Топырақ түзілудің экологиялық факторлары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
СУ,ЖЕР ЖӘНЕ ОРМАН РЕСУРСТАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ
ОРМАН РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ АҢШЫЛЫҚТАНУ КАФЕДРАСЫ

Р Е Ф Е Р А Т
Тақрыбы: Топырақ түзуші факторлар

Орындаған: Бекбергенова А
Оқу-тобы: ЛР-20-02 K
Қабылдаған: аға-оытушы Сейтқали Н

Алматы 2022

МазмұныКІРІСПЕ ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
НЕГІЗГІБӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41. Топырақ түзуші факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.Тірі организмдер мен олардың топырақ түзілуіне әсері ... ... ... ... ... ... ... .. 53. Ауа райының топырақ түзудегі рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
Биологиялық маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

Кіріспе
Жалпы, бүгінгі тақырыбымызды бастамас бұрын топырақтану дегеніміз не екеніне тоқталып өтейік .
Топырақтану (Почвоведение) -- топырақтарды: олардың генезисін, даму тарихын, құрамы мен қасиеттерін, географиялық таралуын, сондай-ақ топырақты оңтайлы пайдалану мен оның құнарлылығын арттырудың жолдарын зерттейтін ғылым. Топырақтану ғылымының негізін орыс ғалымы В.В.Докучаев қалады. Оның Петербургте басылып шыққаң Орыстың қара топырағы (1883 ж.) атты еңбегінде топырақтың дүрыс анықтамасы, оның қасиеттері туралы ғылыми негізделген түсініктер берілген. В.В.Докучаев топырақ түзілу процесінің бес факторға байланысты екенін анықтады. Оларға: бастапқы аналық жыныстар,ауа райы, жер бедері, уақыт және өсімдіктер мен жануарлар жатады.Кейін ғылыми зерттеулердің нәтижесіне байланысты бұларға су (топырақ суы, жерасты суы) және адамның шаруашылық әрекеті қосылды. Топырақ жеке әртүрлі өлшемдегі қатты бөлшектерден тұрады. Қатты бөлшектер сумен және ауамен қоршалған. Сондықтан топырақты үш фазалы жүйе ретінде қарастырады. Топырақтың жоғарғы беті борпылдақ. Мүның қүрамында көптеген өлі органикалық заттар бар (өсімдіктер қалдығы,қарашірік). ү Бүл қарашірікті аккумулятивті А қабаты. ү Тереңірек, өте тығыз иллювиалды өтпелі В қабаты жатыр. ү Оның астында топырақ түзуші - С қабаты орналасқан.Барлық топырақтар бір-бірінен осы генетикалық қабаттарымен ажыратылады. Әр түрлі топырақтың генетикалық қабаттары қалыңдығымен,түстерімен, қүрылымымен, морфологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді.Топырақтың қалыңдығы санмен көрсетіледі. Мысалы, кейбір топырақтарда А қабаты небары 0-5 см, ал кейбіреулерінде 0-50 см болады. Топырақтың типтеріне байланысты А, В, С қабаттары бірнешеге бөлінуі мүмкін. Топырақ қабаты тереңдеген сайын аэрация нашарлайды. Оттегінің мөлшері азайып, көмір қышқыл газы мен органикалық заттардын ыдырауы кезінде бөлінетін басқа да газдардың мөлшері артады.
Негізгі бөлім
Топырақ түзуші факторлар
Топырақ түзуге негізгі алты фактор қажет:
ауа райы;
тау жынысы;
жоғарғы және төменгі сатыдағы өсімдік пен жануарлар дүниесі;
жер бедері;
аймақтық геологиялық жасы;
қоғамының өндіргіш күші.

СУРЕТ-1
Топырақ түзілудің экологиялық факторлары.
Топырақ түзілудің экологиялық факторлары: климат, тірі ағзалар, топырақ түзуші жыңыстар, жергілікті жер бедері, мемлекеттің жасы (уақыты).
7.1 Атмосфералық климат - метеорологиялық элементтердің орташа немесе шеткі көрсеткіштерімен (температура, шашыңдар, ауа ылғалдылығы және т.б.) сипатталатын және тәуліктік, мерзімдік, жылдық өзгерістердің ауытқұлары туралы мәлімет беретін жергілікті (жер шары, құрлық, мемлекет, облыс, аудан және б.) атмосфераның орташа жағдайы.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тірі организмдер мен олардың топырақ түзілуіне әсері
Жер бетінде алғашқы пайда болған тірі организмдер өсімдікте жәндікте емес - ультрабактериялар, олар өздері өмір сүретін ортаға өте бейім келеді. Олардың кейбірулері тіпті тастарда да өсе бастаған. Олар өздеріне керекті көмірқышқылы газы мен азотты ауадан ғана емес тастан да алды. Сөйтіп олар тіпті тасты бірті-бірте бұзып , бүлдіре бастады. Ал үгілген ұнтақталған тау жыныстары оларға таптырмас мекен болды.
Бұл микрооргаизмдер табиғаттың ыстық - суығын, оттегінің барын я жоғын, ортаның қышқылдығын, я сілітілгін таңдамады. Сондықтанда олар табиғатта кез-келген жерде кездеседі. Олаға сумен қорек болса, жеткілікті. Бактериялардан басқа, алғашқы тау жыныстарында балдырлар, саңырауқұлақтар да өсіп-өнді.
Сонымен алғашқы тірі организмдер су, жел және мұздар мен бірге Жердің тасты қыртысын бұзып, өздері өлгеннен кейін шіріп қарашірінді құрады. Шырын желім тәрізді болғандықтан қопсыған үгітілген жыныстарды бір-бірімен жымдастырып, біріктірді, сөйтіп алғашы құналы аздау топырақтар пайда бола бастады. Бұл құбылыстар ғасырлар бойы созылып алғашқы микроорганизмдермен төменгі сатылы өсімдіктер өздерінен кейінгі дамып өсетіндерге жағдай жасады. Тау жынысының үгілуінен бөлінетін қоректік заттардың бір бөлігі енді топырақтың тіршілік көзі болып саналатын организмдер бойына ауыса бастады. Ал олар өліп, ыдыраған кезде, топырақтың жоғарғы қабаттарында және оның белгілі бір тереңдіктерінде қоректік заттарға айналып, топырақ құнарлығын арттырады. Бұл келесі өсетін өсімдіктерге қолайлы жағдай жасайды.
Сонымен араға ғасырлар салған уақыт өте келе алғашқы пайда болған топыраққа айналды, оларда өсетін өсімдіктер, мекендейтін жәндіктер көбейді, төменгі сатыдағы өсімдіктермен қатар, жоғарғы сатыдағы өсімдіктер өсіп, тірі жәндіктер мен жануарлар пайда болды. Топырақты мекендейтін, онда өсіп-өнетін организмдердің молдығы топыраққа жай ғана әсер етіп қоймай, топырақтағы көптеген қосылысардың бағытына, олардың қасиеттеріне зор ықпал етті. Мәселен, жауын құрты әртүрлі өсімдіктер қалдығымен қоректеніп, денесі арқылы органикалық заттарға бай, суға шыдамды топырақ түйінділерін шығарып топырақ қабаттарын әрі бері тесіп өтіп, ондағы су - ауа режимін жақсартады. Осыған байланысты Ч. Дарвиннің Топырақты адам қоғамы соңғы мыңдаған жылдар бойы жыртып келеді. Ал оған дейін топырақты бірнеші жылдар бойы жауын құрты жыртып келген деген тамаша айтылған тамаша сөзі бар. Қазіргі кезде топырақта өмір сүретін организмдерді тек оны мекендейтін тіршілік иесі ретінде емес, оның белгілі бір бөлігі деп қарайды, яғни бұларда топырақ құрамына кіреді деген сөз Сондықтан да топырақты тірі дене деп есептейді.
Климаттың топырақ түзуші фактор ретінде рөлі.
Биологиялық және биохимиялық процесстерді дамыту факторы. Температура мен ылғалдылықтың анықталған жағдайында өсімдік типі, органикалық заттың пайда болуы мен бұзылу жылдамдығы, топырақ микрофлорасы мен фаунасының құрамы және әрекетінің қарқындылығы қамтамасыз етіледі.
Атмосфералық климат, топырақтың қасиеттері мен құрамы арқылы шағылып, топырақтың су-ауа, температуралық және тотығу-тотықсыздану режиміне көп әсер етеді.
Топырақта минералдық қосылыстардың айналуы (үгілудің бағыты мен жылдамдығы, топырақ түзуші өнімдерінің жинақталуы және т.б.) климатпен тығыз байланысты.
Топырақтардың су және жел эрозиясына әсер етеді.
Топырақ түзілу құбылысының жылдамдығы ғарыштан келетін күн сәулесінің қуатына тікелей байланысты. Күн сәулесімен қатар тірі организмдерге ылғал қажет, осыған байланысты топырақ түзілу жылдамдығы, күні жылы, әрі ылғалы мол аймақтарда өте жоғары, ал керсінше, ылғалы аз күі суық нмнсн ыстық аймақтарды бұл құбылыстардың белсенділі төмен. Осы себептен де климат жағдайларына топырақтың химиялық және минералдық құрамдары тікелей байланысты.
Күні жылы, ылғалы мол аймақтарда топырақ минералы негізінен қатты үгілген, балшықты екінші минералдан, ал кұн райы ыстық, немесе суық, ылғалы өте аз аймақтар топырақ құрамындағы минералдардың басым бөлігі жөнді үгілмеген алғашқы минералдардан тұрады.
Ылғалы мол аймақтың топырағында суға ерігіш тұздар аз кездессе, керсінше құрғақ шөл аймақтар топырақ құрамы суға ерігіш тұздарға бай келеді. Ауа райының жиі желді болып келуі де топырақтағы құбылыстарға, оның құнарына көп әсер етеді
Биологиялық маңызы
Топырақтүзуші жыныстардың маңызының үлкендігіне қарамастан топырақтүзілуде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ түзілу факторлары және жағдайлары
Жамбыл ауданының аймақтық экологиялық жағдайы
Топырақтардың химиялық құрамы
Эволюциялық ілімнің негізгі міндеттері
Эволюциялық ілім пәні бойынша дәріс
Эволюциялык идеялар
Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігі
Топырақ ылғалы
Қала топырағы
Топырақ диагностикасы
Пәндер