Балалардың психикалық дамуында ойын әрекетінің рөлі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра: Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі

Психология негіздері пәні бойынша

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Балалардың психикалық дамуында ойын әрекетінің рөлі

Студент: Қамшыбеков Асланбек
Курс: 1
Топ: 6В01421
Оқытушы: Кебеева Айгерим

Тараз 2022 ж.
Балалардың психикалық дамуында ойын
әрекетінің рөлі

Жоспары:

1. Баланың психикалық дамуындағы ойынның ролі.
2. Ойын іс-әрекетінің жалпы сипаттамасы.
3. Ойынның сюжеті мен мазмұны
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Баланың психикалық дамуындағы ойынның ролі

Ойын әрекетінде баланың психикалық қасиеттері мен жеке басының
ерекшеліктері неғұрлым тез қалыптасады. Ойын кезінде іс-әрекеттің кейін
дербес мәнге ие болатын өзге түрінің де негізі қаланады.
Ойын әрекеті психикалық процестер ырықтылығының қалыптасуына әсер етеді.
Сонымен балаларда ырықты зейін мен ырықты ес дами бастайды. Ойын жағдайында
балалар лабороториялық тәжірибе жағдайынан гөрі әр нәрсеге жақсы зейін
тоқтатады және көбірек есінде сақтайды. Бала үшін саналы мақсат ойын арқылы
ерте және бәрінен оңай бөлінеді. Ойын шарттарының өзі баладан ойын
жағдайында ендірілген заттарға, ойналатын көріністер мен сюжетке зейін
тоқтатуды талап етеді. Егер бала алдағы ойын жағдайының талабына зейін
қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, оның құрдастары шеттетеді.
Қарым-қатынасқа, эмоциялық мадақтауға қажеттілік баланы мақсатты
бағытталған зейін тоқтатуға және есте сақтауға мәжбүр етеді.
Ойын жағдайлары мен ондағы іс-әрекеттер мектепке дейінгі шақтағы баланың
ақыл-ой әрекетінің дамуына үнемі әсер етеді. Ойыеда бала заттың баламасымен
іс-әрекет жасауға үйренеді. Ол балама затқа ойынға сәйкес ат қояды және осы
қойылған атқа іс-әрекет етеді. Балама зат ойлау тірегі болады. Балама
затпен іс-әрекет ету негізінде бала сол зат жөнінде ойлауды үйренеді.
Біртіндеп заттармен жасалатын ойын қимылдары азая түседі, бала заттар
жөнінде және олармен ақыл-ой тұрғысынан іс-әрекет жасауды ойлауды үйренеді.
Сонымен, ойын едәуір дәрежеде баланың ұғым тұрғысынан ойлауға көшуіне
көмектеседі.
Сонымен қатар ойын әсіресе және баланың сюжетті рөлді ойынындағы шынайы
өзара қарым-қатынасының тәжірибесі өзге адамдардың көзқарасына түсуге,
олардың келешектегі мінез-құлқын болжап білуге және осының негізінде өзінің
жеке басының мінез-құлқын құруға мүмкіндік беретін ерекше ойлау қасиеттері
жатады.
Ойын тілдің дамуына өте зор ықпал тигізеді. Ойын жағдайы оған араласқан
әрбір баладан тіл қарым-қатынасы дамуының белгілі бір деңгейін талап етеді.
Егер баланың ойынның барысына қатысты өз тілегін анық айтуға мүмкіндігі
болмаса, егер ол бірге ойнап отырған өз жолдастарының сөз арқылы берілген
нұсқауларын түсінуге қабілеті жетпесе, онда ол құрдастарына мысал болады.
Құрдастарымен түсіну қажеттілігі ұйқасымды тілдің дамуына себепші болады.
Ролді ойын қиялдың дамуында анықтаушы орын алады. Ойын әрекетінде бала бір
затты екінші затпен алмастыруға өзіне түрліше ролдерді алуға үйренеді.
Қиялды дамытудың негізіне осы қабілет жатады. Мектепке дейінгі ересек
балалардың ойындарында балама заттардың болуы міндетті емес. Балалар
заттарды түсінуге және олармен амал істеуге және өз қиялында жаңа
жағдайларды жасауға үйренеді. Мұндай жағдайда ойын баланың ішкі дүниесінде
өтеді. Нәзік саусақтарымен жағын сүйеп, ойға шомып кеткендей. Қыздың
қуырщаққа қарап отырған фотографиясын 6 жасар Катюша көріп тұр. Қуыршақ іс-
тілегін ойыншық машинаның жанына отырғызған. Катюшаның айтқаны: Кішкентай
қыз өзінің қуыршағы іс тігіп отыр деп ойлайды. Кішкене Катюша өзінің
түсіндіруі бойынша тек оның өзне тән ойын тәсілін тапты.
Баланың жеке басының дамуына ойынның өз ықпалы бар. Ойын арқылы бала ересек
адамдардың мінез-құлқы және қарым-қатынасымен танысады, ал бұлардың бәрі
оның өз мінез-құлқының үлгісі болады, өз құрдастарымен қарым-қатынас
жасауға қажетті қасиет болып саналатын араласа білудің негізгі дағдыларына
ие болады. Ойын баланы еліктіре және оның өзне алған роліндегі ережелерді
орындауға итермелей отырып, сезімнің және мінез-құлықтың ерікті жігерді
реттеудің дамуына себепші болады.
Баланың іс-әрекетінің жемісті түрлері саналатын сурет салу мен құрастыру
мектепке дейінгі балалық шақтың түрлі кезеңдерінде ойынмен тығыз
байланысты. Мәселен, сурет сала отырып ьала қандай да бір сюжетті ойнайды.
Балар өзара қырқысып жатқан, бірін-бірі қуып бара жатқан аңдардың, қонаққа
бара жатқан және қонақтан қайтып келе жатқан адамдардың, соққан желден
құлап түсіп жатқан алманың т.б. суреттерін салады. Текшелерден бірдеңені
құрастыру ойын барысында ұштасады. Шофер ролін алған бала блоктарды
құрылысқа апарады, сосын осы блоктарды машинадан түсіретін жүк түсіруші
болады, ақырында ол үй тұрғызушы құрылысшы-жұмысшыға айналады. Бірлесіп
ойнағанда бұл міндеттерді бірнеше бала өзара бөліседі. Сурет салуға,
құрастырушылыққа деген ынталары басында тек ойын мақсатына сәйкес сурет
салуға, құрастыруға бағытталған процесс ретінде болады. Тек мектепке
дейінгі естияр да ересек жастағы балалар да ынта іс-әрекетінің нәтижесіне
ауысады да іс ойын ықпалынан азат етіледі.
Ойын іс-әрекеті ішінде оқу ісі де қалыптаса бастайды, кейінірек ол бала іс-
әрекетінің басты түріне айналады. Оқу ісін ересек адам енгізеді, бірақ ол
тікелей ойыннан пайда болмайды. Бірақ мектеп жасына дейінгі бала ойнай
жүріп оқи бастайды. Ол оқуға белгілі бір ережелері бар ролді ойынның ерекше
түрі ретінде қарайды. Әйтсе де осы ережелерді орындап жүріп, қарапайым оқу
әрекетін меңгеріп жүргенін баланың өзі де аңғармайды. Үлкендердің оқуға
көзқарасын ақырындап байқаусыз қалыптастырады. Балад оқуға деген тілек пен
бастапқы іс-әрекеттері қалыптасады.

Ойын іс-әрекетінің жалпы сипаттамасы.

Ролді ойын элементтері сәбилік шақта пайда болып, дами ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дамуында ауытқуы бар балалардың іс-әрекеттерінің психологиялық негіздері
Мектепке дейінгі балалардың дамуының және тәрбиенің теориялық пен практикалық негіздері
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ РӨЛІ
ЕРКІН ОЙЫН МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭМОЦИОНАЛДЫ ДАМУЫНЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
Бала психикасының дамуына ойынның әсер етуі
Мектепке дейінгі балалардың дамуы және тәрбиесінің практикалық негізі
Арнайы білім берудің технологиялары мен әдіс-тәсілдері
Балалар психологиясының даму тарихы, теориялар туралы негізгі түсініктер
Балалар психологиясы пәнінен дәрістер
ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Пәндер