Меншікті иеленудің меншік құқығын қорғау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минмстрлігі

Туран колледжі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Азаматтық құқықтарды қорғау және оларды бұзғаны үшін жауапкершілік

Орындаған: Чүкір Айбұлан

Топ: PR 193

Жоспар:

Кіріспе.

I тарау. Азаматтық құқықтарды қорғау.

1. 1. Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама

1. 2. Азаматтық құқықтарды қорғау ұғымы

1. 3. Меншікті иеленудің меншік құқығын қорғау

1. 4. Субъектиті азаматтық құқықтар. Құқықтарды саралау және қорғау

II-тарау. Азаматтық құқық бұзушылық

2. 1. Азаматтық құқық бұзушылық ұғымы

2. 2. Қылмыс және қылмыстық теріс қылық ұғымдары

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Кіріспе

Азаматтық құқық - бұл Қазақстан Республикасындағы құқық салаларының ішіндегі азаматтар мен заңды тұлғалар, мемлекет және оның әкімшілік бөлінісінің күнделікті өміріндегі қызметімен тікелей байланысты құқық саласының бірі болып табылады.
ҚР-ның қолданыстағы құқықтық жүйесінде азаматтық құқық - құқық салалары деп аталатын негізгі және жетекші буындардың бірі. Басқа да салалар секілді, азаматтық құқық Қазақстан Республикасының Конституциясына сүйенеді, өтйкені оның 1-ші бабы адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары біздің мемлекетіміздің ең жоғарғы құндылықтары ретінде жарияланған.
Республикадағы құқықтың барлық салалары жүйесінде азаматтық құқық тың маңызы, бірншіден, оның реттеу нысанасы болып табылатын қатынастардың шешуші рөліне, екіншіден, оның қолданылу аясының кеңдігіне, үшіншіден, оның жеке адамның мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғаумен ажырамастай байланыстылығы.

I. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ

  1. Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама

Азаматтық құқық дегеніміз - азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.

Азаматтық құқық тың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол -мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз - заттарды, заттар мен өзге де материалдық игіліктерге қатысты құқықтар мен міндеттерді иелену және пайдалану жөніндегі қатынастарды мүліктік деп түсінеді. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар -материалдық игіліктермен(мүлік, ақша, құнды қағаз, қызмет көрсету және т. б. ) байланысты қоғамдық қатынастар. Әдетте мүліктік қатынастар объектісін ақшамен бағалауға болад. Мысалы, сату - сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді -мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.
Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдық меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды.
Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады.
Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын - мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтірілген зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де, азаматтық құқық тың нормалары істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді (зиян келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен жөбірленушінің материалдық жағдайын және т. 6. ) .
Жеке өмірге, тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлік беделге қолсұқпаушылық екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады.
Реттеудің азаматтық-құқықтық әдісі заңды тараптардың теңдігін, құқық бұзушылық кезіндегі жауапкершіліктің мүліктік және өтемақылық сипатын, сотқа жүгіну арқылы жүзеге асатын құқық қорғаудың айрықша әдісін білдіреді. Бұл әдіс ор деп аталады. Бұл тараптардың теңдігін, әрекеттің тәуелсіздігін, қарым-қатынастың еріктілігін білдіреді.
Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар туралы келіседі жене бұл әрекеттерді келісімшарт түрінде рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда ол мәселелер сот арқылы шешіледі.

Азаматтың құкықтың қағидаларына:

• тараптардың теңдігі;
• шарт еркіндігі және таңдау құкығы;
• еркіндік;
• меншікке қол сұкпаушылык;
• біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы;
• азаматтык құкықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы;
• бұзылған құқыктарды калпына келтіруді қамтамасыз ету;
• азаматтық-құқықтык қатынасқа катысушылардың құқықтарын сот арқылы корғау жатады.
Аталған қағидаларды азаматтық құқыктың барлық қатысушылары басшылыққа алуы тиіс, өйткені олар әрбір адам өмірінің негізін қалаушы мәнге ие.

Азаматтық құқық тың жүйесі

Азаматтык құқықты қолдануды жеңілдету үшін оны жалпы және ерекше бөлімдерге бөледі. Азаматтық құқық тың жалпы бөліміне жалпы ережелерді реттейтін нормалар жатады. Олар: келісімшарт, меншік құкығы және міндеттемелік құкығы.
Ерекше бөлімді, негізінен, нақты катынастарды реттейтін нормалар құрайды. Олар - айырбас, жалға алу, сатьш алу-сату, интеллектуалдық меншік, авторлық құкык және өсиетнама.

Азаматтық құқық тың қайнар көздері
Азаматтық құқық тың қайнар көздеріне мыналар жатады:

• Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция меншіктің түрлі нысандарын калыптастыру үшін жеке меншікке байланысты катынастарды, оның ішінде мүліктік катынаспен байланысты жеке мүліктік емес түрлі катынастарды реттеу негізінде енгізілген

6-бапта:
1. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады жене бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс.
2. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.
З. Жер мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде және жеке меншікте де болуы мүмкін» деп жария етілген.

• Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтық құқық тың негіздері жүйесіндегі ерекше орынға ие. Бұл заңда азаматтық-құқыктық катынастардың негіздері, азаматтық құқыктың негізгі институттары т. б. жағдайлар нақты баяндалған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 1994 жылы 27 желтоқсан күні қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда заңдық күшіне енген, ал Ерекше бөлімі 1999 жылы 1 шілдеде заңдық күшіне енді. Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады.
Басқа да заң актілері. Бұған азаматтық қатынастарды реттейтін арнайы конституциялық заңдар мен жай заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің конституцияльщ заң күші бар~және жай заң күші бар жарлықтары, парламенттін және оның палаталарының қаулылары, т. б. жатады.
Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілерге әр түрлі министрліктер, атқарушы органдар, жергілікті органдардың азаматтық қатынастарды реттеуге арналған нормативтік құқыктьщ актілері жатады.
Әдеттегі құқықтар. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 3-бабының 3-тармағында: «Азаматтық қатынастар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген азаматтық заңдарға қайшы келмесе, солармен реттелуі мүмкін» деп көрсетілген.
Халықаралық шарттар (конвенциялар) . Қазақстан тәуелсіз ел ретінде басқа мемлекеттермен әр түрлі шарттар жасасып жатады. Осы шарттардың азаматтық қатынастарды реттеуге қатыстылары азаматтық кұкықтың негіздерінің бірін құрайды. Халықаралық шарттардың еліміздегі ішкі заңдарға карағанда басымдылығы бар. Сол себепті ішкі заңдар халыкаралық заңдарға қайшы келмеуі керек. Егер қайшылық туып жататын болса, халықаралық шарттардың нормалары колданылады.
Сонымен, азаматтық құқық дегеніміз - тараптардың бір-біріне тәуелсіздігіне, теңдігіне негізделген тауар-ақша қатынасы, басқа да мүліктік қатынастарға тікелей байланысты жеке қатынастарды реттеуге арналған қүқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негізгі қайнар көзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі, заңдар, заңға негізделген актілер, әдеттік құқық, т. б. жатады.

1. 2. Азаматтық құқықтарды қорғау ұғымы

Құқықты қорғау. Сөздің кең мағынасында алғанда құқықты қорғау деп- құқықтың жол бұзылуына жол берілмейтіндей жағдай жасайтын Қоғамдыққатынастар тәртібін мемлекеттің қолдауын айтамыз. Қорғау құқығы бұзылған азаматтық құқықтары қалпына келтіруді қамтамассыз ету принципі, оларды сот арқылы қорғау азаматтық заңның негізгі бастауы ретінде айтылады. (АК-тің 2-бабы) .

Қатысушылардың қарауындағы субъективті азаматтық құқықтар тек қана нақты жүзеге асырылуға тиіс емес, сонымен бірге субъективтік құқықтың бұзылуымен пайда болған барлық жоғалтуларды өтеп, қалпына келтіруді, бұзылған құқықтарды түзеуге мүмкіндіктер береді. Бұл тұрғыдан проф. В. П. Грибановтың мынадай пікірі көңілге қонады: «Құқық қорғау сипатының мүмкіндігі оның құқық өкілеттігі ретінде субъективтік материалдық талаптар мазмұнының өзімен негізделеді».

Демек кез келген субъективті азаматтық құқық қорғауға жатады, Сонымен бірге осы құқықты жүзеге асырушысы заңда қаралған құралдардың көмегімен оны қорғауға тиісті құқықты еншілейді.

2. Азаматтық құқықтарды қорғау тәсілдері. Азаматтық кодекстің 15-тарауының шеңберінде азаматық құқықты қорғануды кең мағынадағы меншік иесінің мүддесін қорғаудан айыра білу керек. Кең мағынада меншік иесінің мүддесін қорғау екі нысанға бөлінеді: Юрисдикциялық және юрисдикциялық емес.

Қорғаудың юрисдикциялық түрі деп- субъективті құқықтар бұзылғанда немесе дауға түскенде өкілетті мемлекеттік органдардың оны қорғауға араласуы болып табылады. Құқығы немесе заңдық мүддесі бұзылған тұлға мемлекеттік немесе басқа да құзіретті органдарға (сот, аралық сот, жоғары инстанция және тағы басқа) шағынады, әлгі аталған органдар өз кезегінде бұзылған құқықты қалпына келтіру және бұзушылықты жою үшін өкілеттігіне сай қажетті шараларды қолданады.

Қорғаудың юрисдикциялық нысаны бұзылған құқықтарды қрғаудың жалпы және арнайы тәртібін белгілейді. Жалпы тәртіпке сәйкес заңмен қорғалатын азаматтық құқықтардың мүддесін қорғау сот (төрелік немесе аралық сот) арқылы жүзеге асады.

Азаматтық кодекстің 9-бабы жалпы тәртіппен қатар әкімшілік тәртібін де қарастырған. Әкімшілік тәртіппен жүзеге асырылатын меншік иесінің құқығын қорғау құралы шағым болып табылады, Олқұқық бұзушылық нәтижесінде зардап шеккен құқық иесі мүддесін қорғауға орай тиісті өкілетті органға беріледі.

Кейбір заңдарда аралас, яғни меншік құқығы басқа да заттық құқықтарды қорғаудың әкімшілік сот тәртібін қолданады. Мұндай жағдайда мүліктің меншік иесі мен иеленушісі сотқа шағынбас бұрын мемлекеттік басқару органдарына шағымданады. Қорғаудың юрисдикациялық емес нысаны заттың меншік иесі мен оның иеленушісінің мемлекеттік және басқа да құзіретті органдарға бармай ақ өз бетімен қорғануын білдіреді. Азаматтық кодекстің тұжырымдарында аталған әрекеттер «Азаматық құқықтардың өзін- өзі қрғауы» ұғымымен байланысты. (АК-тің 9-бабы) және меншік құқығы басқа ад заттық құқықтарды қорғаудың бір әдісі ретінде қаралады.

Азаматтық құқықтың өзін өзі қорғауы өзінің заңдық табиғатында құқық қорғау әдісі болып табылмайтын өзіндік нысаның еншілейді деген пікір де бар. Мәселен, проф. А. П. Сергеев қорғанудың дербес түрі ретінде өзін өзі қорғау құқығы сот және әкімшілік нысандарымен бірдей қаралуы керек дейді. Біздің де пікірімізше өзін өзі қорғау құқығына ешкімнің тиіспейтіндігін қамтамассыз етуге, бұзылған құқықты қалпына келтіріп, оның салдарын жоюға бағытталған өкілетті тұлғаның заң немесе шарт негізінде әрекет етугежол берілген азаматтық құқықты қорғаудың дербес нысаны болып табылады.

жоғарыда айтылған құқықтық қорғаудың кең мағынасын меншік құқығын қорғаудың (және басқа да заттық құқықтың ) арнайы құрал жүйесінен айыра білу керек. Мұндай арнайы қорғану құқық бұзушылықтың сипатына байланысты келеді. Меншіктің абсалютті құқығы немесе басқа да заттық құқығы (мысалы, мүлікті алып қою) ретінде тікелей құқық бұзушылық кезінде заттық құқықтық сипаты бар құралдары оны қорғауға кіріседі. Құқық бұзушы мен өкілетті тұлға арасында міндеттемелік қатынас болған ретте (мысалы, жалға алушы шартта көрсетілген мерзімде затты меншік иесіне қайтаруға тиіс болса) міндеттемелік құқықтың қорғау құралдары қолданылады. Міндеттемелік- құқық құралы талап қоюға тән нәрсе, ол бірден меншік құқығынан көріне бермейді, азаматтық құқықтық басқа институттарына негізделеді, яғни міндеттемелік талап қою меншік құқығын тікелей емес, сонында, яғни ақыр аяғында қорғайды. Ал меншік құқығын қорғаудың заттық құқықтық құралы меншік құқығын қорғауға тікелей бағытталуымен сипатталады және қандай да бір нақты міндеттемемен байланыста болмайды. Қазақстан Республикасының заңдары жәбірленушінің құқық бұзушыға қарсы талап қою түрін тандау, мүмкіндігін (айталық, шарттық немесе заттық- құқықтық) бермейді, бұл орайда шет елдегілер «талап қою бәсекесі» деп аталатын жағдайларды қолдамайды.

3. Азаматтық құқықты қорғаудың жаңа құралдары Азаматтық кодекстің 9-10-баптарында қарастырылған. Бұл баптарда бұрын соңды заңдарда қаралмаған жолдары көрсетілген. Мысалы, моралдық зиянды өтеу, яғни тұлғаклардың өзіндік мүліктік емес, иеліктерімен құқықтарының бұзылуын, кемітілуі немесе олардан айырылуы, сонын ішінде жәбірленушінің өзіне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген жан азабы немесе тән азабы. Моральдық зиян ақшалай нысанда төленеді. Екінші бір жағдай, ол мемлекеттік билік органдарының заңдарға сай келмейтін құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекетімен (яки әрекетсіздігімен) келтірілген залалды өтеу механизмі енгізілген (АК-тің 9-бабының 5-тармағы)

4. Азаматтық құқықтық қорғаудың әдістері дегеніміз:

а) иесінің сол затты біреудің заңсыз иеленуінен өзіне зат күйінде қайтарылуын талап етуі (виндикация) ;

ә) иемдену еркінен айырмай- ақ заңды пайдалануға жасалып отырған кедергіні жоюды немесе бүлдірген жағдайда зиянның (шығынның) орын толтыруы (ақшалай құнды өтеу) ;

в) басқа бір адам негізсіз ие болған немесе сақтап қалған, виндикация жолымен немесе зиянның орын толтыру арқылы қайтарып алуға болмайтын заттың құның зат иесіне ақшалай төлеу.

Меншік құқығын қорғаудың алғашқы екі әдісі меншік иесіне затты сол қалпында иелену, пайдалану және билік жүргізу мүмкіндігін қамтамассыз етуге бағытталған. Талап ету, яғни бұзылған меншік қалпына келтіру туралы - затты иесіне қайтару немесе пайдалануға тигізіп отырған кедергіні жою туралы сотқа қойылған талап азаматтық құқық талап деп аталады. Аталған әдістердің соңғы екеуі міндеттемелік құқығына жатады- мұндай жағдай меншік иесіне затты ақшалай ақысы төленеді, ал тиісті талаптар міндеттемелік талаптар деп аталады.

5. Қорғау құқығы проблемасы бұл тек материалдық құқықтың проблемасы ғана емес, ол сонымен бірге азаматық іс жүргізу құқығынын проблемасы болып табылады. Сонымен бірге азаматық іс жүргізу құқығы ғылымында қорғау құқығы, әдетте, талап қою құқығы туралы мәселеге келіп тіреледі. Бұл орайда талап қоюға құқық туралы мәселені шешуде айтарлық алшақтық туындайды.

Авторлардың бір тобы талап қоюға берілетін құқық ұғымынан келіп талап қою «құқықты сотпен қарау құралы болып табылады» деген пікірге тоғысады.

Мұндай көзқарастар континенталды құқықтың талап қою теориясы үшін де сипаты жағынан сай келеді. Франция ғылымы Леон Жюлио де ла Морандер осыған байланысты былай дейді: «талап арыз тұлғаның нақты құқықтық жағдайын немесе жаңа заңдық жағдайы құруы үшін сотқа сот әділдігін жүзеге асыруға жәрдемдесетін, ерікті, заңдық әрекет болып табылады, . . талап қою дегеніміз- оны беру құқығын еншілейтін иеленушінің өзіне тиесілі сотқа жүгіну құқығынан басқа ештеңе емес». Лео Розенберг (ФРГ) болса, «талап қою- сот шешімі арқылы құқықты қорғау үшін сотқа жүгіну» деп анықтама береді.

Осы анықтамалардың қай- қайсысы да талап қоюды белгілі бір тұлғаның тиісті мүддесіне қатысты сот шешімімен болатынның айқындап берген Рим құқығының анықтамасымен сәйкес келеді.

Авторлардың енді бір тобы талап қоюға құқықты материалдық мағынада және талап қоюға құқықты іс жүргізу мағынасында бөліп қарау керектігін ұсынады. Бұл орайда талап қою құқығына қатысты проблемаларды зерттеген авторлардан талап қоюды материалдық- құқықтық және іс жүргізу (процессуалдық) нысандарын бірлікте қарауы көнілге қонады. Сондықтан да В. П. Грибанов құқықты қорғау проблемасы тек талап қою қорғау нысанымен шектелмейтіндігін және талап қоюдан басқа да қорғау түрлерінің бар екендігін көлденен тартады.

Меншік құқғын қорғаудың тиімді құралын іздестіруде заңдық рәсімдерді жеңілдетуге деген ынта күшейе түсті. Қазақстанда талап қоюға байланысты жалпы іс жүргізу тәртібі өте мөте ауқымды болғанын айта кеткен жөн. Сондықтан ад азаматтық сот құқықтық рәсімдері арқылы іс жүргізу, әсіресе бұйрық арқылы іс жүргізу (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 13-тарауы), ықшамдай түсу сотпен қорғау ісінің тиімділігіне жағдай жасайды. Әдебиеттерде қарағанда, көптеген елдерде бұйрық арқылы іс жүргізу бар екендігін көреміз, айталық, ол көне рим, ағылшын, басты герман және швед үлгілері түрінде кездеседі. Мысалы, рим құқығында сот бұйрығының болмысы преторлық қорғау нысанында болды, претор өтініш берушінің тілегі бойынша қандай да бір әрекеттерді тоқтататын болған, бұл орайда ол өтініш берушінің бұзылған мүддесін ескерген. Мұндай үкім интердикты деп аталады. Ал герман құқығында да шарт қойылған және сөзсіз сот бұйрығы бар. Мысалы, оның соңғысы соттың бұйрығынан немесе тыйым салуынан көрінеді, онда жаапкердің қойылған мәселе бойынша ақталуына жол бермейді. Ондай бұйрфықтарды беру жауапкерді шақырмай- ақ және оның түсңіндірмесін тындамай-ақ талап қоюшының бір жақты өтінішімен жүзеге асырылады.

Бұйрық бойынша іс жүргізу Қазан революциясына дейінгі ресейлік сот жүргізілуде болған. Кейін, РСФСР- дің 1923 жылғы азаматтық іс жүргізу Кодексінде (210-219-баптары) сот бұйрығының ресімі енгізілген еді. Бірақ 1964 жылы қабылданған Қазақ КСР азаматтық іс жүргізу Кодексінде ондай институт түбегейлі алынып тасталды.

Венгрияда сот бұйрығы 1972 жылы енгізілді, ал Чехияда ол төлем бұйрығы деп аталды. (АІЖКА-ның 172-174-баптары), чек және векселдік бұйрықтар түрінде белгілі болды.

Сот бұйрығы институтына жасалған талдау қорғаудың сот құрамы тұрғысынан азаматтық құқықтар мен заңмен қорғалатын мүдделерді қорғауда сот қаулысының мұндай ерекше түрі қорғаудың тиімді құралы екендігін көрсетіп отыр.

Қазақстан Республикасының АІЖК-нің 139-бабына сәйкес сот бүйрығы былайша айқындалады: "өндіріп алушыньщ ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе жылжымайтын мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойьшша шығарылған судьяның актісі болып табылады".

6. Заң бойынша қоргау объектісі тек қана субъективтік азаматтық құкықтар ғана емес, сонымен бірге ол зандармен қорғалатын мүдделердіде қамтиды. Қорғалатын мүдделер субъективтік кұкыққа байланысы жок дербес түрде бола алады. Мысалы, оған адамның ар-намысы мен абыройы жатады. Қорғауға жататын мүдде күкық бұзушылык нәтижесінде субъективтік қүкықтың өзі тоқтатылған жағдай да болуы мүмкін. Мысалы, зат жойылып кеткен кезде оған меншік құқығын қорғау мүмкін болмай қалады. Мұндай жағдайда бұрынғы меншік иесінің заңмен қорғалатын мүддесін қорғау және мүліктік жағдайын қал-пына келтіру мәселесі қойылуы мүмкін. Демек, заңмен қорғалатын мүдде корғаудың дербес объектісі ретінде жиі кездесетінін байқаймыз.

1. 3. Меншікті иеленудің меншік құқығын қорғау

1. Заттық қүқыкка талдау жасағанда ез ерекшелігімен және сипатымен оқшауланатын иеленуді қорғау жөніндегі талап қою екеңдігін көрсетеді. Бүған теориялық дәлелдеме ретінде Римнің жеке қүқығы тарихында: " . . . затқа меншік нақты иеленуден шыққан", - деген үғым бар.

Ал ондай иелену қайдан шығады деген орынды сұрақ туындайды. Отырықшылык, қоныстану иелену терминіне балама бола алады.

Сонымен иелену мен иеленуді қорғау меншіктің заттық

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
Меншікке жалпы сипаттама
Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды иелену
МЕНШІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ ЖЕКЕ
Азаматтардың меншік құқығы
Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі
Заттық құқық
Азаматтық құқықтарды қорғауды зетрреу
Пайдаланудын өкілеттік құқығы - затты пайдалануға құқықты қамтамасыз ететін меншік құқығы субъектісінің өкілеттілігі
Меншік құқығы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz