Қашықтықтан оқытудың маңызы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

НҰр -Сұлтан

2022ж

Реферат

«Қашықтықтан оқыту»

Нургалиева Айжан

Кіріспе. Қашықтықтан оқыту.

Жоспар:

1. Қашықтықтан білім берудің негізгі түсініктері. Қысқаша тарихи дерек. 2. АКТ-ның білім беру процестеріне әсері. Қашықтықтан оқытудың маңызы. Қашықтықтан оқытудың қазіргі заманауи қалпы.

3. Білім беру қызметтерінің кешені ретінде жүйені жобалаудың негізгі принциптері.

4. Қашықтықтан оқыту жүйесін жобалаудың негізгі принциптері және оның ерекшеліктері

  1. Қашықтықтан білім берудің негізгі түсініктері

Қашықтықтан оқыту ұғымы бұрыннан таныс. XIX ғ. ортасында АҚШ және Еуропада қандай да себептерге байланысты сабаққа қатыспаған оқушыларды сол замандағы ақпаратты тасымалдау пошта қызметі арқылы қашықтықтан оқытуды талап еткен. Кейіннен 1920 жылы радионың және 1940 жылы теледидардың дамуына байланысты - оқытудың осы жаңа формасы кең масштабта пайдалана басталды. Қашықтықтан оқытуға деген сұраныс 80 жылдары Интернет желісінің пайда болуынан бастап көбейе түсті. Интернеттің виртуалды өмірінде қарым-қатынас жасауға, ақпараттарды қабылдауға және ғылыми ізденуге мол мүмкіншілік бар. Қазіргі таңда жаңа технологияларды кең көлемде қолдану қолжетімді және арзан болып келеді. Сондықтан да Интернет арқылы қашықтықтан оқыту барлық әлемде дәстүрлі білім бір бөлігі болып саналады.

Сонымен Интернет арқылы қашықтықтан оқыту дегеніміз - бұл білім беру мекемесіне бармай-ақ заманауи оқу-ақпараттық технологиялары және коммуникация жүйелері көмегімен білім алу қызметі. Оның жалпы аудиторияға арналған бағдарламаларға үйреніп, белгілі бір салада өзінің қызығушылық ортасын кеңейтуге болады. Сондай-ак, оқушылар белгілі бір курстарды аяқтап жоғары оқу орнының тиісті дипломын, академиялық дәрежесін немесе сертификат алуға жағдай жасайтын бағдарламалар да бар. Интернет, электрондық пошта, баспасөз материалдарын жіберу, CD-ROM, телефон және Интернет арқылы өтілетін конференциялар, виртуалды бөлмелер мен кітапханалар, факсималды байланыс және ішкі байланыстың белгіленген уақыты: мұның бәрі - қашықтықтан оқытудың элементтері болып саналады.

Қашықтықтан оқыту технологиясының дамуында ерекше орны бар Интернет ара қашықтықты қысқартумен қатар, оқытушы мен оқушыға анағұрлым көп еркіндік береді. Енді білім алушы тапсырмалар және тесттік бақылауларды өзіне ыңғайлы уақытта орындай алады. Оқытушы материал мазмұнын жедел түрде өзгерте алады. Қашықтықтан оқыту технологиясындағы осы және басқа да мүмкіндіктердің дамуы - біздің білім беру жүйеміздің болашағы екенін көрсетеді. Шетелде күндізгі немесе қашықтықтан білім берудің қайсысының дұрыстығы жөнінде сөз де болмайды. Өйткені, басты орында қашан да сапалы білім беру болып қалады.

Қашықтықтан оқыту үрдісінде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

  • тьютор (Tutor) - оқу материалын игеруге бақылау жасауды жүзеге асыратын қашықтықтан білім беру технологияларының оқытушы-консультанты;
  • контент- бұл мәтін, графика, мультимедиа және басқа да ақпараттық толықтырулар жинағы;
  • тьюторлық сыныптар- компьютер, бейне мониторлар, ақпараттық коммуникациялық құралдармен жабдықталған сыныптар.

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы маңызды кезең виртуальдық (синхрондық немесе асинхрондық) өзара іс-қимыл.

Синхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушының нақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады. Бұл үшін қашықтықтан оқыту жүйесінің чаттары немесе бейне конференциялар қолданылуы мүмкін.

Асинхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушы нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған жағдайда жүзеге асырылады, бұл жағдайда қашықтықтан оқытудағы байланыс телеконференциялардың көмегімен, электрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады.

Қашықтықтан оқыту технологиясының түрлері, сипаттамасы

Біздің елімізде қашықтықтан оқыту екі технология бойынша жүзеге асырылады:

  • желілік технология немесе Интернет технология;
  • кейс-технологиясы.

Желілік технология - білім алушылар мен оқытушылар, әкімшілік арасындағы интерактивті өзара әсерлесуін және оқу-әдістемелік құралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген:

- Интернет желісін пайдалану;

- Электрондық поштаны пайдалану;

- Телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану;

- Мультимедиамен жабдықталған, Интернетке шығу мүмкіндігі бар желілік компьютерлік сыныптар.

Кейс-технология (ағылшынның сasе - портфель) - қағаз, электрондық және басқа да тасымалдағыштарда және білім алушылардың өзіндік білім алуы үшін жіберілетін мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдардың жинақтауларын (кейстерді) толықтыруға негізделген технология;

Кейс технологиясы оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады. Кейс-технологияға арналған материалдар түрлері мыналар:

1. Әдістемелік нұсқаулар. Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға оқу жоспарындағы пәндер бойынша электрондық тасымалдауышта (CD-ROM) оқу-әдістемелік материалдардың кешені (кейс) беріледі. Кешенді даярлауда ұжымдық әдістер, жобалау әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістер тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін белсендіруге бағытталады.

2. Жұмыс дәптері.

3. Анықтама.

4. Оқу, аудио, бейне материалдары.

5. Бақылау және емтихан материалдары.

Қашықтықтан оқыту жүйесінде сабақ жүргізу барысы он-лайн режимінде немесе офф-лайн режимінде өткізуге негізделген.

«Он-лайн» режимінде оқу сабағы ақиқат уақыттағы оқу процесінің өзара әсерін қамтиды, яғни бейнеконференция, чат, телефон бойынша байланыс жасау арқылы ұйымдастырылады.

«Офф-лайн» режимінде оқу сабағы білім беру процесі кезінде оқытушы мен білім алушы арасындағы тілдесу асинхронды түрде өтеді (электрондық пошта, кейіннен аралық немесе қорытынды бақылау тапсыруымен, оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулық бойынша жұмысы және т. б. ) .

Сонымен, қашықтықтан оқытудың артықшылығы:

  • Заман талабына сай ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдарды қолдану;
  • Интерактивті әрекеттесу формалары;
  • Сапалы білім алу;
  • Уақытты үнемдеу;
  • Ыңғайлы уақытта оқу;
  • Территориялық шектеулердің болмауы;
  • Денсаулық күйі бойынша шектеулердің болмауы.

Қорыта келе айтарымыз, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдерді, оқушыларды әлемдік ақпараттармен байланысуга, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шындауга зор мүмкіндік алады.

2. АКТ-ның білім беру процестеріне әсері. Қашықтықтан оқытудың маңызы

Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе - білім беру, ғылымды дамыту. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдар коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Қазірг білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі - оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі - ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (бұданкейін АКТ) пайдалану. АКТ - ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ - ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан - жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
Интерактивті тақта;
Мультимедия;
Интернет кеңістігі;
Электронды оқулық.
Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:
Бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру;
Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуғабағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыраалу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;
Оң мотивацияларды қалыптастыру - мұғалімнің кәсіби міндеті. Мотив оқушының танымдық қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік, дағдыны меңгерудегі қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Жағымды жағдай туғызу үшін оқушыны коммуникативтілікке бағыттап, сабақта оқушы іс - әрекеті нынталандыратын ерекше сабақ формаларын таңдау керек. Мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде мұғалімдер оқушылардың жемісті жәнетиімді іс - әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видео сабақтар, интернет сабақ, спектакль - сабақ, саяхат - сабақ және т. б. жатқызуға болады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақта пайдаланудың тиімділігі:
Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;
Ақыл - ойындамытады;
Шығармашылық белсендігін арттырады;
Ұжымдық іс - әрекеткет әрбиелейді;
Тілбайлығын жетілдіреді;
Жан - жақты ізденушілігін арттырады.
АКТ - ның негізгі мақсаты - оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ-ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ-ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылыққа білетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай-ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.
Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарапшығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш-карталарына салып берудің тиімділігін білеміз.
Видео - сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, , т. с. с. ) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео - сабақтар педагогикалық технологияның алға басқантағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз.
Оқытудың АКТ және олардың қолданудың мүмкіндіктері В. С. Герушинский, В. М. Левина, Е. И. Машбиц, Г. Н. Нұрғалиеват. б. ғалымдарының . Аталғанеңбектербілім беру процесінде АКТ-ны қолданудың психологиялық, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсетеді.
АКТ білім мен , әртүрлі күрделі деңгейде ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арадақолжеткізуге, қолайлы жылдамдық пен бірнеше реет қайталап отыруға мүмкіндік береді. Білім беру процесінде табиғи және дәстүрлі лабораториялық жағдайда кейде қолжетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, мотивацияны жоғарлататын материалдарды жақсы меңгеруге көмектесе алады.
Қорыта айтқанда, АКТ-ны білім беру процесінде қолдану білімнің жаңа сапалық деңгейіне қолжеткізеді, өйткені бұл потенциалдық мүмкіндік АКТ-нің мәнінде жатыр.

2. Білім беру қызметтерінің кешені ретінде жүйені жобалаудың негізгі принциптері

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік жоспары, ұлттық үлгісі қалыптасуда. Осыған орай білім алушылардың тұлғалық дамуына бағытталған жана оқыту технологияларының бірі бұл жобалық оқыту әдістері. Жобалап оқыту кредиттік оқу жүйесінің талабына сай, қазіргі заман түрғысынан қойылып отырған міндеттерге жауап бере алатын, бүгінгі күн үдерісін толық аяқтай алатын оқыту жүйесі.

Жобалау-бағдарлы оқыту технологиясының әдістері проблемалық әдіс, іздеу, коммуникативтік, зерттеу, рефлексивті және презентативті сияқты әртүрлі әдістердің жиынтығын қамтиды. Бүгінгі таңда жобалау-әртүрлі салаларда қолданылатын зияткерлік қызметтің ең көп таралған түрі.

«Жоба» латын тілінен аударғанда «алға тасталған» дегенді білдіреді, ал қазіргі түсінікте жоба - бұл қандай да бір қызмет түрінің немесе объектінің прототипі. Жобалау технологиясы теорияның және тәжіриберің байланысын қамтамасыз етеді. Бұл ретте жобалық оқыту тек қана дайындық процесін ғана емес, сонымен қатар студенттің қызметінің соңғы нәтижесін бағалауға мүмкіндік береді .

Жобалық технологиялардың келесі ерекшеліктерін анықтаймыз:

1. Маңызды мәселе - ақпараттық, зерттеу, практикалық (себебі мәселе нақты себеппен немесе әрекетке итермелейді) ;

2. Жобаның ерекшелігі-ақпаратты іздеу ғана емес, шығармашылық (яғни шығармашылық және зерттеу қызметі) ;

3. Студент үшін жобаның нақты практикалық мақсаты болуы тиіс, ол таңдалған проблеманы шешуге бағытталуы тиіс.

«Экономикалық негіздері», «Экономика және құқық негіздері», «Статистика», «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» пәндерін және басқа да экономикалық пәндерді оқыту кезінде проблемалық әдістемесіз мүмкін емес. Жобалық оқыту технологияның әдістерін қолданудың арқасында студенттер проблеманы жақсы тұжырымдайды, гипотезалар ұсынады, көпшілік үшін нәтижелерді талдау және қорытынды жасау қиындық соқтырмайды. Жалпы алғанда, проблемалық көзқарасты, нақты айтқанда, проблемалық оқытудың «проблемалық жағдай», «оқу проблемасы», «проблемалық міндет» негізгі санаттарын қолдану кезінде біз студенттердің экономика негіздеріне және басқа да экономикалық ғылымдарға белсенділігінің күшеюін және танымдық қызығушылығының артуын, олардың өз бетінше білім алу мен шығармашылыққа деген өз ұмтылысын дамыту ниетін атап өттік .

Проблемалы оқыту білім алушының проблемалық жағдайларды жүйелі түрде қалыптастыра отырып және білім алушылардың оқу мәселелерін шешу бойынша қызметін ұйымдастыра отырып, ғылымның дайын қорытындыларын меңгерумен олардың өзіндік ізденіс іс-әрекетінің оңтайлы үйлесімін қамтамасыз етеді

Проблемалы оқытудың мәні білім беру үдерістері субъектілерінің рөлін түбегейлі өзгертуден тұрады: бұл жағдайда білім алушының негізгі функциясы оқу проблемалы жағдайларды құруда, ал білім алушы студенттердің қойылған проблеманы табысты шешу үшін жетіспейтін оқу ақпаратын дербес іздеудегі функциясы болуы тиіс.

Бүгінгі таңда жекелеген отандық ғалым-педагогтарды, психологтарды зерттеуде «оқу проблемасы» және «оқу-проблемалық міндет» ұғымдары синонимдер ретінде пайдаланылады. Сондықтан оқу мәселесі деп меңгерудің логикалық-психологиялық қарама-қайшылығы, ақыл-ой ізденісінің бағытын анықтайтын, белгісіз тұлғаның мәнін зерттеуге (түсіндіруге) қызығушылықты оятатын және жаңа ұғымды және іс-әрекеттің жаңа тәсілін меңгеруге апаратын форманы түсіну керек. Оқу проблемасының көрінісі проблемалық (іздеу) танымдық міндет, проблемалық сұрақ, проблемалық тапсырма болуы мүмкін (теориялық немесе практикалық) . Оқу проблемасының барлық аталған формаларын студенттерге кез келген оқу пәнін оқытуда, сонымен қатар студенттердің өзіндік жұмысы үшін қолдануға болады (және қолданылады) . Осыған байланысты студенттердің оқу орындары ішіндегі және оқу орындары арасындағы ғылыми-практикалық конференцияларға, олимпиадаларға, сондай-ақ эссе, рефераттар, курстық жұмыстар мен жобалық тапсырмаларды орындаудағы қатысуы туралы айту жеткілікті. Экономикалық пәндер блогын оқыту кезінде анықталған оқу-танымдық проблемалар мен оларды шешу тәсілдерінің жіктелуін келтіреміз

Оқу-танымдық мәселелер мен оларды шешу тәсілдерін жіктеу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХИКАЛЫҚ ТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 7 ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары. Кезеңдеп оқыту технологиясы
Шетел тілін қашықтықтан оқыту технологиясы
Музыка сабағында қашықтықтан оқытудағы компьютерлік технологиялар
Қашықтық оқыту технологиялары
ЖОО СТУДЕНТТЕРІН ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ - ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУДІҢ НЕГІЗІ
Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Қашықтықтан оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру
Электронды оқыту және қашықтықтан оқыту технологиялары
Қазіргі ақпараттық технологиялардың маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz