ОҚЫТУ МАТЕРИАЛДАРЫН ТІРЕК СИГНАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
МАЗМҰНЫ
І.
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
ІІ. Тірек сигналдар конспектісі негізіндегі оқу технологиясы В.Ф.Шаталов
2.1 ОҚЫТУ МАТЕРИАЛДАРЫН ТІРЕК СИГНАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2.2 В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдар
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.3 В.Ф.Шаталовтың қарқынды оқыту
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
ІІІ.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..27
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде оқу –тәрбие үрдісін үйлестіруге бағытталған және сонымен
қатар психологиялық-педагогикалық ғылымды тұтасымен қарқынды дамуға
жетелейтін алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің көптеген жетістіктері
белгілі.
Осындай кең арналы, жемісті де қызу ізденіс үстіндегі жаңашыл
мұғалімдерінің арасында азаматтық және кәсіптік қайрат-жігерін осы заманғы
білім беру ісінің ең өзекті, әрі күрделі мәселелерін шешудің кілтін табуға
жұмсайтын донецкілік мұғалім Виктор Федоровий Шаталовтың есімі айрықша
дараланып тұрады. Бұл өзекті мәселелерге: оқушыларға түсетін ауыртпалықты
жою, олардың бойында оқуға деген қызығушылықты, белсенділік пен өз бетінше
жұмыс істеу қабілетін тәрбиелеу т.б. жатады.
Ерекше әсер қалдыратын нәрсе, бұл мұғалімнің жекелеген әдіс-
тәсілдерімен эксперимент жасауы емес, қайта олардың толық және жеткілікті
түрде, сындарлы бірізділікпен, белгілі бір әдістемелік жүйемен құрылуындағы
жетістіктерді қөрсете білуге деген ұмтылысы мен мүмкіндігі. Мұны іс-
тәжірибесінде жүзеге асыру авторды жалпы дидактикалық принциптерді және
ұғынықты болу (мысалы, шама жету және ұғынықты болу принципі мен қиындығы
өте жоғары деңгейдегі жұмыс принциптерінің арақатынасы және т.б.)
талқылауға келтіріліп отыр.
Біздіңше В.Ф.Шаталовтың басты еңбегі-оқу ісін оқушылардың өз күшімен
басқарудың тиімді жолдарының бірін байқап көрінуде. Жасыратыны жоқ, Оқыту
әдісі дегеніміз оқытушының іс-әректеі мен оқушының іс-әрекетінің бірлігі
деген формулада келтірілген оқушылардың танымдық іс-әрекетіне назар
аударылуына қарамастан, мектептегі сабақ кезіндегі нақты оқуға деген
белсенділікті (кітапша авторының есебі бойынша әр оқушының бір күнгі әр
сабақта 2 минуттан сөйлеуі) әлі де жетілдіре түсуді қажет етеді.
В.Ф.Шаталов оқушылардың танымдық іс-әрекетін айтарлықтай қатаң және сатылы
түрде басқарудың мүмкіндігін таба білген. Бұл тұрғыдан алғанда автор
оқушылардың іс-әрекетін басқару жөніндегі совет психологиясында
тұжырымдалған жалпы идеяларды (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина
және басқалар) шынайы түрде жүзеге асырып және оларды әдістемелік жағынан
нақыштай білген.

2.1 ОҚЫТУ МАТЕРИАЛДАРЫН ТІРЕК СИГНАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Бүгінде қоғамдық формацияның ауысуы — білім беру жүйесіне айтулы
өзгерістер мен реформалар енгізгені белгілі. Бұған жаңа білім стандартының
жасалынуы, төл оқулықтарымыздың жазылуы, жаппай компьютерлендіру т. б. игі
істер дәлел бола алады. Осының бәрі — ХХІ ғасыр табалдырығынан аттаған жас
ұрпақты ұлттық құндылықтарды, ұлттық мәдениетті танитын, оны өзгеге таныта
алатын білімді, жан — жақты қалыптасқан, әлемдік өркениетке қол
соза алатын, бәсекеге қабілетті дербес тұлға тәрбиелеу қажеттілігінен
туындайды.
Педагогикалық әдістемелік процестерде В. Ф.Шаталов әдісі деген атпен
енген тірек — сызба белгілерін (сигналдарын) сабақта қолдану мұғалімдердің
көпшілігінен үлкен қолдау тауып отыр, оқыту процесінде кеңінен қолданылуда.
Негізінен мына мәселелерге назар аударған жөн:
1. Тірек — сызба белгілерін пәнді жүргізудің басынан бастаған жөн.
2. Мүмкіндігінше барлық сабақтарда пайдалану керек.
3. Сызбанұсқаға оқушылармен бірге талдау жүргізіп отыру.
Сызбанұсқаларды (схемаларды) оқушылардың қатысуымен талдау керек.
4. Оқушылардың белгілі тақырыпқа сай сызба белгі даярлауға
негізделген өзіндік жұмыс жасауына мүмкіндік беру.
5. Оқушының топпен және екі — екіден жұмыс жасауына мүмкіндік
беру.
В.Ф.Шаталов технологиясының ерекшелігі:
Бірінші ерекшелігі — нақты дәл есептелген оқу процесінТқұра білу. В. Ф.
Шаталов бұл құрылымды былай түсіндірді Тірек сигналдары дегеніміз —
ойынның элементі, уақытТүнемділігі және бала психологиясын қызықты
құбылысқа бағыттау. Бірақ ең басты мақсат — берілген тақырыпты
логикалық байланыстар негізінде оқушының түсінуі мен ұзақ уақыт есте
сақтауы.
Екінші ерекшелігі — уақыт үнемділігі. Мысалы, белгілі бір тақырыпты
түсіндіру барысында бірнеше тақырыпты жинақтап, ықшамдап бір-екі тірек
сигналына сыйдыруға болады. Бұл әдістеме қазіргі күнге дейін құндылығын
жойған жоқ. Тірек сызба белгілер сабақтың негізгі құрам бөлігі ретінде
қолданылады.
Тірек сызбаның артықшылықтары мынада:
а) оқушыға оқу материалы жинақы, қысқаша беріледі;
б) оқушы оқу материалының ішінен ең негізгісін таңдай білуді үйренеді;
в) оқушы таңдап алған танымдылық — білімдік түсініктерін бір — бірімен
байланыстырып, қарапайым жүйе жасауды үйренеді;
г) оқушы оқулықпен және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауға
дағдыланады;
д) Оқушы өзінің танымдық деңгейін біледі. Өзін — өзі бағалауды
үйренеді.
Тірек сигналдары арқылы оқыту өзінің нәтижесін береді:
Мұғалім:
- оқушы білімін тексеруде дидактикалық құрал ретінде пайдаланады —
мағыналық, логикалық белгілерді нақты, қысқа түсіндіреді;
- баға қоры молаяды;
- оқушы білімі әділ бағаланады.
Оқушы:
- берік білім негізі қаланады;
- сөйлеу қабілеті дамиды;
- тұжырымдап, топшылау дағдылары қалыптасады;
- танымдық процесі нығаяды;
- қарым — қатынасқажеттілігі қанағаттандырылады;
- пәнге деген қызығушылығы артады;
- шығармашылығы шыңдалады.
• Оқушы материалдарды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды,
білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді. Тірек
белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған В. Ф. Шаталов
тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының мынадай мақсаттарын —
білім, білік, дағдыны қалыптастыру; барлық баланы оқыту; оқытуды
жеделдету.
• Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері —
үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, ірі
блокпен оқыту, тіректі қолдану; жеке бағдарлы қарым- қатынас ықпал;
ізгілік, еркімен оқыту.
Тірек сызбабелгілерін пайдаланып оқытудың тиімділігі мынада:
1. Оқу материалы жинақы, қысқаша беріледі;
2. Оқушының сызбабелгіні түсінуі үшін ойлау, салыстыру, есте сақтау
қабілеттерінің мүмкіндік туады;
3. Оқу материалының ішінен негізгісін таңдай білуді үйренеді;
4. Топпен және өзара бірлесе жұмыс істеуді үйренеді;
5. Оқушы сызу, сурет салу, өз бетімен шартты белгі ойлау, оның мәнін
білуге мүмкіндік туады;
6. Оқушы өзінің танымдық деңгейін біледі. Өзін өзі бағалап үйренеді.
Тірек-сызбалар – кестелер, сызбанұсқалар, диаграммалар, модульдер,
блоктар, суреттер арқылы іске асырылады. Тірек-сызбалар оқушы қиялын
дамыту мен өзін-өзі талдау, қызығушылығын ояту, шығармашылығын
дамытудың негізі. Тірек-сызбаны құрудың негізгі қағидалары:
1. Тірек-сызба – оқу материалының негізгі бөліктерінің мазмұынын
жинақтайтын бөліктерден тұрады;
2. Әрбір бөліктердегі теориялық материал арнайы белгілер, сызбалар,
сөздер арқылы біріктіріледі;
3. Тірек-сызбалар – есте оңай сақталатындай қарапайым болуы керек.
Тірек-сызбасына ғылыми анықтама берсек ‒ білім алуда оны меңгеруге,
есте сақтауда, талдауда білімнің көзі ретінде пайдаланатын сызба құрал .
Тірек-сызбаларды теориялық білім күрделі болып келген жағдайда
пайдаланған тиімді. Күрделі формулаларды қорыту барысында, құралдардың
неден тұратыны, қалай жұмыс істейтінін меңгеру үшін көп көмегін тигізеді.
Тірек-сызбалары ‒ оқу материалын тұжырымдап жүйелеуге, оқушылардың
білім деңгейіне орай, даралық ерекшеліктеріне сай, олардың әр түрлі
әрекетін ұйымдастыруға жағдай туғызады. Қазіргі таңда заманауи ақпараттық
технологияларды қолдану мүмкіндігі пайда болғанда әр түрлі қызықты
суреттері мен сызбалары бар тірек-сызбаларды жасауға мүмкіндік туды.
Тірек-сызбалар білім берудің үш мақсаты – оқыту, тәрбиелеу және
дамытуды орындау кезінде мынадай дидактикалық қызметтерді: үйрету,
бағыттау, тексеру жүзеге асырады. Материалды ең алғашқы кіріспе сабақта
қысқаша – тезистік дәріс түрінде бергеннің өзінде, сөйлесу бөлімінде
көптеген ойын түрлері арқылы материалды 7 ретке дейін қайта қайталап оқып,
оқушының білімінің берік болуына, оның өз бетімен көп ізденіп тырысуына, әр
деңгейлік тапсырманы орындау барысында шығармашылық дағдысы қалыптасуына,
оқушыларды ұжымшылдыққа, тіл Коммуникативтілігінің артуына, пәнге
қызығушылығының артуына көп көмегін тигізеді. Жеке жұмыс, жұптық жұмыс,
топтық жұмыстар жүргізу кезінде бір ғана сабақтың үстінде дарынды оқушымен
де, орташа оқушымен де, нашар оқушымен де байланыс үздіксіз жүріп отырады.
Педагогикалық технология оқу үрдісімен – мұғалім мен оқушының іс-
әрекетімен тығыз байланысты. Ш.Амонашвили: Оқушылардың білімін арттыру,
пәнге қызықтыру үшін оқытуда, жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге
қызығатынын анықтап алып, содан соң, содан бастау керек, ‒ деген сол
себептен сабақ барысында жаңа педагогикалық технологияларды қолдану
оқушылардың сабақтағы белсенділігін арттырып, сабақтың көрнекі өтуін
қамтамасыз етеді. Педагогикалық технология оқу үрдісімен – мұғалім мен
оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты.
"Педагогика ғылым ретінде өте күрделі. Табиғатта педагогикаға қарағанда
анағұрлым күрделі ғылым жоқ. Және оның күрделілігі, ең алдымен, оның
мыңдаған компоненттерінің өзара байланысында. Оның жауапкершілік шарасы -
адам! Бұл туралы әр күн сайын, біздің ұстаздық өміріміздің әр минутында
есте сақтағанымыз жөн", – деп жазды В. Ф Шаталов.
Донецк мұғалімі Виктор Федорович Шаталовтың есімі педагогика тарихында
алтын әріптермен жазылған. ХХ ғасырдың соңында Ұлы педагогтің алдыңғы
қатарлы ойлары қоғамның қызығушылығын тудырды. В. Ф. Шаталовтың идеялары,
формалары, жұмыс әдістері XXI ғасырдың қазіргі мұғалімінің педагогикалық
ойлауын дамытады.
В. Ф. Шаталовтың жұмыс принциптері қандай? Бұл сұраққа жауап берер
алдында біз оқушылардың орта, әлсіз және күшті болып бөлінуі әлі күнге
дейін бар екенін мойындаймыз. Бұл құбылысты жою үшін XX ғасырдың
шығармашылық шеберханасының педагогтары "...барлық балалар – шексіз!-
мектеп бағдарламасын табысты меңгеруге қабілетті ұранын алға жылжытты.
В. Ф. Шаталов оқытудағы қиындықтарды мұғалімнің келесі ұстанымдарын
көрсете отырып түсіндірді:
- қатты, дөрекі сөйлеу;
- жүйке жүйесіне әсері;
- екілік қою;
- күнделіктердегі жазбалар;
- ата-аналарға рухани-моральдық әңгіме айту;
- сынып жетекшілері мен мектеп әкімшіліктеріне апелляция
Мұндай жағдайларда балалардың асқынған реакциясы пайда болды. Ұлы
педагог әр оқушыға жол тауып, адамдық қадір-қасиетін тәрбиелеуге кеңес
берді, тек сонда ғана әрбір оқушы өзін жеке тұлға ретінде сезінеді. Виктор
Федорович қысқа теориялық жағдайлары бар бағдарламалар оқушылардың табысқа
жетпегенін дәлелдеп берді. Оның пікірінше, тақырыптар мен бөлімдердің үлкен
блоктары оқушыларға жеке теоремалардың, ережелер мен параграфтардың
логикалық өзара байланысын ұғынуға, өз білімдерін тереңдетуге мүмкіндік
берді.
Оқытудың перспективалы тәсілінің кезеңдерін атап өтетін болсақ:
-Бірінші саты - көп салалы, білімдарлықпен - жүйелі, эмоционалды түрде
таңдаған параграфты мұғалімнің сабақты түсіндіруі.
-Екінші саты - тірек плакаттары бойынша, оқу материаддарын түсіндіру,
дауыстап оқыту, негізгі ұғымдарды әртүрлі символдардың көмегімен, кодты
шешу арқылы түсіндіру және олардың өзара логикалық байланысын анықтау.
-Үшінші саты - тірек сигналын үйрену, сол арқылы әрбір оқушы үйренеді және
альбомдарына жапсырады.
-Төртінші саты - оқулықпен және үй жағдайында - тірек сигналдарының
беттерімен жұмыс істеу.
- Бесінші саты - келесі сабақта тірек сигналдарын жазбаша еске түсіру.
- Алтыншы саты - тірек сигналдары бойынша жауап қайтару (жазбаша және
ауызша жай дауыспен, магнитофонды өзара бақылау қағаздары бойынша т. б.).
-Жетінші саты – бұрын өткен материалды тереңдету және жай қайталау.
Нәтижесінде теориялық материалды терең түсініп, оқушылар өз күшін іс
жүзінде сынап көргісі келді. Ал үнемделген уақыт ішінде, жинақталған
оқытудың арқасында теориялық білімді қолдана отырып, орындалатын
практикалық жұмыстардың көлемі артты. "Теорияны өте жақсы білу-ең үздік
оқушылардың қабілеттерін барынша іске асыру, әртүрлі стандартты емес
шығармашылық тапсырмаларда күштерді тексеру үшін өте қажет. Материалды
зерттеу мен бекітудің жаңа әдістемесі - табысты ілгерілеудің негізі", – деп
жазды В. Ф. Шаталов
Виктор Федорович бұрын зерттелген бөлімдерге оралғанда "жіберіп алған
кемшіліктерін" табу үшін өткен материалды үнемі қайталауды ұсынды. Психолог
ретінде ол қозғалысты, дамуды және өсуді сезген оқушының жаңа қиын
мәселелерді жеңуде психологиялық ынталандыру пайда болатынын атап өтті.
Ұлы педагог алғашқы ұшқыннан шығармашылық ізденістің жалыны
тұтанатынына сенімді болды. Дәл осы сәтте ол мұғалімдерді оқушылардың
шығармашылық әлеуетін сақтау және арттыру үшін мұқият болуды сұрайды.
"Ашық ойлар сабақтарында" В. Ф. Шаталов сабақтың атауын қалай дәл
қалыптастырғанын түсіну үшін, оқушылар өз ойларын ашық айтып, бір-бірімен
пікір таласып, сенімді дәлелдер келтіре отырып, өз көзқарасын дәлелдеген
сабақтардың мәнін түсіну іске асырылады.
Виктор Федорович осындай сабақтарда оқушылардың қателіктерін және
олардың мұғаліммен келіспейтінін құптады. Ең бастысы, ашық ойлар әрекетке
деген ұмтылысты туғызды, оқушылар ашық ой сабақтарында болып жатқан
жұмыстарға ешқашан немқұрайлы қарамайды. Ашық ойлардың қатарына қызықты
ойлар енгізілді. В. Ф. Шаталов ерекше атап өткендей, жеңіс үшін емес,
қатысқаны үшін оқушыларды мадақтау керек.
Виктор Федорович педагогикасының әдістемесі оқушыларға тек мұғалім
тарапынан ғана емес, сонымен қатар оқушылар тарапынан да "...олардың қадір-
қасиетін қорлайтын сөздер мен сөз тіркестерінсіз және тіпті қандай да бір
күлкілі интонациясыз" білім беруде әлсіз оқушы өз өсуін сезген тәсілдерде
құрылған болатын. Ақыр соңында әлсіз оқушы өзіне сене білді.
Біз қызықты оқиғаларды есте сақтау жақсы екенін білеміз. Бұл әдісті
тірек сигналдарын құрастыру кезінде қолдануға болады. "Ой, сурет, сөз бізге
күтпеген комбинацияларда келуі мүмкін. Бұл ретте олардың біреуі басым болуы
мүмкін, басқалары көмекші рөлдерді ойнауы мүмкін, бірақ өзара байланысты
бола отырып, олар ешқашан оқшаулана алмайды. Бұл біздің жадымыздың ғылыми,
әдеби және басқа да қоршаған әлемді қабылдаудағы табиғи қасиеті.
Тірек сигналдары В. Ф. Шаталовтың тұтас әдістемелік жүйесінің міндетті
бөлігі болып табылады. Ол негізгі сөздер, әріп-сигналдар, сызбалар арқылы
оқулықтан үлкен мәтіндерді қалай кодтау керектігін дәлелдеді. Оқушылар
тірек сигналдары бойынша зерттелген материалды оңай естеріне түсіре
алады, өйткені олар қол жетімділік қағидатына негізделген.
В. Ф. Шаталов технологиясының ерекшелігіне тоқталсақ:
Бірінші ерекшелігі — нақты дәл есептелген оқу процесін құра білу.
В. Ф. Шаталов бұл құрылымды былай түсіндірді Тірек сигналдары
дегеніміз — ойынның элементі, уақыт үнемділігі және бала психологиясын
қызықты құбылысқа бағыттау. Бірақ ең басты мақсат — берілген тақырыпты

2.2 В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдар технологиясы
Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты əлемдік
стандартқа сай, мүдделі жаңа білім беру өте қажет, – деп Елбасы атап
көрсеткендей, қазіргі заманғы педагогикалық технологиялық əдіс-тəсілдерді
мектеп өміріне енгізу, оны əр пəн мұғалімінің тиімді пайдалана білуі
бүгінгі таңда білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы.
Осындай технологиялардың бірі–Шаталовтың тірек сигналдар
технологиялары.
Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының негізгі мақсаты:
оқушыларда мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша білім, білік, дағды
қалыптастыру; жеке мəліметтеріне қарамастан, барлық баланы оқыту; жеделдете
оқыту.
Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының
принциптері:
- үздіксіз қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, ірі блоктар бойынша оқыту,
тірек сигналдарын пайдалану;
- жекелей əрекет жасау;
- ізгіліктік (барлық балалар дарынды);
- мəжбүрсіз оқыту;
- түзетуге, өсуге, жетістікке жетелеу, жетістігін жариялау, шиелініссіз
оқыту;
- тəрбие мен оқытуды байланыстыру.

мазмұндық ерекшелігі:
- оқу материалы ірілендіріп беріледі;
- блоктық түрде беріледі;
- оқу материалы тірек үлгі-конспекті түрінде беріледі.
Тірек сигналы – мəн, мағынаны (белгі, сөз, үлгі, сурет жəне т.б.),
білдіретін құрамды бейне.
Тірек конспекті – қысқа конспект түрінде берілетін тірек сиг- нал
жүйесі (оқу материалы сигнал, көрнекі сұлба ретінде беріледі).
Жаңашыл ұстаз əдістемесінің негізгі элементтерінің бірі – тірек
сигналдары. Бұл – игерілуге тиіс білімнің мазмұны кодталған көрнекі схема.
Көрнекілікке негізделген тірек сигналының жаңа сабақты тусінуді жəне оны
есте сақтауды жеңілдететіні белгілі болды.
Əдетте сурет, сызба, схемалар мектепте игерілетін білім сипатына сəйкес
эпизодты қолданылады.
Шаталовтың көрнекі схемаларды қолданудағы жаңалығы –
оларға оқу үдерісінде берілетін ерекше рөлінде.
Тірек сигналдарын қолдану теориялық білімнің кең көлемін игеруді, жаңа
тақырыптың жекелеген бөлшектері жиынтығын бірдей қамтуды жеңілдетеді,
олардың арасында байланыс орнатуға, салыстыруға, материалды логикалық
өңдеуге жəне оның ұзақ есте сақталуына көмектеседі, білім игеру сапасын
қүнде тексеруді, бағалау мен өзін-өзі бағалауды қамтамасыз етеді. Тірек
сигналдары
– оқыту үдерісінің тұрақты жəне қажетті компоненті.
Тірек сигналдарындағы таңбалар саны, оларды безендіру ерекшелігі (түсті
бояуды қолдану, фармалары, сөздік материалдары) белгілі бір талаптарды
қанағаттандыратандай болуы қажет: игеру мүмкіншілігі, безендіру мəдениеті,
формалардың əртүрлілігі, сезімдік кұндылығы жəне т.б. Бұл шарттар көрнекі
материалды қабылдау талаптарынан туындайды.
Тірек сигналдары оқытуда теориялық білімді іріленген блоктар түрінде
беру принципін іске асыруды қамтамасыз етеді.
В. Ф. Шаталов теориялық түсінікті іріленген блоктар түрінде береді,
бұған программаның үлкен тараулары енуі мүмкін. Бұл жүйемен білім тек терең
түсіну негізінде ғана жемісті болады.
Сонымен қатар тірек сигналдарында түсініктер маңызына қарай
сыныпификацияланады (қызыл түспен – ең маңыздысы, жасылмен – одан
төменірегі жəне сол сияқты).
Көрнекілік құралдарды қолданудың əр түрлілігі, тірек сигнал- дары
мазмұнының абстрактылы жəне нақтылы компоненттерінің ұштасуы, оның
маңыздылығы бойынша классификациялануы – Шаталов ұсынған көрнекі
схемаларының ең маңызды ерекшелігі.
В. Ф. Шаталов (1929 жылы туған) – украин педагогы. В.Ф.Шаталов
тəжірибесінің бірінші ерекшелігі – оқу үдерісіндегі оқушылардың іс-
əрекетін, танымдық жұмыстарын кезеңдерге бөліп, мұғалімнің қатаң түрде
басқаруы. В. Ф. Шаталов мынадай кезеңдерге бөліп көрсетті.
І кезеңде тақырыпты жан-жақты түсіндіріп,
ІІ кезеңде тірек плакаттарын қолданып, қысқаша түсіндіріп,
ІІІ кезеңде оқушыларға тірек сигналдары (тірек плакаттарының
кішірейтілген түрі) беріліп, оларды балалар өз альбомдарына желімдеп,
IV. кезеңде оқушылар оқулықпен жəне тірек сигналдарымен үйде жұмыс істейді,
V. кезеңде сабақ үстінде тірек сигналдарын естеріне түсіріп, дəптертеріне
жазып,
VI. кезеңде оқушылар мұғалімге тақырып бойынша ауызша жауаптар береді.
Сонымен теориялық материалмен жұмыс 6 кезеңнен тұрды. Шаталов
тəжірибесінің екінші ерекшелігі – бағдарлама нық бір- бірімен байланысты
немесе қарама-қарсы тақырыптарын біріктіріп оқыту.
Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының қалған ерекшеліктері:
- үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық,
блокпен оқыту, тіректі қолдану;
- жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал;
- ізгілендіру, ерікті оқыту;
- əр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай
жасау;
- оқыту мен тəрбиенің бірлігі.
Қазіргі заман талабына сай қазіргі заманғы педагогикалық
технологияларды пайдалану оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін
ұйымдастыруда тигізер пайдасы зор. Оқушылардың өзіндік жұмысы
– мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушылардың оқу жұмысының жеке
дара жəне ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан
белсенді ойлау, əр түрлі танымдық тапсырмаларды орындау талап етіледі.
Осының нəтижесінде оқушылар өздігінінен бақылауды үйренеді, оларда
тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік,
табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады.
Дидактикалық мақсатына қарай өз бетінше жұмыстарды жаңа материалдарды
оқып үйренуге дайындық, жаңа материалды оқып үйрену, бекіту, қайталап
пысықтау жəне бақылау деп бөлуге болады. Білімнің негізі бастауышта
қаланатыны белгілі. Ендеше осы бастауыш сыныптардан бастап, оқушылардың өз
бетінше жұмыс істей білу іскерліктері де қалыптасуы тиіс. Атап айтсақ жаңа
ұғымды, заңдылықты, ережені түсініп тұжырымдау, есепті талдап шығара білу,
жаңадан өтілген ұғым бойынша өздігінен ой қорыта
білу, өзінің іс-əрекетіне бақылау жасай білу, т.б.
Материалды көрнекі беру негізгі ұғымдарды дифференциялап топтауды,
оларды талдаудың жалпы тəсілін бөлуді, олармен жұмыс жасауды жеңілдетеді.
В. Ф. Шаталовтың оқыту əдістемесі, негізінен, жеті психологиялық-
педагогикалык принциптерден тұрады. Олардың əрқайсысының мазмұның ашайық.
I. Теориялық білімді алдын ала ірілендірілген мөлшерде беру, алға жылдам
жылжу принципі.
Оқытудың дəстүрлі жүйесінде сабақта оқушылар жаңа материалдың
микромөлшерін ғана оқып, одан соң оны пысықтау жəне есеп шығару
жүргізіледі.
Шаталов жүйесі бойынша курстың басында блоктарға топталған теориялық
материал өтіледі. Блоктар дегеніміз – құбылыстар, үдерістер жəне
заңдылықтар бір-бірімен логикалық біте қайнасқан жаңа білімнің үлкен
көлемді бөлшектері.
Мұндай байланыстыру – мұғалімге программалық материалды блок құру үшін
қайтадан құрастыруға жəне тірек сигналдары жүйесін кодтауға мүмкіндік
туғызады.
Теорияның өзекті мəселелерінен басқа ұсақ сұрақтар
қарастырылмайды, олар кейінірек не жеке қарастыралады, не кейінгі
сабақтарда материалды жетілдіру кезеңінде өтіледі.
Бұл жаңа материалды жылдам өтуді, басты мəселеге көңілді көбірек
аударуды, себеп-салдар байланысын түсінуді, яғни жаңа материалдың құрылымын
тұтастай қабылдауды қамтамасыз етеді.
Блокты немесе бірнеше блоктарды оқытудан соң өзара тексеру сабағы
жүргізіледі, мұнда жұмыс қорытындыланады, оқушылар сұрақтарға жауап береді
жəне олардың əрқайсысына үлгірім экранында қорытынды баға қойылады. 2
қойылмайды.
Бос тор қалдырылады жəне оқушыға өтілген теориялық материалды қайта
тапсыруға мүмкіндік беріледі. Одан əрі оқушылар жалпылай есеп шығаруға
кіріседі. Жол жөнекей анықталмаған кейбір ұсақ сұрақтар талқыланады.
Тақырып бойынша түзету-жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Теорияны
оқытудан үнемделген уақыт оқулықтағы есептермен қатар конкурстық есептер
шығаруға арналады.
II. Жаңа сабақты түсіндіруде екі рет қайталау жəне бірнеше рет түрлендіре
қайталау негізінде білімді меңгерту принципі.
В. Ф. Шаталов тұжырымы: Оқыту үдерісінде оқушылардың творчествосы тек
терең жəне тиянақты білім негізінде ғана ашыла- ды. Білім, тек білім ғана
бірінші орында, ал творчество екінші.
Жаңа сабақты түсіндіру ең кемінде екі рет жүргізіледі. Біріншісі
дəстүрлі əңгіме, дəріс, көрнекі кұралдар пайдаланылған эвристикалық
əңгімелесу түрінде өтеді.
Оның мақсаты – барлығын талдау – түсіну (ұғымдарды, кұру логикасын жəне
т.б.), яғни қабылдауды жəне ойлауды қамтамасыз ету. Екінші түсіндіру
қысқалау жəне жылдамырақ тірек плакат (сигнал) бойынша жүргізледі.
Плакатсыз да кодоскоп немесе диапроектор арқылы проекциялап жүргізуге
болады.
Сабаққа дейін тақтаның артқы бетінде əр түспен кескінделген тірек
сигналдары жазылып, қайталап түсіндіру кезеңінде ғана ашып көрсетіледі.
Екінші рет қайталап түсіндіруде шектен тыс ұсақталу, ауытқу болмайды.
Қайталау, мұғалімнің айқын мазмұндауы – бұл жүйеде пысықтау кезеңінің
орнына жүреді жəне дəстүрлі оқытудағы жаңа сабақты меңгеріп үлгермеген
оқушының шала түсіндіруінен гөрі əлдеқайда пайдалы болады.
Жаңа теориялық білім бірінші жəне екінші қайталауда қаншама ұғымды
түсіндірілгенмен, барлық оқушылар оны толық игереді жəне мазмұндаудың
негізгі тұстарын есте қалдыру мүмкіндігі толық іске асырылды деуге
болмайды. Онсыз бұл білімді еркін пайдалану, тəжірибеде кең қолдану мүмкін
емес.
Шаталовтың əдістемесі бойынша жаңа сабақты түсіндіру кезінде оқушылар
ешнəрсе жазбайды, тек тыңдайды (психологтардың зерттеу қорытындылары
бойынша қос қабаттасқан психологиялық іс-əрекет тиімсіз). Осы əдістемемемен
орта жəне жоғары кластарда жаңа тақырыпты мазмұндаудан соң бұл материал
бойынша жаттығулар шығарылмайды, ал бұрынғы өткен материалдан – қанша болса
да рұқсат.
Өткен тараулар материалынан – қалағандарынша, ал жаңа тақырып бойынша
ешнəрсе, жаңа сабақты екі рет мазмұндау принципін енгізгеннің өзінде іс
жүзінде əр оқушының жаңа тақырып бойынша жаттығуларды толық қабылдауы
мүмкін емес.
Психологиялық тұрғыдан қарағанда, оқулық мəтінін мұғалімнің мағыналық
өңдеу тəсілдерін қалыптастыруды, тірек сигналдарды оқушылардың өзіндік іс-
əрекетін ұйымдастыру кұралдары мен мнемотехника тəсілдері ретінде қолдануды
оқушылардың ой еңбегі мəдениетінің жалпы əдістерін дамыту деп қарастыруға
болады.
Шаталовтың бақылауы бойынша, оқушылар бұл тəсілдерді жаңа мəтінмен
жұмыс жасағанда кең қолданатыны байқалады.
Шаталовтың оқушылардан сабақ сұрау əдісі де жаңа формалы белсенді іс-
əрекетті талап етеді. Игерілген материалды магнитофонға ауызша ақырын
баяндау жəне ақырын жауап беру (бір сабақта 50 оқушыға дейін) сөйлеу
мəдениетін жəне оның жүйелілігін белсенді еске түсіру тəжірибесін
арттырады.
Ауызша жауап бергенде оқушылар тірек сигналдары бар беттерді
(магнитофон арқылы ақырын сұрауда) немесе тірек плакаттарды (тақтада жауап
берсе) пайдаланады.
Мұнда бірнеше ойлау операцияларын орындайды: баяндау жоспарын есте
сақтау, өзінің баяндауы тірек сигналдар арасындағы байланысын орнататын
материалдарды өндеу. Бұл жаңа термин- дермен жұмысты жеңілдетеді, өз
қабілетіне сенімділігін арттыра- ды. Жазылғандарды оқушылардың өзара
тыңдауы жəне бағалауы – бұның бəрі белсенді жауап беруге күнделікті
дайындық қажеттігін туғызады, ал тірек сигналдарды қолдану дайындық уақытын
қысқартады (сабақта 20 минутқа дейін).
Оқулық материалындағы білімнің іріленген бөлшектерін игеру, өзара
байланысын жəне жүйесін анықтап бөлу, жазбаша жəне ауызша еске түсіру
оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу белсенділігін арттырады.
Шаталовтың əдістемесі жаңа материал мазмұнын түрлендіре, қайталау
жолымен есте сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл үйде тірек сигналды оқулықтың
сəйкес бөлімімен байланыстырып оқу, келесі сабақта тірек сигналдарды
жазбаша қайталап еске түсіру, оқулық материалын жəне басқа да білім көзін
пайдаланып тірек сигналдарға жан беру, магнитофон арқылы (ақырын) сұрау,
мұғалімге жауап беру, өзара тексеру беттері бойынша жауап жəне т.б.
қайталау түрлері жəне көптеген есеп шығару.
Осы əдістеме бойынша оқылған материалды қайталаудың ерекше манызды формасы
– өзара тексеру беттерімен жүргізілетін сабақтар. Шаталов мұндай сабақтарды
4-сыныпта 3 беттен, 5- сыныпта 2 беттен, 6-сыныпта 3 беттен белгілі бір
оқулық тараулары бойынша жүргізеді. Ол беттер бойынша білім тексеруді
оқушылар өзара жүргізеді.
Сұрау ойын түрінде жүргізіледі: егер оқушы сұрақтардың (30
– 40 сұрақ) біреуіне жауап бермесе, басқа сұрақтарға жақсы жауап
бергенімен, 3-тен артық баға қойылмайды.
Ал мұндай жағдай егер екі рет кездессе, онда ол оқушының партасынан
жалаушасы алынып, əрі қарай сұрау тоқталады. Мұның бəрі терең, тиянақты
білігін қалыптастырудың негізін қалайды. Мұнсыз оқушылардың ойлауын дамыту
мүмкін емес.
III. Жоғары қиындық деңгейінде оқыту принципі. Бұл принцип жаттығулар
типтерінде де, олардың қиындық дəрежесінде де бірсарындылықты жоюды талап
етеді.
Мұнда есеп күрделілігінің артуы тапсырманы жүйелі жеңілдету тəсілімен
қатар жүргізілуі қажет, яғни мұның мəні мынада: күнделікті қиын есептерден
соң жеңілдеу есептер (бастапқыларына қарағанда күрделірек болса да) шығару.
Осыған қосымша белгілі бір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz