Оқушының қажеттілігін бағалау мен қолдау көрсетудің бірінші деңгейі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: ЕБҚЕ балалар мен олардың ата-аналарына қолдау көрсету

РЕФЕРАТ

Орындаған:

Тексерген: .

Қарағанды 2020

Мазмұны

Кіріспе3

Негізгі бөлім4

Қорытынды7

Қолданылған әдебиеттер8


Кіріспе

Көптеген дамыған елдерде жалпы адами құндылықтары мен әлеуметтік талаптарға сай білім беру жүйесінде барлық балалар тең және тосқауылсыз білім алулары қажет деген шешімге келген. Қазақстан Республикасының Заңнамаларында балаларды қорғау аясындағы халықаралық құжаттарға сәйкес мынандай ұғым енгізілген: ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар (тұлғалар) және барлық оқушылардың жекелік мүмкіндіктері ескеріле отырып сапалы білім алудағы тең құқығы. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес елімізде 2011 жылдан бастап инклюзивті білім беру кезеңімен енгізілуде. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары 1. 1 тарауы «Қол жетімділік пен инклюзивті білім беру» төмендегі мақсаттарға жетуді болжайды: - инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтамасыз етуді, жұмыс біліктілігі бойынша сұранысқа ие арнайы кабинеттерін, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын құруды, сондай-ақ педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыруды; - ерекше білім беруге қажеттіліктері бар тұлғалар үшін білім берудің барлық деңгейлеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету, жан басына шаққандағы қаржыландыру шеңберінде қаржыландырудың жоғары нормативі қарастырылған, оларды оқыту үшін мемлекеттік тапсырыс ұлғайтылған. Қойылған мақсаттар жалпы білім беруде ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету әдістемесімен қамтамасыз етудің қажеттілігін көрсетеді, оның негізгі және маңызды аспектілері осы әдістемелік нұсқаулықта ұсынылған. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдері оқушыларда оқуға қиындық туғызатын, соның салдарынан - ерекше білім беру қажеттіліктерінің пайда болу себептерінің үш тобын ұсынады: - баланың психикалық және дене даму ерекшеліктері; - мінез-құлық және эмоционалдық проблемалары; - өмірдің қолайсыз жағдайлары (әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, лингвистикалық және т. б. проблемалар) .

Негізгі бөлім

Ерекше білім беру қажеттілігі - бұл әр оқушының оқуы табысты болуын қамтамасыз ету мақсатында психологиялық-педагогикалық әдістермен жүзеге асырылатын оқу үдерісіндегі көмек пен қызмет көрсету қажеттілігі. Жалпы білім беруді дамыту инклюзивтілік принципті негізге ала отырып, білім берудегі құндылықты бағдарлардың өзгеруін болжайды. Инклюзивті білім берудің негізгі құндылықтары оқу үдерісінің барлық қатысушыларына төмендегілерді мәлімдейді: 9 - мүмкіндіктердің алуан түрлілігін кедергілер мен проблемалар емес, ресурстар ретінде қарастыру. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін жетілдіру және оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін қоғамдағы толерантты мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеудің ресурстары. Бір оқушының қиындықтарын жеңуге қатысты жұмыс, әдетте, басқа балаларға да пайда әкеледі; - оқу үдерісін оқуда жоғары жетістіктері бар оқушыларға ғана емес, барлық сынып оқушыларына бағдарлап құру; - ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды тек мамандармен (логопед, арнайы педагог, психолог, жеке көмекші) ғана емес, барлық білім беру процесіне қатысушылар тарапынан және де бірінші кезекте мұғалім тарапынан қолдауды қамтамасыз ету; - оқу процесінде оқушыға көмек көрсету мәселелерін командалық тәсілмен шешу; - оқушыларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру кезінде "кемсітуден" бас тарту. Көмек "инклюзивті білім алушы", "ерекше", "дағдарысты", "инклюзияға жататын" балаларға емес, оқушылар қауымдастығының толық құқылы мүшесі болатын оқушыға көрсетіледі. Кемсіту дисриминацияның көрінісі болып табылады. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың табысты оқуы үшін мектеп олардың жеке ерекшеліктеріне қарай барлық қажетті оқу жағдайлары мен қызметтерін жасауы керек.

Сапалы білім алудың жағдайларына халықаралық қауымдастық

төмендегілерді жатқызады:

- оқушылардың алауан түрлі мүмкіндіктерін қабылдай алатын

мұғалім;

- білім алушының қажеттілігіне қарай білім мазмұнын бейімдеу;

- білім алушының түрлі мүмкіндіктеріне қарай оқу процесінің формасын

ұйымдастыру, оқытудың көпнұсқаулығы мен амал-тәсілдерін қолдану;

- білім алушылардың жетістіктерін әртүрлі тәсілмен бағалау;

- мамандардың көмегі;

- жеке сабақтарды жүргізу үшін техникалық құралдармен, оқуәдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;

- ерекше білім беру қажеттіліктерін барлық деңгейде (орталық, аудан,

мектеп) қамтамасыздандыру процесін басқару

Ерекше білім беру қажеттілігі (ЕБҚ) - бұл көптеген дамыған елдерде кеңінен таралған түсінік, өйткені инклюзивті білім берудің принципіне сәйкес әр оқушының жемісті білім алуы үшін барлық жағдайларды жасауға мектептің назарын аударады. Қазақстанда ЕБҚ бар балаларға "денсаулықтарына байланысты арнайы жалпы білім берудің оқу бағдарламалары мен қосымша білім беру бағдарламаларын қажет ететін білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындықтарды бар тұлғалар" жатады . ЭЫҰД елдерінде «ерекше білімді қажет ету» термині психикалық және дене дамуындағы ерекшелік, мінез-құлық пен қабылдауындағы ауытқушылық, үйде және емханада ұзақ мерзімде ем алатын, эмоционалдық проблемалары бар, толық отбасы емес, жетім, зорлық-зомбылық көрген, әскери конфликт аумағында болған балаларға қолданылады. Бұл термин сонымен қатар дарынды балаларға қарасты, яғни бала бойындағы дарындылығын дамыту мен жеке қасиеттерін ашу үшін де кеңінен қолданылады. . Инклюзивті білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде ерекше білім беру қажеттілігінің келесі анықтамасы қолданылады - бұл оқушылардың сапа- 12 лы білім алуы барысындағы психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік және басқа да көмекке мұқтаждығы. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың төмендегідей топтары көрсетіледі: 1-топ. Психикалық және дене дамуында түрлі бұзылымдары бар балалар: көру, есту, сөйлеу бұзылымдары, зияты, тірек-қозғалыс аппараты, психикалық дамуы тежелген және эмоционалды-ерік-жігер аясы зақымдалған балалар. 2-топ. Оқытудағы ерекше қиындықтары, мінез-құлық және эмоциялық проблемалары бар балалар. Зияты қалыпты балалардың ерекше қиындықтары жеке оқу дағдыларын меңгеруде байқалады: оқу, жазу және санау (дисграфия, дислексия, дискалькулия және т. б. ) . Бұл қиындықтар уақытша сипатқа ие және оны балаларға мамандардың тиісті көмегімен жоюға болады. Мінез-құлық және эмоционалдық проблемалар ерекше психологиялық факторлардан (отбасында тәрбиенің бұзылуы, ата-ана мен баланың және отбасы ішілік қатынастың бұзылуы), сонымен қатар дамуындағы ерекше проблемалардың болуынан (гипербелсенділік және толыққанды көңіл бөлмеуден, аутистикалық бұзылыстар спекторы және т. б. ) құрдастарымен және мұғалімдерімен қарым-қатынас жасаудағы әртүрлі қиындықтардан (енжарлық, тұйықтық немесе жанжалдық, тіл алмаушылық, агрессивтілік) пайда болуы мүмкін. 3-топ. Әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, тілдік, мәдени ерекшеліктерінен туындайтын ерекше білім беруге қажеттілігі туындайтын балалар. Бұл топқа микроәлеуметтік және педагогикалық қараусыз қалған нашар отбасынан шыққан немесе бала тәрибесіне көңіл аудармайтын отбасылардан, әлеуметтік қатерлі топтағы отбасы балалары (ішімдікке, нашақорлыққа жақын ата-аналар), сонымен бірге жергілікті әлеуметке бейімделуде қиындықтары бар (босқындар, мигранттар, оралмандар) немесе оқу тілін түсінбейтін және бұл тілде сөйлемейтін балалар кіргізіледі. ЕБҚ бар балаларды мұндай топтарға бөлу мектепте білім алуында қиындығы бар бірде-бір оқушының назардан тыс қалуына жол бермейді.

ҚР инклюзивті білім беру принциптерін енгізіп отырған жалпы білім беру педагогтары үшін ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушы - психикалық және дене дамуы бұзылған (мүмкіндігі шектеулі) бала ғана емес, сонымен қатар оқытуда қиындықтарға тап болған кез келген бала екенін түсінулері маңызды. Психикалық және дене даму бұзылыстары жоқ екінші және үшінші топтағы балалар көбінесе психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеске жүгінбейді және ол арқылы анықталмайды. Сәйкесінше, жалпы білім беретін мектеп балалардың бұл топтарын да өз назарынан қалдырмай және оны уақытында анықтап, оларға көмек көрсетуі тиіс.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес (бастауыш, негізгі орта және орта) оқуда қиындықтарға тап болған оқушылар үшін

арнайы жағдайлар жасалады . Қазіргі уақытта еліміздің білім алуында

қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету

мен білім беру жүйесінде оқытудың арнайы жағдайын құру барысында

келесідей құжаттарды басшылыққа алу ұсынылады:

1) оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту;

2) оқыту нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың оқу

үлгерімі) ;

3) оқытудың арнайы, вариативті және альтернативті әдістерін қолдану;

4) оқулықтарды, оқу әдістемелік құралдарын, жеке оқу материалдарын

таңдау;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру
Оқытудың арнайы немесе балама әдістерін қолдану
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалдық бағалаудың психологиялық - педагогикалық негіздері
Педагогикалық қолдау этикасы
Бейімделген бағдарламалар
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi туралы
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға жалпы білім беру мектебінде психологиялық - педагогикалық қолдау көрсету
Инклюзивті білім берудің мақсаты
Толық емес отбасында балаларға тәрбие беру мәселелерінің зерттелу жайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz