Күйлердің шығу тарихы туралы аңыз - әңгімелер



Қорқыт “Башпай”
Аңыз бойынша, “Башпай” Қорқыттың өмірінің соңында шығарған ақырғы күйі екен. Қорқыт кілемін төсеп дарияның бетінде отырғанда қарындасы Ақтамақ ағасына тамақ әкеліп беріп тұрған екен. Күндіз – түні күй тартып, өліммен алысып әбден шаршаған күйші бірде қарындасының әкелген тамағын ішкеннен кейін бойы маужырап, көзі ілініп кетеді. Тамақ салынған дорбамен қайрақ жылан болып ілесіп келген ажал қобыздың үні шықпай тұрған кезде күйшіні шағып алады. Жыланның уы бойына жайылып, әлсіреп бара жатқан Қорқыттан Әзірейіл: “Қандай тілегің бар?” – деп сұрайды. Сонда Қорқыт: “Менің өмірде екі күнәм бар. Біріншісі - өлімнен қырық бір жыл бойы қашқаным. Кілем жайып Сырдың бетінде отырғанда бірде алай – түлей дауыл тұрған еді. Сол кезде қарындасыма башпайым тиіп кеткен болатын, екінші күнәм – сол. Сол себепті мені көмгенде осы екі башпайымды ашық қалдырыңдар”, деп қобызын қолына алып, ең соңғы Башпай күйін тартқан екен.

Қорқыт “Ұшардың ұлуы”
Бір жесір кемпірдің жалғыз баласы болады. Ол құс салып, ит жүгірткен саятшы екен. Қашқан аңды құтқармайтын “Ұшар” деген тазысы, желмен жарысқан жүйрік аты бар екен. Күндердің күнінде жігіт кенеттен қайтыс болады. Сол кездегі елдің әдет – ғұрыпы бойынша, өлікті жерлегеннен кейін жұрт қоныс жаңартып, басқа жерге көшеді екен. Жаңа орынға көшіп келгеннен кейін кемпір баласынан қалған көз – тазыны іздесе, ол ұшты – күйлі жоқ боп шығады. “Ескі жұртта қалған болар!” – деп, ана бұрынғы қоныстарына қайтып келсе, айтқандай-ақ, Ұшар иесін қиып кете алмай, мола басында сай – сүйекті сарқырата аспанға қарап ұлып отыр екен. Мұны көрген ана:

Жалғызымнан айрылдым,
Қанатымнан қайрылдым,
Ұшар, Ұшар, кә, кә...-
деп аңырайды. Иен далада жалғызының артында қалған ана мен иесінен

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Күйлердің шығу тарихы туралы аңыз - әңгімелер

Қорқыт “Башпай”
Аңыз бойынша, “Башпай” Қорқыттың өмірінің соңында шығарған ақырғы күйі
екен. Қорқыт кілемін төсеп дарияның бетінде отырғанда қарындасы Ақтамақ
ағасына тамақ әкеліп беріп тұрған екен. Күндіз – түні күй тартып, өліммен
алысып әбден шаршаған күйші бірде қарындасының әкелген тамағын ішкеннен
кейін бойы маужырап, көзі ілініп кетеді. Тамақ салынған дорбамен қайрақ
жылан болып ілесіп келген ажал қобыздың үні шықпай тұрған кезде күйшіні
шағып алады. Жыланның уы бойына жайылып, әлсіреп бара жатқан Қорқыттан
Әзірейіл: “Қандай тілегің бар?” – деп сұрайды. Сонда Қорқыт: “Менің өмірде
екі күнәм бар. Біріншісі - өлімнен қырық бір жыл бойы қашқаным. Кілем жайып
Сырдың бетінде отырғанда бірде алай – түлей дауыл тұрған еді. Сол кезде
қарындасыма башпайым тиіп кеткен болатын, екінші күнәм – сол. Сол себепті
мені көмгенде осы екі башпайымды ашық қалдырыңдар”, деп қобызын қолына
алып, ең соңғы Башпай күйін тартқан екен.

Қорқыт “Ұшардың ұлуы”
Бір жесір кемпірдің жалғыз баласы болады. Ол құс салып, ит жүгірткен
саятшы екен. Қашқан аңды құтқармайтын “Ұшар” деген тазысы, желмен жарысқан
жүйрік аты бар екен. Күндердің күнінде жігіт кенеттен қайтыс болады. Сол
кездегі елдің әдет – ғұрыпы бойынша, өлікті жерлегеннен кейін жұрт қоныс
жаңартып, басқа жерге көшеді екен. Жаңа орынға көшіп келгеннен кейін кемпір
баласынан қалған көз – тазыны іздесе, ол ұшты – күйлі жоқ боп шығады. “Ескі
жұртта қалған болар!” – деп, ана бұрынғы қоныстарына қайтып келсе,
айтқандай-ақ, Ұшар иесін қиып кете алмай, мола басында сай – сүйекті
сарқырата аспанға қарап ұлып отыр екен. Мұны көрген ана:

Жалғызымнан айрылдым,
Қанатымнан қайрылдым,
Ұшар, Ұшар, кә, кә...-
деп аңырайды. Иен далада жалғызының артында қалған ана мен иесінен айрылған
тазы – қос мұңлық қосылып күңіренеді. Қорқыттың осы оқиғаға байланысты
шығарған күйі “Ұшардың ұлуы” деп аталады.

Ықылас “Жез киік”
Ықыластың орындаушылық және күйшілік шеберлігі шыңдалған шағында
шығарған күйінің бірі – “Жез киік”. Жез киік – даланың ерке, сұлу аңы. Ол
туралы халық аузында неше алуан аңыз да, ертегі де көп. Жез киік алтындай
жалтылдап, күнге шағылысқан көркінің арқасында мергеннің көзін тайдырып,
үнемі оқтан аман қалады екен. Кейін мергендер оны киелі жануар санап,
атпайтын болған. Міне, осы сұлу аңға Ықылас “Жез киік” атты күй арнаған.

Ықылас “Қазан”
Ықылас дарынының кемелденген шағында дүниеге келген шығармасының бірі
– “Қазан” күйі. Бұл күйді қобызшы қобызшы көбіне “Қазан сүргісі” немесе
“Қазан жорығы” деп тартқан екен.
Татарлардың Қазан қаласын жау шапқыншылықпен басып алады. Сонда
қазақтың Шора деген батыры қол жинап, Қазанды азат етпекші болады. Ауыл
ақсақалдары, қадірменді қариялар батырға: “Батыреке, алған бетіңізден
қайтыңыз, ол жақта күн райы өте қолайсыз көрінеді. Орал тауларын қар басып
қалыпты, күнде үскірік боран болады екен. Босқа суыққа ұрынасыздар”, - деп
тоқтау айтады. Шора батыр:
“Нәріктің ұлы Шорамын,
Мен Қазанға барамын.
Қар жаумасын, қан жаусын,
Қазан барып аламын”, -
деп қариялардың сөзіне құлақ аспай, жолға шығып кетеді. Бірақ, батырдың
жолы болмайды. Олар Орал тауларындағы қатты боранда суыққа үсіп, қаза
табады.
Міне, “Қазан” күйінің “Қазан сүргісі” немесе “Қазан жорығы” деп
тартылуының себебі осы.

Ықылас “Шыңырау”
Ықылас бір күні жолаушылап келе жатып, астындағы атын шалдырып алмақшы
болып, жалғыз ағаштың тұбіне келіп аялдайды. Сол кезде ол ағаштың
айналасында шыдамсыздана ұшып жүрген бір құсты, бұтадағы ұяда анасына шыр
қағып, тағат таппай тұрған балапандарды көреді. Сөйтсе, ұяға қарай бір
жылан жылжып барады екен. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорқыт ата күйлері және ерекшелігі
Қармақшы өңіріндегі аңыз әңгімелер
Мектеп бағдарламасы шеңберінде аспаптық музыканы қолданудың әдіс-тәсілдері
Жалпы білім беретін мектептегі бастауыш сынып оқушыларының ән-күй бағдарламаларында домбыра күйлерін пайдалану процесі әдістері
Қорқыт- қылқобыз өнерінің негізін қалаушы
Қазақ халық прозасын ғалымдардың классификациялауы. Қарапайым прозаның шығу тегі мен жанрлық ерекшеліктері
Сүгір (шалқыма), (наз қоңыр), (аққу), (қаратау шертпесі) күйлеріне талдау жасау
БАТЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ
КҮЙ САЗЫ, КҮЙШІ ӨНЕРІ ЖӘНЕ АВТОРЛЫҚ КӨЗҚАРАС
Халық музыкасы
Пәндер