Оқытудың қазіргі технологиялары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І тарау. Жалпы Педагогикалық технология ұғымына сипаттама
1.1. Педагогикалық технологиялардың түрлері, атқаратын қызметтері ... ... ... ...4
1.2. Оқытудың қазіргі технологиялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

ІІ тарау. Педагогикалық жаңа технологиялар мектепте
2.1. Жаңа технологияларды сабақта қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2. Бастауыш сыныпта технологиялық білім беру мәселесі ... ... ... ... ... ... ...18

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

КІРІСПЕ.

Елімізде ғылыми жаңа технологияның қарқынды дамуымен қатар,
технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын жаңа заманның
жаңа тұлғасын қалыптастастырудың кезі жеткен сияқты.
Соңғы уақытта білімге деген көзқарастың түбегейлі өзгергені ХХІ
ғасырдағы білім беру жүйесі қандай болуы керек? Деген сауалға жауап
берері анық. Еліміз бен өркениетіміздің даму деңгейі осы сапалы білім
нәтижесінің гақтыкөрсеткіші болмақ. Сондықтан да дамып келе жатқан
қазіргі таңдағы білімнің қай саласында болмасын оқытудың жаңа
технологиясы тек сипаттам түрінде ғана емес, шынайы проблемалық негізде
болуға тиісті. Жаңа оқу үрдісінің әдістері мен түрлерін жетілдіруде
жаңашыл – педагогтардың озық дидактикалық идеяларында Нені оқыту?,
Қалай оқыту?, Сапасы қандай? деген сияқты мәселелерді шешуге
бағытталған көптеген жаңаша жұмыстарын көруге болады: В.Ф.Шаталов
(тірек сигналдары), Р.Штейнердің (ерік талдау идеясы), С.Н.Лысенканың
(оза оқыту), П.Эрдниевтің (ірі блоктар идеясы), Л.В.Занковтың (дамыта
оқыту), Л.С.Выготскийдің ( жақын даму аймағы), т.б. Аталған
дидактиктердің біліміне сүйене отырып, қазіргі таңда оқытудың әртүрлі
жаңа технологиялары қарастырылып, оны қолдануды жүзеге асыруда көптеген
жұмыстар жүргізіліп, нәтижесін беріп те үлгерді.
Мұндай педагогикалық технологиялардың жан-жақты тараған, оң
нәтижесін танытып жатқан бірқатар түрлерін атауға болады: сын
тұрғысынан ойлауды дамыту, ойын арқылы оқыту технологиясы, білім беруді
ізгілендіру технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, деңгейлеп
саралап оқыту, ынтымақтастық педагогикасы және т.б.
Жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында
Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажеті
жағдайлар жасау; ...оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу
делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының әр мұғалімнің
күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге
батыл жол ашарлық жаңа тәжірбиеге, жаңа қарым-қатынасқа өту іс-әрекетінде
қажетті өзгерістерді, әртүрлі тәжірбиелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа
әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек.
Еліміздің экономикалық саяси-мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік
өркениетке көтерілетін, парасатты, денсаулығы мықты азаматын тәрбиелеу –
ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы мерейлі міндеті.
І тарау. Жалпы Педагогикалық технология ұғымына сипаттама
1.1. Педагогикалық технологиялардың түрлері, атқаратын қызметтері.

Технология ұғымы біздің жүзжылдықта негізгі жалпы ғылымдық ұғымдардың
бірі болып саналады. Философиялық көзқарас тұрғысынан технология теория мен
практиканың арақатынасы контексінде қарастырылады. Мәні жағынан ажыратыла
отырып, теория мен практика әрқашанда бір-бірімен өзара тығыз байланысты.
Бұл әрекеттестіктің өзгешелігін сипаттай отырып, К.Поппер теория мен
практиканың бірлігін бұзбау қажеттілігін атап көрсеткен.
Педагогикалық технология ұғымының әртүрлі тұрғыдан анықталуы, оның
түрлерінің және тұжырымдамалық негізі мен сипаттамасының көптігі бұл
феноменнің мәнін теориялық және практикалық тұрғысынан талдауға назар
аударуды қажет етеді.
Технология сөзі (techne - өнер, шығармашылық, logos – ілім) грек
тілінен аударылғанда:
А) өндіріс процесінде шикізат, материал немесе жартылай фабрикаттың
формаларын, қасиеттерін, жағдайларын өңдеу, дайындау, өзгерту әдістерінің
жиынтығы, мысалы: металдар технологиясы, химиялық технология, құрылыстық
жұмыстар технологиясы;
ә) өндірістің сәйкес келетін құралдарымен шикізат, материал немесе
жартылай фабрикатқа әсер ететін тәсілдер туралы ғылым деген мағынаны
білдіреді.
40-50-ші жылдары оқу процесіне техникалық оқыту құралдарын ендіру
басталғанда, оқыту технологиясы ұғымы пайда болып келесі жылдары бұл ұғым
педагогикалық технологияға өзгертілген. 50-60-шы жылдардың ортасында бұл
ұғым еліміздің және шетелдің педагогикалық басылым беттерінде, халықаралық
конференция материалдарында кеңінен талқыланып, оған түсінік берудің екі
бағыты анықталды. Алғашқы бағыт техникалық оқыту құралдарымен байланысты
болған, ал екінші бағыт Оқыту технологиясы ретінде белгіленді. 60-шы
жылдары оқытуға технологиялық тәсіл қалыптасады.
Оның қалыптасуы американдық психолог Б.Скиннер негізін қалаған
материалды меңгеруді ақпараттық бөліктерін жүйелі бағдарлама ретінде
құрастыру және оны бақылау арқылы басқарудың тиімділігін арттыруды ұсынған
бағдарламалық оқытумен тығыз байланысты. Бағдарламалық оқыту идеясының мәні
оқу процесінің ерекшеліктері, заңдылықтары туралы білімді жоғарлатудан
тұрады.
Педагогикалық технология – педагогикалық іскерлік тердің жетістігіне
жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру. Сонымен педагогикалық процесс
белгілі жүйе принциптерінде құрылатын болғандықтан, педагогикалық
технология сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Осы принциптерді жалғастырмалы
орындау олардың объективті қарым-қатынасында және педагогтің тұлғасын толық
көрсететін жинағы ретінде қарастырылуы мүмкін.
Білім алу, шеберлікке, іс-әрекет дағдыларына үйрету мен меңгеру барысы
және адамды өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы –
оқыту.Оқыту барысының нәтижесінде білім беру мен тәрбие мақсаттары жүзеге
асырылады. 
Түрлі оқу орнындағы оқыту- білім берудің басты жолы,сол сияқты оқу
отбасында, өндірісте, жұмыста т.б. күнделікті адамның тіршілік және қызмет
барысындағы жағдайларда іске асып отырады. Оқытудың мазмұны мен сипаты
қоғамның материалдық және мәдени даму дәрежесіне сай белгіленді. 
Оқудың мақсаты мен мазмұны, оны ұйымдастырудың түрлері мен әдістері
адамзат қоғамының даму кезеңдеріндегі қоғамдық қатынастар негізінде, жалпы
білімге, адамдардың даярлығы негізінде қойылатын талаптардың сипатына және
оқыту жөніндегі педагогикалық идеяларға сай өзгері отырады .
Дәстүрлі оқыту ұғымы XVІІ-ғасырда Я.А.Коменский ұлы дидактика
еңбегінің негізінде қалыптасты, күні бүгінге дейін әлем мектептерінде
қолданылатын сынып-сабақтың оқытуды ұйымдастыру деп түсіндіріледі. 
Дәстүрлі сыныптық-сабақтық технологияның ерекшелікері мыналар: 
- оқушылардың жас ерекшеліктері бір деңгейде болады және дайындық көлеміне
қарай сыныпты құрайды. Бұл құрам негізінен мектептегі кезеңде еш өзгеріссіз
сақталады; 
- сынып біріңғай жылдық жоспармен және бағдарламаға сай сабақ
кестесімен жұмыс істейді.Осыған сәйкес балалар мектепке бір мезгілде және
алдын ала белгіленген уақытта келулері тиіс; 
- оқудың негізгі бірлігі-сабақ; 
- сабақ бір пәнге, бір тақырыпқа арналған. Бір сыныптың оқушылары бір
материалмен жұмыс жасайды; 
- сабақта оқушылармен жұмысты мұғалім жүргізеді.Ол жеке пәндер бойынша
әр оқушының білімін жеке-жеке бағалап, жыл соңында сыныптан сыныпқа көшіру
мәселесін шешеді; 
- оқулық негізінен үй тапсырмасын орындау үшін қажет; 
- оқу жылы, оқу күні, сабақ кестесі,оқу демалыстары,үзілістер, сабақтар
арасындағы үзілістер–бұлардың бәрі сыныптық сабақтық жүйенің атрибуттары. 
Оқытудың мақсаты – қозғалушы категория, бұған дейінгі педагогика
оқытудың мақсаттары былайша құрылған еді: 
- білім жүйесін құру, ғылым негізін үйрену; 
- ғылыми көзқарастар негізін қалыптастыру; 
- әрбір оқушының жан-жақты, үйлесімді дамуы; 
- адамзаттың жарқын болашағына ,сенімді күрескерлерді тәрбиелеу; 
- ой еңбегіне, сондай-ақ дене еңбегіне қабілетті, жоғары білімді ақыл-
ойлы адамдарды тәрбиелеу; 
Сонымен қыту технологиясының мақсаты-бұл берілген қасиеттері бар
тұлғаны тәрбиелеу. 
Оқыту технологиясы тұлғаның дамуына емес, білімді, шеберлікті, дағдыны
меңгеруге бағытталған. 
Қазіргі жалпы мектептерде мақсаттар біршама өзгертілді-идеологизация
жойылды, жан-жақты үйлесімді дамудың үндеулері алынып тасталынды, өнегелі
тәрбие үлгісі өзгертілді, бірақ негізгі мақсаттардың міндеті алдын ала
жоспарланған сапалы білім алу стандарттары сол күйінде қалды. 
Дәстүрлі технологиямен оқытатын мектептер білім мектебі болып саналады.
Қазіргі ғылыми техникалық прогрестің жағдайында жаңа әлеуметтік талаптарға,
оқушылардың жеке басының даму мүмкіндіктеріне сай оқудың мазмұны мен
әдістерін жетілдіріп, оқу құралдарының жаңа түрлерін жасау қажеттілігі
туды. 
Оқытудың мазмұнында ғылымның соңғы табыстарына сай теориялық материал
көлемінің артуы, оқытудың дамып келе жатқан саласына оқушылардың танымдық
дарыны мен қабілеттілігін жетілдіруге баса назар аударылуы. Қазіргі
педагогикалық технологияны обьективті қажеттілік тұрғысынан зерттеп тануды
талап етеді. Оқыту технологиясы деген түсінік бүгінгі күні дәстүрлі
педагогика көпшілік мақұлдаған түсінікке жатпайды. 
Юнесконың құжаттарында оқыту технологиясы оқытудың құрылу, қолдану және
анықтау барысының жүйелі әдісі мен адамның қорлары, оның өзара қатысы болып
табылады. Ол білім беру түрлерін оңтайландыруды өзінің алғышарт ы деп
есептейді. 
Бір жағынан, оқыту технологиясы – ол ақпаратын өңдеудің, ұсынудың,
өзгертудің әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы, ал екінші жағынан, оқыту
үрдісінде оқытушының қажетті техникалық, ақпараттық тәсілдерді қолдана
отырып, оқушыға әсер ету құралдары жайлы ғылым. Оқыту технологиясында оқу
мағынасы, әдістерітәсілдері өзара тығыз байланыста болады. 
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі қойылған оқу тапсырыстары мен
бағдарламасына сәйкес оқыту тәсілдерінің әдістерінің ең оңтайлы, қажет
мағынасын тыңдай білуде.Оқыту технологиясы жүйелі ұғым.Оның құрылымына
мыналар кіреді: 
-оқыту мақсаты; 
-оқыту мағынасы; 
-педагогикалық өзара қатынас құралдары; 
-оқу үрдісін ұйымдастыру; 
-оқушы, мұғалім ; 
-іс-қимыл нәтижесі. 
Педагогикалық технологияның мәні жайлы соңғы онжылдықта белгілі болып
келген көптеген анықтамалар бар. 
Технологияны – қандай да болсын істе, өнерде қолданылатын тәсілдердің
жиынтығы( орыс тілінің түсіндірме сөздігі). Технология – бұл өнер,
шеберлік, ептілік, өңдеу тәсілдерінің жиынтығы, қалыпты өзгерту
(В.М.Шепель) 
-Оқыту технологиясы-дидактикалық жүйесінің құрамдас бөлігі (М.Чашанов) 
-Педагогикалық технология - әлеуметтендіру мен оқытудың түрлерін,
әдістерін, құралдарын, тәсілдерін үйлестіретін, тәрбиелеу амлдарын
анықтайтын психо-педагогикалық құрылымдардың жиынтығы: ол педагогикалық
барыстың құралы болып табылады( Б.Т.Лихачев) 
- Педагогикалық технология - оқу процесін іске асырудың мағыналы
технологиясы ( В.П.Беспалко). 
-Педагогикалық технология – оқытудың жоспарлы нәтижесі процесін
суреттеу ( И.П.Волков). 
-Педагогикалық технология–оқушы мен мұғалімнің толық жабдықталған
шарттарын қамтамасыз ететін оқу процесін жобалау, ұйымдастыру және өткізу,
сондай-ақ бірлескен педагогикалық іс-қимылдарының жан-жақты ойластырылған
моделі ( В.М.Монфсьв). 
- Педагогикалы технология- білім беру түрлерін оңтайландыруды өзінің
тапсырмасы ретінде қарастыратын техникалық және адамның қорларды есепке ала
отырып,өзара бірлескен білімді меңгеру мен оқытудың барлық процесін
анықтау, қолдану,құру тәсілдерінің жүйесі ( ЮНЕСКО). 
-Педагогикалық технология– педагогикалық мақсатқа жету үшін
қолданылатын барлық жеке тұлғалық, құралдық, әдістемелік тәсілдерінің
жүйелі жиынтығы мен ретінде жұмыс істеу ( М.В.Кларин). 
-Педагогикалық технология-алдыңғы авторлардың барлық анықтамала-рының
мағынасын бойына сіңірген мағыналы қортындысы ( Г.К.Селевко). 
Педагогикалық технология түсінігі үш түрлі құбылыс ретінде
ұсынылады: 
-ғылыми; 
-іс-жүргізу,суреттеу; 
-ықпалды іс жүргізу. 
Сонымен, педагогикалы технология оқытудың ұтымды жолдарын зерттейтін
ғылым ретінде жұмыс істейді және оқуда қолданылатын тәсілдер жүйесі
ретінде, оқытудың шынайы барысы ретінде де қарастырылады. 
Педагогикалық технологияның негізі болып педагогикалық, психологиялық және
әлеуметтік ғылыми жетістіктері, алдыңғы қатарлы педагогикалы тәжірибеде,
халықтық педагогика, отндық және шетелдік педагогиканың өткенінің барлық
жақсы жинақталғаны болып табылады.
Педагогикалық жүйенің табысты жүзеге асуы үшін оны құрайтын барлық
нәрселердің тыңғылықты ойластырылуы қажет. 
Кез келген педагогикалық технология педагогикалық ғылымм мен іс-
тәжірибе жетістіктерінің жиынтығынан, бұрынғы тәжірибенің дәстүрлі түрлерін
қосатын және қоғамның дамуы, демократизациялау нәтижесінде пайда болған
нәрселерден тұрады. 
Бірдей технология түрлі орындаушының қолында әр кезде басқа болып
көрінеді. 
Бұл жерде мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне жеке тұлғалық
қасиеттеріне, оқушылардың ерекшеліктеріне, олардың жалпы көңіл-күйіне,
сыныптағы психологиялық ақуалға көңіл бөлу керек. Бір технологияны
қолданған әр түрлі педагогтардың жеткен нәтижесі де әртүрлі болады, бірақ
осы технология көрсететін орташа көрсеткішке жақын болады. 
Яғни, педагогикалық технология жеке тұлғаның қасиеттерімен
орташаланады,бірақ онымен анықталмайды. 
Педагогикалық технология деген түсінік оқыту әдісінен кеңірек. 
Технология- оқыту мақсатына осы жүйенің меңгерілуне қалай жету керек деген
сұраққа жауап береді.Технология – алдын ала жоспарланған жүйені жүйелі іске
асыруға бағытталған іс-әрекеттердің барысы және оның нәтижесіндегі
көрсеткіші. 
Педагогикалық технологияны жоспарлау педагогикалық технологияның нақты
шарттарын таңдау болып табылады. 
Ол тұлғаның жеке ерекшеліктерін зерттеуді және оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сәйкес келетін іс-қимылды, сондай-ақ олардың дайындығының
шарттарын таңдауды талап етеді.

1.2. Оқытудың қазіргі технологиялары.

Қазіргі уақытта көптеген зертеушілер жаңа педагогикалық технологияларға
терең қызығушылықпен қарап, білім берудегі технологиялық тәсілді
дәстүрліден анағұрлым тиімдірек деп есептейді. Осыған байланысты білім беру
технологиясы, педагогикалық технология ғылыми айналымға еніп келе жатқан,
салыстырмалы түрде жаңа ұғымдар болғандықтан, оған әртүрлі анықтамалар
берілген. Бұл ұғымға Б.Т.Лихачев, В.П.Беспалько, С.Сполдинг, В.В.Сериков,
В.М.Монахов, М.В.Кларин, И.Я.Лернер, П.И.Пидкасистый, В.В.Гузеев,
Н.Д.Хмель, Г.Т.Хайруллин және басқа зертеуші ғалымдар түсініктеме берген.
Төменде бірнешеуін мысалға келтіреміз.
В.П.Беспалько педагогикалық технологияны қойылған білім беру
мақсаттарын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәрбиелеу мен оқытудың
теориялық негізделген процестерін жаңадан өндірудің, еске түсірудің
құралдар мен әдістер жиынтығы ретінде анықтайды.
В.М.Монахов бұл ұғымға басқаша түсініктеме береді. Ол педагогикалық
технология – мұғалім мен оқушы үшін жағымды жағдайды қамтамасыз ететін оқу
процесін жобалау, ұйымдастыру және өткізуде барлық бөлшегіне дейін
ойластырылған бірлескен педагоикалық іс-әрекетің үлгісі. Технологияның
міндеттерін түсіндіре отырып: педагогикалық технологияны жобалаудағы
жетекші қағидасы – оқушының жеке белсенділігі болуы. Мұнда ең бастысы –
білімді меңгеруге іштей дәлелденген, қалыптасқан қызығушылығы мен ынтасы,
білім алу іскерлігі- деп жазады.
Педагогикалық технология – педагогикалық процесті ұйымдастыру мен
жүзеге асырудың жобасы.
Педагогикалық технологиялар алуан тұрғыдан берілген анықтамаларды
талдау нәтижесі оның көпшілігнің жалпы қорытынды түрінде берілгенің педагог
әрекетінің салыстырмалы түрде кейбір жақтары ғана зерттелгенін көрсетеді,
бала тұрғысын тұтас қалыптастыру мәселесі толығымен қарастырылмайды.
Педагогикалық технология педагогикалық процеске қатысушылардың барлық
көрінісінде белсенді іс-әрекетін көздейтін, белгіленген қасиеттері бар
өнімді алуға мүмкіндік жасайтын процестермен әдістердің бірізділігі мен
жиынтығы ретінде қарастырылады. Кез-келген педагогикалық технологияның
негізгі түйіні соңғы нәтижені нақты анықтау және оның жетістігін бақылау
болып табылады.
В.Зайцевтің көзқарасы қызығушылық тудырады: Педагогикалық технология-
әдістеме емес. Бұл кеңірек ұғым жобалауға. Оның ойынша: педагогикалық
технология 4 құрастырушыдан: нәтиже беретін белгіні бағалаудан,
диагностикадан (негізгі факторды бөліп көрсету ретінде), әдістемеден
(диагностика нәтижесін ескеріп құрастырылған) және оқытуды қарқындату
құралынан тұрады.
Бүгінде білім беру мекемелері жұмыстарының теориясы мен практикасында
педагогикалық технологиялардың алуан түрлі варианттары пайдаланылады.
Технологияның көп түрлілігі оны жүйеге келтіруді және топтастыруды
талап етеді. Бұл мәселемен А.Я.Савельев, В.Безрукова, Г.Ю.Ксензова,
Г.К.Селевко, В.В.Юдин және басқалар шұғылданған.
Қазіргі уақыттағы технологиялар екі үлкен түрге жіктеледі:
өздерінің мақсаттық бағдарына қарай тармақталып, бөлінетін өндірістік,
өнеркәсіптік және әлеуметтік-тұлғалық. Өндірістік технологиялар алдын ала
берілген параметрлі материалды өңдеумен және өндіріспен байланысты. Ал
әлеуметтік-тұлғалық технологияның объектісі адам болып табылады.
В.С.Безрукова барлық педагогикалық технологияларды оларды құрастыру
негізіне жататын идеялары бойынша 4 топқа топтастырылады:
1) танымдық процестерді қатал басқару технологиясы (модульдық
технология, В.Ф.Шаталов технологиясы, П.М.Эрдышев технологиясы,
М.И.Махмутовтың проблемалық оқыту технологиясы, Л.В.Занков, В.В.Давыдов,
Д.Б.Эльконин бойынша оқыту технологиясы, ЭЕМ электрондық есептеу машиналары
негізіндегі ақпараттық технология, Блумның мақсаттарды жүйелеу, Д.Ховардтың
ертеңгі күн мектебі және т.б.
2) еркін тәрбие идеясын басшылыққа алатын технологиялар
(Ш.А.Амоношвилидің ізгілікті – тұлғалық оқытуы, вальдорф педагогикасы,
Л.Н.Толстой мектебі, отбасылық мектеп және т.б.;
3) мектептің жойылуы туралы теориясына (Батысты мектепті
дескулизациялау иедеясы ретінде қалыптасқан, яғни мектептегі оқыту
мазмұнын нормаланып формалды болуын, жыл және күн режимін сақтауға,
оқытушылар мен директор билігін т.с.с. сын көзбен қарау идеяларына
негізделген технологиялар (шоғырландырып оқыту, парктік технология,
дистанциялдық оқыту, мәдениеььер диалогі мектебі, артпедагогика
технологиясы және т.б.);
Г.К.Селевко педагогикалық технологиялардың өзгеше жіктеуін ұсынады:
а)Педагогикалық қарым-қатынастарды ізгілендіру мен демократиялан-дыруға
негізделген технологиялар (ынтымақтастық технологиясы, Ш.А.Амоношвилидің
ізгілікті – тұлғалық технологиясы, Е.Н.Ильинаның әдебиетті адам
қалыптастыру пәні ретінде оқыту жүйесі және т.б.);
ә) оқушылардың іс-әрекетін белсендіру мен күшейтуге негізделген
технологиялар (ойвн технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы,
В.Ф.Шаталовтың тірек белгілері негізінде оқыту технологиясы, Е.И.Пассовтың
коммуникативті қарым-қатынас негізінде оқыту технологиясы және т.б.).
б) оқыту процесін тиімді ұйымдастыру мен басқару негізіндегі
технологиялар (бағдарламалық оқыту, дифференциалды оқыту технологиясы
(В.В.Фирсов, Н.П.Гузик), оқытуды жекелендіру технологиясы (А.С.Границская,
Инге Унт, В.Д.Шадриков), тірек нұсқаларын пайдалана отырып, түсіндіре
отырып басқарудағы перспективалық алдын-ала оза оқыту (С.Н.Лысенкова),
оқытудың топтық және ұжымдық тәсілдері (И.Д.Ривин, В.К.Дъяченко),
компьютерлік (ақпараттық) технологиялар және т.б.;
в) оқу материалын әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта құру
негізіндегі технологиялар (П.М.Эрдышевтің дидактикалық бірліктерді
ірілендіру, В.С.Библер мен С.Ю.Кургановтың Мәдениеттер диалогы,
Л.В.Тарасовтың экология және диалектика жүйесі және т.б.);
г) баланың табиғи дамуына сүйенетін, халық педагогикасының әдістерін
пайдаланатын табиғи үйлесімділік технологиялары;
Л.Н.Толстой бойынша оқыту; А.Кушнер бойынша сауаттылыққа тәрбиелеу,
М.Монтессаридің өздігінен дамыту технологиясы және т.б.;
д) альтернативтік; Р.Штейнердің вальдорф педагогикасы, С.Френенің еркін
еңбек технологиясы және т.б.;
ж) кешенді технологиялар: А.М.Тубельскийдің өзін-өзі анықтау мектебі,
И.Ф.Гончаровтың Орыс мектебі,Е.А.Ямбургтың Бәріне арналған үшін
мектебі, М.Балабанның Парк мектебі және т.б.
Педагогикалық технологиялардың жоғарында айтылған түсініктемелері мен
алуан түрлі анықтамаларын талдай отырып, бұлбарлық технологиялардың айрықша
ерекшеліктері туралы төмендегідей қорытынды жасауға болады;
- оқытудың микромақсаттарының, мақсаттарының айқын, нақтылы
анықталуы;
- нәтижелердің жетістігіне бағытталуы;
- тәрбиелеу мен оқыту субъектілерінің іс-әрекеттерінің әр-бір
кезеңдері бойынша қадамдық құрылымының анықталуы;
- мониторинг, аралық және соңғы нәтижелерді бағалау;
- тәжірбиенің қайталануы мен алмасуы;
Сонымен белгілі технологиялардың жіктеулеріне жасалған шолу бір қалыпта
қатып қалған емес, ол қазіргі технологиялардың көп түрлігіне бағдар
беруге негіз болып және оны кеңейту, сапаландыру, тармақтандыру
толықтыру бағытталған.
Педагогикалық технологиялар туралы толық түсінік алу үшін С.С.Кашлев
ұсынған, олардың мүмкіндік қызметтерін кейбір толықтырулар-мен
қарастырамыз:
1) Педагогикалық технологияның ұйымдастырушылық іс-әрекеттік
қызметі;
2) Педагогикалық технологияның дәйектілік қызметі;
3) Педагогикалық технологияның қатынастық қызметі;
4) Педагогикалық технологияның рефлексиялық қызметі;
5) Педагогикалық технологияның дамытушылық қызметі;
Жалпы алғанда, педагогикалық технологиялардың негізгі қызметі
педагогмкалық процеске қатысушылардың іс-әрекетін өзгерту мен жаңадан
жасаудың жүйелі құралы ретінде тұлғаның даму міндеттерін нәтижелі шешу,
процесті басқарудың сапасын көтеру болып табылады.
1.Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық нарықтық
қатынастардың қалыптасу жағдайында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы
қоғам өмірінің барлық саласында, оның ішінде мектепте оқыту мазмұны мен
оқытудың қазіргі технологияларын жетілдіру өзекті мәселелердің бірі болып
отыр.
Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 50-ден астам педагогикалық
технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір
сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан,
мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-
әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін
арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті – технологияны кабылдауы,
ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.
Бастауыш сатыда Математика пәні бойынша оқушылардың оқу
жетістіктерінің өлшеуіштер тәсілдері ретіндегі деңгейлік тарсырмалар
жүйесін дайындауға болады. Оқушының дайындық деңгейін саралау оқушының жеке
танымдық мүмкіндігін ескерудің басты тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс.
Тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарланған іс-әрекеттік модель ретінде
қарастыруға болады.
ІІ тарау. Педагогикалық жаңа технологиялар мектепте.
2.1. Жаңа технологияларды сабақта қолдану.

Білім беру жүйесінде қолданылатын педагогикалық технологиялардың оқыту
және оқу тиімділігін арттырудағы рөлін ұғындыру, педагогикалық
технологиялардың теориялық-әдіснамалық негіздері туралы түсінік
қалыптастыру.
 Білім беру жүйесі, нәтижеге бағдарланған білім, болашақ маман,
әдіснама, теория, дидактикалық ұстанымдар оқыту сапасы, оқу жетістіктері,
технологиялар тізбегі және т.б.
 Ғылыми тұрғыда технология ұғымы өндірістік және әлеуметтік
технология деп талатын үлкен екі бағытқа жіктеледі. Әлеуметтік технология –
өндірістік технологиядан әлдеқайда ауқымды, жүзеге асыру жағынан күрделі,
қалыптасу, даму жағынан ұзақ мерзімді қажет ететін үрдіс. Білім берудегі
педагогикалық технологиялар қызмет ету сипаты тұрғысынан әлеуметтік
технологияларға біршама жақын.
Қазіргі заманғы ғылыми техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің
алдына мүлде жаңа міндеттер қойып отыр. Педагог-ғалымдар қазіргі кезде
қолданылып жүрген білім беру технологиясы терминін әр қырынан ашып
көрсетуде. Педагогикалық технология термині ХХ ғасырдың 60-шы жылдары АҚШ
пен Англияда қалыптасып, қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүниежүзі
елдеріне таралып, білім беру саласында кең өріс алуда. Соңғы кездерде білім
берудің жаңа даму бағытын қамтитын оқытудың елуден астам жаңа
технологиялары практикаға енгізіліп, кеңінен пайдалануда.
“Технология” – гректiң techne - өнер, шеберлiк, бiлiктiлiк, logos – оқу
сөздерiнен шыққан. Технологияға В.Дальдың сөздiгiнде: “белгiлi бiр маңызды
әрекетте, өнерде, шеберлiкте мақсатқа жету үшiн қолданылатын әдiс” деп
анықтама берiлсе, Қазiргi батыс әлеуметтану сөздiгiнде: “белгiлi әрекетте,
өнерде, шеберлiкте қолданылатын әдiс-тәсiлдердiң жиынтығы” деп көрсетiлген.
ЮНЕСКО-ның құжаттарында оқыту технологиясына “техникалық және адам
ресурстарын, олардың өзара бiрлiгiн ескере отырып, оқытудың тиiмдiлiгiн
арттыруды мiндет етiп қоятын мұғалiмнiң бүкiл оқыту iсi мен оқушының
бiлiмдi меңгеру әрекетiн ұйымдастырудың, қолданудың және анықтаудың жүйелi
әдiстерi” деп анықтама берiлген.
 Білім берудегі педагогикалық технологиялар жаңа технология, озық
технология, оқыту технологиясы т.б. терминдермен аталуда. Ал бұлардың
бір-бірінен айырмашылығы, өзіндік ерекшелігі жайлы ғалымдар арасында қызу
пікірталас бар. Жалпы ғалымдар технологияға шеберлікпен өнім алу, нәтижеге
жету, белгілі бір жоба, модельмен оқыту сияқты түрлі анықтамалар берген.
Солардың ішінде кең тарағаны – В.П.Беспальконың тұжырымдары. Оның
тұжырымдары бойынша технология төмендегідей шарттарды іске асыруы тиіс:
· Оқытуда дайындықсыз әрекеттерді болдырмау;
· Оқушының оқу-танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұны оқу-
тәрбие үрдісінің жобасына негізделуі қажет.Осыған орай В.П.Беспалько
технология тәжірибеде іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы,- деп
тұжырымдайды. Ал жалпы айтқанда, педагогикалық жүйе дегеніміз – белгілі бір
қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыру мен педагогикалық үдерісті
ұйымдастыруға қажет құралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан
бірлігі. Олай болса, Г.К.Селевконың оқыту технологиясы − оқытудың тиімді
жолдары мен үдерісінде қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар,-деген
анықтамасы білім беру технологияларының мәнін аша түседі.
Педагогикалық технология мәселесімен жан-жақты айналысып, зерттеу
жүргізіп жүрген ресейлік ғалымдардың бірі – М.М.Левин. Ол педагогикалық
технологияның негізгі қызметі – оқу үрдісінің білім беру мақсатын іске
асыру және жеке тұлғаны дамыту екендігіне тоқталады. М.Чошанов технологияны
дидактикалық жүйенің проссуалдық құрамдық бөлігі деп есептейді.Педагог-
ғалым В.М.Шепель: ”Технология – белгiлi заттың бейнесiн өзгерту үшiн
қолданылатын өнер, бiлiктiлiк, әдiс-тәсiлдер,”- дейдi. И.Г.Зайнышев:
“белгiлi затты, тұлғаны сапалы өзгертуде қолданылатын бiлiм мен әдiс-
тәсiлдер жүйесi” деген анықтамасын ұсынады. Е.И.Холостов болса,
технологияны “белгiлi шығармашылықтан сапалы нәтиже алу үшiн қолданылатын
әрекеттер жиынтығы” деп санайды. Ал Р.В.Овчарова оған “адамның әрекетiн,
бiлiктiлiгiн, тәжiрибесiн еңбекке қажеттi заттарды, әлеуметтiк шындықты
сапалы өзгертуге бағытталған әрекеттер жүйесi” деп қарауды ұсынады.
Ресейлiк ғалымдардың iшiнде технологияның мәнiн бiршама анығырақ айтқан
Б.Т.Лихачев: ”Педагогикалық технология – оқыту тәсiлдерi мен тәрбие
құралдарын, оқытудың түрлерiн жинақтап, арнайы бiрiктiрудiң жолдарын
анықтайтын психологиялық-педагогикалық установкалардың бiрлiгi, сондықтан
да ол – педагогикалық процестiң инструментарийi болып саналады”, - дейдi.
Белгілі ғалым М.В.Кларин педагогикалық технологияға педагогикалық мақсатқа
жету үшін пайдаланылатын барлық дара инструменталдық және әдіснамалық
құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесі деген анықтама берсе,
В.М.Монахов технологияны оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудыратын
оқу үрдісін ұйымдастыру және жүргізу,- деп санайды.
 Қазақстандық ғалым Ғ.М.Құсайынов педагогикалық технологияны
мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеу жолындағы мақсаттар мен
нәтижеге жету және сабақ беру үрдісіндегі ұжымдық оқыту әдісі. Себебі
ұжымдық оқыту әдісі қазіргі заман талабына сай жан-жақты жетілген жеке
тұлғаны тәрбиелеп шығуға мүмкіндік береді. Педагогикалық оқу жоспарлары мен
бағдарламаларында берілген оқу материалын оқушылардың өздері бірін-бірі
оқыту арқылы меңгеру үрдісі деп санайды.
Ж.А.Қараевтің пікірінше: Технология дегеніміз – әдістемелік жүйе мен
сәйкес дидактикалық үрдістер кешенінің тәжірибиеде жүзеге асырылатын
жобасы, ал педагогикалық жағдаяттарға сай қолданылатын әдістер, тәсілдер
оның құрамды бөлігі болып табылады. Педагогикалық технологияларға берілген
анықтамалар мен түсініктерді топтастырып жинақтайтын болсақ, Педагогикалық
технология –қоғамның қазiргi таңдағы бiлiм беру саласына қойып отырған
талаптарына сәйкес анықталған бiлiм мазмұнын жүзеге асыру үшiн оқөыту
мақсатына қол жеткiзу жолындағы тұтас дидактикалық жүйе құрайтын амалдар
мен iс-әрекеттер тiзбегi,- деп тұжырымдаймыз.
Көрiп отырғанымыздай, технология туралы қазiргi ғылымда орныққан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заманауи білім беру технологиялары негізінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Оқудың педагогикалық технологиялары түсінігі мен сипаттамасы
Кәсіптік білім берудің қазіргі технологиялары.
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқытудың бірыңғай технологиясын жүзеге асыруға даярлау
Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ЕРЕЖЕСІ
Дидактиканың оқыту технологиясы
Математиканы оқыту жүйесін компъютерлендіру мәселелері
Музыка сабағындағы заманауи технологиялар
Касиби окытудын казирги техникалык жиктемеси
Пәндер