Энергетикалық өзара қатынастар аясындағы Қытай мен Қазақстан



Мазмұны

КІРІСПЕ. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. XX.XXI ғғ. басындағы Қытайдағы энергетикалық саясатының сипаты
1.1 Қытайдың сыртқы энергетикалық саясатының дамуының алғышарттары және жалпы сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.2 Қытайдың Орталық Азия елдерімен сыртқы экономикалық саясатындағы ұстанған бағыт.бағдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

2. Энергетикалық өзара қатынастар аясындағы Қытай мен Қазақстан байланыстары.
2.1 Қытайдың энергетикалық сұраныстары Қазақстандағы сыртқы саяси және сыртқы экономикалық басымдықтарды қалыптастыру факторы ретінде ... ... .30
2.2 Қытай мен Қазақстан арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастықтың бірлескен жобалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
2.3 Қазақстан . Қытай : энергетика саласындағы екіжақты қатынастардың басымдықтары мен проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...53

Мазмұны

КІРІСПЕ.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...3
1. XX-XXI ғғ. басындағы Қытайдағы энергетикалық саясатының сипаты
1.1 Қытайдың сыртқы энергетикалық саясатының дамуының алғышарттары және
жалпы
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...9
1.2 Қытайдың Орталық Азия елдерімен сыртқы экономикалық саясатындағы
ұстанған бағыт-
бағдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...13

2. Энергетикалық өзара қатынастар аясындағы Қытай мен Қазақстан
байланыстары.
2.1 Қытайдың энергетикалық сұраныстары Қазақстандағы сыртқы саяси және
сыртқы экономикалық басымдықтарды қалыптастыру факторы ретінде ... ... .30
2.2 Қытай мен Қазақстан арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастықтың
бірлескен
жобалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
2.3 Қазақстан – Қытай : энергетика саласындағы екіжақты қатынастардың
басымдықтары мен
проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..40

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..46

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50
Сілтемелер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 53

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. КСРО-ның ыдырауы және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің
ыдырауы нәтижесінде әлі жалғасып жатқан әлемнің геосаяси бейнесіндегі
өзгерістер, құрамында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан,
Өзбекстан бар Орталық Азиядағы геосаяси ахуал түбірімен жаңаруына алып
келді. Қазіргі таңда Орталық Азияның перифириялық аймақтан (бұрын геосаяси
тенденциялар мүлдем байқалмаған) ірі державалар мүдделері мен халықаралық
өмірдің басқа секторларының мүдделері қақтығысатын аймаққа
трансформациялану үрдісінің жанданған кезеңі.
Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Ғасырлар тоғысында
кітабында атап кеткендей: Қазақстан алдында үлкен міндеттер тұрды. Бұл
мемлекеттілікті қалыптастыру, ... демократияландыру үрдісін дамыту, ...
сыртқы саяси курсты жандандыру ...
Құрлықтың жүрегінде орналасқан Орталық Азия Еуразиядағы стратегиялық
маңызды аймақтармен қатар өзгеше бір қақпа болып табылады. Шығысында
Қытай мен Азиялық Тынық мұхиттық аймақ елдері және бірқатар ислам
мемлекеттері; батысы мен солтүстігінде – Кавказ, Түркия, Еуропа, Ресей
жатыр.
Орталық Азия мемлекеттеріндегі жағдайдың қай бағытта дамүы планетаның
ұлан-ғайыр кеңістігінде күштер ара салмағына тәуелді. Орталық Азияның
елдерінде өтіп жатқан оқиғалар тек аймақтық деңгейде ғана көрініс алып
қоймай, әлемдік дамудың нүктесі деп танылған бүкіл еуразиялық құрлықтың
геосаяси күштер ара салмағында өзгерістер туғызуы мүмкін.
Аталмыш үрдістің әрі қарайғы жандануы Қазақстан аумағының энергетикалық
ресурстар нарығында белсене түсуімен байланысты, оның элементтері бүгін де
орталық Азия аймағында көрінуде, жаңа қайшылықтар тууда, бірақ олар енді
идеологиялық емес, геосаяси және экономикалық негізде.
Бұдан өзге, көптеген бағалар бойынша, Қазақстанның ірі мұнай мен газ
тасымалдаушы болуға мүмкіндігі бар деп санауға толық негіз бар. Осыған
байланысты, таяудағы көршілермен, әсіресе белсенді байланыстары, энерго
ресурстарға сұраныстары зерттеу үшін өзекті салалардың бірі болып табылады.
Бұл сондай-ақ мұнай дүбірі айналасындағы көптеген өзгерістерге
қарамастан (мұнай бағасының өсуі мен төмендеуі), мұнай мен газ маңызды
шикізаттық тауар және энергия көзі болып табылады, ал энергетикалық фактор
әлі де Қазақстан мен Қытай сияқты елдердің экономикалық дамудың бүкіл
барысын анықтайды. Сондықтан, қазақстандық энергоресурстар мәселесінде де
әлемдік саясаттың энергетикалық мәселелер кешені жатыр және негізінен
геосаяси, экономикалық, халықаралық-құқықтық құрамдас бөліктерден тұрады.
Мұнай мен газ өндіру – Каспий шельфін игеру бағдарламасының бір бөлігі
ғана. Оның келесі басқа бір бөлігі – Каспийдің минералды ресурстарын
әлемдік нарыққа шығару, ал ол айқын саяси рең алып, ТМД-ның шекаралас
елдерін басқа әлемдік геосаясат жетекшілерін аймақтан ығыстырып шығаруына
бағытталған. Каспий мұнайын тасымалдауға бақылау орнату үшін күрес әлі
белсенді түрде жалғасуда, бірақ субьективті құрамында өзгерістер байқалады.
Өзінің энергетикалық стратегиясын Каспий аймағы мен байланыстырушы төменгі
елдерді атауға болады: АҚШ, Ресей, ЕО, Орталық Азияның Каспий жағалауы
елдері, Қытай және Жапония.
Осылайша, каспий аймағына қатысты проблемалар иерархиясы қалыптасады,
олар екіжақты, көпжақты, аймақтық, ғаламдық аспектілерге ие және олардың
жедел шешілуін талап етеді. Жоғарыда аталған проблемалардың
маңыздылығытақырыптың өзектілігін сипаттайды.
Энергетикалық ынтымақтастықтың шығыс маршруттары Қытайдың Батыс
Қазақстаннан ҚХРдің Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданына (СУАР), ол жерден
Орталық Қытайға мұнай құбырларын тартудағы мүмкіндіктеріне байланысты.
Сондай-ақ Қазақстаннан мұнай тасымалдаудың Атасу жобасы да осал емес.
Осылайша жоғарыда аталғандардың барлығы зерттеу тақырыбының өзектілігін
арттырып, өзіне аса назар аударуды қажет етеді.
Диплом жұмысының мақсаты ҚХР мен Қазақстан арасындағы энергетика
саласындағы экономикалық және геосаяси ынтымақтастық үрдісінің механизмін,
ерекшеліктері мен заңдылықтарын оқып үйрену.
Осы қойылған мақсат келесі міндеттерді шешу арқылы іске асырылады.
1. ҚХР мен Қазақстан қатынастарына энергетикалық ынтымақтастықтың
геосаяси ықпалы доктринасының экономикалық және саяси тамырларын
көрсету.
2. ҚХР сыртқы саяси энергетикалық доктринасындағы Қазақстанның
энергетикалық потенциалының орны мен рөлін зерттеу.
3. ҚХР мен ҚР энергетикалық ынтымақтастығы факторының осы
мемлекеттерінің қарым-қатынастарының модернизациясына ықпал ету
перспективаларына талдау жасау.

Зерттеудің методологиялық негізі. Жұмыстың методологиялық негізін жалпы
методологиялық принциптер құрайды. Тарихи зерттеулердегі мұндай принциптер
– тарихилық және обьективтілік . Тарихилық принципі зерттеудің мақсаты мен
бағытын анықтайды, құбылысты оның пайда болуы мен дамуындағы нақты
жағдайлар мен зерттеуге бағыттайды, оларды жалпы және жекелеген
сипаттарымен айқындайды. Тарихилық принципі обьективтілік принципімен
толығып, ол зерттеу пәні, оны басқа обьектілер арасынағы орнын, сондай-ақ
нысан реконструкциясын зерттеуді біртұтас құбылыс ретінде яғни өткен мен
қазіргісінің қосындысы ретінде қарауға көмектеседі. Жұмыста талдау, синтез,
салыстыру, жалпылау сияқты жалпы ғылыми әдістер қолданылады. Осы әдістер
арасында жұмыстың концептуалдық аппаратын құру құралы болған жүйелілік
тұрғы ерекше орын алады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Диплом жұмысын жазу барысында ҚХР мен
Қазақстан арасындағы түрлі саладағы ынтымақтастық саласындағы отандық және
шетелдік зерттеулердің едәуір бөлігі қолданылған.
Қазақстан Республикасының дербес сыртқы саяси курсының қалыптасу және
даму үрдісі, оның стратегиялық мақсаттары мен негізгі міндеттерін талдау,
принциптері мен басым бағыттарын талдауда Қазақ Республикасы Президенті
Н.Назарбаевтің қосқан үлесі мол[1].
ҚР сыртқы саяси қызметіне арналған қазақстандық ғалымдар мен дипломаттар
еңбектері ішінде тақырыпты дайындауда елеулі көмек болған бұрынғы ҚР Сыртқы
істер министрі Қ.К.Тоқаев жұмыстары [2]. Қазіргі таңда орталық Азиядағы
геосаясат мәселесі аймақ елдері тәуелсіздіктерін иеленгелі жан-жақты
қарастырыла бастады.
Геосаяси мәселердің аталмыш кешенінің негізгі қатысушылырына арналған
еңбектер бар. Ғылымда Қазақстан мен Қытай ұстанымдарын жалпы орталық
азиялық проблемалар шеңберінде зерттеу дәстүрі бар (Султанов К.[3] ,
Сатпаев Д.[4] , Тассовский Ю[5] , Ашимбаев М[6]).
Орыс тарихнамасына келсек , мұнда Қытайдын Орталық Азиядағы саясатын
Ресейлік қатысу призмасы арқылы қарастыратын азғантай еңбектер бар.(Сысоев
Г, Иванов А[7]). Орыс авторлары ішінен жұмыста Алексеев А., Нагорный А.,
Парканский А., Вардомский Л., Олимова С., Песков Ю.С., Руа О., Толипов
Ф.Ф., Тисовский Ю., Шафраник Ю.К., Козырев А.Г., Самусев А.Л. еңбектері
пайдаланылды.
Қазақстанның энергетикалық потенциалы мен Қытайдың энергетикалық
саясатына қазақстандық авторлар еңбегінде біршама терең талдау жасалған
(Бушин Б., Жандарбеков А., Сарбасов А., Заславская М.Б., Алибекова Т.Б.,
Идрисов Е., Кулахметова А.Р., Кушкумбаев С.С., Сарсенбаев А., Сатпаев Д.,
Сыроежкин К.).
Қазақстандық зертеушілер жекелеген еңбектерде ҚР мен ҚХР қарым-
қатынастарының кейбір ерекшеліктеріне терең көңіл аударады. ҚРның ҚХРмен
қарым-қатынастарындағы геосаяси мәселелер проблемалары мен тенденциялары
ғылыми орталықтардың жекелеген мақалалары[8] мен әл-Фараби атындағы Қазақ
Ұлттық Университеті халықаралық қатынастар факультетінің Халықаралық
қатынастар және ҚР сыртқы саясаты кафедрасы оқытушыларының ұжымдық
басылымдарында көрініс тапқан[9] .
Орталық Азия елдері мен ҚХР ынтымақтастығы мәселесі бойынша Р. Дүйсенбаев
монографиясын ерекше атауға болады[10]. Дипломатиялық және сауда-
экономикалық қарым-қатынастар дамуы мәселесі Логвинов А.В., Лысенко М.
еңбектерінің зерттеу пәні болып табылады[11] .
С. Олимов зерттеулерінде Орталық Азиядағы геосаяси құрылымның әлеуметтік
аспектілеріне назар аударылады[12].
Жалпы зерттеудегі қойылған мәселенің зерттелу деңггейі осы мәселеге
қатысты түрлі шығыстанушылық мектептер мен бағыттардың қазіргі кездегі
Орталық Азия интеграциясына, аймақтық қауіпсіздік мәселелеріне өте кең
тұрғыда келгенін, бұл энергетикалық ынтымақтастық саласындағы ғылыми
ізденіске әр қарайғы стимул екендігін көрсетеді.
Диплом жұмысының ғылыми проблемасы Қазақстан мен Қытайдың энергетикалық
ынтымақтастығының геосаяси модернизациясына деген зерттеудің ғаламдық
тенденцияларын көрсетеді. Осылайша, әдебиеттерге шолу жасай отырып талдау
және салыстыру диплом жұмысында қойылған зерттеу міндеттеріне жауап табуға
мүмкіндік береді.
Зерттеу пәні. Диплом жұмысында Қазақстан мен Қытайдың энергетикалық
мәселелерге қатысты ынтымақтастығын зерттеуге талпыныс бар.
Зерттеу нысаны. Қазақстан мен Қытай аррасындағы мемлекеттік және саяси
даму саласындағы саяси және әлеуметтік даму негіздері болып табылады.
Диплом жұмысының деректік қоры бірнешше құжаттар тобынан тұрады. Біріннші
топқа ҚР заңдық актілері, халықаралық құқықтың негізгі принциптері
мазмұндалған құжаттар жатады. Бұл жерде ҚР-ның барлық сыртқы саяси
әрекеттерде халықаралық құқық субъектісі ретінде ҚР егеменділігін бекіткен
және ҚР әлемдік қауымдастыққа ену үрдісінің күрделілігін түсіну үшін маңызы
аз емес заң актілерін айтуға болады[13].
Деректердің екінші тобына ресми құжаттар жатады. ҚР мен ҚХР энергетикалық
байланыстарын реттеу мен қатынастарын айқындауда осы елдердің үкіметтік
құжаттарын пайдалану (келісім-шарттар, меморандумдар, коммюнике,
конвенциялар) ерекше көмек болды[14]. Деректердің аталмыш тобы мемлекеттік-
саяси институттардың ресми көз қарастарын білдіретіндіктен үлкен ғылыми
құндылықтарға ие.
Аталмыш топта Сыртқы істер министірліктерінің ішкі ведомостволық
құжаттары, Орталық Азия елдері Сыртқы істер министірліктері мұрағат
құжаттарын ерекше атап өтуге болады[15].
Деректердің үшіші тобына мерзімдік басылымда жатқызамыз. Сөйлеген сөздер
жиынтықтары мен тарихи еңбектер ерекше құнды болып табылады. Деректердің
төртінші тобы статистикалық жинақтар, альманахтар, Kazakhstan today
агенттігінің мәліметтерінен тұрады.
Осылайша жұмыста деректерді қарастыру пәнді жан-жақты зерттеуге, қойылған
мақсат пен міндеттерді ашуға, қорытындының объективтілігі мен ғылыми
шынайы болуына мүмкіндік берді.
Ғылыми жаңалығы, Қазақстан тарихнамасында бұл мәселенің тарихы терең және
алғаш рет осы жұмыста ҚР мен Қытайдың қарым-қатынастары екі елдің
экономикалық және саяси бастамаларын бір мезгілде қатар ғылыми тұрғыда
қарастырылады.
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негігі бөлімнің екі тарауы,
әр тарау 2-3 тармақтан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.

1 тарау. ХХ ғасыр соңы-ХХІ ғасыр басындағы Қытайдың энергетикалық
саясатының сипатты белгілері
1.1 Қытайдың сыртқы энергетикалық саясатының даму алғы шарттары мен жалпы
сипаты

Қытайда энергетикалық ресурстарға сұраныстың ерекше жоғары болып
қалыптасу алғышарттары бұл елдің әлемде қытай кереметі деп аталатын аса
зор экономикалық дамуына байланысты.
Қытайда соңғы жиырма жылдағы ішкі жан басы өнімінің жоғарғы өсу қарқыны
бәрінен бұрын экономикалық қызметі біртіндеп либерализациялау нәтижесінде
тиімді жұмсалуымен түсіндіріледі. Ол ішкі инвестицияларды (ең алдымен
шетелдік капитал есебінен), сондай-ақ тауар мен қызмет көрсету экспортын
едәуір ұлғайтуға негізделді. Жиырма жыл бойғы реформаларда Қытай үшін
жинақталудың үлкен мөлшері тән болды, егер 80-жылдардың басында ол ішкі жан
басы өнімінің 30% құраса, ал 90-жылдардың соңында ол тұрақты түрде 40
пайызды ұстап тұрды, кейбір жылдары 42%-ке жетті(1994ж.). Осы кезде үй
шаруашылығындағы жинақтау бүкіл ішкі жинақтаудың жартысына жуығын құраған.
Негізгі қордағы мемлекеттік инвестициялар 1981ж. 26млрд. юаньнан 2007ж.
бұл көрсеткіш 69млрд.қа жетті, ал шетелдік инвестициялар ағыны сәйкесінше
16млрд-тан-268млрд. юаньға жетті. Егер 1978-1989жж. таза тауар және қызмет
көрсету экспортытөмен мөлшерде болса, 2007ж. бұл көрсеткіш 40млрд. АҚШ
долларын құраған[16].
Қытай ахуалындағы тағы бір маңызды фактор мемлекетте әлеуметтік қолдау
бағдарламасы түріндегі едәуір жүктеменің болмауы еді. Мемлекеттік
зейнетақылық қамтамсыз ету , сондай-ақ әлеуметтік, оның ішінде медициналық
сақтандырудың болмағаны де-факто. Бұл шығындарды мемлекеттік сектордың
нақты кәсіпорындары өз мойнына алған, міне олардың пайдасыздықтарының басты
факторы да осында.
Экономикалық дамудың жоғарғы қарқыны мемлекеттік шығындардың салыстырмалы
мөлшерінің төмендеуіне алып келді. Тіпті, маңызды әлеуметтік жүктеме жоқ
болуы жағдайында мемлекет бюджет өз мойнына экономиканың мемлекеттік
секторын қолдау шығындарын алған, ал реформалар жүргізілген бүкіл уақыт
аралығында экономиканы мемлекеттік қаржыландыру ұлғайып отырған[17].
Қытай арзан тауар өндірісінің әлемдік орталығына айналып, оған білікті
жұмыс күші мен еңбекақы деңгейлерін қамтамасыз еткен артылықшылықтарды
пайдаланды, бұл Тайваньда, Кореяда, Малайзиядағыдан өте аз үлесті құрайтын.
Осының нәтижесінде Қытайдың дамуының қандай да бір бөлігі және сауда
балансындағы ұлан ғайыр сальдо, осы жылы 30млрд. долларға жетіп, дамудың
бәсеңдеуінемесе экономикалық құлдырауынан зардап шеккен Корея, Тайвань,
Сингапур, Жапония есебінен мүмкін болды. Қытайдың 80-жылдары 10%, 90-
жылдары 9% құраған өсу қарқыны бәсеңдеуде. Бірақ егер ол өзінің қаржы
мәселелерін реттей алса (мемлекеттік банктердің шығынға ұшырауы), өсу
қарқыны 6-7% деңгейде ұстай алады. Және ол жылдам реформалануын
жалғастыруда. Жақында Қытай Дүниежүзілік сауда ұйымына өтті, ол халықаралық
құқықтық тәртіп шеңберіндегі ғаламдық экономикаға қосылу үшін идеологиялық
рубиконды аттап өтті.
Осылайша, Қытайда қазіргі таңда тауар өндірісінде жетекшілік етеді, бірақ
қызмет көрсету биліктілігі жоқ жұмысшылар арасында маңызды деңгейде қарқын
алуда, сәйкесінше экспорттық тауарлар және ішкі тұтынуға арналғандары
2006ж. 383,61 млн.АҚШ долларына , 2007ж. 297 млн. доллар өндірсе, ал қызмет
көрсету 2006ж. 156,9 млн. доллар, ал 2007ж. 159,7 долларды құраған.
Қытайда ауыл шаруашылығын реформалау 2005 жылға дейінгі бірінші кезеңде
өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығының жан басы өнімімен ел халқын азық-
түлікпен және киіммен қамтамасыз етудің екі еселенуіне мүмкіндік берді.
Ауылды жерлерден қалаларға көшуге тұрғындарға рұхсат етілмеді.
Бұл Қытайда өткен екі жылда ауылшаруашылығы қызмет көрсету өндірісінің
ұлғаюына мүмкіндік беріп, шамамен сальдо 66,3-78,4млн. долларды құрап, ол
12,1-ге тең болды.

Сурет 1 – Уақыт бойынша шынайы ІЖӨ мен инфляция индексі өзгерістері

ҚХР экономикасының жоғарғы өсу қарқыны мен Орталық, Шығыс Еуропа, ТМД
елдері арасында соңғы жиырма жылда орын алған контраст зерттеушілер
қызығушылығын туғызды.
Осылайша, елдің дамуындағы көзге көрініп тұрған ілгерілеушілік
энергетикалық ресурстарға сұраныстың үлкендігін дәлелдейді.
Ең алдымен, қоғамда энергетикалық ресурстардың шектеулілігі мен қоршаған
ортаны аялау қажеттілігі туралы түсінікті орнықтыру керек.
Энергоресурстарға және экологияға қатысты жаңаша көзқарас Батысты өткен
ғасырдың 70-жылдарынан қалыптасқан, бұл ғаламдық бірнші энергетикалық
дағдарысқа жауап ретінде қалыптасқан. Энергияны сақтаудың қажеттілігін
кейінге қалдырмауды түсіну тиімділікті арттыру технологиясының пайда болуы
мен таралуына және энергияны жұмсаудың қысқаруына, қоршаған ортаның
ластануының азаюына алып келді. Қытайда мұндай тұрғы енді ғана қалыптаса
бастады.
АҚШ пен Жапония тәжірибесі көрсеткендей энергияны үнемдеу саясатын жүзеге
асыру үшін қазір Қытайда жетісе бермейтін едәуір бюджеті және мамандар
штаты бар мамандандырылған үкіметтік агенттіктер қажет.
Халықшаруашылығының түрлі салаоарындағы тиімді энергия үнемдеу заң
актілері мен ережелерінің детальді жүйесін жасауды қажет етеді.
Энергия үнемдеуді жетілдіру және табиғи ортаның ластануын азайту үшін
тыйым салу шараларымен бірге, фискальді тәртіп түріндегі қолдау шаралары
көбірек қыжет. 1994ж. кейінгі реформалар барысында салық жүйесі нашарлады
немесе энергия үнемдеуші өндірістерге дем беруші салықтық және несиелік
жеңілдіктер алынып тасталған еді. Осы шараларға енді оралу қажет.
Қазіргі таңда орындалып жатқан әлеуметтік-экономикалық дамудың бес жылдық
жоспары қытай ғалымдары, технологтары, инженерлері алдына энергия үнемдеуші
технология мен құрал жабдықтар ойлап шығару міндетін қойып отырған жоқ.
Мүмкін, бұл тапсырма келесі бесжылдықта қозғалатын шығар, бірақ оған
алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені пайдаланғанның өзінде аз уақыт
кетпейді.
Энергия үнемдеу саясатын жүзеге асыру үшін бірінші ретте экономикалық
стимулдену жүйесі рөл атқарады , бұл жерде оның құрылуына жауапкершілікті
мемлекет өз міндетіне алады. Мұндай тұрғы әлемдік тәжірибеге сай келеді.
Дүниежүзілік банк мәліметтері бойынша энергия үнемдеу потенциалын ашудағы
нарықтық факторлар үлесі 20% аспайды. Бұл, ең алдымен төмендегі жағдайларға
қатысты нарықтың шектеулі мүмкіндіктерімен анықталады:
Ағымдағы нарықтық конъюнктура ұзақ мерзімді мүддені көрсетпейді.
- Инвесторлар ең алдымен энергетикалық ресурстарды игеруге бағдар
алады.
- Өндірісте және энергия пайдаланудағы табиғи ортаны қорғау және
қалпына келтіруге кеткен шығын оның құнына кірмейді.
- Энергияны тұтынушыларда оны үнемдеу туралы ақпарат пен дағдылар
жеткіліксіз.
Энергия үнемдеуге мемлекеттің рационалды емес қаржы және салық саясаты
ықпал етпейді.
Осыған байланыст, негізгі бағыт энергоресурстарды шетелден, әсіресе
Қазақстаннан сатып алу болады.

1.2. Қытайдың Орталық Азия елдерімен сыртқы энергетикалық саясатында
ұстанған бағыт-бадары
Қытайдың энергетикалық саясатының басты нүктесі, Қытайды әлемніңұлы
державасына айналдырумен қатар, елдің көмірсутекті энергия ресурстарына
кедейлігіне қатысты түсінікке қызмет етеді. Қытайдың жан басына шаққанда
қамтамасыз ету есебінде 2006ж. мұнай қоры – 2,6т., табиғи газ – 1074м³,
көмір – 90т. болып, әлемдік орташа деңгейде 11,1; 4,3 және 55,4%-ды
құрады.

Сурет 2 – 2006ж. ҚХР қызмет ресурстарының көрсеткіштері

Қытай басшылығы елдің энергетикалық мәселелеріне және адекватты
энергетикалық стратегиясын жасауға бірінші деңгейде көңіл бөледі. Мұны,
әсіресе, арнаулы Мұнай қорларының мемлекеттік кеңсесінің құрылуы, даму мен
реформалар бойынша мемлекеттік комитет құрамындағы энергетикалық
басқарманың , түрлі мүдделі ведомстволар тарапынан Энергетикалық
стратегияны дайындаудың мемлекеттік проблемалық топтарының құрылуы
дәлелдейді.
Мемлекеттің кезек күттірмес реакциялар ұзақ мерзімді энергетикалық
міндеттерді шешуде ғана емес, елде өткен жылдың екінші жартысында
қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты да қажет болған еді. Елдің көптеген
провинциялары мен ірі қалалрында авто май құю бекеттерін бензинмен және
дизельді отынмен қамтамасыз етудегі туындаған қиындықтар үкіметтің мұнай
өнімдері бағасын көтеруіне алып келді. Жыл соңында ішкі автотасымалдау
бағалары өсті. 22 провинцияда, автономды аудандар мен орталық басқаруындағы
қалаларда электр энергиясының жетіспеушілігінен оқтын-оқтын өшірулер
басталып, ірі өндірістік және кен өндіру кәсіпорындарындағы өндірістің
үрдістердің ішінара тоқтауы мен экономикалық үлкен шығындарға алып келді.
Энергия тапшылығы ел ішінде түрлі қауесет туындатты. Оны Тайвань
төңірегіндегі жағдайдың шиеленісуі , соғысқа дайындалумен байланыстырды. Іс
жүзінде тапшылықтың тікелей себебі болып отырған энергетикалық
тұтынушылыққа болжам жасау барысындағы есептен жаңылушылық еді.
2003ж. сәуірде жарық көрген Электро энергиясы кәсіпорындары ассоцияциясы
баяндамасында 2003ж. электро энергиясын тұтыну 9-10%-ға ұлғаяады деп
қарастырылса, іс жүзінде ол 15% асты. 25 жылдағы ең жоғарғы қарқын бәрінен
бұрын ішкі жан басы өнімінің күтпеген жерден өсуі және кейбір ауа-райы
себептерінен орын алды. 2003ж. көшірді тұтыну 3% өседі деп болжанса, ал
шынайылықта ол 6-8%-ға жетті; ол тұрғын үй құрылысы, болат құю және
автомобиль өнеркәсібінің жылдам өсуінен көрінді.
Осылайша, мемлекеттік энергия үнемдеу саласына энергия бағасын бекіту,
фискальді және басқа шараларды анықтау, заңдар мен стандарттардықабылдау,
ақпарат тарату, зерттеулер мен жаңалықтарды қаржыландыру сияқты және тағы
басқа қызметтердің кең жиынтығы жатады. Бірінші деңгейлік рөл атқаратын
энергия үнемдеуге материалдық жағынан дем беру жатады.
Энергия үнемдеудегі ең негізгі әдістердің бірі энергия тиімділігінің
құрал-жабдықтарға сәйкес тиімділік стандарттарын дайындау мен енгізу болып
табылады, олар соңғы пайдаланушы үшін арналған (тұрмыстық электр құралдары
да бар: жарықтандыру қондырғылары, тоңазытқыштар, теледидарлар, кір
машиналары, кондиционерлер, электр моторлары, желдеткіштер, су помпалары,
комрпессорлары, сондай-ақ өндірістік қазандықтар). Бұл 2020 жылға дейін әр
қайсысы 1млн.кВт-қ қуаттығы 10электр бекеттері өндіретін электр энергиясын
үнемдеуге мүмкіндік берді деп күтілуде. АҚШ Энергетикалық қорының директоры
орынбасары Ян Фуцян пікірінше, сұйық отын тиімділігі стандарттарын енгізу
тек мұнайға ғана Санься кешенін тұрғызуға керек жалпы шығындар сомасын
үнемдеуге болады екен.
Сонымен бірге, басқа салалардан қалыңқы келе жатқан энергетикадағы
нарықтық реформаларды жеделдету және тереңдету қажет деп саналады. 1992ж.
кейін жүзеге асырылған қаржы, салық саласы, бағаны қалыптастыру саласындағы
дәл осы нарықтық реформалар энергия тиімділігін едәуір артуы мен энергия
үнемдеудегі интенсивтілікке алып келді. Әлі күнге дейін, көмір бағасы толық
либерализацияланбаған, мұнай, газ, элетроэнергиясы салалары әлі күнге дейін
көп мөлшерде монополияланған.
Элетр энергиясында жүйелік шаруашылықты электроэнергиясы өндірісінен бөлу
енді ғана басталды. Басқа да салалардағыдай, мұнда бәсекені дамытуға жағдай
жасау және аралас экономиканы қалыптасуына ықпал етуші түрлі меншік
түрлерінің өзара қабысуын кеңейту көзделуде. Біртіндеп электр энергиясының
біртұтас жалпыұлттық нарығын құру, соңғы тұтынушының таңдау еркіндігін
қамтамасыз ету үшін электр энергиясын өндірушілер, сатушылар арасындағы
бәсекелестікті жандандыру қолға алынды. Беруші және бөлуші жүйеден тұратын
жүйелі шаруашылық бұрынғыдай біртұтас монополия ретінде қабылданғанымен,
біртіндеп біріншісі екіншісінен бөлінеді.
Электр энергиясын құрылымдық реформалаудағы оны монополистік сипатынан
арылту және электр энергиясының бәсекелестік нарығын қалыптастыру жетекші
күш Қытай сарапшылары пікірінше үкімет болу керек. Бұндай реформаларды
жүзеге асыруға монополия қабілетсіз; қайта құрулар оның жүруі барысында
мүддесі зардап шегетін тараптан жүзеге асырылады деу, ақылға қонымсыз[18].
Мұнай-газ саласында баға қалыптастыру миханизмін реформалау, мемлекеттің
мұнай өнімдері мен табиғи газға баға қалыптастыруда тікелей араласуын
қысқарту мәселесі тұр. Аймақтың монополияға нүкте қойып, негізгі үш
корпорацияның іскерлік белсенділігі саласын бөлуді тоқтатып, жан-жақты
бәсекелестікті дамыеып қарастыруда. Әр қарайғы даму ашықтық саясатын
иеленіп, сауда және инвестициялық барьерлерді төмендету арқылы шетелдік
және жеке ұлттық капиталға мұнай барлау, іздеу, тасымалдау, өңдеу істеріне
және мұнай өнімдерін сатуға (көтерме және бөлшек) қатысуға мүмкіндік
туғызу. Мемлекттік емес инвестицияны газ құбырлары құрылысына тарту
көзделуде.
Көмір өнеркәсібінің алдында жеке меншік қатынастарын реформалау,
жабдықтаудың ескірген мемлекеттік жүйесін қайта жаңарту; Қытай және әлемдік
нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі мен рентабельдігін көтеру қажеттілігі тұр,
сондай-ақ оның алдында әлеуметтік сала мен техника қауіпсіздігінде өте
үлкен және күрделі мәселелерді шешу міндеттері тұр.
Қытай энергетикасы НИОКР-ге ассигнациялар тапшылығынан зардап шегеді.
2000ж. ол 5,7млрд юаньды (Жапониядағы көрсеткіштің тек 1,8%) құрап, елдегі
НИОКРге бөлінетін шығынның 6,43%-на тең. Жапонияда бұл цифрлар бірнеше есе
жоғары. Техниклық және технологиялық инновациялар механизмі де аяқталмаған.
Осы саладағы ахуалды түбірімен жақсартпай энергетикалық стратегия
мақсаттарын жүзеге асыру мүмкін емес.
Отын-энергетикалық баланс жиырма жылда ең жоғарғы шекке жетуі керек.
Көмірдің үлесі максимальді сценарий бойынша 66,7%-дан 63,2%-ке дейін
қысқарса , минимальді түрде 59,4%-ке дейін қысқарады. Табиғи газдың үлестік
салмағы максимальді сценарий бойынша 2,8%-дан 6,7%-ға жетсе, ең аз
көрсеткіш болса – 8,9%. Ал мұнайға келсек, оның үлесі кез-келген нұсқада аз
ғана өзгеріске ұшырайды: максимальді сценарийде ол 25%-дан 26,7%-ға
ұлғаяды, ал минимальді жағдайда 25,9%. Газды тұтынудың өсуі орта жылдық
қарқыны үш сценарийде де орташа деңгейден жоғары блуы қарастырылады. Сондай-
ақ гидроэнергетикалық және ядролық электр бекеттер салу, жаңартылған
энергияны пайдалануды кеңейту қарастырылады.
Қытайдың отын-энергетика балансын оптимизациялау алдыңғы он жылдықта
дамыған тенденцияны жалғастыруда. 1990 жылдан 2002 жылға дейінгі осы
үрдістің қарқыны 2020 жылға дейінгі кезеңге дейін қарағанда жылдамырақ
болды: көмір үлесі 76,2%-дан 66,1% дейін қысқарды. Бұл тенденция Қытай
энергияның ішкі көздерімен қатар ресурстарға қарауға алып келеді, табиғи
ортаға тигізілетін зиянды азайтады.
Энергия тұтынудың салалық құрылымы өзгереді. Энергияның негізгі
тұтынушысы бұрынғысынша өнеркәсіп қалады, бірақ оның үлесі 2000ж. 72,7%-
дан – 2020ж. 56,7-58,7% қысқарады. Көлік пен құрылыстың үлестік салмағы
кәдімгідей өседі.(11,1%-16,3-17,1%)(16,2%-25,0 -26,7%).
Сондықтан, энергия үнемдеудің негізгі шығыны өнеркәсіпке түседі. Тәжірибе
көрсеткендей, басты тиімділікті 70-80% дейін өндірістің құрылымын реттеу
берсе, ал қалған 20-30% - техникалық прогресс негізінде өнім бірлігіне
энергетикалық шығынның төмендеуі есебінен.
Энергия үнемдеуге маңызды үлес қосатын экономиканың басқа салалары
қазіргі таңда отынның автомобильдің 100 шақырым жолына орташа жұмсалуы
Қытайда дамыған елдерге қарағанда 20%-ға жоғары. Бұл шығындарды таяу маңда
отынға салық енгізу жолымен (сарапшылар,таяудағы 3-5жылда салық бензин мен
дизельді отынның құнының 60% құрауы керек дейді) және оны пайдалану
тиімділігін арттыру арқылы қысқарту көзделуде. Сондай-ақ қалалық жоспарлау
және көлік жүйелерін, автомагистральдердің басымдықтағы құрылысын
жетілдіру қарастырылуда. Бұл шаруалар, көлікте 2020жылға дейін 87млн. т.
мұнай үнемдеуге мүмкіндік береді, бұл оның қазіргі өндіріліп жатқан
көлемінің жартысы дерлік.
Энергияны экономдау үшін құрылыста да мүмкіндіктер де аз емес. Энергия
қуатын үнемдеу стратегиясында аталған сала әлсіз болып табылады. Қытай
ғимараттарды жылыту және кондиционерлеу үшін бір құрылыс көлемдік есебіне
қарай энергия қуат шығыны, басқа осы жағрафиялық территорияда орналасқан
мемлекеттерге қарағанда, үш есе көп. Жанармай отынды үнемдеуі құрылыс
саласында 160млн. т. құрайды.
1 390млн. тонна шартты Қытайда жасалған 2002 жылғы жанармай отынына 71%
көмір отынына келеді. Қытай 1 370млн. тонна көмір жағады(тұтынады), бұл
дүниежүзілік тұтынудың 27,7% құрайды[19].
Көмірді отын ретінде тұтынудың негізгі проблемасы – тұрғындардың
денсаулығына және қоршаған ортаға үлкен зардап әкелуінде. Қытай және шет ел
зерттеушілердің бағаларына сәйкес Қытайдың жалпы ішкі өнімінің 3%-нан 7%
дейін ауаны ластау шығына келеді. Қытайдағы ауа ластауының негізгі қайнар
көзі – көмір жануындағы 20 өнім болып табылады. Қытай дүниежүзілік энергия
қуатының 8-9% тұтынады, бірақ дүниежүзілік қышқыл газының шығарылымы 13,5%
және 15,1% күкірттің қос тотығына Қытай мемлекетінің үлес салмағына келеді.
Күкірттің қос тотығының ауаға жалпы шығарылымы 20млн. тоннаны құрайды,
бұл көрсеткіш бойынша Қытай дүние жүзінде бірінші орынға ие, және қоршаған
ортаның өзін-өзі тазалау қабілетінен әлде қайда басым.
Ауаны күкірттің қос тотығымен ластауы қышқыл жаңбырлардың негізгі себебі
болады. Аталған жаңбырлар Қытай мемлекетінің үштен бір территориясын
жарамсыз етеді.
2000 жылы көмір жағу жылуды қамтитын электростанциялары ауаға 2,9млн.
тонна азот қышқылын шығарып тастады. Қытай АҚШ-тан кейін қышқыл газбен ауа
ластау бойынша дүние жүзінде екінші орынға ие, осыған байланысты дүние
жүзілік қоғамдық пікір Қытайға қысым жасауда, себебі аталған жағдай парник
эффектісінің пайда болуына әкеліп соғады. Қытайдың энергетикалық
стратегиясын қалыптастырушылар мемлекеттің жанармай-энергетикалық
балансында көмір үлес салмағын азайтуға іс-әрекеттер жасауда. Дүниежүзілік
банкінің есебі бойынша, Қытай алдығы 20 жылдың ішінде ауа ластауы азаймаса,
жалпы ішкі өнімнің 12 % немесе 390 млрд. доллар көмір өнімінің жануының
салдарынан пайда болған ауруларды емдеуіне жұмсалады көмір өнімінің жанған
шығарылымы арқылы . Ауа ластауы минималды жағдайына жету барысында қоршаған
ортаның өзін өзі тазалау қабілеті әлде қайда төмен болып қала береді.
Көмірдің күрделі геологиялық қорына қарамай олар әлі толық зерттелмеген.
2000 жылы пайдаланбаған, бірақ көмірдің пайдаланбағанының экономикалық
негізі бар , жаңа шахталарды құруға жарамды көлемі 20,3млрд. тоннаны
құрайды. т.23. Жақын болашақта көмір өңдеу саласын дамытуда бұл қор
жеткіліксіз. Экономикалық негізделген көмір қорының басымдылығы Қытайдың
Батыс және Орталық сусыз, құрғақ, алыс аймақтарда орналасқан, бұл көмір
отын өңдеу, тасымалдау және тұтыну іс-әрекеттерін жүзеге асыруда, үлкен
қиыншылыққа әкеліп соғады. Қытайда бір жылдық көмір отын өндіру мүмкіндігі,
қоршаған ортаға зардап әкелуін, су ресурстарын ескере отырып, 2,8 млрд.
тоннадан аспайды. Қытай мемлекетінің отын-энергиялық балансында көмір
отынының үлес салмағы қысқару жағдайында көмірді тұтынудың абсолюттік
көлемі 2020 жылы күрделі өседі; максималдық сценарий бойынша 2,9млрд.
тоннаға дейін, ал минималды сценарий бойынша – 2,1млрд. тоннаға дейін.
Максималды сценарий – импортты көбейтпей, өз қорлары арқылы жүзеге мүмкін
емес. Әрекеттегі және құрылып жатқан шахталардың кәсіптік күштілігі
2020жылы 710 млн.т. құрайды. Осы санға 350 млн.тоннаны қоссақ, кіші көмір
өңдеулігінің күштілігін ескерсек, 2000-2020 жылдары 50млн. тонна аз өсуін
қамтиды. Бірақ, бұл жағдайында оңтүстікті импортпен қамтылуы қарастырылады.
Көмір отын пайдалануда Қытайда екі негізгі проблемалар бар. Бірінішіден,
көмір жағуының тиімділігі өте төмен және, екіншіден, көмір жануының үлес
салмағы өте үлкен. Көмірді байыту арқылы оның күлдігін 50-80% артып және 30-
40% күкіртті жою жағдайы пайда болады. Ал шыққан түтінді ары қарай тазаласа
90% дейін күкіртті жоюға болады. Бірақ, 1999 жылы Қытай мемлекетінде тек
29% барлық өңделген көмірден байытылады(ФРГ-да 95%, Ұлыбританияда-75%, АҚШ-
55%). Байытылған көмір экспорт үшін жасалады, ал энергетикалық мақсатпен
пайдаланатын көмір ешқандай өңдеуден өтпейді.
2000 жылмен салыстырғанда 2020 жылы мұнайды тұтыну 2-2,6 есеге көбейді,
бірақ мұнай ресурстарының шектеулілігіне байланысты оны қазбалай табу қатты
өспейді. 2020 жылға мұнайды өндірілу – 180-200млн. тонды құрайды, ал одан
кейінгі уақытта оны табу суалды. Мұнайды тұтыну ең азы 450млн. тонна болады
(максималды сценарий бойынша – 610 млн.т.). Бұл Қытайды импорттық мұнайға
тәуелділігін 55% дейін ұлғайтады (ал максималды болжам бойынша – 76,9%
дейін) .25 Аталған тәуелділік АҚШ-тың -58% сыртқы тәуелділігіне сәйкес .
Белгілі экспортты сақтау барысында, мұнайға жалпы қажеттілік 2005жылы
252млн..т., ал 2010жылы – 302млн.т. құрайды. Алдағы болжам бойынша, мұнай
импорты 2005 жылы – 90, ал 2010жылы – 135млн.т. сәйкес болады т.26. Бірақ,
2003жылы мұнай және мұнайөкілдерінің импорты 100млн. тоннадан асады,
алдыңғы жылмен салыстырғанда бірден 30млн. т. өседі[20]
Импортталған мұнайдың өсуі – 15 ірі мұнай өңдейтін базалардың пайда
болуымен сипатталады, олардың күштілігі – 10млн. тоннаға дейін (әр
қайсысы). Аталған ірі базарлар Янцзы өзенінің оңтүстік-шығыс маңайларында
орналасады, ал ұсақ, күштілігі 1млн.т дейін мекемелер жабылады. Фуцзяни
және Чжэцзяне(Нинбо ауданы) – тереңсулы порттарды соғу, Шанхай, Нанкин
аймақтарына мұнайды тасымалдау үшін құбырларды салу, ал қажетті жағдайда
ішкі аймақтардың ұзақ аралыққа мұнайды жеткізу үшін магистралды мұнай
құбырларын орнатады.28. Мұнай өңдейтін мекемелерді біріктірудің
мақсаты(олардың орта күштілігі Қытайда – 2млн.т., ал дүниежүзінде –
5,5млн.т. құрайды) – мұнай өңдеуінің технико-экономикалық көрсеткіштерін
жақсарту, нақтылай айтсақ, жеңіл фракциялардың шығуын ұлғайту(2010ж.-75%
дейін, бүгін Қытайда – 66,7%, жалпы Азия аймағында - 80%)және күкіртті
мұнайды өңдеу мүмкіншілігін көтеру(шамамен 2010ж.-35% дейін).
Қытайда таза шетел капиталды мұнай өңдеу мекемесісоғылуына мүмкіншілік
берілмейді. Ал аралас капиталды мекемелер Қытай жағынан бақылау пакеті
сақталған кезде ғана пайда болады. Әр жаңадан ашылған мекеменің күштілігі 8
млн.т.-дан кем болмауы тиіс. Шетел капиталына авто көлігіне жанармай құйып
алу станцияларды, және мұнай өнімдерін өтім жүйесін қалыптастыру
мақұлданбайды. Ал аталған салада аралас капиталды мекемелерді қалыртастыру,
тек Қытай жағынан бақылауы сақталған жағдайда пайда болады.
Қытай қалаларында және жедел трассаларында автокөліктерінің сандарының
өсуі (2002 ж. аяғында Қытайда 20 млн. автокөлік бірлігі болған), жанармайды
үнемдеумен қатар, қоршаған ортаға әсерін азайту қажеттілігі пайда болады.
Бүгін Қытай қалаларының үштен екісінің ауа сапасыстандартына сәйкес емес,
ауа ластауының жартысы автокөлікке келеді. Дүниежүзілік банкінің бағаларына
сәйкес 2001 жылғы мәліметі бойынша,дүниежүзіндегі 20 ластанған қалаларынан
– 16 Қытай мемлекетінде орналасқан.
Қытайдағы дизель отынның сапасы стандарт талабы бойынша дүние жүзілік
деңгейден әлдеқайда төмен . Отынның сапасын тез арада жетілдіру , оны зиян
қосындылардан босату өте өзекті болып жатыр, себебі Дүниежүзілік сауда
ұйымының алдындағы Қытайдың міндеттеріне сәйкес сыртқы сыртқы кәсіпкерлер
үшін мұнай және мұнайөнімдері нарығын жақын болашақта ашу. Басқа жағдайда
Қытайдың мұнай өңдеу индустриясы нарықтың бір бөлігін жоғалтады.
Мұнайдың күрделі қор өсімін теңіз барлау арқылы қамтылады. Бірақ аталған
қорларды игеру көршілес елдермен шешілмеген территориялық жанжалдарға
байланысты. Көршілес елдер дүниежүзілік мұнай нарығында бәсекелес болуының
орнына әріптес болғаны дұрыс болар еді. Шығыс Қытай теңізінде Дяоюйдао арал
барысында Жапониямен жанжал орын алды, ал бұл жерде мұнай сипаттары
анықталған .
Оңтүстік-Қытай теңізінде мұнай ресурстары архипелаг Наньша(Спратли)
табылған, оған ие болам деушілер – Вьетнам, Филлипины, Малайзия, Тайвань.
Мұнайдың теңіз ресурстарын игеру, бірнеше Қытай эксперттердің пікірінше,
Қытайдың үш мұнай корпорациялардың мүмкіншілігінде, ерекше Қытай теңіз
мұнай корпорациясының өз жауапкершілігіне Қытай шельфінің мұнайды барлау
және игеру міндеттерін толық өзіне алмауы.Табиғи газды тұтынуының өсуі –
көмірдің мемлекеттегі энергияның негізгі қайнар көзі ретіндегі рөлін
азайтады. Шындап келгенде, табиғи газ мұндай рөлді атқару үшін , ол
бәсекелестікке қабілетті болуы қажет. Қазіргі уақытта Қытайда газ нарығын
қалыптастыруына газдың өте жоғары бағалары кедергі жасауда.
Жорамал бойынша, табиғи газды тұтыну 200-2020 жылдары орта есеппен жылына
9% ұлғайып отырады, аз мөлшерде – импорт, ал басымдысы ішкі ресурстар
арқылы.
2020 жылы ол 100млрд.куб.м. жетеді, соның ішінде импорт50-60 млрд.куб.м.
құрайды. Болжам бойынша, 2010жылға барланған табиғи газ қоры– 4,9трлн.
және 2020 жылы – 7,5трлн.куб.м. құрайды. Отандық газ өңдеуі 4-5 есе
көбееді. Т.-31. Импортты кеңейту үшін бір уақытта ірі газ құбырларын және
басқа базалық құрылыстарды салу тиіс.
Қазіргі уақытта Қытай су энергетикалық ресурстарды игеру деңгейіне қарай
Индия, Вьетнам, Бразилия, т.б. дамушы мемлекеттерінің қатарында 80-і орынға
ие. ГЭС ЖЭС-қа(жылу энерго-станциясы) қарағанда баяу дамиды, бұл бірнеше
жағдайларға байланысты.
Өткен ғасырдың 90-жылдардың соңында жағдай өзгере бастады. Мемлекеттің
финанс ресурстары күрделі өсті, сонымен қатар сұраныстың құрылымы және
электроқуат туралы ұсыныстар өзгерді. Мемлекеттің дамыған шығыс
аймақтарында ЖЭС күштілігі күрделі өсті, бұл өз тарапынан ауаны қатты
ластауына әкеліп және шын жүктемесін жүзеге асыру мүмкіншілігі болмады.
осының барлығы мемлекеттің батыс аймақтарында суэнергетикалық құрылысты
кеңейту шешімін қабылдады.
2020 жылы электро энергия өнеркәсібінің жалпы күштілігі 860-
950млн.кВт(2003жылы-350млн.кВт) жетті.Электро қуатты жалпы қалыптастырудағы
ГЭС(су электроқуат станциясы) үлес салмағы 15,4%-дан 19-22% өседі. Бұл
орта есеппен жыл сайын күштілігі 6,4-9млн.. ГЭСтарды ендіруін талап етеді,
ал жыл сайын жұмысқа қосатын ГЭСтардың қуаттылығы 29-33 млн.кВт. осыған
байланысты мемлекеттің шығыс бөлімінде гидроэнергетикалық ресурстары толық
түгеседі, ал батыс аймақтарында аталған ресурстарды игеру үлкен
қиыншылықтармен жүзеге асады, бұл аймақта гидроресурстардың игеруі - 8%
құрайды.
1997жылы басталған жаңа атом(ядролық)электростанциясының құрылысы 6 жылға
шоқтатылып, 2003 жылы қайтадан құрылыс жалғастырылды. Чжейзянь және
Гуандунде Қытай өкіметі төрт – күштілігі 1млн.кВт., жалпы бағасы, құндылығы
6 млрд. доллар көлемінде станциялардың жобалары бекітілді.34. Жаңадан
құрылған және жұмыс атқарып жатқан ядролық электростанцияладың 2003 жылы
қуаты, күштілігі 8,7 млн.кВт құрады. 2020 жылға олардың қуаттылығы 40млн.
кВт өсіп, оларды электроэнергия өніміндегі үлес салмағы 1,2 %дан 7%
өседі[21]. Бұл деген сөз әрқайсысы 1млн.кВт күштілігімен 30жаңа ядролық
электростанциялардың ірге тасы көтеріледі. Жоспар бойынша, Шанхайға
қарасты, теңізге жақын аудандарында жаңа ядролық электростанцияларды жалпы
күштілігі 13млн.кВт салынуы қарастырылды. 2010жылы олар жұмысқа қосылады,
сонда бүкіл Шығыс Қытайда және Янцзы өзен аймағындағы электроқуатының
жетіспеушілігі дұрыс шешіледі.36. Хунани, Сычуань және Гуандун аймақтарында
жаңа ядролық станцияларды салу жоспары бар.
Жаңғырмалы энергияны пайдалану 2000 жылы шартты отынның 256млн. т.
құрады, немесе бүкіл алғашқы энергия тұтынуының 19,7% құрады.Аталған
энергоқуатын пайдалану-олардың өзіндік құнының биіктігімен тоқтатылады.
Бұл жағдай нарықтың мүмкіншілігін шектейді,осыдан электроқуатының өзіндік
құнын төмендету қиындыққа соғады.
2020 жылы,болжам бойынша,жаңғырмалы энергияның тұтынуы 2000 жылмен
салыстырғанда екі есе өсіп,525млн.т. құрайды.37.ресурстардың мүмкіншілігі
жаңа және жаңғырмалы энергияның шартты отынның жылдық тұтынуын
7,3млрд.т.дейін өседі.2020жылы жаңғырмалы энергияның белгіленген станцияның
құрал-жабдықтың күштілігі – 100млн.кВт. құрайды, соның ішінде кіші ГЭС (су
энерго қуатының станциясы) – 70млн.кВт., жел арқылы жұмыс атқаратын электро
станциялардың қуаттылығы – 20млн.кВт. ал биологиялық электро құрылымдардың
қуаты – 5млн.кВт. құрайды.
Бұл болжамдарды жүзеге асыру үшін мемлекеттің күрделі қолдауы қажет.
Қолдаудың бағыты жаңғырмалы энергияны пайдалануының материалдық
ынталандыру, оның ғылыми-техникалық базасын қамту, сонымен қатар нарықты
күштеп қалыптастыру және нарықтық бәсекелестің механизмін жүзеге асыру.
Енді түсінікті, Қытайда энергетикалық қауіпсіздікті қамту, мұнай
қауіпсіздігімен синоним бола тұрып, мемлекеттің ең күрделі міндеттерінің
бірі болып табылады. Бұл міндет мұнайдағы тұрақты әлеуметтік экономикалық
дамуының сан жағынан және баға бойынша қажеттіліктерді қанағаттандыруына
кепіл беру ретінде қалыптастырылды.38.
Мұнай дефициті немесе мұнайды жеткізу барысында кездейсоқ үзілістердің
салдарынан мұнай қауіпсіздігінің бұзылуы мемлекеттің экономикасына күрделі
зардап әкеледі.
Аталған проблемаларды жеңілдету келесі іс-шаралар арқылы жүзеге асады:
біріншіден, отандық мұнай және газ ресурстарын игеру, екіншіден, игерілген
мұнай көлемін ұлғайту және отынның басқа түрлерін және технологияларды
пайдалану,үшіншіден, халықаралық кооперация құрылымы максималды түрде ену,
төртіншіден, келе-келе мұнайдың сақтандыру қорын құру және жетілдіру .
Мемлекет бірнеше іс-шаралар арқылы ірі мұнай компаниялардың барлау
жұмыстарын қаржыландыруда белсенділігін арттыруын қамтиды.
Қазіргі уақытта мұнайды игеру Қытайда 34% құрайды, пайдаланған озықты
технологиялар аталған көрсеткішті 50% көтеріп отыр. Жорамал бойынша, 2020
жылға көмірдің ИЖТ өнеркәсібінің көлемі 160 млн.т. жетіп, 145млрд. юань
инвестицияны талап етеді.
Ерекше етіп, станциялық мұнай қорын қалыптастырудағы проблемаларға тоқтау
қажет. Аталған міндет ағымды 10 бесжылдық жоспарының өткен, 2001 жылы өткен
ВСНП наурыз айындағы сессиясында қабылданды. Қытай эксперттерінің пікірінше
көзделген қор мұнай дефицитін табу үшін қалыптастырылып жатқан жоқ. Бұл –
ірі саяси және әскери дағдарыстарға қарсы тұру үшін өкіметтік қорлардың бір
түрі болып келеді. Олар мекемелерге халықаралық нарықта бағалық тәуекелмен
күресу үшін қалыптастырылмаған.
Ашып айтсақ, мұнайдың стратегиялық қоры – бұл қорқыту қорғаныс күші.
Ядролық қару ретінде, олар еш уақытта пайдаланбауы да мүмкін, бірақ бұл
қордың бар болмауы тағы да дұрыс емес.[22]
2003 жылдың соңына мемлекеттің резервуалдарында сақталған мұнай
өнімдерінің көлемі 2050мың куб.м. болғанымен, мұнайдың стратегиялық қоры
мүлдем болмады. Мұнай өңдейтін және мұнай химиялық мекемелердің меншігінде
өтпелі өнеркәсіптік қорлар болды. Сауда ұйымдарындағы мұнай өнімдердінің
қорлары бағаларға тиімді әсер етпейді. Осының барлығы дүниежүзілік
конъюктураның өзгерістерінің әсері. Қытай экономикасына тиімсіздікті
әкеледі.
1990 жылдардан бастап мұнайдың дүниежүзілік бағасының әрі жылдам өсуі-
ішкі мұнай нарығында үлкен сілкіністерге әкеліп,Қытай мемлекетінің
экономикалық өсу тұрақтылығына кері әсер беріп отырды.
Эксперттердің ойынша,Қытайдың мұнай, мемлекеттік және экономикалық
қауіпсіздігін қамту үшін мұнайдың 90-күндік сақтандыру қорын қалыптастыру
қажет,оның көлемі-35млн.т.41.құрайды.
Бұл іс-шара өте қымбат.Есеппен,көлемі 8 млн.т.алғашқы қорды құру үшін,ең
азы 20млрд.юань қажет.42.Ара қатынасы 2:1-мемлекеттік және мемлекеттік емес
капитал арқылы қорларды қалыптастыру жоспары талқылану үстінде.
Аталған жоспарларды жүзеге асыруы тек бірыңғай жоспарлауды және мұнай
сақтау қорларын тиімді территориялық бөлінісі және бірыңғай есеп жүйесін
қалыптастыру емес,сонымен қатар стратегиялық және сақтандырылған
резервтерді (қорларды) пайдалануын қамтитын заңдар мен жарлықтарды
қалыптастыру және қабылдау қажет. Бұдан басқа,жорамал бойынша жоспарлы және
іріктеу табиғи жер астындағы мұнайдың қорын құру,бұл дегеніміз,бірнеше ірі
скважиналарда мұнайдың бір бөлігін қалдырып,төтенше жағдайларда пайдалану.
Сонымен,Қытай ақпарат құралдарының мәліметі бойынша,энергетикадағы кернеу
жағдайы 2008 жылға дейін сақталады.Күрделі құрылысты сомарлық
қаржыландырудағы электроэнергетикалың үлес салмағы төмендеді[23]:
8 бесжылдықта-ол12,09%.
9 бесжылдықта-10, 4%
2002 жылы-7,14% құрады.
Аталған саласының өсуі сұраныстан төмен болды.2000 жылдан 2002 жылға
дейін орта есеппен бір жылда электроэнергия қажеттілігі 10% өсті,ал құрал-
жабдықтардың күштілігі-5,7%. 2003жылы энергияға қажеттілік энергиямен
қамтылуына қарағанда 7% жетті[24]. Бірнеше эксперттер дефициттің пайда
болуының терең себептерін табиғи монополияның әкімшілік монополияның
монополиясымен қосылуында деп санайды[25].
“Энергетикалық стратегияны және мемлекет саясатын талдау”
баяндамасында авторлары Қытайдың энергетикалық қажеттілігін 2020 жылға
максималды сценарий бойынша-3,28 млрд.т.орта сценарий бойынша-2,896
млрд.т,ал минималды сценарий бойынша -2,466 млрд.т. шартталмаған отынның
көлемін осылай бағалады.Бұдан басқа келесі энерго тұтыну үшін күрделі
факторлар ескерілді:
- мемлекеттегі тұрғындардың сандық өсу қарқыны.
- дүниежүзілік экономикадағы өзгерістерге бейімделу;
- халық шаруашылығының негізгі салалары техника-экономикалық
эволюциясы (дамуы).
Баяндаманың негізгі авторларының бірі - Фән Фәяның пікірінше Қытай
тұрақты даму үшін энергетика саласында оптималды бағыты болып-энергия
тұтынудың қысқаруын минималды сценарийге дейін жеткізу және орта,одан
жоғары сценарийге жеткізбеу жағдайын қарастыру.Орта сценарй бойынша 2020
жылы энергия қуатын тұтыну 2000 жылмен салыстырғанда 2,2 есе
өседі.Қытайдың өткен жылдың тәжірибесін ескерсек,онда бұл есептердің
белгілі негіздері бар. Алдыңғы 20 жылда Қытай өзінің ЖІӨ (жалпы ішкі
өнімін) төрт есе ұлғайтып, энергия тұтынуын екі есе ғана көбейтті. ЖІӨ 1980-
2000 жылдарғы орта жылдық өсу қарқыны-9,7% құрап, ал жылдық энергия тұтынуы-
4,6% өсті. Басқа сөзбен айтқанда, экономикалық өсім жартылай энего-өнеу
арқылы қамтылады. Болатты өндеу, жылу электростанцияларда энергия қуатын
өндеу,энергия қуатын көп мөлшерде пайдаланатын өнімдерді шығаруда энергия
қуатының шығындарының үздік дүниежүзілік көрсеткіштері бойынша қытайдын
артта қалуы жойылды.
2001 жылы Қытайда энергия шығыны ЖІӨ 13% құрады, ал АҚШ- бұл көрсеткіш
7% тең[26]. ЖІӨ бірлігіне энергошығындарының бағалары валютаның ағын
айырбастау курсымен және оның сатып алу қабілет паритетімен қатты сәйкес
келмейді. Бірінші жағдайда 2000ж. олар Қытайда Жапонияға қарағанда 7,7 есе
биік болған, ал ортадүниежүзілік деңгейден 3,4 есе биік. Екінші жағдайда
басымдылық 20 % Жапониямен салыстырғанда қысқарады, ал ОЭСР мемлекеттер
деңгейіне қарағанда-8% қысқарды. Жылдық орташа көрсеткіштерде болар. Қытай
мемлекеті алдына келесі міндетті қойып отыр. Шартты отынның шығының ЖІӨ 10
мың юаньға
1995ж.-2,33т. дейін
2010ж.-1,25т. дейін
2030ж.-0,54т. дейін
2050ж.-0,25т. дейін азайту.
Қытайда энергияның арттық шығын басымдысы сыбағасы тұтынудан
ортадүниелік деңгейі биік салаларда орналасқан. Өнеркәсіптің саласында,
олар бүкіл өнеркәсіптің энергия тұтылуының 73%айдаланады, үлестік энергия
арқылы 47% алдынғы дүниежүзілік деңгейден биік. Қытайдағы жылу
электростанциялар 1000кВт сағатты қалыптастыру үшін шартты отынды 27,4%
жоғары шығындалады, озық прогрессивті технологияларды ескермей. Қытай
өнеркәсібінде энергияны артық тұтыну көрсеткіштері шартты отынның 230 мың.
т. құрайды. Осының барлығы бұрынғы экономикалық өсу моделінің, оның
дәстүрлі жоғары қарқын, жоғары шығын, жоғары деңгейде ластау және төмен
тиімділігі дәрежелі өмір сүруге құқығы жоқ[27].
Осыған байланысты Қытайдың энергетикалық стратегиясының негізгі бағыты
болып энергияны үнемдеу болып табылады. Энергияны тиімді пайдалануда
дамыған мемлекеттерінің көрсеткіштеріне жету Қытайдың негізгі міндеттерінің
бірі. Бұны ресурстарының дефициты талап етіп жатыр, Қытай дефицит
салдарынан экономикалық өсуін шектеп, жаранды бәсекелес ортаға мемлекеттің
енуіне ықшам етеді.
Қытайдың амбициялық мақсаттары: 2020ж. ЖІӨ төрт есе өсіру, урбанизация
және индустриализацияны жүзеге асыру, тұрғындардың өмір дңгеін көтеру
(сяокан қоғамын құру) мемлекеттің энергетикалық энергиялық комплексін
қайта қарастыру – жалпы дүниежүзілік үрдістерге сәйкес.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді Қытайдың энергетикалық қамтылуы –
экономикасы және қытай тұрғындарының қажеттіліктері мемлекеттің
мүмкіншілігінен тыс келеді. Осының салдары – Қытай және дүниежүзілік
энергетикалық бір бірімен байланысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей-Қытай қатынастарының стратегиялық серіктес ретіндегі деңгейі
Энергетикалық ресурстардың дамуындағы мемлекеттің рөлі
Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының экономикалық байланысы (1991-2009 жж.)
Саясат - бүкіләлемдік құбылыс
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Аймақтық қауіпсіздік мәселелері
Қазақстан Республикасының энергетикалық ресурстарына қызығушылығы
Қазақстанның сыртқы саясаты жайлы
Қазақстанның Европа одағы елдерімен қатынасы
Орталық азиядағы геосаяси жағдайлардың дамуы
Азия баспасөзінде көбінесе
Пәндер