Акционерлік қоғамның атқару органы мен басқару принциптері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік университеті

ОБӨЖ

Пәні:Өндірісті басқару
Тақырыбы: Акционерлік қоғам және холдинг

Орындаған:Алдабергенова Н.
Қабылдаған:Тубекова Д.

Туркестан 2022 жыл

Жоспар
Кіріспе
1. Акционерлік қоғамның түсінігі мен түрлері
2.Акционерлік қоғамның атқару органы мен басқару принциптері
2.1Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың дамуы
3.Холдинг түсінігі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазақстан экономикасының басқарудың және шаруашылық жүргізудің нарықтық механизміне өтуіне байланысты соңғы жылдары кәсіпорындардың бірнеше ұйымдастырушылық-құқықтық формалары пайда болды. Олардың ішінде негізгілердің бірі болып табылатын акционерлік қоғам (АҚ). Нарықтық экономика жағдайында басты мақсат ретінде АҚ бастарудың тиімді жүйесін алу және кәсіпкерліктің осы перспективалық құқықтық формасының басымдылығын іске асыру.

АҚ ұйымдастыру және басқару іскерлігін қамтамасыз ететін құжаттардың негізгілердің бірі - Қазақстан Республикасының АҚ туралы заңы.

Қазақстан экономикасының өтпелі кезеңінде АҚ туралың заңының тиімсіз болуы, ал кейбір жағдайда АҚ-ның осы заңды орындалмауына әкеп соқтырады. Осыған байланысты заңның кейбір бөлімдеріне өзгертулер мен толықтырулар еңгізіп, АҚ басқару және іскерлік формасына ең тиімді жайдайлар туғызу.

Қандай да ұйым жұмысындағы жетістік, ол мемлекеттік құрылудағы немесе өндірістік кәсіпорын болсын, басқарудың оптимальды құрлымын қамтамасыз ету жағдайында жүзеге асуы мүмкін. Басқарудың оптимальды құрлымын құру үшін ең алдымен, басқару органның жұмысшыларының тәжірибесі мен біліктілігі керек. АҚ басқарудың тиімді жүйесін құрудағы тағы бір қиыншылығы, ол бір ғана қожайынғаң мойынсынатын қазақстандық менталитеттің ерекшелігі. Нарық тек менталитеттің өзгеруге әкеліп қоймай, сонымен қатар АҚ басқаруы да жаңа функциялардың пайда болуы мен фирманы басқарудың ұйымдастырушылық жүйенің өзгеруіне әкелді.
1. Акционерлік қоғам түсінігі, түрлері
Акционерлік қоғам дегеніміз қатысушылардың қоғамға деген мендеткерлік құқықтарын куәланлдыратын, жарғылық капиталы белгілі бір акция санына бөлінген коммерциялық ұйым. Акционерлер қоғамның міндеттеріне жауап бермейді және тек сатып алған акция құнымен шығын тәуекеліне барады.
Қоғам балансында ескерілетін иелігінде жекелеген меншігі бар, өз атынан заттай және заттай емес құқықтарды иеленіп жүзеге асыратын заңды тұлға.

Акционерлік қоғам заңға қайшы келмейтін кез-келген іс-әрекетке құқылы. Қоғамның іс-әрекеті негізінен құнды қағаздар мен акция операцияларынан пайда табуға бағытталған.
Фирмалық аты мен жарғысында көрсетілгендей, қоғам ашық немесе жабық болады.
Ашық АҚ-ң акционерлері өзге қоғам мүшелерінің келісімінсіз меншігіндегі акциясын сата алады. Бұндай қоғам өзі шығарған акцияларын ашық жазылу (подписка) мен олардың еркін сатылуын ҚР-ң заңы мен өзге құқықтық актілеріне сәйкес жүргізе алады. Сонымен бірге қоғамның жарғысы мен ҚР құқықтық актілеріне сәйкес келсе, акцияларына жабық жазылу құқығына ие. Ашық АҚ акционерлер саны шектелмеген.

Акциялары тек құрылтайшылары немесе алдын ала белгіленген адамдар арасында бөліске түсетін АҚ жабық болып табылады. Бұндай қоғам өзі шығарған акцияларын ашық жазылуына (подписка) немесе басқа жолмен көптеген өзге тұлғаларға ұсынуға құқығы жоқ. Жабық АҚ акционерлер саны елуден аспауы тиіс.

Егер акционерлер саны елуден асатын болса, жабық АҚ бір жыл ішінде елуден асатын болса, қоғам соттық тәртіппен жойылады. Жабық АҚ мүшелері басқа тұлғаға сататын жағдайда қоғам мүшелері ұсынған бағамен ерекше сатып алу құқықына ие.

Қоғам құрылтайшылары арқылы қайта құрылуы немесе жұмыс істеп жатқан заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы (бірігу, бөліну, сіңіру, қайта құрылу) мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап құрылуы деп есептеледі.
Қоғамның барлық органдарына және акционерлеріне талаптардың орындалуы негізгі құжат қоғамның жарғысы болып табылады.

Акционерлік қоғамның акциялары
Акция - меншік титулы, жазбаша куәлік, акционерлік қоғам капиталына қаржы салымын куәландыратын бағалы қағаз болып табылады.

Ол акция иесіне Акционерлік қоғамның істеріне қатысуға, салынған капитал мөлшеріне байланысты белгілі көлемде дивиденд алуға құқық береді. Акция иесі - акционер болып табылады. Акционер Акционерлік қоғамның кредиторы болып табылмайды, сондықтан күнделікті дивиденд төлемін және акцияны сатып алуына (егер акция курсы төмендейтін болса) фирмадан талап етуге құқы жоқ. Акционерлердің жылдық табысының (дивиденд) көлемі баланста көрсетілген табысына тәуелді. Жалпы акционерлік жиналыста осы табыс үлесін дивиденд түрінде болу және төлеу, табысты қолдану сұрақтары шешіледі. Табыс акция мөлшеріне байланысты пропорционалды бөлінеді.

Егер Акционерлік қоғам тиімді жұмыс істесе, онда акицонерлік капиталды көбейтуге мүмкіндік болады. бірақ акция иелері акционерлер санын көбейтуге ұмтылмайды, себебі әр акционер қайта шығарылған акцияны алуға ерекше құқық алады. Әрбір акционер ескің акция мөлшеріне пропорционалды суммада жаңа акция ала алады.

Бағалы қағаздар нарығында, әсіресе қор биржасында, компанияның іс жүзіндегі қоры ешқандай шайқалусыз дамуына қарамастан, бір кәсіпорынның акциясы бір уақытта әр түрлі баға (курсқа) ие бола алады.
Акционерлік қоғам табысы келесідей қолданылады: бір бөлігі акционерлер арасында таратылады, екінші бөлігі акционерлік қоғамның резервіне бағытталып, капитал ұлғаюына немесе кәсіпорын құлдырағанда дивиденд төлеуге қолданылады.

Әдетте, Акционерлік қоғам жасырын резервтердің өсіруге жағдай жасайтын саясатты жүргізеді. Резервте жиналымдар біткеннен кейін акционерлік компания дивидендтерін төмендетеді. Бұл Акционерлік қоғам күйреуінің бірінші белгісі. Акция иелері аз дивидендтер әкелетін акциялардан құтыла бастайды. Бұл акция курсының номиналды құнынан төмендеуіне әкеледі. Егер Акционерлік қоғам қызметін тоқтатса, онда акция ұстаушылар Акционерлік қоғамға салған қаржысын толығымен жоғалтады, ал акция ешкімге керек емес қағазға айналады.

Акционерлік қоғам қалыпты жұмыс істеген жағдайда акция ұстаушы өз акциясынан қоғам жұмысына сәйкес дивиденд алады. Мысалы, 50 теңгелік акция табысы 6 теңге құрайды. Сондықтан, бір акция дивидендті 6 теңге құраса, онда акционер жылдық 12% алады. Қоғам құрылған кезде алғашқы акциялар номиналды құны бойынша сатылады. Кейіннен олар өте жоғарырақ курс бойынша сатылады. Бұл жағдайда табыс көлемін іс жүзінде келесі формула бойынша анықтайды:
Қор биржасында және банкте акция сатылу мен сатып алу бағасын акция курсы деп аталады. Ол негізгі екі факторға тәуелді: дивиденд мөлшеріне және саудалық пайыз көлеміне. Әрине, төленетін дивиденд көлемі жоғары болса, яғни оның курсы жоғары.
Акция сатып ала отырып, ақшалай қаржы иесі әрдайым алынған дивидендтің, аз капитал салымын берік табысқа кепіл беретін банк немесе өнеркәсіп облигациясынан кепілмен ала алатын табыстармен салыстырады.
Банктік пайыздық көрсеткіш акция курсының төмендеуі мен жоғарылауына әсер ететін фактор: банктік пайыз жоғары болған сайын, қор биржасындағы акция курсы соншалықты төмендейді және керісінше. Айталық, акцияның номиналды 100 теңгелік құны 12 теңге көлемінде дивиденд әкеледі, ал ссудалық пайыз көлемі - 4. Онда бұл акция қор биржасында 360 теңге курспен сатылады, өйткені дәл осындай соммамен банкке жылдық 4% есеппен қойылған сомма 12 теңге әкеледі.
Сонымен, акция курсы өзімен капитализацияланған дивидендті көрсетеді, оны мына формуламен есептейді:

Берілген түсініктегі шамалар акция курсының әрдайым тербелінуі, акцияның сұраныс пен ұсыныс қатынасына тәуелді.

Қоғам акция ұстаушыға түрлі артықшылықтарды беретін және атаулы акция түрлерін шығарады. Акция ұстаушы - заңды түрде компанияның акционері екенін куәландырады. Атаулы акцияларды шығарғанда, оларды тек акционерлік кітапқа енген акционерлер иемдене алады. Әр түрлі елдерде, қоғам қызметін реттейтін түрлі заңдар бар. Біреулерінде ұсынушыға, ал екіншісінде атаулы акциялар көп кездеседі. Акцияның әр түрлі артықшылықтары мен кемшіліктеріне ие.

Ұсынушыға арналған акция сату операцияларында қолдануға ыңғайлы. Бұл жағдайда компания акция иелерінің аттарын білмейді. Осылайша акцияларды сату және сатып алуда қоғам құрылтайшыларына және акционерлеріне түрлі қиыншылық туғызуы мүмкін.

Акциялар тағы жай және артықшылығы бар болып бөлінеді. Жай акция - акционерлік құқықта негізінде көрсетілген қоғам табысына сәйкес дивиденд алуға құқық береді. Артықшылығы бар акция жағ акцияға қарағанда ұстаушыға түрлі формада көрсетілетін арнайы басымдылықтарға ие. Басымдылықтардың бірі, қоғам акцияларына табыс деңгейі аныталғанға дейін кепілді табыс нормасы төленеді. Артықшылығы бар акцияның екі түрі бар. Біріншісі: нақты белгіленген дивидендті бар акция, бұнда қоғам қызметінің нәтижесін байланыссыз алдын ала келісілген табыс төленеді. Артықшылығы бар акцияның бұл түрі өз мәні бойынша облигациядан айырмашылығы жоқ. Бұндай акция өте сенімді, бірақ олардың дивидендтің жоғарлауы болмайды. Артықшылығы бар акциялардың сату барысында компания акцияның тұрақты бағасын қояды. Бұл жағдайда, олардың бұрынғы иелері, акцияларды биржалық курспен сатудан түскен пайданы бөлуге қатыса алмайды. Артықшылығы бар акция ішінде нақты белгіленген дивидендке қоса, қосымша шектеулі көлемде табыстың белгілі бір бөлігі төленеді. Сонымен қатар, артықшылығы бар акция иемденушілер, компания жойылғанда, қоғам мүлігін бөлуде басымдылыққа ие болады.

Компания жай акциялар бойынша қарыздарды өтеу бұрын, артықшылығы бар акция иемденушілерге, сол акцияның номиналды құнынан жоғары, яғни нарықтық курсты толығымен жабатын сомма төленеді. Соған қарамастан, артықшылығы бар акция иемденушілеріне қоғам жойылуында теріс жақтары бар. Қоғамды заңды түрде жасырын резервтер болады. Оларды бөлу көбінесе жай акцияларға кетеді, сондықтан жай акцияларға төлегенде олардың номиналдық құнынан әлде қайда жоғары болады.
2.Акционерлік қоғамның атқару органы мен басқару принциптері
Фирманың стратегиясын және қоғам ісінің негізгі бағытын акционерлер жиналысы мен директорлар кеңесі шешеді. Ал барлық шаруашылық - жүргізу процессін және фирманы басқаруды атқарушы орган жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғам туралы заңына сәйкес қоғамның ағымдағы ісін басқаруды қоғамның жеке атқарушы органы жүзеге асырады.Коллегиялық атқару органының басшысы жеке атқару органы болып табылады.

Атқару органының өкілеттілігі Заңда анықталып, жалпы түрде ол: қоғамның ағымдағы ісін басқаруда барлық сұрақтарға, тек жалпы акционерлік жиналыс пен директорлар кеңесіне қатысты сұрақтардан басқа сұрақтарды шеше алады. Бас директорлардың және ол басқаратын билеудің өкілеттігіне Заңда көрсетілмеген. Ол қоғамның жарғысында жеке және коллегиалдық атқару органы біркелкі көсетілген. Билеудің де жүргізу ісі Заңда қарастыырылмаған. Ол жарғыда немесе директорлар кеңесімен бекітілген ішкі құжатта анықталған. Заңда тек, атқару органының отырысының протоколына және билеу отырысы немесе лирекция шешімі негізінде қоғам атынан барлық құжаттарға қол қоятын бас директор.

Осыған байланысты, қоғам атқару органының ісі Заңда жалпы түрде берілген. Басқа органдармен нақты қарым-қатынасын анықтауға директорлар кеңесіне қалдырылды.
Ағымдағы қызметке атқарушы орган басшылық етеді. Атқарушы орган алқалы немесе жеке-дара болуы мүмкін.
Атқарушы орган қоғам қызметінің осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде және қоғамның жарғысында қоғамның басқа органдары мен лауазымды адамдарының құзыретіне жатқызылмаған кез келген мәселесі бойынша шешім қабылдауға құқылы.

Атқарушы орган акционерлердің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесінің шешімдерін орындауға міндетті.

Атқарушы органның вето құқығы белгіленген мәселелер жөніндегі шешімдері алтын акция иесімен келісілуге тиіс.

Егер мәміле жасасу кезінде тараптардың қоғам белгілеген шектеулер туралы білгендігін дәлелдесе, қоғам өзінің атқарушы органы осы шектеулерді бұза отырып жасаған мөміленің жарамды екеніне дауласуға құқылы.

Қоғамның акционерлері және оның акционерлері болып табылмайтын қызметкерлері алқалы атқарушы органның мүшелері бола алады.
Атқарушы органның мүшесі директорлар кеңесінің келісімімен ғана басқа ұйымдарда жұмыс істеуге құқылы.

Атқарушы орган мүшесінің функциялары, құқықтары мен міндеттері осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен, қоғамның жарғысымен, сондай-ақ аталған адам мен қоғам арасында жасалатын жеке еңбек шартымен белгіленеді. Қоғам атынан атқарушы органның басшысымен жасалатын жеке еңбек шартына директорлар кеңесінің төрағасы немесе осыған жалпы жиналыс немесе директорлар кеңесі уәкілеттік берген адам қол қояды. Атқарушы органның қалған мүшелерімен жасалатын жеке еңбек шартына атқарушы органның басшысы қол қояды.

Атқарушы орган басшысының өкілеттігі
Атқарушы органның басшысы:
1) акционерлердің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесі шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;
2) үшінші тұлғалармен қатынастарда қоғам атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
3) үшінші тұлғалармен қатынастарда қоғам атынан өкілдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Акционерлік қоғамның акциялары
Акционерлік қоғам түсінігі және экономикада алатын рөлі
Акционерлік құқықтары мен міндеттері
Акционерлік қоғамның жалпы түсінігі және оның экономикалық мәні
Қазіргі кездегі акционерлік қоғамдардың экономикалық тұрғыдан бағалануы
Акционерлік қоғамның қоғамда алатын орны
Акционерлер инвесторлар
Қазақстан Республикасынның Ұлттық банктің және коммерциялық банктердің мәні, маңызы, міндеттері, атқаратын қызметтері
Қазақстанда корпоративтік басқаруды дамыту
Заңды тұлғаның белгілері
Пәндер