Жартылай өткізгішті диодтардың түрлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Аналогты дабылдар. Жартылай өткізгіштікті диодтар.

Орындаған:. Тексерген:

Қарағанды 2021.

Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
1. Жартылай өткізгішті диодтар және олардың жұмыс істеу принципі
2.Жартылай өткізгішті диодтардың түрлері
3. Жартылай өткізгіш диодтың электр өткізгіштігі
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе.
Дио́д (көне грекше δις -- екі және -од шекті) -- екі электродты, электр тогының бағытына байланысты әртүрлі өтімділігі бар электронды аспап.
Диодтарды дамыту бiрден екі бағытта XIX ғасырдың үшiншi ширегiнде басталды: 1873 жылы британдық ғалым Фредерик Гутри термиондық (вакуум шамды тікелей қыздыру арқылы), ал 1874 жылы германдық ғалымды Карл Фердинанд Браун (қатты денелi ) кристалды диодтарды жұмыс істеу принципн ашты. 1880 жылдың 13 ақпанында Томас Эдисонды қайтадан термионды диодтың жұмыс істеу принципін қайта ашты, және содан соң 1883 жылы патенттеген(№ 307031-шi АҚШ патентi). Дегенменде Эдисон жұмыстарын ары қарай дамытуға идея болмады. 1899 жылы германдық ғалым Карлы Браун Фердинанд кристаллды түзеткiштi патенттады.
+ 1.Екі электродты электровакуумдық аспап немесе жартылай өткізгіштік диод, токты бір бағытта өткізетін құрал. Радиоаппаратураларда айнымалы токты түзету, модуляцияланған тербелістерді детекторлеу, жиіліктерді өзгерту, электр тізбектерін қайта қосу үшін қолданылады.
+ Екі электродты вакуумдық, газразрядты немесе шалаөткізгіш аспап; электр тогы бағытына байланысты өткізгіштігі әр түрлі болады: тура бағыттагы токтар үшін өткізгіштігі жоғары және кері бағыттағы токтар үшін -- төмен. Электр және радиоэлектрондық аппараттарда айнымалы токты түзету, детекторлеу, электр тербелістерін түрлендіру, электр тізбектерін ажыратып-қосу үшін қолданылады.
Диод деп бір р-n - ауысудан тұратын жартылай өткізгішті приборларды айтады. Диодтың құрылысын арнайы дайындалған кесте көмегімен түсіндіріп, оның жұмысын тәжірибе жасап көрсеткен тиімді. Әрі қарай диодтың вольт-амперлік сипаттамасы қарастырылады. Токты өткізу бағытында кернеуге байланысты ток жылдам өседі де, жапқыш бағытта ток аз және кернеуге айтарлықтай тәуелді емес. Жартылай өткізгішті диодтардың айнымалы токты түзету үшін қолданылатындығы айтылады. Сонымен қатар әр түрлі мақсаттарда диодтардың радио - техникада, автоматикада, телемеханикада, кеңінен қолдалынып келе жатқандығын айту керек.

Негізгі бөлім.
1. Жартылай өткізгішті диодтар және олардың жұмыс істеу принципі
Жартылайөткiзгiштi диодтар (ЖӨ) - бiр түзеткiш электрлiк ауысуы және екi шықпасы бар жартылайөткiзгiштi аспап. Түзеткiш элетрлiк ауысу ретiнде жартылайөткiзгiш кристалының р- және n- аймақтарын бөлiп тұратын электронды-кемтiктiк (p-n) ауысуы қолданылады. Кристалдың р- және n- аймақтарына металдық шықпалар дәнекерленедi де, жүйе толығымен металлокерамикалық, шыны (шыны) немесе пластмассалық корпусқа бекiтiлiп жабылады. Қоспалар жоғары концентрацияланған кристалдың жартылайөткiзгiш аймағы (яғни, негiзгi заряд тасымалдағыштар концентрацияланған) эмиттер (Э), ал төмен концентрацияланған аймақ - база (Б) деп аталады. Егер Э негiзгi заряд тасымалдағыштары Рр кемтiгi болып табылатын р- аймағы, ал база n- аймақ (негiзгi заряд тасымалдағыштары - nn) болса онда ppnn шарты орындалады.
Сыртқы U=0 жағдайын қарастырайық. Бұл жағдайда кемтiктердiң (р- аймағынан n- аймаққа) және электрондардың ( n- аймағынан р- аймағына) бiр-бiрiне қарама-қарсы диффузиясы нәтижесiнде жартылайөткiзгiштi кристалдың бөлiнген жерiнiң екi жағында да көлемдi заряд аймақтары қалыптасады. Ал, көлемдi заряд негiзгi заряд тасымалдағыштарының бұдан ары қарай қарама-қарсы диффузиялануына кедергi жасайтын Е кернеуi (зарядтың) бар электрлiк өрiс қалыптастырады. Сонымен р- n ауысуының шекарасында потециалдардың түйiспелi айырымы пайда болады, ол потенциалдық тосқауылдың биiктiгiн сипаттайды. Қалыптасқан потенциалды тосқауылды бұзып өтуге заряд тасымалдағыштарының энергиясы жеткiлiксiз болған жағдайда диффузия жойылады. Егер диод шықпаларына тура ауытқу берсек, онда осының әсерiнен болған Е - электрлiк өрiс Езар өрiсiн компенсациялайды да, база аймағына (U өскен сайын) n- аймағында негiзгi емес болып қалған кемтiктердiң үлкен саны енедi (инжекцияланады және диодтың I тура тоғы қалыптасады.) Эмиттер аймағына қарай бағытталған nn инжекциясын ескермесе де болады, өйткенi рр кемтiктерi nn кемтiктерiнен айтарлықтай көп. Егер диодқа керi кернеу (-U) берсе, онда нәтижесiнде қалыптасқан электрлiк (-Е) өрiсi Езар бағытымен сәйкес келедi, потенциалды тосқауыл өседi де, негiзгi заряд тасымалдағыштарының көршi аймаққа өсуiне кедергi болады. Алайда, электрлiк өрiстердiң (Е, Езар) қосынды кернеуi негiзгi емес заряд тасымалдағыштарының р- аймағынан n- аймағына nр - кемтiктердiң және n- аймағынан - р- аймағына рn- кемтiктерiнiң алынуы (экстракция) нәтижесiнде керi тоқ қалыптасады. Температура жоғарлаған сайын негiзгi емес заряд тасымалдағыштары өседi. Сондықтан негiзгi емес заряд тасымалдағыштары әсерiнен қалыптасқан р-n ауысуының керi тогы Iж - жылу тоғы деп аталады.

2. Жартылай өткізгішті диодтардың түрлері
Түзеткiш диод p-n ауысуының вентильді қасиетiн пайдаланады және айнымалы тоқтарды түзету үшiн қолданады. Диодты жасау үшiн Ge және Si қолданылады. Түзеткiш диод өзiне берiлген кернеудi басқаратын электронды кiлттi (ЭК) жинайды. llтура кезiнде ЭК жабық, Uкерi кезiнде ЭК ашық. Тура кернеу берiлгенде диодтағы кернеудiң төмендеу әсерiнен жүктемедегi кернеуiнен бiршама аз болады. Германийден жасалынған диодтың тура кернеуi Ug тура -0,5В, ал кремнийден жасалынған диодтағы Ug тура = 1-1,5В. Түзеткiш диодтың негiзгi параметрлерi: Iтура орт. max - диодтың (Uкiр периоды iшiндегi) орташа тура тоғының максималды мәнi; Uкерi қос. - тұрақты керi кернеуленген диодтың ең үлкен рауалы мәнi; Ғmax fвх кiрiс сигналының максималды рауалы жиiлiгi; Uтура - тура тоқ берiлген кездегi диодтағы кернеудiң тiкелей төмендеуi. Қуаты бойынша диодтар төмендегiдей жiктелiнедi: аз қуатты ( Iтура орт.max =0,3А ) орташа қуатты (Iтура орт.max -(0,3-10А)) жоғары қуатты (Iтура орт.max 10A) Жиiлiгi бойынша диодтар жiктелiнедi: төмен жиiлiктi (ТЖ) - fmax103Гц жоғары жиiлiктi (ЖЖ) - fmax103 Гц.
Төмен жиілікті айнымалы токтарды түзету үшін, яғни айнымалы токты тұрақты немесе импульсті токқа айналдыру үшін түзеткіш диодтар қолданылады, олардың жұмыс принципі p-n-ауысудың бір жақты электронды тесік өткізгіштігіне негізделген. Бұл типтегі диодтар көбейткіштерде, түзеткіштерде, детекторларда және т. б. қолданылады.
Түзеткіш диодтар жазықтықпен немесе нүктелік ауысумен шығарылады, ал тікелей ауысу ауданы жартылай толқын үшін түзетілген осы диод үшін номиналды токқа байланысты шаршы миллиметрдің оннан бір бөлігіне дейін шаршы сантиметрге дейін болуы мүмкін.
Түзеткiш диод ретiнде Шоттки диодында қолдануға болады, оның шартты белгiленуi төменде көрсетiлген. Шоттки диоды p-n ауысуының Uтура кернеуiнің кiшiлiгiмен және жиiлiктi сипаттамаларының жоғарылығымен сипатталынады.

Түзеткіш диодтардың негізгі параметрлері- диод арқылы тікелей токтың берілген мәні үшін диодтағы тұрақты тікелей кернеу.
Импульстi диод - өтпелi үрдiстерi қысқа болатын және жұмыс кезiнде вольт-амперлiк сипаттамасының (ВАС) тура және керi тармақтарын (түзеткiш диодтар сияқты) қолданатын жартылайөткiзгiштi диод. Диодтағы өтпелi үрдiстердiң ұзақтығы Сдиф және Сзар сыйымдылықтарының қайта зарядталынуына байланысты. Инжекция деңгейi төмен кезiнде өтпелi үрдiстердегi тосқауылдық сыйымдылықтың қайта зарядталынуының маңызы зор. Инжекция деңiгейi жоғарлаған кезде зарядтарды жинау және сору үрдiстерi негiзгi болып табылады. Соңғы құбылыс диод жылдамдығын анықтайды және арнайы параметрi τққ - қалпына келтiру уақытымен сипатталынады. Сонымен импульстi диодтарда τққ - қалпына келтiру уақыты диод жылдамдығын сипаттайды. Жылдамдықты жоғарлату үшiн импульстi диодтарды нүктелiк құрылым түрiнде дайындайды, бұл оның p-n ауысу ауданының минималды болуына себеп болады. Сонымен қатар, τққ шамасын азайту үшiн база енiн (қалыңдығын) барынша жұқа етiп жасайды. Импульстiк диод ретiнде Шоттки диодын қолдануға болады. Аса жоғары жиiлiктi (АЖЖ) диод. Аса жоғары жиiлiктi сигналдарды (10-100Гц) түрлендiру және өңдеу үшiн арналған. Аса жоғары жиiлiктi диапазондағы электромагниттi тербелiстердi өндiру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тунельдік диодтар
Шоттка диоды
Диодтар
Стабилитрон. Тунельдік диод
Жарық диоды
Диод туралы жалпы сипаттама
Туннельдік диодтар
Шифраторлар мен дешифраторлар
Жартылай өткізгішті диод
Жартылай өткізгіштердің меншікті өткізгіштігі
Пәндер