Өндірісті басқару мәні


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 132 бет
Таңдаулыға:   
1 Тақырып. Өндірістік менеджменттің мәні мен құрылымы
  1. Өндірісті басқару мәні.
Өндірісті басқарудағы менеджменттің мақсаты.
  1. Қазіргі жағдайдағы өндірісті басқару ерекшеліктері.
Өндірісті ұйымдастырудың ағынды және ағынды емес әдістері 5 Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы
  1. Өндірісті басқару мәні

Айналадағы ортаны сипаттаған кезде көбінесе өлі табиғат, тірі табиғат және адам қоғамын бөліп қарастырады. Бұл басқару үрдісінің классификациясының үлкейуін береді:

  • өлі табиғатты басқару үрдісі (техникалық жүйеде) ;
  • тірі ағзаларды басқару үрдісі (биологиялық жүйеде) ;
  • қоғамдағы басқару үрдісі (әлеуметтік жүйеде) ;

Өндірістік-техникалық, механикалық, машина жүйесін басқару үрдісін, яғни техникалық басқару жүйесін, заттарды басқару жүйесі деп атайды. Бұл басқару облысы техникалық ғылымның басымдылығын зерттейді.

Тірі табиғаттың ағымдарын басқару үрдісін және ағзалардың өмір қызметіне байланысты үрдістер биологиялық жүйені басқаруға жатады. Бұл басқару облысы табиғи ғылымды зерттеу пәні болып табылады. Басқару адамдардың қызметіне әсерлі сияқты, топтарға біріккендерді, ұжымдарды, адамдарды басқару деп атайды. Бұл ең қиын облыс. Ол әлеуметтік ғылымды зерттеудегі басымды пән болып табылады. Адамдар өндірудің қоғамдағы басты күші сияқты өндіру, бөлу материалдық байлықты айырбас және қолдану кезіндегі табиғи заңды және қоғамдық үрдістерді таниды және қолданады. Зерттеу обьектісі болып әлеуметтік - экономикалық жүйесі, ал пәні - қоғамдық өндірісті басқару жүйесі болып табылады. Қоғамды өндірісті басқару халық шаруашылығы, салаларды, аймақтарды, кәсіп-орындарды, фирманы және әрбір деңгейін, әрбір жүйесін, ішкі басқару, басқару үрдісіне қосылады.

Бізге белгілі кәсіпорын, фирма экономиканың біріншілікті ұясы ретінде негізгі түйінді қалыптастырады. Егер экономиканы шығырлар мен кірпіштерден құралған ғимарат ретінде қарастырсақ, онда кәсіпорын сөздің кең түсінігі ретінде шығыр болып табылады.

Көбінесе, кәсіпорын жайлы айтқанда, өндірісті немесе өнеркәсіпті айтуы мүмкін. Мұндай көзқарасты ескірген деп санау керек. Кәсіпорын - бұл өнімді, тауарды, қызметті, ақпарат, білім, экономикалық қызметті шығаратын ұйым. Сондықтан кәсіпорын деп заводты, фабриканы, құрылыс комбинатын, автопаркті жөндеу шеберханасын, колхозды, совхозды, фермерлік шаруашылықты, дүкенді, тігін орнын, жобалау және зерттеу институтын, банктерді, биржаларды, демалу үйлерін айтуға болады.

Әрине, басқару әдісі мен нысаны, басқару органдарының құралы кәсіпорынның масштабы мен профиліне байланысты, бірақ әр кәсіпорынды басқаруда көп сәйкестіктер байқалады. Әрбір кәсіпорын, өнім, тауар шығарады, қызмет көрсетеді, белгілі бір қызмет атқарады. Бұл оның басты мақсаты және өмір сүруінің түсінігі. Осыдан қандай тауар, қызмет, білім немесе ақпарат

өндіру болса да, кәсіпорынды басқарудың басты мақсатына өндіру үрдісін басқару үрдісі қойылады. Қандай да бір экономикалық өнім өндіру үшін өндіріс факторларын, экономикалық ресурстарын: жұмыс күшін, жабдықтарды, шикізатты, ақпаратты, ақшалай құралдарды қолдану керек. Кәсіпорынды басқару өзіне жұмыскерлерді басқару, өндіріс құралын, материалды ресурстарды, ақпараттарды, қаржыны қосып алады. Кәсіпорында қызметті өндіру үшін сол басты материалдарды алуға және шығарылған өнімді өткізу керек. Осыдан өткізу мен жабдықтауды басқару керек екендігі шығады және кәсіпорында сәйкес өтеушілердің болуын қажет етеді.

Кәсіпорын белгілі бір сапалы, стандарттарға қабылдаған нормаларға, техникалық жағдайларға сай өнім шығаруға міндетті.

Сондықтан, кәсіпорынның басқаруы өзіне шығарылған өнімнің сапасын басқаруы қажет, ал ол өз жағынан технологияларды басқаруды қажет етеді. Кәсіпорынның басқару нысаны мен түрінің жиынтығы, шет елдер тәжірибесінде өндіріс менеджменті деп аталады. Фирмада өндірісті басқарудың дамуы - бұл өндіріс үрдісіндегі мақсаттардың әсерлілігін өсіру, еңбек өнімділігінің өсуі, өнімнің сапасын жақсартуын реттеу болып табылады.

Өндірісті басқарудағы менеджменттің мақсаты

Менеджменттің өндірісті басқарудың негізгі мақсаты өндірістің бөлімшелердің рационалды қызметіне жету нәтижесінде «үстінгі» жетекшілердің бейімді ақпараттық жүйенің жасау жолдарымен, оптимизациялық қиын жиынтық моделімен сандық әдісі арқылы әрбір жоспарлы емес қателерді қандай да - өндірістік шығару циклі этабында тез арада тауып, жою нұсқалары ұсына алатын әдістерді табу.

Өндірісті басқарудың негізгі талабы болып, оның өндірістік - технологиялық циклының жаңа жағдайына бейімделу: өндірістің икемділігі және құрылымдығы; тез шешім қабылдау; өндірістің адаидық факторының үлкен рөлі; өнімнің сапасын арттыру; өндірістің шығындарын қысқарту; өндіріс аумағын оптималды қолдану; қызмет сферасын өсіру және өнімнің шығарылуын техникалық жағынан қызмет көрсету.

Мақсаттар шегінде фирмаға өндеулер, әрбір өндіретін бөләмдер немесе кәсіпорындарға нақты тапсырмалар қойылады. Бұл тапсырмаларды келесідей анықтауға болады:

  • өндіріске жаңа, қазіргі кезең бұйымдарын тұрақты енгізу;
  • өндірілген өнімнің барлық шығын түрлерін жүйелі түрде қысқарту;
  • шығарылатын өнімнің бағасын түсіру арқылы сапалы және тұтүнушылық сипатын артыру;
  • өндіріп- шығару циклының барлық түйіндеріндегі шегерімдерді жаңа өндіріс бұйымдарын тұрақты енгізу арқылы төмендету, шығарылатын өнімнің номенклатурасын кеңейту және оның ассортиментін өзгерту.

Мақсаттармен тапсырмаларды өңдеу кәсіпорынның қазіргі кезең жағдайына байланысты талдау құрылуы керек және оның алдында ашылатын келешектегі перспективалар. Фирманың қызметін жалпылама талдау, сонымен қатар жеке шаруашылық бөлімшелерді бар ресурстар мен келешекте қажет

болатын ресурстарды шығарып алуды мақсаттайды. Сонымен қатар бағдарлама мен жоспарларды сәйкес атқарушылар туралы нақты сұрақтар қарастырылады.

Бізге белгілі болғандай, қандай да болмасын өнедірісте оны ұдайы өндіріске айналдыратын үзіліссіздік қалыптасқан. Сонымен бірге қайта жасалған өнімді қолданылатын және жинап- сақтау бөлігін, өндірістің құралдарын жабуға, бөлу іске асырылады. Қандай да болмасын өндіріс өз өндірісіне, айырбасқа қайта бөлу мен қолдануға бөлінеді. Ол белгілі бір территориялық және салалық құрылымға ие, онда мамандану үрдісі, техникалық үрдіс және т. б. жүреді. Бұның барлығы объективті түрде өндірісті басқару, басқару объектісінің заңына сәйкес жүру қажет.

Басқару жүйесіне өндіріс үрдісінің өз сипаты, жабдықтау жағдайы, өткізу және т. б. қажеттіктер әсер етуі мүмкін; өндірістің материалды жағын және жұмыскерлердің өндірісіне қатысу сипаты; жеке факторлар немесе өндіріс кқрсеткіштері: өнім сапасы, шегерімдер және т. б.

Басқару қызметінің басты мақсаты өндіріс сверасындағы өндіру әсерлілігін өсіру, ол өз кезегінен мынандай факторларға сүйенеді, инвестицияның рентабельділігін қалай өсіру, өнімнің сапасын өсіру мен бәсеке қабілеттілігін арттыру.

Алға қойған мақсаттарға жету үшін кең құрама техникалық, технологиялық, ұйымдық-басқарушылық іс-шаралар жүргізілуі керек; жалпы фирма үшін инвестициялық және технология саясаты принциптерін өңдеу; жұмысты бағыттау мен инвестиция облысы басымдылығын анықтау; басым технологиялар үрдісінің дамуы үшін ресурстар мен жағдайларды шоғырландыру; өндіру жүйесінің персоналды компьютерді қолдана отырып жұмыс істеуін жаңа кезеңдерін құру.

Қазіргі кезең жағдайындағы өндірісті басқару спецификасы

Өндірісті басқару спецификасы нарықтық жағдайлардан шығумен анықталады, ол ақырғы жылдары келесі факторлармен сипатталы:

  • Тауардың өмірлік циклын қысқарту, шығарылатын бұйымдардың көлемін төмендету арқылы коменклатурасын кеңейту (өнімнің стандартталған үлкен партиясын шығару емес) ;
  • Технологияның түбегейлі қиындатылған үрдісі (ертеде бар конвейерлік сызықпен қатар), талап етілген жұмыскерлер мен мамандардың дайындау деңгейін өсіруге сәйкес;
  • Талап етілген қызмет көрсету сапасын және қолдану тапсырысының мерзімін өсіру, ол өз тарапынан өндіріс жүйесінің дәстүрлі қолдануын және шешім қабылдау механизмінде қиындатуды алып келеді.

Нарықта қалыптасқан жаңа жағдайлар қарапайым және икемді басқару жүйесін келесі ерекшеліктерді сипаттайды:

  • Кішкене бөлікшелерді аз санмен, бірақ квалификация деңгейі жоғары жұмыскерлер;
  • Басқару деңгейінің аз санымен;
  • Мамандар тобының негізінде, ұйымдық құрылым құру;
  • Тұтынушылардың сұранымына бағдарланған, өндіріс бағдарламасы мен графигін құру;
  • Фирманың қоймаларында минималды көлемде қорлардың бар болуы;
  • Ішкі және сыртқы ортада болып жатқан өзгерістерге тез қалыптасу;
  • Жабдықтардың қайта құрылуының икемділігі;
  • Төмен шығын және еңбек өнімділігінің жоғарлығы;
  • Шығарылатын өнімнің сапасының жоғарлығы және басқа да тұтынушылармен байланыс бағыты.

Өндірісті басқарудағы әсерлі ұйымдастыру құрамының принциптерін жасауды келесідей сәйкестіруге болады:

  • құрамдық бөлімшелерді, қызметтерді жасауға емес, тауарға, нарыққа немесе тұтынушыларға бағдарлау;
  • ұйымдық құралының негізін, қызметтер мен бөлімдер емес, мақсатты мамандар мен команда тобы құрайды;
  • басқару деңгейінің минималды сан деңгейімен және бақылаудың кең сферасына бағдарлау;
  • әрбір жұмыскердің соңғы нәтижесі мен ынта білдіру мүмкіндігіне жауапкершілігі.

Фирманың әсерлілігінің дамуы техникалық жаңашындықтар мен өнім сапасына байланысты, ол қысқа уақыт аралығында жаңа тауар мен қызмет түрлерін өндіру мен өңдеуді талап етеді, өнімнің өмірлік циклының аралығында оның сапасы мен тұтынушылық құрамын тұрақты жаңартып отыру.

Менеджменттің өндіріс сферасындағы жаңашындығы жобалайды:

  • фирма қызметінің ұзақ мерзімді келешегіне бағыттау;
  • негізгі зерттеулерді жүргізу;
  • өндірістің диверенфикациясы;
  • инновациялық қызметі;
  • персоналдық шығармашылық ынтасын арттыруды максималды қолдану;
  • жұмыстың түріне байланысты және оның қызметінің нақты нәтіжесіне төлеуіне байланысты.
Өндірісті ұйымдастырудың ағынды және ағынды емес әдістері

Өндірісті ұйымдастыру-өндірістегі заттай элементтер мен адамдардың кеңістік пен уақытта сәйкес келуіне бағытталған, іс-шаралар жиынытығы.

Өндірісті ұйымдастыру процестері әдістерді іріктеу және оның элементтерін кеңістікте ұштастыру, уақыттың соңында мақсатқа жету және тиімді нәтиже болуымен байланысты.

Өндірісті ұйымдастыру процестерінің негізгі принциптері:

  • мамандануы, бір өнімді жаппай дайындап, номенклатураның шектеуімен сипатталады;
  • үздіксіздік, ол еңбек затының өңдеу уақытын арттыруды,
  • дайындық үрдісі уақытын қысқартады, тірі еңбек пен

еңбек құралдарын пайдаланудағы үзілістерді қысқартуды білдіреді;

  • икемділік, жаңа өнім шығаруға тез көшу мүмкіндігі;
  • ритмділік, яғни өндіріс үрдісінің тең уақыт аралығында қайталануы;
  • дәлдік, өндіріс үрдісінде еңбек заттары қозғалысының аралығын қысқартуды қамтамасыз етеді;
  • паралельдік, жұмыс орнында өндірістік үрдістің негізгі операцмялары мен басты және қосалқы операцияларды бір уақытта орындай алу;
  • пропорционалдық, өнім шығару немесе белгілі бір уақыт аралығында барлық өзара байланысты бөлімше, жабдықтау топтары, жұмыс орындарымен орындалған жұмыс көлемінің салыстырмалы теңдігін талап етеді. Қосымша, жабдықтарды пайдалану уақыт қоры мен өндірістік бағдарламаның еңбек сиымдылығын талап етеді.

Өндірісті ұйымдастырудың топтамалық әдісі әртүрлі ноиенклатурадағы өнімді дайындап, оларды белгілі бір партияға шығару мен өткізуді сипаттайды. Топтама дегеніміз - біртекті мөлшерде дайындау, сонымен қатар өндіріс циклін дайындау, қорытындылау уақытында бірдей шығындармен әр

операцияны өңдеу.

Өндірісті ұйымдастырудың жеке әдісі өнімді дайындау және бірлік дана немесе кіші қайталамайтын партиямен сипатталады.

Өндірісті ұйымдастырудың жеке әдісінің ерекшелігі:

  • бір жылда номенклатураны дайындаудың қайталанбауы;
  • универсалды жабдықты және арнайы жарақтарды пайдалану;
  • жабдықтарды бір топқа орналастыру;
  • іріленген технологияны өңдеу;
  • біліктілігі жоғары мамандарды қолдану;
  • қол еңбегін қолданатындардың үлес салмағын өсіру;
  • қоймадағы аяқталмаған өндіріс қорын сонымен бірге материалдық - техникалық жүйесін қамтамасыз ету.
  • алдыңғы нәтиже сипаттамасы - өндіріс шығындары мен өндірудің жоғарлауы және қаражат айналымдылығы мен жабдықты қолдану деңгейінің төмендеуі болып табылады.

Өндірісті ұйымдастырудың ағынды әдісі Тасқынды әдістің сипаттамасы:

  • шығарылған өнім номенклатурасын минимумға дейін қысқарту;
  • өндіріс процесіндегі операцияны бөлшектеу;
  • жұмыс орнын белгңлі бір операцияны орындауға мамандандыру;
  • барлық жұмыс орнындағы операцияларды қарама-қарсы орындау;
  • техникалық процес жабдығын жүру бойынша орналастыру; еңбек заииарын операциядан операцияға беру үшін арнаулы операция аралық транспорт болу керек;
  • өндіріс үрдісінің үздіксіздігінің жоғарғы деңгейі . Ол әр операция ағымының теңдігі немесе орындалу ұзақтылығының жалпы ағымға сәйкес келуімен қамтамасыз етіледі.
Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы

Шаруашылық субъектінің өндірістік бағдарламасы сапасы талапқа сай өнімнің сұранымға лайық белгілі бір көлемі мен ассортименті және өндірістің осы өнімге нақты сұранымды қанағаттандыру мүмкіндігін көрсетеді.

Кез келген шаруашылық субъекті қызметінің негізгі міндеті - қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру және пайда табу мақсатында өнім өндіру, жұмыстарды орындау және қызмет көрсету, өндірістік бағдарлама арқылы жүзеге асады.

Шаруашылық субъектінің даму жоспарының аса маңызды бөлiмi өндірістік бағдарлама немесе өнімді өндіру жоспары. Өндірістік бағдарламаның көрсеткіштері: тауарлы (жалпы) өнімді өндірудің өсу қарқыны, натуралды түрдегі өнімнің маңызды түрлерін өндіру, оның ішінде өнім сапасының көрсеткіштері.

Жоспардың құнды өлшемдегі өнім көлемін анықтауда өнім өндіру жоспарының натуралды өлшемі оған негіз болады.

Натуралды түрдегі өнімді өндіру тапсырмалары өнімнің жеке түрлерінің тұтыну ерекшеліктерін ескеретін өлшем бірлігімен белгіленеді. Мұндай өлшем бірліктері, мысалы тонна, дана және баска да болуы мүмкін. Барлық жағдайда өлшем бірліктерінде өнімнің әртүрін өндіру мен тұтыну ерекшеліктері көрініс табуы керек Аса тиімді және жоғары сапалы өнім өндіруді ынталандыру, сол сияқты материалды, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалануға мүмкіндік туғызуы керек.

Жоспарда белгіленген өнімнің өлшем бірлігі өндірісті жоспарлау мен басқару бөлімдерінің барлығы үшінбірдей міндет. Ол өндірістік бағдарламада белгіленген ассортименттер бойынша жеткізу жоспарының келісім шарт бойынша орындалуын қамтамасыз ету үшін, сондай - ақ өнімнің сапалық көрсеткіштерімен өндірістік бағдарламаны байланыстыру үшін қажет.

Келешекте өнім сапасын арттыру тапсырмасы натуралды түрдегі өнім өндіру жоспарының ажырамас бөлігі болып табылады. Өнімнің маңызды түрлерінің сапасы өзінің техникалық, технологиялық және экономикалық көрсеткіштері бойынша өнімді жобалау мен дайындаудың барлық сатыларында отандық және шетелдік ғылымның жоғарғы жетістіктеріне сәйкес келулері керек. Осы талаптарға сәйкес ескірген өнімдерді өндірістен алып тастау және айырбастау, шығарылатын өнімнің негізгі технологиялық сипаттамаларын жақсарту, стандарт, технологиялық және басқа да құжаттар талаптарын сақтау қарастырылады.

Өнімді шығару жоспарында ескірген өнім түрлерін, яғни ел тұрғындары мен ұлттық экономиканың талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді өндірістен алып тастау тапсырмасы қарастырылады; ескірген өнімдерді айырбастаудың нақты мерзімі, сол сияқты оларды айырбастайтын жаңа өнім түрлері көрсетіледі.

Өнім шығарудың натуралды көлеміне өндірістік қуаттылығы және өнімге сияқты мөлшерлер әсер етеді . Өндірістік қуаттылықты пайдалануға сұраным тікелей iсер етеді.

ӘБ = ҚӨ К;

Мұндағы, ҚӨ - өндірістік қуаттылық,

К - қуаттылықты пайдалану коэффициенті.

Өндірістік бағдарламаның құндық көрсеткіштері мыналар:

  • өткізу көлемі;
  • тауарлы өнім;
  • жалпы өнім.

Шаруашылық субъектілердің өндірістік - шаруашылық қызметі өткізілген өнім көлемі бойынша бағаланады. Жоспарлаудағы өнімді өткізу көлемі жеткізуге арналған және жоспарлы кезеңдегі төлеуге жататын құн: дайын өнімдер, өзі өндірген жартылай фабрикаттар; сыртқа өткізуге бағытталған өндірістік сипаттағы жұмыстар: (өнеркәсіптік - өндірістік персонал күшімен орындалатын өз жабдықтары мен көлік құралдарын күрделі жөндеу) , сондай - ақ шаруашылық субъектінің балансындағы құрылысы және басқа да өндірістік емес шаруашылықтарына өткізген өнім және істелген жұмыстар.

Жоспар бойынша (ӨК) өнімді өткізу көлемін келесі формула бойынша анықтауға болады:

ӨТ=ТӨ+Қ ж. б ж. е

Мұндағы, ТӨ - жоспар бойынша тауарлы өнім көлемі;

Қ ж. б , Қ ж. е - жоспарлы кезеңнің басы мен аяғындағы өткізілмей қалған өнімнің қалдығы.

Өнімнің жалпы көлемін, оның құрылымын, еңбек өнімділігінің өсу қарқынын, қор қайтарымдылығын және басқа да экономикалық көрсеткіштерді анықтауға мүмкіндік беретін пардың маңызды көрсеткіштері, ол тауарлы және жалпы өнім.

Жоспардағы тауарлы өнім көлеміне мыналар құны кіреді:

  • сыртқа өткізуге, өзінің күрделі құрылысы мен өндірістік емес шаруашылықтарына бағытталған дайын өнім;
  • сыртқа жіберуге бағытталған, өндірілген жартылай фабрикаттар қаттар мен қосымша және қосалқы өндірістердің өнімдері;
  • басқалардын тапсырыстары бойынша немесе өзінің өндірістік емес шаруашылығы мен ұйымдарының орындаған өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстардың құны;

ТӨ = ДӨ + ЖФ + ЖҚ;

Мұндағы, ДӨ - дайын өнім құны, ЖФ - жартылай фабрикаттар құны;

ЖҚ - жұмыстар мен көрсетілген қызмет құны.

Жалпы өнім көлемі берілген жоспарлы кезеңде орындауға бағытталған барлық жұмыс көлемін құрайды . Оны мына формула бойынша анықтайды:

ӨК=ТӨ - H б + H с .

Мұндағы, Н б , Н с - жоспарлы кезеңнің басы мен соңына өз өндірісінің жартылай фабрикаттары және кұралдары, аяқталмаған өндіріс қалдықтары.

Бұрынғы еңбек әсерін жою мақсатында өндірістік қызмет нәтижесі мен өнім өндіру динамикасын анықтауда шаруашылық субъектіге байланысты көрсеткіштерін жоспарлау және өз қызметін бағалауда өнімді өткізу көлемінің орнына таза өнім көлемін қолданады.

Таза өнім көлемі тауарлы өнімнен (кәсіпорынның көтерме бағасымен) материалды шығындарды, сондай - ақ негізгі қорлардың амортизациялық аударымын шегеріп тастау арқылы анықталады. Таза өнім көрсеткішін қолдану өнімді қайта есептеуді болғызбауға, кейбір маңызды сапалық көрсеткіштер - еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы және т. б. орындауда өндірістік ұжымдардың іс әрекетін нақты анықтауға мүмкіндік береді.

Шаруашылық субъектінің өндірістік бағдарламасын анықтау үшін өндірістік қуаттылық есебі болуы керек.

Өндірістік бағдарламаны құру мақсатында өнімге сұранысты зерттеуде отандық кәсіпкерлер өздерінің күнделікті қызметіне шет ел тәжірибелерін ескеріп отырады. Бұрынғы қалыптасқан өндірістік-шаруашылық байланыстарды қалпына келтіруге, осының негізінде, ең алдымен, өндірісті - техникалық бағыттағы өнімдерді жеткізу келісімшарттарын жасауға ерекше көңіл аударылады.

Натуралды түрдегі өнімді жеткізу туралы келісімшарты, сұранысты есептеудің басқа да нысандары негізінде өнімнің әр түрі бойынша оларды өнімді өндіру көлемі есептеледі (ол өнімнің белгілі бір түрінің көлеміне оның жоспарлы кезең соңындағы қоймадағы запасын қосып, одан жоспарлы кезең басындағы запасын шегеріп тастағанаға тең) .

Шаруашылық субъектінің өндірістік бағдарламасы бұл берілген сұраныс пен кәсіпорынның осы сұранысты нақты қанағаттандыру мүмкіндігін көрсететін өнімнің белгілі бір сапаға сәйкес келемі мен ассортименті.

Өндірістік бағдарлама маркетингтік зерттеулер негізін де құрастырылады. Маркетинг - бұл нақты тұтынушылар үшін қажетті жоспарлау, баға белгілеу, сату, тауарларды жеткізу мен қызмет көрсетуді қамтитын және өзара байланысқан шаруашылық субъектілер қызметтерінің жүйесі.

Маркетинг үрдісі тұтынушылардың нақты бір өнімге ықыласын іске асыру және оның өндірісін ұйымдастырудан басталып содан соң тұтынушылардың сол өнімге тұрақты қызығушылығын туғызғандай етіп базарға жеткізу.

Маркетинг үрдісі тұтынушылардың нақты бір өнімге ықыласын іске асыру және оның өндірісін ұйымдастырудан басталып содан соң тұтынушылардың сол өнімге тұрақты қызығушылығын туғызғандай етіп базарға жеткізуі керек.

Өндірістік бағдарламаны маркетингтік жете зерттеу негізінде келесідей жүйелі түрде құруға кіріседі.

  • нені және қандай көлемде сатуға болады деген маркетологтардың ұсыныстары негізінде натуралды түрдегі өнімнің номенклатурасы мен ассортименті анықталады. Бұл таңдау қолдағы бар жабдықтар, технология, шикізат және материалдармен, көлік құралдарымен қамтамасыз ету негізінде жасалынады;
  • жеткізу (сату) көлемін есептеу және жоспарлы кезеңнің басы мен аяғында өткізілмей қалған дайын өнім қалдықтарының өзгеруі негізінде әр өнімді өндірудің натуралды түрдегі көлемі анықталады, өнімнің жеке түрлерін өндіру көлемі өндірістік қуаттылықпен дәлелденеді;
  • өнімді өндірудің натуралды көлемі негізінде құндық көрсеткіштер анықталады .

Өндірістік бағдарламаны жоспарлау . Қазіргі жағдайда бизнес - жоспар жоспарлаудың маңызды құралдарының бірі болып табылады.

Ежелден ол өз беттерінше жеке іс жүргізу қиынға соққан, жобаларын іске асыру үшін сырттан (әріптестен немесе инвестордан ) көмекке мұқтаж шағын және орта бизнестің қажетті құралы болып келді. Бүгінде бизнес - жоспарлар, өздерінің дәстүрлі бағытын сақтай отырып, барлық шаруашылық субъектілерінде тұрақты түрде жасалынады. Олар ішкі фирмалық жоспарлаудың барлық жүйесінің қозғаушы күші болып табылады.

Соңғы онжылдықта біздің елде бизнес - жоспардың жоспарлаудағы рөлінің өсуі ерекше айқын білінді. Бұл келесідей себеттерге байланысты болды:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық басқару
Операционды менеджментті басқару жүйелеріндегі жобалаудың негізі операционды стратегиясы
Мемлекетті басқарудың мәні мен ерекшеліктері
Басқару жүйесіне түсінік беру
Басқару құрылымының ерекшеліктері
Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде
Басқару есебі мен қаржы есебінің салыстырмалы сипаттамасы
Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде. Менеджмент туралы жалпы түсінік
Менеджменттің негізгі бағыттары мен Қазақстандағы менеджменттің дамуы
Мемлекетті басқарудың мәні мен ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz