Елбасы айтқандай Дәстүр мен мәдениет ұлттың генетикалық коды


ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1. БАҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ
1. 1 Жаһандану дәуреніндегі ұлттық мемлекет пен ұлттық мәдениет
1. 2 Мәдениет - БАҚ-да 24 сағат ұлттық тәрбие көзінің бірі
2. МӘДЕНИЕТ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕЛЕВИЗИЯДА НАСИХАТТАЛУ ЖӘНЕ КӨТЕРУ ДЕҢГЕЙІ
2. 1 Телевизия тіл, діл, өнер құралы ретінде
2. 2 Ұлттық арналардағы бүгінгі тележобалардың деңгейі
3. ТЕЛЕБАҒДАРЛАМАЛАРДА ЕЛ МӘДЕНИЕТІН ТАНЫСТЫРУ
3. 1 Рейтинг қуалаған отандық жобалар
3. 2 Музыкалық арналардағы ел мәдениеті
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазіргі журналистика - саналы жанның әлеуетін ашуға, қоғамдық қатынастарды жетілдіруге, қоршаған ортаны философиялық тұрғыдан тануға болысатын, шығармашылық әдіс-амалды дамытуға көмек қолын созатын жанашырлық сипаты басым бірден-бір пән. Сол себептен салыстырымдылық қағидаты, генетика заңдары, табиғи сұрыптау әдісі, гравитация райлары, болжамдық математика амалдары, түрлі-түрлі алгоритмдер қисындық һәм қолданбалы масс-медиаға да жат емес. Бұны біз көбінесе талдамалы жанрлар блогы, журналистика социологиясы, тарихи дәстүр жалғастығы деп, ақпарат саласы мамандары мен жалпы пейілдес көпшілікке ұғымды тілмен әліптеп жүрміз. Қазіргіше айтсақ, ғылыми қызмет пен білім беру үдерісін қатар ұстап отырмыз. Оның бер жағында журналистиканың қалыптасқан классикалық білім беру жүйесі еліміздегі ақпарат құралдарының кадрлық қажетін өтеуге, орын басу принципін ұстануға әзірше бірсыдырғы жарап келеді. Халық алдында үлкен беделге ие бола отырып, бұқаралық ақпарат құралдары шынымен де белсенділік деңгейіне көтерілді. Қазақ журналистикасы халықпен бірге зардап шекті, елмен бірге ұлы мұраттарға ұмтылды, жаза бастады, жаңылды, түзелді, қайта жанданды. Қиын кездерде де ол ешқашан ұлт, тіл және менталитет сияқты қасиетті ұғымдарды өзгермелі науқандарға айналдырған емес.
Әр кезеңнің айтар өз сөзі, өз мақсаты, тіпті өз сән-салтанаты бар. Әрине, кешегі моноидеология заманында қазақ журналистикасы да дүрмекке ілесе шауып, билеуші режимнің қызметшісі күнін кешті. Бірақ қызмет ету құлшылық ету, бұдырсыз бас ұру, табансыз табыну дегенді білдірмейді. Ол белгілі бір дәрежеде зиялы қауым мен саяси топ-менеджерлер арасындағы «қоғамдық келісім» болатын. Кеңестік кезеңнің өзінде күн тәртібіне өткір мәдени, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық проблемалар қоя білетін озық үлгідегі журналистика мен өжет қаламгерлер күн кешкені әмбеге аян. Ал қазіргі демократиялық сипаттағы қоғам орнату дәуірінде баламалы журналистиканың, жарыспалы пікірдің ақпараттық кеңістікте өмір сүруі сол дәстүрдің жалғасы іспеттес және әбден заңды үдерістік құбылыс.
Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек. Ал еліміздің мәдениетін және оның жетістіктерін таныстыруда БАҚ-ның, әсіресе қазақ телевиясының маңызы зор.
Тақырыптың өзектілігі. Журналистиканың барлық қызметі демократиялық қоғам санасына, сөз бостандығы, пікір еркіндігіне негізделген. Сол фундаменталды базаларға сүйене отырып, ол кез келген фактіні, оқиғаны жан-жақты қарастырады. Бір жақты баға беруден бойын аулақ салады, тәрбиелі, жоғары мәдениетті журналистиканың жағымсыз эпитетті ұнатпайтыны да сондықтан. Бүгінгі қазақ телевиясындағы ел мәдениеті қаншалықты деңгейде таныстырылады, әсіресе тележобаларда ұлт мәдениеті қанша пайыз қарастырылады? Осы сұрақтарға жауап тақырыптың өзектілігін толықтай ашатындай. Тіл, өнер, білім, салт-дәстүр, дін-діл бәрі де қатар келе жатқан қазақ телевидениесі жыл санап дамып келетіні баршамызға мәлім. Сондықтан ондағы жобалар да уақыт легіне сай өзгеріп саны көбейіп келеді. Десе де ішінара жоба деп айтуға да тұрмайтындары да бар-ды. Ұлттық құндылықтарымызды сақтамаған кейбір жобалардың жайы тақырыбымыздың өзектілігін айқындамақшы.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бұл зерттеу жұмысына дейін телевиязиялық жобаларда ел мәдениетін таныстырылу деңгейі ғалымдар зерттеулерінде, публицистикалық не ғылыми мақалаларда сөз болмаған. Айтар ойы мен арнасы кең - телевизиядағы ұлт мәдениетін бір жақты зерттеу жеткіліксіз. Журналистика саласында арнайы зерттеудің нысанасына айналдыру міндеті осыдан туындайды. Зерттеу жұмысында негізгі бағыттарды ізденіс жасауға, зерттеу жүргізуге тырыстым. Болашақта да бұл тақырып тағы да қаралып, кеңінен зерттелсе деймін.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Дипломдық жұмыста уақыт талабына сай еліміздің медиакеңістігінде болған жаңа бағыттар мен өзгерістер, отандық телевизияның даму және ілгерлеу бағытындағы ізденістері мен кәсіби деңгейлері талданады. Қазақ телевизиясындағы жобаларда ел мәдениетін жан-жақты кеңінен ашып көрсету.
Зерттеу жұмысының міндеттері.
- Қазіргі тележобалардағы ұлттық мәдениет сипаты жайлы көрермендік сын-пікір, тұжырымдарды басшылыққа алу;
- Ұлттық мәдениетті зерттей отырып, оның отандық және әлемдік деңгейде дамуындағы орнын, сондай-ақ тележобалардағы орнын, өзіндік ерекшелігін айқындау;
- Жаңа кезеңдегі ұлттық мәдениет сипаты жайлы телевидениеде жарық көрген жобалардың идеялық-тақырыптық өзгешелігіне, ондағы адамгершілік мәселесінің қойылуы мен шешіміне көңіл бөле отырып, тәрбиелік-өнегелік мәнін ашу;
- Ұлттық мемлекет келешегін Елбасы жолдауы негізінде тележобалардағы көрінісін талдау үстінде оның аудиториямен кері байланыс процесіндегі маңызын көрсету, қазақ телевиясының тарихындағы алар орнын пайымдау.
Зерттеу жұмысының нысаны. Жұмыстың басты нысаны - қазіргі қазақ журналистикасында, оның ішінде тележобалардағы ұлттық мәдениет мәселелері негізінде ғылыми-әлеуметтік сұрақтарды қарастыруға баса назар аударылды. Сонымен қатар, тақырыпқа қатысты әр жылдары жарық көрген тележобалар мысалға алынды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысында ұлттық мәдениет пен ғаламдық өркениет мәселесі әлеуметтік негізде жүйелі түрде зерделенді. Ел келешегін жастар арқылы болжау принципі, ерекшелігі талданды. Жаһандану дәуіріндегі ұлттық мемлекет пен ұлттық мәдениет мәселесінің тележобаларда таныстырылуы толыққанды жұмыстың басты ғылыми жаңалығы болып табылады. Әрі жұмыстың ғылыми жаңалығы көтерілген мәселелердің өзектілігімен айқындалады. Мысалы:
- Қазіргі қазақ тележобаларындағы ұлттық мәдениет сипатын ашудағы бағыттар басшылыққа алынды;
- Ұлттық мәдениетті зерттей отырып, оның отандық және әлемдік деңгейде дамуындағы орнын, сондай-ақ тележобалардағы орнын, өзіндік ерекшелігін айқындалды;
- Журналистикадағы ұлттық мәдениет жайлы телеэкранда жарық көрген бағдарламалар идеялық-тақырыптық өзгешелігіне, ондағы адамгершілік мәселесінің қойылуы мен шешіміне көңіл бөле отырып, тәрбиелік-өнегелік мәнін ашылды;
- Ұлттық мәдениеттің телевизиядағы көрінісін талдау үстінде оның әдеби процестегі маңызын көрсету, ел тарихындағы алар орнын пайымдау;
- Ұлттық сана, ұлттық дәстүрдің қоғамдық көкейтесті мәселелердің көркемдік шешіміне назар аударылды;
- Мәселені салыстыра-салғастыра зерттеп, толық табиғатын танылды.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері. Біздің зерттеу жұмысымызға дейін ХІХ В. Гумбольдт еңбектері, бұл мәселеге Н. Я. Марр да ерекше мән берді. Жалпы халықтың жан дүниесімен, ой-санасымен, тарихы мен мәдениетімен тығыз байланыста қарау В. Фон Гумбольдт, И. Гердер, Г. Пауль, В. Вундт, Г. Штейнталь, Э. Сепир, Б. Уорф, А. Потебня т. б. ғалымдардың есімдерімен байланыстырылады.
Қазақ зиялылары: А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Балақаев, К. Аханов, Т. Қордабаев, Ы. Маманов, Н. Уәлиев, Р. Сыздықова, А. Жапбаров, Ә. Болғанбаев, С. Исаев, А. Ысқақов, Р. Әміров, Қ. Жұбанов т. б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан (6 бөлімшеден), қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. БАҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ
1. 1 Жаһандану дәуреніндегі ұлттық мемлекет пен ұлттық мәдениет
Жаһандық өркениет аясында ұлттық бірегейлікті сақтаудың жолдары ретінде ұлттық мәдениет, ұлттық дәстүр, атадан балаға табысталатын асыл мұралар бар қазақтың бір қазақ ретінде ұйысуына негіз болатыны анық. Ұлттық мәдениет және дәстүр тек алдыңғы буын ұрпақтардың рухани тәжірибесін ғана сақтап қоймай, мәдени мұрадағы құндылықтарды жаңғыртады. Елдің мәңгілік болуы рухани құндылықтардың ұрпақтан ұрпаққа ұласып, буындар бірлігін сақтаушы болатын сабақтастықта жатыр. Сондықтан ұлттық бірегейлікті сақтау мақсатында ұлттық дәстүр мен мәдениетті қайта жүйелі жаңғырту жүзеге асырылуда. Ең алдымен ұлттық мәдениеттің негізін құрайтын түбегейлі құндылықтарды қайтару, яғни адамдарды рухани тұрғыда оятатын ұлттық тіл мен дәстүрді қайта жаңғырту; ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының асыл қазынасы - мәдени-рухани мол мұрасын белсенді түрде меңгеру, ұлттық намыс пен жігерді, ұлттық рухты асқақтата түсу ұлттық генетикалық код негізін құрайтын мәдени құндылықтар мен ұлттық дәстүрдің, ұрпақаралық сабақтастықтың сақталу жолдарын негіздейді.
Елбасы айтқандай «Дәстүр мен мәдениет ұлттың генетикалық коды. Қазақстандық мәдениет еліміздің барлық азаматтары үшін патриоттықтың өзегі болуы қажет» [1] . Мәдени мұра бағдарламасы аясында елiмiздiң тарихи-мәдени мұрасын зерделеу, айрықша маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қайта қалпына келтiру жөнiнде ауқымды жұмыс атқарылды. Бүгiнгi күнi мемлекеттiк мұражайларда екi миллионнан астам мәдени құндылықтар сақталуда. Ұлттық мәдениет пен жазудың сан ғасырлық тәжiрибесiн қорыту, әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттiң үздiк жетiстiктерi негiзiнде гуманитарлық бiлiмнiң мемлекеттiк тiлдегi толыққанды қорын құру жөнiнде жұмыс жүргiзiлдi.
Мәдени мұра бағдарламасы халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құрды. Қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрі дүние жүзі халықтарының мәдениеті мен салт-дәстүрінен көп ілгері болып келді, оның тұнып жатқан асыл маржандарын толықтай жинақтап қазіргі жастарға жеткізу жаһандық өркениет аясында ұлттық бірегейлікті сақтайды.
Әрбір ұлттық мәдениет өзінің дамуында руханият дүниесіне сүйенеді. Сол рухани інжу-маржандардың қадірін біліп, қаймағын бұзбай қазіргі күрделі жаһандану заманында жүйелі түрде жинақтап алуда және оны әрбір жаңадан келетін жас ұрпаққа рухани сабақтастықпен жүйелі түрде бере білу өзекті сипатқа ие. Аталған істер жүзеге асырылған жағдайда ғана еліміздің Еуразия кеңістігіндегі өзіндік ерекшелігі бар халық ретіндегі мәртебесі өседі, басқа халықтар алдындағы құрметімізді асқақтата түседі. Мәдени құндылықтар - барлық адамзат тарихының шығармашылық әрекетінің нәтижесі. Қазіргі адамзат мәдени құндылықтарды сақтау қажеттілігін мойындап отыр. Кез келген мемлекеттің мәдени мұрасын сақтау ЮНЕСКО конвенцияларымен, халықаралық құқық нормаларымен реттеледі, өйткені әр елдің ұлттық игілігі әлемдік мұраның құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Біздің еліміздің мәдени мұрасы өте бай.
Мәдениет тарихы - тек өзгеру үрдісі ғана емес, өткенді сақтап, мәдени құндылықтарды мұра ету үрдісі. Мәдени мұра - ұлттың рухани, мәдени, экономикалық және әлеуметтік капиталы. Табиғи байлықтармен қатар бұл әлемдік қауымдастық мойындайтын ұлт қадірінің негізі болып табылады. Мәдени құндылықтардың жоғалуы қазіргі және болашақ ұрпақ өмірлерінің барлық салаларында әсері байқалады, рухани азғырып, тарихи жадының үзіліп, қоғамның кедейленуіне әкеледі. Бұл зардаптар қазіргі заманғы мәдениеттің дамуымен де, жаңа маңызды туындылармен де қалпына келмейді. Мәдени құндылықтарды жинау және сақтау - өркениет дамуының негізі. Ұлттық рухын, ар-намысын асқақ та бекем ұстайтын халық қана біртұтас ұлт болып ұйысып, баянды болашаққа жол алмақ. Үш ғасырлық бодандық пен жетпіс жылдан астам уақыт кеңестік саясат кезінде жоғалтқан есеміздің орнын толтырып, рухани мерейімізді қандырып, қазақы салтдәстүр, әдет-ғұрып, әдеп пен иман секілді тектілік қасиеттерімізді жаңғырта дамыту - бүгінгі күннің басты талабы, Мәңгілік Қазақ елі болуының алғышарты. Қазақтың ұлттық идеяға негізделген төлтума мәдениетін қалпына келтіру үшін, ең алдымен оның дүниетанымдық негізін қалап алу керек. Бұл туралы белгілі философ М. С. Орынбеков былайша ой түйіндейді: «Бүгінгі күні қазақтың өзіндік санасының ішкі логикасын табу өзекті мәселеге айналды.
Ал, негізгі мәселелердің қойылуы мен оған деген танымдық жолдарды іздестірудің және сана мәселелерін шешудің алдын алар еді. Бұл ізденіс нақты өмірде Батыс пен Шығыстың, дәстүршілдік пен қазіргі заман ағымының, мұра мен жаңашылдықтардың, жан дүние мен ақылдың, дін мен өмірдің, сенім мен атеизмнің арасындағы қайшылықтардың аясында өтіп жатыр. Ал, таным саласында бұл мәселе сенім мен білімнің, ой мен қимылдың, руханилық пен ақыл-парасаттылықтың, даналық пен құдіреттіліктің, адамның діни еркімен өзіндік еркі арасындағы қайшылықтардан көрінеді» [2] . 2004 жылдың тамыз айында «Казахстанская правда» газетінде Мұхтар Құл-Мұхаммедтің «Ұлттық болмыстың негізі» деп аталатын көлемді ғылыми-көпшілік мақаласы жарияланды және бұл еңбекте ұлттық идея тілмен байланыстырылды. Автор бұл мақаласында мынандай ойлар түйіндеді: «Тіл қашанда ұлттық идеяның басты құрамдасы және мемлекеттік идеологияның негізі болды. Оның үлгілерін қазіргі заманғы тарихтан көптеп келтіруге болады. Адамзат тарихы әуел бастан және көптеген мысалдар барысында тілдің тек коммуникацияның жай негізгі құралы ғана емес, сонымен қатар саяси, экономикалық, әлеуметтік мәжбүрлеу мен бағындырудың қуатты құралы екендігін де дәлелдеп келеді.
Тіл, ең алдымен, нақты бір ұлттың мәдени-тарихи тәжірибесінің жиынтығы, ерекшелік белгісі және атрибуты, күрделі бірегейлік рәміз және оның өзін-өзі өркениеттік анықтауының бастауы». Сонымен қатар автор еліміздегі мемлекеттік тілдің жағдайын талқылай отыра, тілді жаңғырту дегеніміз ұлтты жаңғырту екендігін, қазақ тілінің аясының кеңеюіне орай мемлекеттік тіл саясатын жүргізу қажеттігін айтты [3] . Мемлекет құруда тіл мен рухани тәрбие мәселесінің маңызы адамзаттың даму үрдісінде алатын орны ерекше екенін осыдан екі мың бес жүз жылдай бұрын өмір сүрген, әйгілі Дарий патша былай деп айтып кеткен: «Баянды мемлекет болу үшін халықтың бір тілде, бір дінде болуын қамтамасыз ету керек». Осы қағида тарихтағы және қазіргі кездегі мықты мемлекеттердің тәжірибесімен өзінің өміршең заңдылық екенін көрсетіп отырғанына ешкім күмән келтіре алмайды. Ол үшін экономиканың, саясаттың, ғылымның, технологияның, білім беру мен рухани тәрбие жүйесінің, ақпарат кеңістігінің қазақ тілінде сөйлеуін бірінші кезекте іске асыру қажет.
«Түркілер ұғымында Мәңгілік мақсатты көздемеген іс оңбайды, оны Тәңірі жарылқамайды» [4, 382-б] . Сондықтан да, елдік пен бірлік жолында ерік-жігерімізді аямауымыз, мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды ету үшін барлық қажыр-қайратымызды салуымыз «Мәңгілік ел» жолындағы мақсатмұрат, парызға деген адалдығымыз болмақ. Ата-бабаларымыздың тасқа таңбалап, мәңгіге жазып қалдырған кемеңгерлеріміз жалғастырып, дамытқан сан елдің өзара береке бірлігі мен татулығын, бейбітшілігін тілейтін іргетасы өзара түсіністікке негізделген «Мәңгілік ел» нысанасы, «кемел қоғам» ілімінің иісі түркі жұрты ғана емес, адамзат қоғамына берер тәсілі, тағылымы мол. Ұлттық дәстүрді тарихи қалыптасқан берік дәстүр ретінде қарау, ол: біріншіден, адамдардың, халықтың материалдық және рухани мәдениетіне тартылуына әсер етеді; екіншіден, халықтың тарихи танымын қалпына келтіреді, ұлттық психологияны дамытады, ұлттық дәстүр, өз Отаны мен халқына деген сүйіспеншілік пен құрметті күшейтеді. Ұлттың өзін-өзі тануына, жеке адамда өз халқының ерліктері арқылы ұлттық мақтаныш пайда болады [5, 17-б] . Дегенмен, тарихи үрдістер барысында, әсіресе қазіргідей ғаламдану үрдісінің жедел қарқынмен дамып келе жатқан кезінде ұлттық дәстүрдің, тіпті ұлттық дәстүрге деген көзқарастың өзінің айтарлықтай трансформацияға ұшырауы мақсатымызға күмәнмен қарауға итермелейді.
Қазақ елінің әлемдік кеңістікте өз жолын таңдауы әрбір қазақтың емін-еркін өмір сүруінің кепілі. Ол сөзсіз ұрпақтар қамы деген ұғыммен үндеседі. Ел болу, мемлекет құру сонау түркі заманынан желісі үзілмей келе жатқан ұлттық арман-аңсар. Ел болу - болашаққа ашылған даңғыл жол. Ұлттық идея - талай ұрпақтың еңбегімен, қуаныш-қайғысымен сараланған рухани дүние. Бұл қайталанбас байлық өмірге ұлттық өзіндік тарихи болмысымен келген, сол себептен де ол ұлттық дүниетанымның айнасы. Көп этносты, көп конфессиялы Қазақстан қоғамы сияқты күрделі қоғамда идеяларға қойылатын басты талап, ол ел тұтастығын қамтамасыз ете алатын күшке ие болу кажеттілігі. Қоғамның барлық мүшелерінің жоғын жоқтап, бәрінің мүддесін бірдей қорғайтын идеялар мен көзқарастар ғана тұтастықты сақтауға көмектеседі. Көпэтносты Қазақстан жағдайында халықтың бірлігін сақтайтын, тәуелсіз мемлекет құру жолындағы олардың ерен еңбегін, қажымас жігерін тасытатын идеялардың бірі ретінде қазақ халқының рухани түлеу идеясының потенциалын пайдалануды ұсыну да осы талап-тілектен туған шаралар [6, 3/8-б] .
Ұлттық мәдениет - бұл адамзаттың біркелкі дамуындағы заңдылықты деңгейі. Әлемдік мәдениет - бұл, алдымен, ұлттық мәдениеттер жиынтығы. Ұлттық мәдениеттердің жалпы адамзаттық идеалдарға ие ең жоғарғы жетістіктері және оларды бүкіл әлем мойындаған соң, ұлтаралық мәдениет құрамына енеді. Ұлттық мәдениеттер мәселелері, мәнмағыналары және құндылықтары, олардың өзара байланыстары қазіргі уақытта жаһандану кеңістігінде болып жатқан процестермен тығыз байланысты. Яғни, қазіргі кездегі өркениетті, ақпаратты, постиндустриалды деген қоғам осы кеңістік ықпалында өзгеріп отырады.
Ежелден келе жатқан және жаңадан қалыптастасқан құндылықтарды қалыптастырудың өзі қазіргі кезде жаһандану илегінен өткізіп, қарастырмау сол құндылықтардың шынайы бағасын анықтауға талпынбаумен теңбе-тең. Қазақ халқы рухани мәдениетінің даму динамикасы, қалыптасқан әлеуметтік-мәдени жағдайларға байланысты, қайшылықты және күрделі процесс болып көрініс табады. Қазақстан тұрғындарының көп этникалық табиғаты, оның дамуының анық суреттемесін айқындауға мүмкіндік беретін, шектер мен өлшемдерді белгілеуде жүзеге асады. Қазақтардың рухани өмірі, қаншама ұлттық құндылықтар бүкіләлемдік, жалпыөркениеттік дерек, құбылыс маңыздылығына ие болғанда немесе бола алатындығында, соншама оқиғалығында және қоғамдық көркейтілуінде өзін көрсетеді. Оларды қайтадан жаңғырту тек қазақтар үшін ғана өзіндік құндылық емес, ол Қазақстанда өмір сүретін барлық ұлттар мен этникалық топтардың рухани өзін білдіруінің алғышарты мен жағдайы, қазақстандық ұлт жүйе құрастырушы факторы болып табылады.
Біздің өмір сүріп отырған кезеңіміз жалпы мәдениетке қауіп-қатер төндіріп отыр, соның ішінде, біздің ата-бабамыздың дәстүрлі көшпелі мәдениетіне қауіп-қатер төндіріп отыр. Шындығына келгенде, қазіргі уақытта ұлттың көп бөлігі дәстүрлі мәдениеттен тыс тіршілік етіп отыр. Егер біз дамыған әлемнің қалған құтқан және қоқыстары жиналған орынға-ұлтқа айналғымыз келмесе, онда біз өзіміздің еркіндігімізді және рух еркіндігін сақтап, әлпештеп қана қоймай, дамытуымыз қажет. Ата-баба мұрасы - шаң басқан мұражай экспонаты емес. Бірақ, өмірден өткен, мән-мазмұны және тірі рухы жоқ дәстүрлі мәдениеттің формасын дәл сол күйде қайта жаңғыртуға тырыспау қажет. Дәстүрлі өркениеттің әлемінде абыройлы орынға ие болған дүниелер қарама-қайшылыққа толы қазіргі уақыт әлемінде өзінің байырғы абыройлы орнына ие болып, өмір сүруге қабілетті болуы мүмкін бе екен?! Кезінде біздің ата-бабамыздың соғыстағы ұраны мынадай болған еді: «Өлім жоқ, өмір әр уақытта бар!» Яғни, олар адам баласының денесі өлгенімен, оның жаны еш уақытта өлмейді деп сенген болатын. ХХ ғасырда қазақ мәдениеті ажал құрсауында бірнеше рет болған болатын, бірақ оның рухы өлген жоқ. Біздің борышымыз - оның қайта-қайта жаңғыруына мүмкіндік жасап отыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz