Әлеуметтік мәртебенің факторы ретінде білімнің рөлін көрсету

Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Астана Медицина Университеті КеЕҚ

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қазіргі қоғамдағы білім беру әлеуметтануы.

Орындаған: Киимбаева Андыз
Мамандық: Жалпы Медицина
Топ: 104
Қабылдаған: Калменова Бакыткуль

Нұр - Сұлтан қ., 2021 жыл.
Жоспары:
1. Кіріспе.
Білім беру - қоғам дамуының негізгі көзі.

2. Негізгі бөлім:
2.1. Білім беру әлеуметтануы, білім беру жүйесі.
2.2. Білім беру - әлеуметтік институт ретінде.
2.3. Қазіргі білім беру әлеуметтануы және оның қазіргі қоғамдағы алғышарттары.

3. Қорытынды.

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Білім беру - бір ұрпақтан екінші ұрпаққа əлеуметтік тəжірибені жəне білімді берудің күрделі процесі. Атап айтқанда, білім - бұл жүйелік білімді беру жəне ол өркениетті қоғамда орын алған көп түрлі компоненттер мен элементтердің болуын талап етеді. Білім беру - міндетті екі субъектісі - мұғалім жəне білім алушы, яғни оқытушы жəне оқушы бар, ұйымдастырылған процесс. Осы субъектілер болмаса білім беру процесі болмайды. Білім беру процесі əлеуметтік тəжірибе немесе өткен ұрпақтың қалдырған білімге, нақты материалдарға негізделген, мақсатқа бағытталған процесс.
Білім беру ол оқу процесі жəне осы мағынада қатысушылардың жаңа білімдерді игеруі. Білім берудің əр түрлі мақсаттары мен міндеттері болуы мүмкін. Бірақ, қазіргі əлемде, көбінесе, білім беру жүйесі туралы сөз қозғалады. Кəсіби білім берудің нақты іске немесе кəсіпке үйрету ретінде ежелгі тарихы бар. Сондықтан, кəсіби білім беру белгілі бір қолөнерге немесе мамандыққа оқыту болып табылады. Білім беру мен оқыту түсініктері арасында сондай ерекше айырмашылық жоқ, бірақ білім беру түсінігі көлемі бойынша оқыту түсінігіне қарағанда ауқымдырақ. Үйрету түсінігі қолданбалы сипаттағы белгілі бір нақты білімді игеруге бағытталған нақты мағынаға ие. Мысалы, бастапқы кəсіптік білім беру жүйесіне қатысушыларды слесарь, машинист, тігінші, электрик, оператор кəсіптеріне үйрету. Білім беру пайда болғанынан бастап, адамзаттың əлеуметтік құндылығына айналды. Ол қоғам дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. Толық мағынада, білім берудің əлеуметтік институт ретіндегі пайда болуынан бастап қоғамның өзінің дамуы, оның экономикалық, əлеуметтік жəне рухани прогрестері білім беру деңгейіне тəуелді болып қалды. Білім интенсивті түрде дамып жатқан мемлекеттерде мектептер мен басқа да білім орталықтары пайда болып, халықтың сауаттылығы артып, өзінің дамуының қарқынын жоғарылатуда. Мысал ретінде Ежелгі Греция, Рим, Византия, Персия, Египет, Қытай, Үнді елдерін айтуға болады. Бұл елдерде білім беру жоғары қарқынға ие болып, аталған елдер сол дəуірлерде əлемнің басқа елдерімен салыстырғанда алға жылжып, жоғары дамыған болып табылды. Бүкіл Еуропа тарихы ғылым мен білім олардың экономикалық, техникалық жəне рухани қарқынды дамуында шешуші роль атқаратындығына дəлел бола алады. Əлемнің қазіргі дамыған елдері білімнің арқасында жоғары технологиялық жəне экономикалық дамуға қол жеткізген. Өз уақытында, XVIII ғасырдың басында Англия елі философы Ф. Бэконның "Білім -- күш" принципі арқасында ілгері жылжыды. Бұл принцип барлық Еуропа елдерінің бұдан арғы саясаты мен идеологиясына негіз болды. Сциентикалық бағыт ғылым мен білімнің қоғамдағы мəнін оларды қоғамдағы алғашқы құндылық ретінде анықтай отырып абсолюттендіреді. Бұл тұжырымдарда шындық бар, жоғарыда айтылғандай, ғылым мен білімнің арқасында Еуропа барлық елдерден үстем болып шықты. Бірақ, бұл принципте үстемелеу, яғни білім беру мен ғылымның ролін абсолюттендіру бар. Адамзаттық қоғамда, білім мен ғылымнан басқа, адамгершілік, дін, философия, саясат жəне құқық, мəдениеттің алар орындары ерекше. Білім беру мен ғылым адамзаттың тұрмыстық формаларымен өзара əрекеттесіп, олардың өздеріне əсерлерін сезініп, оларға өздері де əсер етеді. Сонымен бірге, білім көрсетілген формаларға əсер етіп қана қоймай, əлеуметтік мобильділік пен қоғамның əлеуметтік құрылымына да əсер етіп, жеке, күрделі, автономды жүйе болып қала береді.

Негізгі бөлім
Білім беру әлеуметтануы, білім беру жүйесі.

Білім беру - әлеуметтік институт ретінде
Білім беру педагогика, психология, философия, тарих, экономика, әлеуметтану секілді ғылымдар қатарын зерттеудің объектісі мен пәні болып табылады. Олардың әрқайсысы өздеріне тән шекарасын зерттейді. Білім беру әлеуметтануы - білім жүйесін әлеуметтік институт ретінде және оның қоғаммен өзара әрекеттестігін зерттейтін ғылыми пән. Әлеуметтанудың мұндай ерекше саласының бөлініп шығуы білімнің тарихи ауыспалы жүйесіне және шартты дербестігіне, оларды тудырушы қоғамдық қатынастар шеңберінде қоғамның дамуы мен қызмет етуіне белсенді әсер ете алу қабілеттілігіне негізделген.
Білім беру әлеуметтануының пәні әлеуметтік институт ретінде білім (оның қоғамдағы қызметі мен басқа институттармен өзара байланысы), әлеуметтік ұйым ретіндегі оның мекемелері (мектеп, ЖОО, т.б.), сонымен қатар білім саласындағы әлеуметтік саясат болып табылады. Білім беру әлеуметтануы, сондай-ақ білім жүйесінің әлеуметтік институт ретінде қоғаммен және оның негізгі элементтерімен өзара әрекеттесулерін зерттейді: мысалы, қоғамдық өндіріс элементтері, экономикалық қатынастар элементтері, саяси жүйе элементтері, рухани өмір элементтері. Білім жүйесі мен оның жеке кіші жүйелер ішінде пайда болатын әлеуметтік мәселелерге (мектеп, кәсіби оқу орны), оқытушы мен оқушы арасындағы өзара қатынас, ұжым мен топ арасындағы қатынас, мектеп сыныптары ішіндегі қатынас саласындағы мәселелерге келетін болсақ, мұндай мәселелер білім беру әлеуметтануының саласы ретінде педагогика әлеуметтануын қалыптастырады.
Білім беру әлеуметтануының өзіндік ерекше міндеттері бар:
Білім алудағы қажеттілікті зерттеу, қоғам өмірі мен жеке өмірдегі оның рөлін, түсініп, бағалау;
Олардың әлеуметтік маңыздылық астарындағы білім сапасын және деңгейін бағалау;
Қоғам мен білім алушылардың білімге қатынасы, оның әлеуметтік құндылықтарын зерттеу;
Әлеуметтік мәртебенің факторы ретінде білімнің рөлін көрсету;
Рухани қажеттіліктер мен мүдделер серпініне оның әсер ету деңгейін анықтау.
Білім беру әлеуметтануының негізін М.Вебер және Э.Дюркгейм қалаған. Олар білімнің әлеуметтік қызметтерін, оның экономикалық және саяси процестер мен байланысын, әлеуметтану көзқарасы бойынша оқу орындары мен педогогикалық процесстерді зерттеді. Кейінірек Т.Парсонс білімді қазіргі қоғамда әлеуметтендіру институты ретінде зерттеуді, оқу орындары мен оның элементтерін әлеуметтік жүйе ретінде қарастыруды ұсынды. Осы тұрғыдан алғанда мектептер, сыныптар, әлеуметтік психологиялық орта, топтық процестер, жанжалдың шығу тегі, болатын білім алушылардың бейресми топтарды зерттелді. Н.Гросс, Р.Будон, Р.Коллинс білім алушының әлеуметтік жағдайын, оның оқу жүйесіндегі жетістіктерін сондайақ білім мен әлеуметтік стратификацияның байланысын талдауға назар аударады.
Білім беру жүйесі - әлеуметтік институттың ең маңыздыларының бірі. Жеке адамның әлеуметтенуі - жеке адамдардың өзері өмір сүретін қоғамда тиімді жұмыс істеу үшін өмір сүру арқылы сапасын дамыту процесі. Әлеуметтендіру мәдениеттің сабақтастығын, оның ұрпақтан-ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді. Алғашқы әлеуметтендіруді (баланың әлеуметтендіруі) алып жүруші агенттер болып отбасы табылады, әлеуметтендіру көбінесе стихиялы сипатта болады (саяси, заңдық, діни, БАҚ, т.б.). бұл жерде әлеуметтендіру басымдылығы бойынша мақсатты бағытталған сипатта болады. Қазіргі қоғамда саналы әлеуметтенудің шешуші құралы білім жүйесі болып табылады. Олардың әрекет ету процесінде сонымен қатар әлеуметтену процесінің екі жақты қызметі туындайды - мәдениетті жеткізу және тұлғаның дамуы.
Білім тұлғаның дамуына, өзін-өзі көрсетуіне көмектеседі. Сонымен бірге білім тәжірибелік және нышандық сипаттағы маңызды міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етіп, қоғам үшін шешуші маңызды орын алады. Мәдениетті жеткізу қызметі дәстүрлі құндылықтарды арнайы емес тиісті білім беру жүйесінде сақтау және оларды жоғалтып алуын толағандыратын тарихи бағыт алу сана-сезім ашық көрінетін қоғамдарда көрініс береді. Білімнің бұл қызметінің жүзеге асуы гуманитарлық жиынтық пәндерінің - қоғам тарихының, тілдің, әдебиеттің, географияның, дін және философияның қолдауынан көрінеді.

Қазіргі білім беру әлеуметтануы және оның қазіргі қоғамдағы алғышарттары.
Білім беру жүйесі қоғамның бірігуіне маңызды үлес қосады. Қазіргі көптеген елдер әр түрлі этникалық, діни, нәсілдік топтармен сипатталады. Білім тарихы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру әлеуметтануы
Білім беру әлеуметтануы, білім жүйесі
Білім беру әлеуметтану жағдайы
Білім беру әлеуметтануы пәнінің қарастырылатын мәселелердің ауқымы
Педагогика - тәрбие туралы ғылым
Әлеуметтанудағы маргиналдылық тұжырымдамасы
Білім беру - бір ұрпақтан екінші ұрпаққа əлеуметтік тəжірибені жəне білімді берудің күрделі процесі
Жеке тұлға, құқық және мемлекет
Әл - Фарабидің философиялық ойларының мәні
Әлеуметтік статус және әлеуметтік рөлдер
Пәндер