Сөз мағынасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖƏНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШƏКƏРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
(Ғылыми мақала)
Тақырыбы:Сөз мағынасы мен ұғым,таңба арасындағы байланыс
Тексерген:Калиева.С.Е
Орындаған:Құрманғали Ш.Б
Семей 2018 жыл
Жоспар:
1.Кіріспе
Сөз мағынасы
2.Негізгі бөлім
Сөздің лексикалық және граматикалық мағынасы
Сөздің лексикалық мағынасынығ негізгі типтері
Сөз мағынасынығ кеңеюі ме тарылу
Ұғым туралы түсінік
3.Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Сөз мағынасы. Тілдік жүйе негізінде қалыптасқан мағына өз ішінен парадигмалық және синтагмалық мағыналар болып бөлінеді. Парадигмалық қатынастар негізінде алынатын мағынаны парадигмалық мағына деп аталады, ал парадигмалық қатынас - бір деңгейдегі тіл элементтерінің арасындағы байланысқа негізделеді. Мәселен, тәтті, ащы, дәмді, ұзын, қысқа т.б. заттың сынын; жел, су, өзен, жұлдыз, үркер күн т.б. табиғат құбылыстарының атауы; бас, көз, құлақ, бауыр, жүрек т.т. дене мүшелері атаулдары адам санасында мазмұнның ортақтығына негізделген өзара белгілі бір байланысы бар сөздер тобын құрайды. Парадигмалық мағынаның сөздерді тақырыптық және лексика-семантикалық топтарға бөліп қарастыруда атқаратын рөлі үлкен.
Сөз мағынасы ұғымдық мазмұнға қоса, айтушының көзқарасын, көңіл-күйін, сезімін, сөздің грамматикалық сипатын білдіре алады. Бұған қарап, сөз мағынасының ұғымнан кең екенін көреміз. Сөз мағынасы ойды ғана білдірмейді, сезім мен әртүрлі көңіл-күйді білдіру үшін де жұмсалады. Мағынаның лексикалық және грамматикалық болып бөлінетіндігі белгілі. В.В.Виноградовтың анықтамасы бойынша, сөздің лексикалық мағынасы - тілдің грамматикалық заңдарына сай тұлғаланған, оның сөздігіне тән жалпы семантикалық жүйесінің элементі болып табылатын сөздің заттық-материалдық мазмұны. Демек, сөздің лексикалық мағынасы зат, құбылыс, іс-әрекеттің санада бейнеленіп тұрақталған ұғымның мазмұнын қамтиды. Сөздің лексикалық мағынасын түсіну үшін, сөздің заттық-логикалық мәнін, лексикалық мағынаны соған ұқсас басқа лексикалық мағыналардан ерекшелеп көрсететін белгілерін анықтау қажет. Мысалы, сиыр сөзі мынадай ұғымдық белгілерден тұрады:
1) заттық мазмұны жағынан төрт түлік малдың бірі екендігі;
2) сырт көрінісі жағынан ірі қара малға жататындығы;
3) табиғаты жағынан мүйізді ірі қара мал; айыр тұяқты мал; күйіс қайыратын мал.
Сиыр сөзінің осы белгілері оның басқа мал түрлерінен ерекшелігін білдіреді.
Профессор Б.Сағындықұлы: Сөздің өзге сөздермен қарым-қатынасқа, байланысқа түспей, жеке-дара тұрғанда тікелей түсінілетін халық таныған логикалық-заттық ұғымы, лексика-семантикалық түсінігі лексикалық мағына деп аталады, - деп жазады Осы қасиеті арқылы сөздерді бір-бірінен ажыратып танудағы негізгі мағына ретінде танылып, сөздің басқа мағыналарының тууына негіз болады. Сөз мағынасынан әрбір тілдің өзіндік ерекшелігі мен өзіндік бояуы айқын көрінетіндіктен, мағынаны таным категориясы ретінде сипаттаймыз. Мысалы, ми - бас миды білдірсе, орыс тілінде бас миымен қатар, жілік майын да білдіреді. Малай сөзі қызметші, жалшы мағынасында қолданылса, башқұрт пен татар тілінде бала мағынасында қолданылады.
Сөз мағынасы әрқашан бірқалыпта тұрмайды. Сөз семантикасының дамуына тіл жүйеісінің ішкі заңдылықтары мен ақиқат өмірдегі мәдени-тарихи, әлеуметтік өзгерістер әсер етіп отырады. Сөз мағынасының дамуында мағына не кеңейіп, не тарылып отырады. Мысалы, қыз-қырқын қос сөзінің құрамындағы қырқын сөзі о баста күңнен туған қыз мағынасында қолданылса, қазіргі тілімізде мағынасы ұмыт қалып, жалпылама ұғымды білдіруде қолданылады. Сол сияқты кіндік сөзі де ертеректе 1920 жылдары белгілі бір ел, мемлекет не ұйымға тән орталық деген мағынада қолданылған. Омбы - мәдениет кіндігі. 1930 жылдардың ортасынан бастап бұл сөз ауыс мағынада қолданылмайтын болды.
Сөздің грамматикалық мағынасы деп грамматикалық амал-тәсілдер арқылы туатын, сөздің бірыңғай топтары мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән, жинақталған дерексіз мағынаны айтамыз. Грамматикалық мағына сөздің лексикалық мағынасының негізінде туады, бұл екеуінің арасында тығыз байланыс бар.
Мағынаның семантикалық құрылымы. Сөз мағыналары құрылымдық тұрғыдан денотаттық мағына, сигнификаттық мағына және коннотациялық мағынаны құрайды. Денотаттық мағына деп сөздің ақиқат дүниемен, ондағы заттармен, құбылыстармен байланысып жататын мағынасын айтамыз. Тілтанымда денотаттық мағынаның өзін материалды денотат (референт) және идеалды денотат деп бөлушілік бар. Денотаттық немесе референттік мағына белгілі бір сөзді айтқан кезде көз алдымызға, ойымызға келетін заттар мен құбылыстардың басты белгілеріне, бейнесіне негізделеді.
Ал сөз мағынасында өмір сүретін идеалды денотат санадағы ұғыммен байланысты. Яғни материалдық денотат арқылы қоршаған ортадағы заттармен, құбылыстармен байланысып жатады. Мәселен, тас қарапайым адам үшін формасы әртүрлі, өзі қатты тау жыныстарының үлкенді-кішілі бөлшектері, тау - жер бетінен жоғары да көтеріңкі жатқан биіктік деген нақты денотаттық мағынаға ие болса, геолог мамандар үшін тас - кристалды минералдардың жиынтығы, физикалық географияда тау - айналасынан оқшау, айқын байқалатын беткейі, етегі және шыңы бар, теңіз деңгейінен биіктігі кемінде 200 м болатын көтеріңкі жер деген ұғымдық (идеалды денотат) мағынаны білдіреді.
Сөздің лексикалық мағынасының құрамдас бөліктерінің бірі - сигнификаттық мағына. Денотатты мағына көрнекі нақты ойлау негізінде қабылданып, ұғым негізінде қалыптасқан ақиқат дүниенің обьект бейнесі болса, сигнификативті мағына - абстракті, дерексіз ойлау негізінде пайда болған субьект бейне. Сондықтан мұны қазақ тілінде пайымдық мағына деп те атауға болады Пайымдық мағына - сөздің білдіретін тұрақты мағынасы. Кей сөздердің мағынасынан заттық мағына, кей сөздерден сигнификативті мағына айқын танылады. Мысалы: бақыт - адамның тілегінің орындалып, қуанышқа кенелуі (сигнификативті мағына). Професор Б.Сағындықұлының айтуынша, зат есімдерден денотаттық мағына, сын есім, сан есім, етістіктерден пайымдық мағына анық та айқын сезіліп тұрады. Коннотатты мағына жоғарыда айтылған екі мағынаның үстіне қосылған үстеме мағына. Бұл үстеме мағынада стильдік бояу, сезімдік бағалау, экспрессивтік мағына бар. Коннотатты мағына эмоция мен бағалаудан тұрады. Мәселен, зат есімдер мен сан есімдерде, есімдіктерде сезімдік мағына сирек кездеседі, ал одағайлар мен сын есімдерде, етістіктерде бұл мағына жиірек кездеседі. Мәселен, сымпыс - 1. Құйрық қылшығы селдір, сымпыйған; 2. Ауыс. Зып-зып етіп, аннан-мұнан бір шығатын, шаруаға қыры жоқ, берекесіз, сұйық адам.
Сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтері Кеңес тіл білімінде 1950 жылдардан бастап сөз мағынасын топтастыруда В.В.Виноградов ұсынған классификация негізге алынды. В.В.Виноградов сөздің лексикалық мағыналарын үш типке бөліп көрсетеді: 1) тура немесе номинативті мағына; 2) фразеологиялық байлаулы мағына; 3) синтаксистік шартты мағына. В.В.Виноградовтың сөз мағыналары және оларды топтастыру туралы пікірі қазақ тіл білімінде қолдау тауып отырды. Сөздің лексикалық мағынасының типтерін анықтауда сөз мағыналарының шындық болмыстағы заттар мен құбылыстарға қатыстылығы дегеннен басқа да белгілері бар екені зерттеу тәжірибесінде көрініп жүр. Мәселен, Н.М.Шанский сөздің лексикалық мағынасының қалыптасуын оның ұғымды білдіру сипаты мен белгілі бір лексика-грамматикалық топтарға қатыстылығымен байланыстырып қарайды. М.И.Фомина лексикалық мағыналардың типологиясын ұғымдық-заттық қатынастан басқа сөздердің бір-бірімен байланыстылығы, мағыналардың уәжділігі, қалыптасуының тарихи себептері және сөз мағыналарының атқаратын қызметі (номинативті, экспрессивті-семантикалық) тұрғысынан қарастырады. Дегенмен сөз мағыналарын топтастыруда ұстанатын ең негізгі белгілердің бірі - сөз мағыналарының шындық болмыстағы объектілерге қатыстылығы. Лексикалық мағынаға заттар мен құбылыстарды білдіретін толық мағыналы атаулар ие болады. Бұлардың ең маңызды қасиеті - заттар мен құбылыстарды, іс-әрекетті олардың белгілерін атап білдіретіндігінде. Сол себепті, бұлар лексикологияның зерттеу объектісіне жатады. Ал шылау, одағай, көмекші сөздер, модаль сөздер шындық болмыстағы зат, құбылыстарға тікелей қатысты болмағандықтан, грамматикада зерттеледі.
Осындай әртүрлі лексика-грамматикалық сипатта көрінетін қазақ сөздерінің лексикалық мағыналары да әр қилы болып келеді. Олардың шындық өмірдегі заттар мен құбылыстарды білдіруі жағынан, бір-бірімен байланысы жағынан бірыңғай емес. Сөздің лексикалық мағыналарын топтастыру үш түрлі қатынасқа негізделеді: 1) логикалық-заттық байланыс; 2) сөздердің бір-біріне қатынасы; 3) мағыналардың уәжделу дәрежесі
1. Сөздердің шындық болмысқа қатыстылығына қарай пайда болған мағыналары.
Сөздің атауыш мағынасы (тура мағына) - заттар мен құбылыстарға, олардың белгілеріне қатыстылығымен пайда болған. Сөздің затты не құбылысты атап білдіретін мағынасы атауыш мағына деп аталады. Атауыш мағына әр заттың дербес мағынасы болып келеді, сол арқылы біз заттарды бір-бірінен айыра білеміз: қалам, алма, ағаш, тау т.б. Мұндағы заттық ұғымдар жеке-жеке аталып, бірден атауыштық мағынаға ие болып тұр. Бұл мағына зат пен құбылысқа тікелей бағытталғандықтан, тура мағына деп аталады. Тура мағына зат пен құбылыстың қазіргі кездегі тұрақты, негізгі мағынасы болып саналады.
Есімдік сөздердің мағынасы меңзеу мағына деп танылады. Өйткені ол тек мағыналы сөздердің орнына жұмсалып, оларды алмастырып меңзеп тұрады.
Сөз мағынасына талдау жасағанда әрдайым оның тура мағынасынан бастаймыз. Мәселен, түсіндірме сөздікте мін сөзінің кем-кетік, кінәрат, ақау; көлікке отыру сияқты негізгі мағыналарынан бастап, тұрақты тіркес құрамындағы мін жоқ, мін тақты, мінін бетіне басты сияқты мағыналары беріледі. Сөз мағынасы дамып, жетіліп отыратын құбылыс. Сөз әрқашан тура мағынада бола бермейді, сөздің атауыштық мағынасының негізінде туып өрбіген, бір тілде сөйлейтін адамдарға түсінікті ауыс мағыналары болады.
Тіліміздегі сөздердің бәрі бірдей бір атауыш лексикалық мағынаны білдіріп қоймайды. Олардың ішінде бірнеше атауыштық мағынаға ие болатын сөздер де бар: көз, құлақ, аяқ, бет т.б. Сол сияқты бу сөзін алсақ, сұйық заттың жылып, қызуынан пайда болатын тұман тәрізденген зат, бір нәрсені қатты қысып байлау деген мағыналарды иеленсе, ауыспалы мағынасы - бір нәрсенің желігі, әсері; маза бермеу, тыныш таптырмау, ал буға семірді, ыза буды дегендегі бу сөзі поэтикалық тұрғыдан ауыс мағынада қоладынылып тұр. Ал поэтикалық мағына - халықтық тілде бір-бірімен қиыспайтын сөздерден жаңа тіркестер жасау, сөздің үйреншікті мағынасын бейнелеп, поэтикалық көтеріңкі сипатта қолдану нәтижесінде алынады. Сөздің ауыс мағынасы бір заттың негізгі атауыш мағынасын басқа бір затқа атау етіп ауыстырып қолданудан туады. Бұған зат, нәрсе, құбылыс не оның белгілерін басқа бір затпен салыстыру, ұқсату себеп болады. Сөздің ауыс мағынасында оның тура мағынасы әрдайым сезіліп тұрады. Ал сөздің ауыс мағынасы өз кезігінде көпмағыналы сөздердің тууына әсер етеді.
Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын нақты заттар мен құбылыстардың мағынасы деректі мағына, ал түйсік сезімі арқылы ғана қабылданатын сөздердің мағынасы дерексіз мағына болып танылады (адамгершілік, ақыл, ой, уайым және т.б.).
2. Сөздің шығу тегіне байланысты туған лексикалық мағыналары.
Мұндай мағыналар қатарына сөздің түпкі мағынасы, туынды мағынасы және синонимдік, омонимдік, антонимдік мағыналар жатады.
Түпкі мағына деп тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан қарағанда ары қарай бөлшектеуге келмейтін түбір ретінде танылатын дербес сөздердің мағынасын айтамыз. Түпкі мағыналардың пайда болу себебі көп жағдайда белгісіз болып келеді: күн, таң, жаңбыр, өзен, бар, кел. Сөздің түпкі мағынасын айқындау үшін, этимологиялық зерттеулер жүргізу арқылы сөздің ішкі формасын табу керек. Мәселен, ақ жауып арулау фразеологиялық тіркесіндегі арулау сөзіне назар аударайық. Бұл сөз алтай, сары ұйғыр, хакас, татар т.б. түркі тілдерінде тұлғалық жақтан арулаарығла түрінде кездесіп тазалау, жуыну, жуу мағынасында қолданылады. В.Радловтың Опыт словаря тюркских наречии І‐ІҮ еңбегінде ару (арыг, арік, ерік, ары) тұлғасы таза, жақсы, кіршіксіз, әулие мағынасында кездеседі. Олай болса, арулау сөзінің түбірі аруарығ түрінде дыбысталып, түпкі мағынасы таза, жақсы деген мәнді иеленген екен. Ш.Сарыбаев: осындағы арығ сөзінің қазақ тілінде ару болуы ғ дыбысының түсіп қалуымен байланысты (салыстыр: сары ‐ сарығ, кіші ‐кішік, тірі ‐тірік, - дейдАл қазіргі қазақ тілінде ару қыз қолданысында әдемі, сұлу, ару ана тіркесінде ардақты, аяулы, құрметті деген мағынада жұмсалады. Олай болса, сөздің ішкі формасы бір‐бірінен алшақ кетпейді, сөз семантикасындағы қандай да бір семалық бөліктің тарылып, екіншісінің кеңеюі арқылы бұл сөз әдемі, сұлу, ардақты мағыналарда жұмсалатын болған.
Туынды мағына - басқа бір мағынаның қатысымен туған, пайда болу уәжін түсіндіруге болатын сөздің кейінгі мағынасы болып табылады. Сол себепті туынды мағына сөзжасам процесімен тікелей байланысты. Туынды мағына өзін тудырған сөздің алғашқы мағынасымен семантикалық байланысын үзбейді. Мысалы, бу деген түбірден була, булағыш, буландырғыш, булы, булық деген сөздер туындаған.
Тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан алғанда түбір негіз деп жүрген сөздеріміздің ішінде тарихи туынды болып табылатын сөздер аз емес. Мұны көне түркі жазбалар тілі дәлелдейді. Мысалы, Б.М.Юнусалиев етістік үйір мен зат есім үйірдің тегі көне түркілік үй-өг тұлғасы деп қарайды, көне ұйғыр тілінде өк - жию мәнінде, өгүр - үйір, табын мағынасында болған. Сол сияқты қабырға сөзі қабыр етістігінен, қабыр - ұстау, жармасу мәніндегі қап сөзінен шыққан деп түсіндіреді. Туынды мағыналардың уәжі уақыт өте келе көмескіленіп, жойылады, сөйтіп негізгі мағыналармен теңеледі. Мұндай сөздердің туынды екенін тек этимологиялық талдау жасау арқылы ғана айқындауға болады.
Лексикалық құрамның толығып, сөздің ішкі мағынасының дамып отыруына байланысты туған синонимдік, омонимдік, антонимдік мағыналар да лексикалық мағыналардың түрлеріне жатады. Синонимдік мағына - екі не одан да көп әр түрлі сөз мағыналарының бір-біріне жақындығынан туған (ес-ақыл, жынды - нақұрыс); омонимдік мағына - іштей мағыналық байланысы жоқ бірнеше сөздің бірдей тұлғада көрінуіне бақыр (шелек) - бақыр (ұсақ ақша), от (жалын) - от (жердің шөбі); антонимдік мағына - бір деңгейдегі әр түрлі сөз мағыналарының бір-бірне кереғарлығынан туған мағына (келу - кету, қатты - жұмсақ ).
3. Сөздің тіркесу сипатына байланысты туған лексикалық мағыналары. Сөздің еркін мағынасы оның атауыш мағынасының негізінде пайда болады. Сөз өзінің тек атауыштық мағынасында қолданыла бермейді. Атауыш мағынадағы сөздер шындық өмірдегі заттар мен құбылыстарды білдіретін басқа сөздермен еркін қарым-қатынасқа түсіп, олармен тіркесіп отырады. Атауыш мағынадағы сөздердің мұндай қарым-қатынасы белгілі бір сөздермен ғана шектелмейді, әр түрлі топтағы сөздерді де қамтып, олармен тіркесімділігін қамтып отырады. Атауыш мағынадағы сөздердің басқа сөздермен тіркесімділігі кең болған жағдайда туатын мағынасы еркін мағына деп аталады. Мәселен, жас адам, жас ағаш, жас бала, жас ет; жаңбыр жауады, қар жауады, бұршақ жауады лексикалық тіркесімділік әрі логикалық, әрі ішкі семантикалық үйлесімділікке негізделген.
Сөздің тура мағынада өзге сөздермен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі мол болғанымен, кез келген сөзбен байланысқа түсе бермейді. Демек, сөздің басқа сөздермен тіркесімділігі, үйлесімділігі тек заттық-логикалық қана емес, лексика-семантикалық ішкі заңдылықтармен де байланысты. Тілдің лексикалық жүйесіндегі синтагмалық қатынастар синтагмалық мағына, лексикалық синтагматика мәселесін тудырып лексикалық семантиканың зерттеу нысанына айналып отыр. Лексикалық синтагма бойынша, сөз мағынасының өзара семантикалық қатынасқа түсуі болмыстағы зат, құбылыс пен іс‐әрекеттің өзара әрекеттесуін бейнелейді. Жалпы тіл білімінде синтагматика мәселесі Ф. де Соссюр, Бодуэн де Куртенэ есімдерімен байланысты болса, қазақ тіл білімінде сөздердің мағыналық сәйкесті негізінде өзара қарым‐қатынасқа түсуі туралы пікірлер А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектерінен бастау алады. Қ.Жұбанов синтагматика мәселесіне байланысты мынадай ой айтқан болатын: Сөз белгілі тәртіппен тізіліп барып, хабар болады. Сөздер жеке‐жеке жүреді, бірақ олар жекелік үшін жасалған емес, басқаға жанасым тауып, үйлесерлік болып жасалған М.Оразов Қазақ тілі семантикасы атты іргелі еңбегінде лексикалық мағынаның семантикалық құрылымы, лексикалық жүйедегі парадигмалық, синтагмалық қатынастар, валенттілік, лексикалық тіркесімділік мәселелерін қарастырған. Сонымен қатар Ғ.Хасановтың Қазақ тілінің лексикалық синтагматикасы еңбегінде қазақ тілі семантикасының шығу негіздері, лексикалық бірліктер синтагматикасы, олардың тілдік жүйе мен сөйлеу әрекетіндегі көрінісі, лексикалық семантика және лексикалық норма мәселелеріне қатысты ғылыми‐теориялық зерттеулер жүргізілген.
Фразеологиялық байлаулы мағына - фразеологиялық тіркес құрамындағы сөздердің тіркесіп келуі арқылы берілетін лексикалық мағынасы. Байлаулы мағынадағы сөздер шындық болмыстағы заттармен тікелей емес, жанама түрде байланысады. Мысалы: қасқа сөзі малдың маңдайында болатын, ұзынша келген ақ түсті жолақ деген мағынада айтылса, тұрақты тіркестің құрамында қасқа бас - маңдай шашы жоқ адам; қасқа тіс - малдың алдыңғы төрт тісі деген мағынаны білдіреді. Сол сияқты қасқа жол, қасқа бұлақ деген тұрақты тіркес құрамында ауыспалы мағынаға ие болады.
Синтаксистік шартты мағына - сөздер сөйлеу үстінде, контексте қолданылу жүйесіне қарай өзіне дағдылы емес қызмет атқаруынан туындайтын мағына. Мысалы: жемқор - өңеш, құлқын; аю - арбиған, ебедейсіз; құдық - мешкей, жалмауыз деген ұғымды білдіреді. Тілдік лексикалық жүйесіндегі кез келген сөздің фразеологиялық байлаулы мағынасы немесе синтакситік шартты мағынасы бола бермейді. Номинативті мағынаға ие болатын атауыш сөздердің көбіне-көп жұмсалу қабілеті күшті болады. Әсіресе зат есім, сын есім, етістік сөздер тура мағынада, әрі ауыс мағынада тілде белсенді қызмет атқарады. Мұндай сөздердің көпшілігі өзінің тура мағынасының үстіне қосымша мағыналар үстеп алған. Мысалы: түнеру (ренжу, кею), шатынау (көзі шарасынан шығып ашулану), соқыр (надан, топас), сору (аяусыз қанау).
4.Сөздің стилистикалық қызметіне байланысты туған лексикалық мағыналарына сөздің бейтарап мағынасы, бейнелі мағыналары, кәсіби-терминдік мағыналары жатады. Бейтарап мағына - зат, құбылыстар мен сапалық белгілерді, әрекет-қимылды атап білдіретін жалпылама лексикаға тән. Мысалы: құстың қанаты, ұқсату заңы негізінде пайда болған ұшақтың қанаты десек те атауыштық мағынаға ие болып тұр, ал ұшарға қанатым жоқ, қанатты сөздер дегендегі қанат сөзінде бейнелі мағына бар.
Бейнелі мағына - адамның сезімі мен көңіл күйіне байланысты айтылатын эмоционалды сөздердің мағыналары жатады. Олар стилистикалық бояма мағына деп те аталады. Мысалы: тамаша, шіркін, қалш-қалш, шілтию, тылтию, жалпию және т.б.
Терминдік мағына - ғылым, техника, өнер саласында қолданылатын арнаулы сөздердің лексикалық мағынасы. Терминдік мағына ғылым, техника, өнер саласындағы таза ұғымдармен сәйкес келіп, соларды білдірумен шектеледі. Әр терминге тән дара және тұрақты мағына болып табылады. Мысалы: күмбез (терминдік мағына) - биіктігі жүздеген метрден мыңдаған метрге дейін жететін, көміліп қалған не қазіргі вулкан конусы. Ал лексикалық мағынасы үлкен құрылыстың әшекейленген шаңырақ тәрізді төбесі, мұнара Екі мағынаның арасындағы семалық белгілердің ұқсастықтары (сыртқы форма ұқсастығы) негізінде бір лексема екі түрлі ұғымды иемденіп тұр.
Сөздердің стилистикалық қызметінен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz