Білім алудың дамыту технологиялары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 Білім алудың дамыту технологиялары

1. 1 Дамыта оқыту технологиясы . . . 5

1. 2 Деңгейлеп оқыту технологиясы . . . 13

1. 3 Сын тұрғысынан ойлау технологиясы . . . 17

1. 4 Модульдік оқыту технологиясы . . . 18

1. 5 Педагогикалық шеберлікке қойылатын талаптар . . . 24

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 29


КІРІСПЕ

Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарламалар, қоғамның ашықтығы оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі олардың білім беру жүйесі білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі әлемде болып жатқан өзгерістермен онша үндеспей отыр. Қазір педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр, оның жүйесінің негізгі ұстанымдары «Қазақстан Республикасының 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» көрсетілген.

Осы тұжырымдамаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие жүйесін сақтап қаламыз және дамытамыз деп отырмыз. Оқудың дамытушылық және ойын нысандары көзделген мектепалды даярлығымен бес жастағы балалар қамтылатын болады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу 12 жылдық жалпы білім беретін мектептер жағдайында мүмкін болады, ол білім туралы құжаттардың айырбасталуын, бейімдік оқытуды, көп тілдікті қамтамасыз етеді. Қазақстанда 12 жылдық білім беруге көшуді 6 жастан бастау көзделген, бұл жас мектепте білім алуға неғұрлым қолайлы, адам дамуының физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес деп есептелінеді. Бастауыш мектепте оқу жүктемесін ұлғайтпай-ақ, шетел тілі мен информатика негіздері енгізіледі.

11-12 сыныптарда әлеуметтік -гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық бағыттар бойынша бейімдік даярлау алдындағы жұмыстар міндетті болып есептелінеді. Кәсіптік мектептер мен лицейлерде білікті жұмысшы кадрларды даярлау жүзеге асырылады. Бұдан да жоғары біліктілік алу үшін қосымша бір жылдық оқу мерзімі көзделіп отыр.

Орта білім берудің мазмұны мектеп бітірушінің дербес және лайықты өмір сүруі, білім алуын едәуір жоғары деңгейде жалғастыруы немесе еңбек рыногында өзінің орнын табуы үшін құралады. Бұл жерде мемлекеттің 12 жылдық ақысыз білім беруге кепіл болатынын айту керек. ЮНЕСКО-ның ұсынымдамаларына сәйкес орта мектепті бітіргеннен кейін университеттен тыс білім алу орта білімнен кейінгі жоғары емес білім деп есептелінеді. Осы деңгейге қызмет көрсету және басқару сипатындағы орта буын білікті кадрлар даярлауға арналған кәсіптік білім беру бағдарламалары да кіреді.

Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

Оқудың дамытушылық және ойын нысандары көзделген мектеп алды даярлығымен бес жастағы балалар қамтылатын болады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу 12 жылдық жалпы білім беретін мектептер жағдайында мүмкін болады, ол білім туралы құжаттардың айырбасталуын, бейімдік оқытуды, көп тілдікті қамтамасыз етеді.

Жоғары білікті мамандар ғылыми және ғылыми идеологиялық кадрлар даярлаудың негізінде оқытудың кредиттік жүйесі іске асырылады. Білім берудің үздіксіздігі, оқу жетістіктерін үстемдеу және оқу бағдарламаларын өзара тану қамтамасыз етіледі. Жаңа тұрпатты мамандар даярлау Белон деклорацясына және Білім берудің халықаралық стандарттау жіктеуіне сәйкес үлгіде жүзеге асырылатын болады .

Тұжырымдаманы іске асыру нәтижесінде адам ресурсын озық дамытуды және Қазақстанды әлемдік білім беру кеңістігіне біріктіруді қатамасыз ететін білім беру жүйесі құрылатын болады.

Білім беруді дамыту тұжырымдамасы (бұдан ары Тұжырымдама) мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми-теориялық, әдіснамалық құжат болып табылады.

Тұжырымдаманың құрылымы мыналарды қамтиды:

- ағымдағы жағдай және білім беруді дамытуды тежейтін факторлар;

  • Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері;
  • білім берудің деңгейлері мен мазмұны;
  • Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер;


1 Оқыту процесіндегі жаңа технологияларға ену

1. 1 Дамыта оқыту технологиясы

Оқыту технологияларының түрлерін қарастырудан бұрын, алдымен қазіргі ғаламдану кезеңіндегі білім беру жүйесіндегі негізгі бағыттарға назар аударсақ, оқушының адамгершілігі, шығармашылығы және дамуының негізгі шарты ретінде оқыту технологияларын біртұтас оқыту үрдісінде пайдалану қажеттілік деп қарастырылады.

Қазіргі заманғы мектеп түлегі жаңа әлеуметтік-экономикалық өмір жағдайында өзін сенімді сезінуі үшін оған не керек?

Болашақ ұрпақты толыққанды өмірге, еңбекке дайындау үшің ХХІ ғасырда мектеп қандай болуы және қандай рөл атқаруы керек?- деген сұрақтың туындауы заңды. Мектептегі білім беру үрдісіне көп елдерде қанағаттанбау оны реформалауға алып келді. Осы мақсатта мектептегі оқыту үрдісінің болашақтағы дамуына стратегиялық бағыт жасау қажеттігі туындады.

Дамыта оқыту технологиясы -күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесін көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады.

Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы:

  • көздеген дамушылардың негізгі факторында.

Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдау табуда. Педагогика ғылымының зерттеушілері тәлім-тәрбие беру үрдісінің негізгі мақсаты оқушы тұлғасын дамыту деп таниды.

Бірақ тұлға дамуы туралы ізденуші психологияның айтуы бойынша, әр адамның өз қолында, оны сырттан әсер ететін күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқада тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады.

Сондықтан мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін тұлғаның дамуын көздейтін білім беру үрдісін, ұйымдастырудың түрлі әдістерімен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.

Белгілі бір тақырып бойынша оқушының ойын дамыту, өз бетінше ізденуге баулу, түсінік беру оның күнделікті сабақты меңгеруіне көмектеседі.

Пән мұғалімі оқулық көлемінде ғана шектелмей, тың жаңалықтарды қолдана білсе, сабақтың қызықты да тартымды болуы сөзсіз. Сабақта әр түрлі карточкалар, көрнекіліктерді тиімді пайдалану, газет-журнал жаңалықтарын, теледидар көріністерін дұрыс қолдану арқылы оқушыларға көп нәрсені үйретіп, талдай білуге тәрбиелей аламыз.

Білім беруді саралау -оны демократияландыру мен ізігілендірудің айқындаушы факторы және шарты. Ол оқу жоспарында таңдау пәндері, курстары, факультатив сабақтары, үйірмелер түрінде бекітіледі. Саралау оқушылардың барлығына міндетті бағдарламалық материалдарды толықтырады, оқытуды дараландыруға, оқушылардың қабілеттері мен бейімділіктерін толық ашуға, жергілікті және аймақтық сұраныстарды жан-жақты ескеруге қолайлы жағдай жасайды.

Мұғалім саралап оқыту үшін сынып оқушыларын үш топқа бөледі.

І топқа мынадай белгілер бойынша іріктеледі: пәннен үлгерімі жақсы, өз ойын айта алатын, әрекетіне жоспар құра алатын, ізденуге бейім, сол пән бойынша негізгі ұғымдар мен формулаларды, анықтамаларды жақсы білетін, қосымша мағлұматтардан хабардар оқушылар.

Қазіргі таңда оқу-тәрбие ісінің тиімділігін арттыру үшін пәндерді біріктіруге, өмірмен байланыстыруға, оқытудың белсенді түрлеріне айрықша назар аударылады. І топпен жұмыс бүкіл сабақ барысында жүзеге асырылып отырады. Мен өз тәжірибемде көбінесе сабақты үй тапсырмаларын оқушы қалай меңгеріп келуін тексеруден бастаймын. І топ оқушыларына оқулықта жоқ мағлұматтардан іздеп, дайындап келу тапсырылады. Мұндай жұмыстар оқушыны ізденімпаздыққа тәрбиелеп, ойлау қабілетін жетілдіреді.

Оқушы өзіне бұрын белгісіз болып келген құбылыс, заңдылықты өзі ашты. Белгілі ғылыми мәселе жөніндегі көзқарас иеленді, өз пікірін айтуға және бөтен пікірді түсінуге, сын айтуға, шындыққа жетуге қалыптасты.

Өз тәжірибемде жаңа сабақты түсіндіруде мынадай талаптарды ескеруге тырысамын:

  1. Материалды мәселе қойып баяндау.
  2. Ішінара іздену.
  3. Оқушылардың іс-әрекеттерін зерттеу тәсілдері.

Оқу үрдісі материалды және берілген іс-әрекетті меңеруде оқушыны қызықтыратындай болу керек.

Сабақта мәселе туғызу оқушылардың өздері шеше аклмайтын оқудағы қиыншылықтар, ұжым болып талдауды, болжам айтып, оны тексеруді, қосымша материал іздеуді, байқау, зертеу, кеңесті қажет етеді.

Оқушылардың жан-жақты дамуы үшін әрқайсысына тиімді жағдай жасау, шамасы келеді-ау деген тапсырма беру маңызды.

І топ оқушысына әрине, қиындау тапсырма беріледі, оқушы оны орындаса, өзін жеңімпаз сезіп, биік шыңға шыққандай болады. Жұмысты бағалағанда оның соңғы нәтижесі бойынша емес, оған жету жолына қарап баға қойған дұрыс.

Психологияда ойлау қабілетін арттырудың бірнеше әдістері белгілі. Соның бірі - байланыстыратын ойдың арасына «Дамытушы буын» енгізу.

Оқу материалы негізінен сбақта игертілуі тиіс. Осыған байланысты, мен сабақта оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, қалыптастыруға көп көңіл бөлемін. Ол үшін сабақта мәселелік жағдай тудыруға тырысамын. Химияны оқыту барысында: Мысалы: оқушы заттар мен құбылыстардың байланысы туралы жорамал жасайды және соны тексереді. Ал кейбір құбылыстарды зерттеуде қайшылықтарға кездесіп, теориялық білім жетпей жатқанда мұғалім көмекке келеді.

Оқушыларды сабаққа белсене араластырудың ең тиімді әдісі -эвристикалық әдіс. Оны білу үлкен шеберлікті қажет етеді. Бұл әдістің негізі -диалог.

Өз жұмысының сипаты жағынан мұғалім ұйымдастырушы болуы тиіс, ал бұл үшін оған ұйымдастырушылық қабілет, ширақтық, күш-жігер, өз күшіне сенім мен мүмкіндіктер қажет. Оқушылар мұғалімнің білімін және оны айта білу қабілетін ғана емес, сонымен бірге ең алдымен, оның ықыласын және бұл білімдерді бере білуін, сондай-ақ оның пәнге көзқарасын, қызығуы мен құштарлығын бағалайды.

Бүгінгі таңда П. М. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Д. В. Эльдконии мен В. В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы Ш. А. Амонашвилидің ізгілікті - тұлғалық технологиясы, В. Ф. Шаталовтың оқу матералдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М. Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, В. М. Монаховтың, В. П. Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары танымалы.

Қазақстанда Ж. А. Қараевтың, Ә. Жүнісбектің және т. б ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.

Педагогикалық технологиялардың жіктелуі және топталуы

1. Педагогикалық қ арым-қатынастарды ізгілендіру мен деократияландыру негізіндегі техиологиялар. Оған Ш. А. Амонашвили., Е. И. Ильина әдістемелері жатады.

І. Оқушылардың іс-әрекеттерін белсендіру мен тиімділігін арттыру педагогикалық технологиялары. Оған ойын элементтері, проблемалық оқыту, тірек сызбалары, В. Ф. Шаталов және Е. И. Пассовтың коммуникативті әдістемелері кіреді.

2. Оқыту үрдісін басқару мен ұйымдастыру тиімділігін арттыратын педагогикалық технологиялар. Оған бағдарламалап оқыту, дифференциалдап оқыту (Н. К. Гузик, Ж. Қараев ) топта және ұжымдық оқыту, ақпараттық технологиялар және т. б. жатады.

4. Оқу материалдарының дидактикалық құрылымын әдіснамалық тұрғыдан жетілдіретін әдістемелер. Мысалы, диактикалық бірліктерді түрлендіру жөніндегі П. М. Әрдниев әдістемесі және т. б.

5. Табиғатқа сәйкестендіріп, халық педагогикасы әдістемелері қолданылатын технологиялар. Мысалы, Л. Н. Толстой, Монтессоры, Абайдың қара сөздері.

6. Баламалы технологиялар. Мысалы, Р. Штелвердің вальдорф пеагогикасы.

1 . Кешенді технологиялар (бұған көптеген авторлық мектептер кіреді) т. б. Оқыту бағдарламалары сызықтық, тармақты, адаптивті, құрама, блоктық және модульді болып бөлінеді. Осылардың әрқайсысына қысқаша тоқталсақ.

І. Сызықтық-оқу материалдары блокпен беріліп бақылау жұмыстарымен кезектестіріліп отырылады.

2. Тармақтық-оқушылар дұрыс жауап бермеген жағдайда қосымша ақпарат көздерінен білім алып, жаңа бақылау жұмыстарын орындайды.

3. Адаптивті- өзінің меңгеру дәрежесіне қарай жаңа материалдық күрделілік дәрежесіп өзі таңдау, сөздіктер мен анықтамалықтарды (техникалық құралдарды, компьютер т. б. ) қолдана алуы.

4. Аралас бағдарламада сызықтық, тармақтық және адаптивті бағдарламалардың фрагментерін қамтиды, алгоритм бойынша есептеуді қолданады.

5. Блок түрінде беру бағдарламасы оқушыларды әр түрлі интеллектуалды опсрацияларды орындауына алған білімдерін есеп шығаруда пайдалануына мүмкіндік туады.

6. Модульді оқыту - блоктық оқытудың жетілдірілген түрі. Мұнда оқушылар модульдерден тұратын оқу бағдарламасымен жұмыс істейді.

Модульді сабақтар мұғалімдерге барлық оқушыларды назарынан тыс шығармауға, олардың білімдеріндегі олқылықтарын дәл мерзімінде анықтауға мүмкіндік берсе, оқушылар сабақ үстінде мұғаліммен тең дәрежеде еркін сөйлесуге, жолдастарымен бірлесе жұмыс жасауға мүмкіндік алады, сабақ олар үшін көңілсіз күңгірттіктен айырылып, көңілді, қызықты іс-әрекетке айналады, үй тапсырмасын орындауға жіберетін уақыттарын өздері қызығатын істерге арнайды.

Сонымен, модульді оқыту, модульді технология, модульді бағдарлама деген не?

Ол үшін алдымен "модуль" сөзінің мағынасы қандай екенін анықтайық. Егер С. И. Ожеговтың сөздігіне үңілсек, модуль - белгілі бір жүйенің, құрылымның өз бетінше бола алатын, бөліне алатын бөлшегі екені айтылған.

Қазіргі таңда педагогикалық технологияларды жіктеудің бірнеше түрлері бар. Педагогика ғылымы мен практикасында белгілі технологияларды жалпы түрде Г. К. Селевко топтастырды. Осы жіктелу педагогикалық технология туралы түсінігіміздің айқындала және кеңейе түсуіне мүмкіндік береді.

1. Педагогикалық қарым-қатынасты демократиялық және ізгілік негізінде құру педагогикалық технологиясы:

- ынтымастық педагогикасы;

- ізгілік-тұлғасы оқыту технологиясы (Ш. А. Амонашвили) ;

- адамгершілікті қалыптастыруға негізделген әдебиетті оқыту жүйесі (Е. Н. Ильин) .

2. Оқушы әрекетін жандандыру және жетілдіру негізіндегі оқыту технологиясы:

-ойын-сабақ технологиясы;

-проблемалық оқыту;

-модульдік оқыту;

- В. Ф. Шаталовтың тірек конспектісі негізінде оқыту технологиясы;

- Ғ. И. Пассовтың коммуникативтік оқыту жүйесі;

3. Оқу процесін ұйымдастыру және басқару тиімділігіне негізделген оқыту технологиясы:

- бағдарламалап (программалап) оқыту;

- дифференциалдап оқыту (В. В. Фирсов., Н. П. Гузик) ;

- даралап оқыту ( А. С. Границкая., Инге Унт, В. Д. Шадриков) ;

тірек нұсқаларын пайдалана отырып, түсіндіре отырып басқарудағы перспективалық алдын-ала оза оқыту (С. Н. Лысенкова) ;

- Ұжымдық және топтық оқыту тәсілдері (И. Д. Первын, В. К. Дьяченко) ; компьютерлік (ақпараттық) технология;

4. Әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта өңдеу негізіне карай құрылған оқыту технологиясы:

- ірілендірілген дидактикалық бірліктер (П. М. Эрдинеев) ;

- «Мәдениет диалогы» (В. С. Библер, С. Ю. Курганов) ;

«Экология және диалектика» жүйесі (Л. В. Тарасов) ;

- ақыл-ой әрекетін сатылап дамыту теориясын жүзеге асыру технологиясы (М. Б. Волович) .

5. Табиғат теңділік, ұлттық педагогика әдістерін пайдалануға негізделген оқыту технологиясы:

- Л. Н. Толстой бойынша оқыту;

- Сауаттылыққа тәрбиелеу (А. Кушнир) ;

- М. Монтессори технологиясы.

6. Альтернативті оқыту технологиясы:

-Вальдорф педагогикасы (Р. Штейнер) ;

- еркін еңбек техпологиясы (С. Френс) ;

- ықтималдық оқыту технологиясы (А. М. Лобка) .

7. Кешенді политехнологиялар:

- «өзін - өзі анықтау мектебі» (А. Н. Тубельский) ;

- «Барлықтар үшін мектеп» (Е. Н. Ямбург ) ;

Мемлекеттік білім стандарты оқу барысында оқушылардың игерілген білімінің барынша берік болуын талап етеді. Басқаша айтқанда, төменгі сыныпта алған білім бастауыш мектепті бітірерде ұмытылмауы тиіс. Ал білім неғұрлым атүсті меңгерілсе және сирек пайдаланылса, соғұрлым тез ұмытыла бастайтыны белгілі. Бұдан шығатын қорытынды, мемлекеттік білім стандарттарын енгізумен бірге бақылау процедураларын объективтендіру ғана емес, оқыту мазмұнының берік меңгерілуін қамтамасыз ету мәселесі де өткір қойылуда.

Біріншіден, мемлекетгік білім стандарты талаптарын тесттік бақылау тэсілдері көмегімен қамтамасыз етудің объективтік қажеттілігі, екінші жағынан, бұл мәселенің оқыту теориясы мен практикасында жеткілікті түрде шешімін таппағаны арасында қарама-қайшылық туындауда. Аталған қарама-қайшылық төмендегідей проблеманы шешуді талап етеді: мемлекеттік білім стандарттарының талаптарын қамтамасыз ету үшін математикадан тесттік бақылау тәсілдерін пайдаланудың мүмкіндіктерін анықтау.

Конец формы

Білім алу - адамзат әрекетінің ең маңызды бір түрі. Ол білім мен тәрбиенің негізін қалайды. Білім алуда адамның ішкі мүмкіндігі мен қабілетінің дамуы, қалыптасу үрдісі байқалады. Қабілет, бір жағынан, адамның білім, дағды, іскерлікті қалыптастырудағы саналы әрекетінің нәтижесі болса, екінші жағынан, адамның табиғи-генетикалық ерекшелігімен тікелей байланысты. Адамның бойындағы мұндай табиғи - генетикалық болмысты жою үшін не істеу керектігі оқытушыны ойлантпай қоймайды. Өйткені жоғары оқу орнының басты мақсаты - аз ғана мерзімнің ішінде білімді де, білікті, кәсіби маман тәрбиелеу. Осыған орай қазіргі білім беру парадигмасында білім алушыға тұлғалық - әрекеттік тұрғыдан қарауға үлкен мән беріп отыр. Өйткені әрекет дегеніміз - саналы мақсатқа тәуелді үрдіс. Демек, мақсатқа жетудің басты жолы білім беруші мен білім алушының бірлескен іс-әрекеті болып табылады. Осыған орай оқытуды екі жақты әрекетке, субъект-субъектілік, диалогтық қарым -қатынас құру мәселесі шешімін табуда. Ондай шешім - оқыту үрдісіне педагогикалық технологияны еңгізу. Педагогикалық технологиялардың басты сипаты мақсат - нәтижеге жету үшін оқытушы да, студент те әрекер етуі тиіс. Осындай әрекетке құрылған оқыту технологиясының бір түрі дамыта оқыту технологиясы.

Дамыта оқыту ұлы неміс педагогы А. Дистервегтің әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» (Руководство к образованию немецких ученных) атты еңбегінің негізі болып табылады. Дамыта оқыту деп, ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. «Жаман» мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» - деген.

Орыстың ұлы ағартушысы К. Д. Ушинский де өз дидактикалық еңбектерінде бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыта отырып дамыту мәселесіне ерекше тоқталып, арнайы әдістеме жасаған.

Осылай бола тұрғанмен, «дамыта оқыту» деген терминге көзқарастар мен пікірлер әртүрлі. Себебі «дамыта оқыту» ұғымына берілген түсініктер әртүрлі және «дамытпайтын оқыту бола ма? деген сұрақтар жиі қойылады.

«Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж. Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (Л. В Выготский, А. Н Леонтев, С. Л Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б. Г Ананьиев, Г. С Костюк, (А. А Люблинская, Н. А Менчинская) және т. б іс - әрекет теориясының психологиясын жасаған (А. Н Леонтев, П. Я Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды.

Дамыта оқыту идеясын алғашқылардың бірі болып 1959-1960 жылдары қолға алған академик Л. В Занковтың басшылығымен жасалған бастауышқа оқытудың жаңа жүйесін мұғалімдер қауымы үлкен ықыласпен қабылдағанымен, белгілі себептерге байланысты өрістеп кете алмады. Тек 1990 жылдары ғана Ресей мектептерінде қайтадан қолданыла бастады. Қазір бұл жүйе дәстүрлі оқытумен қатар пайдаланылып келеді.

Дамыта оқыту-дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.

Психологтардың зерттеулері бойынша бала өзінің субъект екенің 2, 3 - 5 жасында-ақ білдіре бастайды екен. Ол оның «Мен» деген категориясының көрінуінен байқалады (өзім ішемін, өзім киемін және т. б түрінде) мектепке дейінгі балалық шақтың соныңа қарай ол әртүрлі әрекетті өзі орындауға деген талпыныстарын жасайды. Бұл түрлі рольдік ойындарға қатысуда айқын байқала бастайды. Еркін ойлап, өзін еркін сезіну оның жекелік қасиеттерін әрі қарай дамытуға қолайлы жағдайлар туғызады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Энергетикадағы келешекті технологиялар
Оқудың педагогикалық технологиялары түсінігі мен сипаттамасы
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Сәйкестік аудитін денсаулық сақтау мекемелерінде жүргізу ерекшеліктері
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш сынып мұғалімінің мүмкіндіктері шектелген балалармен жұмысын ұйымдастыру
Музыка сабағындағы заманауи технологиялар
Индустрия және сауда министрлігі
Ақпараттық модельдеу
ТІЛ ҮЙРЕТУДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz