Наркоздың өту сатылары


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
«Ветеринария» факультеті
Тақырыбы: Наркоз. Жалпы жансыздандыру
Орындаған: Матенова Н. М.
phD, 1 курс докторанты
Қабылдаған: Орынханов Қ. А.
в. ғ. к., профессор
Алматы
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Жансыздандыру тәсілдері және жансыздандыруға қолданылатын препараттар
2. 2. Жансыздандыруға алдын-ала дайындық (премедикация)
2. 3. Наркоздың өту сатылары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Жансыздандыру туралы түсінік . ХХ ғасырдың басына дейін жануарларға операция жалпы жансыздандыру жасалмай жасалды. Қатты ауырсыну сезімінің нәтижесінде, мал мазасызданып, операция жүргізу қиындыққа соқтырған, сонымен қатар малда, оташы да қасындағы көмекшілері зақым алатын болған. Аурсыну сезімі қатты болғанда мал операциялық шокқа ұшырап, өлім жағдайларыда кездескен.
Көптеген зерттеулер дәлелдеген, ауырсыну сезімі жануарлар организіміне қолайсыз жағдай туғызады. Орталық жүйке жүйесінің қызметі өзгереді, соған байланысты ұлпаның қоректенуі, бүкіл ағзаның және жүйенің жұмысы бұзылады.
Қазіргі кезде ветеринарлық хирургияда операцияның барлық түріне жансыздандыру жасалады, тек қарапайым немесе қысқа мерзімді операцияларда жасалмайды.
Барлық үй жануарларының ауырсыну сезімі жоғары, тек құстың сезімталдығы төмендеу. Терінің, көздің, ауыздың, танау қуысының, қынаптың, тік ішектің кілегейлі қабықтарының және т. б. сезімталдығы жоғары.
Құрсақтың, өкпенің, ішектің, талақтың, жатырдың, мидың ауырсыну сезімі төмендеу.
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Жансыздандыру тәсілдері және жансыздандыруға қолданылатын препараттар
Жансыздандырудың 2 түрін ажыратады: жалпы және жергілікті.
Жалпы жансыздандыру немесе наркоз - жануарларға есірткі препараттарды енгізу арқылы орталық жүйке жүйесінің қайтымды тежелуі. Есінің, сезімталдықтың, бұлшықет тонусының және кейбір рефлекстердің жоғалуы байқалады, бірақ сопақша мида орналасқан тыныс алу, тамырқозғағыш және тегіс бұлшық еттердің өмірлік маңызы зор орталықтардың жұмыс қабілеті сақталады.
Наркоздың түрлері
Наркотикалық заттарды енгізу жолдарына қарай, наркоздың мынадай түрлерін ажыратады:
- ингаляциялық наркоз-наркотикалық затты тыныс жолдары арқылы енгізеді;
(бу тәрізді наркотикалық препараттарға эфир, хлорэтил, хлороформ, флюотан және т. б. немесе газ тәрізді препараттарға азот тотығын, циклопропан, этилен және т. б. )
Сурет 1 - Наркоз препараттарын ингаляциялық жолмен енгізу
- ингаляциялық емес наркоз-наркотикалық затты басқа жолдармен енгізеді:веналық-есірткі зат венаға енгізіледі, ректальді- есіртікі затты әртүрлі майлардың немесе қайнатпалардың көмегімен тік ішекке, пероральді- азық немесе зонд арқылы ауызға, перитониальді-құрсақ қуысына, бұлшықетке және тері астына есірткі затты енгізеді.
Қолданылатын заттардың саны бойынша:
- мононаркоз-бір зат қолданылады;
- аралас наркоз-бір мезгілде екі немесе одан да көп заттар қолданылады;
- қосарланған (комбинирлеген) наркоз-операциялардың әр кезеңінде әртүрлі наркотикалық заттарды қолдану немесе оларды басқа затпен қосып енгізу (миорелаксанттар, анальгетиктер және т. б. )
Наркоздың мынадай түрлерін ажыратады:
- енгізу наркозы - аз уақыт әсер етеді, әсері тез басталады, қозу сатысы болмайды;
- негізгі наркоз - операция жасау барысында қолданылады;
- базисті наркоз немесе беткейлі наркоз-негізгі наркозбен бірге немесе оның алдында анестетикалық зат енгізіледі, ол негізгі наркотикалық заттың мөлшерін төмендету үшін жасалады.
![]()
Сурет 2 - Наркоз препараттарын ингаляциялық емес жолмен енгізу, перитониальді және пероральді
Ингаляциялық наркоздың түрлері
Есірткелік қоспаларды енгізу тәсіліне қарай - маскалық, эндотрахеальді және эндобронхиальді болып бөлінеді.
Ингаляцилық наркоздың негізгі түріне эндотрахеальді (интубациялық) наркоз жатады. Бұл кезде есірткелік қоспа тікелеі кеңірдекке жіберіледі. Ол үшін кеңірдектің интубациясы жасалады. Интубация дегеніміз-кеңірдекке ауа өткізетін түтікшені енгізу.
Ашық әдіс немесе маскалық -анестетикті атмосферлық ауамен қосып тыныс алады және оны қоршаған ортаға тынысмен шығарады.
Жартылай ашық әдіс. Оттегімен қосып, аспап арқылы есіртік затты тыныс алады және оны қоршаған ортаға тынысмен шығарады.
Жартылай жабық әдіс. Аспап арқылы есірткі қоспаны тыныс алады жәе оны жартылай аспапқа, жартылай қоршаған ортаға тынысымен шығарады. Аспапқа қайтадан түскен қоспа адсорбер арқылы өтіп, ондағы көмірқышқыл газынан босап, аспатың тыныс алу жүйесінде түседі де, есірткелік қоспамен араласып, қайтадан ауру малдың тыныс алу жолдарына енеді. Бұл әдісте анестетиктің мөлшері едәуір аз жұмсалады.
Жабық әдіс. Тыныс алу және тыныс шығару аспапқа жүзеге асырылады. Бұл әдісте есірткі қоспа толығымен қоршаған ортадан шектелген.
- маскалық наркоздың кемшілігі:
- басқарып отыру қиын;
- дозасын анықтау қиын;
- есірткі зат көп мөлшерде жұмсалады;
- аспирациялық асқынулардың даму қауіпі бар;
- наркоздың тереңдеуінің салдарынан науқасқа токсикалық әсер етеді;
- операцияға қатысатын оташыға әсер етеді.
Веналық жансыздандыру- вена тамырына ауырсыздандыратын заттарды енгізу арқылы жүргізілетін жансыздандырудың түрі болып табылады. Негізгі артықшылығы -техникалық қарапайымдылық және сенімділік болып табылады. Веналық наркозды жүргізу үшін, қолданылатын заттар қысқа уақыт әсер ететін барбитур қышқылының туындылары - гексенал және тиопентал натрий ; өте қысқа уақыт әсер ететін барбитур қышқылының туындыларына жатпайтын анестетик - пропанидид; гормональді белсенділігі жоқ стероидты анестетик - виадрил; мидың метаболитінің аналогы - гаммааминомайқышқылы - натрий оксибутираты . Сонымен қатар, кетамин (калипсол, кеталар) және диприван анестетиктерін де пайдаланады.
2. 2. Жансыздандыруға алдын-ала дайындық (премедикация)
Қазіргі уақытта наркоздың ең маңызды кезеңі фармакологиялық дайындық - премидикация. Ол наркоздың жасау техникасын жеңілдетеді, есірткінің жағымсыз әсерін жояды, қауіпті вегетативті рефлекстерін азайтады немесе жояды.
Премедикация қолданатын препараттардың есіртке заттарынан айырмашылығы жүйке жүйесінің арнайы бөлімдеріне әсер етеді. Олардың әсерінен наркозға қолданылатын есірткелік препараттардың дозалары кемітіледі.
Сурет 3 - Премидикация және наркоз препараттары
Премидикациялық препараттыр келесі топтарға бөлінеді:
1. Седативтік препараттар немесе нейролептиктер (транквилизаторлар; лат. tranquillare - тыныштандыру) . Олорға фенотиазин қатарының препараттары - аминазин, трифтазин, пропазин, феназепам, амизил, мепротан, дроперидол, комбелен және т. б. жатады.
2. Миореласканттар. Анестезиологияның негізгі жетістігі кураретәрізді заттарды бұлшықеттердің босаңсуы үшін қолдану болып табылады. Диплацин, диоксоний, ардуан, дитилин және т. б. препараттар операция кезінде кең қолданылады.
3. Холиналитикалық препараттар. Бұл топтың басты өкілі - атропин, скополамин, платфилин. Олар бездердің секрециясын тежейді, ларинго- және бронхоспазмды төмендетеді. Коллапс, жүрек және тыныс алудың тоқтауын алдын алады.
4. Анальгетикалық препараттар. Олар екі топқа бөлінеді: есірткелік (морфин, промедол, кодеин, фентацил) және есірткелік емес (анальгин, антипирин, амдопирин) . Осы препараттар аурсынуды есті бұзбай төмендетеді. Бұл препараттардың мөлшерден тыс берілуі жалпы қозуды шақырады, ал өз мөлшерден аспаса тыныс алудың тежелуі байқалады.
5. Ұйқы келтіретін препараттар. Ингаляциялық наркоз алдында барбитураттар (барбитал, фенобарбитал, барбамил) немесе ниртазепам, метаквалон, хлоралгидрат, бромизолвал және т. б. препараттар қолданылады.
6. Антигистаминді препараттар. Операция барысында және ұлпаларға зақым келгенде көп мөлшерде гистаминнің бөлінуі байқалады. Егерде гистамин қанға түссе, наркоздың өтуі және операцияны жүргізу қиындайды (қан қысымы төмендейді, қан тамырының өткізгіштігі жоғарылайды) . Белсенді антигистаминді препарат димедрол болып табылады.
2. 3 Наркоздың сатылары
Наркоздың клиникалық ағымы 4 сатыдан -өтеді:
I сатысы-анальгезия. Наркоздың басталуынан 3-5 минут өткеннен кейін басталады. Есі жоғалады, бірақ терісінің түсі өзгермеген, гемодинамика мен тыныс алуы өзгеріссіз болады. Рефлекстері жоғарылаған. Ауыру сезімі үдемелі түрде тежеліп, толық анальгезия дамиды. Оны қысқа уақыт жасалатын операция кезінде қолданылады.
II сатысы-қозу. Есі толық жоғалғаннан кейін пайда болады. Бұл кезде ауру мал қозушаң болады, тынысы жиілеген, тахикардия, көздің қарашықтары кеңейген, жарыққа жауап бермейді. Ауру мал құсуы мүмкін.
III сатысы - хирургиялық ұйқы - жансыздандырудың міндеті болып табылады. Бұл сатыда хирургиялық операция жасалады. Хирургиялық ұйқы сатысы 4 деңгейге бөлінеді. Олар бір - бірінен тыныс алу жағдайына, жүрек -қан тамыр жүйесінің қызметіне, бұлшықеттердің босаңсуы мен рефлекстердің жойылуына қарап ажыратылады. Хирургиялық ұйқы сатысының деңгейін көздің рефлекстері арқылы анықтау ыңғайлы, өйткені олар сопақша мидың көзді қозғаушы орталығымен тығыз байланыста болады және тыныс алу мен қан айналым орталықтарына жақын орналасады. Сондықтан, қарашықтардың реакциясына қарап, тыныс алу мен жүрек қызметінің жағдайын анықтауға болады.
1 деңгей - көз алмаларының қозғалу деңгейі. Осы деңгейдің аяғында көз алмаларының еріксіз қозғалысы тоқтап, олар орталық қалыпқа келеді.
2 деңгей - қасаң қабық рефлексі. Бұл деңгейдің аяқталуы қасаң қабық рефлексінің жоғалуымен сипатталады.
3 деңгей - қарашықтардың кеңею деңгейі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz