Жылқыларды жығу тәсілдері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
Ветеринария факультеті

Тақырыбы: Малды бекемдеу әдістері

Орындаған: Матенова Н.М.
phD, 1 курс докторанты
Қабылдаған: Орынханов Қ.А.
в.ғ.к., профессор

Алматы
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Малдарды бекемдеу және жығу тәсілдері
2.2. Фармакологиялық препараттармен қимылдатпау тәсілі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе
Малды бекемдеудің негізгі шарты: қауіпсіздікпен зерттеу немесе операция жасауға арналған тыныштандырып немесе қимылсыздандыратын тәсілдерді қолдану. Бекемдейтін әдістер малдың түріне байланысты қолданады. Ол әдістер аруру малдың күй- жағдайына және жасайтын операцияға байланысты болады. Ірі малды бекемдеудің жығуына, асаулығына, ызақорлығына баланысты өзінің қиыншылықтары болады. Жалпы малды тұрған бойында немесе жатқызып бекемдейді. Жығып жатқызып бекемдеу үшін малға бірсыпыра ызақорлық және тұрпы әрекеттер жасалады, бұл кезде малға жарақаттану қаупі тууы мүмкін: сүйектері сынуы, ішкі ағзалар жарылуы, денесі қызып кетуі, жүректің бұлшық еттерінің істен шығуы, естен тану және т.б. Сол себептен малды жыққанда өзі қиналмай жататын әдітер қолданылу керек.
Бекемдеу кезінде малдың әдеттеріне, мінез - құлқына назар аударады. Жылқыға артынан, ірі қара малдың бүйіріне жақын келуге болмайды олар аяқпен тебулері мүмкін. Малға дауысын шығарып, оған алдынан жақындап келеді. Қыңыр аттарды ноқтадан, бүйірден алып иық жағынан ұстайды.
Негізінде малды күтетін жұмысшы шығарып, онымен еріп жүруі тиіс, оған бекемдейтін қарапайым әдістерді тапсырады; бұрау салуы, аяқтарын көтеру, тұсауды салу және басқа құралдармен көмек көрсету. Бекітудің алдында, әсіресе жығар алдында малдың ішегін және қуығын босатады. Кейде өте қарулы, мінезі ызақор немесе асау малды ұзақ мезгіл аш, тамақтандырмай ұстайды.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Малдарды бекемдеу және жығу тәсілдері
Жылқыны тұрған жерде бекемдеу. Кейбір зерттеулерде немесе шағын операцияларда бір алдыңғы аяғын көтеріп бекемдейді. Ол үшін арнайы немесе қолдан жасаған тұсамыстарды қолданады.
Жамбас аяқтарын зерттегенде немесе тағалағанда бекемдейді. Көмекші жылқының аяғын көтеріп өзінің жамбасына қойып бекемдеп ұстайды.Мінезі ызақор жылқының құйрығына жіп байлап, сирағын сол жіп арқылы көтеріп бекемдейді. Бекемдеген мал жылжып қозғалмау үшін оның үстіңгі ерніне бұрау салынады.
Малды қимылсыздандырып арнайы станоктарға бекемдейді. Станоктардың тұрақты және тасымалды түрлері болады.
Тасымалды станоктарды бұзып қайтадан құрып алуға болады. Заводтан жасалып шығарған Виноградов және Китаетың станоктары шығады. Ең көп таралғаны , қолдануға ыңғайлысы Виноградовтың операция жасайтын үстелі.
Жылқыларды жығу тәсілдері. Жығуды жатқан жерінде бекемдеуге арналған, ол кезде малды қажеттілікке тиісті орналастыруға болады. Шаруашылықта шұғыл көмек көрсеткен кезде, арнайы бекемдейтін операциялық үстел жоқ болса, жығып бекемдеуді қолданады.
Жығардың алдында жығатын алаңды қажетті түрде дайындайды, шаңдатпау үшін және малға зақым келтірмеу үшін оны жұмсақ сабан немесе шөп төсеп жабады. Сол мақсатпен арнайы матрастар қолданылады. Дайындалған орынды брезентпен жабады. Жылқыларды жығудың әр түрлі тәсілдері бар.
Орыс тәсілімен жығу бір белдік арқанмен бір ғана адам орындай алады. Ол үшін ұзындығы 7-10 м, ұшында металл сақинасы бар былғары қайыс немесе мақта - матадан жасалған арқанды қолданамыз. Қайыстың бос ұшын екі рет сабақтап шығырықтан өткізіп, ілмек құрастырылады. Оны жылқының мойнына салып шығырықты малды құлататын жағына қарама - қарсы, шынтақ төбесінің деңгейіне келтіреді. Содан соң қайысты қарама - қарсы тұрған жамбас аяқтан айналдырып өткізеді ішінен сыртқа тұсамыс буынын айнала, ұшын қайтадан шығырықтан өткізеді. Қайыстың бос ұшын арқа және сауырдан асыра басқа жаққа лақтырады. Көмекші сауыр тұсында, жылқыны құлататын жақта тұрады, жылдам қозғалыспен қайыстың бос ұшын тастамай, жылқының жамбас аяғын қарнына тарта түседі. Содан соң көмекші сол қолмен ноқтаның бауын ал оң қолымен - жығатын қаййысты тартады, шынтақтардың жігерімен малдың сауырын басып құлатады. Жатқан жылқының басын жедел бекемдейді, сонымен қатар кеуде аяқтарын тұсап, төменгі жамбас аяғымен қосып байлайды. Жоғарғы жамбас аяғын қарынға тарта белдікпен тілерсек буынына тартып жылжымайтындай бекітеді. Орыс тәсілімен жығуды көбінесе айғырларды пішкенде қолданады.
Решетняк тәәсілімен жығуды үш көмекші, бір арқан қайысты екі бүктеп тұсамыс буынына ілмекпен байлап, жылқыны құлататын жағына шығарып қолданумен жүзеге асырылады.
Екі жіптің ұшын кеуде аяқтарының арасынан өткізіп бір ұшын шоқтықтың үтінен асыра лақтырады. Екі көмекші арқан қайыстардың ұштарын қарама - қарсы жақтарға тартады. Үшінші көмекші аттың басын арқанқайыс бағытынан шетке апарып бекемдейді.
Жылқыны берлин және ағылшын тәсілдерімен жығуға айылбастары және шығыршықтары бар бөлшектеніп жиналатын қайыс арқандарды қолданады.
Ірі қара малды түрегеп тұрған жайда бекемдеу. Ең алдымен мүйіздерімен зақым келтірмеу үшін басты бекітуді талап етеді. Ол үшін саусақтармен немесе арнаулы мұрын қысқыштармен мұрын қалқасын қысады және мүйізді басып ұстайды.
Бұқаларға әдетте өмірлік тұрақты мұрын сақинасын тұмсығынан өткізіп салады, оларды бекемдеуді қолмен немесе арнайы ағаш, металдан жасалған шектетегіштер қолданылады. Бекемділігі берік болу үшін басын арнайы бағанаға байлайды.
Жамбас аяқтарын бекемдеуге арналған арқан ілмегі қолданылады. Онымен екі тілерсек буындардан жоғарырақ алып қысып буады. Ең қарапайым тәсіл- құйрықты аяқтардың арасынан өткізіп, тізе буын деңгейінде ұстап тұру. Малды құйрығы мен тұмсық қалқасынан бірге ұстап бекемдеу.
Ең жақсы бекіту станоктарда жүзеге асады. Ірі мүйізді малға арналған станоктардың құрылысы жылқылардың станоктарынан аса ерекше болмайды. Жуас малды кейбір операцияларға жамбас аяқтарын таяқпен аластатып қабырға немесе дуалдың жанына бекемдеуге болады.
Ірі мүйізді малды жығу тәсілдері. Ең көп таралған Гесс тәсілі. Ұзын, жұмсақ және мықты арқанды алып теріге зақым тигізбес үшін және жақсы сырғанап қажамау үшін оған сабын немесе тальк жағады. Арқанның бір ұшын мүйіздерге байлап содан соң оның екінші ұшымен екі рет кеуде және аш шұңқыр тұсынан айналдыра орап ілмектеп байлайды. Арқанды малды құлататын жаққа қарай тартады. Мұндайда желін немесе жыныс мүшесі қысылып қалмауы тиіс.
Итальян әдісімен жығу. Ұзын арқанның ортасын малдың мойнына жаба салады, ал арқанның жалғасын кеуде аяқтардың арасынан өткізіп, белде айқастырады, ұштарын жамба аяқтардың арасынан өткізіп, белде айқастырады, ұштарын жамба аяқтардың арасынан артқа қарай шығарады.
Кавказдық тәсілді тек қана ұсақ малға қолдануға болады және бір көмекшімен ғана орындалады. Ол үшін екі арқанды қолданады. Бір арқанның ұзындығы 2,5 м дененің артқы бөліміне тастап артына жығатын жағына қарай ол сербектің алдынан, оң сербектің артынан немесе керісінше оны түйінмен қатты керіп байланыстырады. Басқа арқанды мүйізде бекітіп қояды және онымен малдың жағын орайды. Содан соң оның соңын алдындағы арқаннан өткізіп арқасынан асыра қарама - қарсы тұрған жаққа лақтырады. Басты артқа тарта түссе және арқанды төмен жақындата тартып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Малдарды бекемдеу
Жылқы малдарын ұстау жүйелері
Жылқы малын ұстау жүйелері мен тәсілдеріне талдау жасау
Павлодар аймағындағы жылқы малына арналған мал қорасының жобасы
Қазақстандағы отбасылық дәстүрлер
Жануарларды пішу техникасы
Ішек аурулары
Мал сою әдістері жайлы мәлімет
Балонопастит, фимоз, парафимоз және оның емдері
Жылқы тұқымдарын классификациялау жолдары
Пәндер