Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Шығыс Қазақстанның экономикалық даму үрдісінің тарихы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:   
Диссертация тақырыбы: Шығыс Қазақстанның Ұлы Отан соғысында КСРО-ның фашисттік Германияны жеңуіне қосқан үлесі

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 1941-1945 жж. аралығындағы Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.1 Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Шығыс Қазақстанның экономикалық даму үрдісінің тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.2 Соғыс жылдарындағы өңірге эвакуациямен көшірілген халықты қабылдау және орналастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2 Шығыс Қазақстандықтардың фашисттік Германияны жеңуіне қосқан меценаттық көмегі ... ...33
2.1 1941 - 1945 жылдардағы Шығыс Қазақстандықтардың майданға көрсеткен меценаттық көмегі 33
2.2 Тылдан майданға (Шығыс Қазақстан Облысы мысалында) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43
3 Ұлы Отан соғыс уақытында ерен ерлігімен ел есінде қалған шығыс батырлары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..56
0.1 Ұлы Отан соғысында КСРО-ның фашисттік Германияны жеңуіне үлес қосқан шығыс батырлары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...56
0.2 . Тарихта ерен ерлігімен ел есінде қалған дәрігер медбикелер: ерліктері және майдандағы күнделікті өмірі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..84
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .101
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 104
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...112

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін тарих беттерін қайта саралап зерттеу батыл қолға алынды. Отан тарихы егемен ел талабына орай зерттеліп, бұрмаланып келген және ақиқаты ашылмаған мәселелер қайта қаралып, оған дерек көздерімен дәлелденген объективті бағасы беріле бастады. Соның нәтижесінде кеңестік идеология тыйым салып, қатаң бақылауға алған халық тарихы қайта зерделене бастады. Айрықша мән беріліп қайта зерттелуге тиісті тақырыптардың бірі - Ұлы Отан соғысы тақырыбын қайта зерделеу, айтылмаған, жазылмаған ақиқаттарды ашу - қазіргі заман талаптарының жаңа міндеті екені айқындалды. Соғыстың басталуы, халықтың майданға аттануы, қазақстандықтардың ерлік көрсетуі т.б. мәселелелерді ғылыми арнадан қайта зерделеу және бұрын айтылмаған соғыс жылдарындағы халықтың ауыр әлеуметтік-тұрмыс жағдайларын зерттеудің маңызы артып, бүгінгі өмір талаптарының өзекті мәселесіне айналды.
Тарих тағылымдарына бет бұрмай, бүгінгі үрдістердің терең мән-мағынасын түсіну, оның үстіне болашақты болжау өте қиын. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихында ең қайғылы беттерінің бірі болды. Оған әлемнің көптеген мемлекеттері қатысты. Алайда, оның негізгі ауыртпалығын кеңес халқы көтерді.
Біз үшін, 9 мамыр тарихта өзінің өмірін қиып, асқан қасіретімен тарих барысын күрт өзгерткендерді мәңгілік қастерлі еске алу күні болып қалады.
Табандылық пен ерлік, Отанға деген махаббат аса қатыгез соғыста бостандықты сақтап қалуға көмектесті. Жауынгермайдангерлер теңдессіз батырлық және жеңіске деген иілмес ерік-жігер көрсетті. Сол жылдарда тек әскер ғана емес, сондай-ақ бүкіл халық болып Отанды қорғауға жұмылды. Қазақстан Жеңісті қамтамасыз етуде аса зор рөл атқарды.
Соғыстың қасіретті жылдары тарихқа айналып, бірте-бірте уақыт көшімен бірге алыстаған сайын Отанын қорғауға жұмыла көтерілген кеңес халқының, оның Қарулы Күштерінің ерен ерлігі бүкіл адамзат алдында жаңа қырынан таныла түседі. Еліміз қысқа мерзім ішінде бір ғана мақсатқа - бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін деген мақсатқа жұмылдырылған бірыңғай әскери лагерьге айналды.
Сондай-ақ тұңғыш президентіміз Н.Ә. Назарбаев халыққа арнаған Қазақстан - 2030 стратегиялык жолдауында Қазақстандық патриотизм идеясын ұлттық кауіпсіздік стратегиясының құрамдас бөлігі ретінде атап көрсетті Елбасы жолдауында, біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз, - дейді.
Жоғарыдағы Ұлы Отан соғысындағы оқиғаны сипаттай отырып, біз сол жылдары болған зардаптар мен жеңістің тарихына үңіле қарап, оның қызығушылығы мен басты мәселелерінің өзектілігі біздің ойымызша, келеседегідей маңызды себептерге байланысты.
Біріншіден Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық фактор зерттеу маңызды болды. Яғни ондағы Шығыс Қазақстанның сол жылдардағы экономикалық үрдіс пен бірге орыстанған жерлерге өзге ұлттарды эвакуациялау жүріп жатты. Бұл мәселелердегі методологиялық тұрғыдан обьективті зерттеуді қажет етеді.
Екіншіден, Шығыс Қазақстандықтардың фашисттік Германияны жеңуіне қосқан меценаттық көмегі мен ондағы басты кірпіш болып қаланған қамал: тылдан майданға жіберген барлық көмектің Қазақстан тарихындағы күрделі және қайшылыққа толы кезең болып табылады.
Үшіншіден Ұлы Отан соғыс уақытында ерен ерлігімен ел есінде қалған шығыс батырлары мен қоса, дәрігер медбикелердің ерлігіне, соғыстан кейінгі тағдырына мән беру өзекті мәселелердің бірі болып отыр, сол бір сұрапыл соғыста жауға аяғы мен қолын берген, бірақ сонда да мойымай еңбекте де ерлік көрсеткен аталарымыз бен апаларымыздың өмір белестерін қазіргі таңда көпшілікке жеткізу бүгінгі біздің міндетіміз.
Төртіншіден, тақырыптың тарихшы ғалымдардың зерттеу барысында оның маңызы мен мәнісін ашқаны көрініп тұр, бірақта бұл оқиғаны зерттеу әліде біз үшін қомақты және тың деректермен қамту өзекті болып табылады.
Қазіргі кездегі Қазақстанның дамуы үшін, өсіп келе жатқан ұрпаққа гуманизм, патриотизм, өз мемлекетінің тағдыры мен болашағы үшін жауптылық сияқты өзекті мәселелерді үгіттеу қажеттілігі туындайды және оны іске асырудың бірден-бір жолы өзінің туған өлкесінің тарихын, соның ішінде батыр азаматта ымыздың ерен ерліктерінің арқасында, олардың бірліктері мен Отаны фашизмнен қорғаудағы табандылықтарының нәтижесінде жеткен Ұлы Жеңістің маңызын, Ұлы Отан соғысы тарихын білу болып табылады.
Жұмыстың негізгі ұстанымдары мен тұжырымдары: Сондай-ақ тұңғыш президентіміз Н.Ә. Назарбаев халыққа арнаған Қазақстан - 2030 стратегиялык жолдауында Қазақстандық патриотизм идеясын ұлттық кауіпсіздік стратегиясының құрамдас бөлігі ретінде атап көрсетті Елбасы жолдауында, біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз, - дейді. Әрине бұл стратегиялық идеялармен біздің ғылыми зерттеу жұмысымыз сәйкес келеді және аталған бағдарламалардың қолданбалы міндеттерін шешуге өз септігін тигізетіндігі анық.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тақырыптың зерттелу деңгейін қарастыра отырып, бұл мәселеге байланысты кеңестік кезеңде ғылыми әдебиеттердің көптеп шыққандығын көреміз. Бірақ, олардың барлығы ғылыми тұрғыдан объективті өлшемдерге сай деп айтуға болмайды. Зерттеліп отырған мәселенің шеңбері кең болғандықтан әдебиеттерді тақырыпқа байланысты бірнеше блокқа бөліп қарастыруға болады.
Жалпы Ұлы Отан соғысы тақырыбы - Отандық тарихтағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Кеңестік кезеңнің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан тарихнамасы бүкілодақтық тарихнаманың бір бөлігі болды және сондықтан ол жалпы зерттеулерде де, сондай-ақ соғыс жылдарындағы республика тарихы жөніндегі еңбектерді талдаған арнайы еңбектерде де қарастырылды.
Ұлы Отан соғысының жеңісінен кейін-ақ, Кеңес тарихнамасында осы соғыстың себебі, зардабы туралы ғылыми еңбектер мен құжаттық жинақтар жеткілікті жазылды. Қазақстан тарихнамасында қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы, тылдағы еңбекте Кеңес адамдарының даңқты істері сол кездің өзінде мерзімді баспа-сөзбеттерінде, оның ішінде одақ көлеміндегі ірі басылымдардың бірі Правда газеттерінде жариялана бастаған болатын.
Кеңес өкіметі жылдарында қанқұйлы соғысты зерттеуде тарих ғылымы екі кезеңін бастан өткерді. Біріншісі - соғыстың басталғандығынан КОКП ХХ съезіне дейінгі, екіншісі И.В. Сталиннің жеке басына табынушылықты әшкерелеуден КСРОның ыдырауына дейінгі кезеңде басылған еңбектерді қамтиды. Әр кезеңде сол уақытқа тән міндеттер шешілді. Олар бір-бірінен мұрағаттарға, шет ел басылымдарына қол жеткізу дәрежесіне, зерттеу тақырыбын таңдау еркіндігіне қарай да ерекшеленді.
Фашистік Германия соғыс туралы Қазақстан тарихшыларының сол кездегі зерттеулеріне бүкілодақтық тарихнаманың жетістіктері мен олқылықтары ортақ еді, әрине, айырмашылықтары да болды. Зерттеулердің теографиялық ауқымы жағынан белгілі бір деңгейде табиғи тар шеңберлілік көрініс алды, ал олардың тақырыптық шектеулілігі, көп жағдайда, зерттеліп отырған құбылыс пен үрдістің ішкі мәніне терең бойлай алмаушылық - олардың ғылыми құндылығын төмендетті. Бірақ бұл көбінесе зерттеушілердің кәсіби деңгейінің төмендігінен емес, дақтық заң құзіретінің тақырыпты кеңінен зерделеуге ресми емес түрде тыйым салынғандығынан және соғыс кезеңінің көптеген құжаттарына қол жетпегендіктен еді.
Мәселен, Ғ.Әбішевтің Қазақстан 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында атты монографиясы (1959; докторлық диссертация) соғыс жылдарындағы республика тарихы бойынша алғашқы кешенді зерттеу болды. Автор өзінің көпжылдық жұмысын қорытындылап, майдандағы оқиғалардың және республиканың сол жылдардағы өмірінің барлық жақтарының кең де айқын көрінісін бейнелеп берді. Кітап жұртшылықтың жоғары бағасын алды, сонымен бірге оның суреттеу сипатта жазылғаны, белгілі бір дәрежеде халық ерлігінің ұлылығына мән бермеушілігі, келеңсіз сәттер мен қиындықтарды жоққа шығару немесе тігісін жатқызуға тырысқандығы да атап өтілді.
Т.Б. Балақаевтың 1970 жылы жарық Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның колхоз шаруашылығы. 1941 - 1945 жылдар монографиясы ауыл еңбекшілерінің тарихын кеңінен қамтыды. Мұрағаттар, статистикалық мекемелер және сол жылдардағы мерзімді басылымдар материалдарына, сондай-ақ колхозшы-ардагерлер мен өндіріс ұйымдастырушыларының естеліктеріне негізделіп жазылған бұл еңбек - ауыл мен село өмірінің кең ауқымды көрінісін бейнеледі, ауыл еңбеккерлерінің қалалықтармен қарым-қатынасының түр-сипатын, мемлекеттік, кооперативтік және нарықтық сауданың жай-күйін, олардың арасындағы үлестік қатынастарды, соғыстың әр жылдарындағы баға деңгейлерін ашып көрсетті.
Екінші томы 1938-1945 жылдар тарихына арналған екі томдық Қазақстан жұмысшы табының тарихы атты еңбекте соғыс жылдарындағы жұмысшы табы мен индустриялық даму тарихының проблемалары барынша тыңғылықты баяндалды. Сол жылдардағы тұрғындар өмірінің материалдық-тұрмыстық жағдайлары туралы В.М. Савченконың жұмысы да құнды еңбек саналды. Оған дейінгі авторлар ең мықтағанда қалалықтар мен ауыл-село тұрғындары өміріндегі осы саладағы ауыртпалықтарды тек атап өтумен ғана шектелетін.
Қазақстанның экономикалық дамуы мәселесін социалистік құрылыс жетістігі және республика жетістігіндегі коммунистік партияның рөлі негізінде қарастыратын қазақстандық ғалымдардың еңбектерін атауға болады. Олардың ішінде: Қозыбаев М.К. Ақтаңдақтар ақиқаты және Козыбаев М.К., Едыгенов Н.Е Труд во имя победы атты еңбектердің зерттеулерінде соғыстың басты қажеттіліктері мен сондағы соғыстың зардаптарынан эвакуацияланған азаматтар жөнінде қарастырылады.
Ал, академик М.Қ.Қозыбаевтың 1970 жылы жазылған монографиясында Қазақстанға әскери жағдайда көшірілген балалар туралы мынадай мәліметтер беріледі: Қазақстанға 149 балалар үйі және 16 интернат жалпы саны 21 мың баламен көшіріліп орналастырылды.
Қазақстанның облыстары майдан шебінен эвакуацияланған халықты қабылдап жатты. Шығыс Қазақстанда эвакуацияланған халықты қабылдаудың, аудандарға орналастырудың жоспары жасалды. Бұл тақырыпқа дәйекті зерттеу жұмыстары жүргізіліп, ғылыми мақалалар, еңбектер өз дәрежесінде шығарылды деп ауыз толтырып айтуға келмейді. Сондықтан Қазақстанға соның ішінде Шығыс Қазақстанға майдан шебінен эвакуацияланған халықтың жай-күйі, қабылдаудың ұйымдастырылуы, халықты керек заттармен қамтамасыз ету, тұратын баспана тауып беру, оларды жұмысқа орналастыру қалай ұйымдастырылғанын, қандай деңгейде жүргенін зерттеу үшін бірден бір деректік қор - Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты мемлекеттік мекемесі болды. Мемлекеттік мұрағаттағы жеке тектік құжаттар тарихи дереккөздердің негізгі топтарының бірі болғандықтан Ұлы Отан соғысы кезінде майдан шебінен Шығыс Қазақстанға эвакуацияланған халықты қабылдау мен орналастыру тақырыбының жан жақты зерттелуі тікелей мұрағат қорларымен жасалатын жұмысқа байланысты. Ең алғаш майдан шебінен Шығыс Қазақстанға эвакуацияланған халықты қабылдау мен орналастыру жергілікті билік өкілдеріне, яғни облыстық атқару комитетінің бірінші хатшысына тапсырылды. Құжатта берілген нұсқауға сәйкес майдан шебінен көшірілетін халықты қабылдап орналастырудың шаралары іске асырыла бастады. Шығыс Қазақстан облыстық атқарушы комитетінің еңбекшілер Депутатарының облыстық Кеңесінің ұйғарымымен эвакуациялық кеңіес құрылып, басшысы белгіленді. Бөлімнің құрамына 5 маман белгіленіп, олардың жалақысы да бірден белгіленіп берілді.
Зерттеу жұмысында қарастырылған тың деректер барысында шығысқазақстандық азамматардың Ұлы Отан соғысында тигізген меценаттық көмегі зор екенін байқауға болады. А.Әубәкіров Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің қорында сақталған материалдарға сүйене отырып былай деп жазады: Шығыс сақинасы құрылысының тарихы туралы жалпыланған еңбек жоқ. 1940-1941 жылдарға арналған мерзімді басылымдарда трактаттың құрылу тарихы туралы бірқатар мақалалар бар (Алтай большевикі, Сталиннің туы). Тақырыпты зерттеу бойынша жұмыс 2001-2002 оқу жылында Дат тарихи қоғамының мүшелері өлке тарихына қатысты материалдарды жинай отырып, трактаттың құрылу тарихы болмағанын анықтаған кезде басталды. Қалалық кітапханалардың қорынан тек екі жалпы еңбек табылды: Н.В. Алексеенко Өскемен және Ю.А. Кислицын, Н.И. Попова Облыстың халықтық құрылысы, сонымен қатар Қазақ Совет Энциклопедиясындағы кіріспе мақалалар. Көріп отырғанымыздай жоғарыда көрсетілген тың деректер барысында шығысқазақстандық азамматрдың Ұлы Отан соғысында тигізген меценаттық көмегі зор екенін байқауға болады. Яғни, Ұлы Отан соғысындағы жеңістің маңызды факторларының бірі халықтың майданға көрсеткен меценаттық көмегі еді. Сол бір қиын жылдарда әрбір азаматтың ой-ниеті майданға қолдан келгенше көмектесіп, қайткенде де жауды тез жеңуге бағытталды.
Ал, соғыс кезінде басылған материалдардың сапасын жақсартқан Лениногорск қалалық Лениногорская правда газетін (редакторы жолдас Романенко) келтіруге болады. Ол партиялық ұйымдардың топтарының үгіт-насихат жұмыстарын қайта құрудағы оң тәжірибесі туралы жиі айтып, кейбір ең жақсы үгітшілер мен агитаторлардың тәжірибелерін көрсетті. Сонымен қатар нақты фактілер бойынша үгіт-насихат жұмыстарының тиімділігін көрсетті.
Зырян, Б-Нарым, Киров аудандарының газеттері де ауызша және көрнекі үгіт мәселелерін жақсы жариялады. Майдан мен тыл арасындағы байланыс және неміс оккупанттарының жауыздықтарын көрсету үгіт-насихат жұмыстарының маңызды бөлімдерінің бірі болды. Соғыс басталғаннан бастап облыстық газеттерге майдан мен тыл арасындағы байланысты күшейту керек және оқырмандарға неміс фашистік әскерлерінің зұлымдықтары туралы айту керек деп айтылды. Бұған облыстық газеттердің қызметкерлері көп жұмыс жасады, олар жауынгерлердің ата-аналарына, жерлестеріне жіберген хаттарын қайта басып шығарып қана қоймай, өздері де белсенді армия бөлімшелерімен, батырларымен тікелей байланысқа шықты. Нәтижесінде көптеген редакция қызметкерлері белсенді Қызыл Армия бөлімшелерін облыстық газет беттері арқылы жерлестері мен туыстарына хат жазуға мәжбүр етті. Алдыңғы қатардағы жауынгерлер өз хаттарында тылдағы жұмысшылар мен колхозшыларды жанқиярлықпен еңбек етуге, екі, үшке жұмыс істеуге, снарядтар, авиация, танктер мен ауылшаруашылық өнімдерін көбірек беруге шақырды. Қызыл сарбаздардың үндеуін басып шығарып, газеттер тылдан майдангерлерге нақты міндеттер мен жұмысшылар мен колхозшылардың оларды орындауын көрсететін жауаптар ұйымдастырды.
Сондай-ақ, 1941-1945 жылдар аралығында күллі әлемді дүр сілкіндірген ІІ Дүниежүзілік Ұлы Отан соғысы қазақ халқының өмірінде де үлкен таңба қалдырды. Зұлмат жылдарда елді жаудан қорғау үшін Қазақстаннан жалпы есебі 1 миллионнан аса жауынгер аттанған. Алексеенконың Қазақстандағы демографиялық дағдарыс кітабында жазылған мәліметке сенсек, соғыс жылдарында Қазақстан 600 мыңнан аса тұрғынынан айырылған. Соғыс кезінде қайтыс болғандар саны 279 мыңнан асады, 43 мыңға жуық сарбаз госпитальдарда жан тапсырса, 271 мыңнан аса адам үйіне қайта оралмай, із-түзсіз жоғалғандар санатына енген.
Архив беттерінен соғыс жылдарындағы тарбағатай ауданына байланысты мынадай деректер кездеседі: Тарбағатай ауданының жастары мен комсомолицтері Отан қорғау ісінің жаны болып саналады. Үгітшілер Махышбатов, Азипсанов және Печорина әңгімелер, лекциялар өткізумен қатар, халықты Осовиахим ұйымына тартуда және ПВХО-ға норма тапсыруға дайындауда. Отан қорғау жұмысы әсіресе Сталин атындағы колхозда жақсы қойылған.
Тағы бір архив деректерінде тоқтала кетсем: Біздің Тарбағатай ауданының әскерге шақырылатын азаматтарды дайындау жұмысы негізінен 1940-жылдың февраль айынан басталып 1940-жылдың сентябрь айына дейін жүріп келді.
Қасым Қайсеновке арналған Партизанские тропы: Докум. повести и рассказы атты еңбегінде өзінің соғысттағы оқиғаларын паш етті. Ардагер-партизан көп уақыт бойы Жазушы және Қайнар баспаларының редакторы орынбасары болады. 1954 жылы Қ. Қайсенов Жас партизандар атты алғашқы кітабын басып шығарады. Оның батырлық-патриоттық тақырыпқа арнаған әдеби қызметі осылай басталады. Оның Илько Витряк, Переяслав партизандары, Ажал аузынан, Жау тылындағы бала, Днепрде, Жау тылында...атты кітаптары оқырмандарға кеңінен танымал. Олар орыс және украин тілдеріне аударылған.
Cоңғы блокта, Шығыс Қазақстанның үш дәрігер-медбике туралы - Раиса Андреевна Житникова, Мария Петровна Васильева және Агрипина Ерофеевна Шарыпова туралы мәліметтер өте аз. Жергілікті тарихшы, жазушы Менгали Мусин бірінші болып олардың әскери тарихын білуге тырысты. Р.А. Житникова тағдыры туралы өзінің 1920 жылы туылғанын, түпнұсқасы Ленинград облысы, Старорусский ауданы, Старая Русса жерінен шыққанын біледі. Ол 309 жаяу әскер полкі, 291 жаяу әскер дивизиясы, 1-Украина майданының 21 армиясы құрамында гвардия аға сержанты шенінде жауынгерлік кезекшілік жасады. Орындалмайтын шығындар туралы есептер кітабында оның мейірбике болғандығы көрсетілген. Ол 1944 жылы 10 сәуірде өлтірілді. Жерлеу кітабында жерлеу рәсімі Шығыс Қазақстан облысы, Большенарым ауданы, Бурьяновка ауылы мекен-жайына жіберілгені жазылған.
Фашисттік герман әскерін жеңуіне апаларымыздың да қосқан үлесі өте зор еді. Ұлы Отан соғысының тарихнамасында басты назар саяси оқиғаларға, ірі шайқастарға, әскери стратегия мен тактикаға, эвакуация мен өндірісті милитаризациялауға, әскери ерлік істерге аударылды. Алайда апалардың соғысқа қатысуы, олардың әскери оқиғалардағы және тылдағы орны мен рөлі проблемалары іс жүзінде көп зерттелінбей қалды. 1990 жылдардан кейін. соғыс тарихының гендерлік аспектілері өзекті болды. Ғалымдар әйелдердің соғысқа қатысу тәжірибесін, әйелдердің соғыс туралы жадын, әйелдерге қатысты мемлекеттік саясатты, әйелдердің соғыстағы және тылдағы мінез-құлық ерекшеліктерін зерттей бастады. Яғни, зерттеу жұмысының ерекшелігі Шығыс Қазақстан облысынан майданға шақырылған әйел дәрігерлердің ерлігіне арналған, олар өз өмірлері үшін жараланған сарбаздарға көмек көрсетіп қана қоймай, қолдарындағы қарумен соғысқан. Мұрағаттық құжаттар мен майдандағы дәрігерлердің естеліктері күнделікті әскери өмірдің қиындықтары мен қорқынышты бейнесін көрсетеді. Осыған дейн бұл тақырыпта зрттеу жүргізген авторлар әр әйелдің ерлікпен де, қайғылы да парақтармен толтырылған тарихы өте маңызды және назар аударуға тұрарлық деген қорытындыға келеді. Сонымен қатар бұл сайтта, М.П. Васильева туралы толық ақпарат Халық жады деген парақшада Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатының құжаты - марапаттау парағының көшірмелері де бар.
Аймақтық тарихты зерттеу КСРО кезінде нақты бір шарттарға қатысты ғана қаралып, аймақтық айырмашылыктар, спецификасы мен жергілікті жерлердің ерекшеліктері әдетте шеттетіліп отырды. Тарихи талдаудың объективті көзқарас тұрғысынан қараудың жолы аймақтық тарихтың ерекшеліктерін зерттеу болып табылатындықтан, бұл зерттеу жұмыстарының ерекшелігі оның экономика әлеуметтік және тұлғалық, меценнаттық көмегі жөніндегі деректер тарихи ғылымдар саласының тоғысында қарастырылатындығында. Сол себептен, Шығыс Қазақстанның фашисстік герман әсерін жеңуде КСРО қатарында жеңуге өз үлесін қосқан өңірдің тарихын жүйелі түрде зерттеу міндеті туындайды.
Жұмыстың деректік қоры. Алғаш рет қолға алынған бұл зерттеу жұмысы Шығыс Қазақстанда сақталған облысттық мұрағат материалдары мен ғалымдардың, өлкетанушылар мен жазушылардың зерттеулері және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпараттар деректік көз ретінде табылады.
Ең алдымен жұмыстың деректік қорына сол кездерде орын алған ресми құжаттарды қарастырамыз. Мәселен:
Шығыс Қазақстан Облысының Мұрғаттық 176 қорында, 18 парақшасында өнеркәсіптің дамуы қала халқының санының өсуін, сонымен қатар 1940 жылғы 30 мың адамнан 1953 жылы 104 мың адамға өскендігі туралы және жалпы жұмысшылардың санының 88,5 % түсті металлургия кәсіпорындары мен олардың құрылыстарында жұмыс жасағандығы мен Өскемен қаласы металлургтер қаласына айналғандығы жөнінде айтылады. Сондай ақ келесі Шығыс Қазақстан Облысының мұрағаттық 176-қоры, 6 парақшада Шығыс Қазақстан облысының 20 өнеркәсіп, оның 10-ы Министрлікке қарасты болғанын айтады және 9 өнеркәсіп Өскемен қаласында, ал 6-уы Лениногорскіде, 5-уі облыс аудандарында орналасқан екен. 1946 жылы бұл өнеркәсіптер жылдық жоспарды 92,0 пайызға, 1947 жылы 98,3 пайызға, ал жалпы осы жылдары 95,3 пайызға орындады. Жалпы Шығыс Қазақстан Қазастанның Облыстық 1391-қоры мен 20-13 парақша және 1498-қорындағы, 17-18 парақша, 659-қоры, 4 парақша, 710-қ, 1 п, 96-қ, 50 п, 591-қ, 27-159 п, 591-қ., 131 парақшада, Шығыс Қазақстандағы көптеген өнеркәсіптер тікелей одақ қарамағында болған, негізінен түсті металл кәсіпорындары еді. Бір жағынан сол кезде жеңіл, тамақ, орман және жергілікті кәсіпорындарды дамытуға аса көңіл бөлінбеді. 1950 жылдардың басынан ақ оған көңіл бөліне бастайды, бірақ одақтық ведомстволарды тек өндіруші кәсіпорын қызықтырған соң, аймақтың біржақты дамуынан сақтайтын шараларды іске асыруға көңіл бөлмеді. Бұл салалар республика қарамағында қала берді де, оны дамытуға бағытталған қаражат та жеткіліксіз болыпты.
Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатындағы 725 қорда Қазақ КСР-не 1942 жылдың қаңтарына дейін орналастырылған тұрғындардың мәліметі бар. Мұнда тұрғындардың жынысы, қайдан, қашан көшірілгендігі туралы мәліметтер келтірілген.
Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан Облысының мұрағаттық 176-қоры, 6 парақшада 1391-қоры мен 20-13 парақша және 1498-қорындағы, 17-18 парақша, 659-қоры, 4 парақша, 710-қ, 1 п, 96-қ, 50 п, 591-қ, 27-159 п, 591-қ., 131 парақшаларында, Шығыс Қазақстандағы көптеген өнеркәсіптер тікелей одақ қарамағында болған, негізінен түсті металл кәсіпорындары еді, - деп деректер экономикалық немесе басқа да мәселердің мәнісін ашуға ұсынылған дерек көздер сақталған.
Жұмыстың зерттеу нысаны. Шығыс Қазақстанның Ұлы Отан соғысында КСРО-ның фашисттік Германияны жеңуіне қосқан үлесі.
Жұмысының мерзімдік шеңбері. 1941-1945 жж аралығындағы Шығыс Қазақстанның фашисттік Германияны жеңуіне қосқан үлесі жөніндегі мәселе кезеңдерін қарастырамыз.
Жұмыстың пәні. Шығыс Қазақстанға арналған материалдардан Ұлы Отан соғысында КСРО-ның фашисттік Германияны жеңуіне қосқан үлесіндегі экономикалық, географиялық, әлеуметтік пәннаралық байланыстың мәнісін ашамыз.
Зерттеу мақсаты: Зерттеу жұмысының мақсаты, обьективті зерттеудің концептуалды қағидаларын қолдау негізінде, Шығыс Қазақстанның Ұлы Отан соғысында КСРО-ның фашисттік Германияны жеңуіне қосқан үлесін зерттеу мәселесін анықтау барысында жинақталған материалдарды саралап, және жан-жақты зерттеу маңызды болып табылады.
Зерттеу міндеттері:
- Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Шығыс Қазақстанның экономикалық даму үрдісінің тарихы;
- Соғыс жылдарындағы өңірге эвакуациямен көшірілген халықты қабылдау және орналастыру;
- 1941 - 1945 жылдардағы Шығыс Қазақстандықтардың майданға көрсеткен меценаттық көмегі;
- Тылдан майданға (Шығыс Қазақстан Облысы мысалында) маңызын ашу;
- Ұлы Отан соғысында КСРО-ның фашисттік Германияны жеңуіне үлес қосқан шығыс батырларын анықтау;
- Тарихта ерен ерлігімен ел есінде қалған дәрігер медбикелер: ерліктері және майдандағы күнделікті өмірін зерттеу;
Жұмыcтың методологиялық негiздерi мен әдicтерi: Зерттеу жұмысының методологиялық негізін айқындауда, қоғамдық өзгерістер мен үрдістерді зерттеудің бірнеше әдістері қолданылды.
Арналған зерттеулердегі антропологиялық әдіс-тәсіл соғыс әскери мифологиялық беттер мен күнделікті өмірді емес, алайда әсемдік күнделікті өмірді безендірусіз көрсетеді. Ауызша тарих - бұл тарих ғылымындағы соғыстың ішін көруге мүмкіндік беретін жаңа бағыттардың бірі, өйткені партиялық органдар, әсіресе соғыстың алғашқы күндерінде жеңілістің, ащы үрей мен қорқыныштың, қайтыс болған сарбаздар мен босқындардың, халықтың көз жасының ағындарын көрсетпеу туралы нұсқаулар бергені жасырын емес. Яғни, осы соғыстан келген хаттар бүгінде әскери атрибут ретінде қарым-қатынас, отбасы, мәдени жады қайнар көзі ретінде майдан күндерінің құнды құжаты және Ұлы Жеңіс жәдігері сияқты. Парадоксальды түрде, біз енді кішкентай адам Ұлы Отан соғысының басты қаһарманына айналғанын, оның майданда, алдыңғы қатарда болғанын түсінеміз; ол тылда, алдыңғы шепте болды; ол солдат, партизан, әскери тұтқын, эвакуацияланған, жер аударылған, қуғын-сүргінге ұшыраған. Бұл қорқыныш, ауырсыну, үмітсіздік, жоғалту, қорлау, сынақ, жеңістен қуаныш пен аман қалудан бастан кешті. Жеке адамның күнделікті өміріндегі жаһандық оқиғалар фонындағы микротарих әлдеқайда көп нәрсе бере алады. Мәселен Ұлы Отан соғысы туралы түсінік шеңберін кеңейтеді, тіпті жас ұрпаққа, олардың аталары не үшін күрескенін және олар қалай өмір сүргенін кейінірек күмән көлеңкесі болмас үшін жауап бере алады.
Тарихи оқиғаларды немесе саяси жағдайлары баяндауда мемлекеттік мұрағаттық құжат материалдардарына анализ жасау әдісі пайдалынылды. Өңірдің тарихын зерттеуде жиналған мағлұматтарды қарастыру барысында жұмыстың әдістемелік негізі ғылыми принциптерге негізделген. Жұмысты орындау барысында жан - жақты зерттеуде ғылымның тарихилық, шынайлық сынды әдістемелік сияқты қағидалар қолданылды. Сонымен қатар, жұмыс нақтылы фактілік, жүйелеу, салыстыру, саралау, қорытындылау әдістері негізінде жүргізілді. Яғни, соғыс барысында көмек көрсеткен басқада өңірлердің деректерімен қатар анализ жасауда семиотикалық әдіс кеңінен қолданылды. Заманауи әдістердің бірі эмперикалық және эволюциялық әдістерге келтірілген анализ арқылы біз мерзімдік шеңбер мен ондағы архив құжаттарындағы деректердегі маңызды оқиғаларды саралау болып табылады. Тарих ғылымында қалыптасқан мәселені, болған оқиғаны зерттеуде нақты фактілер мен дәлелдерді мұрағат және журнал материалдары арқылы салыстыра көрсету басшылыққа алынды. Сонымен бірге зерттеу барысында саралау, талдау, және қорыту, тарихи-салыстырмалы, әлеуметтанушылық, экономикалық тарихи зерттеу тәсілдері қолданылды.
Жұмыcтың ғылыми маңызы: Ғылыми жұмыстағы негізгі жұжырымдар мен ғылыми жаңалықтар қазіргі кезеңдегі жоғарғы оқу орындарындағы студенттерге тың пікірлер береді. Шығыс Қазақстан өңіріндегі елді мекендерде барлығы бірлескен жұмыстардың тың деректердегі теориялық және тәжірибелік жұмыстармен айналысатын жеке ғылым саласына өз үлесін қосады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Бұрын ғылыми айналымға енбеген мұрағат құжаттары мен дерек көздері негізінде 1941-1945 жылдар аралығындағы Шығыс Қазақстанның Ұлы отан соғысына қосқан үлесіндегі рөлін зерттеу мәселелері жан-жақты, жалпы және объективті түрде ғылыми зерттеуге қадам жасалды, бұрын арнайы ғылыми зерттеу мәселесіне жатпаған кей мәселелер талданады:
- зерттеудің тарихнамалық және деректік қорларының жиынтығы толықтай және жан-жақты сараланды;
- Ең бастысы мұрағаттық материялдардағы тың деректерге мән беру; (ғылымда ол саяси, экономикалық және мәдени саламен түсіндіріліп келді);
- Ұлы Отан соғыс барысында кеңес әскеріне жасаған тылдағы майданға жіберген меценнатттық көмегі мен рухани көмек жөніндегі маңызды оқиғаларды тың деректермен қамту көзделді.
- сонымен қатар соғыста қатысып, бірақ кейбір деректерде есімдері берілмеген батыр тұлғалардың ұрпақтары мен пікір алмасып, және кейбір Ресей сайттары мен өзіміздің сайттардағы ардагерлер сайтынан алынған мәліметтермен соғыс ардагерлерін паш еттік;
- Жұмыс бұрын жарияланбаған, мұрағат деректерінің үлкен шеңберінде құрылып, айналымға алғаш енгізіліп отыр;
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдамалар. Зерттеу нәтижесінде Шығыс Қазақатсан облысының Ұлы Отан соғыс аралығындағы маңызды оқиғаларға көңіл бөлінді. Атап айтсақ:
- Жалпы Ұлы Отан соғысына байланысты зерттеу деректері екі кезеңге бөлінеді. Мәселен кеңес уақытында зерттеген ғалымдардың ауқымды деректері бар болса, қазірде тәуелсіздіктен кейін сол ғалымдардың зерттеулерін пайдалана отырып, өз пайымдауын жасаған ғалымдар да бар. біз де сол ғалымдардың материалдарын пайдаланып өз жүмысымыызды ауықымды көрсете білдік.
- Келесі бір тұжырым, ол осы соғыста негізінен тек біздің өлке ғана үлес қосып қоймағанын бәрімізге анық. Сондықтан біз басқа өңірдің де материалдарына сүйеніп өз тұжырымызды жасай білдік.
- Атап айтқанда жұмыс тақырыбы барлық отандастарымыздың көңілінен шығатыны хақ. Себебі бұл ұлт тағдырына қатысты соғыс еді. Сондықтан біз жасаған бұл жұмыс ертеңгі батырлардың да пайда болуына осы бір соғысқа қатысқан ер батырларымызды паш етіп, патриоттық жастарды дайындауымыз да бар.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі:
Жұмыстың практикалық маңызы. Жұмыстың басты нәтижелері мен тұжырымдарын отандық тарих зерттеу ғылымының дамуына, сонымен қатар, диссертациялық жұмыста келтірілген деректер мен айғақтар, статистикалық мәліметтер Қазақстан ғылымының соғыс аралыындағы тарихы бойынша еңбектер жазғанда, тарих, экономика, әлеуметтану этнология, өлкетану мамандықтарының арнайы курстарында және семинар сабақтарында пайдалануға болады.
Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, әр бөлім екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. 1941-1945 жж. аралығындағы Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері

1.1 Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Шығыс Қазақстанның экономикалық даму үрдісінің тарихы

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін тарих беттерін қайта саралап зерттеу батыл қолға алынды. Отан тарихы егемен ел талабына орай зерттеліп, бұрмаланып келген және ақиқаты ашылмаған мәселелер қайта қаралып, оған дерек көздерімен дәлелденген объективті бағасы беріле бастады. Соның нәтижесінде кеңестік идеология тыйым салып, қатаң бақылауға алған халық тарихы қайта зерделене бастады. Айрықша мән беріліп қайта зерттелуге тиісті тақырыптардың бірі - Ұлы Отан соғысы тақырыбын қайта зерделеу, айтылмаған, жазылмаған ақиқаттарды ашу - қазіргі заман талаптарының жаңа міндеті екені айқындалды. Соғыстың басталуы, халықтың майданға аттануы, қазақстандықтардың ерлік көрсетуі т.б. мәселелелерді ғылыми арнадан қайта зерделеу және бұрын айтылмаған соғыс жылдарындағы халықтың ауыр әлеуметтік-тұрмыс жағдайларын зерттеудің маңызы артып, бүгінгі өмір талаптарының өзекті мәселесіне айналды.
Соғыс кезінде Кеңес үкіметінің жеңіске жетуі, Одақтас республикалардың арасындағы тығыз этнобайланыс пен өзара ынтымақтастық, тиімді әлеуметтік-экономикалық ахуалдан болды. Қазақ жері басқа республикалар тәріздес майдан сұранысын дер кезінде қамтамасыз етіп отырды.
Ұлы Отан соғысы кезінде КСРО Қарулы Күштерін жарақтау мен жабдықтаудың басты ауыртпалығы еліміздің шығыс аудандарының иығына түсті. Мұнда халықтардың саны соғыс кезінде эвакуацияланғандарды қоса есептегенде, екінші дүниежүзілік соғыс алдындағы фашистік Германияның халқының санымен бірдей еді. Осылайша алуан ұлттың өкілдерінен тұратын еліміздің Шығысы майданды шыңдаған қаһарман тылға айналды 1, б. 137.
Соғыстың алғашқы күнінен бастап Шығыс Қазақстан аймағы майдан қажетіне деген сұраныстарды орындай бастады. Қалалардағы өнеркәсіп орындары соғыс жағдайын бейімделіп, тез арада әскери өнімдер шығаруды жоспарлады. Облыстардың экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру, қиындықтар туғызды. Материалдық және адам ресурстарын қайта бөлу қажеттілігі туып, тамақ өнімдері ассортиментіне өзгерістер енгізілді. Осындай төтенше жағдайлардың тууына байланысты Қазақстанда 1941 жылдың 1 қыркүйегінен бастап карточкалық жүйе енеді. Нан, қант, кондитерлік бұйымдар, ет, май және макаронға мөлшер бекітіліп, өндірістегі еңбек нәтижесі анықталды. Халықты карточкалық жүйемен жабдықтау 4 санатқа бөлініп, айлық азық-түліктерді грамдап өлшеп беретін болды 2, б. 86.
Облыс халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету қиындығы репрессияға ұшыраған және эвакуацияланған халықтың есебінен одан сайын ұлғая түсті. Осыған байланысты еңбекті қайта құру мен өнім мөлшерін арттыру керек болды. 1941 жылы Семей қаласының өнеркәсіп орындары өнім шығарудың алпыстан астам түрін игерді 3, б. 75.
Өскемен қаласы 1939 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының орталығына айналған болатын. Осы кезеңнен бастап ол шағын аудандық қаладан Кенді Алтайдағы түсті металлургияның ірі олрталығына айналды. 1940 жылдары аймаққа КСРО-ның батыс аудандарынан көшірілген мұндағы өндіріс орындары және жергілікті орындардағы өндірістер өнімінің валдық өнімнің мөлшері 7,2 млн. сом болатын болса, ол 1953 жылы 990,7 млн. сом болды, сонымен қоса түсті металлургия кәсіпорындары өнімдерінің үлес салмағы 76,6 % құрады. Қалада ірі қалайы, мырыш, екінші мырыш, күкіртқышқылы және химия-металлургия зауыттары жұмыс жасады 4, б. 39.
Өнеркәсіптің дамуы қала халқының санының өсуіне әкеп, олар 1940 жылы 30 мың адамнан 1953 жылы 104 мың адамға өседі. Жалпы жұмысшылардың санының 88,5 % түсті металлургия кәсіпорындары мен олардың құрылыстарында жұмыс жасады. Осылайша Өскемен қаласы металлургтер қаласына айналды. Жағдайдың осылай қалыптасуына байланысты Металлургия өнеркәсібі министрлігіне қаланың тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық құрылыс т.б. қолға алу жүктелді. Бірақ Металлургия өнеркәсібі Министрлігі бұл мәселені орынды шеше алмады. 7 жыл ішінде тек 40 мың квадрат метрлік қана тұрғын алаң салынады, ол жұмысшыларды тұрғынүймен қамтамасыз етудің 50 % азын құрады 5, б. 41.
Сонымен қоса бұл құрылыстар Министрлер Кеңесінің жоспарында бекітілгендей үйлерді Ертіс және Үлбі өзендерінің аралығындағы және қала орталығындағы ауасы таза, санитарлық жағынан қолайлы жерлерде, көп қабатты үйлер емес, қала шетіндегі ыңғайсыз, қолайсыз, зауыттардан шыққан улы газдармен ластанған жерлерде, ауылдық поселкелер түрінде салды. Соның салдарынан жалпы қалалық су құбырлары, қала ішілік транспорт, дем алыс орындары (алаңдар, саябақтар, су бекеттері), аурухана, мектеп, бала бақша, дүкендер т.б. жетіспеді. Қаланың көп жерінде жарық жоқ еді.
Шығыс Қазақстан облысында 20 өнеркәсіп, оның 10-ы Министрлікке қарасты болды, 9 өнеркәсіп Өскемен қаласында, ал 6-уы Лениногорскіде, 5-уі облыс аудандарында орналасқан. 1946 жылы бұл өнеркәсіптер жылдық жоспарды 92,0 пайызға, 1947 жылы 98,3 пайызға, ал жалпы осы жылдары 95,3 пайызға орындады 6, б. 1.

1 кесте

Министрліктер
%
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Тамақ өнеркәсібі министрлігі
Тамақ-дәм өнеркәсібі министрлігі
Ет-сүт өнеркәсібі министрлігі
Полиграфия басқармасы министрлігі
Жеңіл өнеркәсіп министрлігі
Орман шаруашылығы министрлігі
Арнайы қамтамасыз ету министрлігі
Өнеркәсіптік құрылыс жабдықтары
министрлігі
Жергілікті отын өнеркәсібі министрлігі
Орман өнеркәсібі министрлігі
Жалпы:
94,2%
101,7%
100,1%
112,5%
105,8%
152,7%
38,7 %
42,5 %
33,3 %
46,9 %
95,3 %
7, б. 2.
Жергілікті және кооперативтік өнеркәсіптерде шығарылған өнім сапасына келетін болсақ, кей жеке бұйымдарды ескермегенде жалпы қанағаттандырарлықсыз жағдайда болды. Басшылар қоймаға емес тұтынушыларға қызмет ететінін әлі түсінбеген, сондықтан санын ғана молайтып қоймай сапасын да молайту керектігін ескере бермейді. Дөрекі трикотаж дөрекі болғанда сондай, оны ешкім алғысы келмейді, сонымен қоса бағасы да жоғары. Құйылған ыдыстың беті тегіс емес, алюминии тегенелер мен мескейлердің шеті көмкерілмеген, өте үшкір, онымен кейде қолды кесіп алуға болады. Аяқ-киім өте ауыр, берік емес, кей уақытта екі пар бәтеңкенің түстері екі түрлісі де кездеседі. Жасалған жиһаздар да шикі, берік емес материалдардан дөрекі етіп істелген. Аталған өнімдердің сапасы мен бағасы сай келмейді. Мысалы, егер Облыстық өнеркәсіп Одағында 1000 дана кірпіш 1000 сом болатын болса, Құрылыс материалдары өнеркәсібі Министрлігіндегі Кірпіш зауытында ол 123 сом ғана тұрды. Ал, Облыстық өнеркәсіп Одағында әктастың тоннасы 4000 сом тұратын болса, ол Кірпіш зауытында 59 сом ғана тұрды 8, б. 47.
Шығыс Қазақстан аймағындағы күрделі мәселелердің бірі жолсыздық мәселесі болды. Ол аймақтың экономикалық дамуына кері әсерін тигізді. Мысалы, сол жолсыздықтың салдарынан Зыряновск қалайы-мырыш концентратын жылына 200 күн Риддерге ұшақпен апаруға тура келді. Шалғай аудандарға азықтүлік жеткізу өте қиынға соқты. 1940 жылы ақпан айында Қаз. КСР Халық комиссарлар Кеңесі мен Қазақстанның Орталық Комитеті Компартиясының қаулысымен тез арада Шығыс шеңбері және Алматы-Сарыөзек трактілерін салу қабылданда. Оны салудағы мақсат шалғай аудандарды облыс орталығымен, астанамен темір жолдармен байланыстыру болды. Шығыс шеңберінің ұзындығы 806 км-ге созылды. Ол Жалғыз-Төбе, Түркістан-Сібір темір жолдарын Өскемен мен Алтайдың шегараға жақын аудандар тобын байланыстырды. 1940 жылы Өскемен-Георгиевка 444 км-лік алғашқы желіс салына бастап, 1941 жылы 2 кезек Көкпекті-Зайсан 362 км-лік желісі салынды. Осы жолдың құрылысында 24 мың колхозшы жұмыс жасады. Әр аудан неше ауылдан болса сонша бригадаларға бөлініп, жолды салу мерзімін уақытынан бұрын орындайды. 2 жыл ішінде 68 еңбек күні ішінде 2 облыс жұмысшылары Одақ бойынша ірі Шығыс шеңбері трактісін салып бітіреді. Бұл жол Алтайдың шекараға жақын аудандарын екі темір жолдары: Түрксіб және Томск темір жолымен Защита стансасы мен Ертіс пристандары арқылы байланысты 9, б. 1-3.
1941 жылдың күз айларынан бастап Семей қаласына эвакуацияланған өнеркәсіп орындары мен халықтар келе бастайды. Былғары, тоқыма өнеркәсіптері дамыған қаламызда Калинин облысынан Осташевск былғары зауыты, төрт мата, үш аяқ-киім, екі тігін фабрикаларының жабдықтары келіп орналастырылады. 1942 жылдың 1 желтоқсанында эвакуацияланған Харьковтық протез зауыты орналастырылды. Қаладағы бос орындардың болмауы себепті ол келген кәсіпорындарды ыңғайы келген жерлерге орналастыруға тура келді, мысалы, Полтавск тоқыма фабрикасын облыстық авто басқармасының гаражында орналастырды, Азовск шұға-шұлық фабрикасы №6 гастроном ғимаратында, Донбасстан келген Володарск атындағы тігін фабрикасы Ағаш өңдеу артелдерінің корпустарында, Харьковтік Большевичка Украины тігін фабрикасы - үш жерде - №2 диірмен зауытының конторасында, ІІХК (НКВД) клубында және арнайы сауда дүкенінде орналастырылды.
Большевичка Украины тігін фабрикасы майданға қажет өнімдерді шығаруда толық қуаттылықпен жұмыс жасады. Іске қосылған уақыттан бастап, 2 ай ішінде фабрика арнайы тапсырыстар бойынша 322 мың рубль соммасына Қызыл Армияны киіндіру мен оған қажетті бұйымдар дайындады да тапсырманы 18 пайызға артығымен орындайды. Фабрика Қызыл Армияға 450 389 гимнастеркалар, 511 155 шароваралар, 152 913 кеудешелер, 110 026 бессусақтар, 42 486 әскери бас киімдер т.б. шығарды 10, б. 10.
Эвакуацияланған кәсіпорындар ұжымдары келген жабдықтарды қайта қалпына келтіріп, олардың жаңа өнім шығаруын тездете орындады. Володарск тігін фабрикасы өзінің алғашқы өнімін 20 күннен кейін шығара бастайды, ал 1942 жылы көшірілген кәсіпорындардың барлығы өнім шығаруға кірісіп кетеді. Қалыптасқан осы жағдай кадрлар мәселесін алға қояды. Жергілікті жерлерде жастар мен әйелдерді оқыту орындары ашылып, аз уақыт ішінде жаңа мамандықтарды игереді. Көшірілген кәсіпорындармен қоса қаламызда Москвадан, Киевтен, Воронеж, Минск т.б. қалалардан әкелінген құралжабдықтар негізінде мата және мал азығы зауыттары салынады. Жалпы облыс аймағында соғыс жылдары 10 ірі фабрикалар мен зауыттар қайта қалпына келтіріліп, салынып бітіріледі, артельдер саны екі есеге дейін өседі 11, б. 116.
1941 жылы 26 тамызда Семей қаласына Киев аяқ-киім фабрикасы көшіріліп әкелінді. Онда жарты жылдың ішінде жергілікті халықтың ішінен 1200жұмысшылар дайындалып шығарылды. Фабрикада 1, 2, 3-ші тігін цехтары, штампылаушы цех, пішетін цех, механикалық цехтар жұмыс істеді. 1942 жылы фабрика 1536 жұмысшыларды дайындап шығарды. 1941 жылдың 4 тоқсанындағы жоспарды фабрика 102,6 пайызға орындайды. Алайда, осы 1942 жылы фабрика өндірістік бағдарламаларды орындай алмады, себебі кәсіпорыннның негізгі материалы фурнитурамен жабдықталуы жеткіліксіз болды 12, б. 13. Семейдегі Володарский атындағы тігін фабрикасының бір жыл ішіндегі жұмысшылармен қамтамасыз етілуі 69,1 пайыз құрап, жұмысшы күшіне деген сұраныс 202 адамды құрады. 1943 жылы фабрика жұмысы біраз тоқтап тұрды. Оның себебі электр энергиясы мен шикізаттың жоқтығыеді. Тігін фабрикасына шикізатты жеткізуші Ташкент, Иваново және Барнаул қалалары болды, ал шинель шұғасымен жергілікті шұға фабрикасы қамтамасыз етті. 1944 жылы жоспарды орындау 114 пайызға жетеді және шығарылған өнім жоспардан тыс 1123 сомға жетті 13, б. 14.

2 кесте
Шығарылған өнімдер
Атаулары
1944 жыл

1943 ж орындалғ аны
1944 ж 1943жылға қатынасы

Жоспар
Орындалғаны
%%

1926-27 ж.ж. бағалардан өзгеріссіз шығарылған өнімдер (мың сом көлемінде)
8200,0
9323,0
113,7
7097,5
131,3
4 тоқсан сомалары бойынша
8904,0
9323,0
104,7
-
-
әскери тапсырыстар
7571,0
7000,0
92,4
6202,2
112,9
Кеудешелер
220000
176040
80,0
183249
96,1
Шинельдер
3000
34846
105,6
25059
138,7
[14, б. 18].
1941-42 жылдары Семей Мал - азық комбинаты Киевтік және Воронеж Мал-азық зауыттарының жабдықтарымен жабдықталып жөндеуден өтеді. Осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда жер аударылған халықтар
XVIII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанды еуропа және орыс ғалымдарының зерттеуі
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бергі жылдар ішінде еліміздің тарихы
Қазіргі көші - қон процестерінің мәселелері
Қазақстан Республикасының демографиялық жағдайы туралы
Қазақстан кеңестер одағы құрамында
Қазақстанның Екінші дүниежүзілік соғыстағы рөлі
Америка мен Жапонияның тарихы
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы соғыс және еңбек майдандарындағы қазақстандықтар
Египет және Таяу Шығыста қалыптасқан геосаяси жағдай
Пәндер