Табиғи - экологиялық факторлардың адам денсаулығынаәсері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс №3. Экология және адам денсаулығы.

Жоспар:
1. Табиғи- экологиялық факторлардың адам денсаулығынаәсері
2. Әлеуметтік-экологиялық факторлардың адам денсаулығына әсері
3. Гигиена және адамденсаулығы

Негізгі ұғымдар: гигиена,әлеуметтік-экологиялық факторлар,табиғи сауықтыру факторлары,
Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен ауру деңгейі Адамның денсаулығының төмендеп,ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз -- бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық.Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50 -- 52%-ы -- өмір сүру салтына, 20-25%-ы -- тұқым қуалау факторларына, 18 -- 20%-ы -- қоршаған орта жағдайларына, ал 7 -- 12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады.Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылады. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаган жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксенобиотиктер (грек тілінен аударғанда хеnos -- бөтен) адам мен басқа да тірі ағзалар үшін бөтен заттар.Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге және т.б., яғни үшінші табиғатқа айналуына байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико- химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік- экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стресстік құбылыстар арқылы әсер етеді. Адамдардың мезгілсіз қайтыс болу себептері ең алдымен қолайсыз табиғи және әлеуметтік факторлар болып табылады.Ауру мен өлімнің қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі жекелеген мемлекеттер мен аймақтар мысалынан көрінеді.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын дүние жүзінде шамамен 500 мың адам пестицидтермен уланады және оның 5 мыңы өліммен аяқталады. Мұндай құбылыстарәдетте
үшінші әлем елдерінде жиі кездеседі. АҚІІІ-пен салыстырғанда бұл елдерде улану 13 есе артық. Ағзаларға қолайсыз әсер ететін және ауруларға әкеліп соқтыратын заттарды төмендегідей топтарға бөліп көрсет уге болады:
1) концерогендер (латын тілінен аударғанда cancir -- рак, генезис -- шығу тегі) қатерлі ісіктер туғызады. Қазіргі уақытта шамамен 500 осындай заттар белгілі. Олардың ішіндегі ең күштілеріне бензо(а)пирен және басқа да полициклді ароматтық көмірсулар, ультракүлгін сәулелер, радиоактивті изотоптар,эноксидтісмолалар,антритт ер,нитрозаминдер,асбестжәнет.б.

жатады;
2) мутагендер (латын тілінен аударғанда mutasio -- өзгеру) - хромосомалар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларға: рентген сәулелері, гамма-сәулелер, нейтрондар, бензо(а)пирен, колхицин, кейбір вирустар және т.б. жатады;
3) тератогендер (грек тілінен аударғанда teras, teralos -- құбыжық) -- жеке дамуда кемістіктерге әкелетін, кемтарлықтардың пайда болуына әкелетін заттар. Тератогендерге әсер ететін мөлшерінен артып кететін кез келген фактор жатады. Көбінесе тератогендерге мутагендер, сондай-ақ пестицидтер, тыңайтқыштар, шу және т.б. ластаушылар жатады. Сонымен қатар, эмбриогендерді де бөліп көрсетуге болады. Эмбриогеидер (грек тілінен аударғанда embryo - ұрық) эмбрионалдық даму кезінде зақымдануларға әкелетін заттар. Эмбриогендерге тератогендер, мутагендер және басқа да заттар (мысалы, алкогольді ішімдіктер, есірткі заттар және т.б.) жатады.Адам қызметінің нәтижесінде жаңа, бұрын болмаған аурулар пайда болады. Мұндай ауруларды ерекше техногенді аурулар тобына жатқызады. Оларға қорғасын (сатуризм), кадмий (ита-ита), сынап қосылыстарымен ("минамата") және т.б. уланудан пайда болған аурулар жатады.
Денсаулық үшін зиянды органикалық және бейорганикалық заттар Көптеген органикалық заттар улы және жоғары дәрежеде тұрақты болып табылады. Олар көбінесе канцероген, мутаген, тератоген немесе басқа аурулардың пайда болуын күшейтеді.Органикалық қосылыстардың ішінде, әсіресе, галогенді көмірсулар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік оқыту әдістері
Экологиялық факторлардың қоршаған ортаға әсері
Экологиялық факторлардың қоршаған ортаға тигізетін әсерлеріне байланысты баға беру
Экологиялық факторлар және олардың өзара ықпалы
Экологиялық фактор түсінігі
Экология ғылымы, оның міндеттері туралы
Табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас
Факторлардың организмге әсері
Дара организмдер экологиясы - аутэкология
Жоғары оқу орындары мен орта және арнаулы мектептегі экология пәнін оқыту барысын зерттеу және әдістемелік жүйесін жасау
Пәндер