Ағылшын тілінде оқушыларды тыңдап - түсінуге үйрететін жаттығулар


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты
«Қорғауға жіберілді»
Шетел тілдері, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі
Асанова А. К.
«» 20 ж.
ДИПЛОМдық жұмыс
Тақырыбы: «Ағылшын тілін бастапқы кезеңде тыңдап түсінуге үйрету»
Мамандығы: 6В01703 - Шетел тілі: екі шетел тілі
Орындаған Есімхан Ж.
Ғылымижетекші
лауазымы Бикенова Г. С.
аға оқытушы, магистр
Арқалық, 2021
МазмұныКіріспе
Қазақстан Республикасы әлемдік бірлестікке кірген заманда білімнің рөлі мен маңызы артты. Мәдениетті жоғары XXI - ғасыр адамын қалыптастыру міндеті білім беру ісін ірілендіру қажетті мектеп пен қоғам алдында жаңа маңызды мәселелер қойып отыр. Жалпы орта білім беретін мектептерде шетел тілдерінің мазмұны анықталып, оған қойылатын талаптар нақтылануда. Шетел тілін ана және орыс тілімен қатар оқыту арқылы мұғалім оқушылардың тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп қана қоймайды, оларды өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым-қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушылардың шетел тілінде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру мектепте берілетін бүкіл білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады. Шетел тілі арқылы оқушылар әлемді таниды, тілін оқып жатқан елдің мәдениетімен, өмірімен танысады. Шетел тілінде оқушылар дұрыс қарым-қатынас жасай алу үшін, олар ауызша айтылған сөзді тыңдап түсінулері тиіс. Тыңдап-түсіну - сөйлеудің серігі, сөйлеу экспрессивті формаға жатса, тыңдау импрессивті формаға жатады. Ауызша айтылған сөзді қабылдау мен түсіну өте күрделі психикалық әрекет. Тыңдап түсіну қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік еске, қабылдауға, логикаға, санаға, ажырату және таным механизмдеріне, салыстыруға, жинақтауға байланысты. Тыңдап түсіну барысында оқушылардың санасында фонетикалық және интонациялық есту қабілетін қалыптастыру керек, себебі бұл күрделі процесс болғандықтан жалпыға ортақ қиындықтарды және арнайы қиындықтарды ескеру қажет. Сөйлеуші қолданылған кейбір лексикалық және грамматикалық материал оқушыға таныс емес болуы мүмкін, бұл жағдай оқушыға тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінуді қиындатады. Бұл қиындықты жеңудің жолы - оқушылардың пассивтік және потенциальдық сөздік қорын байыту; Әр адамның дыбыстарды айту ерекшеліктері мен интонациялық ерекшеліктері болуы заңды құбылыс. Оқушы өз мұғалімнің сөйлеу ерекшеліктеріне дағдыланып алады да, басқа адам айтқан сөзді түсінуі мүмкін. Бұл қиындықты жеңудің жолы - сабақта техникалық құралдарды жиі қолдану керек.
Тыңдап-түсіну - сөйлеу әрекетінің өте күрделі түрі, өйткені шынайы қарым-қатынаста тыңдап-түсіну процесі қайтымсыз және ешқандай анализге және тиянақтауға именбейді. Өйткені айтылған нәрсе ешқайтарымсыз «ұшып кетеді», жаңа мағлұматтар ескі мағлұматтардың орнын алмастырады, келген мағлұматтарды ойлауға уақыт жетпейді, нәтижесінде ұғыну немесе түсіну көбінесе қарым-қатынас процесіне де жетпей қалады.
Ағылшын тілін оқытуда тыңдап-түсінуге қисынды құрылған байланысының маңызы зор екендігін ескерсек, ол байланыстарға: айту, оқу және жазу іспеттес сөйлеу әрекеттері түрлерін атап өтуіміз керек.
Тыңдап-түсіну мен айту сөйлеу әрекетінің басқа-басқа түрлеріне жатқанымен, екі процесс те қарым-қатынас көмегімен тығыз байланыста.
Тыңдау - естіп жатқан сөйлеушінің сөзін түсіну. Тыңдау қарым-қатынастың негізін құрайды. Ол өз ішінде айтылып жатқан сөзді тыңдап - түсіну, оған логикалық жауап беруді қамтиды.
Тыңдау шет тілін оқытуда өте жақсы құрал болып табылады. Ол оқылып жатқан шет тілінің дыбысталу жағын үйренуге, яғни әуен, екпінді дұрыс қоюды үйренуге мүмкіндік береді. Тыңдалым арқылы тілдің лексикалық құрамы мен грамматикалық құрылымы үйреніледі. Және де тыңдалым оқу мен жазуды меңгеруді жеңілдетеді.
Тыңдау қабілетінсіз адам оқып жатқан тілде қарым - қатынас жасай алмайды. Тыңдалым оқушылардың айтылып жатқан сөзді назар сала тыңдауға үйретеді. Тыңдалыммен бірге балада есте сақтау қабілетін дамытады. Оқушы шет тіліндегі сөзді тыңдай отырып, сөздердің дұрыс оқылуына жаттығады, және кейінгі кезде өзі сол сөзді айтқан кезде дұрыс айтатын болады.
Ағылшын тілін оқытудың алғашқы кезеңдерінде тыңдалым өте маңызды роль атқарады. Тыңдалым ағылшын тілінде сөйлеушілердің шынайы сөзін есітуге мүмкіндік береді.
Тыңдап-түсінуге берілетін аудиомәтіннің тақырыбын таңдау өте маңызды. Ол оқушылардың қызығушылықтары мен жас ерекшеліктері сай таңдалуы тиіс. Төменгі сынып оқушыларына қызықты болатын тақырыптар түрлері: ертегі сюжеттеріне негізделген тақырыптар, жан-жануарлар туралы қызықты әңгімелер.
Зерттеу жұмысының өзектілігі . Қазіргі кезде оқушылардың тыңдап-түсіну қабілетін қалыптастыру - бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Қазіргі таңда тыңдап-түсінуді жақсарту әдістемесі әлі толық зерттелген жоқ. Тыңдап-түсінумен жұмыс жасауды жеңілдететін мұғалімдерге арналған ғылыми әдістемелердің аздығы зерттелетін маңызды мәселе. Сол себепті де шетел тілін оқытудағы тыңдап-түсінуде кездесетін қиындықтарды шешу жолдарын табу және практикада оның әдістемесін ұсыну бүгінде өзекті мәселе болып отыр. Сонымен бірге шетел тілін үйретудің мазмұнын жаңарту және тыңдау үрдісін жаңаша ұйымдастырудың ғылыми негіздерін терең зерделеу қажет.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Оқушылардың тыңдау қабілетін жетілдіру, шетел тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету маңызды. Шетелдік қоғам ортасында түрлі ситуациялардан шыға білуді үйрету, шетел тілін оқытудағы тыңдауда кездесетін қиындықтарды шешу жолдарын практика жүзінде көрсету, сондай-ақ тыңдап-түсінуді ұйымдастырғанда дәстүрлі түрдегі мәтіндермен қоса, заман талабына сай жаңа, қызықты, оқушыларда шетел тілін оқуға деген мотивациясын қалыптастыратын аудиоматериалдар түрлері қарастыру негізі мақсатқа жатады.
Зерттеу жұмысының міндеттері.
- Оқушылардың санасында тілдік ұғымдарды қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау;
- Тыңдап-түсінуді меңгерудің тиімді әдістерін табу;
- Тыңдап-түсіну қабілеттілігін дамытудағы жаттығудың түрлеріне тоқталу;
- Тыңдап-түсіну қабілеттілігін дамытудағы жаттығуларды практикада (cабақта) қолдануды меңгеру;
Зерттеу жұмысының нысаны. Шетел тілін оқыту үрдісі, шетел тілін оқытуда тыңдап-түсінудің рөлі және маңыздылығы.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Тыңдап-түсінуге үйретуді дұрыс ұйымдастыру, тыңдап-түсінуде кездесетін қиындықтардан шығу жолдарын меңгеру, дұрыс тыңдай-түсіне білуге үйрету, тыңдап-түсіну барысында берілген тапсырмаларды шеберлікпен орындай білу біліктілігін қалыптастыру.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы. Шетел тілін оқу процесінде тыңдап-түсіну дағдыларын қалыптастыратын жаттығуларды сабақта тиімді пайдалану әдістемелері ұсынылады.
Зерттеу жұмысының зерттеу әдістері. Тыңдап-түсінуді тиімді ұйымдастыруға керекті ұсынуда үнтаспаларды, дисктерді, әндерді, жиі пайдалану және сұрақ-жауап, диалог және монолог құру, баяндау, сұхбаттасу, интерпретациялау әдістерінің мүмкіндіктері артып отыр.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден, қосымшадан тұрады.
1 АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ТЫҢДАП ТҮСІНУГЕ ҮЙРЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1Ағылшын тілі сабағында тыңдап-түсіну дағдысын қалыптастыру
Ауызша сөз негізгі екі сыңардан тұрады: оның бірі ауызша айтылған сөзді тыңдап-түсіну, екіншісі - сөйлеу. Ауызша сөздің бұл екі компоненті бір- бірімен тығыз байланысты. Ауызша сөзді игеру үшін сөйлей білсе жеткілікті. Ал ауызша айтылған сөзді тыңдап-түсіну -- сөйлеудің серігі. Сөйлей білген адамға тыңдап-түсінуге арнайы дағдыланудың қажеті жоқ. Ол дағдылар өз-өзінен қалыптасады. Басты дағды - сөйлеу дағдысы. Бір тілде сөйлей білген адам сол тілде айтылған ауызша сөзді тыңдап-түсіне алады. Мұндай көзқарастың қате екенін психологиялық зерттеулер де, шетел тілдерін оқыту теориясы мен практикасы да дәлелдеп беріп отыр.
Психологиялық зерттеулер бұл екі әрекет (тыңдап-түсіну және сөйлеу) бір-бірімен тығыз байланысты болғанмен, олардың әрқайсысы мүлде басқа іскерліктер негізінде қалыптасатынын көрсетіп берді. Сөйлеуші де тыңдаушы да тілді қолдана отырып, қатынас жасайды. Бірақ олардың әрқайсысы тілді әртүрлі жолмен қолданады. Сөйлеу үстінде адам белгілі бір ойдан шығады, яғни әуелі сөйлеушінің санасында белгілі бір ой туады да, ол сол ойды басқаларға жеткізу үшін тілдік форманы пайдаланады. Демек сөйлеу процесінде сөздің мазмұны алдын-ала берілген, сол мазмұнды сөйлеуші тілдік форма арқылы өзгелерге жеткізеді. Сөйлеуші белгілі мазмұннан шығарып, оны тілдің әр түрлі элементтерін қолдану арқылы басқаларға жеткізеді. Іс-әрекет бағыты: мазмұннан тілдік формаға қарай. Тыңдау процесінде іс-әрекет бағыты мүлде басқа. Мұнда тыңдаушыға әуелі берілген тілдік форма. Соны қабылдау арқылы тыңдаушы тілдік формада кодталған мазмұнды ашады. Мұндағы іс-әрекет бағыты: тілдік формадан мазмұнға қарай. Ауызша сөздің бұл екі компонентін бір-бірінен ажыратудың маңызы өте зор. Бұлар сөз әрекетінің әр түрлі фармаларына жатады: сөйлеу экспрессивтік формаға жатса, тыңдау импрессивтік формаға жатады. Бұлардың әрқайсын әр түрлі жолмен оқытып, үйрету керек.
Ауызша айтылған сөзді қабылдау мен түсіну өте күрделі психикалық әрекет екені белгілі. Қабылдау мәселелерімен шұғылданып жүрген еліміздің психологтары екі процесін ажырату қажеттігін атап көрсетеді; а) бейнені қалыптастыру процесі, яғни объектінің маңызды даралау белгілерін және олардың өзара байланысын анықтау және сол белгіерді игеру процесі, ә) қалыптасқан бейнені эталонмен салыстыру нәтижесінде объектіні тану процесі. Бұл екі процесс бір-бірімен тығыз байланысты. Бейнені қалыптастыру барысында оны тану процесі саналы түрде өтуі мүмкін. Ал материалмен танысқаннан кейін тану процесі өте тез, қас пен көздің арасында өтуге тиіс. Тіл арқылы қарым-қатынас жасау процесінде тану бір мезгілде өтеді. Мұнда логикалық операцияның қатысу-қатыспауы түсінудің түріне байланысты: дискурсивтік жолмен түсіну және тікелей түсіну. Тікелей түсіну кезінде ішкі сөзде болып жататын ойлау процесі барынша қысқартылған түрде өтеді. Қабылдаудың осы аталған екі процесіне байланысты сөзді есту қабілетінің екі механизмі бар екенін Е. И. Исенина атап көрсетеді: ажырату және тану механизмдері, Ажырату барысында мынадай процестер болады:
1. Есте бейнесі қалыптаспаған объектіні қабылдағанда, адам оның бейнелері қалыптасқан объектілерден өзгеше екенін ұғынады. Мысалы, таныс емес сөзді естігенде, оның өзіміз білетін сөздерден өзгеше екенін аңғарамыз.
Бұл объектінін даралау ерекшеліктері бейнелері есте қалыптасқан басқа объектілермен салыстыру арқылы немесе сол белгілерді тану арқылы аңықталады. Мысалы, (d) дыбысы таныс болмаса, оны өзімізге таныс (t) дыбысымен салыстыру арқылы (d) дыбысының даралау белгісін (ұяңдығын) анықтаймыз. Ал ағылшын тілінің фонемалары бізге таныс болып, неміс тілінің fаһrеn деген сөзі таныс болмаса, оның даралау белгілерін - фонемаларын танимыз.
2. Даралау белгілернің өзара қарым-қатынасы аныкталады. Мысалы, бір сөздің бейнесін қалыптастыру үшін оның барлық даралау белгілерін анықтаумен қатар, сол белгілерінің тіркесу ретін де анықтау керек.
Тану процесі объектінің есте қалыптасқан бейнесіне сүйенеді, Жалпы алғанда ауызша сөзді қабылдау барысында тану акустикалық белгілерді талдау-жинақтау тәсілімен өңдеуге, анықталған белгілерді есте сақтаулы тұрған бейнемен салыстыруға және оларға мән беруге саяды.
Қабылдау бірлігі жеке сөздермен тікелей байланысты. Ал жеке сөздерді қабылдау үшін оқушылардын санасында фонематикалық есіту қабілетін қалыптастыру керек. Фонематикалык, есіту қабілеті дегеніміз - сөздегі дыбыстарды ажырату және оларды тиісті фонемалармен ұштастыру. Ал қабылдау бірлігіндегі фразаны оған кіретін сөздерді талдап, сосын оларды жинақтау арқылы емес, информативтік белгілерді тану арқылы түсінеміз. Фразаны түсіну үшін ең басты информативтік белгі интонация. Сондықтан оқушылардың санасында фонематикалық есіту қабілетімен қатар интонациялық есіту қабілетін де қалыптастыру керек. Интонациялық есіту қабілеті сөйлемдердің коммуникативтік типтерін (хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлем) ажыратуға, фраза бөлшектерінің байланысын анықтауға, сөйтіп оның мазмұнын түсінуге көмектеседі.
Тыңдап-түсіну қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік еске айланысты. Қысқа мерзімдік ес келіп түскен хабарды қабылдаудың барлық сатыларында сақтап, оны ұзақ мерзімдік еске жөнелтеді.
Ұзақ мерзімдік ес сөздердің, сөз тіркестерінің синтаксистік құрылымдардың есіту артикуляторлық бейнелердің және олардың бір-бірімен тіркесу ережелері мен схемаларын сақтайды. Соның нәтижесінде сөйлемнің фразалық құрылымы мен коммуникативтік типін ажыратуға мүмкіндік. туады.
Тыңдап-түсіну сөз әрекетінің басқа түрлерімен тығыз байланысты. Тыңдап-түсіну де, сөйлеу де сөз әрекетінің ауызекі түріне жатады. Ауызша сөзді қабылдай отырып, тыңдаушы моторлы анализатордьң көмегімен дыбыстық бейнелерді артикуляциялық бейнелерге айналдырады. Сөйтіп, моторлы (сөз қозғау) анализатор мен есту анализаторы арасында берік функционалдық байланыс пайда болады. Осыған орай, тыңдап-түсіну ішкі сөзбен де тығыз байланысты. Дыбыстық бейнелерді артикуляциялық бейнелерге айналдыру арқылы тыңдаушы естігенін ішкі сөзде қайталап отырады. Соның нәтижесінде ол естігенін түсінеді. Демек тыңдағанды түсіну үшін ішкі сөздің маңызы зор.
Тыңдап-түсіну процесіне көру анализаторы да қатысады. Жалпы көру анализаторы сыртқы дүние туралы хабар алуда барлық басқа анализаторлардан артық. Тыңдап-түсіну барысында көру анализаторы тыңдаған сөздің мағынасын түсінуге көп жеңілдік тудырады. Сөйлеу органдары, қимыл-қозғалыс сияқты көру белгілері тыңдауды, естігенін ішкі сөзде қайталауды жеңілдетеді. Демек, сөйлеушінің сөйлеу органдарының қозғалысын әр түрлі қимылдары мен ымын бақылау тыңдаушыға естігенін түсінуді жеңілдетеді.
Естігенін түсінуді жеңілдетуде көру анализаторының тағы бір көмегі мынада: егер тыңдаушы тыңдап отырған мәтінінің (текстің) жазбаша нұсқасын көріп отырса, онда ол естігенін әлдеқайда жеңіл түсінеді. Бұдан тыңдап-түсінудің оқумен тығыз байланысы көрінеді. Оның үстіне тыңдап-түсіну мен оқу сөз әрекетінің импрессивтік түріне жатады. Яғни екеуі де сөзді қабылдап, оны түсіну болып табылады. Тек тыңдап-түсінуде ауызша айтылған сезді қабылдап, түсіну керек болса, оқуда жазбаша сөзді қабыл-дап, түсіну керек. Сонымен тыңдап-түсіну сөйлеумен де, оқумен де, жазумен де байланысты.
Оқушылардың тыңдау дағдыларын дамыту әдістері мыналарды қамтуы керек:
- мәтін проблематикасына, оның құрылымы мен мағыналық мағынасына назар аударатын, қабылданған мәтінге сұрақтар тұжырымдау;
- сөйлеу әрекетінің рецептивтік түрлерін оқытуда кері байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тыңдалған мәтіннің мазмұны бойынша әңгіме;
- тапсырмалар (сөйлеу) - тыңдалым, мысалы, мәтінді тыңдау, ондағы кілт сөздерді анықтау және оған жоспар құру;
- мұқият қабылдау және түсіну дағдыларын дамытатын тыңдау тапсырмаларымен бірге мәтіндік тәсілге негізделген тестілеу [6, 34-бет] .
Тыңдауды оқыту әдістері, Н. Д. Гальскованың пікірінше, тыңдаудың әртүрлі түрлерін - жаһандық, егжей-тегжейлі, сыни, рефлексивті, рефлексивті емес (есту арқылы алынған ақпаратты түсіндіру, естігенді талқылау және т. б. ) жетілдіруге бағытталуы керек [5] .
М. Скаткин мен И. Лернер жасаған әдістердің жіктелуі де осы зерттеу үшін өте қызықты. Егер біз осы жіктеуді тілді оқыту әдістемесі тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда тілді оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне байланысты барлық әдістер үш топқа бөлінеді:
- тіл бойынша теориялық білім алу әдістері (танымдық) ;
- тілдік білімді, сөйлеу дағдысын қалыптастыру әдістері (жаттығу немесе практикалық) ;
- бақылау-тексеру әдістері.
Жоғарыда келтірілген әдістердің жіктелуі тілді оқыту процесін толығымен қамтиды. Бұл зерттеу үшін сөйлеу дағдыларын дамытуға байланысты әдістерді анықтау ерекше құнды болды:
- операциялық әдіс студенттердің белгілі бір формасы бар жаттығуларды орындауынан тұрады: мысалы, мұғалімнің тапсырмаларын немесе ойын ережелерін тыңдау және тапсырмаларды немесе ережелерді түсінуді көрсететін тиісті әрекеттерді орындау;
- коммуникативті-реципиентті тыңдау мен түсінуді және барабар реакцияны (реплика немесе толық емес сөйлем) қамтамасыз ететін диалогтарды құруда.
Шетел тілдерін оқыту әдістемесі бойынша зерттеулер аудиторлық дағдыларды қалыптастыруға, сондай-ақ оған қызмет ететін психикалық механизмдерді жетілдіруге бағытталған жаттығулардың келесі жүйесін қарастырады, өйткені түсіну процесі тек лингвистикалық және экстралингвистикалық (ситуациялық) факторларға ғана емес, сонымен қатар кейбір психикалық формациялардың даму деңгейіне де байланысты [8] .
Мұндай жаттығулар жедел жадтың әрекетімен, ықтимал болжаумен, балама ауыстырумен байланысты дағдыларды дамытуға бағытталған. Тыңдауға арналған жаттығулар жүйесінде дайындық және сөйлеу жаттығуларын ажыратуға болады.
Дайындық жаттығуларының іс-әрекетінің объектісі жеке тілдік құбылыстар мен сөйлеу сигналдарын танумен байланысты проблемалар болып табылады. Сөйлеу жаттығулары семантикалық қабылдауды жетілдіруге және белгілі бір түсіну деңгейіне жетуге бағытталған. Зерттеулерде анықталған аудиторлық дағдыларды қалыптастыру әдістерін талдау сөйлеу әрекетінің түрі ретінде тыңдау ерекшелігіне және бастауыш мектепте шетел тілін үйрену кезінде оның қалыптасу ерекшеліктеріне сәйкес келетіндерді анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен, біздің ойымызша, негізгі мектепті қолдану үшін ең қолайлы әдістер:
- коммуникативтік;
- жаттығу (жаттығу әдісі) ;
- ақпараттық-рецептивтік;
- бақылау-тексеру.
Тексеру әдістері тыңдаудың мазмұнын түсіну қабілетін дамыту үшін де, аудиторлық дағдылар мен қабілеттерді қалыптасу деңгейін бақылау үшін де қолданылады.
Әдеттегідей, аудиоматериалдармен жұмыс үш кезеңге бөлінеді, сондықтан жаттығулардың үш тобын бөлуге болады: мәтінге дейінгі жаттығулар, тыңдау кезінде орындалатын жаттығулар, мәтіннен кейінгі жаттығулар.
Алдын-ала кезең (тыңдау алдында) мотивациялық қондырғыны құруға, оқушыларды белсенді жұмысқа жұмылдыруға арналған. Бұл кезеңдегі мұғалімнің міндеті - тыңдаудың мақсатын анықтау, тапсырмаларды орындау туралы нұсқаулар беру, мүмкін лексикалық және тілдік қиындықтарға назар аудару, тыңдаудан бұрын психологиялық шиеленісті жеңілдету, сәттілік жағдайын жасау, яғни олар дәл орындай алатын қиын тапсырманы ұсыну.
Бұл кезеңде дайындық тапсырмалары ұсынылады:
- тақырып, жаңа сөздер, диаграммалар, иллюстрациялар бойынша болашақ тыңдау тақырыбын болжау;
- негізгі тақырыптың қысқаша мазмұны, мәтін мәселелеріне кіріспе,
- алдағы тыңдау туралы ақпаратты хабарлау, тыңдау тапсырмасын хабарлау;
- лингвистикалық сипаттағы қиындықтарды жоюға бағытталған жаттығулар: таныс емес құбылыстарды тілдік хабарламалардан оқшаулау, оларды саралау және түсіну; дыбыстық үлгілерді семантикамен байланыстыру; сөздердің мағынасын анықтау (сөзжасамдық болжау арқылы) ; әртүрлі лексикалық бірліктер мен грамматикалық құрылымдардың контекстік мағынасын анықтау; синонимдік және антонимикалық құбылыстарды тану және түсіну.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz