ТМД-ның ролі мен маңызы Қазақстан


ЖОСПАР

Кіріспе4

1 тарау. Интеграция теориясы және саяси негіздері7

1. 1. Интеграция теориясының негіздері7

1. 2. ТМД интеграция негізінің қалыптасуы және дамуы15

1. 3. ТМД интеграциясына әсер ететін факторлар23

2 тарау. ТМД-дағы экономикалық интеграция және Қазақстан33

2. 1. Орталық Азиядағы Экономикалық Қауымдастық33

2. 2. Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық: Қазақстанның қосқан үлесі39

2. 3. ГУУАМ - саяси - экономикалық бірлестік ретінде47

2. ТМД мемлекеттерінің әскери саладағы ынтымақтастығы52

Қорытынды58

Әдебиеттер тізімі62

Кіріспе

XX ғасырдың аяғында, соңғы орасан зор әлеуметтік империялардың бірі Кеңестер Одағы өмір сүруін тоқтатты. Бұл дүние жүзі тарихындағы аса ірі оқиға. Әлемдегі ықпал ету жағынан бұл - Ежелгі Рим империясының, Британ империясының құлауымен пара-пар. Сонымен В. И. Лениннің басшылығымен 1922 жылы 30 желтоқсанда құрған КСРО өз құрылуынан 70 жыл өткен соң өмір сүруін тоқтатты. Әлемдік қауымдастық жаңа мемлекеттер санымен толыға түсті.

Бұрынғы Одақтас Республикалардың, өзіндік егеменді мемлекет болып құрылуы экономикалық және әлеуметтік жағынан үлкен қиыншылықтар мен шығындармен жүруде.

Енді жаңа тәуелсіз мемлекеттер алдында күрделі таңдау тұрды. Олар: қол жеткізген тәуелсіздікке шүкіршілік ете отырып, оқшау қалу немесе Батыстың шикізат қөзіне айналу, ал енді ең соңғысы бірлескен Еуропалық Одақты мысал ете отырып интеграциялық байланыстарды күшейтіп, кеңестік аймақта әлемдік дамуда жаңа бір орталық құру.

Қазіргі таңда жаңа егеменді мемлекеттердің саяси егемендігінің халықаралық - құқықтық құрылу стадиясы аяқталды, сонымен қатар, әлеуметтік - экономикалық және валюталық - қаржы жүйесі де құрылып бітті. Бірақ Кеңестер Одағының ыдырауының артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар. Солардың бірі Кеңес Одағының ыдырауынан кейін біртұтас халықтың шаруашылық кешен қирады, көптеген сауда - экономикалық және өндірістік - технологиялық байланыстар үзіліп қалды. Бірақ мұның тиімді жақтары да бар, яғни бұрынғы отар елдер әлемдік қауымдастыққа өздерін зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде таныстыруға мүмкіндік алды.

Бұл жұмыс КСРО-ның ыдырауы мен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуынан кейінгі жағдайлардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастық ролі мен орнын, жаңа құрылымдағы заман талабына сай интеграциялық үрдістің жүру жолдарын және сол үрдістегі Қазақстан Республикасының позициясын қарастырады. Қазіргі уақытта Қазақстан ТМД-да және жалпы әлемдік қауымдастықта демократиялық құндылықтар жолын ұстанушы аймақтың және ғаламдық қауіпсіздікті бекітуде өз үлесін қосуға талпынып отырған мемлекет ретінде әлемге әйгілі.

Қазақстан Республикасының халықаралық құқықтың субъектісі ретінде өмір сүруінің алғашқы күндерінен бастап, бұрынғы Одақтың республикалар арасында жаңа экономикалық және әлеуметтік байланыстарды, құру міндеттерді белсенді түрде араласты. Қазақстан Республикасының ТМД-ны құрудағы орны мен ролі көпшілікке мәлім. Президентіміздің ұсынысы бойынша, 1991 жылы желтоқсанда Алматы қаласында он бір тәуелсіз мемлекет басшылары жиналып Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы жариалаған болатын. Содан бері жаңа бірлестік өз өмірін жалғастыруда.

Диплом жұмысының өзектілігі . Қазіргі дүниежүзілік дамуда ғаламдану үрдісі жүруде. Ал сол ғаламданудың бастамасы интеграция. Біз XXІ ғасыр интеграция ғасыры деп айтсақ жаңылмаймыз деп ойлаймын. Қазіргі таңда барлық мемлекеттер интеграциялануға ұмтылуда, өйткені әлемдік тәжірбие көрсетіп отырғандай оқшау экономика еш уақытта дами алмайды. Интеграцияланудың теріс жақтарынан гөрі оң жақтары басымырақ. Міне сондықтан да Қазақстан Республикасы дамудың интеграция жолын әр уақытта қолдайды. Интеграция әр уақытта да өз өзектілігін жоғалтпаған. Оған деген қызығушылық, КСРО ыдырап, әр бір бұрынғы Одақтас мемлекет өз тәуелсіздіген алғаннан кейін үдей түсті.

Диплом жұмысының өзектілігі оның ғылыми-теориялық негізі де дәлелдейді. Қазіргі кезеңде отандық дипломатия қызметінің даму шеңберінде алдынғы кезекте оның практикалық аспектісі орын алады. Дипломатиялық сферада жұмыс істеуші мамандар үшін, Қазақстанның ТМД елдерімен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және басқа да байланыстарын ұйымдастыруда тиімді тұстарын пайымдауы, қажеттіліктерін анықтауда көмек ретінде ғылыми зерттеулердің қажет екендігі анағұрлым сезіледі.

Тақырыптың өзектілігін негіздейтін тағы бір факт, қазіргі кезде Қазақстанның ТМД-ның басқа елдермен белсенді қарым-қатынасы және жасалып жатқан екіжақты, көпжақты келісімдер. Мемлекеттер арасындағы қатынастардың көлемінің кеңеюі және дамуына байланысты ТМД органдарының іс-әрекеті күрделеніп, кеңейе түсуде.

Халықаралық қатынастар тарихы көрсеткендей, мемлекеттер арасындағы экономикалық, саяси, ғылыми және мәдениет салаларындағы толыққанды қатынастарды орнату кезеңінде мемлекетаралық институттар маңызды роль атқаратының көреміз.

ТМД елдерінің проблемеларын зерттеу, оның қазіргі даму тенденцияларын анықтау тәжірибесі Қазақастан сыртқы саясатының қалыптасуына негіз бола алады.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысын жазудағы автордың мақсаты қазіргі кездегі ТМД-ның ролі мен маңызын анықтау және осыған байланысты Қазақстанның позициясын көрсету. Жүйелі түрдегі посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістерді зерттеу және олардың халықаралық қатынастарға ықпалын жан-жақты ашып көрсету. Осы мақсаттарды жүзеге асырудағы міндеттер :

  • Интеграциялық дамудың әлемдік маңызын зерттеу;
  • Интеграция теориясын қарастыру;
  • ТМД құрылуындағы мәселелерді қарастыру;
  • ТМД интеграциясының экономикалық, әскери жақтарын қарастыру.

Деректемелер. Жоғарыда көрсетілген мақсат пен міндеттерді жүзеге асыруға негіз болған деректерді сипатына қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Олар - дипломатиялық құжаттар мен мемлекет қайраткерлерінің еңбектері; ТМД елдерінің екіжақты және көпжақты келісімдері; баспасөз материалдары.

Жұмыс жазу барысында автор келесі деректерге сүйенеді: ТМД шеңберінде көптеген салаларға арналып қабылданған құжаттарды қолдандым. Бірқатарын атап өтер болсақ, олар - “Соглашение о создании Содружества Независимых Государств”, “Алматинская декларация”, “Устав Содружества Независимых Государств”, “Соглашение о Таможенном союзе”, “Договор о создании Единого экономического пространства между Республикой Казахстан, Кыргызской Республикой и Республикой Узбекистан” т. с. с. Бұл жұмыста мынадай мемлекет қайраткерлерінің еңбектерім қолдандым. Олар, Н. Ә. Назарбаевтың “Сындарлы он жыл”, “На пороге XXІ века”, “Евразийский союз: идеи, практика и перспективы“, Н. Р. Исингариннің ”10 лет СНГ. Проблемы, поиски, решении“, ”Проблемы интеграции в СНГ“, “Транспорт магистраль экономической интеграции в СНГ”, ”Казахстан и Содружество: проблемы экономической интеграции“. К. Токаев:”Под стягом Независимости“, ”Дипломатия Казахстана” т. б.

Баспасөз материалдарына тоқталар болсақ, “Казахстанская Правда”, “Панорама”, “Евразийское сообщество”, “Экономист” т. б.

Зертелу деңгейі. ТМД елдерінің интеграциялық үрдісі тарих ғылымы толық зерттелмеген нәрселердің бірі.

Әлемдік тарихта мемлекеттер арасындағы өзара қатынас көбіне халықаралық келісімдер мен шарттарды, дипломатиялық келіссөздер мен көпжақты конференцияларды талдау арқылы жүзеге асырылады. Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық процестердің негізгі даму тенденциясын талдайтын зерттеулерді атап өтер болсақ, Н. Исингарин, ТМД-дағы интеграция үрдісіне айрықша назар аударатын Н. Назарбаевтың еңбектері, Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағытын көрсететін К. Тоқаевтың еңбектері. Атап айтар болсақ, Н. Ә. Назарбаевтың, “На пороге XXІ века” сараптама ретінде “Сындарлы он жыл”, “Евразийский союз: идеи, практика и перспективы“ еңбектерін айтуымызға болады. Және осы ТМД-ға интеграция үрдісіне көптеген зерттемелік жұмысы бар Н. Исингариннің еңбектерін айтуға болады. Олар ”10 лет СНГ. Проблемы, поиски, решении“, ”Проблемы интеграции в СНГ“, ”Казахстан и Содружество: проблемы экономической интеграции“. “Таможенный союз: дела и планы”, К. Токаев “Дипломатия Казахстана” т. б.

Теориялық жағынан Шишков Ю. В. “Теория региональной капит. инт. ”, Барановский В. Г. “Политическая интеграция в Западной Европе”, Haas E. “The unіtіng of Europe”, Гаджиевтің еңбектерін айтуға болады.

Мемлекетаралық құқықтық мәселесімен танымал ғалым, еңбектері халықаралық мамандар арасында кең тараған М. А. Сәрсенбаевтың кітабы, бұл еңбектерде автор ТМД-ның саяси-құқықтық аспектілерін ашып көрсеткен.

Осы негізде бұл жұмыстар белгілі бір дәрежеде назар аударғанымен, бірақ, ТМД елдерінің қалыптасуы мен даму тарихы тереңірек әлі де болса зерттелмеген.

Методологиялық негізі. ТМД-ның қалыптасуы мен дамуы интеграциялық процесті ғылыми және объективті негізінде зерттеу мақсатында жүйелік сараптама, талдаудың тарихи анықтамалалық әдісі, функционалдық құрылымдық талдау, сонымен қатар синтез және талдау әдістері пайдаланылды. Зерттеу тәсілдері: саралау, талдау әдісі, салыстырмалық жүйелік структуралық әдістерді қолдануға автор тырысты.

Тақырыптың ғылыми - тәжірбиелік жаңалығы. Жұмыс барысында КСРО ыдырауының кейбір жақтары мен ТМД-ның құрылуы, посткеңестік аймақтағы интеграциялық үрдісті автор жан-жақты ашып көрсетті. Әлемдік тәжірбиедегі интеграциялық үрдістің ТМД аймағындағы үрдіспен байланыстылығын көрсетеді.

Диплом жұмысының құрылымы үш тараудан, кіріспе, қорытынды, әдебиет тізімдерінен тұрады. І тарау интеграциялық үрдістің теориялық, саяси негіздеріне арналады. Ол үш бөлімнен тұрады. Бұл тарауда интеграция теориясы, КСРО ыдырауы және оның себептері, оң және теріс ықпалдары, ТМД-ның қалыптасуы және дамуы, және осы аймақтағы интеграцияға әсер етуші кері жене оң факторларды баяндайды. ІІ тарауда ТМД-дағы экономикалық интеграциялық бірлестіктер және Қазақстанның қосқан үлесі туралы айтылады. Ал, ІІІ тарауда ТМД аймағындағы әскери ынтымақтастық туралы болмақ.

1 тарау. Интеграция теориясы және саяси негіздері

1. 1. Интеграция теориясының негіздері

Тарихтан бізге мәлім ең бірінші антикалық интеграциялық форма ретінде б. д. д. 2371 жыл 4 мың жыл бұрын солтүстік Месопатамиядағы ежелгі Саргон империясы айтуға болады. Содан бері интеграциялық үрдіс адам өмірінің ажырамас бір бөлігі ретінде. Адам өзі жалғыз өмір сүре алмайтын секілді қоғам да өзі оқшау өмір сүре алмайды. Міне, осы интеграциялық үрдістің бастамасы. Интеграция сөзінің ұғымы теориясына тоқталатын болсақ, интеграция термині алғашқы рет неміс және швед ғалымдарымен ХХ ғасырдың 30 жылдарында қолданылған болатын. Интеграция түсінігі қайта құру, қосылуды білдіретін іntegratіo деген латын сөзінен шыққан. 1 Интеграцияны топтық, әлеуметтік, этникааралық, мемлекетаралық болып бәледі. Сонымен қатар әскери-саяси, ғылыми-техникалық, мәдени және т. б. интеграциялар болады. Интеграция мәселесіне байланысты Барановский В. Г. былай деп түсінік береді: “Бөлек ереркше бөлшектердің біртұтастықпен байланысты жағдайы және осы процеске әкелетін жағдай”. 2 Ол интеграцияның үш белгісін бөліп алуды ұсынады. Біріншіге, кейбір мемлекетттер арасында бар, осы мемлекеттерге тән, бір жақты байланыстар мен қатынастар жиынтығынан байланыстар мен қатынастарды бөлу, ерекшелеу жатады. Екінші белгісіне, интеграциялық процестерде жүзеге асыратын басқару, яғни интеграциялық тұтастықтағы негізделген қимылдар мен реттеушілік, осының барлығы жаңағы ағымдардың, оқиғалардың стихиялық дамуынан ерекшеленеді. Ал үшіншіне, интеграциялық кешендегі тұтастық пен құрылымдық бөлшектердің арақатынасы.

Әлеуметтік өмірге қолданылатын интеграция ұғымы, кең анықтама, мәдени, экономикалық, саяси және басқа салаларды қамтиды. Топтық, әлеуметтік, этникааралық, мемлекетаралық болып бөлінеді. Сонымен қатар, интеграция, саяси-әскери, ғылыми-техникалық, техникалық түрлері бар, яғни интеграция қазіргі таңдағы қоғам қызметінің барлық салаларын қамтыған.

Интеграциялық үрдістің саяси жақтарын зерттеу, түрлі мелекеттерде болатын ішкі және сыртқы саяси үрдістермен тығыз байланысты. Бізді қызықтырып отырған мәселе мемлекетаралық интеграциямен байланысты және халықаралық қатынастар мәселесінің шеңберіне кіреді. Мемлекетаралық интеграция, мемлекеттердің арасындағы интеграциялық үрдістің саяси проблематикасымен байланысты мәселелердің жай-жапсарын көрсету үшін, зерттеуші ғалымдар саяси интеграция деген ұғым туралы айта бастады.

Көп зерттеуші ғалымдар “саяси интеграция” ұғымын толық анықтамасын берген америкалық политолог Э. Хаас деп санайды. Бұл терминді ол біренше ұлттық жүйелердің саяси өмірінің мүшелері өз қызметінде заңдастырды және белгілі бір заңы бар жаңа орталыққа бағыттала бастады немесе оны басқа мемлекеттер қазірге дейін біріккен жалпы теория жоқ. Барановский В. Г. айтып кеткендей: “интеграция дегеніміз дифференциацияланған бөліктердің біртұтасқа байланыстылық жағдайы, сонымен қатар осындай жағдайға алып келетін үрдіс”. 3 Мысалға интеграция ұғымын жүйелі функционализмнің негізін салушы Т. Парсонның ұсынысы бойынша екі негізгі компонентті қамтиды: біріншіден, интеграция элементтерінің ішкі сиымдылығы; екіншіден, интеграциялық жиынның сыртқы ортадан оқшау тұратын спецификалық жағдайын қамтамасыз ету және сақтау. 4

Халықаралық қатынастар жүйесіндегі интеграцияның ең бірінші жүйелік сипаттағы қандай да бір біртұтастық құрылуын астарлау қажет. Осы біртұтастық құрушы элемент қазіргі таңда мемлекет болуы мүмкін. Мынадай ой-пікірмен келісуіміз қажет “кейбір мемлекеттердің қандай да бір мемлекетаралық қатынастардағы жүйеге енуі, әрдайым олар интеграция үрдісіне кірді дей алмаймыз. Мұндай жағдайда біз интеграция әр уақыт жүйе, бірақ жүйе әр уақытта интеграция бола алмайды”. Жүйелілік иерархиялық элементтердің автономдығы - интеграция және интерация еместің арасына шектеу қойғанда бұл аса маңызды болмай қалды. 5

Интеграция ұғымының теориялық мағынасын сараптауға деген қажеттілік, Батыс Еуропа және Солтүстік Америка елдерімен байланысты. Жалпы, мемлекетаралық интеграция түрлі концепциялардың әдістемелік негізін ең бірінші Батыс Еуропадағы халықаралық экономикалық интеграция теориясының шарттары құрады. Құралған концепция жоғары дамыған индустриалды қоғамдастыққа бағытталғаны заңды-ақ, өйткені соғыстан кейінгі кезеңде үшінші әлемдегі мемлекеттер интеграциялық ағымға келетіндей әлі бытыраңқы еді.

Ең бірінші аймақтық интеграция үрдісін теориялық тұрғыдан түсіндіруге тырысқандар 1950 жылғы неолибералистердің ағымында жұмыс істеген ғалымдар болды. (А. Предоль, В. Репке) . Рынок концепциясына сүйене отырып, олар, интеграция деп бірнеше мемлекеттерді құрамына енгізетін біртұтас геоэкономикалық кеңістіктің құрылуы деді. Мұны жүзеге асыру үшін сыртқы сауда және валюта-қаржы сферасын мемлекеттік бақылаудан брсату керек. Бұл көбіне мемлекеттердің қызмет етуіндегі либералдық көзқараспен сәйкес келеді, ол сол кезде Батыс заңдары мен саяси ғылымында болған еді.

Әлемдік даму ағымы, дамыған мемлекеттеді ұлттық мүдделерін тиімді қорғау формуласын іздеуге итермеледі. Неолибералистердің көзқарасы бойынша бұл жерлегі маңызды нәрсе аймақтың ішінде біртұтас кедендік тәртіпттің қызмет етуіне жағдай жасау және үшінші мемлекеттерге біртұтас әдіс, қатынас жасап шығару.

Кедендік одақ 1957 жылы құрылған Еуропалық Экономикалық Қауымдастықтың теориялық концепциясы болды.

1960 жылы интеграция формасына деген әдістердің қайта қаралуы болды. Осыған байланысты ғалымдар арасында интеграциялық жүйенің шеңберін кеңейтуге деген қажеттілік туды. Кейбір зерттеушілердің жаңа бағытын шартты түрде “дирижистер” деп атады. Бұл ағымның жақтаушылары, интеграция үрдісін жүйелі түрде реттеу үшін ұлтүсті саяси-құқықтық институттар немесе институттар тобын құруды қолдады. Бұл әдіс мемлекетаралық интеграция барысындағы тек қана рыноктық бірлестіктері ғана емес, сонымен қатар реттеуші органдар мен механизмді құруды қарастырады. Дәл осы кезде Американ ғалымы Б. Белаши интеграцияның жүйелі бес түрін атап көрсетеді. Олар:

  1. Еркін сауда аймағы - мүше-мемлекеттер арасында мөлшерлік және сандық шектеулер алынған;
  2. Кедендік одақ - жоғарылардан басқа, үшінші елдермен саудада ортақ өлшем енгізілген;
  3. Ортақ нарық - саудаға шек қоюлармен қатар, өндірістік факторлардың (капитал мен жұмыс күшінің) шек қоюлар алынып тасталынады;
  4. Экономикалық одақ - тауар мен өндірістік факторлардың қозғалу еркіндігі дискриминациясын жою үшін жасалынатын ұлттық саясат белгілі түрде сәйкестендірілумен толықтырылады;
  5. Саяси одақ - толық экономикалық интеграция, ұлттық экономикалық саясаттар толықтай жүйелінеді және ұлттық шеңберден шыққан билік мекемелі құрылады.

Әлемдік интеграциялық үрдістің даму динамикысы интеграция теориясының дирижистік бағытының 1966-1970 жылдарда күшеюіне жол ашты. Бұл бағыттың көрнекті өкілдері - Р. Купер, Г. Мюрдаль, П. Стриптен, Я. Тринберген, А. Филип.

Швед ғалымы Г. Мюрдальдің айтуы бойынша рыноктық көзқарасты ұстанатындардың теориялық жағдайдағы концепциялары кедей және бай елдердің дамуын бірдей қылуды көздейді, іс жүзінде поляризация одан ары күрделене түспек. Оның айтуынша, бұл ұлттық-саяси мүдделердің ықпалымен айқындалады. Осыған сәйкес ол мемлекеттік реттеу рөлін және экономикалық координациясын, әсіресе даму темпін және деңгейді біркелкі қылу үшін әлеуметтік саясаттың рөлін күшейтуді ұсынады. 6 Зерттеудің теоретикалық негізінде мамандар интеграция концепцияларының үш ірі бағытын анықтады. Бірінші тәсіл, Батыс Еуропалық елдердің тарихи, экономикалық және саяси мүдделерінің бірлігі. Осыған сүйене отырып, осы ағымның жақтастары институцияланған құрылым құру керектігін айтады. Осы ғасырдың 50 жылдары американ және бірқатар еуропалық саясаткерлер жаңа концепцияны ұсынды, негізгі мәні әр түрлі мемлекеттерді федерацияға қосу. Осы ағым сасат ұғымында федерализм деген атқа ие болды. Биліктің федерациялық жүйесі бір жағынан тұрақтылықты және ұлттық қауіпсіздіктің дамуын қамтамасыз ете алатын қабілетке ие, ал екінші жағынан әр елдің ерекшелігін сақтай отырып, нақты федерация субъектілерінің және ұлтүсті органдардың саясаи және әкімшілік ұйымдардың құзыретін шектеу. 7

Осы бағыттағы екінші тәсіл: классикалық федерализм және неофедерализм. Бірінші әдістің жақтаушылары конституцианализм және биліктің бөлінісі идеясына негізделді. Мәні, аймақтық интеграция халықаралық көлемдегі нормативті қайта құруға негізделген кезде ғана мүмкін. Бұл ағымның жақтастары федеративтік жүйенің құрылуы интегарцияның ең соңғы бекеті дейді. АҚШ, Швейцария конфедерация қызметін мысал ете отырып, федералистер, федерацияны құру біріктіруші мемлекеттердің басқарушы элитасының шығуы тиіс. 8 Жалпы бұл әдіс интеграциялық үрдісте конституциялық мүмкіндіктердің рөлін жарыққа шығарды, сонымен қатар ішкі және сыртқы факторлардың да. Кейін келе дәстүрлі классикалық федерализм әдістерінің жетіспеушілігі теорияның жаңалануын және федералдық интеграция идеясының жүзеге асырылу үшін кең мүмкіншіліктерді талап етті.

Неофедералистік концепция әлеуметтік интеграцияға арқа сүйей отырып, саяси және конституциялық деңгейдегі федералдық интеграция үрдісінің біртұтастығынан туындады. Осы ағымның көрнекті өкілі американдық политолог А. Этционе, К. Фридрих. Бұл ағым бойынша федералистер сияқты бірден секіру емес кезең кезеңмен болатын үрдіс. Федералистік үрдісі саяси бірлестіктердің түрлі жақтарын қамтуы мүмкін, эволюция барысында сонда құрылымның федералдық принципі бірте бірте кеңейді. Олардың ойынша да интеграцияның соңғы бекеті федеративтік мемлекет формасындағы саяси қоғамдастық.

Федеративтік интеграция идеясын Еуропалық Одақтың дамуында біраз байқай аламыз. Қазіргі кездегі тәжірибе көрсетіп отырғандай, ұлттардың егеменді заңдары және жалпы интеграциялық құрылымдардың қайта бөлінуі баяу жүреді. Тіпті кейбір жағдайларда ұлттық мемлекеттің өкілетінің пайдасына бөлініп, кері серпіліс болуы мүмкін.

Федерализмнің теориялық кемшіліктерінің орнын толтыруға тырысқан функционалистерді айта аламыз. Олардың ойынша, қазіргі кездегі индустрияның, коммуникациялық құралдарының дамуы халықаралық ынтымақтастыққа жол ашады, ал бұл өз кезегінде функционалды интернационалды ұйымдардың құрылуына себепші болады. Бірінші кезже интеграция мемлекет арасындағы қатынастарды реттейтін арнайы құрылымдарда қызмет жасайды. Бұл мектептің негізін салушылар Д. Метрани және А. Клоуд. 9

Аймақтық интеграция саласындағы тағы бір ірі ағым коммуникациялық ағым. Бұл ағымның негізін салушы американдық Карл Дойч. Ол әлемдік қауымдастықты әр уақытта өзара әрекет (коммуникация) және өзара ықпал ету үрдісінде болатын және жеңілдіктерге бару мүмкіншілігі және соған мәжбүрлеу механизмі бар түрлі саяси топтардың жиынтығы ретінде қарастырады. Интеграция үрдісінде негізгі назар “қауіпсіздік қауымдастығын” құру жолында және жағдайына бөлінуі тиіс. 10

К. Дойч интеграцияның ең басты қозғаушы күші тек ұлттық мемлекет емес, сонымен қатар, партиялық жүйелер, қысым жасау топтары және басқа ішкі саяси аренадағы акторлар жатады деп ойлайды. Оның пікірі бойынша мемлекеттердің ішкі интеграциялануы қауіпсіздік қоғамдастығына қол жеткізгенде ғана бола алады. Осыған байланысты осы мектептің жақтаушылары интеграцияға әсер ететін екі факторды белгіледі:

  • Біріншіден, қоғамдастықта өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Мұнда интеграцияланбаған топтар әр уақытта конфронтация күйінде болады.
  • Екіншіден, белгілі бір топтардың потенциалды мақсатына қол жеткізу үшін саяси интеграцияланған қоғамдастық жағдайында барлық мүмкіншілікті топтастыру.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен ынтымақтастығы
ТМД интеграциясының экономикалық, әскери жақтарын қарастыру
Қазақстанды дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялая бағыттары
Қазақстанды дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялау
Интеграциялық процестің дамуындағы Қазақстан Республикасының алатын орны
Қазақстанның халықаралық экономикада қатысуы
Халықаралық жария құқықтың қайнар көздерінің түсінігі
Шешім қабылдаудың жаңа түрі
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің саяси жүйесі
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz