Күлтегін жырының көркемдік ерекшелігі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі
Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Күлтегін жырының көркемдік ерекшелігі
Орындаған: Жаңабай Ақнұр Нұрисламқызы
Тобы : КЯ 20-1
Қабылдаған : Абдуалиева Жазира Бегадиловна
2022 жыл
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І Күлтегін жырының мазмұны мен тарихы
1.1Күлтегін жырының жалпы мазмұны , жазылу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ..5 1.2 Орхон ескерткіштерінің фольклорлық тұрғыдан зерттелуі ... ... ... ... ... ... .8
ІІ Күлтегін жырының көркемдік ерекшеліктері
2.1 Күлтегін жазбасындағы эпикалық дәстүр көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2 Көркемдік тәсілдеріндегі ортақ қолданыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Кіріспе
Бұл курстық жұмыста Күлтегін жырының көркемдік ерекшелігі қарастырылады .
Тарихында сыр, даласында жыр өрнегі өріліп жатқан киелі қазақ елі мәден мұраларға кенде емес. Сан ғасырлардың торабынан бұзылмай сақталған ескерткіштерімізде қаншама. Сайын даланың тарихынан сыр шертетін сондай ескерткіштердің бірі Күлтегін ескерткіші болса керек. Аталмыш ескерткіште түркі жұртының баһадүр батырлары Күлтегін, Бумын мен Істеми қағандардың ерліктері жазылған. Бір заманда түркілер мекендеген Улан-Батор қаласынан 400 шақырым, Хашат сұмын орталығынан батыс солтүстікке қарай 15 шақырым жердегі кең жазықты Көшө-Цайдам деп атады. Күлтегін кешені осы жерде салынған [1,37б].
Тасқа қашалып жазылған ескерткішке тек түркі жұрты ғана қызыға қарап қоймай, барша әлем бұл ескерткіштің шынында ерекше екенін тілге тиек етіп, жан жақты зерттеуге кіріскен. Алғаш рет Күлтегін ескерткішін 1889-жылы Ресей зерттеушісі Н.М.Ядринцев тауып әлем жұртшылығына жария етті. 1890-жылы фин зерттеушісі А.О.Гейкель, 1891-жылы В.В.Радлов бастаған Орыс Ғылым академиясының экспедициялары ескерткіш орнатылған жерге барып, жазуды өз көздерімен көріп, тексеріп қайтады да, Күлтегін, Білге қаған кешендеріндегі тас мүсіндердің сызба суретін, ұстындағы мәтіннің эстампаж көшірмесін жариялайды. 1902 жылы Учжоудағы ағылшын консулы К.Кэмпбелл Күлтегін ескерткішіне бірсыпыра зерттеу жұмысын жүргізеді. 1909 жыл француз саяхатшысы Ля Кост келіп тексереді. Күлтегін кешеніне 1912 В.Л.Котвич пен Г.И.Рамстедт те мықтап назар аударды. 1858-жылы Моңғол-Чех біріккен экспедициясы Күлтегін кешеніне қазба жұмысын жүргізіп, оның нәтежиесін моңғол археологы Н.Сэр-оджав, чех зерттеушісі Л.Йисл жариялады [1,37 б].
Қазақ ақындары да бұл игілікті жұмысқа ден қоя бастаған тәрізді. Мұның куәсі ретінде Жұлдыз журналының 1970 жылғы 3-санында ақын Қадыр Мырзалиев аударып жариялаған Күлтегін жырының үзіндісін атауға болады. Бұл табиғаты жағынан әсілі ақындық тәсілден туған еркін аудармаға жатады. Десе де Қ.Мырзалиевтың аудармасы өте сәтті шыққан. Сондықтан да ескерткіштің эпикалық сарыны бүгінгі оқушыға дәл жеткен. Ақындық шабыттан туған бұл аудармадан ежелгі жырау Йоллығ-тегіннің қол таңбасын да, ұлылығын да танығандаймыз [4,40 б].
Қазақтың халық ақыны ғалым Олжас Сүлейменовтың көне мұра жөнінде 1980 жылдары Моңғолияға әдейілеп барып, көне ескерткіштегі жазуды өз көзімен көргенін және жазудың біраз бөлігінің бүлінгенін байқап, Моңғолияның мәдениет Министріне кіріп ескерткіштерді ашық аспан астында қалдырмауды өтінген. Бұл өтінішті Мәскеуге де, Алматыға да жеткізгендігін айта келе Енді міне, сол арманымыз іске асып отыр. Бабалар рухы өз елімізге оралды. Шын мәнінде ешбір халықта жазу мәдениеті қалыптаспаған кездің өзінде біздің бабаларымыз өз тарихын тасқа қашап жазып кеткен - деп, түркі тіліне жатқызуға қимаған Еуропалықтардың пікірін дәлелдеді [5]
Зерттеу өзектілігі : Жұмыс барысында көне түрік жәдігерліктерін зерделей отырып, Күлтегін жазбасының шағын фольклорлық жанрлармен байланысы, көркемдік тәсілдеріндегі ортақ қолданыстары, Күлтегін жазбасындағы эпикалық дәстүр көрінісі, Орхон ескерткіштерінің фольклорлық тұрғыдан зерттелуі идея мен композициялық құрылымын ашуға жіті көңіл бөлінді.
Мақсаты : Көне түркі жазба ескерткіштерін әдебиеттің басқа жанрларымен салыстыра отырып қазақ ауыз әдебиетінің мұраларымен, оның ішінде батырлық жырлармен байланысын, ұқсастығын айқындау, тілдік ерекшеліктерін, құрылымын, қолданысын көрсету диплом жұмысының басты мақсаты мен міндеті болып табылады..
Курстық жұмысты орындау барысында келесідей тұжырым айтылады :
-Күлтегін жырының жалпы мазмұны , жазылу тарихы - сипаттамаланды;
- Орхон ескерткіштерінің фольклорлық тұрғыдан зерттелуі -мазмұндалды;
- Күлтегін жазбасындағы эпикалық дәстүр көрінісі - сипатталынды.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І Күлтегін жырының мазмұны мен тарихы
1.1Күлтегін жырының жалпы мазмұны , жазылу тарихы
Күлтегін Құтылықұлы (684-731) - екінші Шығыс Түркі қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, Көк түркінің көк семсері атанған атақты батыры. Моңғолша Тэнгри деп аспанды айтады. Оған хөх (көк) деген ұғымды қосады. Оның сыры Моңғолияның табиғатында жатыр. Бұл өлкеде жылдың 365 тәулігінің төрттен үшінде көк аспанды бұлт шалмайды. Халықтың Көк Тәңіріне құлшылық ететіні осыдан болар. Бұл біздің ата-бабаларымыздың ежелгі мекені. Олардың көктүріктер атануы да содан болса керек. Түркілер Халқы үшін түн ұйықтамай, күндіз отырмай, қара терін төгіп, қызыл қанын ағызып жүріп елін ел еткен батыр ұлдарын Көктің ұлы деп атаған. Солардың бірі - Күлтегін.
Көк түркілер ұлдары ішінде Күлтегін сияқты атаққа лайықтылары өте көп. Олардың алдыңғы қатарында алғашқы Түркі қағанатын құрған Бумын қаған, түркілердің батыс шебін Сырдария, Темір қақпаға дейін жеткізген Естеми қаған, түркілерді табғаштардың (түркі-қытай аралық некеден туған билеушілер) құлдығынан құтқарып, Шығыс Түркі қағанатын құрған Күлтегіннің әкесі Құтылық (Елтеріс) қаған, ағалары Могилян (Білге қаған), Бек - Чор (Қапаған) қаған және басқалар жатады .
Күлтегін 684 жылы қазіргі Моңғолияның Орхон өзені бойында тоғыз оғыздардың жерінде туған. Тоғыз оғыздар - қазіргі қазақтың Орта жүзі құрамындағы керейлердің арғы аталары. Әкесінен жастай жетім қалып, ағасы Қапаған қағанның және дана Тоныкөктің тәрбиесінде өскен Күлтегін тым ерте есейіп, қабырғасы қатып, бұғанасы бекімей жатып, жау жарағын асынып, түркі еліне тұс-тұстан анталаған басқыншы жауға қарсы үлкендер қатарында тұрып, ерлікпен күреседі. Бұл ретте түркінің атақты Білге қағаны Күлтегін батырдың басына қойылған ескерткіш тасқа ойып жаздырған ғұмырнамасында Әкем қаған өлгенде інім Күлтегін жеті жаста қалды. Он жаста Ұмай текті шешемнің бағына інім Күлтегін ер атанды, - деп жазды. Міне, осыдан былай Күлтегіннің ерлік жолы басталады. Ағасы Білге қаған және Тоныкөкпен бірге Күлтегін 712-713 жылдары түріктердің әскерін соғды еліне бастап келіп, оның билеушісі Гуректі жақтап, араб қолбасшысы Кутейба ибн Мүсліммен соғысқан. Одан жеңіліс тауып, кері шегінеді. Шегіну кезінде Күлтегін үлкен жасақпен кейін қалып, негізгі күшті қорғап қалды. 714 жылы Білге қаған мен Күлтегін бірлесіп, қарлұқтар мен олардың одақтастарына соққы берді. 715 жылы Күлтегін азарларды Қаракөл өзені төңірегінде ойсырата женді . [1,427 б]
Тарихи деректер сол кездегі ел тәуелсіздігін сақтап қалу жолында болған қырғын соғыстардың бірде біреуінің Күлтегінсіз өтпегенін тамсана баяндайды. Бұл туралы Күлтегін жазуында нақты белгіленген. Тас жазудың авторы Иоллығтегін Күлтегін ерлігін былайша тізбелейді: Он алты жасына келгенде ... алты чуб, соғдыларға қарсы аттандық. Күлтегін жауға жалғыз ұмтылды. Табғаш Он тутықты қарулы басшыларымен қолға түсірді. Ол әскерді сонда талқандадық. Жиырма бір жасында Чача Сеңұнмен айқастық. Күлтегін әуелі Тадықан шораның боз атын мініп шапты. Ол ат сонда өлді. Екіншісінде Ышбар Жамтардың боз атын мініп шапты. Ол атта сонда өлді. Үшіншісінде Сілікбек тегіннің торы атын мініп шапты. Ол ат та сонда өлді. Күлтегіннің сауытына, қалқанына жүздеген оқ тиді. Бірақ, бірі де денесіне дарыған жоқ. Күлтегін жиырма алты жасқа келгенде қырғыздарға қарсы аттандық. Күлтегін Байырқының ақбоз айғырына мініп, шабуылға ұмтылды. Бір батырын оққа ұшырды, екі батырын найзамен түйреп түсірді. Ақбоз айғырдың белі үзілді. Қырғыз қағанын өлтіріп, елін алдық... Тоғу қаласында шайқастық. Күлтегін азбан ағын мініп ұмтылды. Алты батырын шаншып түсіріп, жетіншісін қылышпен шапты. Тоғыз батырын қуып жетіп, тақымға басты... Оғыздармен соғыстық, Күлтегін жетімек ақты мініп шауып, тоғыз ерін шанышты... Түргеш халқы жау болды. Күлтегінді шағын қолмен жібердік. Жойқын соғыс жасапты. Қара түргеш халқы сол жерде өлім тауыпты... [2, 437-б.]
Шығыста - татабылар, қидандар, солтүстікте - қырғыздар мен аздар, батыста - түргештер, басмылдар мен соғдылар түгелдей Қапаған қаған басқарған қағанатқа бағынды. Алайда, рулық-тайпалық бөліністе өмір сүріп үйренген түріктер, отырықшы қытайға бағынбай тәуелсіз ел болу үшін көшпенділерді күшпен біріктіруге мәжбүр болып отырған Қапаған қағанның көреген саясатын түсіне алмады. 711 жылдан бастап қарлұқтар, аздар және ізгілдер оған қарсы көтерілді. Оларды біртіндеп ұйғырлар, байырқулар және манчжур-тұңғыс тілінде сөйлейтін, түріктерге жау қидан және татабы тайпалары қолдады. Осындай дүрбелеңде 716 жылы Қапаған қаған байырқулардың көтерілісін басып, қайтып келе жатқанда аңдаусызда тосқауылға тап болып, қайтыс болады.
Енді билік кезегі Құтылықтың ұлдары - Могилян мен Күлтегінге келеді. Екеуі де хан тағына мұрагер болатын. 21 жастағы жас батыр Күлтегін әкенің қаған тағын ағасы Могилянға ұсынып, оны Білге (данышпан, білгір, парасатты) қаған деп лауазымдап, Түркі мемлекетінің қаған тағына отырғызды. Өзі елінің сол қанатының билеушісі және Түркі мемлекетінің әскери бас қолбасшысы болып тағайындалды. Түркі мемлекеті үшін бұл өте ауыр кезең қазіргі Моңғолияның Орхон өзені бойындағы Білге қаған ескерткішіндегі мына жазулардан айқын аңғарылады: ... Түркі халқының атақ-даңқы өшпесін деп Тәңірі мені қаған отырғызды. Ең болмаса, дәулетті халықты билемедім. Іші ассыз, сырты тонсыз, әлсіз, нашар халықты басқардым. Інім Күлтегінмен, екі шад, інім Күллі - Чормен ақылдастым. Әкеміз, ағамыз иелік еткен халықтың атақ-даңқы өшпесін деп, түркі халқы үшін түн ұйықтамадым. Күндіз отырмадым. Інім Күлтегінмен бірге, екі шадпен бірге өліп-талып иелік еттім... Ебтегі халықты өз ішінен жауластырмадым (от-су қылмадым). Мен өзім қаған болып отырғанда жер-жерден босқан халық жаяу, жалаңаш, өліп-жітіп қайта келді. Халықты көтерейін деп терістікте оғыз халқына, ілгері қытай (қидан), татабы халқына, түстікте табғачқа қарсы он екі рет аттандым. Одан соң Тәңірі жарылқап, құт-бағым бар болғандықтан, өлімші халықты тірілттім... Аз халықты көп қылдым. Ығыр елдікті, ығыр қағандықты игі (тыныш) еттім. Төрт тараптағы халықты бағындырып, бейбіт еттім, жаусыз қылдым. Көбі маған кірді.[3, 63-64-б ]
Күлтегін - Қытай қоластындағы Шығыс Түркі қағанатын қайта қалпына келтіру үшін қол бастаған қаһарман, аруақты әскербасы болды. 718 жылы қас жауы табғаштар шабуылын тоқтатты. Қағандық шамамен 721-722 жылдары Қытайға, шамамен 722-723 жылдары татабыға жорықтар жасаған. Осыдан соң Таң империясы амалсыздан Білге қағанмен бейбіт келісімшарт жасауға мәжбүр болды. Мұның өзі шын мәнінде Қытай тарапынан Түркі қағанатының дербес, тәуелсіз мемлекет ретінде мойындалуы еді. Осының нәтижесінде 722 жылдан 741 жылға дейінгі жиырма жыл бойы халық бейбіт өмір сүреді. Білгенің қаған, Тоныкөктің кеңесші, Күлтегіннің әскербасы болып 15 жыл билік құрған шағы қағандықтың гүлденген дәуірі еді . [4, 25-б ]
Әкесі Құтылық қаған екінші Шығыс Түркі қағанатының іргесін қалап, шаңырағын көтерсе, артында қалған екі баласы - үлкені Білге қаған ел бастап, кішісі Күлтегін қол бастап, сол қағанаттың айбынын асырып, мерейін тасытқан. Ағайынды екі ұлан ақыл қосып, бірге қимылдап, бірі - елінің алтын тұтқасы, бірі - айбарлы асыл тірегіне айналады (А.Сейдімбек). Ажал жетіп, сол асыл тірек 731 жылы ақпан айының 27-і күні 47 жасында дүние салғанда Ұлы Дала күңіреніп, төрткүл дүниеден түгел елшілер келіп, Күлтегін рухына тағзым еткен. Оны жерлеуге татабы елінен Удар Сеңүн, табғаштан Ісуйі Лікен, Тибеттен Бөлен, алыстағы Соғдыдан, Бұқарадан Тархан ұлы Нең Сеңұн, оғыздан Білге таңбашы, қырғыз қағанынан Тардуш Ынаншы Чур, тағы басқа көптеген белгілі адамдар келген (Айбын, 427-б.). Қайғыдан тек дос елдер ғана емес, қастарының да қабырғасы қайысты. Білге қаған інісінің басына жоқтау-жыр жолдарын жаздырып, құлпытас орнаттырған.
Тарихнамада Түркі мемлекеті 552 жылы құрылып, 745 жылы ыдырады деген дерек бар. Аспан астында мәңгілік ештеңе жоқ. Түркі қағанатының ыдырауы да заңды. Бірақ, екі ғасыр өмір сүрген бұл қағанаттан тасқа басылған сөз қалған. Соның елеулісі - Күлтегін жыры. Жырды жаздырған - Иоллығтегін. Жыр Күлтегін батырға арналған. Күлтегін - Білге қағанның інісі. Иоллығтегін - Білге қағанның баласы. Бастарынан бақ, дәулет тарқамаған бұлар - ұлы әулеттің ұрпақтары. Иоллығ - есім болса, тегін таққа мұрагер деген ұғым береді. Демек, ол - тек, жыршы, ойшыл ғана емес, тақ мұрагері, саяси қайраткер. Ертедегі түркі мәдениетін зерттеуші ғалымдардың пікірінше, Иоллығтегін 739 жылы өз ажалынан қайтыс болған. Ал, жырды 732 жылы жазған (Ғ.Есім).
Көне жазба ескерткіштердің ішінде нақты фактілерге негізделген Күлтегін тарихи жәдігерінің үлкен жазуы 428 өлең жолынан тұрады. Бұл жырдың ерекшелігі - осы жыр бір-бірінен толық дербес тұрған алты хикаядан, яғни, алты оқиғадан құралған деуге болады. Бірінші хикая - түркі халқының ұлы ата-бабалары туралы, екінші хикая - түркілерді табғаштардың бағындырып алғаны жөнінде, үшінші хикая - Елтеріс қағанды сипаттауға арналған, төртінші хикая - Қапаған қаған туралы, бесінші хикая - Білге қағанды жыр еткен, алтыншы хикая - Күлтегін туралы жыр. Жазбада бірнеше оқиға бірінен кейін бірі хронологиялық нақтылықпен жалғасын тауып отырады. Онда Бумын қаған, Естеми қаған, Елтеріс қаған, Білге қаған, Күлтегін ерліктері уақыты жағынан кезек-кезегімен, өмірдегі билік құру уақытымен кезеңдестіріліп баяндалады. Жазба ескерткіштегі тағы бір назар аударарлық тұс - өмірде болған Күлтегін батырдың ерлігінің дәріптелуі. Түркі халқының басына күн туғанда Күлтегін сияқты ердің жауға қарсы аттанғандығы, кімдермен, қанша жасында, қандай ат мініп айқасқанына дейін дәлме-дәл көрсетіледі. Бұл баяндардан байқайтынымыз - Күлтегін батырдың өмірде болған адам екендігі, сол кезде өмір сүрген халықтардың нақты аттары, жер-су аттары жиі кездеседі (Б.Жақып).
Күлтегін жырын алғаш оқыған дат ғалымы В.Томсен Тәңір, түрік деген екі сөзді ажыратқан. Сөйтіп, ұмыт болған көне мәдениет нұсқасы қайта жаңғырғанда қазақтар өздеріне жақын сөздер - Тәңір, түркі, бек, бай ұғымдарымен қайта кездесті. Бұл - түркі мәдениеті мен қазақ мәдениетінің үзілмеген сабақтастығының белгісі (Ғ.Есім). Күлтегін ескерткішінде ғасырлар бойы нұр шашып тұрған негізгі жауһар ой, асыл идея - түркі халқын ауызбіршілікке, ынтымаққа шақыру, ата-баба дәстүрін берік ұстау болса керек.Сол ескерткіштің ғылыми көшірмесі бұл күнде тәуелсіз еліміздің астанасында, Еуразия ұлттық университеті бас ғимаратының төрінде тұр. Батыр бабаның бақытты ұрпағы күн сайын ескерткіш қасына келіп, ұлы ерлікке тағзым етеді.
1.2 Орхон ескерткіштерінің фольклорлық тұрғыдан зерттелуі
Орхон ескерткіштері тіл, тарих мұрасы ретінде толық тексерілгенімен, жанры әлі тиянақты айтылған жоқ. Бұл мақсат маңызды мәселені шешу түркологияның қазіргі таңдағы кезек күттірмейтін жауапты міндетінің бірінен саналады.Орхон жазбаларынан әдебиеттің белгісін танып, оның фольклорлық өлеңдік қасиетіне мән берген ғалымдардың бағалы сөздері ертеде шыққан кітаптардан да кездеседі.
Мәселен, түрік халықтары өлеңінің құрылысын алғаш жете зерттеген ғалымдардың бірі, Ф.Караш өзінің "Древнейший народный стих турецких племен" (СПБ, 1909) деген әйгілі еңбегінде Орхон жазулары мен түрік халықтары өлеңінің арасындағы ырғақ сәйкестігіне назар аударған еді.
Зерттеуші Фалеев: халық эпосы шығармаларын Орхон жазуларымен салыстыру әбден орынды деген өте құнды пікір айтады.Күлтегінге арнаған ескерткішті өлең тексіне алғаш жатқызған кісінің бірі - А.Бернштон. Ғалым өлең деп тануын танымағанмен, өз ойын нақты дәлелдей алмаған да, соның алдарынан үміт сәулесіндей осы бір құнды пікір кезінде түркологтар қолдау таппаған. Ескерткішті тек лингвистикалық тұрғыдан зерттеген П.Мелиоранский мен С.Малов секілді көрнекті ғалымдар өз еңбектерінде руналық жазулардың тілінде баяндау стилінде өзгеше жатықтық бар дегенді айтады.
Міне 1950 жылдардың ортасына дейінгі Орхон ескерткіштерінің сипаты, жанры жайындағы ой-пікірлер осындай болатын.
Орхон жазуларының жанрлық табиғаты туралы түркологияда қазір қарама-қайшылық екі түрлі көзқарас қалыптасып келеді. Оның бірі А.Щербактың, екіншісі И.Стеблевоның есімімен байланысты.
А.Щербак былай деп жазады: "Өзінің сипаты жағынан да бұл жазцларды ақындық шығармаға жатқызуға болмайды" Басқаша айтқанда, Щербак Орхон ескерткіштерін әдебиет үлгісіне үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, түрік қағанатының қысқаша, дәл тарихи деректер жиынтығы деп қарайды.
Осы айтылған пікірді тарихшы Л.Гумилев қуаттайды: И.В.Стеблева моногрофиясында Күлтегін мен Тоныкөктің құрметіне арналған жазуларды өлеңге жатқызып және оны тарихи поэма ретінде дәлелдеуге әрекеттенген. Автордың сонысына қарамастан, біз одан өлеңге ең қажетті нәрсе - ырғақты таба алмадық. Сол себептен де "сипаты жағынан бұл жазуларды ақындық шығармаға жатқызуға болмайды" деген А.Щербактың тұжырымына қосыламыз дейді зерттеуші Л.Н.Гумилев.
Қазақ әдебиетінде өзге халықтар творчествосында кездесе бермейтін шешендік сөздер деп аталатын қызық жанр бар. Соның қай үлгісін алсаң да өмірдің шындығына құрылған, ешкім өзгерте алмайтындай асыл жолдарды көресің. Тыңдайсың да, халық жасаған ғажап өнерге ғашық боласың.
Шынында да, Орхон жазулары әдеби мұра ма? Болса, оның қай үлгісіне жатпақ? И.Стеблеваның пікірінде қаншалықты қисындылық бар? Міне, бұл сауалдарға жауап берудің жалпы түрк халықтары әдебиеті үшін, оның ішінде қазақ әдебиеті үшін үлкен мәні бар.
Егер халқымыздың ерлік дәстүрлерін көркем образдарға ұластырған қазақ жастары мен Орхон жазуларының арасындағы табиғи туыстық айқындай алсақ, онда заты қазақ өленінің ең әдепкі үлгілері хақында нақтылы сөз етудің мүмкіндігі туатыны да ақиқат.[5, 7 6].
VI-VIII ғасырлардағы халық фольклорында эпостық поэзияның Орхон ескерткіштерінде жазылып қалған ең ертедегі ақындық тәсілдері мен дәстүрлері белгілене бастаған. Бұл поэзияның Орхон ескерткіштерінде Күлтегін мен Білге ханның басындағы құлыптастарына жазулардан көруге болады. Бұл жазулардың тексті эпостық әңгіме стильнде жазылған. [6, 117 б].
Ғалымның Орхон ескерткіштерінен ақындық тәсілдері де, дәстүрді тауып, оларды жанры жағынан ерлік жырына жатқызып отырғанын осы мысалдан көруге болады.Заманымыздың әйгілі жазушысы, ойшыл академик М.Әуезов ХХ ғасырдың түркологтары бас қосқан мәслихатта мынандай құнды пікір айтады.
Орхон жазулары деген не?
Бұл күні бүгінге дейін оларды тіл ескерткіші ретінде зерттеп жүр. Соған қоса фольклордың мейлінше көне үлгілерінің де ескерткіштері емес пе? Сол жазулар да эпостық аңыздардың шағын да ықпал ықшам желістері бар ғой. [7-143 б ].
Ғалым дәл осы жерде Күлтегін мен Тонкөкке арналған руналық ерлік жырының белгілерін айқын тауып отырған жоқ па?
Орхон мұраларын зерттеуші ғалымдардың оның әдеби сипатына ерекше мән берге М.Стеблеваның жоғарыда келтірген тұжырымдарын ескермеуі өте өкінішті- ақ. Біздің ғасырымыздың елуінші жылдарына дейін түркологияда Орхон ескерткіштерінің табиғатына жақын пікір айтқан бірде-бір зерттеуші болған жоқ. Жүздеген жылдар бойы тек тілдік, тарихи мұра ретінде зерттеліп келген Орхон жазуларынан әдебиет сипатын тану, сөз жоқ, ғылым әлемінде үлкен жаңалық еді.Сондықтан да Орхон ескерткіші жанры туралы мәселені күн тәртібіне алғаш қойған ғалымдар. Демек, Л.Гумилев те көне руналарды жыр емес, түрк халқы тарихының қысқаша шежіресі ретінде танып отыр. Бұл пікірді біз қостай алмаймыз. Көне түрк руналарын өлең жолына түсіріп, ақындық өнердің үлгісі деп танып, алғаш рет композициялық, жанрлық, стильдік тұрғыдан тексерген И.Стеблеваның монографиясындағы батыл да бағасы тұжырымдарды ескеру қажет деп тапты.
Ғалым былай деп жазады: тұған елінің тәуелсіздігі мен құлдыққа қарсы күресін, халқына және оның ерлеріне деген сүйіспеншілігін ақындық шабытпен жазған Орхон текстерін жалаң тарихи деректемелерге жатқыза қоюға болар ма екен? Керсінше, белгілі бір ақындық дәстүрдің ортасында тұған осы жазуларды тарихи-ерлік поэма деп тану әлдеқайда орынды болар еді. [5,61 б ].
Біз И.Стеблеваның осы пікіріне, негізінен қосыламыз бір-ақ ғалым айтқандай ағыл-тегіл жырға жата ма? Орхон жырлары тек өлеңге құрылмаған, жоғарыда айтқанымыздай, арасында қара сөз араласып келіп отыратын өзіміздің "Аспалық, Қобланды" тәрізді этикалық жырларды еске салады. Мәселен, "Күлтегінің қоң йыққа иіті йігірмек учды. Токузинч ай йеті отузқа йоқ ертүртіміз. Барқын, бедізің, бітіг таш(ын) бечін йысқа йітінг ай иіті отузқ қой алқады мыз. Күлтегін өл (ліп), құрқ артұқ (ы) йіті йашық булыт". Жаңашасы: "Күлтегін қой жылы он жетінші күні өлді. Тоғызыншы айдын жиырма жетісінде жерледік. Мазарын, ою-орнегін, жазба тасын мешін жылы жетінші айдын жиырма жетісінде аяқтадық. Күлтегін өлгенде қырық жаста еді" тәрізді жолдарды зорлап өлең жасау еш қисынсыз.
М.Әуезов пен Әлкей Марғұлан деп есептеліп, И.Стеблева болса осы зерттеушілердің концепциясын тұнғыш рет дәлелдеуші ретінде тануы тиіс деді М.Жолдасбеков [8, 4 6] (Тастар сөйлейді).
Түрік қағанатының тарихын Күлтегін мен Тоныкөкке арналған жазулармен салыстырудың нәтижесі ескерткіш авторының алдында әдеттегідей тарихи жүйелеуден гөрі әлдеқайда бөлек, әлдеқайда биік міндет тұрғандығын көрсетеді. Басқаша айтқанда, Орхон жазуларының авторларын жолақ тарихи фактілер емес, белгілі бір идеяға арқау бола алатын тарихи оқиғалар қызықтырған тәрізді.
Түрколог-тарихшыларымыздың біразы С.Клешторный, Л.Гумилев тарихи оқиғалар дәл, алайда жеткіліксіз деген пікірде айтқан руналық жазулардың әдебиет үлгісіне жататындығынан ғана халық тарихын ежегей-тежегей баяндамай, оның ең қажетті, тартымды деген сәттерін ғана сұрыптап алып суреттейтінін ескермеген. Екіншіден, егер біз Орхон жазулары сөз етіп отырған фактілер жайында ертеректе жазылған мәліметтерден бұрын-сонды оқып білмеген болсақ, онда ескерткіштеріміздегі там-тұмдап қана берілген сорақы тарихи деректерден жарытып ештеңе түсінбеген болар едік.
Сол себепті Орхон ескерткіштерін жалаң тарихи шектілер тізбегі деп қарамай, түрік халқының ізгі-арманын, кескілескен соғысып, айбынды батырларын өзгеше әуезбен жыр еткен ерлік эпосының ең әдепкі үлгісіне жатқызу орынды.
Сондықтан да бір кездерде эпостық дәстүрі айырықша дамыған халқының бай мұрасы мен Орхон ескрткіштерін салыстыра зерттеудің ерекше мәні бар. Өйткені Орхон жырларын зерттеу проблемасын жалпы әдеби процесімізден бөліп қарауға болмайды. Қайта біз халқымыздың тарихи өткенін, рухани өсуінен мол мағлумат беретін шығарманы терең зерттей түссек, сонда бұл шығармалар эпикалық мәдениетіміздің көп сырларын ашуға мүмкіндік береді.
Басқаша айтқанда, эпостарымыздың жасау процесін, оған қоса ғасырлар құрдымынан бүгінге дейін үзілмей жасалып келе жатқан жаңа дәстүрді дәлелдей алатын болыңыз. Қазақтың ұшақ-теңіз эпикалық жыр дәстүрінің қайнар бұлағын, оның сарқылмас көрінісін ендігі жерде біз солардан іздеуге тиіспіз. [8,72-73]. М.Жолдасбеков.
Осы уақытқа дейін қазақ эпосының тууы жайындағы қортындылар тұспалдап қана айтылып келсе, Тоныкөк, Күлтегінге арнаған жырлардың зерттелуімен байланысты бұл мәселені нақты дәлелдермен толықтауға мүмкіндік алатын боламыз.

2.1 Күлтегін жазбасындағы эпикалық дәстүр көрінісі
Күлтегін жырындағы эпикалық дәстүрді қарастыру мақсатында Көне түркілердің шынайы көне тарихы мен тасқа қашап жазылған дастандарды өзара салыстыра отырып, Күлтегін жәдігерліктер жылнамасы емес, сол дәуірдің өзіне тән поэзиялық дәстүрімен жазылған әдеби үлгілер деген түйін жасаймыз Н.Келімбетов. Осындай ойдан кейін мына пікір соның дәлелі шынын айтқанда, - деп жазды А.Н.Веселовский, батырлардың ерлігін жазған эпостар халықтың қалыптасуымен қатар туа бастаған. Тарихи кезеңдердің елеулі тұлғалар төңірегінде неше түрлі өлеңдер құрастырылып, солардың негізінде бүтін цикл жасалған деп атап көрсеткен. Бұл көрсетілген циклдар бойынша топтаманы түрколог ғалым Н.Келімбетов үш циклға бөліп көрсетеді.
Қазақ эпосының тууы жайында академик Қ.Жұмашевтің мынандай пікірін келтірейік: Қай елдің эпосы болмасын, белгілі бір оқиғаның ізін баса туғанға ұқсайды және ол бір жылдың бір күннің жемісі емес, халықтың басынан өткен талай заман, талай ғасыр, талай тартыстың нәтижесі
Қазақтың осы күнгі рулық құрылысы кезінде: үйсін, қаңлы, қоңырат, керей, қыпшақ заманында әр рудың өз істерін ерлікке айналдырып жыр еткен қысқа көлемді жырлар екені сөзсіз.
Демек, А.Веселовский айтқандай, ерлік жырлары халықтың қалыптасуымен бірге қатар туған болса, "Күлтегінге арналған жыр, дәл осылай түрік халқының қалыптасу кезінде жазылған. ҮІ-ҮІІІ ғасырлардың түрік қағанаты астына топтасқан үйсін, керей, қаңлы, найман, жалайыр, алшын руларының мұралары еді деген тұжырым жасайды"- М.Жолдасбеков 3,48.
Сол себепті біз қазақ эпостарының әдепкі арналары түрік қағанатының кезінен басталады дейміз. Қырғыз әдебиетіне қатысты бұл пікірді академик М.Әуезов баяғыдан-ақ айтқан болатын.
Түрік рулары мен қағанатының тілсіз таста қалдырған осынау жорықтары қырғыздың сол кезіндегі эпостық аңыздарының тууына ықпал жасаған. Егер мұндай ескерткіштер қара тастан ойылып, қашалып тұрып жазылған болса, сол жырлардың ауызша айтылып таралған әрі бұдан да толық нұсқалары болуы мүмкін. Егер мұндай жыр аңыздарды оғыздар, түргештер және басқа да тайпалар шығара алмаған болса, сондай аңыздарды сол дәуірде, тіпті ІХ ғасырда емес, ҮІ-ҮІІІ ғасырда соншалықты бұғауда болған, халықты қорғаушы батырға әсіресе, ділгір болған қырғыздар қайтіп шығармайды? ...Эпостың туу дәуірін айқындап, анықтағанда осындай жәйттерді ескерту қажет" деп атап көрсетті М.Әуезов Уақыт және әдебиет атты еңбегінде. Бұл пкірге біздің жылдардың берер бағасы құнды.
Осы айтылғандардың бәрі де тегі бір түрік тілдес халықтар эпосының, оның ішінде қазақ эпосының тууына қатысты екені сөзсіз. Түрік руларындағы Азман атты Күлтегін, қыпшақтағы Тайбурылды Қобыланды, Қоңыраттағы Байшұбарлы Алпамыс жалпы түркі халықтарының М.Әуезов айтып отырғандай қаһарманы еді 8,41 б М.Жолдасбеков. "Тастар сөйлейді" атты еңбегінде "Сөз тапқанға қолқа жоқ" деп, қашанда тұрлаулы сөздің мінін тосып оған төрелік беретін, өлмес-өшпес мол жырлар тудырған қазақ халқы ежелден-ақ шешен сөйлеген.
Халқымыздың осы жыршылық, шешендік қасиетін ғалымдардың көбі тамсана жазған еді. Соның бірі академик В.Радлов былай дейді: "Қазақ, қырғыз шешен болған, олар түркі тектес басқа халықтардың қай-қайсысынан басым сөзге ұста келеді. Сөйлей тұрғанда кідіру, күрмелу дегенді білмейді... Көп уақытта қазақ, қырғыздың сөзі өлең жыр тәрізді болып келеді; сөздері ырғақты, ұйқасты шығады.
Қазақ, қырғыз халқы шешен, өткір көркем сөзді сүйеді. Поэзияны қадірлейді. Сондықтан оларда халық поэзиясы мейілінше өркендеген. Қазақ-қырғыздың мақал-мәтелі болсын, айтыстары мен билік сөздері болсын бәрі де өлең, жыр болып келеді" В.Радлов айтқан пікір біз үшін құнды.
Орхон ескерткішінің жанрлық ерекшеліктері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама-қайшы екі түрлі көзқарас орын алып келді. Бірі - Күлтегін, білге Қаған, және Тоныкөк ескерткіштері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ. Түрік қағанатының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz