Қазақ салт - дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін ашу


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

Ж. Досмұхамедов атындағы жоғарғы педагогикалық колледж

Педагогика және психология кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

Орындаған: 4 «а»ҚМҚ тобы

Мухамбеткереева А. А

Жетекшісі: Нұрашева Г. С.

Орал - 2019

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1-БӨЛІМ. Салт-дәстүрлер негізінде оқушыларды тәрбиелеудің психологиялық- педагогикалық мәселелері . . . 6

1. 1. Оқушыларға салт-дәстүрлер негізінде тәрбие берудің теориялық негіздері, педагогикалық шарттары . . . 6

1. 2. Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны, формасы және әдіс-тәсілдері . . . 16

2-БӨЛІМ.

2. 1. Қазақ салт-дәстүрлері бойынша тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыру барысында оқушыларға тәрбие берудің бағдарламасы мен әдістемесі . . . 22

Қорытынды . . . 29

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 30

Қосымшалар . . . 31

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан, еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру біздің негізгі мақсатымыз. Осыған орай мектептегі тәрбие үрдісін ұлттық қағидалармен толықтыру өте қажет. Бүгінгі таңдағы мектептер балаларға жекеленген ғылыми пәндерді терең оқытуға тырысса да, адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеуге көп мән берілмей келеді. Соның салдарынан жастарымыз жағымсыз қылықтарға бой алдырып, имандылық дегеннің не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. Ендеше рухани-адами салауаттылық жолын қалыптастыру уақыты жеткен тәрізді.

Еліміздің президенті Н. Назарбаев: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Қазақстан жоғары оқу орнының міндеті әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру» - деген өзінің жолдауында еліміздің дамуына, дамыған елдермен теңесуіне мүмкіндік беретін білім екендігін айтып өтеді. [3] .

Жас ұрпақты адамгершілікке, әдептілікке, имандылыққа тәрбиелеуде ұлттық сана-сезімнің қайнар бұлағы салт-дәстүрлер, мақал-мәтелдер, құнды әдеби мұралар, нақыл сөздер болып табылады.

Қазіргі зайырлы қоғамда да адамгершілік, имандылық аса қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде ұғынылады имандылыққа қарама-қарсы жағымсыз сипат - имансыздық.

Академик Волков Г. Н. . « . . . батыстан келген бұл рухани апаттан жастарды аман алып қалудың жолын қарастыруымыз керек. Ол әр халықтың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиесінде қалыптасқан, түрлі сыннан сүрінбей өткен халықтың бай тәжірибесіне сүйенген халықтық педагогика болмақ» - деп жазады. [5] .

Қазақ халқында ешқандай қағазға жазылмаса да, бала тәрбиелеудің белгілі бір жүйесі болған. Ол ғасырдан-ғасырға, ата-анадан балаға, баладан оның ұрпақтарына жалғасып келе жатқан ұлттық дәстүр, әдет-ғұрыптар мен салт-саналар. Олар халық педагогикасының басты тарауларының бірі.

Халық тәрбиесі - сол халықтың ой-арманымен, тіршілік тынысымен, шаруашылық кәсібімен, отбасылық, қоғамдық, ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп, дамып жеткен тарихи және мәдени мұрасы.

Өскін ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, олардың жан дүниесін дамыту жайында ұлы орыс педагогы К. Д. Ушинский “әрбір халық пен ұлт өз ана тілі мен салт-дәстүрін қастерлеп, тарихи даму жағдайына орай білім алып, тәрбиелеу керек” деген өзінің ұлағатты ойын “Родная речь” атты еңбегінде ерекше атап айтады [9] .

Халқымыздың ұлы перзенті Ы. Алтынсарин өзінің еңбектерін ана тілінде жазып, “бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт-дәстүрі рухында тәрбиеленетін болса, оның сана сезімінің дамып жетілуі де ұлты мен халқына қызмет ететін көкірегі ояу салауатты азаматтар болып өседі” - деген ой түйген болатын. [6] .

Ал, Шәкәрім Құдайбердиев: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнінен бастап тәрбиелейді», -деп жазады. [17] .

Шынында да, құнды қасиеттерге ие рухани адамды қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Адамның Адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар тәрбиеші мен мұғалімнің ролі зор. Яғни, білім жүйесінің қызметкерлеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. Сондықтан бұл істе асығыс шешім, жалған әдіс, қалыптағыдай қатып қалғн, ескірген тәсіл қолданылмауы тиіс.

Қазақ халқының этностық ерекшеліктерін байыптасақ, бұл халық ұрпақ сабақтастығын сақтап, алысты жақындатып, аразды татуластырған, ізетті келіннен таныған, татулықты абысыннан тапқан, дарқандықты даласынан, даналықты бабасынан, пәктікті баласынан алған халық. Қазақ адамгершіліктің басы әділдікті ту етіп, әділдіктің басы болған адалдықты анасынан алған. Аналар ұрпақты ұлағаттыққа баулып, дауға-дәру, жауға-қару, араздыққа-араша, татулыққа-тамыр, тазалыққа-нәр, пәктікке-пәрмен, дәстүрге-дәрмен, өнерге-тұлпар, көкте-сұңқар етіп тәрбиелеген.

“Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле”, дегендей, халқымыздың бойына сіңген атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп, өздеріне тән қасиеттерді көрсетіп тұратындығын жоққа шығара алмаймыз. Ұлттық тәрбиеміздің халықтың сан ғасырлар тарихымен тығыз байланыста болып, осы уақытқа дейін дәстүрлі тәрбие құндылықтарын жоғалтпай жалғастырып келеді. Халқымыздың ұлттық тәрбиесі негізінен жүйелі болған. Өйткені, тәрбие әке-шеше, отбасынан бастап, ағайын- туыс, көрші-қолаңның бәрі араласып, бәрі де халықтың баласына ортақ қамқорлық жасаған. “Балаңа басқұр қалдырғанша, тозбас дәстүр қалдыр” деген қазақ халқы озық жұрттардың санатында болашақ қамын қатты ойластырған. Сол себепті ұлтымыз: ”Балаң өзіңе тартса- жұбан, қоғамға тартса - қуан” - деп бекер айтпаған. Біздің тәрбиеміздің бір ерекшелігі - қыз балаға қамқорлықпен қарау. Себебі халқымыз қыз тәрбиесіне баса назар аударған. “Ел болам десең- бесігіңді түзе” дегендей, тәрбие бесіктен басталатыны бәрімізге белгілі, адам бойындағы бар игі қасиет отбасы мен мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру - біздің негізгі мақсатымыз. Осыған орай мектептегі тәрбие үрдісін ұлттық қағидалармен толықтыру өте қажеттілікті талап етеді. Бүгінгі таңдағы мектептер балаларға жекеленген ғылыми пәндерді терең оқытуға тырысса да, адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеуге мән бермей келеді. Соның салдарынан жастарымыз жағымсыз қылықтарға бой алдырып, имандылық дегеннің не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. Ендеше рухани-адами салауаттылық жолын қалыптастыру уақыты жеткен тәрізді.

Бүгінгі күні тіліміздің аясы кеңіп, мемлекеттік мәртебе алып отырған шақта қазақ мектептерінің саны да артып келеді. Алайда ең керегі оқу орнының сан емес - сапасы екенін естен шығармау керек.

Бала тәрбиесі баршаға ортақ іс. Оған көпшілік қоғам болып жұмылу, парасаттылық пен байсалдылық керек. Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрі мен тағылымдарын, мәдениет тарихын, бұрын-соңғы ұлы ойшыл педагогтардың еңбектерін оқып жетік білмей, оны жақсы меңгермей тұрып келер буынға дұрыс тәрбие-тағлым беру мүмкін емес. Себебі, өткенді жақсы білмейінше келешекке сапар шегу, Л. Толстой айтқандай, айсыз қараңғыда сүрлеу соқпақ іздеп шатасумен пара-пар.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 8 бабында Білім беру жүйесінің міндеттерінде: “Азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеп, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр салтын оқып-үйрену үшін жағдай жасау” деп көрсетілген. [1] .

Сондықтан да ұлттық салт-дәстүрлерді бала бақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейін кең түрде насихаттау қажет.

Бұл мәселемен республикаға есімі танымал ғалымдар мен педагогтар, атап айтқанда, Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, С. Ұзақбаева, М. Балтабаев, Ә. Табылдиев, С. Тілеуова, Қ. Ералин, Б. Ортаев сынды зерттеушілер айналысқан.

Қазіргі таңда салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәнін ашу, тәрбиелік әдіс-тәсілдерін жетілдіру қажеттігі айқын көрінуде. Салт-дәстүрлердің тәрбиелік қажеттілігі мен оның тәрбие үрдісінде қолданудың арасында қарама-қайшылық орын алуда.

Осы мәселелерді қарастыра келе курстық жұмысымның тақырыбын « Ұлттық салт-дәстүрдің тәрбиелік мәні » деп таңдадым.

Зерттеу мақсаты: Қазақтың құнды салт-дәстүрлері мен адамзат құндылықтарын тәлім-тәрбиелік тұрғыдан сұрыптау және оларды оқу-тәрбие процесіне ендіру арқылы жастар тәрбиесіне ықпал етуге ұсыныс беру.

Зерттеу нысаны: Педагогикалық жүйедегі тәрбие процесі

Зерттеу пәні: Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларға тәрбие беру барысы.

Зерттеу міндеттері:

  • Педагогикалық, психологиялық, философиялық, арнайы немесе әдістемелік әдебиеттерді зерделеу.
  • Қазақ салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін ашу.
  • Оқу процесінде қазақ салт-дәстүрлерінің пайдалану барысын айқындау. .
  • Қазақ этнопедагогикасы негізіндегі адамгершілік тәрбиесінің жолдары мен құралдары, нысандары мен әдістерін айқындау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, қазақ салт-дәстүрлері, адамзат құндылықтары тәлім-тәрбиелік тұрғыдан сұрыпталып, оқу-тәрбие процесіне ендірілсе, онда оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру нәтижесі артады.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Зерттеу жұмысының практикалық мәні: Тәрбие сағаттары бойынша әдістемелік нұсқау ұсынумен, зерттеуден алынған нәтижелермен, олардың негізінде құрылған ұсыныстарды мектеп практикасында қолданумен ерекшеленеді.

І тарау. Салт-дәстүрлер негізінде оқушыларды тәрбиелеудің психологиялық- педагогикалық мәселелері

1. 1. Оқушыларға салт-дәстүрлер негізінде тәрбие берудің теориялық негіздері, педагогикалық шарттары

Ұлттық тәрбиенің түп төркіні халық педагогикасымен байланысып жатқандықтан, ол халықтың рухани әрекетінің барлық саласын қамтиды. «Қазіргі қоғамның жаңаруында 2030 бағытына сәйкес әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ұлттық тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық» [3], - деп, Елбасы өз жолдауында нақтылағанындай, қазіргі заманның жаһандану сипатымен үйлестіре адамның ұлттық қасиетін қалыптастырудың ең тиімді мүмкіндіктерін, жолдарын зерттеу, қарастыру өзекті мәселелердің бірі. Қоғам жаңарған сайын адам да жаңара түседі, оның мінез-құлқы да жаңарып отырады. Ол заңды да. Экономикалық және әлеуметтік табыстардың түп қазығы жаһандану сипатындағы моральдық және мәдениеттілік сипатында екендігі түсінікті. Білім берумен қатар, қоғамға адал, арлы мәдениеті мол адам тәрбиелеу оқу орындарының міндеті. Осы жолда ұлттық тәрбиеге негіздеп, білім беру сипатының жолдарын айқындап алғанымыз жөн.

Ұлттық тәрбиелік білім беру ғасырлар бойы жалғасқан мол халықтық мұра - тәлім-тәрбие негіздері қайта қаралып, ғылыми сипатқа ие болу деген мақсатта болуы тиіс. Оның басты түйіні халық ауыз әдебиетінің түрлері мен аңыз-әңгімелерінде, ертегілерінде, батырлық жырларда, ғибраты мол би-шешендердің нақыл сөздері мен тәрбиелік ой-пікірлерінде жатыр. «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлттың тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» [4. ], - деп, кезінде ғалым М. Жұмабаев айтып өткеніндей, ұлт тәрбиесін білім алушыға дұрыс деңгейде бере білсек, бүгінде белең алып жатқан жастар арасындағы келеңсіз оқиғалардан арылуға жол салған болар едік. Дегенмен де, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қазақша оқытатын мектептер көптеп ашылып, жастарға сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісімен айналысу жағы дұрыс жолға қойылуда. Шынайы білім ең алдымен ұлттың игілігіне, одан әрі адамзаттың, жеке тұлғаның игілігіне бағытталуы тиіс. Ұлттық білімнің өзектілігі де осында. Ұлттық білім беру жүйесінің негізі болып педагогикалық дәстүр, білім беру дәстүрі, жүздеген ғасырлар бойы қалыптасқан біздің бойымыздағы құндылықтарымыз саналады. Яғни, нағыз педагог та, педагогика да халықтың өз ішінде жатыр. Сондықтан да, ұлттық тәрбиені білім алушы жастардың бойына сіңіру - біздің басты міндетіміз.

Адамның бойындағы қандай да қасиеттер, мейлі жақсы, мейлі жаман болсын ол адамгершілік, білім-парасаты, инабаттылық, кісілік мінез, еңбек дағдысы, - бәрі-бәрі үлгі-өнегені үйрену арқылы жұқпақ. Оның негізі ұлттық тәрбие беруде. Бұрынырақта баласын тәрбиелеу мақсатында адамның өмірі мағыналы болсын деп, ұлы адамдардың қасына қосып қойып, солардың қасында жүру арқылы, аталы сөздерін тыңдап өсу арқылы тәлім-тәрбие үйренуге ықпал еткен. Сондай адамдардан тәрбие алған адамдардың біразы кейіннен халқымыздың біртуар азаматы болып ержетіп отырған. Кейін ел ісі де осындай жастардың қолына өтіп отырған. Жалпы қазіргі кездегі мәселе халыққа, яғни, ұрпаққа ұлттық тәрбиені қалай береміз, оны қалай ұйымдастырса болады және оған деген біздің зиялы қауым өкілдерінің ой-пікір, тұжырымдамалары қандай? Міне, осы сияқты сұрақтарға жауап іздеп көрелік.

Алдымен, тәрбие дегеніміз не? Тәрбие - жеке адамдардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру үшін мақсатты түрде жүргізілетін қоғамдық өмірдегі ең басты әрекет. Жеке тұлғаны өмірге бейімдеп, жан-жақты дамыта даярлау үшін бұл қасиетті әрекетке жеке адам, ұжым, топ, жалпы әлеумет жауапкершілікпен қатысады. Тәрбиеге халық тәжірибелері (халық педагогикасы), әдебиет, өнер, кино, радио, теледидар, табиғат мүмкіндіктері пайдаланылады. Тәрбие тәжірибелерінің негізгі тірегі - ұлттық тәрбие. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйласты, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көрегенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты „көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін әрдайым жақсылық жолын ойлатын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды „иманды” деп атаған.

Қазақ отбасында ұлттық тәрбие ана құрсағынан басталып, адамды өмір бойы және оны ол дүниеге шығарып салумен аяқталатын әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер негізінде жүргізіліп, іс-әрекеттер мен қарым-қатынастар арқылы жүзеге асады. Ұлттық тәрбиені оқыту барысында балаға берілетін ұлттық психологияның құрылымдық элементтерінің күрделі әрі маңыздыларының бірі - ұлттық мінез-құлық болып табылады. Жастарға халықтың қоғамдық-өндірістік тәжірибесі арқылы тарихи тұрғыда қалыптасқан әдеттердің жиынтығы мен еліміздегі басқа халықтардың да ұлттық мінезін мәдениеті мен тұрмысынан, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінен байқату арқылы оқытылады.

Ұлттық сана-сезімді жастарға өз ұлтының әлеуметтік мәнін түсінуі, ұлтаралық қатынастарда қандай жағдайға ие екендігін, жалпы адамзат дамуында қандай үлесі бар екендігін ұғындыра отырып, әрі өзге халықтармен бірдей бостандықта өмір сүруін және т. б. жағдайларды жете түсіндіру қарастырылады. Сонымен бірге, қазір жаһандану жағдайында жастардың мінезінде бұзылу қаупі бар, олардың бірсыпырасының әрекеттері ұлттық психологиядан ауытқып бара жатқандары байқалады. Сезім адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты түрлі формада көрінетінін сезіндіріп, оның түрлерін, ұлттық сезімді, адамның бір-біріне деген сүйіспеншілік сезімдерін жастарға кең түрде мағлұмат бере отырып тәрбиелеу қарастырылады.

Көңіл-күй адамның барлық толғаныс тебіреністері мен әрекетіне өң беретін біршама ұзақ эмоциялық күй екендігі белгілі. Жалпы, қазақ халқына тән өзіндік көңіл-күйдің қыр-сырларына жете тоқталып, оның басқа халықтардан ерекшелеп тұратын қасиеттерін ашып көрсету қарастырылады. Мәселен, қуанышты, ашулы, жайбарақат көңіл-күйлері т. с. с.

Жастардың ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғалық дамуының негізгі параметрлері - оның жалпыадамзаттық құндылықтарға бағытталуы, ізгілік, зиялылық, белсенділік, жеке басының намыс сезімі, ой-пікіріндегі тәуелсіздігі т. б. тұлғалық кәсіби сапаларды түсіндірумен қатар, оның әлеуметтік деңгейі мен біліктілігін қалыптастыратын сапалардың мәнін ашу.

Әр адамды басқалардан айқындап, ерекшелеп тұратын жеке болмыс-бітімінен бөлек, тұлғалық ерекшеліктері болады. Ондай ерекшеліктерге сенім, дүниетаным, мұрат, бейімділік, қызығу, түрткі, қабілет, талғам, көзқарас тағы басқа қасиеттер жатады. Тұлға бойындағы әр түрлі осы тәріздес ерекшеліктерге тоқталып, оның саналы да, тәрбиелі азамат болудағы алар орны жайлы кеңінен ашып, мән-маңызын көрсету қарастырылған.

Ұлттық өзіндік сана ұлттық дүниетанымға негізделеді. Ал, ұлттық дүниетаным дұрыс таным-түсінік арқылы өріс жайып, ұлттық дәстүр арқылы өз болмысын танытады. Өз ұлтыңа деген құрметтің көрсеткіші - ұлттық сана-сезімнің қалыптасу деңгейіне байланысты. Жастарға ұлттық сана төмен болса, халық халықтық қасиетінен айрылып, мылқау тобырға айналатынын түсіндіре отырып, оның алдын алу жайы және оны болдырмауға тәрбиелеу көзделеді.

Бүгінгі таңда біздің еліміздің көркейіп, өркениетті елдердің қатарына қосылып, халықаралық деңгейге шығуымыз үшін ұлтжанды, отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет. Басты міндетіміз - рухани және әлеуметтік, адамгершілік дүниесі бай, жаңашыл, шығармашылық ойлау қабілеті мен ұлттық дүниетанымдық мәдениеті жетілген зерделі тұлға қалыптастыру. Сондықтан да, Отанымыздың болашақ дамуына үлес қосатын ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Ұлтжандылық дегеніміз - адамның өзінің араласқан белгілі бір саяси, мәдени және әлеуметтік ортасына - Отанына деген аса терең сезімі. Ұлтжандылыққа тәрбиелей отырып, жастардың азаматтық санасын қалыптастыру, оқушылардың саяси білімдерін жетілдіруге, өз азаматтық құқықтары мен міндеттерін, туған жердің, өскен елдің табиғатын аялай білу сезімін қалыптастыра білуге тәрбиелейміз.

Отансүйгіштік - азаматтық санамен қалыптасатын қасиет. Жастардың азаматтық санасын біліммен қаруландыра отырып, аға ұрпақтың қалдырған мәдени-тәлім мұраларынан сусындаған, туған жері мен елінің рухани-материалдық, мәдени құндылықтарын бойына сіңіре отырып, ақыл мен парасаттылығы жетілген, ұлтжанды, саналы азаматты тәрбиелеу жолға қойылады.

Ұлттық рухты үнемі ұлықтап жүретін қазақтың тәлім-тәрбиесінің қайнар көзі тым тереңнен басталады. Ұлттық тәрбие алған ұрпақтың дені сау, ақылды, білімді, ұлтжанды, еңбекқор, кішіпейіл болып өседі. Халықтың өмірін, рухын және тілдерінен тұратын ішкі заңдары, оның ұлттық мінезін, болмысын таныту бүгінгі таңда жастарымыздың тәрбиесіне берер пайдасы мол. Ұлттық тәрбие берудегі негізгі тетіктерін айырып, білім беру үрдісіне ендіру жолын дұрыстау - бүгінгі күндегі елеулі мәселелердің бірі. Ол тетіктерге біріншіден - мемлекетшілдік нышандарды дамыту, оны ұлттық тәрбиемен ұштастыру, сөйтіп, алдымен отаншылдық рухын ояту керектігін айта кету қажет. Ұлттың мәңгілік болуы оның уақытқа бағынбайтындығында және ұлттың мәңгілік болуы халқын, жерін, елін сүйетін азаматтарды қалыптастырып, тәрбиелеуде болмақ. Сондықтан да, жаңа ғасырды жақсы қарқынмен бастап келе жатқан егеменді еліміздің болашағы үшін саналы да, ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеудің ұлттық сипатын жандырып, дамыту жолында ұлттық болмысты қалыптастыру жолын нақтылағанымыз жөн. Өркениетке қадам басқан тұстағы оның алғышарттарының бірі ұлттық тәлім-тәрбие мен сапалы білім беру болып табылады. Себебі, жастарға ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты тәрбие беру - сол өркениетке жету жолындағы мұратымыздың кепілі. Біз - жаңадан аяғына тұрып келе жатқан дамушы мемлекетпіз. Егер де, қазіргі жағдайымыз бен күш-қуатымызды білім-білік пен рухы биік жастарды отаншыл етіп тәрбиелер өнегелі білім беру жолына негіздегеніміз жөн. Бұл жайында еліміздің ертеңі - жастарымыздың өмірден өз орнын тауып, қарым-қабілеттерін шыңдап, әлеуетін анықтап, танытуына барынша жағдай жасау керек екендігі туралы Елбасы өзінің халыққа жолдауында да ашық айтқан болатын. Мұның өзі жастарды қоғамда белсенділігін арттыруға, олардың бойында ұлттық сана мен отаншылдық қасиеттердің дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуы үшін ашылған ақ жол тәрізді, рухты демеп отыратынына септігін тигізбек. Біз жастарды тәрбиелегенде шынайы отаншылдарды тәрбиелеуді естен шығармағанымыз жөн, себебі, солар ғана еліне игілікті істер тындырып ауқымды үлес қоса алады. Жалпы, келешек ұрпақтың қамын бүгін ойлау - аға ұрпақ борышы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу. Оқушыларға имандылық тәрбиесін беру педагогикалық проблема
Оқушыларды имандылыққа қазақ салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің теориялық негіздері
Қазақ салт-дәстүрінің тәрбиелік негіздері
Ұлттық салт-дәстүрлер негізінде бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудегі әдістемелік нұсқау
Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың педагогикалық негіздері
Оқушыларды адамгершілік қасиеттерге ұлттық салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің теориялық негіздері
Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін рухани құндылықтарын пайдаланудың ғылыми-теориялық негіздері
Отбасының қазіргі жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz