Жеңіл атлетиканың шығу тарихы


Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Жеңіл атлетика
Тексерген: Тулегенова Ж. А.
Орындаған: Сахи Ғ.
Көкшетау, 2021 жыл
ЖОСПАР
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Жеңіл атлетиканың шығу тарихы
- Жеңіл атлетика түрлері
- Қазақстандағы жеңіл атлетика чемпиондары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу - бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру - бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, оқушылардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі туындайды. Болашақ кәсіби әрекетінде оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жүзеге асыру, дене тәрбиесі мәселесін теориялық талдау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды.
Жеңіл атлетика - спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетика - дене тәрбиесінің мемлекеттік жүйесінің бөлігі. Жеңіл атлетика, жаттығулар мектеп оқушыларына, барлық оқу орындарының студенттеріне арналған дене шынықтыру бағдарламаларына енгізілген, барлық спорт түрлері бойынша жаттығу жоспарлары, дене шынықтыру жаттығуларына ие спорт түрі. Жеңіл атлетика секциялар дене шынықтыру командаларының, спорт клубтарының, ерікті спорт қоғамдарының қызметінде жетекші орын алатын үлкен қарқынды спорт түрі.
Негізі жеңіл атлетика болып, күнделікті өміріміздегі табиғи қозғалыстарымыз айтсақ болады. Жеңіл атлетикамен айналысу адам өмірі1не үлкен ықпал етеді, жан-жақты дене дамуына, денсаулықты нығайтуға, адамдардың денсаулықтарына үлкен пайдасын тигізетін спорт түрі. Жеңіл атлетиканың танымалдығы мен мансабы жалпы жеңілдікпен және жеңіл атлетикалық жаттығулармен, қарапайымдылығымен, жүктемені өзгерте алатын және жылдың кез-келген уақытындасабақтарды тек спорт алаңдарында ғана емес, сонымен қатар табиғи жағдайлармен де айналысуға болады.
Жеңіл атлетика тарихы
Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс б. з. б. 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған. Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке-жеке өткізіліпті. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Додаға 192 метрді бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен. Жеңіс тұғырынан көрінген азамат Элида қаласында жай ғана даяшы болған. Ал, жеңіл атлетика алғаш рет Англияда ұйымдастырылған. 1837 жылдары жарысқа түскендер 2 метр қашықтықта жүгірген. Оған қатысушылар Регби қаласындағы колледжде білім алып жатқан жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы оқу орындарында да спорттық жарыстан жиі өтіп тұрған. Кейіннен бағдарламаға қысқа қашықтықта жүгіру, ұзындықта және биіктіктен секіру сынды шарттар енгізіді. 1865 жылы Лондон атлетика клубы құрылды. Бұның негізінде тұңғыш рет жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтті.
Ал, АҚШ-та 1868 жылы Нью-Йорк қаласында алғашқы атлет клубы ашылды. 1880-90 жылы жеңіл атлетика жеке дара спорт түрі ретінде күллі Еуропаға кең таралды. 1896 жылы өткен олимпиада ойындары жеңіл атлетиканың дамуына орсан жол ашты. Сол жылы Афинада өткен І олимпиада ойындарына жеңіл атлетиканың 12 түрі енгізілді. Додада америкалық жеңіл атлеттер барлық жүлдені қанжығаларына байлады. Алайда, олардың қуанышы ұзаққа бармады. Өйткені, 1952 жылдан бастап олимпиада ойындарына қатыса бастаған КСРО атлеттері олардың бірден-бір қарсылары болды.
1996 жылы Атлантада өткен олимпиада ойындарында өнер көрсеткен атлеттердің саны 2000-ға жетті. Әйелдер арасындағы жарыс 1928 жылдан бастау алады. Нәзік жандар 1999 жылы жаздық әлем чемпионатында және 2000 жылы Сидней олимпиадасында жақсы нәтиежеге қол жеткізе білді.
1968 жылы Мехикода өткен жарыста американлық спортшы Боб Бимон- 8 м 90 см ұзындықтан секіруден әлем рекортын жаңартқан. Бұны күллі әлем «21 ғасырдың ең биік көрсеткіші» деп бағалады. Араға 20 жыл салып Сеулде өткен олимпиадада 100 және 200 м қашықтықтан жүгіруден америкалық желаяқ Флоренс Гриффит- Джойнер рекорттық көрсеткішті бағындырды. Оның бұл жетістігі 14 жыл қатарынан сақталып тұрды.
Жеңіл атлетика түрлері
Жеңіл атлетика - бүгінгі таңда тек біздің елде ғана емес, дүние жүзінде кең таралған спорт түрі. Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығулары - тегіс жерде жүгіру, бедерлі жерде жүгіру, жүру, кедергілермен жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыс.
Жүгіру - қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді. Қысқа қашықтыққа - 100, 200, 400 м және 110 м кедергілі қашықтық жатады. Орташа қашықтыққа - 800, 1000, 1500, 2000, 3000 м жүгіру және 3000 м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады. Ұзақ қашықтыққа - 5000, 1, 2, 42 шақырым 192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы) жатады.
Жүру - 20 шақырым спорттық жүріс.
Лақтыру - ядро лақтыру, найза лақтыру, найза лақтыру, диск және балға лақтыру. 1896 ж. ойындар бағдарламасына диск лақтыру және ядро итеру қосылды; 1900 ж. - балға лақтыру, 1906 ж. - найза лақтыру.
Лақтыру қашықтығы осы шеңбердің сыртқы шеңберінен снарядтың құлау нүктесіне дейінгі қашықтық ретінде өлшенеді. Дисктің салмағы ерлер-2 кг, жасөспірімдер-1, 75 кг, жасөспірімдер-1, 5 кг. әйелдер, жасөспірімдер мен қыздар-1 кг. дисктің диаметрі ерлер үшін 219-221 м. және әйелдер үшін 180-182 м.
Найза лақтыру . Ереже басқа лақтырылатын пәндерге ұқсас. Жарыс үш талпыныстан жасалады және үздік нәтиже бойынша сегіз үздік іріктеледі. Осы сегіздікке енген үш соққыдан жасалады және жеңімпаз барлық алты талпыныстың ең жақсы нәтижесі бойынша анықталады .
Балға лақтыру . Балға-Болат сыммен тұтқамен жалғанған металл шары. Ерлер балғаның ұзындығы 117-121, 5 см, ал жалпы салмағы - 7, 265 кг (= 16 фунт) . Әйелдерде оның ұзындығы 116 - дан 119, 5 см-ге дейін, ал жалпы салмағы-4 кг. яғни балғаның салмағы тиісті жыныстағы спортшылар пайдаланатын ядроның салмағына тең.
Секіру - орында тұрып және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, биіктікке және сырықпен секіру, үш аттап секіру.
Тік секіру (биіктікке секіру және сырықпен секіру) және көлденең (ұзындыққа секіру және үш есе секіру) болып бөлінеді.
Биіктікке секіру-техникалық түрлердің тігінен секіруіне жататын жеңіл атлетика пәні. Секіру - жүгіру, итеруге дайындау, итермелеу, планка және қону арқылы өту. Спортшылардан секіруді және қимылдарды үйлестіруді талап етеді. Жазғы және қысқы маусымда өткізіледі.
Жеңіл атлетикалық көпсайыс - көпсайыс құрамына жеңіл атлетиканың жаттығуынан 10 жаттығуға дейін кіреді. Олар - жүгіру, секіру, лақтыру және кедергілерден өту. Көпсайыс - ерлер түрі және әйелдер түрі, олар екі күн қатарынан келесі тәртіпте өткізіледі. Онсайыс-бірінші күн: 100 м жүгіру, ұзындыққа секіру, ядро итеру, биіктікке секіру және 400 м жүгіру; екінші күн: кедергілермен м жүгіру, диск лақтыру, сырықпен секіру, найза лақтыру және 1500 м жүгіру. Көпсайыс - бірінші күн: кедергілермен 100 м жүгіру, биіктікке секіру, ядро итеру, 200 м жүгіру; екінші күн: ұзындыққа секіру, найза лақтыру, 800 м жүгіру.
Сөре және мәре . Жарыс барысында сөреден шығу үшін жүгіруші төменгі және биік сөре жағдайында тұрады. Қысқа қашықтыққа жүгіргенде төменгі сөре жағдайында тұрады. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіргенде биік сөре жағдайында тұрады.
Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы - жүгіру . Ол жеңіл атлетиканың барлық жаттығуларында қолданады. Сондықтан, кім болсын, жеңіл атлетикамен шұғылданғанда, ең алдымен жүгірудің айла-тәсілін меңгеруі керек.
Әдетте, жүгірудің әдісін білетін спортшылар төменгі сөреден шығудың әдісін жақсы меңгерген болса, жылдамдықтан көп ұтады. Бұл деген жүгіріс әдісін меңгерді деген сөз. Ал жоғарғы сөре жүгіріс әдіс-тәсілін меңгеруге айтарлықтай әсер ете қоймайды. Бірақ орта және ұзақ қашықтыққа жүгіргенде аяқты көтеріп алып, алға соза басудың өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, біреу қысқа адымдайды, енді біреу жүгіргенде адымын ашады. Жүгірушінің жылдамдығы, міне, негізінен осы жағдайдың орындалуына байланысты. Осыған орай мынандай жаттығуларды орындауға болады: белгілі бір қашықтықты (400, 800, 1000 м) бір темппен жүгіріп өту (бірнеше рет қайталау) ; 20-30 м қашықтықты өте жоғары жылдамдықпен жүгіріп өту. 6-8 рет қайталанады; соқпақ жолды бір темппен жүгіріп өту (1000, 2000. 3000 м) ; белгілі бір қашықтықты тізені көтеріп жүгіріп өту; аяқтың өкшесімен ғана жүгіру; аяқтың ұшымен жүгіру; жүреден отырып жүгіру; сыңар аяқтап секіріп, жүгіру; қысқа қашықтыққа төменгі сөреден шығып, жоғары жылдамдықпен жүгіру (20, 30, 40 м) ; қолды жерге тіремей төменгі сөреден жүгіріп шығу; белгілі бір қашықтықты аяқты артқа сілтеп жүгіру; белгілі бір қашықтықты арқамен алдыға қарап жүгіріп өту; 30-40 м қашықтықты екі аяқтап секіріп жүгіру; 30-40 м қашықтықты орында тұрып секіріп өту; 30-40 м қашықтықты жүреден отырып жүріп өту.
Жүру . Адам баласының табиғи жүруі бар. Екінші - жүрудің спорттық түрі бар. Әрине, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Спорттық жүрістің негізгі ережесі, әрбір аттаған сайын, яғни, алдыға аттаған аяқтың өкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге болмайды. Демек, адамның екі аяғы да жерге тимейтіндей көтеріліп кететін фазасы болмауы керек. Бұл жағдайға кез келген спортшы қалыптасып үйрене бермейді. Табиғи жүрісте көтеріліп кететін фазасы болады. Яғни, жүгірудің алғы шарты орындалады. Спорттың жүріспен жарысқа қатысқан спортшы жүгіріп кетпес үшін көтеріліп кететін фазасын төрешілер мұқият қадағалайды.
Биіктікке секіру. Биіктіктен секіру үшін спортшы ең әуелі сілтейтін және итерілетін аяқты анықтап алады. Шамамен 7-9 м жүгіретін жерін белгілейді. Әдетте, биіктікке секіретін спортшы кермеден секіруге жүгірген кезде аса жоғары жылдамдықпен бастағанымен, кермеге жақындаған кезде жылдамдық төмендейді. Себебі, спортшы секіруге дайындалады. Бүгінде биіктікке секірудің бүкіл әлемге тараған үш түрлі жаттығуы бар. Біріншісі - «аттап» секіру, екіншісі -алдыға қарай «аунап» секіру, үшіншісі - «шалқадан жатып өту». Қазір әлем бойынша ең жоғарғы көрсеткішті -«шалқадан жатып өту» әдісімен орындап отыр. Оқу процесінде қолданылатын секірудің ең қарапайым түрі «аттап» секіру. Сабақта биіктікке секіруді осы «аттап» секіруден бастайды.
Секірудің негізгі айла-тәсілін үйрену үшін ең әуелі дұрыс жүгіріп келгенде сілтейтін аяқ дәл шығу керек. Сілтейтін аяқты кермеге қарай созғанда тізе бүгілмеуі керек. Екіншіден, итерілетін аяқ нақтылы өз орнына түсуі керек. Яғни, негізгі мақсат - итерілетін аяқтың қозғалысы дұрыс орындалуы керек. Сонда ғана жаттығудың орындалуы нәтижелі болады. Жаттығуды орындаушы жерге сілтеген аяғымен түседі. Кермеден сілтеген аяқ, өткеннен кейін итерілетін аяқ мүмкіндік болғанша жоғары көтеріледі.
Дала жарысы - кедергілері көп, яғни, ойлы-қырлы жерлерде өткізіледі. Жаттығушылар, болмаса жарысқа қатысушылар, ағып жатқан бұлақ суынан өтеді, секіре алмаса, айналып өтудің жолын іздейді. Өрге шығады, еңіске құлдилайды. Аспалы көпірден өтеді, терең ордан секіреді, т. б. осындай жер бедерінің кедергілері жалғаса береді. Дала жарысының негізгі мақсаты - табиғи жағдайда кездесетін кедергілерден өту. Мәселен, өзен арнасынан қалай өтуге болады? Егер де секіріп өтуге болмаса, аттап өтуге келмесе, онда аяқ киімді шешіп өтуге болады. Екінші бір жағдайда, бір-ақ адам аяқ киімін шешіп басқаларды көтеріп өткізіп алуына болады. Жарқабақ-өрден шыққанда, ең алдымен бір бала шығады. Оның шығуына төмендегі тұрғандар көмектеседі. Енді жоғары шыққан оқушы басқаларға қолын беріп көмектеседі. Жарқабақтан төмен түсіп өту үшін секіріп түспей, жардан сырғанай түскен абзал. Бірақ алғашқы түскен адам басқалардың жарақат алмай, құлап қалмай дұрыс өтуін бақылайды. Аспалы көпірден өткенде барлық оқушылар түгелдей көпірге шықпай бір-бірлеп қана өтуге болады. Ол үшін оқушылардың біреуі көпірден өтіп екінші жағына барып, көпірдің дұрыстығын білгеннен кейін ғана келесі оқушының өтуіне болады.
Жеңіл атлетиканың Қазақстандағы чемпиондары
Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Тәуелсіз елімізге тұңғыш алтын медальді 2000 жылы Сиднейде (Австралия) өткен 27-Олимпиялық ойындарда кедергі арқылы жүгіруші О. Шишигина әкелді.
... жалғасы
![]()
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz