ГРАММАТИКАЛЫҚ МАҒЫНА ЖӘНЕ ГРАММАТИКАЛЫҚ ФОРМА


АХМЕДИ ЫСҚАҚОВ
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ
морфология
Қазақ ССР Халыққа білім беру министрлігі жоғары оқу орындарыньің филология факультеттері студенттеріне арналған оқулық ретінде ұсынған
Толықтырылып, өңделген екінші басылымы
АЛМАТЫ «АНА ТІЛІ» 1991
ББК 81 Ы 88
Ысқақов А. Қазіргі қазаік тілі. -2-басылымы. Филология факультеттері студенттеріне арналған оқулық. - Алматы: Ана тілі, 1991. -384 бет.
ISBN 5-630-6-3
Толықтырылып, екікші кайтара ұсыиылып отырған «Ка- зіргі казак тілі» оқулығында қазақ тілінің морфологнясына катысты мәселелер жаһгжакты қамтылған. Белгілі ғалым тіл теориясы саласындағы сЬңғы зерттеулерге де жіті зер салған.
Кітап жоғары оку орындары фнлология факультеттері оқытушылары мен студенттеріне, қазак. тілін тереңдеп окып, үйренуші көпшілік қауымға арналған.
4602020400-010 002 _ ді ББК 81
ЬІ 415(05) -91
ISBN 5-630-6-3
«Мектеп» баспасы, 1974. Ысқақов А., 1991, толыктырыл- ған, өнделген.
АЛҒЫ СӨЗ
Бұл кітап 1974 жылы шыққан «Қазіргі қазақ тілі» курсының ' негізінде өңделіп, жоғары оқу орындарының студенттеріне арналғак оқулық есебінде усынылып отыр. Кітапты баспаға даярлау үстінде автор мынандай мәселелерді қатты қадағалады: оқулық бастан-
аяқ тіл білімінін қазіргі деңгейіне сай болуын ескерді; оқулықта қысқаша болса да, ана тілінің морфологнясына қатысты мәселелер- дің түгел қамтылуына ден қойды; морфология объектілерін оқулық- та тіліміздің грамматикалық құрылысының табиғатына орай, логи- калық жүйесіне сай орналастырылуын көздеді; әр тарауға, әр та- кырыпка эр категорияға катысты мәселелер жөнінде айтыла- тын кагидалар мен ережелер әрі қысқа, әрі жүйе-жүйесіне лайық дүрые айқындалып, дүрыс түзілуін нысана түтты; морфологнялық объектілердің тұс-түсында әрқайсысының граммдтикалық сыр-си- паттарын айқын көрсетіп түрарлықтай нақтылы мысалдар беріліп отырылуына ерекше зер салды.
Оқулыкта, біріншіден, морфологияның негізін түгел сақтап, аумағын шактау ниетімен ұсақ-түйек мәселелерді барынша қыс- 'карту кажет болды да, тарихи диахрондық сипаттамалар мен мә- ліметтерді алып тасгауға және теориялық қағндалар мен ережелер беруге сараңдық істеуге тура келді. Осы талапқа сәйкес, кітаптың іарау-тараулары мен тақырып-такырыптары үшін тністі әдебиеттер- ден сөйлемдер түрінде келтірілген текстердін кейбірі алынып тас- талды, кейбірі кысқартылды, иллюстрациялык матернал көбінесе жалаң сөздер арқылы ғана берілді.
Казақ тілі морфологиясының ірілі-уакты мәселелерінін бэрі де бірдей тексеріліп бітпегеиі, олардың ішінде кейбір даулы мәселелер бар екені де белгілі. Автор ондай әлі де жіті зерттелмеген, сырлары жете ашылмаған мәселелерді күңгірт қалдырмай, мүмкіндігінше ашық түсінерліктей етіп беру жағын қарастырды. Егерде оқулықта сондай және әлдекандай басқа да күңгірттік, я олқылық болса, сабак. үстінде ондайларды айкындай түсуге, толықтыра беруге, же- тілдіре отыруға қазіргі жоғары мектептеріміздің окытушыларының білімдері мен парасаттары да, қабілеттері мен тәжірибелері де кәміл жететініне автордың сенімі де күшті, үміті де зор.
Окулықта кейбір үйреишікті терминдер не жаңартылып, не ма- ғыналары өзгертіліп қолданылумен қатар, кейбір жаңа терминдер де енгізілді. Ондай өзгерістер жалан әуескойлықтан я жанакүмар- лықтаи туған ермек емес, тіліміздің тексерілу дәрежесінің бірте-бір- те әрі терендеп, әрі кеңейіп, үнемі дамып келе жатқандығының ай- ғағы. Оидай жаңалыктар алдағы уақытта да болатыны шексіз, өйткені қазақ тіл білімінің өрісі өсіп, бойы биіктеген сайын, жаңа- лықтар да молайып, терминдері де еселене беретіні сөзсіз.
3
Қазак ССР Халыкка білім беру мшшстрлігінің Оку методика- лык советінде айтылған кейбір нактылы усыныстарды ескере оты- рып кітаптын осы басылымында 1974 жылғы басылымында кам- тылған біраз теориялык мәселелерді толықтыра түсу, жаңаша ойлар мен ғылыми тұжырымдар жасау жағы мұкият ескерілді. Осыған байланысты кейбір түсініктер мен түсіндірмелер қайта каралып, мүмкіндігінше қысқартылып бсрілді де, кейбір тақырыптар мен та- қырыпшалар басқаша аталып, кейбірінің орны ауыстырылып, ка- жетсіз деп танылған бірер тақырыпшалар қыскартылды. Кітаптың «Етістік» деп аталатын тарауының «Кемекші етістік және аналити- калық форма» деген такырыбы баскаша қаралып, оган «Аналити- калық етістіктер», «Аналитикалық формалар», «Аналитикалык фор- манттар» деген жаңа тақырыитар ендірілді. Осылайша қайта қарал- ған тақырыптардың бірі «Амалдың өту сипатынын. категорнясы» болды.
Кітантың осы басылымыиа А. Әбілқаев, F. Қалиев, Ы. Мама- нов, С. Мырзабеков, Н. Оралбаева, М. Оразов, С. Хасанова, Ж. Шә- кенов, т. б. жолдастар тиісті пікірлер мен үсыныстар айтқан бола- тын. Автор осы ғалымдарға шын ықыласымен рахметін айтады.
Автор.
Бірінші бөлім
СӨЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҢ ҢҰРЫЛЫМЫ
I т ар а у КІРІСПЕ
§ 1. ТІЛДІҢ ЛҒЖСИКАСЫ МЕН ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚҮРЫЛЫСЫНЫҢ ӨЗАРА ҚАТЫНАСЫ
Гтіл-тілдің өзара бір-бірімен байланысты екі жағы болады. Оның бірі-тілдің сөздік, екіншісі - тілдің. грамматикалық жақтарі^Тілдін. осы екі жағьіның бірлі- гінен біртүтас тіл қүралады да, айтылатын ой түсінікті болып, тіл нағыз қатынас құралы ретінде қызмет ете алады. %
Бір мысал алып көрейік.
Етігімді ауылдағы етікшіге ұлтандатуға апарып бер- геннен кейін, манағы қылығыма бетімнен отым шыққан- дай боп, мен сәскелік асқа барған жоқпын (С. Мұқа- нов) .
Мысалдағы сөздер де түсінікті, олардың өзара бай- ланысу тәсілдері де тіліміздің заңдарына лайык қүрыл- ған, ойды үғуға ешкандай нүқсан келмейді. Егер сөз- дердің сол ретін бұлжытпай сақтап, тек бастапқы формаларында ғана «жалаңаштап» қолданып көрсек, мысалымыз: Етік ауыл етік ұлтан апар бер кейін, мана қылық бет оқ шық бол, мен сәске ас бар жоң болар еді.
