліп көрсетеді: құралдық типтегі үрдістер және қарым-қатынас типіндегі үрдістер. Құралдық типтегі үрдістерге рет-теу үрдісінің үш тобы жатады: бағдарлық, интеллектуалдық және орындаушылық. Бағдарлық үрдістерге болжам жүргізу қабыл-даудың адекваттылығы, құбылыстарды түйсіну қабілеттерін және түсініктердің қалыптасуын зерттейді. Интеллектуалдық қызмет-тер іс-әрекет бағдарламаларын құрастырады, оларға болжам жа-сау жоспарлаудың тиімділігін, мәселелерді шешуді бағалаумен байланысты. Орындаушылық қызметтерге психомоторлық реак-циялар жатады. Қарым-қатынас типіндегі үрдістерді Рейковский эмоционалдық және түрткілік үрдістер деп түснеді. Эмоционалдық үрдістерді диагностикалағанда жағдайлар мен эмоционалдық реакциялар ұзақтығы, күші, белгісі және эмо-циялардың мазмұны арасындағы сәйкестік деңгейі анықталады. Түрткілік үрдістерге диагностика жүргізу - ол индивидуумды әрекетке итермелейтін түрткілердің түрін және қарқындылығын бағалау.
Реттеу үрдістері адамның бүкіл өмірі бойында қалып-тасатын жүйке байланыстарының күрделі жүйесінің негізінде жүзеге асады.Психологиялық диагноз түрлері
Медициналық болжам мен психологиялық болжамның ара қатынасын зерттеу психологиялық болжамды тереңірек тү-сінуге мүмкіндік береді. Медициналық болжам дегеніміз - ол патофизиологиялық тетіктер синдромына тән байланыстары ар-қылы белгілі болатын аурудың көріністерін анықтау және жіктеу.
Қазіргі психодиагностикада клиникалық психологиялық болжам жақсы деңгейде құрастырылған деп саналады. Түрлі зерттеушілердің көзқарастарын жалпылай келе, А. Левицкий клиникалық-психологиялық болжамның негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызады: кәсіби өмірде, отбасылық өмірде, адам-дармен қарым-қатынаста, сондай-ақ зерттеу барысында аңға-рылатын мінез-құлықтың ауытқушылығын сипаттау; мотивация және танымдық үрдістер аумағындағы психикалық дис-функцияны анықтау; жағдаяттық немесе тұлғалық факторлардың бұзылуына байланысты психологиялық тетіктерді белгілі бұзылу-лар генезисі тұрғысынан анықтау; тұлғаның ауытқушылығының органикалық факторлары мен психологиялық факторларының деңгейін анықтау. Мысалы, эпилепсиямен ауыратын адамның бас миының органикалық зақымдануы (клиникалық болжам) тұлға өзгерістерінің себебі ретінде жиі қарастырылады. Бұл жерде аурудың күрделі әлеуметтік жағдайы, оның осы аурудан ұялатындығы, адамдармен қарым-қатынасының бұзылуы есепке алынбайды.
Психиатриядағы нозологиялық (синдромдық) диагноз психикалық ауруларды оңалту (реабилитация) міндеттерімен ты-ғыз байланысты. Осыған байланысты функционалдық диагноз теориясы құрастырылуда. Бұл болжам үш бөліктен тұрады: клиникалық, психологиялық және әлеуметтік (М. М. Кабанов, 1978) . Функционалдық болжам дәрігерге аурудың «атауын» ғана емес, кімде (қандай тұлғада) және қандай ортада (әлеуметтік кіші орта) бұл аурудың пайда болатынын айтуға мүмкіндік береді.
Психологиялық диагнозда (медицинадан бөлек) біз әрбір жекелеген жағдайда осы көріністердің зерттелушінің мінез-құл-қында неліктен пайда
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz