Математика пәнінің мазмұнын ұйымдастыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

МАТЕМАТИКА

Оқу бағдарламасы

(орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында)

Бастауыш мектеп (1-4 сыныптар)

Наурыз 2016 ж.

Е. Н. Иманғалиев

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым вице-министрі

К. Н. Шәмшидинова

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрайымы

Е. Н. ИманғалиевҚазақстан РеспубликасыныңБілім және ғылым вице-министрі:

Ж. А. Жонтаева

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрлігі

Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар Департаментінің директоры

К. Н. Шәмшидинова«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрайымы:

Ж. О. Жылбаев

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті

Е. Н. ИманғалиевҚазақстан РеспубликасыныңБілім және ғылым вице-министрі:
К. Н. Шәмшидинова«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрайымы:

Ж. Н. Абдильдина

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығының директоры

Математика . Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке

(1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы. - Астана, 2016. - 80 б.

Бұл оқу бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясымен, жоғары оқу орындарының ғалымдарымен және жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдерімен бірлесіп әзірлеген

Мазмұны

1 «Математика» пәніннің мақсаты мен міндеттері . . . 7

2 Оқу үдерісін ұйымдастыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдемелер . . . 8

3 Оқу жетістігін бағалау түрлері . . . 10

4 «Математика» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру . . . 10

4. 1. Оқу жүктемесінің бөлінуі . . . 10 4. 2 «Математика» пәнінің мазмұны . . . 13 4. 3 Оқу мақсаттарының жүйесі . . . 14 4. 4 Ұзақ мерзімді жоспарлар . . . 39

Түсіндірме

Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің/сабақтың мазмұны мен білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады

Оқу бағдарламасы оқыту үдерісін оқушылардың пән салалары бойынша білім мен біліктерді саналы түрде меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігінін дамытуға, әлеуметтік-мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін біліктерді меңгеруге бағыттайды.

Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру үдерісін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдемелерімен үйлесімді сабақтасқан. Оқытудағы тәсілдемелер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып табылады. Құндылықтық-бағдарлық, іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлық, коммуникативтік тәсілдемелер білім берудің классикалық негізі ретінде оқыту мақсаттарының жүйесі мен білім беру үдерісі нәтижелерінің басымдылығын арттыру үшін қолданылды, бұл оқу бағдарламасының жаңа құрылымында көрініс тапты.

Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Бұл тәсілдеме пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.

Тұлғалық-бағдарлық білім беруді осындай сипатта жақсарту білім беру үдерісіне барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану кезінде мүмкін. Диалогтік және рефлексивті технологияларды қолдану оқушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады. Оқу үдерісін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдемелері оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін оқушының шынайы шығармашылық үдерісіндегі қарым-қатынас моделіне айналдырады. Нақты пәннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы пәннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады.

Әр пәннің оқу бағдарламаларында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған. Көп тілді оқу ортасын құрудағы әр пән қосқан үлесі үш тілде білім беру саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тіл үйретудің негізі болып табылатын коммуникативтік тәсілдеме әрбір оқу пәнінің түрлі оқу жағдаяттарында білім және білікпен алмасу, тілдік және сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс қолдану сияқты әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылады.

Пән мазмұнын меңгеру және оқу мақсаттарына қол жеткізу үдерісінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту үшін алғышарттар/жағдайлар жасау керек.

Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары оқушыны өзін-өзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды. Оқу бағдарламалары білім беру құндылықтарының өзара байланысы мен өзара шарттылығына негізделген тәрбиелеу мен оқытудың біртұтастығы қағидатын және нақты пәнді оқыту мақсаттарының жүйесі бар мектепті бітіргеннен кейінгі нәтижелерін іске асыруға мүмкіндік береді. Оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағыттылғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесі: білімді функционалдық және шығармашылық қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларын дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады

Экономикадағы заманауи инновациялар, еңбек нарығындағы өзгерістер оқушылардың күрделі міндеттерді шешу үшін немесе оларды шешудің жаңа тәсілдерін табу үшін жағдаятқа, идеялар мен ақпараттарға талдау жасау және бағалауға, алған білімі мен тәжірибесін жаңа идея мен ақпаратты жинақтау үшін шығармашылық қолдануға мүмкіндік беретін дағдылар жиынтығын меңгеру қажеттілігіне себепші болады. Жігерлілік, алғырлық, өзгерістерге дайындығы, байланысқа бейімділігі сияқты тұлғалық қасиеттер өзекті болып отыр.

Нақты пән бойынша күнделікті білім беру үдерісінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу үдерісінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады.

Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы: «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарына оқушыларды дағдыландырудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар оқушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.

Оқу бағдарламаларын әзірлеудің негізі болып табылатын тұжырымдамалық ережелер мен идеялар сурет түрінде визуалды берілді (1-қосымша) . Суреттің ортасында құндылықтар мектепте берілетін білімнің мазмұндық және іс жүргізу аспектілерін анықтаудың негізгі бағыты ретінде, сонан соң кең ауқымды дағдылар мектепті бітірген кездегі нәтижелер ретінде берілген. Келесі шеңберде білім салалары білім беру мазмұнының функционалдық толыққандылығының көрсеткіші ретінде берілген. Соңғы шеңберде оқу үдерісіне енгізілген барлық инновациялар ұсынылды.

  1. «Математика» пәнінің мақсаты мен міндеттері

«Математика» пәні бастауыш білім берудің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға маңызды үлес қосады.

Математика бойынша бастапқы білім сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытады, зерттеу және қарым-қатынастың, математикалық білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастырады.

Математиканың бастапқы курсын оқып үйрене отырып, оқушылар талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім мен іс-әрекет тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз болады.

Бастауыш математиканың кезең-кезеңге бөлініп, жүйелі түрде берілген, қоршаған ортадағы заттардың мөлшерлік қатынастары мен кеңістіктегі формаларын сипаттаудан тұратын оқу курсының негізгі мақсаты - оқушылардың математикалық таным негіздерін меңгеруіне және тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау.

Бұл оқу пәні математиканы қоршаған ортаны бейнелеу мен түсіну тәсілі ретінде қабылдауды дамытуға бағытталған және оқушылардың қабылдауы мен танымын кеңейтуді, математика ғылымына қызығушылығын талап етеді. .

Бастапқы математикалық білімнің негізгі мақсаттарына сәйкес, оқу пәні бірқатар міндеттерді айқындайды. Атап айтқанда:

• логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді және математикалық терминдерді пайдалану біліктілігін дамыту;

• оқу және тәжірибелік проблемаларды шешу, арифметикалық алгоритмдерді пайдалану, геометриялық салулар мен математикалық зерттеулер жүргізу қабілеттерін дамыту;

• сын тұрғысынан ойлауды, шығармашылық қабілеттерді дамыту;

• математиканы әлемді суреттеу, модельдеу және түсіну тәсілі ретінде қабылдау;

• өзінің математикалық білімі мен біліктерін басқа пәндерді меңгеруде, күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігін түсіну;

• білуге құштарлық, мақсаттылық, жауапкершілік, сенімділік және тәуелсіздік сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту;

• түсінудің, түсіндірудің, талдаудың, синтездің, жүйелеудің, қолданудың және суреттеудің когнитивтік дағдыларын дамыту;

• коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларын, топпен жұмыс істеу және өз көзқарасын білдіру, басқа адамдардың пікірін құрметтеу, көшбасшылық қасиеттерін көрсету, өз жұмысын жазбаша және ауызша түрде таныстыру дағдыларын дамыту;

• ақпаратты іздестіру және таңдау, өз уақытын басқару, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға негізделген.

2. Оқу үдерісін ұйымдастыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдемелер

Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары « білім алуды үйрету » ұстанымын негізге алады, ол ұстаным бойынша өз бетімен білім алуға ұмтылатын, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол және зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлға қалыптастыру көзделеді

Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі технологиялар мен әдіс-тәсілдер қолданады деп күтіледі, олар:

- оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, бұған дейін алған білімдері мен қалыптасқан түсініктерін одан әрі дамыту үшін оларды қолданудың маңыздылығын құптау;

- жеке және саралай оқыту тәсілін қолдану;

- проблемаларды және оларды шешу стратегияларын құрастыру;

- оқушылардың жетістіктерін бағалау арқылы олардың оқуына қолдау жасау;

- оқушылардың зерттеу іс-әрекеттерінің негізінде белсенді оқуға ынталандыру;

- оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту.

Математиканы оқыту стратегияларының үлгілері:

- оқушылардың ойын әрекетін, шығармашылық және жобалық жұмыстарын ұйымдастыру;

- түсіндіру, идеяларды таныстыру, диалогтарға қатысу, мәтінмен жұмыс, алгоритмдер, нұсқаулықтар құру, математикалық тапсырмаларды орындау әдістерін сипаттау және түсіндіру барысында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;

- мұқият таңдап алынған тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;

- оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру: жеке және топтық жұмыс;

- бірін-бірі оқыту;

- түрлі дерек көздерінен ақпарат іздеуді талап ететін есептерді шығаруға көмектесу, АКТ-ның мүмкіндіктерін пайдалану;

- математиканың практикада қолданылуын пайдалана отырып оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру;

- оқушыларды өз жұмысын талдауға және түзетуге ынталандыру (рефлексия) .

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану

Математикада сандық технологияларды қолдану құзыреттілігі оқушылардың жұмыс барысында, бос уақытында технологияларды сенімділікпен және шығармашылықпен пайдалануын қамтиды. Бұл АКТ-ны пайдаланудың бастапқы дағдылары арқылы қалыптасады.

«Математика» пәнін оқу бағдарламасы төмендегідей мәселелерді қамтиды:

  • оқушыларға негізгі ақпараттық технологияларды пайдалануды үйрету;
  • ақпаратты іздестіру және оны таңдауға байланысты өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамыту;
  • математиканың түрлі бөлімдерін оқу кезінде презентациялар құру үшін керекті компьютерлік бағдарламаны қолдану, математикалық тапсырмаларды орындау барысында фото/видео әзірлеу (геометриялық фигураларды, оригами жасау) ;
  • өз бетінше жоспар мен графиктер құру.

Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту

Білім беру бағдарламасының мақсаттарының бірі ─ түрлі әлеуметтік қауымдастыққа сәйкес тіл табысуға қабілетті азаматтарды тәрбиелеу. Осы мақсатқа жетуге қажетті коммуникациялық дағдыларды дамыту үшін ынталандырушы және қолдаушы қарым-қатынас ортасын құру керек.

Оқыту барысында оқушылардың ауызша және жазбаша қарым-қатынаста математикалық тілді сауатты қолдану дағдыларын дамыту қажет.

Математиканы оқытуда оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін жұмыс үлгілері:

• топтық және сыныптық жұмыстар (түсіндіру, ойларын айту) ;

• жобалардың презентациясын жасау;

• талқылауларға қатысу;

• сұрақтар құрастыру және сұрақтарға жауап іздеу;

• мұғалімдермен және оқушылармен диалогке қатысу.

Математиканы оқытуда оқушылардың оқылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін жұмыс үлгілері:

• мәтінде тірек сөздерді белгілеу;

• ғылыми мәтіндермен жұмыс, семантикалық құрамын анықтау.

Математиканы оқыту үрдісінде оқушыларда жазылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін жұмыс үлгілері:

• тапсырмаларды орындау үшін нұсқаулықтарды, алгоритмдерді құру;

• математикалық есептерді ауызша және жазбаша шешу тәсілдерін сипаттау және түсіндіру;

• тапсырманы орындау барысына талдау жасау (ауызша және жазбаша) .

3. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері

«Математика» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз байланысында негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру процессін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.

Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады.

Қалыптастырушы бағалау үздіксіз өткізіледі, оқушы мен оқытушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу процессін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді.

Жиынтық бағалау белгілі оқу мерзімінде оқу блогын оқып бітіргенде өткізіледі, оқушыларға кері байланысты қамтамасыз ету үшін, пән бойынша тоқсандық және жылдық бағаларды қою үшін колданылады.

4. «Математика» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

4. 1 Оқу жүктемесінің бөлінуі

Оқу бағдарламаға сәйкес әр сыныпқа арналған сағат саны:

Сынып
Апталық жүктеме
Жылдық жүктеме
Сынып: 1
Апталық жүктеме: 4 сағат
Жылдық жүктеме: 132 сағат
Сынып: 2
Апталық жүктеме: 4 сағат
Жылдық жүктеме: 136 сағат
Сынып: 3
Апталық жүктеме: 5сағат
Жылдық жүктеме: 170 сағат
Сынып: 4
Апталық жүктеме: 5сағат
Жылдық жүктеме: 170 сағат

«Математика» пәніне арналған кабинет Сыныптағы жиһаздардың орналасуы үлгілеу және практикалық жұмыстарды жүргізу бөліктерін, оқушылардың жұмыстарын таныстыра алатын орынды, бумаларды, кітап сөрелерін орналастыратын орындарды қарастыруы қажет. Сыныптағы жиһаз жеке, жұп немесе топ ішіндегі жұмыстарды, семинарларды ұйымдастыруға мүмкіндік беру үшін қозғалмалы болғаны дұрыс.

4-сыныпта күрделі есептеу операцияларын орындау үшін қажетті жағдайда калькуляторлар берілуі керек.

Математика кабинетіне қажетті құрал-жабдықтар:

  • оқулықтар, дидактикалық материалдар, анықтамалықтар, энциклопедиялармен жабдықталған кітапхана;
  • мұғалімдер үшін анықтамалықтар және әдістемелік әдебиеттер картотекасы;
  • жеке және топтық тапсырмалары бар оқушыларға арналған тақырыптық каталог;
  • түрлі бағдарламалық ортада жұмыс істеуге арналған, жаңартылып тұратын компьютерлік бағдарламалармен жасақталған ноутбуктер;
  • ойындарды әзірлеуге және үлгілеуге, үстел үсті жүйелеріне арналған бағдарламалық құралдардың толық жиынтығы;
  • коммуникациялар желісі;
  • проектор және экран;
  • магниттік және қабырғаға ілінетін маркерлік тақталар;
  • кеңселік жабдықтар (принтер, сканер және тағы басқалар) ;
  • кеңістіктік фигураларды жобалау үшін қажетті материалдар жиынтығы (жиналмалы материал, жіптер және тағы басқалар) ;
  • түрлі үлгілерді құрастыру және тәжірибелер жасау үшін қажетті материалдар (түрлі-түсті қағаздар, картон, ермексаз, қайшы, ұзындықтары әр түрлі жіптер, түрлі-түсті шарлар, домино, таяқшалар, өлшеуге арналған материалдар және т. б. ) ;
  • сөрелері бар кітап шкафы;
  • оқушылардың жұмыстарына арналған көрме сөрелері;
  • санауға арналған материалдар (бұршақтар, тиындар, фишкалар, геометриялық фигуралар) ;
  • магниттік фигуралар және белгілер;
  • жеке маркерлік тақталар, геометриялық фигураларды құруға арналған изометриялық тақталар;
  • баспа материалы (көбейту кестесі, есеп шот, өлшем бірліктер кестесі және т. б. ) ;
  • демонстрация жасауға арналған жабдық (сағат циферблаты, таразы, түрлі сұйықтықты өлшеуге арналған ыдыстар, геометриялық денелер жиынтығы, дөңгелек бөліктерінің жиынтығы және тағы басқалар) ;
  • өлшеуге арналған жабдықтардың толық жиынтығы;
  • мультимедиялық құралдар (компакт дискілер, бейнефильмдер) ;
  • калькуляторлар.
4. 2. «Математика» пәнінің мазмұны

Пәннің мазмұны оқыту бөлімдерінен тұрады. Бұл бөлімдер сыныптарға арналған оқыту мақсаттары бойынша білім, білікті және дағдыларды қалыптастыруға арналған бөлімшелерден тұрады. Бөлімшелердің ішіндегі оқу мақсаттары мұғалімге өз жұмысын жоспарлауға, оқушылардың жетістіктерін бағалауға, сонымен қатар оқушыларды келесі оқыту мақсаттарымен таныстыруға мүмкіндік береді.

  1. Бөлім
  1. Бөлімше
№:
  1. 1
Бөлім:
  1. Сандар және өлшемдер
Бөлімше:
  1. 1. 1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер
№:
  1. 1. 2 Сандармен амалдар орындау
№:
  1. 1. 3 Шамалар және өлшем бірліктер
№:
  1. 2
Бөлім:
  1. Алгебра элементтері
Бөлімше:
  1. 2. 1 Санды және әріпті өрнектер
№:
  1. 2. 2 Теңдік және теңсіздік. Теңдеу
№:
  1. 3
Бөлім:
  1. Геометрия элементтері
Бөлімше:
  1. 3. 1 Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі
№:
  1. 3. 2 Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу
№:
  1. 3. 3 Нүктелер координаттары және қозғалыс бағыты
№: 4
Бөлім: Жиын. Логика элементтері
Бөлімше:
  1. 4. 1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар
№:
  1. 4. 2 Пікірлер
№:
  1. 4. 3 Тізбектер
№:
  1. 4. 4 Заттардың комбинациялары
№:
  1. 5
Бөлім:
  1. Математикалық модельдеу
Бөлімше:
  1. 5. 1 Есептер және математикалық модель
№:
  1. 5. 2 Математикалық тіл

Бағдарламада оқу мақсаттарын қолдануға, мониторинг өткізуге тиімді болу үшін, төрт саннан тұратын кодтық белгі енгізілген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші сан бөлімді үшінші сан бөлімшенің ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік нөмерін көрсетеді. Мысалы, 1. 2. 1. 4. кодында «1» - сынып, «2. 1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.

. Оқу мақсаттарының жүйесі

1-бөлім: «Сандар және өлшемдер»

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰРАЛДАРЫ ЖЕТЕКШІ КОМПОНЕНТТЕР
Математика оқыту методикасы
Математиканы оқыту әдістемесі
Оқытудағы құралдар
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ЕНГІЗУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту ерекшелігі
Болашақ мұғалімдерге математикалық анализ курсын оқыту принциптері
Математиканы оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты және оқыту әдістері
Компьютерде есеп шығару технологиясын математикалық біліктілікті тереңдетуде және дамытуда пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz