Зат есімнің жекеше және көпше өзгеруі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

Кейс

Тақырыбы: Зат есімді оқыту әдістемесі

Орындаған: Бектасова Балнұр Мұратқызы
ТП-18-2к1
Қабылдаған: Нурбекова Аида Муратбековна

Мазмұны
І. Кіріспе
Зат есімді оқыту әдістемесі
ІІ. Негізгі бөлім
1. Зат есім туралы жалпы түсінік беру.
2. Жалқы және жалпы есімдер
3. Зат есімнің жекеше және көпше өзгеруі
4. Зат есімнің тәуелденуі
5. Зат есімнің септелуі
6. Жақ ұғымының әдістемесі
7. Жіктік жалғаудың мәні, қызметі, әдістемесі.
ІІІ. Қосымша тапсырмалар
Жаттығу жұмыстары
Сәйкестендір
Тест тапсырмасы
Ребус
Сөзжұмбақ
Кім зерек? тапсырмасы

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе
Зат есімді оқыту әдістемесі
Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін, әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.
Мысалы:құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады.
Құрылымы жағынан зат есім жалаң да, күрделі де болады.
Жалаң зат есімдер екі салаға бөлінеді: біріншісі - түбір зат есімдер, екіншісі - туынды зат есімдер.
Түбір зат есімдер деп қазіргі кезде тиісті морфемаларға (түбірге және жұрнаққа) бөлшектенбейтін, тек бір ғана түбір морфема (сөз) ретінде қабылданатын заттық атауларды айтамыз.
Туынды зат есімдер деп қазіргі кезде түбір морфемаға және қосымша (жұрнақ) морфемаға бөлшектенетін, демек, түбір сөзден жұрнақ арқылы жасалған заттық атауларды айтамыз.
Күрделі зат есімдерге кемінде екі я онан да астам түбір морфемадан құралған формалар жатады. Ондай зат есімдер қазіргі қазақ тілінде төрт түрлі:
Біріккен зат есімдер,
Қосарлаған зат есімдер,
Тіркес (құрама) зат есімдер,
Қысқарған зат есімдер.
Зат есімдер лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тәсілдер арқылы жасалады.
Лексикалық тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге байырғы зат есімдер, сондай-ақ, басқа тілдерден енген зат есімдер, бастапқы семантикалық мағынасы не кеңею, не тартылу, не ауысу арқылы туған жаңа зат есімдер мен өзге сөз таптарынан субстантивтену арқылы пайда болған зат есімдер жатады.
Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге кемі екі я онан астам түбірлердің бірігуі, қосарлануы, тіркесіп құралуы, қысқарып құралуы арқылы және лексикалану негізінде пайда болған күрделі зат есімдер жатады.
Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге зат есімнің өзінен, өзге сөз таптарынан тиісті жұрнақтар арқылы туған туынды зат есімдер жатады.
Мысалы: атшы, басшы деген туынды зат есімдер ат, бас деген зат есім түбірлерінен жасалса, атшылық, басшылық деген туынды зат есімдер атшы, басшы деген зат есім негіздерінен (туынды зат есімдерден) жасалған. Ал, жақсылық, үлкендік деген зат есімдер -лық (-дік) жұрнағы арқылы жақсы, үлкен деген сын есімдерден туған.
Сондай-ақ, егін, сауын туынды зат есімдері ек, сау деген етістік түбірлерінен жасалса, олардан -шы (-ші) жұрнағы арқылы егінші, сауыншы деген туынды жаңа зат есімдер жасауға болады т. б.

ІІ. Негізгі бөлім
Барлық тақырыптарды саналы түрде меңгеру үшін ең алдымен зат есімді толық түсініп алу қажет. Ақыл ойы кем оқушылардың ойлау ерекшеліктері заттарды абстрактылы түрде түсінуін қиындатады. Олар ақыл, жылдамдық, ұят, ыстық, суық т.б. сөздерді зат есімге жатқызбайды. Ережелерді қалыптастыру бір жақты түрде меңгеріледі (зат есім Кім? Не? сұрағына жауап береді.) Олар зат есімнің сөйлемдегі синтаксистік рөлін қабылдамайды. Жаңа сабақты өтпес бұрын, мұғалім ескерту немесе басқа да қиындықтарды жеңу негізінде білімді қалыптастыру қажет. Ең алдымен бастауыш сыныптарда өткен материалды қайталау қажет. Оқушылар барлық ережелерді меңгеруге қиналатындықтан, әр ереже бөлімі талқыланады (көмекші мектепте оқытудың ерекшелігі). Морфологиялық және синтаксистік білімді меңгеру негізінде, мұғалім сөйлем ішінен заттың атауын білдіретін сөздерді табуын сұрайды және заттың атын білдіретін сөздер зат есім екендігі туралы түсінік қалыптастырады. Бұл термин қайталанып, дәптерге жазылады. Содан соң мұғалім оқушыларға зат есімдерге сұрақ қоюын сұрайды және мынадай қорытындыға келеді: зат есімдер кім және не сұрақтарына жауап береді.
Содан соң оқушылар жаттығумен жұмыс жасайды (көшіру, сөйлемді талдау т.б). Зат есімдерге байланысты дәлелдемелер келтіріп, зат есімдер қандай сұрақтарға жауап беретінін айтады.
Бұл жұмыстың барлығы келесі қорытындыға келеді: заттың атын білдіріп, кім, не сұрағына жауап беретін сөз табын зат есім дейміз.
Сөйлемдегі зат есімдерді тез табуын қалыптастыру және ережелерді терең меңгеру үшін оқушыларға келесі жоспарды пайымдау ұсынылады:

Көмекші мектепте берілген тақырып бойынша туындайтын себептердің бірі бір оқушының өзен,көл атауларын, село және қала, кітаптар кинофильмдер, спектакль т.б атауларын нашар білу болып табылады. Сондықтан мұғалім қиындықтарын алдын алып, оларды болдырмауға тырысу үшін, оқушылардың жеке ерекшелігін ескеріп, жеке ықпал ету мүмкіндіктерін ұйымдастыру.
Үлгерімі жоғары оқушыларға келесі мәтінді ұсынуға болады: Қазақстан жері арқылы көптеген өзендер ағып өтеді:Еділ,Есіл,Алакөл,Балқаш т.б.
Үлгерімі төмен оқушыларға жеңілдеу мәтін ұсынған жөн: Біздің жанұямызда төрт адам бар. Анамның аты-жөні - Салтанат Маратова, әкемнің аты-жөні - Берік Сағатұлы, ағамның аты-жөні - Еркін Берікұлы және мен Майра Берікқызы.
Оқушылар мәтінді оқып, адам аттарын, өзен көл,қала атауларын тауып, олардың неліктен зат есім екендігін түсіндіреді. Ал мұғалім жалқы есім туралы түсінік қалыптастырады. Жалқы есімді меңгергеннен кейін, оқушылар бір қорытындыға келеді: адам аты-жөндері, қала,өзен-көл, село, ауыл атаулары жалқы есім болып табылады.
Осыдан кейін жалқы есім туралы түсінік қалыптасады. Оқушылар оқыған кітап,газет,журналдарын атайды.
Мұғалім оқушылар назарын жалқы есім бас әріппен жазылатындығына аударады және қалған зат есімдер жалпы есім болып табылатындығын хабарлайды. Жалқы және жалпы терминдері дәптерге жазылады.
Бұл тақырыпты бекітуге әр түрлі жаттығулар бар: теріп көшіру, терме диктанты, шығармашылық жұмыстар т.б. Осы жұмыстарды басқа да әдебиеттерден де алуға болады.

Төменгі сыныптарда оқушылар міндетті түрде көп зат және аз зат түсінігімен танысады. Олар бір заттың атауы және бірнеше бірдей заттарды атаулары бойынша сөз дифференциациясы бір және бірнеше зат белгілері т.б.жайлы жаттығуларды орындайды. Бұл білімдер берілген сабақ тақырыбының негізі болып табылады. 5-сыныпта зат есмінің көпше және жекеше түрін табу үшін мәтін бойынша бақылау жүргізеді. Оқушылар мәтіннен зат есімдерді теріп жазып,анықтайды. Мысалы, көлік-көліктер, машина-машиналар, қағаз-қағаздар, ара-аралар, көл-көлдер, ит-иттер, құс- құстар.
Сол бағандағы сөздер бір зат, оң бағандағы сөздер бірнеше сөздер екендігі туралы оқушылар қорытынды жасаған соң мұғалім сол бағандағы сөздер зат есімнің жекеше түрі, оң бағандағы сөздер зат есімнің көпше түрі екендігін айтады.
Көпше және жекеше деген сөздерді қолданумен бірге аз және көп ұғымдарымен сәйкестендіру грамматикалық терминдерді саналы түрде меңгеруге алып келеді. Осындай жұмыстан кейін оқушылар төмендегідей сұрақтарға жауап беруге дайын болады:
1. Зат есімнің неше түрі бар?
2. Зат есімнің түрлері қалай аталады? (жекеше және көпше)
3. Жекеше түрдегі зат есім неше затты білдіреді? (екі немесе бірнеше)
4. Көпше түрдегі зат есім неше затты білдіреді? (екі немесе бірнеше)
Алтыншы сыныпта зат есімнің тек қана жекеше немесе көпше түрде қолданылуымен танысады. Бұл тақырып бойынша жұмыс қазақ тілінде жиі кездесетін сөздердің қолданылуын таныстырады, сөздердің қолданылуын кеңейтіп, белсендіріледі.
Берілген тақырып бойынша келесі жаттығуларды орындауға болады:
1. Зат есімдерді теріп жазу. Зат есімнің қанша және қандай түрде тұрғанын анықтау;
2. Көпше түрде берілген зат есімдерді жекеше түрге ауыстыру;
3. Берілген зат есімдерді түр бойынша өзгерту: мысалы, арық..., бұлбұл..., ағаш..., құмырсқа..., қанат.., дос...
4. Зат есімдерді жекеше түрде жазу. Мысалы, орманда саңырауқұлақтар,жиделер,өсімдіктер.
5. Зат есімдерді кім немесе не сұрағына жауап беретіндей етіп өзгерту. Зат есімнің түрлерін анықтау.
6. Сөздерді үш бағанға жазу.
тек жекеше түрде қолданылатын зат есімдерді жазу.
тек көпше түрде қолданылатын зат есімдерді жазу
жекеше және көпше түрде қолданылатын зат есімдерді жазу.
7. мағынасына сай зат есімдерді қою және қай түрде қолданылатынын анықтау.
8. Белгіленген зат есімді өзгерту, сөйлемдерді көшіріп жазу.
Оқушылар сабаққа дайындалып жатыр. Оқушы сабаққа дайын. Қыздар кесте тігіп жатыр. Қыз кесте тігіп жатыр.
Оқушылар зат есімнің көпше, жекеше түрін анықтап, өз жауаптарын дәлелдей алуы тиіс. Жазбаша талдау мынандай түрде берілуі мүмкін:
Құс-зат есім, жалпы есім Алматы-зат есім, жалқы есім.
Сонымен, зат есімнің жекеше немесе көпше түрлерімен танысқан оқушылар болашақта септік жалғауларын дұрыс жазу дағдыларын қалыптастырады.
Қазақ тілінің өзіне тән ерекшеліктерінің бірі - зат есімнің тәуелденіп жұмсалатындығы. Сондықтан зат есімнің тәуелденуі оның жалғаулары, тәуелдік жалғаудың меншікті мәні мен үш жақ бойынша түрленетіні көрнекілік, бақылау, салыстыру тәсілдері мен оқытуды қажет етеді. Тіпті "тәуел", "тәуелді", "тәуелсіз" деген сөздердің ұғымын түсіндіруге де әдейі назар аударған жөн. Демек, әрбір грамматикалық терминнің мәнін таныту үшін оның тақырыбының мағынасын бірден дұрыс түсіндірмесе болмайды. Әйтпесе оқушы білімі жаңсақ не қарадүрсін түрде қалыптасады. Сонда шамамен "тәуел−меншікті, тәуелсіз− меншіксіз(ерікті)" деген ұғымға келетінін мысалдармен таныту керек. Ол үшін оқушыға таныс заттың аты әрі тәуелденгенде түбірдің соңғы дыбысы өзгеріске ұшырамайтын сөз атау күйінде алынып, сол сөзге тәуелдік жалғауын жалғап, екі күйді де тақтаға жазып, салыстырып, байқатылады. Мысалы, ат, қалам, сия, дәптер, қол, терезе, ат−атым, қалам−қаламым, сия−сиям... содан барып - ым, −ім, −м тәуелдік жалғаулары менікі деген меншіктілік ұғымды білдіріп тұрғаны анықталады. Енді бұл меншік бірінші жақта, яғни сөйлеп тұрған кісінің өзіне тиісті затты көрсетіп тұрғандығы ескертіліп, әлгі сөздердің алдына "мен", "менің" деген жіктеу есімдіктерін қойып айтып бақылату керек.
Мен ат−менің атым, мен қалам− менің қаламым. Сонда - ым, −ім, −м жалғауларының тәуелдікті көрсететін мәні айқындалады. Одан әрі тәуелдеудің екінші, үшінші жақта "сен,ол" сөздерімен байланысты айтылуы, одан кейін жекеше, көпше түрлері оқып, жазып үйреніледі. Ең соңында тәуелдік жалғауға байланысты емле ережелерінің кейбір түрлері қарастырылады. Мәселен, сөз аяғындағы "к", "қ", "п" дыбыстарының дауысты дыбыстан басталатын (ым, ім, ың, ы, і) қосымша жалғанғанда ұяңға айналып, "г, ғ, б" болатыны, жазуда сол өзгеріс ескерілетіні таныстырылады. Құлақ−құлағым, жүрек−жүрегім, кітап−кітабым (ІІ−ІІІ жақта да байқатылады). Жинақ таблица жасатылады. Орыс тілінен енген сөздің аяғында жіңішкелік белгісіне қос дауыссыздың біреуі сөзге тәуелділік жалғауын жалғағанда, түсіріліп айтылып және солайша жазылатыны ұғындырылады. Мұның өзі ілгерінді ықпал заңының жазуда ескерілетіні жөнді, практикалық түрде таныстыра бастағандық, сол ережені меңгеруге дайындық болады.
Зат есім тақырыбындағы әрі тыңнан оқып үйренілетін әрі күрделі тарау - септік жалғаулары. Программа септік жалғаудың мәнін сұрауларын, жалғауларын және сөздің септелуіне байланысты емле ережесін үйретуді талап етеді.
Оқулық материалы әрбір септікті бөлек−бөлек параграфта алып, олардың сұрақтарын тізім түрінде көрсетеді. Септік жалғауларының атау тұлғалы сөзге жалғанғанын айтады. Ал, кейбір жалғаулардың барыс, табыс, жатыс септік тәуелденген сөзге жалғанатын түрлері де беріледі.
Осы арада тәуелді жалғаулы сөздердің де атау тұлғалы сөзге жататынын мұғалім ескергені жөн. Сонда тәуелді сөздің септелуі де "септік жалғаулар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөз таптарын оқыту әдістемесі
Ағылшын тілінде зат есімдердің жекеше түрлерінің мағынасы
Зат есімдерді жекеше түрде жазу
Етістікті тіркестер
Грамматикалық категория туралы түсінік
Грамматикалық категория
Ағылшын тіліндегі тарихи морфология
Әр түрлі тілдерде грамматикалық жақ категориясы
Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың сөйлеуінің морфологиялық жағын дамыту құралы ретінде ойындардың тиімділігін теориялық негіздеу және эксперименталды түрде тексеру
Зат есімнің көптік тұлғада қолданылуы
Пәндер