Сөз тудырудағы грамматикалық қателер


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ . . . 3

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. Мектепке дейінгі балалардың грамматикалық

дағдыларын қалыптастыру

2. 1 Тілдегі грамматикалық мағыналар, грамматикалық қателердің

сипаты . . . 5

2. 2 Бес - алты жастағы балалардың грамматикалық дағдыларды

қалыптастырудың әдістері мен тәсілдері . . . 8

2. 3 Бес -алты жастағы бала үшін сөзбен елестетуге сүйену

тәсілі . . . 18

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 30

Кіріспе

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтің «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өз елінің өкілдері болады» деп көрсетілгендей-ақ, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы - бүгінгі ұрпақ. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілетін, нақты мүмкіншілігін анықтап, ана тілінде еркін, сауатты, жүйелі сөйлеулерін дамыту, соған негіздеп оқыту - бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: “білім беру жүйесінің басым міндеттеріңде: білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы парасатын байыту”-деп атап көрсеткен. Осыған сәйкес қоғам алдына білім жүйесін саналық жағынан жаңарту, жалпы білім беретін XXI ғасыр мектебінің жаңа моделін таңдау, балалардың жеке басын үйлесімді дамытуға бағыттайтын міндеттер қойылып отыр.

Жұмыстың мақсаты: 5-6 жастағы балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру туралы ұғым беру.

Жұмыстың міндеті:

- оқушылардың жас ерекшелігін ескеру;

- оқыту принциптерін басшылыққа алу;

- тақырыпқа сәйкес әдістемелік, педагогикалық еңбектерге сараптама жасау;

- сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшелігін меңгерту, яғни сөздегі дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.

Жұмыстың өзектілігі:

Тілді, оның ішінде балаларды ана тілін оқыту барысында балалардың сөйлеу дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдар немесе грамматиканы меңгертуге көп назар аудару қажет пе деген мәселенің айналасындағы бір-біріне кереғар пікірлер бұрынғы кеңес мектебінің 70 жылдан астам тарихының өн бойында үнемі жалғасып келді. Мәселен, 20-жылдары «грамматиканы арнайы оқытудың қажеті жоқ, ол сөйлеу барысында балалар өздері-ақ үйренеді» деген көзқарас үстем болса, 30-жылдардың бас кезінен бастап кеңес мектептерінде балаларды сөйлеу, жазу дағдыларын үйрету тілдің грамматикалық жүйелерін меңгертумен қатар жүргізіле бастады.

Балабақшада тілді оқыту барысы мынандай мәселелерді қамтиды:

- грамматиканы меңгерту;

- грамматикалық дағдыларды қалыптастыру.

Жаңа бағдарлама бойынша осы аталған мәселелердің арасында тығыз байланыс орнату қажет деп табылды. Бұрын балалардың орфографиялық дағдысын қалыптастыру грамматикалық ұғымдарды меңгертуге, байланыстырып сөйлеуді дамытуға бағытталған жұмыстармен байланыссыз жүргізілсе, немесе грамматикалық ұғымдарды меңгерту тілдің лексикалық және синтаксистік жүйесін оқытумен ұштастырылмаса, енді мұның бәрін бір мақсатқа балалардың өз ойларын мазмұнды, грамматикалық тұрғыдан сауатты, стильдік жағынан ойын дәл бейнелеп айта білу дағдыларын қалыптастыруға бағындыру қажет болды.

Бұл тұста орыс ғалымдары Д. Н. Богоявленскийдің, Н. Ф. Жуйковтың, Н. С. Рождественскийдің, Е. Г. Шашкованың және т. б. балаларға грамматикалық ұғымдарды беру негізінде олардың дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мәселелерін қарастырған құнды зерттеулері болғаны белгілі. 60-70- жылдары қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру мәселелерін қарастырған әдіскер-ғалымдар да (М. Балақаев, Р. Әміров, С. Рахметова, Ш. Әуелбаев, А. Асқарбаева, О. Байқуатова т. б. ) өз еңбектерінде балалардың дұрыс сөйлеу, грамматикалық дағдыларын қалыптастыру және оларға грамматикалық ұғымдар беру жұмыстарының тиімді үйлесімін табу, оңайлы әдіс-тәсілдерін жүйесін қолдану мәселелері әр түрлі ыңғайда қарастырылды. Алайда бұл мәселелер 80-жылдардың аяқ кезіндегі балаларды 6 жастан бастап оқытуға көшкен төрт жылдық бастауыш сыныптарында өз шешімін әлі толық тапқан жоқ деуге болады. Грамматиканы оқытуда басты назарды зат есімді оқытуға аударған жөн. Себебі, келесіде, бастауыш мектепте зат есімді басқа сөз таптарымен байланыстыра оқытады. Сондықтан тақырып өзекті.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ Мектепке дейінгі балалардың грамматикалық дағдларын қалыптастыру

2. 1 Тілдегі грамматикалық мағыналар, грамматикалық қателердің сипаты

Грамматикалық мағыналар - бұл болмыс кұбылыстары арасындағы сөз арқылы білдірілетін қарым-қатынастар мағынасы, яғни бұл логикалық (ойлағыштық) қатардың тілдік мағыналары. Грамматикалық мағыналар сөз тудырушы морфемаларға және синтаксисте грамматикалық мағыналарға бөлінеді. Тілді түсіну үшін оны құрайтын сөздердің лексикалық мағыналарын білу аз, сонымен бірге осы сөздердің арасындағы грамматикалық қатынастарды түсіну ксрек, Мысалы, бала лексикалық мағынаны, яғни АЛМА ағашы, отырғызу сөздерінің тілден тысқары болмыспен арақатынасын білуі мүмкін, алайда «алма ағашы отырғызылды» немесе «алма ағашын отырғызады» деген сөйлемдердің құрамында жұмсалып тұрған грамматикалық мағыналарды білмейді (предикатты, яғни баяндауыштық қатынастарды білдіретін зат есімнің атау септігі мен ырықсыз етістін немесе толықтауыштык, заттық қатынастарды білдіретін зат есімнің табыс септігі мен етістіктің 3-жағының шақ формаларының мағынасын түсінбейді) . Егер балаға грамматикалық тұлғаның мағынасы түсініксіз болса, ол сөйлемдегі айтылған ойды да түсінбейді.

Ана тілінід грамматикалық мағыналарын үйретудің қиындығы мынада бұл мағыналарды оқытушының өзі (ана, тәрбиеші, кейде тіпті мектептегі мұғалім) жете түсінбейді және оларды ана тілін табиғи қабылдау процесінде меңгеріп, интуициялық жолмен қолданады. Грамматикалық мағыналарды меңгерудің өзі (интуициялық, жеткіліксіз дәрежеде) адамды ойлана білетін етеді.

Мұнан оқытушының (ананың, тәрбиешінің, мұғалімнің) ең маңызды қамқорлығы балалар ана тілінің грамматикалық тұлғаларының бәрін де (бәрін!) мүмкіндігінше ертерек естіп және олардың саналарына біртіндеп ене беруін қамтамасыз етуге бағытталуы керек деген қорытынды шығады, Ана тілдің грамматикалық, мағыналарын түсіну жас жеткіншекке ақыл кіру жене оның дамуы процесі болып табылады. Бұл процесс санадан тыс жүретінін қайталап айтамыз. Алайда егер бұл процесс нашар оқытылу арқылы бәсеңдетілетін болса, баланың ақыл-ойының өсуі шектеліп қалады. Мектепке дейін ана тілінің грамматикалық құрылысын үйренбеген бала нашар оқиды, өйткені ол мектепте оқылатын болмыс құбылыстарынан арасындағы байланыстар мен қатынастарды түсінуге қабілеті жетпейді (3) .

Грамматикалық мағыналарды үйрену процесінде балада грамматикалық дағдылар калыптасады.

Бала тіліндегі грамматикалық қателердің сипаты: Амал канша, біздің методикада балалардың грамматикалық мағыналарды үйренуі үстінде онын артта қалу жағдайын қалай ертерек анықтауға болатыны туралы ешқандай нұсқау жоқ. Біз бұл қолайсыз жағдайды бала әбден мектепке барып, қашан I кластың сабағын меңгеруге қабілеті жетпей қалғанда ғана сеземіз және ол кезде бұл қателікті түзетудің өзі қиын.

Бірақ сөз тудыру мен сөз түрлендіру процесіндегі баланың грамматикалық қателерін түзету құралдары жеткілікті түрде талдап зерттелген. Бұл қателер грамматикалық мағыналарды үйрену процесінің қалыпты жүретінін, бала өз ана тілінде қаншалықты грамматикалық мағыналар болатынын біліп алғанын және оған сол грамматикалық мағыналарды бейнелейтін үлгілерді жеткізген өз тәрбиешісінің педагогтық талантының шама-шарқына байланысты мөлшерде біліп шыққанын көрсетеді. Тілдегі грамматикалық формаларды түсіну (интуициялық) жолына дер кезінде бағытталмаған бала көбіне үндемей отыра беретіндіктен мұннан қателерді болдырмайды.

Балалардың тіліндегі қолданылын жүрген грамматикалық формаларды олардың түсінетіндігін, алайда оларды сөйлеу кезінде қалай жұмсауды әлі есте сақтай алмағандығын - тілдік нормаларды әрі үйренбегендігін көрсететін грамматикалық қателерден мысалдар келтірейік.

Сөз тудырудағы грамматикалық қателер. Балалар өздерінің үйренген, сөздеріне құсас өзіндік сөздер жасап алады. Мысалы:

Тракторист сөзіне ұқсату арқылы: «комбайнист» - «Комбайнист егін орып жүр» (5 жас) ; «Электрист» - «Электристің резина қолғабы бар» (4 жас) ;

Қыстық сөзіне ұқсату арқылы: «көктемдік» - «Мамам маған көктемдік киім сатып алып берді»; «балалық» - «Біздің үйде балалық кішкене үстел бар».

Мұндай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады: өз сөзін «шығармай» дұрыс дамыған бала кемде - кем.

Ересек адамдар баланың бұл жаңа сөздерінің грамматикалық мағыналары сол жан ғана себепке қатысты екенін дұрыс қалпында түсінеді, шын мәнісінде мұнда мағына жағынан грамматикалық қате жоқ та жұрнақтар толығымен ойдан шығарылған, олардың білдіріп тұрған мағынасы ғана дұрыс; мұндағы қате сол, балалар бұл жұрнақтардың әдеби тілде қандай түбірлік морфемалармен бірге келетіндерін есте сақтай алмаған.

Сөз түрлендірудегі грамматикалық қателер. Балалар сөйлегенде сөзді әдетте септеудің немесе жіктеудін өнімді типі бойынша өзгертеді, ал өнімсіз типті олар әдетте кейінірек үйренеді және де егер оларға мұндайда дер кезінде көмек бермесе, сөз түрлендірудегі қателер оларды түзету әлде - қайда қиынға соғатын кезге, яғни мектепке дейін «ілесіп барады».

Сөз түрлендірудің өнімсіз типіне жеу, жүру (көлікпен), өсу тәрізді етістіктер, фонетикалық өзгешеліктермен септелетін зат есімдер (барлығы 10 сөзге дейін) және басқа сөздер жатады, алайда бұл сөздер тілде ете кездеседі, сондықтан олардың қате түрі әрқашан айқын білініп тұрады.

Мұндай типті грамматикалық қателердің түрлері мынадай:

  • зат есімшенің көпше түрінің бір фонетикалық вариантының орнына екіншісінің қолданылуы: «жолдар», «көлдер» типі бойынша -лар (-лер) вариантының орнына -дар (-дер) айтылады: «үйдер», «терезелер», «баладар», «машинадар»;
  • зат есімнің септік жалғауларының фонетикалық варианттары бірінің орнына бірі қолданылуы: «баладың» («баланың» деудің орнына), «столқа» («столға» деудің орнына), «адамты» («адамды» деудің орнына), «бақшатан» («бақшадан» деудің орнына), «балабен» («баламен» деудің орнына) ;
  • стильдік жағынан бір септік жалғауының орнына екіншінің бір септік жалғауының қолданылуы: «үйде бардым» (дұрысы - «үйге бардым»), «машинада міндім» (дұрысы - «машинаға міндім»), «жолда бардым» (дұрысы - «жолмен бардым»), «орындыкқа отыр» (дұрысы - «орындыққа отыр»), «орманда кетті» (дұрысы - «орманға кетті»), «кино бардым (дұрысы - «киноға бардым») ;
  • табыс септігі жалғауын стильдік жағынан дұрыс қолдана білмеу: «Мен бейне суретті салдым» (дұрысы - «Мен кеше сурет салдым»), «Жазуды жазды» (дұрысы - «Жазу жаздым») ;
  • септелмейтін зат есімдерді септеу;
  • салыстырмалы шырайдың жасалуы кезіндегі сын есім түбірлерінде дауыссыздардың алмасуының болмауы;
  • етістіктің жіктік жалғауларын бірінің орнына бірін қолдану: тәрбиешінің қойған сұрағына орай жіктік жалғауының 1-жағы жекеше түрдегі етістік 2-жақ жекеше түрде немесе 3-жақ жекеше түрде айтылады. Мысалы: - Сен көп ойнадың ба? - Иә, мен көп ойнадым. - Мына суретті кім салды? - Бұл суретті мен салдым;
  • сан есіммен тіркесіп келген тәуелдік жалғаулы зат есім септелгенде тәуелдік жалғауының түсіп қалуы: «ит бес күшікпен келді» (дұрысы -«ит бес күшігімен келді»), «тауық екі балапанмен келді» (дұрысы -«тауық екі балапанымен келді») (7) .

Әрине, балалар, әдет бойынша тілде етістіктің есімше, көсемше тұлғаларын қолдана алмайды, себебі оларды үлкендердің сөзінен сирек естиді: үлкендер балалар түсінбейді деп қорқып, бұл грамматикалық тұлғаларды аз қолдануға тырысады, бірақ сонан соң, VI класта, яғни бұл тұлғаларды оқитын кез келгенде, әдетте, балалар оларды үйренуге даярланбаған болып шығады. Осының салдарынан көптеген баланың тілі грамматикалық катынасы жағынан алғанда жүдеу болып шығады.

Тәрбиеші балалардың диалектік қателерін де есепке алуына тура келеді, мысалы, олар баланың қай облыста тұруына байланысты болып келетін зат есімнің ілік септік жалғауын немесе ілік септігіндегі сөзбен тіркесіп келген тәуелдік жалғаулы сөзді қолдану кезіндегі және басқа да кездердегі қателер: «менің ойыншығым», «менің ойыншық», «сенікі қуыршақ», «сенің қуыршақ», «біздің аюым», Балалардың тіліндегі диалектикалық қателерді жою баланың үйдегі ересектердің сөзінен кейде тіпті бала бақшада да үнемі естіп жүретіндіктен қиынға түседі.

2. 2 Бес - алты жастағы балалардың грамматикалық дағдыларды қалыптастырудың әдістері мен тәсілдері

Грамматика бойынша жүргізілетін жаттығулар балалардың осыған дейін үйреніп болған лексикалық және фонетикалық материалдарын бекітуге арналған жаттығуларымен қатар жүргізіледі. Балалар алдын ала аздаған сөз мөлшіерін үйренбейінше, дыбыстарды қалай айтуды және сөйлем интонациясының ерскшеліктерін білмейінше грамматикалық жаттығулар жүргізу мүмкін емес. Балалардың тілін грамматикалық формалармен байыту олардың сөздік қорын молайту мен фонетикалық дағдыларын дамыту процесінде жүреді.

Тәрбиешінің негізгі міндеті балаларды практикада фразалық тілді пайдалана білуге үйрету, яғни тілде негізгі грамматикалық категорияларды дұрыс пайдаланудан, сөзді практикада жекелік, көптік, септік, шақтық, жақтық формалармен түрлендіру дағдысын қалыптастырудан тұратын себебі сол. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін тәрбиеші пәндік сабақтарда арнайы грамматикалық жаттығулар жүргізеді.

Біздің тіліміздегі сөздердің жартысынан көбі зат есімдерден құралатындықтан, грамматикалық құрылым үстінде жүргізілетін жұмысты зат есімдермен танысудан бастау керек, зат есімдердің түрленуі негізінде басқа сөз таптары да өзгеріске түсіп отырады: сын есімдер - септіктерге, жекеше, көпше түрге; сын есімдер мен етістіктер өткен шақта - жекеше, көпше түрге түрленеді (5) .

Зат есімдердің түрленуі үстінде жүргізілетін жұмысты табыс септігінен, яғни табыс септігін атау септігімен салыстыра отырып бастау керек, сонан соң өте нақты және түсінуге жеңіл септіктер ретінде барыс пен көмектес септікті үйрету керек, тек содан кейін ғана ілік септігі мен жатыс септігінің кейбір мағыналарымен, осы септіктердің негізінде жасалған жатыс септігіндегі тіркестермен және кайда? (кай жерде?), (қайда? (қай жақта?), қайдан? деген сұрақтардың айырмашылықтарымен таныстыру керек.

Мекендік үстеулерді түсініп игеруге ерекше көңіл болу керек. Жатыс септігіндегі тіркестер септіктердің басқа негізгі формаларымен байланысты болып келеді, сондықтан практикада үстеулермен танысуды септіктермен бірге жүргізген қолайлы. Ең алдымен балалар ішінде - үстінде; астында - түбінде; жанында - қасында - маңында; алдында; артында деген үстеулердің айырмашылықтарын түсінуі керек. Аталған үстеу сөздер күнделікті өмірде жиі қолданылатын, түсінуге жеңіл әрі оңай сөздер. Мысалы: қарындашы қораптың ішіне, үстіне, астына қой; қораптың үстінен қарындашты ал; қарындашты қораптың ішінен алып таста; оны қораптың жанына қатарластырып қой. Бұл түсінікті бекіту үшін әрекет пен тілді салыстырып отырған өте маңызды.

Балалар сөйлегенде үстеулерді пайдалана білуге үйрету кезінде оны интонация арқылы бөлектеп, ерекшелеп көрсеткен дұрыс: үстел үстінде, астында жатыр; үстел үстінен, терезе алдынан алып тастады; үстелдің астына қойды, үстелдің астында отырды.

Балалар зат есімнің септік тұлғаларын үйреніп болғаннан кейін, оны сан есімдермен бірге қолдана білуге үйрету керек. Ол үшін практикада зат есімді бір деген сан есіммен тіркес құрап (бір шабдалы, бір алма, бір алмұрт) пайдалануға болады. Әрине, бұл кезге дейін балалар бір, көп деген сөздерді айыра білуге тиіс. Балалар әр түрлі сөздерді іріктеп ала отырып, бір сөзін олармен байланыстыра айтып үйренеді.

Бала үш жасқа қарағанда белгілі мөлшерде етістік лексикасын: ішу, беру етістіктерінің тұйық рай тұлғасын және жүре бер, алып бар, жу тәрізді бірқатар етістіктердің бұйрық рай тұлғасын да меңгереді.

Балаларды етістіктің өткен шағымен таныстыруды олар зат есімдердің септік жалғауларын үйренгеннен кейін бастау керек. Етістіктің өткен шағы, әдетте, жеңіл меңгеріледі және балалардың негізгі сөздік қорына енеді. Етістіктің өткен шағының материалдары негізінде балалардың тіліне сан есімдер оңай енетін болады. Сонан соң бала боламын етістігімен келер шақ тұлғасын меңгереді. Баланың тілінде келер шақ төрт жасқа қарай пайда болады.

Балалардың тіліне етістіктің түрлі тұлғаларын енгізудің ең дұрысы «әрекет - тіл» тәсілін пайдалана отырып, етістіктерге жалғанатын қосымшаларды қарастыру үстінде жүргізілетін жұмыспен байланыстыру керек. Мұнымен қоса бала белгілі бір картинаға сүйене отырып, қосымшамен келген етістіктің (кетті, кірді, келді, шықты) мағыналық реңкін байқай алуы мүмкін. Балалар қосымшалардың мағынасын үйреніп болғаннан кейін ғана, оның үстеулермен арақатынасын белгілеуге болады ( . . . ішіне кірді . . . артынан кірді, . . . ішінен шықты, . . . сыртын айналып шықты және т. б. ) .

Болашақ тәрбиешілерге арнайы грамматикалық жаттығуларды жүргізу кезінде мынадай үлгілік дидактикалық материалдарды ұсынамыз:

Зат есімдерді табыс, барыс, көмектес, ілік септіктері бойынша үстеу сөздерсіз және табыс, барыс, көмектес, ілік, жатыс септіктері бойынша үстеу сөздермен қолдану:

а) сабақты етістіктерден кейін келген табыс септігіндегі зат есімдер: Балалар сурет салады, кітап оқиды, ертегі тыңдайды; Зоя тәтей ботқа пісірді, пирог пісірді; Витя ойыншыктарды жинайды; Таня пол жуады; Мамам ойыншық сатып әкелді; Мен телевизор көріп отырмын; Осы бөлімде өздік және өзгелік етістіктердің қолданылуын бөліп көрсетуге болады: Мен киініп жатырмын. - Мен қуыршақты киіндіріп жатырмын. Мен жуынып жатырмын. - Мен аюды жуындырып жатырмын. Мамам таранып жатыр, - Мамам қызы Таняның шашын тарап жатыр;

ә) болады, керек, болмайды сөздері қатысқан етістіктермен келген барыс септігіндегі зат есімдер: Сережа Петяға қарындаш берді; Таня күтушіге көмектеседі; Маған мамам қуыршақ сыйлады; Юра папасына кедергі жасайды; Балалар елкаға қуанды; Кітапты Алешаға беру керек. Таняға бақшаға баруға болады. Таняға бақшаға баруға болмайды;

б) ілік септігіндегі зат есімдер (меншіктілік, сан есіммен бірге ілік септігінің қолданылуы) : Бұл малақай Игорьдікі, бұл үй Мишканыкі, ағамның кітабы; Мен бір (екі) қарындаш әкелдім; Ол үиі алмұрт жеді; Петя Таняға төрт кубик (марка, қарындаш) берді;

в) көмектес септігіндегі зат есімдер (қимыл құралы) : Мен қарындашпен, бормен сурет саламын; Балалар қолын жылы сумен жуады; Таня тісін пастамен тазалайды; қолды сүлгімен сүрту қажет;

г) кедістіктік қатынастарды білдіру үшін кызмет ететін, сөз тіркесінде келіп, кайда (қай жерде?), кайда? деген сұрақтарға жауап беретін үстінде, басында, ішінде, алдында, жанында, қасында деген үстеулері бар зат есімдер: Бақшаға (қайда?) барамын; Бақшада (қайда?) болдым; Бақшадан (қайдан?) келемін; Аю ағашқа (қайда?) шықты; Аю ағаштың үстінде (қайда?) отыр; Аю ағаштан (қайдан?) түсті; Құс бұтаның басында (қайда?) отыр; Құс бұтадан (қайдан?) ұшып кетті; Катя орманның ішіне (қайда?) кірді; Катя орманда (қайда?) болды; Катя орманнан (қайдан?) қайтып келді; Балалар парктің ішінде (қайда?) серуендеп жүр; Жүк машинасы көгалда (кайда?) кетіп барады; Мен көшеде (қайда?) болдым; қаланың ішін (қай жерді?) араладым; Шкаф терезенің (қабырғаның) алдында (жанында) тұр. Ағаштың үстінде отыр құрылымы мен ағашта отыр құрылымын салыстыру;

д) қайда? қайдан? деген сұрақтарға сәйкес айтылып кеңістіктік қатынасты білдіру үшін қызмет ететін үстеулермен келген зат есімдер: Петя ағашқа жақын келді; Петя ағаштан алыс кетті. Қосымшалар мен үстеулердің сәйкес келуі (6) .

Етістіктер: а) қимыл етістіктсрі: кету, жүгіру және басқа, ә) хал-күйді білдіретін етістіктер: ұйықтау, жеу, сөйлеу, б) әрекетті білдіретін етістіктер: сурет салу, жапсыру, қозғау және басқа; в) қосымшалы және қосымшасыз етістіктер: жүру келді; сурет салу - суретін салу; . . . жөнінде сұрау; г) өздік етістіктер: ертеңгілікті әзірлеу - ертенгілікке әзірлену, ойыншықты көтеру - басқышпен көтерілу, лифтімен көтерілу.

Материалдың түсін, тұлғасын білдіретін сын есімдер, сын есімнің салыстырмалы шырайы: көбірек, артығырақ, жіңішкерек, биігірек, қысқарақ, ұзынырақ және т. б.

Біз бұрын айтып өткеніміздей, тәрбиеші арнайы сабақтарда балаларға тілдік практика ұйымдастырады. Ондай сабақтарға арналған материал ойыншықтар, киімдер, аяқ киімдер, ыдыстар, тағамдар болуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөзжасамдық тәсілдерін қарастыру
Мектепке дейінгі балаларды көркем әдебиетпен таныстыру жолдары
5-6 жастағы балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру (2015 жылғы. 5-ке тапсырылды)
Қазақ және орыс тілдерінің лексикасындағы ортақ сөздер. Орыс тіліндегі түрікі сөздері
Сөздің құрылысы мен құрылым жүйесі
Синонимдердің пайда болуы
Шығарма тілін лингвистикалық талдаудың сипаты
Қазақ тіліндегі ішкі терминжасам тәсілдері
Зат есімнің көптік тұлғада қолданылуы
Тіл мен сөйлеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz