Қазақстан қоғамындағы қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарыны өзекті мәселелері


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе . . . 3-6

І-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарын оқыту әдістемесінің аспектісі

1. 1. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы классикалық теориялар . . . 7-17

1. 2. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы ресейлік теориялар . . . 18-27

ІІ-тарау. Қазақстан қоғамындағы қазіргі

Бұқаралық ақпарат құралдарыны өзекті мәселелері

2. 1. Қазақстан қоғамының дамуына бұқаралық ақпарат

құралдарының ықпалы . . . 28-37

2. 2. ОҚО Бұқаралық ақпарат құралдары дамуының

өзекті мәселелері . . . 38-51

2. 3. Экспресс-зерттеу. «ОҚО Бұқаралық ақпарат құралдары дамуының

өзекті мәселелеріне» арналған 2008 жылғы

зерттеудің нәтижесі . . . 52-55

Қорытынды . . . 56

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 57-59

Сілтемелер . . . 60-62

Кіріспе

Жұмыстың тақырыбының мақсаты. Қазіргі уақытта қоғамды бұқаралық ақпарат құралдарынсыз елестету өте қиын. Бұрынғы кезде де, яғни ерте заманда да тайпааралық хат алысып тұрған.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік мәні зор мәселелерді жан-жақты көтеріп, демократиялық құндылықтарды негіздеуге, саяси өзгерістерді жүзеге асыруға, қоғамдық-саяси пікірді қалыптастыруға зор үлесін қосатын факторлардың бірі. Бүгінгі қоғам жағдайында насихаттау кең мағынада - әлеуметтік қызметтің ерекше түрі, негізгі функциясы: белгілі бір көзқарастарды қалыптастыру, адамдар іс-әрекетіне әсер ету мақсатында білім, көркем құндылықтарды және өзге де ақпараттарды таратуды қамтамасыз ету. Рухани құндылықты насихаттау ол пайда болған аудитория ерекшелігін, нақты оқиғаны ескеруді білдіреді. Насихаттау процесінде ғылым, өнер түсіндіріліп таратылады және дамиды, молаяды. Осы бұқаралық ақпарат құралдарының пайда-зиянын ашып көрсете алу.

Мемлекеттік құрылымдағы газет, журналдар, теледидар, радио тәрізді ақпарат құралдарымен қатар, компьютерлік, интернеттік технологияларды пайдаланудың маңызын, мерзімді баспасөз жұртшылыққа бағыт-бағдар беруде, тәлім-тәрбиеге қатысты өзекті жайттарды қозғауда негізгі құрал болып табылатындығын таныстыру. Бұқаралық ақпарат құралдарының шығу-тегі, қоғамда алатын орны, сонымен қатар, даму ерекшеліктерін де жұршылыққа көрсете білу. Ал, енді бұқаралық ақпарат құралдары қашан, қалай пайда болды? Бұл сұраққа жауапты келесі жолдардан көре аласыздар.

Жұмыстың зерттелу пәні. Бұқаралық ақпарат құралдары ХІХ ғасырдың аяғындағы электр қуатын, радио мен телеграфтың пайда болуымен тікелей байланысты еді. Осы кезеңде тарихта тұңғыш рет ақпарат алмасудың жеделдетілген түрі пайдалануға енді.

ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында газеттер мен журналдардың көптеп шығуын былай қойғанда, радио мен теледидар мүмкіншілігі бар қырымен ашылған сәттерімен тұспа-тұс келеді. Еліміздегі алғашқы радиостанциялардың хабар бере бастау шежіресі, Қазақтеледидарының алғашқы бағдарламаларының көрініс табуы, ХХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы бүкіл ел көлемінде компьютерлік сауаттылыққа деген ұмтылыс көріне бастауы.

Қазіргі ақпараттар ағымы заманында бұқаралық ақпарат құралдары мемлекет өмірінде шешуші рөл атқарады. Соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа, әрі ерекше түрі - интернеттің пайда болуы туралы мәліметтер тақырыпқа арқау болды.

Интернет - бұқаралық ақпарат құралдарының ішіндегі ақпараттық, коммуникативтік, ғылыми, тәрбиелік, интеграциялық сапасы жағынан ерекшеленеді. Енді интернет ақпарат алмасу желі болып қана қоймай, сонымен қатар ол жаһандық мәдениет орталығына, қоғамдық пікір алмасу символына, саясаттағы тұлғалардың өз ойларын бөлісулеріне, мемлекеттердің мәдени және экономикалық дамуына көп септігін тигізудегі орнын. Жаһандық шығармашылық қарым-қатынастың дамуын, халықаралық көзқарастар мен идеялардың еркін дамуы да осы интернет желісі арқылы жүзеге асырылып отырғаны жөнінде.

Бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғамның өзара қарым-қатынасы, екеуінің өзара әрекеті, саяси-мәдени және ұлттық-мемлекеттік жүйедегі негізгі қағидалық қызметтері қарастырылады. Мекеменің, ұйымның және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметтеріне талдау жасасақ, түрлі елдерде олардың қызметтері әртүрлі болып келеді, екінші жағынан алғанда кез келген қоғамдық ұйым бұқаралық ақпарат құралдарын бақылайды, ал үшінші жағынан бұл бұқаралық ақпарат құралдарындағы бақылаудың және қоғамдағы қоғамдық пікірдің қайнаркөзі болып табылады.

Газет-журнал өндірісінде ақпарат алмасудың озық үлгілер қатарына компьютердің, интернеттің өмірімізге енуіне тікелей байланысты болса, бұл жаңадан ХХ ғасырдың 90-жылдарында қазақ қоғамынының басылым редакцияларында қолданыла бастады.

Нақтырақ айтсақ, республикалық «Халық кеңесі»газетінде компьютермен теру, беттеу, өңдеу, дискетпен өндіріске жіберу, факспен хабар алмасу тәжірибесі алғаш рет қолданылды, редакция бұдан қыруар экономикалық тиімділік алды. Біздің еліміздегі жаңа әлемдегі әлеуметтік қайта құрумен қатар жүріп келе жатқан индустриялық қоғам эволюциясы «ақпараттық қоғамға» бағытталуда. «Ақпараттық қоғамға» саясаттанушы Е. Л. Вартанова былай деп анықтама береді: «Бұл жерде технологиялық жетістік, ұйымдық қосылу, заң шығару либерализация кезеңін, жаңа электрондық демократияның жаңа нысанының көрініс алуы, экономикалық дамудағы ақпараттың рөлі, ақпараттық қоғамның қалыптасуын-ақпараттық қоғам деп айта аламыз»[1] . Осы өзгеріс тарихи қысқа мерзімде, бір ұрпақтың көзалдында өтуде және ақпараттық қоғамға өту үшін алғы шарттар толығымен қалыптастырылуда.

Қарастырылған мәселелер. Бүгінгі күнде бұқаралық ақпарат құралдарының техникалық, шығармашылық, коммуникативті және өзге де даму жолдары қай дәрежеде орын алуда. Соның ішінде, Оңтүстік Қазақстан облысының бұқаралық ақпарат құралдарының даму жолы қандай немесе кері әсерлері бар ма?

Міне, осы сұрақтарға жауап табу ретінде біз бұқаралық ақпарат құралдарына зерттеу жүргіздік. Зерттеу қорытындысы бойынша қоғамдық пікірді анықтап, оны сол қалпында беруге тырыстық. Жоғарыда айтылған мәселелердің шешімін табуға тырысып, соның барысында қандай іс-шаралар жүргізіліп жатыр, қандай жолдары қарастырылып немесе орындалып жатқаны жөнінде хабардар болу.

Сонымен қатар, еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының мәнді, сапалы жақтарын көрсете білу және ондағы кері әсерлерін анықтап, қандай жолмен болмасын сол проблеманың түйінінің шешілу жолдарын қарастыру.

Жұмыстың теориялық және методологиялық негіздері ретінде. Әлеуметтану, ақпараттық технология, логика, информатика, журналистика, заң негіздері, саясаттану, экономика ғылымдарын бір-бірімен ұштастыру.

Зерттеу әдістері. Экспресстік талдау әдістері.

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс екі негізгі тараудан, бес тараушадан, кіріспе, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден құралған.

Бірінші тараудың бірінші тараушасында бұқаралық ақпарат құралдары туралы классикалық теориялар, яғни әлемдік деңгейдегі ғалымдардың түрлі көзқарастары жайлы, екінші тараушасында ресейлік ғалымдардың бұқаралық ақпарат құралдарына түрлі көзқарастарын бір-бірімен ұштасуын қарастырып өттік.

Ал, екінші тараудың бірінші тараушасында Қазақстандағы ғалымдардың бұқаралық ақпарат құралдарына деген ой-пікірлері, сонымен қатар қазақ қоғамындағы бұқаралық ақпарат құралдарының орны мен рөлін айқын көрсете білу, екінші тараушасында ОҚО бұқаралық ақпарат құралдары дамуының өзекті мәселелерін толық көрсете алу.

Жұмыстың екінші тарауының үшінші тараушасында жұмыс тақырыбына байланысты социологиялық зерттеу мен оның қорытындысы мен шыққан нәтижесінен құрылды.

І-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдары әдістемесінің аспектілері

1. 1. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы классикалық теориялар

Бұқаралық ақпарат құралдарын күнделікті өмірде кездестіреміз (газеттер, журналдар, радио, теледидар), бұлардың әрқайсысында әртүрлі пікірлер, көзқарастар қалыптасқан. Бұлардың ішінде көпшілік жұртты теледидар қызықтырады, сондықтан, зерттеушілердің көпшілігі теледидардың қоғамдағы орны мен қоғамға ықпалын егжей-тегжейлі қарастырған. Теледидардың кең ауқымды артықшылығы бар: ол өте жылдам тарайды, дыбыс арқылы болсын, бейне көрініс арқылы болсын өзіне назар аударта алады. Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында аталғандай, газеттен немесе радиодан қабылданған ақпараттарды оқырман мен тыңдарман өзінше ұғынып суреттейді. Теледидардың мемлекет немесе қоғам арасындағы ықпалының аса маңызды екенін ұғынамыз, өйткені миллиондаған адамдарға жылдам жетіп жалпыға бірдей пікірге ұйытқы болады, теледидар арқылы қабылданған ақпараттар көрермендердің көңілінен шығады.

Бұқаралық ақпарат құралдары мынадай бөлімдерге бөлінеді:

  • визуальды (кезеңді баспа) ;
  • аудиальды (радио) ;
  • аудиовизуальды (теледидар, құжатты кино) .

Бұқаралық ақпарат құралдарының ерекшеліктеріне қарамастан, коммуникативтік (ақпарат алмасу) процесінде коммуникативтік қызметтерді атқарады, бұқаралық ақпарат құралдары қауымдастықтардың арқасында қоғам ішіндегі бірден-бір құрылымға-коммуникациялық жүйеге бірігеді. Олардың арасындағы қызметтер мынадай:

  • ақпараттандыру қызметі (белгілі бір істің мән жайы, әртүрлі фактілер мен оқиғалар жайында хабардар ету) ;
  • түсіндіру, бағалау қызметі (болып жатқан немесе таңдалған фактілерге талдау жасау және оны бағалау) ;
  • танымдық немесе ағартушылық қызметі (әртүрлі мәдени, тарихи, ғылыми ақпараттарды түсіндіру, яғни бұқаралық ақпарат құралдары арқылы оқырмандардың, көрермендер мен тыңдармандардың білім қорын толықтырады) ;
  • ықпал жасау қызметі (бұқаралық ақпарат құралдарын биліктің төртінші тармағы деп кездейсоқ айтпайды, себебі адамдардың мінез-құлқына, көзқарастарына ықпал етуі, қоғамның түбегейлі өзгеруіне әлеуметтік-саяси акцияларды жаппай өткізу, мысалы мемлекет басшысын бүкілхалықтық дауыспен сайлау) ;
  • гедонистикалық қызметі (мұнда ақпараттандыру тек ойын-сауықпен шектелмейді, дегенмен кез келген ақпарат жақсы жағынан қабылданады, осындай ақпаратты бергенде адресаттың көңілін жақсартып, оның этикалық сұранысына жауап береді) [2] .

Бұқаралық ақпарат құралдарының қайсысы болса да негізгі қызметі тұтынушыларға ақпараттарды жеткізу (газет, радио, теледидар, интернет т. б. ) .

Бұқаралық ақпарат құралдарының өзара әрекеті. Бұқаралық ақпарат құралдары алуан түрлілігімен, баспалар және бағдарламалар болып, нәтижесінде әртүрлі типтегі газеттер, апталық журналдар, радиотолқындар, теледидар каналдарын тудырады. Бұлар өзара жіктелу барысында әртүрлі мәселелі-тақырыпта шешу бағытында қарастырады, яғни қоғамға, аудиторияларға, аймаққа және қызметтерге байланысты өз үйлесімін тауып, жіктеуші (дифференциялаушы) факторлардың ықпалына қарай өзінің ақпараттарын өзгертіп отырады.

Осылайша бұқаралық ақпарат құралдарын бағыт-бағдарына, қоғамдық пікірге қарай қалыптасады. Бұқаралық ақпарат құралдары барлық тақырыптарға әмбебап болатын баспалар мен теле және радио арналары болып келеді (техникалық мамандарды қоса алғанда), іс жүзінде қоғам өмірінің барлық саласын өз ішіне алатын баспалар мен теле-радио бағдарламалар болады. Дайындалған жұмыс аясында ғана ақпарат алушылардың сұранысына жауап беретін жалпы саяси бұқаралық ақпарат құралдарында кейде келеңсіз жағдайлар да болады. Сондықтан, бұқаралық ақпарат құралдарына қоғамдық пікірді, өмірге қажетті ақпараттарды, анағұрлым дәл және терең жеткізу қажеттігі туындайды (саясат, медицина, мәдениет, экономика) .

Дегенмен, қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларына толық мәліметтер беруге арналған арнаулы мамандандырылған бұл-бұқаралық ақпарат құралдары болып табылады.

Сонымен, баспалар мен бағдарламалардың дифференциясын (жіктелуін), құрылымдарының әртүрлілігін бұқаралық ақпарат құралдарындағы жиынтығы болып табылатыны жөнінде классикалық ойшылдардың еңбектерінен анық көре аламыз. Бұқаралық ақпарат құралдарының арақатынасы олардың қоғамдағы алатын орны, бағыт-бағдары ол жерлерде жұмыс істейтін әріптестері мен қызметкерлеріне байланысты болады. Осы аталған қызметкерлер баспаның және бағдарламаның мүддесіне тән сипатта, саяси партиялар мен саяси қауымдастықтар және басқа да мекемелер арасында күрес, бақталастық жүріп отырады. Осындай бақталастықта баспалар мен бағдарламалардың қоғамдағы орны маңызды орын алады.

Саяси жүйесі дамыған қоғамда әрбір мекеме, ұйым ресми, саяси, экономикалық, әлеуметтік мақсаттарын, стратегиялық және тактикалық бағыттарын болмысына қарай көрсетеді. Тұжырымға сәйкес баспа және бағдарлама ұйымның не мекеменің атақ-абыройын, қоғамдағы ұстанатын принципін анықтап көрсетеді.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өзара әрекеттері көлемді бақталастық аясында, жаппай аудиторияның ықпалына қарай өтеді. Дегенмен, осындай бақталастық әртүрлі нысанда сипатталады.

Баспалар мен бағдарламалар арасында өлшеуге келмейтін (антогонистік) күштер шоғырланады, бүкіл қоғамдық немесе белгілі бір бөлікте күрес жүреді (таптық, ұлттық, діни т. б. ), яғни саяси топтардың арасында кім жеңеді, кімнің мүддесі айқындалатыны болжанады.

Журналистік қызметтің қарапайым координациясы газеттерге, журналға және радио, теле бағдарламаларға мәліметтер үлесін топтау болып табылады. Белгіленген мерзім ішінде редакция арнайы мекеменің ақпараттың саяси мәселелерін іріктеп шығарады. Сондықтан, ақпараттың саясат кең шеңберлі журналистиканың мәселелері: баспа мен бағдарлама авторларының тақырыптық бағытта мағлұматтарды жариялау және басқа бұқаралық ақпарат құралдарының авторға деген қатынасы, қандай жанрда болуы т. б.

Бұқаралық ақпарат құралдарының әртүрлі қызметтерінің координациясы горизонтальді ынтымақтастықта болады - «бір масштабты» баспа немесе бағдарламалардың арасында таралуына қарай былайша айқындалады: бүкілелдік, аймақтық, облыстық, аудандық. Ал, вертикальді жағынан: баспаның деңгейіне қарай - баспа мен партия, бүкіл елді аудиториясына қарай және аймақтық көлемдегі баспадан, аудан газеттерінің желісіне дейін.

Бірақ, бұқаралық ақпарат құралдарының үлестік координациясы бірдей болса да, қиындықтар туындайды, журналистер бір бағытта бағдар ұстаса, аз шығындалып, көп нәтижеге жеткенде ғана ұтымды болады, себебі бұқаралық ақпарат құралдарының «эмерджентті» қасиеттерін күшейтсе, күрделі аудиторияның сұранысына сапалы түрде жауап береді. Мысалы, журналистика органдарының ресми сипатта болып, бұқаралық ақпарат құралдарындағы мемлекеттік-ақпараттық саясатты жүзеге асырып, билік құрылымындағы ұйымдармен жұмыс жүргізсе, биліктегі органның кеңесіне қарай ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Қазіргі кездегі урбандалған (үлкен қалаға шоғырланған) мәдени ортада теледидарсыз өмірді елестету мүмкін емес. Телевизор (көгілдір экран) қазіргі заманғы адам өмірінің ажырамас атрибуты болса, ал теледидар аса күшті қоғамдық институтқа айналды, зиялы теоретиктердің ұсыныстарының аясында-яғни қоғамдық ғылымның өкілдерінің аясында айналды. Экономистер және әлеуметтанушылар үшін теледидар қоғамдық институт ретінде қоғамның интеграциялану және дезинтеграциялануына қарай бағытталады, заңгерлер құқықтық жауапкершілікке байланысты мәселелерді қарастырады. Ал, әлеуметтанушылар теледидарды әлеуметтік институт ретінде қарастыруға тырысады, яғни қоғамдық өмірге деген конфигурациясын, құрылымын, динамикасын қарастырады.

Осыған байланысты жалпы коммуникацияның негізін салушылар - У. Шрами, Г. Лассуель, П. Лазерфельд, Р. Мертон, Б. Берелсон, У. Риверс, Г. Шиллер, Дж. Гербнер және басқалар әлеуметтік бағыттарын айқындаған. Осы зерттеушілердің пікіріне орай, бұқаралық ақпарат құралдарының арнаулы үрдісін былайша көрсеткен: «Бұқаралық ақпарат құралдарының құрылымдық қызметтерін қоғамдық жүйелермен өзара байланысын, адамгершілік теңдікке кепілденуді, еркіндік пен бақылауды үйрену, соңғы нәтижесінде бұқаралық ақпарат құралдарын қолдануда жауапкершілікті ұғыну, әлеуметтік келісімге келу, игілік ету»[3] .

Қазіргі заманғы американдық коммуникацияның теориялық тұжырымдары, мәселелері және болжамдары бар. Бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғамның өзара қарым-қатынасы, екеуінің өзара әрекеті, саяси-мәдени және ұлттық-мемлекеттік жүйедегі негізгі қағидалық қызметтері қарастырылады. Мекеменің, ұйымның және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметтеріне талдау жасасақ, түрлі елдерде олардың қызметтері әртүрлі болып келеді, екінші жағынан алғанда кез келген қоғамдық ұйым бұқаралық ақпарат құралдарын бақылайды, ал үшінші жағынан бұл бұқаралық ақпарат құралдарындағы бақылаудың және қоғамдағы қоғамдық пікірдің қайнаркөзі болып табылады.

«Теледидар және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары қоғамда кім билік жүргізсе, соның саяси, әлеуметтік, экономикалық мүдделеріне қызмет етеді. Мұндай қызмет ету болған жерде Үкіметтің ашық түрде араласуы (цензураның көмегімен және басқа да бақылау құралдары арқылы) заңды деп саналады, экономикалық (коммерциялық) механизмдері болған кезде орын алады. Бірақ, теледидар әйтеуір бір әлеуметтік топтың бақылауында болғанымен, теледидар әлеуметтік бақылауды өзі атқарады. Яғни қоғамдық санаға әсер етіп, қоғамдық пікірлерді енгізеді, жалпыға бірдей идеяларды қалыптастырып, мінез-құлық үлгісі ретінде болады»-дейді, У. Шрами[4] .

Бүгінде отандық теледидардың негізгі болмысы және қызметтері, қоғамдық институт ретінде, ресейлік теледидарға қарағанда американдық теледидарға ұқсап барады, немесе еуропалық теледидарға ұқсайды. Американдық ғалымдардың теориялық тұжырымдары және зерттеу тәжірибиелерінің ықпалы бұқаралық ақпарат құралдарына өте зор, нақтырақ айтсақ теледидар қоғамдық сананы қалыптастырады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамға деген тиімді ықпалы жайлы зерттеушілерді 50-60 жылдары қызықтыра бастады. Коммуникативистиканың негізін салушылардың бірі У. Шрами өзінің трактатында коммуникацияның тиімді әсерін екі түрге ажыратып қарастырған: «арандатуды арттырып және бұрмалап ақпараттық жүйенің рөліне, олардың қайнар көзі ретінде әлеуметтік өзгеріс жасау немесе қоғамның тұрақтылығын сақтап қалуға қалайда шешімімен әсер ету»-дейді[5] .

Бұған мысал ретінде Дж. Оруэллдің 1984 жылғы антиутопиялық романының орнығуы кіреді. Бұл пікірге қарама-қайшы пікірмен П. Лазерефельд және Р. Мертонның тұжырымдамалары бойынша, олар бұқаралық ақпарат құралдарының қоғам өміріндегі ықпал ету процесіне қарсы емес, олардың арандатуға болған мүмкіндіктеріне қарсы келеді, бірақ аса көп ауқымдағы ақпараттарды «әлеуметтік есіріткі-деп есептейді, тіпті тұтынушылардың белсенділігі төмендеп, жалығып кетеді»-дейді[6] .

«Жаппай жалпы коммуникация, атақты ойлар және әлеуметтік әрекет» деген мақалада әлеуметанушылардың белгілеуінше, бұқаралық ақпарат құралдарындағы үлкен бизнес демеп тұрады айналымдағы әлеуметтік-экономикалық жүйемен байланысады, олар осындай жүйені сақтау үшін өз жарнамаларын көрермен алдына шығарады. Жағдайын сақтап қалуға бұл қаражат кейде қабілетсіздеу болады, қоғамдық құрылымға «цементтегендей әсер» кері әсер етеді[7] .

Гербнер Шиллер мынадай еңбектердің авторы: «Массовые средства информации и американская империя» (1973 жылы шыққан), «Средства массовый информации и культурное господство» (1976 жылы шыққан) . Американдық бұқаралық ақпарат құралдары манипулиятивті құрал ретінде әсер етіп, статусын сақтап қалуға бағытталған. Г. Шиллер Американың бұқаралық ақпарат құралдрының мазмұнын және нысанын анықтаған, сол бойынша аңыздарды және оларды көрсету құралын бұрмалауға бағыттап, асырып көрсетуге бейімдегенін айтады.

Аннэнбер мектебінің ғалымдары «жағдаят» атты тұжырым жасады, сол тұжырымы бойынша теледидардың жүйелік болмысын ашу, қоғамдық жүйедегі қалыптасқан қатынастарды сақтай отырып зерттеу. Аннэнбер коммуникациялық мектебі Пенсильвания университеті тарапынан 1959 жылы құрылған, құрылу мақсаты - коммуникация ғылымының профессоры Джарддока Гербнердің басшылығымен бұқаралық ақпарат құралдарын зерттеу болып табылады. Теориялық база ретінде маңызды білім беру әдістерін енгізіп, «Мәжбүрлеу тәсілі және мәдени индикатор» атты бағдарламаларға тамаша зерттеулер жүргізді[8] .

«Теледидар-американ қоғамының басты мәдени қаруы»-деп 1976 жылы Гербнер мен Гросс жазды- «бұл бекітілген ережелердің қаруы, жалпыға бірдей қабылданған қоғамдық сенімдер мен мінез-құлықтарды кеңейтіп күшейтеді және өзгертеді немесе жояды. Теледидардың басты әлеуметтік қызметі - бұл әлеуметтік модельдерді тұрақтандыру және тарату»[9] .

«Жағдаят» тұжырымдамасы бойынша Дж. Оуриэлл, У. Шрами теледидардан берілетін ақпараттардың ақиқатқа ешқашанда дәлме-дәл келмейтінін айқындады.

Қоғамдағы бұқаралық ақпарат құралдарының қызметтерінің модулінің нарықтық экономика жағдайында П. Лазарфэльд және Р. Мертон зерттеп талдау жасады. Американдық әлеуметтанушылар мен ағылшын жазушыларының мақалаларында бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы қызметтерінің өзара қатынастарын және олардың шығу жолдары туралы көптеп жазылған.

Синди Хэд әлемдегі трансляция жүйесіне салыстырмалы зерттеулер жүргізіп, радио-теле трансляция мәселелеріне типтік зерттеулер жасап, өзінің «Әлемнің трансляциялық жүйесі, салыстырмалы талдау» атты кітабында қарастырды (1986 жылы) . Синди Хэд бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы меншіктік жүйесін үшке бөлді:

  1. Бұқаралық ақпарат құралдарының жекеменшікке, меншік нысандарын жекелеу арқылы зерттеу жүргізді;
  2. Мемлекеттік меншіктегі бұқаралық ақпарат құралдарындағы жағдайға зерттеу жүргізді;
  3. Аралас меншіктегі бұқаралық ақпарат құралдары жайлы зерттеу жүргізді.

Сонымен қатар, Синди Хэд бұқаралық ақпарат құралдарын былайша жіктеді: «Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарын - авторитарлық, еуропалық, қамқорлық деп бөлді. Америка қоғамында теледидар көрермендерге әмбебаптылығымен (универсалдығымен), тұтынушылардың талғамдарына қаншалықты тартымдылығына қарай бағаланады. Нарықтық ақпараттық жүйеде көрсетілімдер көрсете білсе, бәсеке де жеңіске жетіп отырады. Кейде авторитарлық нұсқада болған елдерде телеарналардың сапалығы артады, өйткені мемлекеттік қаржыландырудың нәтижесінде кадрлар бөлімін толықтырып, құрылғыларын жаңартып отырады. Бірақ, демократиялық қоғамда теледидар, яғни коммуникациялқ жүйе тәуелсіз, еркін, нарықтық экономикада болуы қажет және тұтынушылар талаптарын қанағаттандыруы қажет»[10] .

Аннэнбер мектебінің ғалымдары Джарддока Гербнердің басшылығымен жасаған бұқаралық ақпарат құралдары жайлы жүргізген зерттеулерін былайша қорытындылайды:

«Теледидар - орталықтың (биліктің) идеологиясынан шындықтың символдық бейнесін жасайды, өмір кеңістігіндегі әрбір индивидтің өзі жасаған бейнесін (образын) қабылдауға әрекет етеді»[11] .

Бұрынғы кездері теледидар және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары болмаған кезде осындай қызметтерді мифологиялық (аңыз) ертегі, фольклор, дін атқарып келген болатын, яғни әртүрлі ырымдарды (ритуал) орындау арқылы әлеуметтік бақылау жасаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси модернизация туралы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы сөз бостандығы мен ақпараттарды алумен таратудың конституциялық құқықтық негіздері
Бұқаралық ақпарат құралдары - қоғамдағы төртінші билік
Жастардың қазіргі қоғамымыздағы саяси және әлеуметтік орны
Лицензиялаудың негіздері. Лицензиялаудың негізгі ұстанымдары
Егемен Қазақстан және Жас Алаш газеттерінің тарихи құндылықтары
Сауалнама жауабы
Жаһандану мәдени феномен ретінде
Әкімшілік құқықтық нормалар және қатынастар
Облыстық неміс қоғамдарында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz