Беттердің рет саны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институт
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

6В01301 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
білім беру бағдарламасының студенттері үшін

Қостанай, 2021
ӘЗІРЛЕУШІ

Кушмурзина Д.Х.
аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі

ҚАРАЛДЫ

Әдістемелік нұсқау кафедраның отырысында қаралды
(хаттама № __ ____ _____20___ж.)

Кафедра меңгерушісі ______________ п.ғ.к. Ли Е.Д.

МАҚҰЛДАНДЫ және ҰСЫНЫЛДЫ
Әдістемелік нұсқау факультеттің әдістемелік бюросымен мақұлданды және ұсынылды
(хаттама № __ ____ _____20___ж.)

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Курстық жұмыс (жоба) - оқу қызметінің маңызды түрі және мамандық профилі немесе пән бағдарламасы бойынша университет студенттерінің өз еркімен таңдап алған және оған жетекшісі ұсынған ғылыми зерттеу болып табылады.
Курстық жұмыстың (жобаның) орындалу мақсаты:
1) мамандық бойынша теориялық білімі мен практикалық шеберлігін жүйелеу, бекіту, кеңейту және оларды нақты ғылыми, техникалық, экономикалық, өндірістік және мәдениеттік міндеттерді шешуде қолдану;
2) өздік ғылыми жұмыстардың жүргізу дағдыларын дамыту, ғылыми зерттеудің заманауи әдістерін меңгерту, қарастырылатын мәселелер мен сұрақтарды шешуде эксперимент жасау;
3) студенттердің өздік жұмыстарға қазіргі өндіріс, ғылым, техника, мәдениет жағдайында дайындығы, сонымен қатар олардың кәсіби кұзыреттілік деңгейін анықтау.
Курстық жұмыс (жоба) тиісті ғылым саласының нақты мамандығының өзекті мәселелерін өз еркімен меңгеру және зерттеу нәтижелерін қорыту.
Курстық, дипломдық жұмыстар (жобалар):
1) мақсатты бағыттылықты;
2) нақты құрылымды;
3) берілген материалдың логикалық сабақтастығын;
4) зерттеудің тереңдігі мен сұрақтардың толық түсіндіруін;
5) дәлелдеуіді сеңдіруін;
6) тұжырымдамалардың дәлдігі мен қысқалығын;
7) жұмыс нәтижелерін баяндау нақтылығын;
8) қорытынды дәлелдігі мен негізделген ұсынымдарың;
9) талапқа сәйкес рәсімделуін қамтылуы тиіс.
Ол өндіріс, білім, ғылым және мәдениеттің нақты міндеттері мен мәселелерін есепке алып отыру керек.
Курстық жұмыстың (жобаның) тақырыбы, ғылыми жетекшісі кафедра отырысында бекітіледі.
Курстық жұмыстың (жобаның) тақырыптары түлектерді даярлайтын кафедра әзірлейді. Тақырыптар тізімі жыл сайын жаңартылып тұрады.
Бекітілген тақырыптар ішінен тақырып таңдап алуына студенттерге құқық беріледі. Студент өзінің де тақырыбын ұсына алады.
Бір тақырыпты екі студенттің таңдауы мүмкін емес, әр студенттің жұмыс тақырыбы дербес болуы керек. Зерттеу нысандары әр түрлі болғанда ғана тақырыптың тұжырымдамалары бірдей болуы мүмкін.
Курстық жұмыс (жоба), ҚА жұмысы бір ай басталар бұрын, міндетті түрде Антиплагиат жүйесінен тексерістен өтуі керек.
Курстық жұмыстың (жобаның) мамандық бойынша әдебиеттерді (оқулықтарды, оқу құралдарды, монографияларды, периодикалық әдебиеттерді, дәріс курстарды, журналдарды, оның ішінде шет тілдегі нормативтік әдебиеттер және т.б.) терең зерттеліп орындалады.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ (ЖОБАНЫ) ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫН ДАЙЫНДАУ, КЕЛІСІЛУ ЖӘНЕ БЕКІТІЛУ ТӘРТІБІ

Курстық жұмысты (жобаны) орындауға арналған әдістемелік нұсқауды кафедраның пән оқытушысы дайындайды, кафедра мәжілісінде талқыланады және кафедра меңгерушісі қол қояды.
Курстық жұмысты (жобаны) орындауға арналған әдістемелік нұсқау университеттің Оқу-әдістемелік Кеңесінде бекітіледі.
Курстық жұмысты (жобаны) орындауға арналған әдістемелік нұсқау кафедрада пәннің оқу-әдістемелік кешенінде сақталады.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ (ЖОБАНЫ) ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУҒА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ
Курстық жұмысты (жобаны) орындауға арналған әдістемелік нұсқау жойылғанша немесе жаңасымен алмастырылғанша күшін сақтайды.
Курстық жұмысты (жобаны) орындауға арналған әдістемелік нұсқауға өзгерістер кафедра меңгерушісінің көрсетуімен енгізіледі. Өзгертулер енгізу тәртібі жұмыс нұсқауларын келісілу тәртібімен бірдей.
Курстық жұмысты (жобаны) орындауға арналған әдістемелік нұсқауға енгізілген өзгертулер негізгі мәтінімен бірге кафедрада сақталады.

ЖАУАПКЕРШІЛІК
Дайындалған курстық жұмысты (жобаны) орындауға арналған әдістемелік нұсқаудың мазмұнына және талаптардың орындалуына оны дайындаған пән оқытушысы, кафедра меңгерушісі жауапты.

КІРІСПЕ

Жоғары оқу орындарының жұмыс оқу жоспарларында пән бойынша студенттердің курстық жұмысты жазуы (орындау) қарастырылған. Бұл әдістемелік нұскау студенттердің курстық жұмысын жазу үшін ережелер мен ұсынылымдар ретінде қолданылады. Сондай-ақ, ол жұмысты орындау барысындағы студенттердің міндетін, оларға қойылатынталаптарды және курстық жұмысын қорғаудың тәртібін анықтайды. Курстық жұмыс студенттерде пәнді оқып-зерттеудің теориялық негіздерін өз бетінше зерттеу дағдыларын қалыптастырудың, ережелерді, қорытындыларды, заңдарды терең игерудің, болашақ маманның оның кәсіби қызметіне қажетті білімдерді өз бетінше алу мен жинақтаудың тәжрибесін қалыптастырудың маңызды тізбегі болып табылады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралықжәне қорытынды аттестаттау өткізудің Типтік Ережесі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген Жоғары білім беруұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары негізінде құрастырылған.
Курстық жұмыстың маңыздылығы - студенттерді тек бір тақырыпты немесе мәселені терең меңгеруге емес, библиографиялық, статистикалық жинақтармен, монографиялармен, зерттеулермен, мерзімді баспа материалдарымен жұмыс жасауға дағдыландырады.
Курстық жұмысты орындау барысында студент өз бетінше әдебиетпен жұмыс жасауға,таңдап алынған тақырыбы бойынша негізгі ұғымдарды табуға, нақты материалдарды теріпалуға, өңдеуге және талдауға, кестелер мен диаграммалар құрастыруға соның негізіндедұрыс қорытынды жасауға үйренеді; Пән бойынша студенттің білімін тереңдетеді; Студент теориялық проблемаларды талдауда өз ойын айқын, сауатты баяндауға машықтанады; Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына дағдыландырады. Сонымен қатар курстық жұмысты жазу студенттен жоспарды дұрыс құруды, өзіндік жұмыс істеп үйретуге бағытталған, пайдаланылған әдебиеттер тізіміндегі библиографиялық сілтемелерді дұрыс пайдалануды талап етеді.

1.Курстық жұмыстар туралы жалпы ережелер
Курстық жұмыс мамандықтардың типтік оқу жоспары мен оқу жоспарына сәйкес,оқытушының бақылауымен орындалады; Курстық жұмыстардың тақырыптары кафедра мәжілісінде талқыланып, университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітіледі, әр оқу жылында қайта жаңаланады, толықтырылады; Кафедрада курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау дайындалады. Әдістемелік нұсқауда курстық жұмыстың құрылымы, орындау тәртібі, курстық жұмыстың тақырыптары мен әдебиеттер тізімі беріледі; Кафедрада курстық жұмыстың дипломдық жұмысқа жалғасуы қалыптастырылады; Курстық жұмыстың жетекшілерін (пән лекторларын) кафедра меңгерушісі бекітеді; Курстық жұмыс университетте немесе басқа мекемелер мен өндіріс орындарында да орындалуы мүмкін; Студенттер курс жұмысын оқытушының бақылауымен орындайды, орындалған курс жұмысы оқытушыға тексеруге тапсырылып, дұрыс орындалған жұмыс қорғауға жіберіледі; Курс жұмысы студентке қайтарылып берілмейді, кафедраға тапсырылып, ол оқу-әдістемелік басқармаға өткізіледі; Курстық жұмыстар оқу жылының соңына дейін оқу-әдістемелік басқармада сақталады.

2. Курстық жұмыстың құрылымы
Курстық жұмыс анықтамалық мазмұны мен графикалық бөлімінен тұрады. Анықтамалық мазмұнға төмендегідей құрылымдық бөліктер кіреді:
- титул парағы;
- жұмысты (жобаны) орындау бойынша тапсырмалар;
- мазмұны;
- кіріспе;
- негізгі бөлім, екі тараудан құралған жұмыстың мазмұны;
- қорытынды (түйіндер);
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
- қосымшалар;
- ерекшеліктері (қысқартулар, шартты белгілер тізімдері және т.б.).
Курстық жұмыстың титул парағы А4 форматтағы параққа (қолжазба, компьютерде терілген) толтырылады. Титул парағындағы сөздер мен тақырыптар тасымалданбайды. Соңында нүкте қойылмайды.
Титул парағында келесі мағлұматтар келтіріледі: (ҚОСЫМША 1-ді қараңыз)
- курстық жұмыс (жоба) орындалған, ұйымның атауы,
- курстық жұмыс (жоба) орындалған, кафедра атауы,
- жұмыстың түрі - курстық жұмыс (жоба),
- тақырыбы деген сөз көрсетілмейді, курстық жұмыстың (жобаның) тақырыбының атауы. Егер де атаулар екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.
- мамандықтың атауы және коды,
- сол жағында орындаған, қарама-қарсы оң жағынан студенттің тегі және аты жөні,
- бір жол төмен ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және тегі мен аты жөні,
- қала және жыл көрсетіледі,
Курстық жұмыстың тақырыптары оқу үрдісінің кестесіне сәйкес ағымдағы семестрдің бірінші аптасында беріледі.
Тапсырмада мыналар қарастырылады:
- курс жұмысын орындайтын оқу пәні,
- тобы, студенттің аты-жөні;
- жұмыс тақырыбы, бөлімдері мен орындау мерзімі;
- қорғауға ұсыну мерзімі;
- жетекшісінің аты-жөні, оның қызметі, қолы және тапсырманы берген күні.
Тапсырмалар бөлек қағаздарда орындалады. Тапсырмада студент тапсырманы алған күні белгіленіп қолы қойылады.
ҚР заңнамалық актілерді, оқулықтарды, оқу құралдарын, монографияларды, анықтамалық әдебиеттерді, статистикалық материалдарды, мерзімді баспаларды пайдалануды ұсынылады.
Курс жұмысының құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан құрылады.
Курстық жұмысты мына мерзімде орындауды ұсынылады: Әр тарауға - 2-3 апта, Қорытынды - 1-2 апта, Пайдаланылған әдебиеттер тізімін құруға - 3-5 күн.
Сонымен қатар жұмыстың құрлымдық элемменттерінің келесі көлемдері ұсынылады: Кіріспе - 1-2 бет, қорытынды - 1-2 бет, әр тарауға 10-15 бет, пайдаланылған әдебиеттер тізіміне - 1 бет.
Графикалық есептеу бөлімінде слайдтардың орындалу мерзімі, беттер саны көрсетіледі. Кемінде А4 форматта 3 слайд орындау ұсынылады.
Аннотацияда (аңдатпа) курс жұмысы жайлы қысқаша мәлімет және жалпы сипаттамада курс жұмысының көлемі, кестелер, схемалар, қосымшалар жайлы мәлімет көрсетіледі.
Мазмұнында кіріспе, бөлімдер мен білімшелердің аталуы, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер, қосымшалар көрсетіледі.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, зерттеу тақырыбы, зерттеу нысаны (объект), зерттеу пәні, зерттеудің ғылыми болжамы, зерттеу мақсаты мен міндеті, зерттеудің әдіснамалық негізі, зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңыздылығы қысқаша анықталады. Қандай әдіс-тәсілдерді қолданғанын (бақылау, тәрбие жүргізу, салыстырмалы сараптау, т.б.), қандай материалдармен жұмыс жасағанын (әдебиеттер, тыңдалған баяндамалар, оқу құралдары) көрсетеді. Кіріспе ықшамдалып, қысқаша 1-2 бетке жазылып беріледі.
- зерттеу тақырыбының өзектілігі
- зерттеу тақырыбы
- зерттеу мақсаты
- зерттеу міндеттері
- зерттеу нысаны
- зерттеу пәні
- зерттеудің ғылыми болжамы
- зерттеудің әдіснамалық негізі
- зерттеу әдістері
- зерттеудің теориялық маңыздылығы
- зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы
- курстық жұмыстың (жобаның) құрылымы
Өзектіліктік айқындығы көп сөзді болмауы керек, оны алыстан сипаттап керегі жоқ. Бастысы - мәселелі жағдайдың мәнін көрсетіп, зерттеу пәнін білу және білмеу аралығындағы шекараны көрсете білу керек. Ғылыми мәселені тұжырымдап, логикалық түрде зерттеудің мақсатына көшу керек, сондай-ақ осы мақсатпен шешетін нақты міндеттерін көрсету керек. Бұл әдетте санамалы түрде көрсетіледі (үйрену..., сипаттау..., белгілеу..., айқындау..., анықтау..., және т.б). Тұжырымдалған міндеттерді мұқият орындау керек, өйткені олардың сипаттау шешімдері жұмыстың мазмұнын құрастыруы тиіс.
Сонымен қатар, зерттеуге ұсынылатын курстық, дипломдық жұмыстардың (жобалардың) бөлімі мен бөлімшелер тақырыптарын тұжырымдалған міндеттерін туындайды.
Кіріспенің міндетті элементі: нысан мен пәні болып табылады. Нысан - зерттеу үшін таңдалған және мәселелі жағдайды тудыратын процесс немесе құбылыс. Пән - нысан шекарасында қарастырылады. Нысан және зерттеу пәні өзара жалпы және жеке қатынастағы ғылыми процестің категориясы. Нысанда зерттеу пәніне қызмет ететін бөлімі анықталады.
Кіріспе сөзі жаңа парақтың жоғарғы жағында, бас әріппен, жолдың ортасына тақырып түрінде жазылады. Кіріспенің көлемі шағын бір-екі бет болуы керек.
Негізгі бөлімде тақырып жоспар бойынша баяндалады, бұл бөлім бірнеше бөліктерден немесе тауарлардан құрылады, онда жұмыста қолданылған әдістер мен материалдар, шешілген проблемалық есептер, ғылыми-теориялық және есептеу-теориялық нәтижелер (мамандық және тақырыпқа байланысты) енгізіледі. Негізгі бөлімнің көлемі А4 форматтағы компьютерде терілген 20-25 бетті.
Қорытынды бөлімінде жоспарда қойылған және негізгі бөлімде жазылған сұрақтардың түйіндері тұжырымдалады. Қорытынды 1-2 бетке ықшамдалып жазылады.
Жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымша материалдар тіркеледі.

3. Курстық жұмысқа қойылатын негізгі талаптар
Курстық жұмысты орындаушы студент оған қойылатын төмендегі талаптарды білу қажет:
- Зерттелген тақырып жалпы және дербес бөлімдерден жан-жақты, тереңтеориялық ашылуына басты басты назар аудару қажет.
- Курстық жұмысты әрбір тараудың негізгі мәселесінің мән-мағынасын анықтаудан және баяндаудан бастау керек. Мән-мағынаны баяндау дәлелді, ғылыми негізделген және түсінікті болуға тиісті. Теориялық жағдайлар және қорытындылар шындықтың нақты материалына сүйену, ал фактілер мен үлгілер кездейсоқ емес, әдеттегі болу керек.
Курстық жұмыс материалы логикалық жүйелі түрде баяндалады, сондықтан оның тақырыбын толықашу үшін студент:
- оған қатысты өкімет қаулылары, ҚР Президентінің жарлықтары;
- осы мәселеге арналған отандық және шетелдік ғылыми ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Инженерлік графика I» пәнінен оқу әдістемелік кешені
Беттердің сызбасы..
Бөлшектердің жұмыс сызбалары және эскиздері
Дипломдық жұмыстың құрылысы
Web - бетті көру және сақтау
Планиметриядағы салу есептері
Сенімділіктің кешендік көрсеткіштері
MS WORD бағдарламасы
Метрикалық есептер
Мәтіндік процессор MS Word
Пәндер