Жұқпалы ауруларды даулау шаралары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Ветеринарияфакультеті
Биологиялық қауіпсіздіккафедрасы
СӨЖ
Пәні:Індеттану және жануарлардық жұқпалы аурулары
Тақырыбы:Індетке қарсы шаралар және оның заманауи халықаралық талаптары

Орындаған:Мәдібеков Алтынбек ВМ-410П
Тексерген:Усенова Ж.

Алматы 2022
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Індетке қарсы шаралар туралы түсінік
2.Індетке қарсы шараларды іске асыру негіздері
3.Жұқпалы ауруларды даулау шаралары
4.Жануарларды жұқпалы ауруларға қарсы иммундеу
5.Сауықтыру шаралары және індет ошағын жою
6.Өндірістік негіздегі кешендер мен мамандандырылған ірі фермаларды індеттен қорғау
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Індеттану- індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым . Індеттану екі түбірден тұратын қазақтың төл сөзі:індет - жұқпалы аурудың кең ауқымды таралуы, ал тану - білу, яғни ғылым деген мағына береді. Індеттану батыс тілдерінде "эпизоотология" деп аталады. Ол да екі ұғымның жиынтығы: эпизоотия (грекше ері - арасыңда, zoon - жануар) жэне logos - ғылым. Бұл термиңңің шығу төркіні медицинаның бір саласы эпидемиологияға барып саяды. Эпидемия (грекше ері - арасында, demos - халық) жұқпалы аурулардың адамдар арасында кең таралуы.
Бір кезде індеттануды өте тар аяда тек қана індеттің таралуы туралы ғылым деп таныды. Шындығында індеттану жұқпалы аурулардың індет түрінде өте кең таралуын ғана емес, спородия ретінде бірен-саран жағдайда байқалуын да қамтиды. Керісінше соңғы бір уақыттары бұл ғылымның ауқымын тым кеңітіп, оны жұқпалы аурулар туралы барлық мағлұмаггардың жиынтығы ретінде қарастыра бастады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымдар жиынтығын (ол шартты түрде "инфектология" деп аталады) теория жүзінде жасау мүмкін болса да, жұқпалы аурулардьщ табиғатын зерттейтін барлық пәндерді: микробиологияны, вирусологияны, иммунологияны, эпидемиологияны, эпизоотологияны, патологиялық антомияны, патологиялык, физиологияны жэне тағы басқаларын бір ғылым ретінде қарастьфу іс жүзінде мүмкін емес.
Қазіргі ветеринариялық жоғары оқу орындарында оқытылатын індеттану пәні біршама дербес, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты үш саладан тұрады. Олар - нақты індеттану, инфекциялық аурулар және ветеринариялъқ санитария. Практикалық ветеринарияда бұларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Нақты індеттану індет процесін зерттейді. Ол жалпы індеттану және жекеше індеттану деген екі салаға бөлінеді. Жалпы індеттану індет процесінің барлық немесе көптеген жұқпалы ауруларға тән заңдылықтарын карастырады. Жекеше індеттану жеке арулар қезіндегі індет процесін зерттейді. Инфекциялық аурулар бөлімі ауруларды дерттін баска да түрлері сияқты (жұқпайтын, хирургиялық, гинекологиялык, паразигпк. т.б.) дәрігерлік тұрғыдан қарастырады. Олардың этиологиясын, патогенезін, клиникалық белгілерін, балау, емдеу және дауалау әдістерін зерттейді. Ветеринарияльқ санитария жұқпалы ауруларды қоздыратын зардапты микробтарды сыртқы ортада жою жолдарын қарастырады.

Індетке қарсы шаралар туралы түсінік

Індетке қарсы шаралар жұқпалы аурулардың шығуына және олардың таралуына жол бермеуге бағытталады. Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін дауалау (алдын алу) шаралары іске асырылады, ал ауру шыға қалған күнде оны жою (сауықтыру) шаралары қарастырылады. Сонымен індетке қарсы шаралар дауалау шаралары жэне сауықтыру шаралы болып екі салаға бөлінеді. Бұлардың қай-қайсысы болмасын бірнеше салаға бағытталған кешеннен тұрады. Бұл күрделі кешенге кіретін шаралар індет бұғауының барлық буыңдарына қарсы бағытталуы керек, сондықтан да олар инфекция қоздырушысының бастауына, инфекция қоздырушысының берілу тетігіне жэне ауруға бейім жануарларға қатысты жүргізіледі. Іңдетке қарсы шаралар жалпы жэне арнайы болып екі топқа бөлінеді. Жалпы шаралар кез келген жұқпалы ауруға бағытталған ортақ сипатта болады да, оған ұйымдастыру-шаруашылық жэне ветеринариялық-санйтариялық шаралар жатады. Арнайы шаралар нақтылы бір жұқпалы ауруға қарсы бағытталады да, оған сол ауруды балау және жануарларды иммундеу жатады.

Індетке қарсы шараларды іске асыру негіздері.
Індетке қарсы шаралардың басты негізі - олардың кешенді түрде жүргізілуі. Бұл кешенділік жоғарыда көрсетілген індеттенудің барлық қозғаущы күштеріне қатысты біртұтас ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық жэне арнайы шаралар ретінде жүргізілуінен туындайды.
Екінші бір негіз - індетке қарсы шаралардың белгілі бір жүйемен жоспарлы түрде жүргізілуі Әрбір щаруашылық пен белгілі бір территорияда індетке қарсы жүргізілетін дауалау жэне сауықтыру * шараларының жоспары болуы керек. Бұл жоспар еңбек жэне қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуге тиіс.
Індетке қарсы шаралардың үшінші негізі - олардың мемлекеттік сипаты. Бүл шаралар мемлекет тарапынан белгіленеді де, мемлекетгік оргаңдардың қолдауымен іске асырылады. Жұқпалы аурулар шыға қалғанда карантин немесе шектеу қою немесе алу жергілікті әкімшіліктің шешімі арқылы жүргізіледі. Індетке қарсы шаралардың дұрыс іске асуьіна экімшілік органдары (полиция) көмек көрсетіп, бақылау жасайды.
Төртіншіден, індетке қарсы шаралар адамдарды малдан жұғатын аурулардан сақтандыруга бағытталады. Жануарлардың жүқпалы ауруларының адамға жұғу қауіптілігін инфещияның зоонотикалъщ потенциалы деп атайды. Сондықтан жануарлардың жұқпалы ауруларымен күрес шаралары медициналық мекемелермен' ынтымақтастықта жүргізілуі керек. Адам мен малға ортақ жұқпалы ауруларға қарсы шараларды жоспарлау, оларды жүзеге асыру санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесімен келісіліп атқарылады.

Жұқпалы ауруларды дауалау шаралары
Жұқпалы аурулардың алдын алудың басты негізі - малды дұрыс бағып күтумен қатар қора-жайларда, жайылымдарда, азықтандырған жэне суарған сәттерде санитариялық-зоогигиеналык рсттілікті бұлжытиай орындау болып табылады. Жақсы қоңдылық малдың ауруға жалпы төзімділігің қамтамасыз ететін болса, жекелеген ауруларға бейімділігін тежеу үшін арнайы телімді биологиялық дэрмектер қолданылады. Дауалау шаралары жануарлардың ауруға төзімділігін арттырумен қатар, олардың ауру қоздырушыларымең жанасуына жол бермеу жолдарын да қамтиды. Бұндай шаралардың қатарына шекараны, мал өсіретін шаруашылықтар мен фермаларды жүқпалы аурудан қорғау, яғни індетке қарсы қорғаныс жатады.
Шекараны жұқпалы аурулардан қорғау. Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін олардың қоздырушыларын шет елдерден шекара аркылы өткізуге жол бермеудің маңызы аса зор. Шекаралық ветеринариялық бақылау нүктелері құрлық, теңіз және өзен бойларымен өтетін мемлекеттік шекарада және халықаралық әуежайларда орналасады. Олар малды және малдан алынатын өнімдерді сыртқа немесе ішке өткізуді қадағалайды. Ветеринариялық жарғы бойынша шет елдерден тек қана сау малдарды, ал импорттық мал өнімдері мен шикізатты жұқпалы аурулардан таза территорияда өсірілген сау малдардан алынған жағдайда ғана әкелуге рүқсат етіледі. Щекарадан өтетін мал бақылау нүктелерінде дәрігерлік тексеруден өтеді, карантинделінеді, қажет жағдайда дауалық шаралар (вакциналау, т.б.) жүргізіледі.
Жұқпалы аурулардан мемлекеттік шекара ғана қорғалып қоймай, сақтық жұмыстары облыс, аудандар арасында да қарастырылады. Әрине, бүл шаралардың бағыты мен мазмүны жағынан мемлекетаралық шекарадағы атқарылатын әдіс-амалдардан айырмашылықтары болады.
Мал өсіретін шаруашылықтар мен фермаларды індеттен қорғау. Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін жаңадан салынатын мал фермаларына орынды дұрыс таңдап алу қажет. Әсіресе топалаң секілді қоздырушысы топырақта үзақ жылдар бойы сақталатын аурудан ол жердің сау болуы шарт.
Жүқпалы ауру фермаға басқа мал фермаларынан, елді мекендерден келеді. Сондықтан да мал фермаларын эр түрлі объектілерден санитариялық талаптарға сай ара қашықтықты сақтай отырып орналастыру қажет. Жүқпалы аурудың таралуы үшін терісі бағалы аңдарды, үй қояндарын және құс өсіретін шаруашылықтар ерекше қауіпті болып саналады. Өндіріс орындарының ішінде бұл тұрғыдан мал өнімдері мен шикізаттарын өңдейтін кәсіпорындары (тері заводы, ет комбинаты, т.б.) қауіп тудырады. Сондай-ақ қатынас жолдарынан, әсіресе ірі транспорт жүйелерінен, мал фермасын қашық орналастырған дұрыс.
Ферма территориясын қоршау. Санитариялық тұрғыдан мал фермалары мен кешендері жабық кэсіпорындар қатарына жатады. Сондықтан оларды қоршап, ішке қатынау тек қана дезинфекциялық тосқауыл мен ветеринариялық-санитариялық өткелек арқылы ғана іске асырылуы керек. Ферма мен кешеннің күллі территориясы тұтас немесе торлы қорғанмен қоршалынады. Қорғанның биіктігі кемінде 180см болуға тиіс. Қоршаудың сыртынан ені 1м, тереңдігі 1,5м ор қазылады.
Жаңадан келген малды карантиндеу. Шаруашылыққа шеттен экелінген мал табынға қосардан бүрын бір ай бойы карантинде бөлектелініп үсталынады. Карантин кезінде жануарлар ретті түрде клиникалық бақылау мен лабораториялық тексеруден өтеді. Шаруашылықта үстау үшін жүқпалы аурулардан сау, арасында микроб алып жүрушілері жоқ малдар ғана жіберіледі. Карантин кезінде жануарларды індет жағдайына сәйкес кейбір жұқпалы ауруларға қарсы егеді. Бордақылау кешендерінде жаңадан экелінген бүзаулардың карантиндеу мерзімі 15 күнмен шектелінеді.
Жұқпалы аурулардан сау шаруашылықтарда сақтық шаралары ретінде жануарлардың белгілі бір топтарын кейбір ауруларға, негізінен созылмалы жұқпалы ауруларға, тексеріп отьірады. Ондай ауруларға сиырда бруцеллез, туберкулез, лептоспироз, қойда бруцеллез, жүқпалы эпидидимит, хламидиялық іш тастау, жылқыда маңқа, инфекциялық анемия, т.б. жатады.
Дауалық шаралардың ішінде сақтық дезинфекциясы мен дератизациясының маңызы зор. Бүл екі шараны қатар жүргізген мезетте алдымен дератизация жүргізіп, кемірушілердің өлекселерін жинап алғаннан кейін дезинфекция жасалынады.

Жануарларды жұқпалы ауруларға қарсы иммундеу
Жануарларды жұқпалы ауруларға қарсы жасанды жолмен. яғнй қолдаң иммундеу белсенді жэне енжар әдістер арқылы іске асырылады.Белсенді иммундеу үшін вакциналар, ал енжар иммундеу үшін иммуноглобулин препараттары қолданылады.
Вакциналар тірі және өлтірілген деп аталатын екі топқа бөлінеді.
Тірі вакциналар. Тірі вакциналар ауру қоздырушыларының тіршілігін жоймаған өсіндісі болып табылады. Бұлар әлсіретілген жэне әлсіретілііегён деп аталатын топтарға бөлінеді. "Әлсіретілген" деген сөз қоздырушы микробтың уыттылығына қатысты айтылған. Әлсіретілген штамм деп тиісті бір ауру қоздырушы микробтың жасанды жолмен уыттылығы бәсеңдетілген түрін айтады. Уыттылығының төмендеуі микробтың ауру қоздыру қабілетін жоғалтып, иммунитет қалыптастыру қасиетін сақтайтындай дәрежеде болуы қажет. Егер микробтың бұл қасиеті тұрақты тұқым қуалап, ұрпақтан ұрпаққа берілетін болса, ондай элсіретілген қоздырушыны вакциналық штамм ретінде, яғни вакцина даярлау үшін қолданады.

Сауықтыру шаралары және індет ошағын жою
Жұқпалы ауру байқалған сәтте індет ошағында толық індеттанулық талдау жүргізіледі. Індеттанулық талдаудың қорытындылары бойынша сауықтыру шаралары белгіленеді.
Карантин және шектеу. Індет ошағының одан әрі ұлғаюына жол бермеу үшін жүргізілетін ең басты шара ретінде карантин және шектеу қолданылады.
Карантин (итальянша quarantena - қырық күн, сөзбе-сөз quaranta giorni) - жұқпалы аурудың таралуына қарсы бағытталған шектеу шараларының жиынтығы. Оның шарты бойынша індет ошағына күзет посты қойылып, ауру шыққан жерге апаратын жолға көрсеткіш жэне шлагбаум орнатылады. Кейбір аса қауіпті індет кезінде басқа елді мекендермен барлық қатынас тоқтатылып, автобус маршруттары өзгертіледі.
Карантин негізінен аса қауіпті жүқпалы аурулар шыққан кезде қойылады. Мұндай карантиндік инфекцияларға әр түлікте - аусыл, топалаң, бруцеллез, сиырда - оба, мэлік, қарасан, жылқыда - маңқа, мандам, жұқпалы анемия, делбе, қойда - шешек, ешкіде - кебенек, т.б. жатады. Карантиндік шаралар эрбір аурудың індеттік ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді. Әдетте ауруға бейім малдарды әкелуге немесе араластыруға тиым салынады.Кей жағдайда мал өнімдері мен шикізаттарын дайындау, жем-шөпті экету тоқтатылып, базарлар жабылып, жэрмеңке мен мал көрмелерін өткізуге тиым салынады. Сиыр обасы, аусыл сияқты аса қауіпті аурулар кезінде барлық басқа шаруашылықтармен қатынастарды тоқтатуға тура келеді. Кейбір аурулар (аусыл,топалаң) кезінде карантинделген індет ошағының: маңайында қауіп төнген аймақ (зона) белгіленеді. Бұл аймақта ауруға бейім жануарларды араластыруға шектеу қойылып, ветеринариялық бақылау күшейтіледі, ауруға қарсы вакциналау жүргізіледі.
Шектеу шаралары - карантиннен гөрі шарттары бәсеңдеу қарым-- қатынасты тежеуге баіытталған тиым жолдары. Оларды тез тарай қоймайтын жұқпалы аурулар кезінде (мысалы, сарып, сақау) қолданады.
Карантин мен шектеу жұқпалы ауру байқалған сәтте тағайындалып, ауру басылған соң, яғни ең соңғы ауырған мал сауыққаннан немесе өлгеннен кейін біраз уақыт өткеннен соң барып алынады. Олардың алыну мерзімі аурудың жасырын кезеңінің және аурудан кейінгі микроб алып жүру кезеңінің ұзақтығына байланысты. Жасырын жэне микроб алып жүру кезеңдері неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым карантин мен шектеу кешірек алынады. Аса қауіпті аурулардан соң карантин алынғаннан кейін тағы да белгілі мерзімге шектеу қалдырылады. Мысалы, аусылдан соң карантин алынғаннан кейін бір жыл мерзімге шектеу сақталады.
Караңтин мен шектеуді алар алдында мал қораларында қорытынды дезинфекция мен санитарияльщ жөндеу жүргізіледі. Сонымен қабат аурудың ерекшеліктеріне сэйкес бейім жануарлар вакциналануы тиіс.
Ауру қоздырушысының бастауына қарсы шаралар. Жұқпалы ауру білінген сәтте, індет ошағындағы барлық сол ауруға бейім мал түгелдей балаулық тексеруден өтеді. Ауруға жаппай тексеру үшін эдетте клиникалық, серологиялық, аллергаялық әдістер қолданылады. Бұл зерттеудің нэтижесінде барлық жануарлар үш топқа бөлінеді: ауруы айқын, ауруы дүдэмал және аурудың жұғуы күдікті.
Ауруы айқын жануарларга диагнозы күдіксіздер жатады да, олар жедел басқа малдардан бөлініп, жеке қора-жайға (оқшауханаға) ауыстырылады. Бүл малдарды күтуге бөлек адам тағайындалады да, аурудың ерекшелігіне байланысты оларды емдеуге болмаса сояды (бруцеллез, туберкулез т.б.), не жояды (қүтырық, оба, маңқа).
Ауруы дүдәмал жануарларга диагнозы түпкілікті қойылмағандар жатады. Олар - клиникалық белгілері айқын емес, немесе зерттеудің нәтижесі дүдәмал болғандар. Мұндай малдар ауруы айқын жэне аурудың жұғуы күдіктілерден жеке бөлініп алынады. Олар қосымша қайтадан тёксеріледі де, диагнозы айқындалса ауруы айқын малдарға, ал диагнозы расталмаса аурудың жұғуы күдіктілерге қосылады.
Аурудың жұғуы күдіктілерге барлық қалған малдар жатады. Олар ауруға шалдыққандармен жаңасқан себепті дэрігерлік бақылауда болып, ретті түрде ауруды балау үшін арнайы тексеруден өтіп тұрады. Тексеру малдың ауруға шалдығуы біржола тоқтаганша жүргізіледі. Әрбір балаулық тексеруден кейін ауырған жануарлар бөлініп оқшауланғаннан соң қора-жайға дезинфекция жасалынады. Сонымен қатар жүқпалы аурудың ерекшелігіне байланысты ібүл топтағы жануарларды иммундейді (белсенді немесе енжар әдіспен) болмаса микробтарға қарсы әсер ететін емдік-дауалық дәрмектер қолданылады. Аса қауіпті аурулар кезінде (мысалы, шошқа обасы) індет ошағындағы барлық бейім жануарлар сойылады.
Жұқпалы аурулардың емі. Жұқпалы аурумен ауырған жануарларды емдеу кешенді түрде жүргізіледі. Бұл кешен этиотропты және симптоматикалъщ емдеу шараларынан түрады. Этиотропты ем - аурудың себебіне (этиологиялық факторына) яғни оның қоздырушысына қарсы бағытталады. Ол үшін сол ауруға тән телімді және сонымен қатар телімсіз дәрі-дәрмектер қолданылады. Белгілі бір аурудың қоздырушысына ғана әсер ететін телімді дэрмектерге иммунді қан сарысуы, иммуноглобулиндер, бактериофагтар жатады.Телімсіз дэрі-дермектерге антибиотиктер, сульфаңиламидтер, нитрофурандаржэне химиялық препараттар жатады.
Симптоматикалық дәрі-дәрмектер ауырған жануардың жағдай күйіне байланысты дененің қызметін қалпына келтіру мақсатында пайдаланылады. Оларға жүрекке әсер ететін, қақырық түсіретін, зәр шығаратын дәрілер, су-түз алмасуын қалпына келтіретін ерітінділер, дёненің жалпы қуатын арттыратын, сезімталдықты тежейтін, т.б. дэрмектер жатады.
Жұқпалы ауру кезінде емдеу толық курс ретінде жүргізіледі. Аурудың беті қайтып, клиникалық белгілері өше бастаған сэтте емдеуді тоқтатуға болмайды. Емдеу курсы толық аякталмаса ауру қайта өрбіп, рецидив беруі мүмкін.
Жұқпалы ауруға шалдыққан жануарларды (мысалы, бруцеллез, туберкулез кезінде) санитариялық қасапханада сояды. Егер ондай мал тым көп болса ет комбинатының сою цехын пайдаланады. Ол үшін ауру малды соятын арнайы санитариялық күн белгілеп, сойым аяқталғаннан кейін бүкіл цехқа дезинфекция жасалынады. Сойылған малдан алынған өнімді азық-түлікке пайдалану аурудың түріне, ветеринариялық-санитариялық сараптың қорытындысына, бактериологиялық тексерудің нэтижесіне байланысты шешіледі.
Аса қауіпті инфекциялар кезінде (құтырық, шошқа обасы, топалаң) ауру малдың ұшасы техникалық пайдалануға :жатқызылады немесе өртеу арқылы, не басқа жолмен жойылады.
Ауруға бейім жануарларға қатысты шаралар. Індетке қарсы шаралардың маңызды бір бөлігі ауруға бейім жануарларға қатысты жүргізіледі. Олар негізінен хайуанаттардың ауруға төзімділігін арттыруға және оларды ауру жұғу қаупінен қорғауға бағытталған. Аурудың малға жұғуына қарсы шаралар инфекция қоздырушысының берілу тетігіне қарсы шаралар ретінде қарастырылатындықтан бұл жерде жануарлардың ауруға төзімділігін арттыру жайлы сөз болады.
Жануарлардың ауруға төзімділігін арттыру - фермаларда жүргізілетін барлық шаруашылыққа қатысты іс-әрекеттердің ең өзекті мақсаты. Оны қамтамасыз ету үшін кең ауқымды экономикалық-ұйымдыстыру, селекциялық-зоотехникалық, ветеринариялық-санитариялық шараларды іске асыру керек. Өнімді көп беретін малды өсірумен қабат олардың ауруға төзімді болуына да көңіл бөлу қажет. Бұл қасиеттердің малдың тұқым тегіне ғана емес, оның күтіміне де байланысты екені анық. Сондықтан қора-жайдың, жайылым мен өрістің, сондай-ақ малды азықтандыру жэне суару, пайдалану санитариялық-зоогигиеналық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау індеттанудың негізгі зерттеу
Ұйымдастыру шаруашылық шаралары
Некробактериоз
Үй жануарларының жұқпалы аурулары
Бруцеллезді болдырмау шараларын ұйымдастыру
Бруцеллез ауруына сипаттама беру
Бруцеллездің алдын алу
Төтенше жағдайлар (топтасуы және жалпы ұғымдар)
Індетке қарсы шаралар
Ауру және ауруға күдікті жануарларға қатысты шаралар
Пәндер