Біріккен Ұлттар Ұйымының қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардағы ролі



Жоспар
Кіріспе
Тарау І.БҰҰ қалыптасуы, алдына қойған мақсатары мен мекемелері
1.1.Халықаралық ұйымдар.әлемдік саясаттың ажырамас бөлігі, халықаралық ұйымның қалыптасу тарихы
1.2. БҰҰ.ның құрылымы
1.3. БҰҰ.функциясы мен мекемелері

Тарау ІІ. БҰҰ.ның басқа саяси ұйымдармен байланысы.
2.1. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) және НАТО байланысы
2.2. Еуропалық Одақ,Шанхай бестігі,Шанхай Ынтымақ.тастық Ұйымы және Дүниежүзілік банк тобы ұйымдары.мен байланысы.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Жоспар
Кіріспе
Тарау І.БҰҰ қалыптасуы, алдына қойған мақсатары мен мекемелері
1.1.Халықаралық ұйымдар-әлемдік саясаттың ажырамас бөлігі, халықаралық
ұйымның қалыптасу тарихы
1.2. БҰҰ-ның құрылымы
1.3. БҰҰ-функциясы мен мекемелері

Тарау ІІ. БҰҰ-ның басқа саяси ұйымдармен байланысы.
2.1. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) және
НАТО байланысы
2.2. Еуропалық Одақ,Шанхай бестігі,Шанхай Ынтымақ-тастық Ұйымы және
Дүниежүзілік банк тобы ұйымдары-мен байланысы.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Біріккен Ұлттар Ұйымы - халықаралық
қауіпсіздікті және тыныштықты, мемлекеттер арасындағы бірлікті сақтауға
бағытталған ұйым. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды және
қазіргі таңда 150-ден астам мемлекеттің үстінен қадағалайды. Бұл ұйым 1945
жылы әлемнің тыныштықты сақтауды көздейтін мемлекеттер тарапының
инициативасымен құрылды.
Осы іспеттес ұйым 1815 жылы Рейн бойындағы су жолын қадағалайтын
Орталықтанған комиссия ұйымдастырылды. БҰҰ-ның мақсаттарымен сәйкес
мақсаттас ұйымдар Еуропада пайда бола бастаған. Кейініректе бұл ұйымдардың
саны және мақсаттарына сәйкес ерекшеліктері көбейе бастады. Мәселен,
Халықаралық телеграф одағы мен Әлемдік почталық одағын айтуымызға болады.
Осы ұйымдардың барлығы дерлік әлемдік қауымдастықты басқарудың қазіргі
механизмінің бейнесін қалыптастыруында өзіндік қызметтерін атқарған [1.
56].
Ең алғашқы құрылған халықаралық ұйымдар қатарына Жер өлшеуші
халықаралық ұйымын (1864 жылы), Дүниежүзілік почта одағы (1874 жылы),
Әдебиет және өнер шығармаларына меншікті қорғау халықаралық одағы (1886
жылы) мен Құлдыққа қарсы халықаралық одақты (1890 жылы) жатқызуға болады.
Қазіргі таңда құрылған халықаралық ұйымдардың өздеріне тән белгілері
бар. Бұл белгілерді төмендегідей атап өтуге болады:
-әр халықаралық ұйым көпжақты келісім шарт негізінде құрылады. Бұл
көпжақты келісім шарт ұйымдарының халықаралық құқық нормаларына сай заңды
түрде іс атқарғандығын дәлелдейді;
-халықаралық ұйымдар белгілі бір мақсатта құрылуы тиіс. Бұл саяси,
экономикалық, әскери, ғылыми және мәдени мақсаттар болуы мүмкін;
-халықаралық ұйымдардың өз құрамында тұрақты органдары болуы қажет. Бұл
органдар ұйымның мақсатына сай құрылып, іс атқарады;
-ұйымдар халықаралық құқық нормаларына қайшы ешқандай бағыт немесе мақсат
ұстанбауы тиіс. Себебі халықаралық ұйымдар халықаралық құқық нормаларына
қайшы бағыт ұстанатын жағдайда, мемлекеттер арасындағы жанжалдарға жол ашуы
әбден мүмкін. Бұл жағдай дүниежүзіндегі саяси тұрақсыздыққа әкеліп
соқтырады. Халықаралық деңгейде саяси тұрақсыздыққа жол ашпау үшін
мемлекеттер өзара келіспеушілік мәселелерін дипломатиялық тәсілдер арқылы
(бейбіт жолмен) шешуді жөн көреді.
Жоғарыда аталмыш белгілерді негізге ала отырып, халықаралық ұйымдарға
мына түсініктемені беруге болады: Халықаралық ұйым деп халықаралық құқық
субъектісі бар және тұрақты органдардан тұратын, халықаралық құқық
нормаларына қайшы келмейтін мақсаттарды орындау үшін көпжақты келісім
негізінде құрылған мемлекеттердің халықаралық бірлестігін айтамыз.
Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесі шеңберінде құрылған ұйымдар
үкіметаралық және үкіметтік емес болып екі категорияға жіктеледі.
ХХІ ғасырда бұдан да басқа талаптарды туғызатын әр елдің заңды
мүддесімен есептесіп, өзара пайдалы ынтымақтастыққа қол жеткізу ешқандай
озбырлықсыз қатынастарды қалыптастыру-адамзаттың алдында-ғы басты мақсат.
Оны қамтамасыз етуде Біріккен Ұлттар Ұйымының алатын орны ерекше.
50 жылдан астам уақытта ол шамасы келгенше халықаралық бейбітшілікті
сақтауға, езілген халықтардың бостандыққа жетуіне көмектескені белгілі.
Жедел және тоқтаусыз өзгеріп отырған әлем халықтарының тілек-талабына сай
БҰҰ-ның да жаңартылуы қажет.
Көптеген елдер мен оның қауіпсіздік Кеңесінің құрамын кеңейтуді,
әсіресе тең құқылы мемлекеттер санын көбейту арқылы, оның Германия,
Жапонияны, Үндістанды, Бразилияны, Нигерияны енгізу туралы ұсыныстар
жасауда. Дегенімен БҰҰ-мен санаспай, түйінді мәселелерді шағын топпен қара
күшке сүйене отырып шешпек болған қимылдар да орын алуда.
БҰҰ-ның әлемдік саясаттағы ролін анықтау үшін алдын халықаралық ұйым
түсінігін сипаттайық.
Қазіргі таңда жиырма мыңға жуық ұйым өз қызметін атқарып келеді.
Халықаралық ұйымдар санының осыншама күрт өсуі, бірінші дүниежүзілік
соғыстан кейін басталды. Оған дейін елуге жуық қана тұрақты түрде қызмет
атқаратын ұйымдар болған. Халықаралық ұйымдардың беделі сан жағынан күрт
өсуіне мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, сауда-саттық және
мәдени қатынастарының кеңеюі орасан зор әсер етті.
Ең алғашқы құрылған халықаралық ұйым қатарына Жер өлшеуші
халықаралық ұйымын (1864 ж), Дүниежүзілік почта одағы (1874 ж),
Әдебиет және өнер шығармаларына меншікті қорғау халықаралық одағы (1886
ж) мен Құлдыққа қарсы халықаралық одақты (1890 ж) жатқызуға болады.
Қазіргі таңда құрылған халықаралық ұйымдардың өздеріне тән белгілері
бар. Бұл белгілерді төмендегідей атап өтуге болады:
• әр халықаралық ұйым көпжақты келісім шарт негізінде құрылады.
Бұл көпжақты келісім шарт ұйымдарының халықаралық құқық
нормаларына сай заңды түрде іс атқарғандығын дәлелдейді;
• халықаралық ұйымдар белгілі бір мақсатта құрылуы тиіс. Бұл
мақсат саяси, экономикалық, әскери, ғылыми немесе мәдени т.б.
болуы мүмкін;
• халықаралық ұйымдардың өз құрамында тұрақты орган-дары болуы
қажет. Бұл органдар ұйымның мақсатына сай құрылып, іс атқарады;
• ұйымдар халықаралық құқық нормаларына қайшы ешқандай бағыт
немесе мақсат ұстанбауы тиіс. Себебі халықаралық ұйымдар,
халықаралық құқық нормаларына қайшы бағыт ұстанатын жағдайда,
мемлекеттер арасындағы жанжалдарға жол ашуы әбден мүмкін. Бұл
жағдай дүниежүзіндегі саяси тұрақсыздыққа әкеліп соқтырады.
Халықаралық деңгейде саяси ьұрақсыздыққа жол ашпау үшін,
мемлекеттер өзара келіспеушілік мәселелерін дипломатиялық
тәсілдер арқылы (бейбіт жолмен) шешуді жөн көреді.
Соңғы жылдарда БҰҰ-ның бірқатар мүшелерін Қауіпсіздік Кеңесі құратын 25
мүшеге дейін кеңейту арқылы ұлттар қауымдастығын реформала туралы мәселе
алаңдатады.
Төрттік блок-Германия, Үндістан, Бразилия мен Жапония Қауіпсіздік
Кеңесіне және екі африкалық мемлекет (бірақ Вето құқынсыз) кіруі тиіс деп
есептейді. Ал АҚШ пен бірқатар елдер Қауіпсіздік Кеңесінің қатарынан күрт
ұлғаюынан қауіптеніп, БҰҰ-ның басты ұйымы пікірталас клубына айналып,
қазіргіге қарағанда әсерлілігі аз болады деп ұйғарым жасайды.
2005 жылы қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ-ы Бас Ассамблеясының 60-мерекелік
сессиясы болып өтті. Бұл тарихтағы аса ірі саммит болды, оған 100-ге жуық
мемлекет пен үкімет басшылары қатысты. Үш күн бойы олар БҰҰ-ның Бас хатшысы
Кофи Аннанның ХХІ ғасырдың шындығын есепке ала отырып, ұйымға қайта реформа
жасау жөніндегі бастамасын талқылады.
БҰҰ-да бақылаушы елдер мен ұйымдар: Ватикан, Палестина, Африка бірлігі
ұйымы, Еуропалық одақ, Ислам конференциясы ұйымы мен Халықаралық қызыл
крест комитеті.
БҰҰ-ның есігі бейбіт сүйгіш барлық мемлекеттер үшін ашық. Ұйымға
мүшелікке елдерді Қауіпсіздік кеңесінің ұсынуы бойынша Бас Ассамблея
қабылдайды.
Көптеген саясаттанушылар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі органының әлемдік
үкімет деңгейде екендігін айтуда. Олардың пікірінше халықаралық
деңгейдегі көптеген мәселелер осы кеңесте талқыланады.
Биполярлық (екі полюсті) жүйенің күйреуінен кейін дүниежүзілік
геосаяси ахуалдың өзгеруіне байланысты, экономикалық тұрғыдан қуатты
Германия және Жапония мемлекеттері кеңесті кеңейтіп, тұрақты мүше елдер
қатарына қосылуды тілге тиек етуде.
Қазіргі таңда БҰҰ-на жарна төлеуден АҚШ-тан кейін Жапония екінші (19
пайыз), ал Германия үшінші (8,7 пайыз) орынға иеленіп отыр.
Айта кететін жәйт, Қауіпсіздік кеңесі органы жаңадан реформалау арқылы
кеңейтілетін болса, онда өз аймаөтарында белгілі мөлшерде ықпалдыққа ие
Үндістан, Иран, Пәкістан, Туркия және Индонезия т.б. сияқты елдер де
тұрақты мүшелікке ұмтылмайтынына кім кепіл. Ал егер олар тұрақты
мүшелікке барлық күшімен ұмтылатын болса, онсыз да күрт өзгеріп бара
жатқан халықаралық қатынастарды ұшырқтандыратындығы сөзсіз.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. ХХІ ғасырдағы ең өзекті
мәселелердің бірі қауіпсіздікті сақтау мәселесі болып табылуда.
Қауіпсіздікті сақтаудағы ең басты ролдердің бірін осы халықаралық
саяси ұйымдары алуда. Сондықтан Біріккен Ұлттар Ұйымының қазіргі таңдағы
қауіпсіздікті сақтаудағы ролін зерттеу ең өзекті мәселелердің бірі болып
табылады.
Диплом жұмысының мақсаты-Халықаралық ұйымдар түсінігіне сипаттама
бере отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының қазіргі таңдағы халықаралық
қатынастардағы ролін зерттеу.
Осы мақсатқа сүйене отырып, мынада міндеттерді қойдық-
-Ұйым түсінігіне;
-Халықаралық ұйымдар-әлемдік саясаттың ажырамас бөлігіне;
-Халықаралық ұйымның қалыптасу тарихын;
-БҰҰ-ның құрылымына;
-БҰҰ-функциясы мен мекемелеріне;
-Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) және НАТО
байланысын;
-Еуропалық Одақ,Шанхай бестігі,Шанхай Ынтымақ-тастық Ұйымы және
Дүниежүзілік банк тобы ұйымдары-мен байланысын зерттеу.
Тарихнама мәселесі-бұл кезеңге еліміздегі тарихшылар-дың еңбектері
толық түрде қамтылған деп айту қиын. Қ. Тоқаевтың Халықаралық қатынастар
тарихы атты еңбегінде жоғарыда аталған кезеңдегі халықаралық жағдайлар
аталып өтіп, КСРО-ның осы уақыттағы сыртқы саясатындағы басты бағыттарын
бейнелеген.
Осы тақырыпты зерттеуге арналған мақалалар еліміздегі саяси
журналдардың ең беделділерінің бірі Саясат журналында көптеп жариялануда.

М. Амирбектің Дүние жүзінің халықаралық ұйымдары атты еңбегінде
Әлемдегі халықаралық ұйымдардың тарихына, қызметіне, ұйымдардың құрылу
мақсаттарына толық түсінік берген. Сондай-ақ халықаралық ұйымдардың сол
кезеңдегі халықаралық қатынастарға тигізген әсерінің күштелігін атап өткен.
М. Жарбосынованың Ұлттар ұйымы және Қазақстан атты Егемен Қазақстан
газетіне берілген мақаласында БҰҰ-ның халықаралық қатынастардағы ролдері
туралы мынадай пікірлерін білдірген: Біріккен Ұлттар Ұйымы - халықаралық
қауіпсіздікті және тыныштықты, мемлекеттер арасындағы бірлікті сақтауға
бағытталған ұйым. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі пайда болып, қазіргі
таңда 150-ден астам мемлекеттер үстінен қадағалайды. Бұл ұйым 1945 жылы
әлемнің тыныштықты сақтауды көздейтін мемлекеттер тарапының инициативасымен
құрылды.
Алғашқы осы іспеттес ұйым 1815 жылы Рейн бойындағы су жолын
қадағалайтын Орталықтанған комиссия ұйымдастырылды. Алғашында БҰҰ-ның
мақсаттарымен сәйкес мақсаттас ұйымдар Еуропада пайда бола бастаған.
Кейініректе бұл ұйымдардың саны және мақсаттарына сәйкес ерекшеліктері
көбейе бастады. Мәселен, Халықаралық телеграф одағы мен Әлемдік почталық
одағын айтуымызға болады. Осы алғашқы ұйымдардың барлығы дерлік әлемдік
қауымдастықты басқарудың қазіргі механизмінің бейнесін қалыптастыруға
өзіндік қызметтерін атқарған-, делінген.
В.К Ломакиннің Мировая экономика атты еңбегінде: Ұлттар Ұйымы деген
сөз алғашында Біріккен Ұлттар Ұйымының Декларациясын жариялау барысында
айтылды, оның авторы Д. Рузвельт еді. Бұл құжатқа алғашында 26 мемлекет
біріктірілді. Кейініректе бұл атау ұйым атауына айналды.
БҰҰ-ның жарлығы жарлығы Думбартон-Окс конференциясында 1944 жылы
талданды, 1945 жылы 26 маусымда Сан-Франциско конференциясында КСРО, АҚШ,
Ұлыбритания және Қытай мемлекеттерінің өкілдерінің қатысуымен қабылданды.
Жарлық өз күшіне 1945 жылдың 24 қазанында күшіне енді. 1946 жылдан 2006
жылдар аралығында БҰҰ-на 141 мемлекет мүшелікке енді. Қазіргі таңда 192
мемлекет мүше елдер бар.
Қазіргі таңдағы саясаттанушылар мен саяси эксперттері БҰҰ-ның жұмысын
мардымсыз деген баға беруде. Бұл мәселенің туындауына Югославиядағы және
Ауғанстандағы саяси жағдай себеп болды. Шынында да, бұл соғыстарға БҰҰ
ешқандай ықпал жасай алмады, соғысты тоқтатуға да шамасы келмеді. Осы саяси
оқиғадан кейін ұйымды қайта реформалау және жұмысқа қабілеттілігін қайта
қалпына келтіру әрекеттері жасалынуда.
Бірақ қазіргі кезде ұйымның ғаламдану кезіндегі ғаламдық мәселелерді
шешуде, ХХІ ғасырдағы соғыс пен қауіпті болдырмауда әсер ете алу немесе ала
алмауы бізге беймәлім.
Соңғы жылдарда БҰҰ-ның бірқатар мүшелерін Қауіпсіздік Кеңесі құрайтын
25 мүшеге дейін кеңейту арқылы ұлттар қауымдастығын реформалау туралы
мәселе алаңдатуда. Төрттік блок - Германия, Үндістан, Бразилия мен
Жапония Қауіпсіздік Кеңесіне және екі африкалық мемлекет (бірақ Вето
құқынсыз) кіруі тиіс деп есептейді. Ал АҚШ пен бірқатар елдер Қауіпсіздік
Кеңесінің қатарынан күрт ұлғаюынан қауіптеніп, БҰҰ-ның басты ұйымы
пікірталас клубына айналып, қазіргіге қарағанда әсерлілігі аз болады деп
ұйғарым жасайды.
2005 жылы қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ-ы Бас Ассамблеясының 60-мерекелік
сессиясы болып өтті. Бұл тарихтағы аса ірі саммит болды, оған 100-ге жуық
мемлекет пен үкімет басшылары қатысты. Үш күн бойы олар БҰҰ-ның сол кездегі
Бас хатшысы Кофи Аннанның ХХІ ғасырдың шындығын есепке ала отырып (АҚШ
үкіметінің сыртқы саясатты өзімшілдігін), ұйымға қайта реформа жасау
жөніндегі бастамасын талқылады делінген.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, 3 тарау және
тараушалардан, қорытынды бөлімінен, пайдаланылған әдебиеттер бөлімдерінен
құралған.
Диплом жұмысының қамтылу кезеңі:ІІ дүниежүзілік соғыстан кейінгі
уақыттан қазірге дейінгі аралықты қамтиды.

Тарау І.БҰҰ қалыптасуы, алдына қойған мақсатары мен мекемелері
1.1.Халықаралық ұйымдар-әлемдік саясаттың ажырамас бөлігі, халықаралық
ұйымның қалыптасу тарихы
Халықаралық ұйымдар әлемдік саясаттың ажырамас бір бөлігі. Қазіргі
таңда жиырма мыңға жуық ұйым өз қызметін атқарып келеді. Халықаралық
ұйымдар санының осыншама күрт өсуі, бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін
басталды. Оған дейін елуге жуық қана тұрақты түрде қызмет атқаратын
ұйымдар болған. Халықаралық ұйымдардың беделі сан жағынан күрт өсуіне
мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, сауда-саттық және мәдени
қатынастарының кеңеюі орасан зор әсер етті. Ең алғашқы құрылған
халықаралық ұйым қатарына Жер өлшеуші халықаралық ұйымын (1864 ж),
Дүниежүзілік почта одағы (1874 ж), Әдебиет және өнер шығармаларына
меншікті қорғау халықаралық одағы (1886 ж) мен Құлдыққа қарсы
халықаралық одақты (1890 ж) жатқызуға болады [1. 456-470].
Қазіргі таңда құрылған халықаралық ұйымдардың өздеріне тән белгілері
бар. Бұл белгілерді төмендегідей атап өтуге болады:
-әр халықаралық ұйым көпжақты келісім шарт негізінде құрылады. Бұл
көпжақты келісім шарт ұйымдарының халықаралық құқық нормаларына сай заңды
түрде іс атқарғандығын дәлелдейді;
-халықаралық ұйымдар белгілі бір мақсатта құрылуы тиіс. Бұл мақсат
саяси, экономикалық, әскери, ғылыми немесе мәдени т.б. болуы мүмкін;
-халықаралық ұйымдардың өз құрамында тұрақты органдары болуы қажет.
Бұл органдар ұйымның мақсатына сай құрылып, іс атқарады;
-ұйымдар халықаралық құқық нормаларына қайшы ешқандай бағыт немесе
мақсат ұстанбауы тиіс. Себебі халықаралық ұйымдар, халықаралық құқық
нормаларына қайшы бағыт ұстанатын жағдайда, мемлекеттер арасындағы
жанжалдарға жол ашуы әбден мүмкін. Бұл жағдай дүниежүзіндегі саяси
тұрақсыздыққа әкеліп соқтырады. Халықаралық деңгейде саяси ьұрақсыздыққа
жол ашпау үшін, мемлекеттер өзара келіспеушілік мәселелерін дипломатиялық
тәсілдер арқылы (бейбіт жолмен) шешуді жөн көреді.
Жоғарыда аталмыш белгілерді негізге ала отырып халықаралық ұйымдарға
мына түсініктемені беруге болады: Халықаралық ұйым дегеніміз, халықаралық
құқық субъектісі бар және тұрақты органдардан тұратын, халықаралық құқық
нормаларына қайшы келмейтін мақсаттарды орындау үшін көпжақты келісім
негізінде құрылған мемлекеттердің халықаралық бірлестігі.
Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесі шеңберінде құрылған ұйымдар
үкіметаралық және үкіметтік емес болып екі категорияға жіктеледі.
Үкіметаралық ұйым дегеніміз, бірнеше мемлекеттің бірараға келіп ортақ
саяси, экономикалық, әскери, мәдени, т.б. мүддені көздейтін ынтымақтастық
негізінде құрылған халықаралық бірлестіктер болып табылады. Яғни
үкіметаралық ұйымдардағы келісім шарттар мемлекеттік деңгейде
қабылданады.
Үкіметтік емес ұйымдар болса, мемлекеттік билікке ұмтылмай, кәсіби
ерекшелікпен шектелмейтін ашық коммерциялық емес ұйым болып есептелінеді.
Сондықтан үкіметтік емес ұйымдарға кәсіподақтар мен саяси партиялар
жатпайды. Бұған қоса үкіметтік емес ұйымдар алдарына нақты, қоғамдық
маңызы бар мақсаттар мен міндеттер қояды және өз қызметтеріне соларға
сүйенеді. Қысқасы үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік деңгейде
құрылмағанымен, олардың қызметтеріне мемлекет ешқандай кедергі жасайды.
Мысал ретінде айта кететін болсақ, біріншісіне Шанхай ынтымақтастық
ұйымын, ал екіншісіне ЮНИСЕФ-ті жатқызуға болады.
Айта кететін жайт, үкіметаралық ұйымдар өздерінің алға қойған
мақсаттары мен міндеттерін орындау бағытында ғаламдық және аймақтық болып
екі категорияға да жіктеледі.
Ғаламдық үкіметаралық ұйым дегеніміз, дүниежүзіндегі мемлекеттердің
басым көпшілігін біріктіретін халықаралық бірлестік болып табылады.
Бұндай ұйымдар өз алдына ғаламдық мақсаттар қояды. Қазіргі таңда осындай
ұйымдардың ішінде ең беделдісі-Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ). БҰҰ-да
қабылданған шешімдер ғаламдық деңгейде барлық мемлекеттерді қамтиды.
1.2. БҰҰ-ның құрылымы
БҰҰ-ның қызметтері мен мазмұнына ұқсас ұйымдардың бірі Ұлттар Лигасы
еді. Ол Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі, Версаль келісімі негізінде,
1919 жылы қалыптасты. Бұл ұйымның алдына қойған мақсаты - халықтар
арасындағы одақтастықты қауіпсіздік пен достықты сақтау болды [2. 198-
202].
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін әлемдік қауымдастықтың
алдында террорға қарсы жаңа әдістерді ойлап табу мәселесі қойыла бастады.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі өмір сүрген Ұлттар Лигасы
әрекетсізідігін көрсетіп, халықаралық тыныштық пен қауіпсіздікті қорғауға
көмектесетін жаңа ұйымның қажеттігі мәлім болды. Осы тарихи жағдайларда
Біріккен Ұлттар Ұйымы қалыптаса бастады.
Ұлттар Ұйымы деген сөз алғашында Біріккен Ұлттар Ұйымының Декларациясын
жариялау барысында айтылды, оның авторы Д. Рузвельт еді. Бұл құжатқа 26
мемлекет біріктірілді. Кейініректе бұл атау ұйым атауына айналды.
БҰҰ-ның жарлығы жарлығы Думбартон-Окс конференциясында 1944 жылы
талданды, 1945 жылы 26 маусымда Сан-Франциско конференциясында КСРО, АҚШ,
Ұлыбритания және Қытай мемлекеттері-нің өкілдерінің қатысуымен қабылданды.
Жарлық өз күшіне 1945 жылдың 24 қазанында күшіне енді. 1946 жылдан 2006
жылдар аралығында БҰҰ-на 141 мемлекет мүшелікке енді. Қазіргі таңда 192
мемлекет мүше елдер бар.
Қазіргі таңдағы саясаттанушылар мен саяси эксперттері БҰҰ-ның жұмысына
мардымсыз деген баға беруде. Бұл мәселенің туындауына Югославиядағы және
Ауғанстандағы саяси жағдай себеп болды. Шынында да, бұл соғыстарға БҰҰ
ешқандай ықпал жасай алмады, соғысты тоқтатуға да шамасы келмеді. Осы саяси
оқиғадан кейін ұйымды қайта реформалау және жұмысқа қабілеттілігін қайта
қалпына келтіру әрекеттері жасалынуда [3; 719-725].
Бірақ қазіргі кезде ұйымның ғаламдану кезіндегі ғаламдық мәселелерді
шешуде, ХХІ ғасырдағы соғыс пен қауіпті болдырмауда әсер ете алу немесе ала
алмауы бізге беймәлім.
Соңғы жылдарда БҰҰ-ның бірқатар мүшелерін Қауіпсіздік Кеңесі құрайтын
25 мүшеге дейін кеңейту арқылы ұлттар қауымдастығын реформалау туралы
мәселе алаңдатуда. Төрттік блок - Германия, Үндістан, Бразилия мен
Жапония Қауіпсіздік Кеңесіне және екі африкалық мемлекет (бірақ Вето
құқынсыз) кіруі тиіс деп есептейді. Ал АҚШ пен бірқатар елдер Қауіпсіздік
Кеңесінің қатарынан күрт ұлғаюынан қауіптеніп, БҰҰ-ның басты ұйымы
пікірталас клубына айналып, қазіргіге қарағанда әсерлілігі аз болады деп
ұйғарым жасайды.
2005 жылы қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ-ы Бас Ассамблеясының 60-мерекелік
сессиясы болып өтті. Бұл тарихтағы аса ірі саммит болды, оған 100-ге жуық
мемлекет пен үкімет басшылары қатысты. Үш күн бойы олар БҰҰ-ның сол кездегі
Бас хатшысы Кофи Аннанның ХХІ ғасырдың шындығын есепке ала отырып (АҚШ
үкіметінің сыртқы саясаттағы өзімшілдігін), ұйымға қайта реформа жасау
жөніндегі бастамасын талқылады.
БҰҰ-да бақылаушы елдер мен ұйымдар: Ватикан, Палестина, Африка бірлігі
ұйымы, Еуропалық одақ, Ислам конференциясы ұйымы мен Халықаралық Қызыл
Крест комитеті.
БҰҰ-ның есігі бейбіт сүйгіш барлық мемлекеттер үшін ашық. Елдерді Ұйымға
мүшелікке Қауіпсіздік кеңесінің ұсынуы бойынша Бас Ассамблея
қабылдайды.
БҰҰ-ның ғаламдық деңгейде ұстанған басты мақсаттары:
-дүниежүзілік тұрақтылықты, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз
ету;
-мемлекеттер арасындағы жанжалдарды дипломатиялық тәсілдер арқылы шешуге
жәрдемдесу;
-мемлекеттер арасында экономикалық, сауда-саттық, мәдени ынтымақтастықты
дамыту болып табылады.
Швейцария БҰҰ-на 10 қыркүйек 2002 жылы толыққанды мүше ретінде
қабылданып, оған дейін БҰҰ-да бақылаушы мәртебесіне ие еді. Швейцария
үкіметінің барлық саяси мәселелерде раласпау саясатын қолданатыны
баршамызға мәлім.
Біріккен Ұлттар Ұйымының бюджетін қалыптастыратын ең ірі 10 мемлекет
(2005 жылғы мәлімет бойынша)

Елдер Пайыздық млн.долл.
мөлшері АҚШ
АҚШ 22 362.7
Жапония 19.47 279.6
Германия 8.66 124.4
Ұлыбритания 6.13 88.0
Франция 6.03 86.6
Италия 4.89 70.2
Канада 2.81 40.4
Испания 2.52 36.2
ҚХР 2.05 29.5
Мексика 1.88 27.0

Аймақтық үкіметаралық ұйым болса, белгілі бір географиялық аймақ
шеңберінде орналасқан немесе белгілі бір критерийлерге сай келетін
мемлекеттерді ғана біріктіретін халықаралық бірлестік. Бұл категорияға
мысал ретінде Африка бірлігі ұйымын (АБҰ) т.б. жатқызуға болады. АБҰ-на
тек қана Африка аймағында орналасқан елдер мүше бола алады. Африка
құрылығынан тысқары орналасқан елдер болса бақылаушы мәртебесінде ұйым
жиындарына қатысады.
ХХІ ғасырда бұдан да басқа талаптарды туғызатын әр елдің заңды
мүддесімен есептесіп, өзара пайдалы ынтымақтастыққа қол жеткізу ешқандай
озбырлықсыз қатынастарды қалыптастыру-адамзаттың алдындағы басты мақсат.
Оны қамтамасыз етуде Біріккен Ұлттар Ұйымының алатын орны ерекше. 50 жылдан
астам уақытта ол шамасы келгенше халықаралық бейбітшілікті сақтауға,
езілген халықтардың бостандыққа жетуіне көмектескені белгілі. Жедел және
тоқтаусыз өзгеріп отырған әлем халықтарының тілек-талабына сай БҰҰ-ның да
жаңартылуы қажет. Көптеген елдер мен оның қауіпсіздік Кеңесінің құрамын
кеңейтуді, әсіресе тең құқылы мемлекеттер санын көбейту арқылы, оның
Германия, Жапонияны, Үндістанды, Бразилияны, Нигерияны енгізу туралы
ұсыныстар жасауда. Дегенімен БҰҰ-мен санаспай, түйінді мәселелерді шағын
топпен қара күшке сүйене отырып шешпек болған қимылдар да орын алуда [4;
298-301].

Біріккен Ұлттар Ұйымының гербі

БҰҰ –ның қызметі. Бүгінгі таңда дүние жүзінің 190-нан астам
мемлекеттері БҰҰ-ның мүшесі болып табылады.
Соңғы жылдарда БҰҰ-ның бірқатар мүшелерін Қауіпсіздік Кеңесі құратын 25
мүшеге дейін кеңейту арқылы ұлттар қауымдастығын реформала туралы мәселе
алаңдатады. Төрттік блок-Германия, Үндістан, Бразилия мен Жапония
Қауіпсіздік Кеңесіне және екі африкалық мемлекет (бірақ Вето құқынсыз)
кіруі тиіс деп есептейді. Ал АҚШ пен бірқатар елдер Қауіпсіздік Кеңесінің
қатарынан күрт ұлғаюынан қауіптеніп, БҰҰ-ның басты ұйымы пікірталас клубына
айналып, қазіргіге қарағанда әсерлілігі аз болады деп ұйғарым жасайды. 2005
жылы қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ-ы Бас Ассамблеясының 60-мерекелік сессиясы
болып өтті. Бұл тарихтағы аса ірі саммит болды, оған 100-ге жуық мемлекет
пен үкімет басшылары қатысты. Үш күн бойы олар БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи
Аннанның ХХІ ғасырдың шындығын есепке ала отырып, ұйымға қайта реформа
жасау жөніндегі бастамасын талқылады.
Алайда, 1991 жылы биполярлық (екі полюсті) жүйенің күйреуінен кейін
Еуропа қаіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) мен Солтүстік Атлант
келісім шарты ұйымы (НАТО) сияқты бірлестіктер аймақтықтан ғаламдыққа
айналды. 1991 жылына дейін екі ұйым да коммунистік идеологияға (КСРО)
және Варшава пактіне қарсы бағытталған еді. Варшава пакті мен КСРО-ның
ыдырауына байланысты ЕҚЫҰ және НАТО дүниежүзіндегі мемлекеттердің өзара
ынтымақтастығы мен қауіпсіздігі қамтамасыз ету бағытында ғаламдық
үкіметаралық бірлестік ретінде қайта құрылды. Қазіргі таңда бұл
ұйымдардың ғаламдық бағыт ұстануында дүниежүзіндегі мемлекеттердің бір-
біріне саяси, экономикалық тәуелділігі маңызды рөл атқарғандығын ескерген
жөн.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алғаннан
кейін халықаралық қатынастар жүйесіндегі дербес әрі тәуелсіз мемлекет
ретінде көптеген ғаламдық және аймақтық ұйымдарға мүше болды. Осындай
ұйымдарға мүше болу арқылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қзаақстанның
тәуелсіз мемлекет екендігін саяси-дипломатиялық тұрғыдан танытып, ел
экономикасын әлемдік экономикамен интеграциялауды көздеді. Қазақстанның
тікелей ашық теңізге шығар жолының болмауы, мұнай және басқа да қазба
байлықтар мен өнеркәсіп өнімдерін шет елге тасымалдау кері әсерін тигізіп
отыр. Осыған қарамастан Қазақстан ТМД елдері ішінде экономикалық дамуы
тұрғысынан ең алдыңғы қатарды.
Бұл мақсат еліміздің аймақтық және ғаламдық экономикалық жүйенің
дамуын көздейтін ұйымдарға мүше болу арқылы жүзеге асты. Қысқасы,
Қазақстанның мүше болған аймақтық және ғаламдық деңгейдегі ұйымдар,
еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде экономикалық тұрғыдан дамуына өз
үлесін қосуда.
Біріккен Ұлттар Ұйымы дүниежүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігін
біріктіріп отырған халықаралық ұйым. БҰҰ 26 маусым 1945 жылы 50 мемлекет
тарапынан қол қойылған Сан-Франциско конференциясы шешімімен құрылған.
Біріккен Ұлттар Ұйымына 191 мемлекет мүше: АҚШ; Жапония, Ресей,
Франция, ҚХР, Австралия, Австрия, Әзірбайжан, Албания, Алжир, Ангола,
Андорра, Антигуа және Барбуда, Аргентина, Армения, Ағаныстан, Багам
аралдары, Бангладеш, Барбадос, Бахрейн, Белиз, Белорусь, Бельгия, Бенин,
Болгария, Боливия, Босния және Герцеговина, Ботсвана, Бразилия, Бруней-
Даруссалим, Буркина-Фасо, Бурунди, Бутан, Вантуату, Ұлыбритания және
Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі, Венгрия, Венесуэла, Вьетнам,
Габон,Гаити, Гайана, Гамбия, Гана, Гватемала, Гвинея, Гвинея-
Бисау,Германия, Гондурас, Гренада, Грекия, Грузия, Дания, Джибути,
Доминика, Доминикан Республикасы, Египет, Заир, Замбия, Зимбаве,
Үндістан, Индонезия, Иордания, Ирак, Иран, Ирландия, Исландия, Испания,
Италия, Йемен, Кабо-Верде, Қазақстан, Камбоджа,Камерун, Комор аралдары,
Конго, Конго Демократиялық Республикасы, Корея Халық Демократиялық
Республикасы, Коста-Рика, Кот-д Ивуар, Куба, Кувейт, Лаос Халық
Демократиялық Республикасы, Латвия, Лесото, Либерия, Ливан, Ливия Араб
Джамахириясы, Литва, Македония, Малави, Малайзия, Мали, Мальдивия
аралдары, Мальта, Марокко, Маршал аралдары, Мексика, Микронезия Құрама
Штататтары, Мозамбик, Молдова Ресйпубликасы, Монако, Монғолия, Мьянма,
Номибия, Непал, Науру, Нигер, Нигерия, Нидерланды, Никарагуа, Жаңа
Зеландия, Норвегия, Біріккен Араб Әмірлігі, Оман, Пәкістан, Палау,
Панама, Папуа- Жаңа Гвинея, Парагвай, Перу, Польша, Португалия, Корея
Республикасы, Руана, Румыния, Сальвадор, Самос, Сан-Марино, Сан-Томе,
Суринам, Сьерра-Леоне, Сербия және Черногория, Тәжікстан, Таиланд, Тимор
Лешти, Танзания Біріккен Республикасы, Того, Тонга, Тринидад және Тобаго,
Тували, Тунис, Түркменстан, Туркия, Уганда, Өзбекстан, Украина, Уругвай,
Фиджи, Филиппин, Финляндия, Хорватия, Орталық Африка Республикасы, Чад,
Чехия Республикасы, Чили, Швейция, Швейцария, Шри-Ланка, Эквадор,
Экваториалды Гвинея, Эритрея, Эстония, Эфиопия, Югославия, Оңтсүтік
Африка Республикасы, Ямайка [5; 21].
БҰҰ-да бақылаушы елдер мен ұйымдар: Ватикан, Палестина, Африка бірлігі
ұйымы, Еуропалық одақ, Ислам конференциясы ұйымы мен Халықаралық қызыл
крест комитеті.
БҰҰ-ның есігі бейбіт сүйгіш барлық мемлекеттер үшін ашық. Ұйымға
мүшелікке елдерді Қауіпсіздік кеңесінің ұсынуы бойынша Бас Ассамблея
қабылдайды.
БҰҰ-ның ғаламдық деңгейде ұстанған басты мақсаттары:
-дүниежүзілік тұрақтылықты, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз
ету;
-мемлекеттер арасындағы жанжалдарды дипломатиялық тәсілдер арқылы
шешуге жәрдемдесу;
-мемлекеттер арасында экономикалық, сауда-саттық, мәдени т.б.
ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Швейцария БҰҰ-на 10 қыркүйек 2002
жылы толыққанды мүше ретінде қабылданып, оған дейін БҰҰ-да бақылаушы
статусына ие еді.
БҰҰ-ның штаб пәтері АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орналасқан.
БҰҰ-ның құрылымы.
1. Бас Ассамблея ұйымға мүше мемлекет өкілдерінің барлығы
қатысады. Ассамблея ұйымның жарғысы шегінде кез келген
мәселені талқылап шешім қабылдайды, бүкіл ұйымның бюджетін
бекітеді, қауіпсіздік кеңесінің жыл сайынғы баяндамаларын
талқылап мүше мемлекеттерге ұсыныс әзірлейді. Бас Ассамблеяда
талқыланған шешімдер мәжіліске қатысқан елдердің 23 басым
көпшілігі дауысымен қабылданады. Бас Ассамблеяның төрағасы
болып 13 маусым 2005 жылы өткен 16 сессиясында Ян Элиассан
(Швеция) бір ауыздан сайланды.
БҰҰ-ның Бас Ассамблея шеңберінде қызмет атқаратын басты комитеттері:
• Қарусыздану және халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне
байланысты комитеті;
• Экономика және қаржы мәселесіне байланысты комитеті;
• Әлеуметтік, гуманитарлық және мәдениет мәселелеріне
байланысты комитеті;
• Отаршылықты жою мәселелеріне байла-нысты комитеті;
• Әкімшілік және бюджет мәселелеріне қатысты комитеті;
• Құқық мәселелеріне қатысты комитеті.
2. Қауіпсіздік кеңесі: бұл органға БҰҰ жарғысының 24 бабына
сәйкес дүниежүзілік қауіпсіздік пен бейбітшілікті қорғау
жауапкершілігі жүктелген. Бұған қоса халықаралық бейбітшілік
пен қауіпсіздікке кез келген қауіп қатер төнген жағдайда, оны
қалпына келтіру үшін Бас Ассамлеяға ұсыныс жасайды. БҰҰ-на
мүше 15 мемлекет өкілдерінен тұратын кеңесте 5 тұрақты өкілі
бар. Олар АҚШ, Ресей, ҚХР, Ұлыбритания, Франция. Тұрақты емес
қалған 10 мүше ел Бас Ассамблея тарапынан екі жылға ағылшын
алфавиттік тізіміне қарай сайланады. Алайда, тұрақты
мүшелердің бірі дауыс бермесе (вето) шешім қабылданбайды.
Биполярлық (екі полюсті) жүйе терминологиясы халықаралық қатынастар
лексиконында 1945-1991 жылдары аралығында НАТО мен Варшава пактіне мүше
елдері арасындағы суық соғысты (қырғи-қабақ соғыс) қамтитын дәуірге
қолданылады. КСРО ыдырап, Варшава пакті өз күшін жоюына байланысты
халықаралық деңгейде 1991 жылдан бері АҚШ-тың бастамасымен көп полярлы
(көп полюсті) ғаламдық тәртіп орнатылды.
Кеңестің басты комитетері:
• әскери штабтық комитеті;
• жаңа мүшелер қабылдау жөнінде комитеті;
• сарапшылар комитеті;
• Намибия жөнінде арнайы комитеті.
Көптеген саясаттанушылар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі органының әлемдік
үкімет деңгейде екендігін айтуда. Олардың пікірінше халықаралық
деңгейдегі көптеген мәселелер осы кеңесте талқыланады 8.
Биполярлық (екі полюсті) жүйенің күйреуінен кейін дүниежүзілік
геосаяси ахуалдың өзгеруіне байланысты, экономикалық тұрғыдан қуатты
Германия және Жапония мемлекеттері кеңесті кеңейтіп, тұрақты мүше елдер
қатарына қосылуды тілге тиек етуде.
Қазіргі таңда БҰҰ-на жарна төлеуден АҚШ-тан кейін Жапония екінші (19
пайыз), ал Германия үшінші (8,7 пайыз) орынға иеленіп отыр.
Айта кететін жәйт, Қауіпсіздік кеңесі органы жаңадан реформалау арқылы
кеңейтілетін болса, онда өз аймаөтарында белгілі мөлшерде ықпалдыққа ие
Үндістан, Иран, Пәкістан, Туркия және Индонезия т.б. сияқты елдер де
тұрақты мүшелікке ұмтылмайтынына кім кепіл. Ал егер олар тұрақты
мүшелікке барлық күшімен ұмтылатын болса, онсыз да күрт өзгеріп бара
жатқан халықаралық қатынастарды ұшырқтандыратындығы сөзсіз.
3.Бас хатшы және хатшылық.:ұйымының атқарушы органы міндетін жүзеге
асырып, оған қауіпсіздік кеңесінің ұсынысы бойынша Бас Ассамблея
тарапынан бес жыл мерзімге тағайындалатын Бас хатшыбасшылық етеді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшыларының хатшылық мерзімдері
Бас хатшылар
Басқарған жылдары
Т. Ли
1946-1952 жылдар аралығы

Д. Хаммаршельд
1953-1961 жылдар аралығы

У. Тан
1962-1971 жылдар аралығы

К. Вальдхайм
1972-1981 жылдар аралығы

Х. Перес де Куэльяр
1982-1991 жылдар аралығы

Б. Бутрос Гали
1992-1996 жылдар аралығы

Кофи Аннан
1997-2007 жылдар аралығы

Пан Ги Мун
2007 жылдан бері

Пан Ги Мун

Бас хатшының негізгі міндеті БҰҰ шеңберінде ұйымдастырылған
конференцияларға қатысып, жыл сайын БҰҰ-ның әр түрлі саладағы қызметі
туралы Бас Ассамблеяда баяндама жасау болып табылады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшыларының хатшылық мерзімдері
Бас хатшылар Мемлекеті Жылдары
Т. Ли Норвегия 1946-1952
Д. Хаммаршельд Швейция 1953-1961
У. Тан Бирма 1962-1971
К. Вальдхайм Австрия 1972-1981
Х. Перес Перу 1982-1991
де Куэльяр
Б. Бутрос Гали Египет 1992-1996
Кофи Аннан Гана 1997-2007
Пан Ги Мун Оңтүстік Корея 2007 жылдан бері

4.Халықаралық сот: басты міндеті мемлекеттер арасындағы даулы
мәселелерді шешу және БҰҰ органдарының, оның мамандандырылған
мекемелерінің құқық мәселелері бойынша ұсыныстық ұйғарым шығару болып
табылады.
Штаб пәтері: Гаагада орналасқан [6; 16].
5.Экономикалық және әлеуметтік кеңесі: мәдениет, білім, денсаулық
сақтау, экономика, әлеумет мәселелері бойынша зерттеулер жүргізіп,
баяндамалар әзірлейді және Бас Ассамблеяға, Біріккен Ұлттар Ұйымы
мүшелеріне, ұйымның арнайы мамандандырылған мекемелеріне білім, мәдениет,
экономика т.б. мәселелер бойынша ұсыныстар жасайды. Экономикалық және
әлеуметтік кеңесі Бас Ассамбеля тарапынан үш жыл мерзімге сайланатын 54
мүше елден тұрады. Кеңестегі экономикалық, мәдени, білім т.б. шешімдер
мүше елдердің басым көпшілігі дауысымен қабылданады. Әр мемлекет кеңесте
бір дауысқа ие.
Экономикалық және әлеуметтік кеңеске мүше елдер тізімі
Аймақтары Мемлекеттер
Африка Бенин, Гвинея, Конго Демократиялық Республика-
сы, Кения, Конго, Маврикий, Мозамбик, Намибия,
Нигерия, Танзания Біріккен Республика-
сы Сенегал,Тунис,Чад, Оңтүстік Африка
Азия Бангладеш, Үндістан, Индонезия, ҚХР, Малайзия,
Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкістан, Корея
Республика-сы,Сауд Арабиясы, Таиланд, Жапония
Шығыс Еуропа Әзірбайжан, Албания, Армения, Литва, Польша,
Ресей Федерациясы
Латын Америкасы Белиз, Бразилия, Колумбия, Коста-Рика, Куба, Мекси-
және Кариб ка, Никарагуа, Панама, Эквадор, Ямайка
жағалауы
Батыс Еуропа жә-неАвстралия, Бельгия, Германия, Грекия, Дания, Ирлан-
қалған аймақтағы дия, Исландия, Италия, Канада, Ұлыбритания, Солтүс-
елдер тік Ирландия, АҚШ, Түркия, Франция

Жоғарыдағы елдердің ішінде мүшелік мерзімдері 31 желтоқсан 2005 жылы
аяқталатын елдер де бар. Осыған орай Экономикалық және әлеуметтік
кеңеске жаңа мүшелерді сайлау үшін 17 қазан 2005 жылы Бас Ассамблеяның
кезекті жиыны өтті. Бұл жиында мүше елдердің 23 дауысымен мына
мемлекеттер 1 қаңтар 2006 жылдан бастап Экономикалық және әлеуметтік
кеңесте өз қызметтеріне кіріседі: Франция, Жапония, Туркия,
Испания,Ангола, Австрия, Бенин, Куба, Чехия, Германия, Гвинея-Бисау,
Гайана, Гаити, Мадагаскар, Мавритания, Парагвай, Сауд Арабиясы, Шри-
Ланка.
Кеңестің тұрақты комитеттері:
• Үкіметтік емес ұйымдар жөніндегі комиттері;
• Қылмыстың алдын алу және онымен күрес жөніндегі комитеттері;
• Табиғат ресурстары жөніндегі комитеті;
• Дамыту мақсаттарындағы ғылым мен техника жөніндегі
үкіметаралық комитеті.
6.Қамқорлық жөніндегі кеңес: БҰҰ жарғысының 77 бабында белгіленген
территория тұрғындарының экономика-лық, саяси, әлеуметтік дамуына, білім
беру саласында ілгерілеп, өзін-өзі басқарып, тәуелсіздікке жету бағытында
прогрессивті дамуына жәрдемдесуге көмек беретін кеңес.
Бұдан БҰҰ шеңберінде экономика, гуманитарлық, әлеуметтік салалары
бойынша мамандандырылған арнайы мекемелер де бар. Бұл мекемелер БҰҰ
құрамында жұмыс істейтін әлеуметтік, экономикалық және гуманитарлық
мәселелері бойынша халықаралық ұйымдар болып есептелінеді 10.
Демографиялық мәселелерді шешудегі БҰҰ-ның ролі. Қазір Жер бетінде 6 млрд-
тан астам адам өмір сүруде. 2025 жылға дейін адам саны 10 млрд-тан асып
кетуі мүмкін. Көптеген зерттеушілердің пікірінше біздің ғаламшарымыз
күнделікті 10 млрд адамды тамақтандыра алады екен. Бірақ қазір 6 млрд
адамның 1 млрд-тан астамы аштықпен өмір сүруде.Демографиялық мәселелерді
шешу мақсатында БҰҰ Халықты қоныстандыру тұрғысында іс-қимылдың бүкіл
дүниежүзілік жоспарын қабылдады, оны жүзеге асыруға географтар мен
демографтар да қатысады (1998 ж). Сонымен бірге БҰҰ Отбасыны жоспарлау
бағдарламасын (1995 ж) халықтың өсуіне ықпал етуі мүмкіндігі тұрғысынан
бағаланды. Бірақ бір ғана демографиялық саясат жеткіліксіз. Ол адамдардың
экономикалық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту мен жалғасын табу тиіс
[7; 735-761].
Дүниежүзілік мұхитты қорғаудағы БҰҰ-ның ролі. Бүкіл өндірістік және
ғылыми іс-әрекет нәтижесінде Дүниежүзілік мұхит шегі мен теңіз-құрылық
түйісуі аймағында әлемдік шаруашылықтың ерекше құрамды бөлігі-теңіз
шаруашылығы пайда болды. Оған өндіруші және қайта өндеуші өнеркәсіп, балық
аулау, көлік, сауда, рекреация мен туризм енеді. Тұтас алғанда, теңіз
шаруашылығымен кем дегенде 100 млн адам айналысады [8; 170-200].
Бірақ мұнай іс-әрекет сонымен бірге Дүниежүзілік мұхиттың ауқымды
мәселесін туғызып отыр. Оның мәні Мұхит ресурстарының біркелкі
игерілмеуінде, теңіз айналасы ластануының көлемі ұлғаюында, оны әскери
белсенділік аренасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көпжақты дипломатия пәнінен дәрістер
Халықаралық қауіпсіздік. Ықпалдасу
Мемлекеттер халықаралық құқықтың басты субъектілері
Қазақстандағы жастардың саяси әлеуметтенуіндегі өзгерістер
Адам құқықтарының концепциясы: салыстырмалы сараптама
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы
Экономикалық бірлестіктің халықаралық банкі
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ МЕХАНИЗМІ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ӘМБЕБАП ҚҰРЫЛЫМДАРЫ
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі БҰҰ болашағы
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Аймақтық қауіпсіздік мәселелері
Пәндер