Әрине, мүндағы сөздер де зат, іс және басқа қубы- лыстао жайындағы жеке-жеке үғымдардьт'білдіреді. Бі* рақ олардан бастапқы сөйлемдердегідей жүйелі, жатық ойды түсіне алмаймыз. Ендеше, будан, сөздер тілдін грамматикалық заңдары бойынша қ-олданьілған күнде ғана айтылатын ой әрі түсінікті, әрі көрікті болатынын көреміз. Сонымен қатар, свздерсіз, жалаң грамматика- льіқ формалар йрқылы, ешқандай ой^ы хабарлауға да, түсіндіруге. де болмай^ы.
Сондықтан /сөздік пен грамматикалық қүрылыс үне- мі бірлікте жүмсалады. Олардың әрқайсысьгның езіне тән ерекшеліктері мен кызметтері бар негізгі элементтер
5
болып саналады. Сөйтіп, сөздерді тілдің материалы деп, грамматикалық құрылысты тілдін материалдарын (сөз- дерді) бір-бірімен ұштастырып, олардың бастарын КУ- растырып, көріктендіретін жамылыш деп қарауға бо- лады.
Тілдің сөздігі мен грамматикалық құрылысының осындай ерекшеліктері мен кызметтері, әрқайсысынык өз жүйесі болатындықтан, (тілдің сөздігін лексикология ғылымы тексереді де, грамматикалық кұрылысын - грамматика ғылымы зерттейді.
Бірақ тіл ғылымының бүл салаларының тексеретін объектілері басқа-басқа болғанымен, өзара байланыс- тары да күшті, өйткеніі оның бұл екі саласы - лексико- логия да, грамматика да - ездерінің тексеру объектісі- нін негізі етіп сөзді алады, демек, тексеруді жеке сезден бастайды.
§ 2. СӨЗДІҢ ДЫБЫСТЫҚ ЖАҒЫ
Сөз дегеніміз - қыры-сыры мол, күрделі тілдік кате- гория. Сездің мағыналық, дыбыстық, шығу төркіні, да- му тарихы, қолданылу ерекшелігі, жасалу жолы, езгері- лу жүйесі және басқа алуан түрлі жақтары бар.
Тіл ғылымының әр саласы сөзді әрқилы түрғыдан қарап тексереді. Мысалы, сездің дыбыстык жағының сыр-сипатын оның белгілі бір дыбыстьщ комялекс арқы- лы айтылатынынан, сол дыбыстық комплекс арқылы кү- лаққа естілетінінен байыптаймыз. Дыбыстык. комплекс дегеніміз - сөздің сыртқы дыбыстық жамылышыі Бір тілде сейлейтін адамдардың бәрі де белгілі бір үғымды, белгілі бір дыбыстық жамылыш арқылы айтып, сол ды- быстық жамылыш арқылы естіп, сол арқылы сез түрін- де кабылдайды. Екінші сөзбен айтқанда, дыбыстық жа- мылыш белгілі бір үғымның аты я атауы (сөз) ретінде қызмет атқарады.
Дыбыстық комплекс, біріншіден, бір түтас комплекс- тік түлға болса, екіншіден жеке-жеке дыбыстарға бөл- шектенетін немесе, керісінше, жеке-жеке дыбыстардан қүрылатын түлға (единица) .
Сездің осындай дыбыстық жақтарьшен байланысты мәселелерін зерттеу - тіл білімінің фонетика тарауынын міндеті.
Белгілі бір үғымның атауы (белгісі я танбасы) ретін- де қолданылатын дыбыстық комплексті сөз дейміз.
6
Әрбір сездің бір-бірімен тығыз байланысты екі жағы болады: оның бірі - сөздің сыртқы дыбыстық жағы (сыртқы дыбыстық жамылыіиы), екіншісі - сол дыбыс- хық жамылыш арқылы айтылатын я ұғынылатын ішкі мазмұны, мағына жағы.
Сөздің дыбыстық жағы белгілі бір үғымньщ сыртқы материалдық жамылышы (формасы) болса, сол арқылы біздің санамызда белгілі бір үғым байыпталып отырады.
Сездің сыртқы дыбыстық қүрамы мен сөздің. ішкі ма- ғынасы үнемі бірлікте болады.
§ 3. СӨЗДІҢ МАҒЫНАСЫ
(Лексикалық мағына мен грамматикалық мағына)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz