Психология және спорт психологиясы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қарағанды “Bolashaq” жоғарғы колледжі

«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы

Курстық жұмыс

«Психология және спорт психологиясы» пәні бойынша

Тақырыбы:«Спортшыларда ерікті тәрбиелеудің психологиялық негіздері»

Орындаған:ДМ-18-1 тобының студенті

Ережепбай Жандос

Ғылыми жетекші:Тусупбаева А. К.

Қарағанды 2022

Мазмұны:

Кірісе . . . 3

1тарау. Дене тәрбиесі және спорт психологиясына кіріспе.

1. 1. Спорт және дене тәрбиесі психологиясы пәні . . . . . 5

1. 2. Дене тәрбиесі психологиясының педагогикалық бағыттылығы……. . 6

1. 3. Спорт психологиясы психология ғылымының қолданбалы тармағы ретінде……… . . . . . . . . 7

1. 4. Спорт психологиясының даму тарихы . . . . . . 8-12

1. 5. Спорт психологиясы мен дене тәрбиесі психологиясының өзара байланысы……… . . . . . . 11-12

1. 6. Дене тәрбиесі және спорт психологиясының тапсырмалары………13-16

2тарау. Дене шынықтыру мұғалімінің және жаттықтырушының тұлғалық психологиясы.

2. 1. Дене шынықтыру мұғалімінің қызметі. ……… . . . ……17-18

2. 2 Ерікті тәрбилеудің ерекшелігі. ……… . . . ……. ……… . . . 19-22

Қорытынды . . . 23-25

Пайдаланған әдебиеттер . . . 25

Тақырыптың өзектілігі

Дене тәрбиесінің оқушының рухани жағынан тазарып, салауатты өмір сүруіне тигізетін рөлі ерекше. Салауатты өмір сүруде дене тәрбиесі

жүйесіндегі өзекті мәселелер бүгінгі келеңсіз тенденциялармен айқындалады. Оларға біздің республикамыздағы балалар ауруларының көбеюі, балала және жас өспірімдерге арналған спорт мектептері мен бұқаралық дене шынықтыру жұмысын қаржыландырудың азаюы, дене тәрбиесінен оқушылар дайындығының деңгейлерінің нашарлауы т. б. жатады. Бұл жайттер бүгінгі таңда мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарды қатты алаңдатуда. Сондықтан жас өспірімдердің дене тәрбиесі жүйесін реформалауға бағытталған нақты шараларда оны шешудің жолдары белгіленіп отыр.

Бұл мәселелерді шешудің стратегиялық бағыттары «Қазақстан

Республикасының оқушы жастар мен балалардың дене тәрбиесінің

бағдарламасы және білім беру жүйесіндегі дене мәдениетінің даму

тұжырымдамасы» мен Қазақстан Республикасының «2001 - 2015 жылдарға

Спорт және дене мәдениетін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы» және

сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Спорт және дене мәдениеті туралы»Заңында айқын көрсетілген.

Мұғалім негізінен оқушылардың дене тәрбиесі үрдісін ұйымдастыру

кезінде аймақтық ерекшеліктерді ескеретін «Дене тәрбиесінің типтік

бағдарламасын» басшылыққа алады. Бұл аспектіні жүзеге асыру үшін

бағыттары айқындалған және оқушылардың дене жетілдіруі бойынша

мұғалімдердің іс-әрекеттері сипатталған қосымша бағдарламалар мен

әдістемелік құралдар қажет-ақ. Әлбетте, дене шынықтыру пәні мұғалімнің

бір өзіне оқушылардың дене тәрбиесі сияқты күрделі үрдісті ойдағыдай

жүзеге асыру қиынға соғады. Ендеше бұл жерде дене тәрбиесі жөніндегі

әдіскерлердің, мектеп директорының, әр пән мұғалімдерінің, студенттердің, ата-аналардың күш-жігерлерін біріктіруді қажет ететін іс.

3

Зерттеу пәні: Психология және спорт психологиясы

Зерттеу нысаны: Спортшылардығ ерікті тәрбиелеу негізі

Зерттеудің мақсаты: Спортшыларда ерікті тәрбиелеудің психологиялық негіздер жүйесінің мәнін ашу.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Спортшыларда ерікті тәрбиелеудің психологиялық негіздеріне жалпы түсінік беру;
  2. Дене тәрбиесі және спорт психологиясына түсінік беру;
  3. Дене шынықтыру мұғалімінің және жаттықтырушының тұлғалық психологиясына түсінік беру.

Зерттеу әдістері: Ғылыми бақылау әдісі, талдау, жинақтау әдістері.

“Ерік - орыс тіліндегі “воля” сөзінің дәл аудармасы. Төл тілімізде “ерік-жігер”, ”қажыр-қайрат” ұғымдарымен астарлас сөз “Қайрат” сөзін Абай жиі қолданғанған, Ж. Аймауытов еңбектерінде “ерікті”, ”қайрат” деп атаған.

Ерік кең мағынада да, тар мағынада да жүретін сөз. Соқыр сезімге байлаулы серпілу болсын, қайта-қайта істелгендіктен әдетке айналып санасыз етілетін, амал болсын.

Ерік - адамның өз мінез -құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Адамды әр алуан әрекеттер мен бағыттайтын нәрсе - мақсат қою, соған талпыну. Мұны психологияда ниет (мотив, себеп) деп атайды. Адам сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын тек танып, не оған өзінің қатынасын білдіріп қана қоймай, сонымен бірге, оны қажетіне орай өзгерткісі келеді. Бұл үшін ол қимыл-қозғалысқа, іс-әрекетке түсіп отырады. Адамда қимыл-қозғалыс есепсіз көп. Бұларды үлкен екі топқа бөлуге болады. Оның бірін-еріксіз қозғалыстар (яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар :мәселен, көздің жұмылуы, жөтелу, шашалу, түшкіру т. б. ), екіншісін еріктік қозғалыстар деп атайды. Мәселен: жерге түсіп кеткен нәрсені көтеріп алу, қозғалыстың соңғы түріне жатады. Кез-келген қозғалыс арқылы сыртқы ортаны өзгертуге, оған ықпал жасауға болмайды. Бұл мақсатты қозғалыс. Адамның мақсатты қозғалыстары әр қилы кедергілермен қиыншылықтарға ұшырап отырады. Алайда адам алдына қойған белгілі мақсатын орындау үшін оны ерікті әрекетімен жеңуге ұмтылады.

Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңуден көрінетін қимыл қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік 91 деп атайды. Сонымен ерік дегеніміз -адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті. “Қайрат дегеніміз-өмір жолында кездесетін екіталай кездерде белді бекем буып, қайыспай, кідірмей амал етуге ұмтылу ”. (Ж. Аймауытов)

Адамның мақсатты қалауы, әр түрлі істерді орындауға ұмтылуы, жалпы алғанда ниеттерінің жиынтығы психологияда адам ниетінің өрісі делінеді. Басқаша айтқанда, бұл-адамның бағдарлы әрекеті. Сонымен, адам ниетінің өрісіне оның саналы әрекетіне, еріксіз істері, айқындалған істері, мақсаты әлі жете анықталмаған істері де жатады.

3. Қазіргі кезең. Бұл кезеңде спорт психологиясының танымдық-психологиялық пән ретінде қалытасуы. Бұл спорт туралы психология ғылымның даму кезеңі, бұрынғы жұмыс бағытың сақтай келе және спорт психологиясының қазіргі кездегі проблемаларын есепке ала отырып, зерттеу ісіне спортта жетістікке жетуде кездесетін қиыншылықтарды қатыстыра отырып зерттеумен ерекшеленеді.

Қазіргі спорт тәжірибесі, оның қарқынды дамуы - спорттық қызметті ұйымдастыру мен оны басқарудың жан-жақты формаларын, әдістері мен құралдарын ойластыруды мақсат етеді. Дайын жетілген физикалық, психикалық жүктемелер спортшының психологиялық дайындығын арттыру үшін, спортта жаңа әрі тиімді әдістер мен құралдарды енгізуді талап етеді.

Сонымен, спорт психологиясы - бұл спортпен шұғылданатын адамның психологиясы туралы ғылым.

Адам туралы ғылымдар жүйесінде спорт психологиясының алатын орны қандай?

Психология философиялық негіздері - спорт психологиясының жалпы теориялық негіздемесі болып табылады. әлеуметтік негіздер оған әлеуметтік көзқарастарды береді, ал жаратылыс ғылымдары - спорт психологиясының материалдық негізін құрай отырып, спорттағы субъектінің табиғи ұйымдасқанын көрсетеді.

Философия негіздері философиялық тұжырымдарға қажетті материалды спорт психологиясынан алады.

- әлеуметтік ғылымдарда спорттың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін, психологиялық зерттеудің нәтижелерін пайдпаланады.

- Ал жаратылыс ғылымдарында, спорт аумағындағы адам ағзасының маңызды жақтарын бөліп көрсету үшін, адамның спорт қызметіндегі психологиялық заңдылықтары мен ерекшеліктерін есепке алады.

- Еске алатын бір нәрсе, ол спорт психологиясы ғылымының атауы психология және спорт деген екі ғылыми терминнің бірігуінен жасалған. Осы екеуі сопрт психологиямының негізін қалайды және оның «теориялық негізі» болып табылады.

9

Өзімізге белгілі болғандай спорттық ғылымдар адамның спорт аймағындағы теориялық білімдер сферасын қалыптастыруға бағытталған. Олар спортшының жарыстарға жеке және ұжымдық дайындығы мен жарысқа белсенді қатысуына жағдайлар туғызу үшін физикалық, техникалық бірізді дайындықтар негізін жасауға бағытталған. Егер спортшының жарысқа дайындығын психологиялық негізі туралы айтсақ, психология ғылым ретінде толығымен адамның тәртібі, жағдайы мен қызметінің заңдылықтарын зерттейді. Көптеген ғылыми зерттеулер адамның спорттық қызметі, қалпы көбінесе психологиялық факторлар мен процестегі қатысты болатынын дәлелдеді. Ондай психологиялық факторлар мен процестерге: адамның мотивациялық және эмоциялық аймағы, жеке қасиеттері мінез бітістері мен темпераменті, күш-қуат сапалары және зейін, ес, ойлаудың ерекше қызметтері жатады.

Қорыта келгенде, спорт психологиясының жеке ғылым ретінде бөлінуі тек емес. Ол спорт адамның психикасын терең, ерекше түрде зерттейді.

10

5. Спорт психологиясы мен дене тәрбиесі психологиясының өзара байланысы.

Бұл сұрақты қарастырмас бұрын, ең алдымен дене тәрбиесі психологиясына, екінші спорт психологиясына анықтама берген жөн.

1. Дене тәрбиесі психологиясының негізгі мәселесі - жалпы сауықтыру, білім беру және тәрбие салаларының психологиясы негізіндегі тәжірибелік сұрақтарға рационалды жауап беруге көмектесу. Дене тәрбиесіне қатысу барысында бала өзінің сыртқы ортаға деген көзқарасын, ой-өрісін, дене қимылын, айналадан олған әсерін қалыптастырып үйренеді. Оның еске сақтау, ойлау қабілеті, психологиялық қасиеттерді өз бетінше қалыптастыру қабілеттері дамиды.

2. Сопрт психологиясы - жаттығулар мен жарыс кездеріндегі жеке адамдар мен топтардың психикалық ерекшеліктерінің заңдылықтарын зерттейді. Адам спортпен айналасқан уақытында арнайы сапаларды, дағдыларды, іскерліктерді, қасиеттерді қалыптастырады. Онда қозғалыс есі көрініс тауып, ойлауы, еркі өзін-өзі бағалау, өзіне-өзі анализ жасау, өзін-өзі басқару қабілеттері дамиды.

Спорт - бұл ерекше, адам қызметінің ерекше түрі.

А. Өзіндік ерекшеліктері:

1. Дене тәрбиесінің мақсаты - әр адамның денсаулығын нығайту, адам ағзасының, психофизиологиялық деңгейін арттыру, дамыту. Ал спортпен айналысудың басты мақсаты - спортта жоғарғы нәтижелерге жету.

2. Дене тәрбиесі негізінен ерте балалық шақтан адам психикасының дамуына бағытталған. Шешіліп жатқан мәселелер ортақ сипатта болады. Спорт қызметінің арнайы түрі ретінде негізінен адамдарды барынша үлкен психологиялық ауыртпалыққа арнайы дайындау мәселесін шешеді. Мұнда мәселенің тар бағыты негізі болады.

3. Дене тәрбиесімен айналысу барлық адамдарға міндетті және мүмкін жағдайда. Дене тәрбиесі үрдісін сезінбей қызу және өнімді өмір қызметінде физикалық білім, қабілет, дағдымен қаруланған, гармониялық дамыған адам ретінде сезінуі қиын.

Спорттық қызмет барлық адамға міндетті емес. Спортпен спортшы деп аталатын, спортқа деген қызығушылығы мол «таңдаулы» адамдар ғана айналысады.

11

4. Дене тәрбиесі - жалпы білім беретін орынның міндетті оқу тәртібі.

Спорттық ұйымдар - бұл ортақ мақсат пен идея ұсталған белгілі бір топ адамдарын өз еріктерімен біріктіретін қоғамдық топтар.

Б. Байланыстыратын белгілер.

1. Дене жатығуларымен айналысуға бағытталған қызмет жүйесі дене тәрбиесі секілді спортты да біріктіреді.

2. Дене тәрбиесінде де спорттық қызметте де психологиялық сапалардың, білім мен дағдының(өзін-өзі игеру, бақылау) сонымен қатар психологиялық процестердің (қозғалыс естің, ойлаудың, елестеудің, зейіннің) және жеке қасиеттер (мінез, ерік, қабілет, эмоция, мотивациялық сфера) дамуы мен жүзеге асыру процестері мақсатты түрде орындалады.

3. Тұлғаның моральдық, адамгершілік, этика-эстетикалық қасиеттері және адам тәртібі нәтижесінде бір бүтін құралады.

4. Спорттық топтар құрамы мен қарым-қатынас, топ бастау және ақпарат алмастыру құралы жоспарында дене тәрбиесі бағдарламасымен жұмыс істейтін топтар құрамының тұлғааралық қарым-қатынастары айтарлықтай ұқсас.

5. Дене тәрбиесіндегі секілді спорттық қызметте де сабақтың құрылу сызбасы мен көп жылғы мерзімге еспетелген қызметтің ары қарайғы жоспары байланыстырушы белгі болып табылады.

12

6. Дене тәрбиесі және спорт психологиясының тапсырмалары.

Бүгінгі таңда «дене тәрбиесі» ұғымының мәніне ортақ көзқарас жоқ. . бір авторлар оны психофизиологиялық даму заңдылықтарының биологизаторлық ұғымы негізіне сүйеніп, адамның функционалдық қабілеттернің мақсатқа бағытталған даму үрдісі деп көрсетеді.

Басқалар дене тәрбиесін адамның дене сапаларын дамыту және оны қимыл-қозғалысқа үйрету деп қарастырады.

Кең ұғымда «дене тәрбиесі» ұғымы «дене шынықтыру білімі» ұғымына сай келуі мүмкін.

Сонымен, дене тәрбиесі - бұл адамның қоғамда әлеуметтік міндеттерін орындауға арнайы дацындауға, дене бітімінің жан-жақты дамуына бағытталған педагогикалық үрдіс.

Мұндай ұғым өзіне адамның физикалық дамуын қамтамасыз ететін білім мен тәрбиені, сонымен бірге басты физикалық және арнайы сапалардың дамуына ықпал ету әрекетін, нақты индивидтің биологиялық ерекшелігімен шартталған гинетикалық бағдарламаның айтарлықтай толық игерілуіне ықпал ететін ағзаның функционалдық қабілеттерінің жоғарылауын қосып алады.

Дене тәрбиесінің сақсатын белгілі бір концепцияға сәйкес тұлғаның физикалық, психикалық саулығын және гармониялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталығн білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру деп қарастыруға болады (еңбекке және тұрмысқа дайындық құру, дене шынықтыру сабағында қажеттілікті жасау) .

Бұл мақсатқа жету келесі мәселелерді шешуді ұйғарады.

Жүзеге асырылуын, сондай-ақ денсаулығының сақталуы мен нығаюын есепке ала отырып, оның тәрбиелену процесін ынталандыру.

Қозғалыс қабілеттері, дағдылары мен осымен байланысты білімдердің жеке фонд өміріне қажет жүйелі құрылымды қарастыратың білім беру тапсырмаларын қою.

Жалпыпедагогикадық тапсырмалар:

а) Адамгершілік, идея-саясаттық және еңбек тәрбиесін қамтамассыз ету.

в) Тұлғаның ерігін, мінезінің позитивтік сапаларын, жағымды эмоция мен эстетикалық қажеттіліктерін тәрбиелеу.

13

Спорт психологияның негізгі мақсаты - бұл жарыстарға қатысуға қажетті спорттық шеберлік пен сапалардың жеке спортшылар мен командалардың психологиялық заңдылықтарының құрылымын зерттеу, және жарысқа дайындалу мен жаттығудың психологиялық негіздегі тәсілдер жобасын зерттеу.

Осы мақсатқа жету келісі мәселелерді шешуді ұйғарады.

1. Спортшының психикасына спорттық қызметтің әсер етуін зерттеу. Келесі нақты тапсырмаларды белгілеу керек.

а) жарыстық психологиялық нәтижесі.

в) жарыстық спортшыларға әсер еткендегі мінез көрінісі.

с) жарыстардың спортшы психологиясына берген талаптарды анықтау.

d) спортшының жарыстарға сәтті шығуға қажетті моральды, ерікті және тағы басқа психикалық қасиеттердің сабақтастығын анықтау.

e) жаттығу қызметі мен спорттық тұрмыс шарттарының психологиялық нәтижесі.

1. Спорттық жаттығудың ұжымдылығын көтерудегі психологиялық шарттардың жобасы. Спорт психологиясы спорттық шеберліктің ішкі құрылымын, дамудың механизмі мен заңдылықтарын және оның барлық компоненттерінің жүзеге асырылуын, арнайы білім, қабілет пен дағды құралу жолын, сонымен қатар спортшылардың ұжымдық әрекеттерінің сәттілігін қамтамасыз ететін шарттарды ашуға арналған.

а) спорттық жаттығу әдістері мен тәсілдерін психологиялық игеру және жаңасын іздеу.

в) жаттығудың арнайы әдістерін жасай отырып, психикалық функциялардың дамыту жолы арқылы спортшы ағзасының қабілеттерін барынша пайдалану жолдарын анықтау.

с) спорттық жеке түрлерін психологиялық сипаттау әдістерін, сондай-ақ команданың психологиялық кеңістігін, әлеуметтік жүйесін, спорттық қабілеттердің психодиагностикасын жобалау.

d) жаттығу шарттары мен жарыс шарттарын жақындататың психологиялық факторларды шығара отырып, жаттығу жағдайында жарыстық көңіл-күйді млделдеудің ғылыми негізделген, әдістерін дайындау.

14

2. Спортшыларды жарысқа дайындауға психологиялық негіздің жобасы.

Жарысқа сәтті шығу үшін физикалық, техникалық, тактикалық дайындықтың жоғары дәрежесі жеткіліксіз.

Спорт дамуының бүгінгі деңгейінде психологиялық дайындыққа көп көңіл бөлінуде. Жарыс алдыңдағы дайындықта психикалық процестер мен жағдайлар маңызды орын алып келеді, психологиялық фактордың мәні жоғарылап келеді.

Спортшының жарыс алдыңдағы дайындық әдісінің жобасы - спорт психологиясының басты функцияларының бірі. Оны игеру, демек:

а) жарыс жағдайында психиканың қызмет ету заңдылықтарын зерттеу және жарыстық қызметтің мықтылығы мен сенімділігін котеру үшін әдістер жасау.

в) жағымсыз психикалық қайталау әдістерін жасау үшін жарыс алдындағы және жарыс жағдайындағы дамитын психологиялық жағдайларды зерттеу.

с) спортшылардың психожарақатты әсерлерде мықтылығын көтеру үшін психологалық дайындақ әдістерін, қимылдарын қалыптастыра отырып психопрофилактиканы дамыту.

3. Спорттық қызметті гуманизациялаудың психологиялық жағдайының жобасы

Гуманизацияда спорттық қызметтің мазмұның кеңеюі, жарақат пен шаршау профилактикасы, кәсіби ауруларды және спортшы тұлғасының кемшілігін ескерту түсініледі.

Бұл мәселерді шешу үшін санитарлық-гигиеналық, ұжымдастырушылық және басқа шаралар ұжымдастырылуы керек. Бұл төмендегілерді талап етеді.

а) «Спорттық қызметтің субъектісі - спорттық орта» жүйесінде динамикалық бірқалыптылықты қалыптастыру мен сақтау үшін қажжетті психологиялық заңдылықтарды сипаттау.

в) спорттық хабардар болу мен іріктеудің психологиялық меселелерін дәл кезінде табу.

с) тұлғаның психологиялық жағдайын және жеке қасиетін зерттеу (Спорттық қызметтің сәттілігі мен қауіпсіздігінің шарты есебінде)

d) спорттық қызметтің әр түрлі жағдайында спортшының психикалық жағдайының динамика заңдылықтарын анықтау.

15

4. Спорттық ұжымда әлеуметтік - психологиялық құбылыстарды зерттеу

Спорт психологиясы спорттық ұжымдардың өмірін және қызметінің негізін зерттейді. Бұл мәселені шешу үшін төендегілер ұйғарылады:

а) топішілік феноминдердің қалыптасуының механизмі мен бастауын зерттеу (сезім, қалыптасулар, дәстүрлер т. б. ), спорттықкомандада жағымды психологиялық кеңістік орнату мақсатымен оларды басқару тәсілдерін жасау.

в) спорттық командада тұлғааралық қарым-қатынас заңдылықтарын бақылау және спортшылардың психологиялық сәйкестік критериін жолау.

c) жаттықтырушы тұлғаның ролін және команда мен психологиялық кеңістіктің сәттілігіне басқару стилінің әсерін аңықтау жаттықтырушы немесе команда копитанының абыройын нығайту әдістерін жасау.

5. Дене тәрбиесінде және спортта қызметтердің ерекшеліктері

Дене тәрбиесінде де, спортта да қызметтің арнайы ерекшеліктері жағдайдың, мақсаттың, себептердің, құралдар мен жетілген нәтижелердің әр түрлігіне байланысты.

Дегенмен 2 жақта да дене жаттығулармен айналысатын адам негізгі нысан болады.

Физкалық және психикалық ауыртпалықтың күшеюі мен ұзақтылығында өзгешілік - бұл тағы бір ортақ ерекшелік. Дене жаттығулармен айналыса отырып адам күнделікті қарапайым қалыпты көтеретін ауыртпалық сезінеді. Көбінесе, әсіресе, спортта бұл ауыртпалықтар шектен шығып кетеді. Мұңдай физикалық және психикалық ауыртпалықты ақылмен жүйелі түрде пайдалану спортта және дене тәрбиесінде үйреншікті болып кететінің ескеру маңызды. Бұл, күмәнсіз, жағымды әсер, бұл денсаулықтың мықты болуына, жұмысқа қабілетті болуына, физикалық және психикалық қасиеттің дамуынаол спортта спорттық нәтижелердің көтерілуіне әсер етеді.

Тек спорттың өріне тәң ерекшелік: бұл спорттық қызметтің мәні - жарыс екендігінде.

Жарыссыз спорт болмайды. Адамның жарысқа қатысуы басқа адаммен күрес жолында жоғары спорттық нәтижеге талпынуды көрсетеді.

Дене тәрбиесінде және спортта қызметтің мақсаты дене жаттығуларымен айналысуға қажеттілерді қалыптастыру, денсаулықты нығайту, жұмысқа қабілеттілікті көтеру, интеллектуалдық, адамгершілік, этика-эстетикалық дамыту болып табылады.

16

2тарау. Дене шынықтыру мұғалімінің және жаттықтырушының тұлғалық психологиясы.

1. Дене шынықтыру мұғалімінің қызметі.

Дене тәрбиесінің мақсаты: Оқушылардың дене және психикалық қасиеттерін дамытып жетілдіру. Бұл мақсат оқу үрдісінде келесі

ұғымдарды жетілдіруде ғана іске асады.

Бұлар:

• Білім беру.

• Тәрбиелеу.

• Сауықтыру.

Осы мақсаттарды шешу барысында дене тәрбиесі мұғалімінің негізгі қызметтерін анықтауға болады.

Олар:

Тәрбиелік қызметі - Оқушыларды адамгершілікке, Отан сүйгіштікке деген патриоттық рухани қасиеттерін жетілдіру.

Білім беру, ағартушылық қызметі - Оқушыларға арнайы білім беру.

Басқару, ұйымдастырушылық қабілеті - Дене шынықтыру және арнайы спорт мектептеріндегі сабақтарды ұйымдастыру және жалпы спорттық

іс - әрекеттерді басқару.

Жоспарлау қабілеті - Жылдық жоспар, тоқсандық жоспар жасау және оқушылардың жетістіктерін анықтау және қадағалау.

Жоспарлау кезінде әсіресе жылдық жоспарға сәйкес сабақ жоспарын жоспарлау өте маңызды. Өйткені мұғалім сабақ барысындағы барлық қимыл қозғалыстарды оқушылардың жынысына, дене дайындығына, жас ерекшеліктеріне сәйкес келтіруі өте абзал.

Әкімшілік, шаруашылық қабілеті - Ол құрал жабдықтармен қамтамасыз ету, мектеп жанындағы спорт алаңдарын оқу үрдісіне даярлау.

Басқа пән мұғалімдеріне қарағанда дене тәрбиесі мұғалімі арнайы спецификалық жағдайда іс - әрекет жасайды.

17

Дене тәрбиесі психологиясында оларды үш топқа бөледі:

I. Психологиялық шарт қауіптілігі.

II. Физикалық шарт ауырлығы.

III. Сыртқы қатынастармен байланысты іс - әрекет жасауы.

• Психологиялық шарт қауіптілігі.

1. Оқушылардың өте қатты шулауы. (Әсіресе бастауыш сыныптарда) . Мұғалімнің дауысын қатты көтеріп сөйлеуге мәжбүрлейді. Сол себепті мұғалім психикалық шаршайды.

2. Бір жас ерекшеліктерден басқа жас ерекшеліктерге ауысуы.

3. Сөз және дауысы анық, нақты болуды талап етеді. Сол себепті көптеген ауыртпалық сөйлеу жүйелеріне түседі.

4. Баланың өміріне жауаптылығы.

• Физикалық жағдайдағы ауырлығы.

1. Дене жаттығуларын мұғалімнің өзі орындап көрсетуі.

2. Әсіресе гимнастикалық жаттығуларды орындау кездерінде қауіп - қатерден сақтандыру. Сол себепті мұғалім сақтандыру әдістерін толық меңгеріп, сабақ кезінде дұрыс пайдалануы қажет.

• Сыртқы қатынастармен байланысты іс - әрекет жасауы.

1. Таза ауада сабақ өткізу, ауа - райының қолайсыздығы.

2. Залдардың тазалық - гигиеналық жағдайы.

18

2. Ерікті тәрбилеудің ерекшелігі

Ерік - жігердің байқалуының оқушы жасына байланысты өз ерекшеліктері бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы психологиялық дайындық
Спортшылардың психологиялық дайындығы
Дене тәрбиесі мен спорт психологиясының қазіргі жай күйі
ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ САЛАЛАРЫ МЕН ТАРМАҚТАРЫ
Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны
Психологиялық дайындық сипаттамасы
Психология ғылымының салалары
Психология ғылымының салалары туралы
Жалпы психологияның дамуы
Әлеуметтік психологияның зерттеу объектісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz