Түркістан үкіметінің мүшелері
Реферат
Пәні: Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Тақырыбы:
Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ түрік университеті
Заң факултеті
Орындаған: Оразбек Г.
Қабылдаған: Тулегенов Е.
Қазақ АССР және Түркістан Республикасы
Бұрынғы Ресей империясының ұлттық шетінде, соның ішінде Қазақстанда Кеңес өкіметі орнағаннан кейін кеңестік ұлттық мемлекеттілікті құру туралы мәселе көтерілді.
Елдің шығысындағы алғашқы кеңестік ұлттық Республика Түркістан Кеңестерінің V съезінде жарияланған Түркістан АКСР болды. 1918 ж.30 сәуірде Қазіргі Қазақстанның оңтүстік облыстары (Бұрынғы Сырдария және Жетісу) Түркістан республикасының құрамына кірді.
1918 жылдың аяғы мен 1920 жылдың басында Қазақ кеңестік автономиясының қалыптасуына қызу дайындық жүріп жатты. 1920 жылдың қаңтар айының басында Ақтөбе қаласында Түркістан мен Сібірдің қазақ аудандары депутаттарының қатысуымен бірінші өлкелік кеңес конференциясы өтті. 1920 жылдың тамыз айының басында ұлттар істері жөніндегі Халық Комиссариаты жанында Қазревкам, Сибревкам және Түркия өкілдерінің кеңесі өтті, онда Ақмола және Семей облыстарын Қазақстанға беру және соңғысының РСФСР-ға қатынасы туралы мәселе түпкілікті шешілді.
17 тамызда Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Автономиялық Социалистік Республикасын құру туралы декрет жобасын РСФСР ХКК қарап, мақұлдады, ал 1920 жылғы 26 тамызда бұл жарлық бекітілді және күшіне енді.
22 қыркүйек 1920 ж.БОАК жаңа. декретпен Қаз АССР құрамына Орынбор губерниясын қосымша енгізді.
1920 ж.4-12 қазанда Орынборда С. С. Меңдешев басқарған Орталық Атқарушы комитетті және В. Радус - Зенькович бастаған Халық Комиссарлары Кеңесін сайлаған Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезі өтті. Қазақстан Ресей құрамындағы автономияға айналды және Астана болып Орынбор қаласы жарияланды. Осыған байланысты Орынбор губерниясы 1920 жылдың қыркүйегінде ҚазССР құрамына кірді. Қазақстанның партиялық ұйымдарын ыңғайлы басқару үшін Ресей коммунистік партиясының облыстық бюросы мен РКП ОК жанындағы Қазақ бюросы құрылды. Республика аумағы 2 миллионға жуық, халқы 5 миллионға жуық. құрамына Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Маңғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахан губерниясының бір бөлігі кірді.
Түркістанның құрамына кіретін Жетісу және Сырдария облыстарын Қазақстанға қосу идеясы азаматтық соғыс кезінде пайда болды. Бұл облыстардың қазақ халқы Солтүстік аудандармен бір республикаға бірігуді үнемі жақтап отырды. Бұл Орталық Азиядағы пантюркистік және панисламистік идеяларды әлсірету үшін Түркістан республикасын бөлуге мүдделі орталық биліктің жоспарларымен сәйкес келді 1924 жылы ТАССР жойылып, өзбек және түрікмен республикаларына бөлінді, кейінірек Қырғыз және тәжік республикалары пайда болды. Оңтүстік облыстар Қазақстанға қосылды. Орынбор губерниясының бір бөлігі Орынбор қаласымен бірге Ресейге берілді, осыған байланысты Қазақстанның жаңа Астанасы туралы мәселе туындады. Таңдау Сырдария облысының орталығы Перовскке түсіп, Қызыл Орда деп аталды. Бір Республика құрамында барлық қазақ жерлерінің бірігуі қазақ халқының тарихындағы маңызды кезең болды және қазақ мемлекеттілігінің жандануында өте маңызды рөл атқарды.
Мұсылман бюросы және Түрккомиссия
Тұрар Рысқұловтың түркі тұтастығы үшін күресі
Тұрар Рысқұлов Түркістан Республикасы Халкомкеңесінің төрағасы лауазымымен 1923 жылғы сәуірде Ресей компартиясының 12-шi cъезіне делегат болып қатысты. Cол съезде Орталық Комитеттің мүшелігіне кандидат болып сайланды. Бұған дейін ол 16-шы жыл көтерілісшілерін қолдаған, 17-ші жылғы Ақпан революциясы жол ашқан саяси мүмкіндіктер ауқымында қоғамдық өмірге белсене араласып, жастар ұйымын құрған. Сол жылғы қыркүйекте большевиктік партия мүшесі болған. Ал Қазан төңкерісінен кейін кеңес өкіметінің Әулиеата үйездік буынында белсенді ұйымдастырушылық жұмыстар атқарған. 1919 жылдың күзіндегі Кеңестер съезінде Түркреспубликаның Денсаулық сақтау халық комиссары лауазымына сайланып, үкімет құрамына кірді. Республикалық деңгейдегі қызметтерінде, әсіресе түрлі комиссариат өкілдерін біріктірген арнайы комиссияны басқарып ашаршылықпен күресу кезінде қилы астам да қазақ мүддесіне шекеден қараушылықтармен бетпе-бет келе жүріп, ұлт мәселесін терең түсінді. Түркатком төрағасының әуелі орынбасары, сосын төрағасы лауазымында өлкенің ұлттық тұрғыда дамуына бар күш-жігерін жұмсады. Түркістан халықтарының біртұтастығын паш ететін ірі шешімдер қабылдауға қол жеткізді. Одан Мәскеуде екі жылдай Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатында қызмет атқарғаннан кейін, 1922 жылдың күзінде Ташкентке қайта оралып, Түркреспубликаның Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы болған-ды. Партия форумына осы лауазымымен келген.
12-шi cъезде ұлт мәселесі қаралды. Ұлт мәселесі бұған дейін В.И. Лениннің қатысуымен өткен 1919 жылғы 8-ші, 1921 жылғы 10-шы съездерде сөз болған. Ленин денсаулығына байланысты тұңғыш рет қатыса алмаған бұл съезде большевиктік партия билікке келгеннен бергі бес жылдық тәжірибе ескерілген-тін. 12-шi cъезде И.В. Сталиннің Партиялық және мемлекеттік құрылыстағы ұлттық сәттер туралы баяндама деп аталған, іс жүзінде қалыптасып жатқан жаңа коммунистік империяда ұлт мәселесінің қойылу реті мен шешілу жолдары белгіленген баяндамасы тыңдалып, талқыланды. Содан он шақты жыл бұрын, монархия мызғымастай боп тұрған шақта, Ленин Сталинді ұлт мәселесі туралы алғашқы большевиктік еңбек жазуға кіріскен тамаша грузин деп атаған еді. Сол тамаша грузин большевизм билікті басып алғаннан бастап алғашқы кеңес үкіметі құрамында ұлт істері жөніндегі халық комиссары - наркомнац болды да, кеңестік негіздегі ұлттық-мемлекеттік құрылыстың, 1922 жылы республикалар одағын құрудың бел ортасында жүрген. Партиялық форумдарда ұлттық құрылыс мәселелерін талқылап тұруға ұйтқы боп тұрған. Енді 12-ші съездегі баяндамасына орай болған жарыссөзді мұқият тыңдап, талқылауларды қорытындылады, қабылдануға қойылған қарар жобасына ұсынылған түзетулерге жауап берді. Сталин коммунистердің күллі қызметінің негізі - жұмысшылар өкіметін нығайтуға бағытталған жұмыс деді, ал ұлт мәселесі - әрине маңызды, бірақ одан кейін қолға алынатын, жұмысшылар өкіметін нығайту мәселесіне бағынатын шаруа екенін айтты. Пролетариат диктатурасының саяси негізі - шаруалар елдері саналатын шет аймақтар емес, ең алдымен және ең бастысы орталық өнеркәсіпті аудандар боп табылатынына баса назар аударды. Халықтардың өз тағдырын өзі айқындау құқынан басқа, жұмысшы табының өз өкіметін күшейтуге құқы барын, халықтардың өз тағдырын өзі айқындауға хақылығы тап соған, таптық құққа бағынышты жағдайда тұратынын еске ұстау керек деді. Билікке келген жұмысшы табының өз диктатурасын жүзеге асыруына кедергі жасамау керек деді.
Ленин ұлт мәселесінің жұмысшы мәселесіне бағынышты болатынына Маркстің өзі күдік келтірмегенін айтқан деді Сталин, сөйдеп, көсемнің осы пайымын ұлт мүддесін тез шешуге тым ынталанушы жолдастар ұмытпағаны жөн болмағын ескертті. Кеңестердің жалпыодақтық съезінде сайланатын, бірінші палата болуға тиіс таптық өкілдікпен қатар, ұлттардың өкілдігінен құралатын екінші палата жасауды ұсынды. Қарарда ұлттық республикалар мен ұлттық облыстар өкілдіктерінің теңдік негізде арнайы органы (екінші палата) тағайындалу қажеттігі жазылған бабты осы республикалар құрамына кіретін барлық ұлттарды есепке алу мүмкіндігімен деген сөздерді қосуды ұсынды. Өйткені кей республикаларда, мәселен, Түркістан Республикасында өзбектер, түрікмендер, қазақтар және басқа да ұлыстар бар болғандықтан, олардың әрқайсысынан өкілдер болуын қамтамасыз ететіндей өкілдік құру қажет деді.
Ұлт мәселесінің қойылу тәртібін Сталин өстіп нобайлаған. Онымен қоймай, араға екі айдай уақыт салып, съездің шешімдерін орындауға жаппай кіріскен кезеңде, ұлт қайраткерлерімен арнайы мәслихаттасып алуды қош көрді. 1923 жылғы маусымда Орталық Комитет ұлттық республикаларда істейтін жауапты қызметкерлермен атақты 4-ші кеңесті өткізді. Сталин жобалаған ауқымда өткен бұл мәжіліс барша билікті бір орталықтандырудың күшейгенін, яғни централизм күштерінің нығайғанын және республикалардың дербестігін күйттеген күштердің әлсірегенін көрсетті, ұлт мүддесін ойлау өрісінің, 12-ші съездің шешімдерін бетке ұстағандпай көрінгенмен, мүлдем тарылғанына көз жеткізді.
4-ші кеңесте Сталин барлық советтік республикалар ішінде - Шығысты революцияландыру тұрғысынан қарағанда, Түркістанның неғұрлым маңызды республика екенін атап көрсетті. Түркістан Республикасы қайраткерлерін, әсіресе Тұрар Рысқұловты, қатаң сынға алды. Бас саяси басқарма (ГПУ) ұлт мәселесінде Сталин саясатына кереғар көзқараста болғаны үшін тұтқындаған көрнекті революционер Мирсаид Сұлтанғалиев тағдырын мысал етіп, бұдан былай ұлт қайраткерлерінің қызметі қалай шектелетінін танытты. Қорытынды сөзінде алдағы уақытта Түркістанды үлгілі республика ету, оны Шығысты революцияшылдандырудың алдыңғы бекетіне айналдыру міндеті тұрғанын айтты. Және бұл мәселені шешуді біз күш-қуатымызды аямай жұмсап, құрбандықтарға аялдамастан, қайткенде жүзеге асыруға тиіспіз деді.
Әділін айтқанда, Сталин 1923 жылы міндеттеп отырған революция идеяларымен барша Шығысты рухтандыруға тиіс алғы шепке Түркістанды айналдыру мәселесін Тұрар Рысқұлов 1920 жылы көтеріп, белгілі дәрежеде өмірге енгізген еді. Былай болған. РК(б)П Түркістан өлкелік ұйымының 1919 жылғы наурызда өткен 2-ші конференциясында республикадағы партиялық басшылық істері мен ұйымдастырушылық жұмыстарды жақсартуға көмекші құрылым ретінде Мұсылман бюросы құрылған болатын. Мұсбюроның төрағалығына Тұрар Рысқұлов сайланған-ды. Ол Мәскеудегі партияның Орталық комитетіне, Шығыс халықтары коммунистік ұйымдарының Орталық бюросына Түркістандағы Мұсбюроның алға қойған мақсаты: кеңес өкіметінің экономикалық құрылысына және республика халқының 95 пайызын құрайтын мұсылмандардың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салтын қайта құруға көмектесу деп хабарлады. Түркатком басшыларының және өлкепартком мүшелерінің бірі ретінде Мұсылман бюросы жұмысын нағыз революцияшылдық күш-жігер жұмсап, жолға қойды. Мұсбюро мемлекеттік және партиялық жұмыстарда істеуге тиіс мамандарды мұсылмандар арасынан даярлау үшін ұйымдық-үгіттік курс ұйымдастырды. Тұрардың өзі жергілікті халық өкілдерін партия-кеңес қызметіне тартуды көздейтін осы арнайы курстың тыңдаушылары үшін оқу бағдарламасын жасады. Өстіп, жергілікті халықтар ішінен ұлт қызметкерлерін тәрбиелеуге, оқытуға, олардың кеңес мекемелеріндегі қатарын көбейтуге атсалысты. Курсты бітірген ұлттық кадрлар партия-кеңес қызметінде, үкімет мекемелерінде, шаруашылықтың түрлі салаларында жұмыс істеуге жіберіліп жатты.
Сонымен бірге Тұрар 1919 жылғы 29 сәуірде Ферғана облысындағы басмашылықпен күресу жөнінде Түркатком құрған төтенше комиссияның төрағасы болды. Көтерілісшілер қозғалысын ауыздықтау үшін большевизм Ферғанаға қызыләскер бөлімшелерін үстін-үстін аттандырып, өлкедегі кірмелерді - шаруалар мен армян-дашнактарды қаруландырып отырған-ды. Комиссиямен Ферғана облысына барып, жағдайды тікелей зерттеп қайтқан Рысқұлов осы жәйтті және көтерілісшілер (яғни советтік терминология бойынша басмашылар) қатарының ұлғая түсуіне совет қызметкерлері мен армяндардың Дашнакцютун партиясының Қоқан қырғынынан (Түркістан автономиясын құлатқаннан) бері жалғастырып келе жатқан арандатушылық іс-әрекеттері, бейбіт жұртқа жасаған зорлық-зомбылығы себеп болып отырғанын анықтады. Тұрар Рысқұлов Түркатком мәжілісінде жасаған баяндамасында саяси ахуалды жақсартуды көздейтін шаралар ретінде, Ферғанада маскүнемдікке салынып, теріс қылықтар жасап жүрген әскери бөлімдерді кері қайтарып алу, Дашнакцютун партиясын заңнан тыс деп жариялап, қылмыс жасаған мүшелерін соттау, Ферғанадағы саяси және мемлекеттік билік орындарын жергілікті қайраткерлерге беру, басқа да мәселелерді шешу қажеттігін көтерді. Комиссия атынан арнайы бұйрық шығарып, жергілікті халық арасында орасан зор қылмыстар жасауға жетекшілік еткен Дашнакцютун партиясының мүшелері мен қызыләскер қатарында жоқ барлық армяндарды қолдарындағы қаруларын түгел тапсыруға міндеттеді. Рысқұловтың ұсынысына сәйкес, өлкепартком Түркістан өлкесіндегі Дашнакцютун партиясының қызметін толығымен тоқтату жайында қаулы қабылдады. Сондай-ақ Рысқұлов өлкеде көтерілісшілерге кешірім жариялап, құрбашылармен келіссөздер жүргізу арқылы бейбіт өмір орнату әдісін ұсынды. Осы саяси жолдың дұрыстығын өмірдің өзі дәлелдеді.
Рысқұловты осылай кең пішіп ойлайтын ұлт қайраткері еткен қасиет, саяси және ұйымдастырушылық қызметінің басты бағыты, өзі мойындағандай, отаршылдықпен күресу болды. Мен коммунист ретінде эксплуатацияның қилы түріне қарсы тұрдым, Түркістанда отаршылдар озбырлығы жойылмайынша, шынайы Совет өкіметін жасау... мүмкін емес - деп жазған еді ол өз өмірбаянында. Өлкенің революцияға дейінгі жарты ғасыр бойы патшалық отары болғаны мәлім. Осы уақыт бойы самодержавиенің басқыншылықпен жүргізген отарлау саясаты патшалықты алмастырған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz