Психология мыңызы


«Мақсат» медициналық колледжі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:« Психология ғылымы, мақсат-міндеттері,
салалары, зерттеу әдістері»
Орындаған: Сагингалиев. С. М, Стомотология, ДТ-11
Тексерген: оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі Талпакова С. А.
Орал-2020
Жоспар
Кіріспе
I. Психология ғылымы
1. Психология және философия
II. Психология тарихы
III. Психология мыңызы
1. Психология ғылым ба?
2. Психология ғылым.
3. Психология ғылым емес
Кіріспе
Психология - жалпы алғанда психиканың және ерекшелеп айтқанда адамның нақты тарихи және адам ретіндегі сананың пайда болуы, дамуы және көрніс беруі заңдылықтары туралы ғылым. Психология ғылым ретінде психиканың әр түрлі кұбылыстарын зерттеу және түсіндірумен ғана емес, сондай-ақ олардың мәнін қорыта талдап-ашып көрсету, яғни солар арқылы психологиялық құбылыстар мен процестердің себептерін, олардың болашақта көрініс беретіндігін болжауға болатын белгілі бір зандылықтарын ашып, анықтаумен шұғылданады.
Психология ғылымының зерттеу пәні - психика
Психика туралы түсінік. Психика - материя қасиеті, мидың қызметі болуы мен психика дамуының алғы шарты, бейнелеудің ерекше формасы. Психиканың қызметі, біріншіден, қоршаған дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттерін, байланыстарын бейнелеу, екіншіден, осы негізде адам қылығы мен қызмет әрекетін реттестіру. Психика деп әркім өз тәжірбиесінен жақсы білетін; сезім, елестету, ой талап, сол сияқты адамның қызығуы мен қабілеттерін, темпераментін, және мінез-құлықтарын айтады. Психология пәніне субъектінің табиғатпен, әлеуметтік мәдени әлеммен заңды байланысы, сезім және ақыл-ой жүйесінде бекітілген мотивтері, яғни әрекетке итермелейтін, сонымен қатар іс-әрекеттің өзі және адамның өзіне қатынасы, басқа адамдармен қарым-қатынасы, жеке адам немесе тұлғаның ерекшеліктер жүйесі жатады.
Психологиялық ой көптеген ғасырлар бойы қиын кезеңдерді басынан кешті, ол өзгерістері қаншалықты толықтырылып, терминдері ауысса да (жан, сана, психика, іс-әрекет және т. б. ) психология пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар.
Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі - шамамен 2500 жылға созылған, көшбасы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы тұрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. "Психология" терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик пәлсапасышы Рудольф Гөкельге беріледі. Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват гуманисті - Марко Маурулиц бұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің есімі ретінде қолданған. Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы мүмкін, бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең алғашқы құжатталған қолданылуы болып есептеледі.
I. Психология ғылымы
Психологияның зерттеу объекті - осы күннің өткен ғасырлардан бері келе жатқан дау мен талқылаудың тақырыбы. Бұл күрделі дауға шешім табатындай пікірлер қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша бірнешеу, атап айтсақ, психологияның зерттеу объекті - мінез-құлық пен оның қалыптасуы; ойлау үдірістері; эмоциялар мен пейіл; тұлға; адамдар арасындағы қарым-қатынастар, т. б.
Психологияның әртүрлі тараулары қолданған әдіс (клинакалық немесе тәжірибелік), немесе адамның әрекеті (жұмыс, еске салу, есте сақтау, еске түсіру, сезу, тәлім тану, т. б), немесе зерттеу бағыты (бала дамуы мен руханияты, Келбет руханияты, жануар жан дүниесі) арқылы ажыратылады.
Психологияның кей тараулары басқа ғылымдармен бірге немесе өзара көрші зерттеу өрістері ретінде немесе бір зерттеу өрісінің салалары ретінде үйлеседі. Бұл тараулар, мысалы психологияның бір тарауы - рухани бұзылыстарды зерттеу үшін патологияны белгілеу өте күрделі, тұлға патологиясын ақыл−ой паталогиясынан ажырату - одан әрі күрделі.
Психология және философия
Ақыр соңында психология мен философия арасында көп уақыт бойы қарым-қатынас өте жақын болды, ажыратылмас десе де болар, себебі бұрын психология пәлсапаның бір бөлімі болған, ал пәлсапафизиканың ескі мағынасында (ағлақ, сана, іс әрекет, т. б. қалыптасқан пәлсапа тақырыптары психологияда кездеседі) бір бөлімі екендігін де ұмытпау қажет. Осылай психологияның кей салалары пәлсапалық тақырыптарды зерттеуге бағытталған (персонализм, гуманизм, биологизм, т. б. ) .
Психологияны зерттеу өрісінде басқа да антропология, социология сияқты қоғамдық ғылымдармен де соқтығыстыруға болады.
Ең аяғында психологияны теориялық немесе практикалық жағынан анықтау - бүгінгі күннің шешілген мәселесі емес .
II. Психология тарихы
Психология ғылымының дүниеге келуі 1879ж. Вундтін Лейпциг каласында алғашқы эксперементалды зертхана ұйымдастыруымен сипатталады. Психология ғылымының даму тарихы бірнеше этаптарға бөлінеді :
Психология жан туралы ғылым.
Психология сана туралы ғылым.
Психология жүріс-тұрыс туралы ғылым.
Психология психика туралы ғылым.
Шетелдердегі психологиялық ағымдыр (мектептер) : бихевиоризм, гештальтпасихология, фрейдизм немесе психоанализ, генетикалық психология, гуманистік психология. Қазақстандағы психологиялық ой-пікірлердің дамуы. Әбу Насыр Әл Фараби, А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин; С. Торайғыровтың ойлары.
Алғашқы қауымдық қоғамның өзінде психика жөнінде көзқарастар болған. Ерте замандардан бастап адам баласының назары, ақыл-ойы өзінің маңындағы дүниенің сырын танып білуге, өз денесінің құпия сырларын ашып білуге ұмтылған. Б. д. д. бірнеше мыңдаған жылдар бұрын заттың материалдық құбылыстарды (заттар, табиғат, адам) және заттық емес құбылыстарды (бейнелер, ойлар, адам және еске түсіру, қайғыру және т. с. с. ) анықтап, мойындап, олардың тәуелсіз қоршаған ортадан бөлек екендігін айтқан.
Ерте заман ойшылдары «Жан деген не?», оның қасиеттері және функциялары қандай, жан мен тән арақатынасы деген сұрақтарға жауап іздейді.
Ерте заманның философы Демокрит (б. д. д. 5, 6 ғғ. ) психиканы, яғни жанды оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп санады, сонымен қатар психиканың адам тәнінің қызметі деген бір материалистік түсінікті тудырды. Тәннің өлуімен жан да өледі деген. Сол заманның тағы бір өкілі ғұлама ойшыл Платон (б. д. д. 427-347 жж. ) жан мәңгілік нәрсе, ол өлмейді деген, ол психикалық түсіндіруде иделистік бағытты ұстанған. Ең бірінші жан туралы жазған Аристотель (б. д. д. 384-422 жж. ) «Трактоз о дүние» бұл еңбек бірінші психологиялық әдебиет болып саналады. Шығыстың ұлы ойшылы әбу-Нәсыр әл-Фараби (870-950 жж. ) дүние материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді. Жан денеден бұрын өмір сүрмейді, 1 денеден 2 денеге барып, орналаса алмайды деп материалистік тұрғыдан қарастырды.
III. Психология мыңызы
Психология оны оқыған адамдардың алған жағына қарай бірнеше мәселелермен кесіп өтілген. Көптеген нәтижелер жинақталған болып, кейбір гипотезаларды растау немесе қабылдамай тастау мүмкін болса да, қорытындылардың синтетикалық және рационалдық комбинациясы ортақ пәтуаға келмеген.
1. Психология ғылым ба?
Әлі күнге дейін де бұл сұрақ қойылып отыр. Екі концепциялар бір біріне қарама қайшы, біріншісі психология ғылым ретінде қалыптасқан десе, екіншісі оны тек пре ғылым деп, талқыға салады.
Аристотельдік (преғылыми) және галилейлік (преғылыми) ойлау түрлерін салғастырған Курт Левиннің текстіне сүйеніп, бұл мәселені қарастыра аламыз.
2. Психология ғылым
Психологиялық лабораторияларды жарату бұл методологияға сүйенген адамдарға психологиялық ғылым расында бар нәрсе екендігін тұжырымдайды. Бұл көзқарас мына зерттеу методологиясына сүйенеді:
Гипотезаларды ұсыну
Тәжірибе немесе бақылау
Гипотезаларды түзету, растау немесе қабылдамай тастау
Қорытындылау және бірінші кезеңге қайта өту
Осылай психология статистикалық қайта өндіре алатындай нәтижелерге тіреле алады.
3. Психология ғылым емес
Грек, латынның кейбір сөздері өз ана тіліне айналып кеткен Батыс елдері(ағылшын, неміс, француз, итальян, испан, грек) үшін, "психология" сөзі - "руханият" деген мағынада ұғылады. Мысалы, қазақ үшін, арабтың "рух" сөзі қазақтың өз сөзі сияқты ұғылады емес пе?! Дәл сол сияқты, "псюхе" сөзі батыста "рух" деп ұғылады. Батыс елдері "Ағылшын руханияты", "Француз руханияты", "Грек руханияты" дегендей етіп өздерінің ұлттық руханиятын зерттеуге ден қойған. Яғни батыстағы "руханият жайлы ғылым" дегенің ақылға қонымды, пайдалы ғылым бола алады. Ал Кеңестік шекпеннен шыққан елдер үшін, оның ішінде Қазақстан үшін "психология" дегеннің не мағына беретіні де бұлыңғыр. Бізде, "псюхе" сөзін "рух" деп санамайды, "жан" дейді; ал "психология" дегенді "руханият" деу орнына "жантану" деп қателеседі. Батыс елдері "рухани даму", "рухани азық", "рухани кесел" дегендей мәселелерді қарастырып жатса, біздікілер олардың атауын ғана алып, "психикалық даму", "психикалық азық", "психикалық кесел" деп, ішкі мәнін дұрыс ұқпай шала түсінікті сөздерге айналдырады, сосын оның түпкі мәнін жеткізе алмай сандырақтап кетеді. Осы сияқты кемшіліктер, дәлірек айтқанда "былықтар" бізде толып жатыр. Сондықтан да Қазақстандағы "психология" ғылымы - ғылым емес. Әлбетте, оның ашқан жаңалығы да атымен жоқ. Мәселен, шет елдерде жасалып жатқандай кісітануға қажетті сын-сұрақтамалардың бірін де біздің "психологтар" жасай алған жоқ. Біздегілер Батыс елдеріндегі рухани жарамсыз қоқысқа саналған ескі тесттерін аударумен, көшірумен ғана айналысады. Мысалға, Батыс елдеріндегі ғалымдар, төрт темперамент түрін анықтау тесті түгілі, сол темпераменттің төрт түрі бар дегеннің өзін қате деп жоққа шығарған. Ал біздікілер "Айзенктің темперамент түрін анықтау тестін" енді аударып, студенттерге оқытуға кіріскен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz