ОМЫРТҚААРАЛЫҚ ДИСКІНІҢ ЖАРЫҒЫ
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Омыртқааралық дискінің зақымдануы және радикулопатия
Тексерген: Тулегенова Ж. А.
Орындаған: Сахи Ғ.
Көкшетау, 2021 жыл
ЖОСПАР:
І. Кіріспе
Омыртқаның құрылымы және қызметі
ІІ. Негізгі бөлім
1) Бел аурулары туралы жалпы түсінік
2) Омыртқааралық дискінің протрузиясы
3) Омыртқааралық дискінің жарығы (грыжа)
4) Радикулопатия
5) Омыртқааралық диск жарығының пайда болу себептері
6) Емдеу әдістері
7) Емдік жаттығулар
8) Омыртқааралық диск жарығы кезінде жасауға болмайтын жаттығулар
ІІІ. Қорытынды
КІРІСПЕ
Омыртқа сүйек - тұтас дененің тірегі. Оның құрылымы күрделі болғандықтан, салмақты көтеру, дененің тепе-теңдігін сақтау, денені әрекеттендіру, жұлынды және ішкі мүшелерді қорғау қызметтерін атқарады. Анығырақ айтқанда: бас бөлім мен қолдың орнықтылығын сақтайды, қимылын демейді, қабырғаны меңгереді, еңкею, шалқаю, қисаю, бұрылу әрекеттерін жасап, адам денесінің күнделікті тұрмыстағы күрделі қимыл-әрекеттерін қамтамасыз етеді. Денеге түсетін салмақ пен тербелісті жеңілдетіп, жұлынды, нерв түбірін, көкірек ішкі мүшелерін және құрсақ ішкі мүшелерін қорғап тұрады.
Бала кезде омыртқа осінде 32-34 бөлек омыртқа сүйек, яғни 7 тал мойын омыртқа, 12 тал арқа омыртқа, 5 тал белдеме, 5 тал сегізкөз омыртқа, 3-5 парша құйымшақ омыртқа сүйегі болады.
Ересек кезде сегізкөз жая сүйектері мен құйымшақ буындары жеке-жеке тұтаса келе, сегізкөз сүйегі біреу, құйымшақ сүйек біреу болып тұтасады. Осылайша омыртқа сүйек 32-34 бөліктен 26 бөлікке азаяды. Омыртқа осі - дененің тірегі. Жоғары бөлімі ұзын, икемді, сөре іспетті келіп, көкірек пен құрсақтың жоғарғы бөлігін көтеріп тұрады. Төменгі бөлігі қысқалау, біршама тұрақты болады. Дененің салмағы мен тербелісі сол
төменгі бөлігі арқылы аяққа жетеді. Омыртқа осі арқа омыртқа сүйек пен омыртқааралық табақшадан құралып, дененің еңкею, шалқаю, қисаю, бұрылу сияқты әртүрлі күрделі әрекеттерін бірігіп орындайды. Бұл қимылдардың сәтті орындалуы омыртқа сүйектері мен омыртқааралық табақшалардың ақаусыздығына, ал ақаусыздық сіңір (тарамыс), бұлшықеттер мен омыртқа
буын аралықтарының үйлесімді әрекетімен тығыз байланысты.
БЕЛ АУРУЛАРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Бел ауруының пайда болу себептері әртүрлі. Жалпы бел ауруы
жастың ұлғаюына, омыртқааралық табақшаның мүжіліп, сүйек тұзының азаюына байланысты туындайды. Бұл дерт бір орында қозғалмай ұзақ отырып жұмыс істейтін адамдарда жиі кезігеді. Денені тік ұстамау, қалың табанды немесе биік өкшелі аяқ киім кию, еңкейіп жүру, төсек орнының жұмсақ болуы, психикалық ауыр қысымға, күйзеліске ұшырау, ағзаға қажетті минералды заттар мен қоректің жетіспеуі, кейде тіпті артық салмақ та бел
ауруларына әкеліп соғады.
1 - сурет. Омыртқалардың қосылыстары
(бел бөлімі, омыртқа өзегі жартылай ашылған).
Бел ауруының көпшілігінде бел бұлшық етінің созылуы байқалады. Кей жағдайда бел ауруы сүйек босау ауруының алғашқы белгісі болуы да ықтимал.
Сүйектің босауы - селқос қарайтын дерт емес. Соңғы кездерде жоғары оқу орындарында, тіпті мектепте оқитын жас өспірімдер арасында да сүйек босау кездесе бастады. Ал орта жастардағы ер адамдар арасында сүйек тұзының жетіспеуі жиі байқалып отыр. Бұл дерттердің алдын алу шараларына дер кезінде баса назар аудару маңызды. Сүйек тұзының жетіспеуі дертінің алғашқы белгілері байқалған науқастар құрамы кальций мен магний және минералды заттарға бай тағамдарды көп тұтынулары керек. Әдетте 30 жастан асқаннан кейін адамдардың омыртқааралық табақшасының пішіні өзгере бастайды. Бұдан сақтанудың еңбасты жолы - ағзаға қажетті қоректік заттарға бай азық түрлерімен тамақтану, пайдалы дене әрекеттерімен ұзақ уақыт дағдылы түрде шұғылдану.
ОМЫРТҚААРАЛЫҚ ДИСКІНІҢ ПРОТРУЗИЯСЫ
Бұл омыртқа остеохондрозының диск ішіндегі затының көршілес омыртқалардың денесінің шегінен томпиып шығу білінісі.
Бұл омыртқаның бел бөлігі үшін 5 мм-ге дейін және мойын бөлігі үшін 2 мм-ге шейін жетеді. Мұнда дискінің пульпоздық ядросын қоршаған фибриноздық сақинаның тұтастығы сақталады.
Омыртқааралық дискінің кез келген протрузиясы бұрыс емделгенде омыртқаның үлкен жарығына айналуы мүмкін. Диск протрузиясы көптеген адамдарда бар, бірақ олар бәрінде ауыруға жетелемейді. Емді шұғыл бастау қажет.
Пайда болу себептері: омыртқаның жарақаттық зақымдануы мен босану жарақаттары, әсіресе жиі симптомсыз өтетін омыртқаның мойын бөлігінде. Бұл бой түзілісінің бұзылысы. Егер екі көршілес омыртқа бір-біріне салыстырмалы иілсе, онда олардың арасында орналасқан омыртқааралық диск ассиметриялық қысымды сезінетін болады. Мұндай қысым нәтижесінде дискінің бір бөлігі томпиып сыртқа шығады, фиброздық сақина созылады. Көбіне мойын және бел дискілерінің протрузиялары пайда болады.
Симптомдары: қол саусақтары мен аяқ башпайларының ауыруы мен ұюы, шаншып ауыру, "жыбырлауы", иннервация аумағындағы тері жамылғыларының түсінің және ылғалдылығының өзгеруі, кейбір жағдайларда протрузия бас айналу мен бас ауруына әкелуі мүмкін.
Емі: стероидты емес қабынуға қарсы бұйымдар (СЕҚҚБ), диклофенак, кеторал, кетонов, мовалис, ксефокам және т.б.; витаминдер: мильгамма, нейромультивит және с.с.; физиотерапевтік емнің әр түрлі тәсілдері, массаж және емдік дене шынықтыру (ЕДШ), рефлексотерапия мен гомеопаттық препараттарды қолдану (гомеопунктура).
2-сурет. Сау диск пен протрузияға ұшыраған диск
ОМЫРТҚААРАЛЫҚ ДИСКІНІҢ ЖАРЫҒЫ
Омыртқалардың арасында шағын, дөңгелек жалпақ дискілер болады. Осы дискілердің жарақаттан, қалыпты тозудан, немесе аурудан зақымдануында олар шығыңқы күйге түседі. Бұл жағдай омыртқа аралық дискінің жарығы аталады. Омыртқа дискілері жас ұлғайған сайын - құрғақ, иілгіш және әлжуаз бола түседі. Жарақат пен ұзақ уақыт бойғы жүктеме дискінің сыртқы жабындысында кішкентай саңылау болуын үдетеді. Әлсіреген дискіге шамадан тыс қысым түскенде дискінің ортасындағы қоймалжың материалдың бөлігі капсуладағы саңылау арқылы ағып кетуі мүмкін, нәтижесінде, диск нерв түбірін немесе омыртқа каналын қоршайтын кеңістікке шығып кетеді. омыртқа аралық дискінің жарығы нервтің қызметіне кедергі келтіреді, әлсіздікке, ұйып қалуға, немесе аяқтағы ауырсынуға апаруы мүмкін.
Бұл ауру 25 тен 45 ке дейінгі жастағы адамдарда жиі кездеседі, ал, балаларда тым сирек кездеседі. Омыртқа аралық дискілердің жарықтары - остеохондроздың ең көп таралған және қиын түріне жататын, кейде уақытша жұмыс істеу қабілетінен айыратын, ал кей жағдайларда тіпті арты мүгедектікке соқтыратын тірек-қозғалмалы аппаратының аса қауіпті және күрделі ауру түрі болып табылады.
3-сурет. Омыртқааралық дискінің жарығы
Омыртқааралық табақшаның өсу ауруы белдеменің 4-5-буын омыртқааралық табақшасында жиі кездесуі бел омыртқаның анатомиялық құрылымы мен биомеханикалық ерекшелігіне тікелей байланысты. Анатомиялық тұрғыда бел омыртқа бөлігінің артқы жан сіңірі жоғарыдан төменге қарай біртіндеп жіңішкереді. Белдеменің 5-буын омыртқа сүйегі мен құйымшақ 1-омыртқа бөлігінің жалпақтығы жоғары бөлімінің жартысындай ғана болады. Бел омыртқа бүкіл дене салмағының 60 пайызын көтереді. Қимылы да көп. Зорығуы және рөлін жойып өзгеруі де оңай. Жетілу барысында толық өспей қалатын да осы бөлік. Сондықтан осы белдеменің 4-5-буын аралығында омыртқааралық табақшаның өсуі жиі ұшырасады.
Белдеменің 5-буын омыртқа мен құйымшақ 1-буын омыртқааралық табақшасының өсуі екінші орында тұрады. Ал 1-2-буын омыртқааралық табақшасының өсу мүмкіндігі өте аз кезігеді. Өссе де көп ауырмайды. Бұдан өзге клиникада бел омыртқааралық табақша өсу ауруы үнемі белдеменің сол жағында оңай пайда болатындығы байқалады. Мұндағы басты себеп көп адамдарда оң жақ қолдан бастап, барлық дене әрекеттері, оң жаққа бұрылуы жиі болғандықтан, сол жақ омыртқа табақшасына қысым күш көп түседі. Сол себепті көбінесе сол жақ талшықты сақина мүжіліп кетеді. Сондықтан өскен өсінді сол бүйірдегі нерв сабағын басады да, бел бөлімі мен сол жақ аяқ шымырлап ауырады.
4-сурет. L4-L5 дискілерінің протрузиясы-3,6 мм және L5-S1 дискілерінің жарығы-6 мм.
Менің жағдайымда бел ауруы бірнеше жыл бұрын пайда болды, бірақ қозғалыс, жүріс-тұрысқа айтарлықтай кедергі келтірмегеннен кейін бұған аса мән берілмеді. 2021 жылдың ақпан айында кенеттен аяғымды басып, жүре алмай қалу себебінен дәрігердің көмегіне жүгіндім. Маған белдегі омыртқааралық дискілерінің және басқа да бөлімдерінің зақымдануы мен радикулопатия деген диагноз қойылды. Яғни, L4-L5 диск бөлімдерінің протрузиясы 3,6 мм, L5-S1 диск бөлімдерінің жарығы (грыжа) және радикулопатия ( жұлын жүйке тамырларының дисктегі жарық әсерінен қысылуы).
РАДИКУЛОПАТИЯ
Радикулит (лат. radicula -- омыртқа) -- Жұлынның зақымдануы. Шеткі жүйке жүйесінің жиі кездесетін ауруы. Жұлыннан омыртқалар арасымен жұлын жүйкелері тарайды. Соның ішіндегі ең ұзыны -- шонданай жүйкесі. Ол кеуденің шонданай бөлігі мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz