ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ ӨЗІН - ӨЗІ ТАНУ


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Техникалық және кәсіптік орта білім беру
Тіркеу №
«» 20___ ж.
ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ»
(пән атауы)
(қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттары)
негізгі орта білім базасында
Алматы, 2020
Бағдарлама қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінде қаралды және ұсынылды.
Хаттама № 2 «10» 07 20 20 жыл
Бағдарлама Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінде қаралды және мақұлданды
Хаттама № 1 « 15 » 07 20 20 жыл
Мазмұны
1. Түсіндірме жазба
Үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес әзірленген.
«Өзін-өзі тану» пәні Үлгілік оқу бағдарламасы білім мазмұнын жаңарту қағидаттары аясында жасалынған және пәндік білім, дағды және құзыреттілік деңгейін анықтайды.
Ұлттық білім беру жүйесін дамытудың басым бағыты - адамның тұлғалық әлеуетін барынша ашуға бағытталған рухани-адамгершілік білім берілуде. Тұлғаның физикалық, психикалық және рухани дамуында үйлесімділікке қол жеткізуге мүмкіндік беретін рухани-адамгершілік білім беру техникалық және кәсіптік орта білім беру жағдайында әртүрлі жолдармен, ең алдымен «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жүзеге асырылып отыр.
Техникалық және кәсіптік орта білім беру мамандықтарының оқу бағдарламаларының мазмұнына енгізілген «Өзін-өзі тану» пәні, тұлғаның адамгершілік негізінің қалыптасуына, оның руханилығын өзін-өзі жетілдіруіне және өзін-өзі жүзеге асыруына, үйлесімді дамуына септігін тигізеді. Ол өзін және басқа адамдарды қабылдау мен түсінулеріне, ашылып дамуына, әлеуметтік жауапкершілікке, шығармашылық белсенділікке және өмірді дұрыс қабылдай алуларына ықпал ете отырып, жігіттер мен қыздардың тұлғалық және кәсіби өсуіне жағдай туғызады. Өзін-өзі тану бойынша сабақтан тыс жұмыстар білім алушылардың күнделікті өмірден алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана отырып, қоғамға белсенді түрде қызмет етуді қарастырады.
«Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаты - ойы, сөзі және ісі бірлікте көрінетін адами кемелденудің өркендеуіне жағдай жасау арқылы әр білім алушының өзіндік рухани-адамгершілік болмысының және шығармашылық әлеуетінің ашылуына септігін тигізу.
Бұл келесі міндеттердің шешілуін қамтамасыз етеді:
- әр адамның бойында табиғатынан бар жалпыадамзаттық құндылықтарды ашу;
- жағымды ойлауды, жақсылық пен жамандық, мәңгілік пен уақытша арасын ажырата алуды және тереңнен ойлай білуді дамыту;
- адамзаттың рухани мұрасымен таныстыра отырып, білім алушылардың ішкі жан-дүниесін байыту;
- колледж білім алушыларының ізгілікті дүниетанымын дамыту, өзін және қоршаған әлемді бағалай білу;
- тұлғаның адамгершілік және кәсіби қасиеттерін, қоғамға қызмет ету тәжірибелік дағдыларын дамыту.
«Өзін-өзі тану» пәні Қазақстан тарихы, философия негіздері, саясаттану және әлеуметтану, экономика негіздері, құқық негіздері, мәдениеттану негіздері, экология негіздері, психология негіздері сияқты пәндермен тығыз байланысты.
«Өзін-өзі тану» пәнін колледжде оқытудың ерекшеліктерін ескере отырып, құрастырушылар өзін-өзі тану бойынша сабақтарда білім алушылармен талқылануға тиіс материалдарды іріктеп алды. Білім алушыларды танымдық және шығармашылық қызметтің әр түріне қатыстыру қарастырылған. Курстың әлемді тану бағыты мәтінді оқығаннан кейінгі берілетін сұрақтар мен тапсырмалар мазмұны арқылы қамтылады.
Пәннің ерекшелігі оқытушыдан шығармашылық бастаманы талап етеді, оқытудың интерактивті әдістерін, оқу жұмысының топтық және жекеше түрлерін ұтымды үйлестіруге мүмкіндік беретін әртүрлі дидактикалық материалдарды қолдануын қолдайды.
Мазмұнын минималды түрде сақтай отырып бөлімдерді оқуға берілген сағаттар санын өзгертуге болады.
Сабақтар интерактивті режимде өткізіледі, әр сабақта оқытудың теориялық және тәжірибелік түрлері: әңгімелесу элементтерімен дәрістер, пікірталас сабақтар, семинарлар, конференциялар, тренингтер, білім алушылар қызметін ұйымдастырудың ұжымдық, топтық және жеке түрлері қолданылады.
Оқу материалы мазмұнының ерекшелігі мен қиындығын ескере отырып, оқытудың келесі әдістері ұсынылады: әңгімелесу, пікірталастар, жағдаяттарды шешу, өндірістік жағдаяттарды талдау, рөлдік және іскерлік ойындар, материалды презентациялау, шағын топтардағы жұмыс, жобалап оқытудың әдістері және басқалары.
Пәннің өзгешелігін ескеретін дәстүрлі емес әдістердің кеңінен қолданылуы қарастырылған: шаттық және сүйіспеншілік шеңбері, жағымды көңіл-күй, дәйексөз, топпен ән айту, тыныштық сәті, жүректен жүрекке» және басқалары.
Үлгілік оқу бағдарламасында ұсынылған әдебиеттер тізбесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасалған.
2. Тақырыптық жоспар
Тақырып 1 «Адамның рухани кемелденуі»
»
3. Оқытудың нәтижелері мен бағалау критерийлері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz