Компьютерлік технологияның түрлері


Конец формы
МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ . . . 3
ІІ. БІЛІМ АЛУДЫҢ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯСЫ
2. 1 Компьютерлік технологияны пайдалану тәсілдері . . . 5
2. 2 Компьютерлік технологияның түрлері . . . 13
2. 3 Білім берудегі ақпараттық технологияландырудың
өзектілігі . . . 22
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 30
КІРІСПЕ
Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың даму кезеңі оқу-ағарту саласында техникалық жаңа әдістерді кең көлемде қолдануды қажет етеді. Күнделікті сабақта компьютерді пайдалану заман талабы. XXI ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар: білім сапасын көтеру, компьютерлендіру, интернет, компьютерлік желі, Электрондық телекоммуникация, Электрондық оқулықтар даярлау. Бұлардың оқушылардың қазіргі заман талабына сай білім алуына, танымдық белсенділігін арттыруға әсері мол.
Жаңа ақпараттық технологияны адамзат қызметінің барлық саласына
енгізу ақпараттық қоғамның басты көрінісі болып отыр. Компьютерлік технологияны үздіксіз білім беру жүйесінде паидалану оқытудың педагогикалық технологиясы, оқытудың ақпараттық технологиясы, оқытудың компьютерлік технологиясының туындауына себеп болады.
Сонымен біз осы ұғымдарға тоқталып өтуді жөн көрдік. Оқытудың компьютерлік технологиясы деп оқушының өз бетімен танымдық іс-әрекетін
дамытуға, оқыту мен оқуды басқаруға, сондай-ақ, психологиялық, педагогикалық бағдарламалық-техникалық және ұйымдастыру құралдары-ның кешенін айтады.
Кез-келген педагогикалық технология- ақпараттық технология болып табылады. Оқу тәрбие үрдісінде білім беруді ақпараттандыру үшін жаңа ақпараттық технологияға көшу қажет. Білім берудегі жаңа ақпараттық технология деп оқу мен оқу-тәрбие материалдарының, үйретуге арналған техника, мұғалім мен оқушының еңбегін жетілдіруде оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесін айтады.
Компьютерлік технологияны оқу тәрбие үрдісінде пайдалану оқушының белсенділігін арттырудың педагогикалық мүмкіндіктері Ж. А. Қараевтың еңбегінде көрсетілген. Алайда, интернет желісі сияқты жаңа телекоммуни-кациялық жүйелердің пайда болуына байланысты компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктері өзгерді. Демек, оқыту үрдісінде компьютерді қолдану білім мен біліктілікке қойылатын талаптарды қайта қарап, жетілдіріп жүйелеуді талап етеді. Білім беруде компьютерлік технологияны пайдалану оқыту үрдісін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі оқыту құралдары (компьютер, телекоммуникациялық білім құралдары, қажетті интерактивті бағдарламалық және әдістемелік жабдықтар) әр түрлі оқыту формаларын жетілдіруге мүмкіншілік береді, оған қоса оқушының өзіндік жұмыстарын орындататын әдістемелік құралдар ретінде атқаратын жұмыстың маңызы өте зор.
Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы дамыған 50 елдің қатарына қосылуы түралы алға қойып отырған игі мақсаты - еліміздің әрбір азаматының, әрбір сала маманыңың киелі міндеті де болып саналады.
Ал білім беру саласына қатысты айтатын болсақ, бұл мәселе тіптен өзекті бола түспек өйткені, жоғары тиімділікпен білім беру арқылы ғана болашақ азаматтарымыздың диежүзілік жоғары даму көрсеткіштеріне ие болып отырған елдердің деңгейіне өсуге деген ынтасы мен ықыласын қалыптастыра, жетілдіре аламыз.
Қазіргі кезде өмірдің барлық дерлік деңгейі мен саласында болып жатқан динамикалық өзгерістердің тубі адамның жағдайын әлеуметтік-экономикалық жағынан жақсартуға бағытталған.
Мектепте білім беру жүйесінде жасалып жатқан өзгерістер мен күтіліп отырған 12 жылдық білім беру мәселесі де - қазақстандық жас ұрпақтың болашақ, ел тұтқасын қастерлеп ұстап азамат дәрежесіне жетуіне көмектесетін жақсылық нышаны деп танылып отыр.
Қазақстан Республикасының білім беру саясатының барлық азаматтардың білім алудағы теңдігі, дарынды тұлғаларға деген үкімет тарапынан қамқорлық болуы, білім берудің гуманиетік және дамытушылық сипатта келуі, білім беруді ақпараттандыру сияқты оң бағыттары кеңестік дәуірден қалған догмалық-жаттанды білім беруді біртіндеп ығыстырып бара жатыр.
Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесінің негізгі міндеті - оқушыны ұлттық және жалпы адамзаттық адамгершілік құндылықтарды игерген жеке тұлға дәрежесіне көтеру, ғылым мен техниқаның жетістіктерінен абетракциялық білім алып қоймай, өзінің өмірінде қолдана білуге дағдыландыру.
Мұндай үлкен міндеттерді шешу үшін, дәстүрлі оқыту жүйесінен біртіндеп қарқынды даму шеңберіне жеткізе алатын жаңа оқыту технологияларын қолдану керек және жаңа тұрғыдан оқыту барысында білім мазмуны ғана негізгі мақсат болмай, адамгершілікпен гуманиетік бағыт басты нысан ретінде ұсталынуы керек.
Жаңа оқыту технологияларын, көп жағдайда, дәстүрлі оқыту жүйесіне қарама-қарсы қойып сипаттау әдісі орын алып жур. Бұл дурыс па? Өйткені, «дәстүрлі оқыту» дегеннің өзі - ғылыми термин болып ғылыми ойлау айналымына енді ме? Ал «жаңа оқыту технологиясы» дегенде «ескі оқыту технологиясы» дегеннің орныңа келген жаңа нәрсе тусінілетін сияқты.
І. БІЛІМ АЛУДЫҢ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯСЫ
1. 1 Компьютерлік технологияны пайдалану тәсілдері
Білім беруді ақпараттандыру кезінде түрлі бағдарламаларды, жүйелер мен орталарды кең қолдану кезінде оқытудың оқыту мен әдіс-тәсілдері, сондай-ақ білім беру үрдістерінің мазмұны да маңызды өзгерістерге ұшырайды. Сондықтан мектеп алдында тұрған жаңа мәселелерді жүзеге асыруға бағытталған оқыту тиімділігін арттыруға компьютерлік технологияны қолдану оны жүзеге асыру мен оңтайландыруға тікелей әсерін тигізеді:
оқушының өзіндік жұмысын арттыру;
ақпартаттық түрлі көздермен жұмыс істеу біліктілігін қалыптастыру;
ақпаратты беру, өңдеу, сақтаудың қазіргі заманғы әдіс-
тәсілдеріне оқушыларды үйрету;
олардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілетін дамыту;
өмірге икемдеуге себеп болатын әлеуметтік қызмет дағдыларын қалыптастыру.
Бабанский Ю. К. -дің айтуынша оқыту үрдісіне компьютерді енгізу
оқушының оқу танымдық белсенділігіне басшылық жасауда, оны интенсивтендіруде жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізеді.
Оқыту әдісі кезінде компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін
қолданудың дұрыс бағытының бірі- компьютерлік моделдеу, имитация және
виртуальды стенд. Бұл бағыт оқушыларға нақты құбылыстар мен обьектілерді өз командасына берген бағасын көре алады. Бұл тұрғыда алғанда шешімнің дұрыстығын ғана емес, сондай-ақ ұстанған бағыттың күшті және әлсіз жақтарын, жіберілген қателерді де оқушыға көрсетіп отыратын интеллектуалды танымдық жүйелерде қолданылады.
Оқыту мотивациясы мен оқушының жұмыс істеу мүмкіншілігін арттыру үшін де компьютерлік оқу ойындарының алар орны ерекше. Өйткені жоғарыда айтылып өткендей сабаққа компьютерлік технологияны пайдалану танымдық ойындар оқу мотивациясын қалыптастырудың өз алдына жеке әдістері ретінде көрсетілсе, компьютерлік имитациялық модельдеуде бұл екі әдіс бірігіп, қойылған мақсатты шешуге зор ықпалын тигізеді.
Қазіргі заманғы компьютерлік телекоммуникация әр деңгейдегі оқу
ақпаратын алу және білім беруде түрлі оқыту әдістерімен бірдей, кейде
тиімді түрде жүзеге асырады.
Ақпараттық оқу ортасының белгіленуі жеке тұлғаның шығармашылық
қызметке деген қабылеті мен потенциалдық мүмкіндіктерінің ашылуы және
дамуы, білімді өз бетінше сапалы түрде игеру, оқу нәтижесін өңдеу үрдісін,
оқудағы жетістіктерді автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
Адамның компьютер көмегімен атқаратын оқу іс-әрекеті өте күрделі және алуан түрлі. Оларды төменде атай отырып, біз бұл іс-әрекеттің негізінде
оқушыларда шығармашылық ойлау пайда болатынына көз жеткіземіз:
аталған қатынастарды модельдеу;
қатынас модельін оның жалпы белгілерін игеру мақсатында қайта қарау;
жалпы әдіс негізінде нақты практикалы міндеттерді бөліп алып, шешу;
алдыңғы іс-әрекеттің орындалуын бақылау;
берілген міндетті шешудің жалпы тәсілін игеру бағасы. Компьютерлік
технологияны қолдану арқылы бағдарламалық оқыту тәрбиесі қазіргі кезеңге дейін ғылыми-практикалық мәнге ие оқытудың компьютерлік технологиясын құру стратегиясы ең тиімді әдіс болып табылады.
«Жаңа оқыту технологиясы» түралы ізденістерде Коменскийдің, Песталоццидің, Алтынсариннің оқыту жүйелері сол педагогикалық технологиялардың бастауы сияқты алынып жүргенін көру қиын емес. Ал «дәстүрлі оқыту жүйесі сынып-сабақтық жүйе» -Коменскийден келе жатқан мұра жолы емес пе?
Сонда «дәстүрлі оқыту» деп жүргеніміз - Кеңес оқыту жүйесі екенін анық та ашық айтып, әр мемлекеттің өз қоғамында өмір сүріп отырған мектебіне өзінің сұранысына қажетті қоғам мүшесін даярлауды тапсыратыны түралы неге айтылмайды?
Социалиетік қоғам азаматын тәрбиелеуде жаттанды білімнің қажет болуының өзіндік бір реті бар ғой.
Оны болашақ тарихи тұрғыдан танырмыз. Бірақ «жаңа оқыту технологияләры» деген ғылыми ұғымды тек дәстүрлімен салыстыру арқылы тану біржақты түсінікке әкетіп бара жатқаның көру қиын емес,
Жаңа оқыту технологияларын бұрынғы оқыту әдістемелерінің орныңа келген жаңа түсінік деп те қабылдамау керек.
«Технология» - өндірістен алынған ұғым дейтін болсақ. белгілі бір бұйымды модельдеу, соған қажетті материалды өлшеу, ол материалды нәтиже даярлайтын процеске салу, түпкілікті нәтижені алдың ала болжау арқылы сол нәтижені алуға бағытталған қызмет процесін ұйымдастыруды білдіретін бұл ұғымның білім берумен байланысы тікелей анықталады.
Мектепке келген баланы, Мұқағали Мақатаеетың сөзімен айтар болсақ «Тарыдай боп кіресің.
Таудай болып шығасың» деген идеямен оқытып-тәрбиелеу - оқыту технологиясын білдіреді. Тарыдай балаға «таудай» болу мақсаты, мұғаліміне тарыдай баланы «тау-дай» қылу мақсаты - күтілетін нәтиже болып қойылады.
Бұл жерде «тары» мен «тау» -антоним ретінде де. біртіндеп өсу барысында қол жеткізетін нәтиже ретінде де көрінеді.
Ендігі міндет - оқушыны тән мен жан түрғысынан қатар дамыту. Ол міндетті шешу үшін, мұғалім білім берудің гуманиетік принциптері деп не танылатының айқын түсінуі керек.
Адамгершілік - адам баласының өзін-өзі түсініп, өз-өзін сыйлауынан, өзін өмірден бага жетпес құндылық деп түсінуінен туындайтын қасиет деп ойлаймыз. Өйткені өзінің. өмірінің. өз тәнінің, өз жаныңын, қасиетін түсінін бағалаған адам ғана басқа адамның да дәл өзіндей құнды екенін тусінуі мүмкін.
Мүмкін біздің бұл ойымыз Сократтың Адам, алдымен сен өзіңді-өзің таны» деген қағидасынан туындаған шығар.
Қалай десек те, білім берудің қазіргі кезде жеке бастың қамын ойлауға, жеке басының баюына қажетті білім мазмуның іздеуге, ана тілінен енді ағылшын немесе қытай тілін жоғары қоятын бағыыттарға бет бұрып бара жатқаны гуманиетік идеяның білім беру барысында бел ала алмай отырғаның көрсететін сияқты.
Жаңа оқыту технологияларымыз қазіргі кезде көп түрінің түпкі ұстанатын-концептуалдық негізі, бастауы - адамгершілік философиясы. Оны Г. Селевконың кітабынан да, ресейлік көптеген ғалымдар кітаптарынан да көреміз.
Жаңа оқыту технологияларының ішінде компьютермен оқыту технологиясының орны ерекше болады.
Барлық, дерлік оқыту технологияларының көздеген мақсаты - оқушылардың өз бетімен білім алу. білім іздеу дағдыларының қалыптасуы десек, компьютерлік оқыту технологиясының талайы осы мақсатқа лайықталғаның көру қиын емес.
Осы компьютерлік оқыту технологиясының философиялық негіздемесін гуманиетік деп анықтаймыз.
Осы жерде компьютерді сабақта көп қолдану оқушыны басқа адам түгілі, өзінен, өзінің нақты, рсалды өмірінен де алыстатып, виртуалды өмірге әкетеді деген көзқарастар пайда болуы мүмкін.
Бірақ, кибернетика ғылымының негізін қалаған Винер компьютердің қанша дамыған түрі болса да, адамның миына еш жете алмайтының айтқаның есте сақтау керек.
Адам компьютерді келесі адамға қарсы екі түрлі жағдайда қолданады: бірі - компьютердің «тілін» білнегенде, екіншісі -гуманиетік идеядан мулде түсінігі жоқ, адамгершіліктен ада болғанда. Осы айтылғандар компьютерді оқу-тәрбие процесіне қарқынмен енгізудің қажет екенін көрсетеді.
Компьютерді оқу барысында оқушының қолдануы дегеніміз - оқушының жеке басына көп байланысты болатын ерекше психофизиологиялық процестің өтілуі.
Компьютердің жүздеген мүмкіншіліктерін қажетті тетіктер арқылы басып үйренген оқушы, бір жағынан, қәазақ тілінен белгілі бір білім мазмұның игеріп жатады десек, екінші жағыман, жасанды интеллектімен «тіл табысып» жататыны анық.
Ал түпкі мәнінде, мұғалімнің итермелеуі немесе жөнсіз жетелеуіне иек артпай, оқушының өө бетімен жұмыс жасау дағдылары жетіледі.
Компьютермен оқыту технологиясының тұжырымдамасын былай деп анықтап аламыз.
Компьютермен оқыту - оқушыны субьект дәрежесіне көтеретін, жеке тұлға ретінде дамытуға игі ықпал ететін, оқушының өз бетімен білім іздеуіне мол мүмкіншіліктер табатым білім беру әрекеті (деятелыносты) .
Компьютермен оқыту технологиясындағы мұғалімнің оқыту қызметін, негізінен, мынадай деп қарастыруға болады:
РЕКЛАМА
- талдау-болжау қызметі;
- жобалау қызметі;
- коммуникатиетік қызметі;
- дидактикалық қызметі;
- бақылау-түзету қызметі;
- психологиялық демеу болу қызметі; ұйымдастырушылық қызметі.
Компьютермен оқыту техиологиясында оқушының өз бетімен білім іздей алатын болуы - көзделетін негізгі нысан ретінде қойылады. Комльютермен оқыту барысында білім алудың жасанды сипатын барынша табиғи қылуға жағдай жасалынады.
Сол табиғилықтың өзі компьютермен оқытудың гуманиетік сипатын көрсетеді.
Компьютермен оқыту технологиясында үлкен үш кезең анықталады. Ол кезеңдер іштей кіші кезеңдерге бөлінеді. Сол модель сызба түрінде көрсетілді.
Мектептерде компьютерлік технологияны қолданудың негізгі жолдарына баға бере отырып, «Жас балаларға компьютердің қанша қажеті бар»?деген сұрақты айналып өту еш мүмкінемес.
Осы мәселе бойынша пікірлер алуан түрлі. Бірқатар педагогтер кіші сыныптардағы компьютер тек балалардың назарын басқаға аударады деп санайды. Ал екіншілері компьютерді тұрақты пайдалану бара-бара оқушылардың, егер компьютер қастарында болмаса, екі санды қоса алмайтын, қарапайым мәтінді оқи алмайтын жағдайға жеткізеді деп негізі бір қауіп білдіреді.
Э. Роджерс «Инновация - нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея» десе, Майлс «Инновация - арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз» дейді. Яғни инновацияны жаңаны көру, жаңаға ену, жаңаға кіріспе деп түсінуіміз қажет. Инновация көпсалалы, кең қолданыста. Педогогика ғылымында өзіндік категориясы болса да, зерттеуші ғалымдар білім беру жүйесіне жаңалық енгізу деп қолданып жүр. Инновация ұғымы ең алғаш мәдениеттанушылардың зерттеулеріне енді, ал қазір барлық салада кеңінен қолданылады.
Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз - білім беру мекемелерде жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызмет» деген анықтаманы ұсынады. Н. Нұрахметов «Инновация» білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке - дара, бір-бірімен байланыспаған) ; модульдік түрі (жеке - дара кешені, бір-бірімен байланысқан) ; жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын) .
С. Қ. Мұхамбетова инновациялық технологияның құрылымы мен дәстүрлі оқытудың құрылымын мына кестеде сипаттайды:
3. Жаңа білімді хабарлау мен оны түсіндіру, яғни мазмұндық бөлімі.
4. Сабақты бекіту.
5. Қорытындалау.
6. Бағалау
7. Үйге тапсырма
Жаңа қоғам кеңістігінде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі жүріп жатыр. ХХІ ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры деп аталатыны мәлім. Сондықтан қазіргі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәліметтер беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп, жаңа дәуір жаңалықтарымен сусындатып отыруға тиісті. Бұл іске нәтижеге қол жеткізу үшін, мұғалім - қоғамдағы болып жатқан тез өзгеріп тұратын әлеуметтік - экономикалық, педагогикалық өзгерістерге тез төселген, жаңаша ойлау жүйесін меңгерген, жан - жақты білімдарлығы, тұтас дүниетанымы болуы қажет. Өз пәнінің шеңберінде қалып қойған мұғалім балаға білім, тәрбие берудегі биік мақсаттарға жете алмайтыны анық.
Егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры. Информатика келешек ұрпақтың :
- Жан - жақты білім алуына;
- іскер әрі талантты;
- еркін дамуына жол ашады.
Бүгінгі таңда оқытудың ақпараттандыру үрдісіне ерекше көңіл бөлінуде. Оқыту үрдісін ақпараттандыру - қазіргі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің бағыты болып табылады. Ал, барлық арнайы ақпараттық құралдары (ЭЕМ, аудио, бейнефильм, кино) қолданатын технологияларды тәжірибеде ақпараттық технологиялар деп атаймыз. Алдымен информатика саласының жаңа ақпараттық технологияларға көшпей тұрып, оқу - үрдісінде білім беруде ақпараттандыру мүмкін емес.
Компьютер арқылы оқыту мынандай міндеттерді қамтиды:
- Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашады;
- Ойлау қабілетін дамытады;
- Оқыту тәрбие үрдісіндегі ақпараттың алмасу сипатын айқындайды.
Қолдану тиімділігі:
- Шығармашылық қабілеті дамып, мәдениетінің деңгейі мен ықыласы көтеріледі;
- Оқушылар бірден өзінің әрекеттерінің нәтижелеріне сәйкес талдаулары мен ұсыныстарын бірге көреді;
- Оқушының пәнге қызығушылығы артады;
- Мұғалім оқушыға бағыт беріп отырады;
- Уақыт үнемделеді;
- Орташа оқитын оқушылар саны азаяды.
Сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсек, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық. Информатика пәнін оқытуда мұғалім балалардың ой - өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту, өз ойын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жаңа технологияларды кеңінен қолданған дұрыс. Балалардың қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі программаларды, сайттарды пайдаланған жөн.
Мысалы, презентациялар дайындау үшін :












Жаңа ақпараттық технология құралдарын информатика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылық, интеллектуальдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Бүгінгі таңда жаңа инновациялық технологиялардың көптеген түрлері қолданысқа ие болуда:
- Жобалау, саралап оқыту технологиясы
- Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы
- Модульдік, деңгейлеп оқыту технологиясы
- Сатылай комплексті талдау технологиясы
- Компьютерлік оқыту технологиясы
- Ойын технологиясы
- Білім берудегі интерактивтілік технологиясы және т. б.
Инновациялық технологияларды тиімді қолдану нәтижесінде төмендегі жетістектерге жетуге болады:
- Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі
- Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыру мүмкіндігі артады.
- Олардың әрқайсының деңгейін анықтап, оларды бақылауға мүмкіндік аласың.
- Оқушылардың ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.
- Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық еркіндігі артады.
- Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.
Жоғарыда аталған жаңа технологиялардың ішінде ойын технологиясының алар орны ерекше. Сабақтың бір кезеңінде осы технологияның элементтерін қолдану - өте тиімді әдіс. Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет-қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері зерттелген.
Ойын элементтерін білім беру үрдісінде қолданғанда төмендегідей әдістемелік талаптарға сүйенген жөн:
- Ойынға кіріспес бұрын оның жүргізілу тәртібі мен шартын оқушыларға әбден түсіндіру;
- Ойынға сыныптағы, топтағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету;
- Ойын түрлерін тақырыптық бағдарламаға сай іріктеп алу;
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, сын тұрғысынан ойлана білуіне жетелеу;
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан күрделі ойынға көшу;
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет;
- Белсенді қатысқан оқушыларды мақтап, мадақтау;
- Үлгерімі төмен оқушыларға ақыл-кеңес беру.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz