Оқушылардың білімін бағалау
Тақырыбы: Орта мектептегі географияны оқытудың жалпы мәселелері
1 Тақырыбы: Географияны оқыту методикасы
1. Географияны оқыту әдістемесі ғылымының дамуы.
2. Басқа пәндермен байланысы.
3. Географияны оқыту әдістемесінің міндеттері.
Географияны оқыту әдістемесі гылымы дегеніміз - мектепте өтілетін пәнді оқыту және тәрбиелеу процесі жайлы ғылым.
1. Әдістеме - оқу пәнінің мазмұнын, оқыту, тәбиелеу формасын, әдісін, оқу жұмысына қажетті құрал - жабдықтарды анықтайды, қарастырады. Яғни, географияны неліктен оқиды, қалай оқиды деген сұрақтарға жауап береді.
2. Әдістеме педагогикалық ғылым болғандықтан жалпы білім беру мен тәрбиелеудің мақсатына, міндетіне сай құрылады. Географияны оқыту әдістемесінің негізгі пәні физикалық, экономикалық географияға жақын пәндер-геология, экономика, демография және т. б. ғылымдар қатары жатады. Географияны оқытудың мынандай заңдылықтары бар. Ол нақты обьектілерді, карта және картографиялық білімдерді қолданады. Сабақты өту барысында сарамандық жұмыстарды, көрнекілік әдістерін пайдаланады. Теориялық білімді дұрыс оқыту үшін жақсы жабдықталған география кабинеті қажет. Себебі география пәні мектепте жастарға өндірістің ғылыми - техникалық және экономикалық негіздері жөнінде осы заманға сай терең білім береді. Теориялық біліммен практикалық білім дағдыларын өзара байланыстырып, оқушыларға физикалық,экономикалық, экологиялық тәрбие береді.
Оқыту процесі бірімен - бірі тығыз байланысты екі кезеңнен тұрады:
1. Сабақтағы мұғалімнің іс - әрекеті.
2. Сабақтағы оқушының іс - әрекеті.
Мұғалімнің іс - әрекеті.
Мұғалімнің іс әрекеті жаңа сабақтың мазмұнын түсіндіреді, білімді бекітеді, сабақты қорытындылайды, тәжірибені үйретеді, сарамандық жұмысты жасатады, үйге тапсырма береді, сабақ үстінде географиялық материалдарды сурет, таблица, схема, диаграмма, карта - схемаларды қолданады.
Оқушылардың міндеті - сабақты тыңдайды, сұрақтарға жауап береді, тапсырмаларды мұқият орындайды, мұғалімнің берген таблицаларын жасайды, кескін карталарды сызады. Мұғалім - сауатты, білімді, жатық тілде сөйлейтін, ұйымдастыра алатын шебер болу керек. Мұғалім жаңа сабақты түсіндіру кезінде көрнекілікті үнемі пайдаланып жүргізсе ғана сабақ өз нәтижесіне жетеді.
Географияны оқыту әдістемесі мынандай салалармен байланысты:,
1. Педагогикамен байланысты.
2. Химиямен байланысты.
3. Биологиямен байланысты.
4. Медицинамен байланысты.
5. Математикамен байланысты.
6. Тіл әдебиетімен байланысты.
7. Психологиямен байланысты.
Педагогикамен байланыстылығы - әр сабақта тақырыптың тәрбиелік жағына көңіл аударып, тәрбиенің түрлерін пайдалануға көмектеседі.
Психологиямен байланыстылығы - ол оқушылардың жас ерекшелігіне қарай әр турлі түсіндіру, түрлі әдістер қолдану мінез - құлақтарын білуге көмектеседі т. б. байланыстарды келтіруге болады.
Географияны оқыту әдістемесінің міндеттері үш бөлімнен тұрады.
1. Білім беру міндеті.
2. Тәрбиелеу міндеті.
3. Оқушылардың даму қабілетін қалыптастыру.
1. Оқушыларға негізгі физикалық және экономикалық географиядан, картографиядан, геологиядан, басқа да географиялық ғылымдардан нақты білім беру.
2. Оқушыларға экономикалық, экологиялық білім беру.
3. Оқушыларды географиялық мәдениетпен қаруландыру, картаны қолданумен, анықтаманы пайдаланумен, өз бетімен оқумен таныстыру.
2. Тәрбиелеу міндеті:
1. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру.
2. Эстетикалық тәрбие беру.
3. Еңбекке тәрбиелеу.
4. Оқушылардың даму қабілетін қалыптастыру.
1. Оқушыларды географиялық білімдер арқылы проблемалық жағдайларға қызықтыру.
2. Оқушыларды ұқыптылыққа , ойлауға, есте сақтауға, бақылай білуге үйрету.
3. Оқушыларды картамен жұмыс істеп, өздері қорытынды жасай білуге үйрету.
2 Тақырыбы: Географияны оқыту әдістемесінің даму тарихы, құрылымы
1. Рессей мектептеріндегі географиядан сабақ берудің алғашқы кезеңі.
2. 19-ғасырдағы география әдістемесінің мектептегі жағдайы.
3. 20-ғасырдың басындағы мектептегі географияның әдістемелік жағдайы.
Қандай да болмасын ғылымды ертеде қалай пайда болғанын, тарихын білмей бағалауға болмайды. Мектептегі географияның дамуы біріншіден, білім берудің жүйесіне, педагогикалық теориясына, екіншіден география ғылымдарының ерекшеліктеріне байланысты дамыды.
География ғылым ретінде өте ертеде қалыптасты. Ал мектепте географияны оқыту кейіннен енгізілген. Алдымен Батыс Европа елдерінде 17 ғасырдың екінші жартысында, кейінен Ресей мектептерінде оқытыла бастады. 1 Петр тұсында Ресейде экономика мен саясаттың дамуы білім беруді жеделдетті. Өндірістің дамуына байланысты географиялық білімі бар адамдарды қажет етті. 1710 жылы алғаш География или краткое описание земного круга деген авторы белгісіз европалық кітап шығады. 1719 жылы Иоганна Гюбнердің Земноводного круга краткое описание деген енбегінде математикалық география мен Европаның жеке елдерінің картасы туралы жазылады. Онда сұрақ жауап ретінде елдердің географиялық жағдайына, өзендеріне, халқына , басқа да жағдайларына тоқталады.
18 ғасырдың басында Ресейде алғашқы географиялық экспедициялар құрыла бастайды. Олар ең алдымен Каспий теңізіне, Солтүстік Мұзды мұхиты аралдарына, Камчаткаға, Курил аралдарына жасалды. Ресей туралы географиялық очерктерді жазып, зерттеген В.Н. Татищев болды, бұл енбек Ресейдегі алғашқы географиялық оқулық болды.
Отандық географияның дамуына үлкен үлес қосқан ғалым М.В.Ломоносов, оның ұйымдастыруымен алғашқы атлас, еліміздің екі картасы, физикалық, экономикалық мәліметтер жасалынды.
1786 жылы Ресейде алғашқы училище ашылып, негізгі бөлімде 3 жыл бойы аптасына 2- 3 сабақтан оқыта бастады. Алғашқы кезде Европаның географиясын оқытып, сосын Ресейдің, одан кейін жалпы географияны оқытты. Осыдан бастап керекті құрал-жабдықтар: глобус, картаның қарапайым түрлері жасала бастады.
2. 19 ғасырда географияның дамуына байланысты барлық оқу орындарында оқытыла бастады. Гимназияларда оны 3 - ші сыныптан бастап, 8 - сыныпқа дейін оқытты. Алғашқы кезде жалпы жер туралы географиялық білімдер оқытлды. Сол кездегі ғалымдар Е. Ф. Зябловски мен А. Арсеньев тің оқулықтарында физикалық география мен экономикалық география жайлы мәліметтер болды. ХІХ-ғасырдың 2- жартысында мектептегі географияның жағдайы нашарлай түсті. Сыныптардағы сағаттарды қысқартып., география сабақтарын қиын, қызықсыз етіп жіберді. Мектептегі географияның бұл жағдайы ХІХ- ғасырдың аяғына дейін созылды. Ресейдің сол кездегі ғалымдары мектеп географиясының ролін білім саласында, оқушыларды тәрбиелеуде, жоғары деңгейде болуын талап етті. Н.В. Гоголь сол кездегі мектеп географиясын өмірсіз, құр сүйек, деп жазды. География методикасының дамуына К. Д. Ушинский үлкен үлес қосты. Ол мектептегі географиядан сабақ беруді сынады. Ол Біздің елімізде география ғылымдарына деген көзқарас өте төмен, - деді. К.Д. Ушинский географияны оқытуда мынандай педагогикалық принциптерді айтты:
1. Географияны оқытуда белгіліден белгісізге қарай жүру принципі, оны Детский мир кітабында ашып көрсетті.
2. Көрнекілік принципі. Оны қоршаған табиғатты оқудан көрсетті. К.Д. Ушинскийдің ілімін Д.Д. Семенов жалғастырып, география методикасының дамуына үлкен үлес қосты. Семенов оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне, карта сызуға, чертеж жасауға, рельефті карта дайындауға көңіл аударды.
1860-67-ші жылдары Семенов География сабақтарында деген 3 бөлімді оқулық жазды. 1-ші рет оқулықта өлкетану принципі қолданылды. Семеновтың ілімдері мен тәжірибелеріне қарамастан жалпы мектептердегі географияны оқыту номенклатуралық - жазбалы түрде қалды. 19-шы ғасырдың аяғына дейін география мұғалімдерін арнайы дайындамағандықтан сабақ жаттанды түрде өтіп, картаның мазмұны ғана таныстырылды. Білімнің мұндай денгейде болуы көбінесе мектеп оқулығына байланысты. Мысалы, К. Смирнованың оқулығы бір ізді номенклатуралы географиялық атауларға ғана тоқталған, оқулықтың тілі оқушылар үшін жалаң және қиын. 2 сынып оқулығында көрнекі суреттер мен тапсырмаға арналған сұрақтар жазылмаған. Мектептерде географияны оқытудың деңгейі өте төмен болуына байланысты оқушыларды қызықтырмады.
3. 19-шы ғасырдың аяғында Ресейде өндіріс орындарының дамуы көптеген ғылымдардың пайда болуына әкеп соқты. В. Власовтың айтуынша Мектептерде географияны бұрынғы жүйемен оқыту ешқандай жақсылық әкелмейді, курсты аяқтаған оқушылардың жалпы география, отандық география бойынша бөлімдері жеткіліксіз. Педагогикалық ілімдердің дамуы география оқулығының көрнекілігін, мазмұнын жақсартты. 20-шы ғасырдың басында жаңа оқулықтар пайда болды. Олар Г. И. Иванова және ұжымдық авторлар - А.А.Крубер, А.С. Баркова, С. Г. Григорьева, С.В. Чефранов. Олар оқулықтың мазмұны мен әдістемелік жабдықталуын қадағалады.
1902 жылы шыққан Г.И. Иванованың оқулығы оқушылар үшін қызық та, оңай болды. Математикалық географияның тақырыптарына оңай сұрақтармен жауап берді. Оқулыққа сол кездегі танымал ғалымдар А.П. Нечаев пен С. Мечаның еңбектері қолданылды. 1903 жылы оқулық шықты. Бұл оқулықта номенклатураны қысқартып, тақырыпты көрнекі суреттермен, қосымша материалдармен толықтырды. Оқулықпен қатар әдістемелік нұсқаулар шықты.
1914 жылы мектептің жаңа оқу жоспары жасалынды, онда географияны оқыту тек төмен кластарда ғана емес, гимназияның жоғарғы сыныптарында да оқытылсын деді. 1915 жылы Москвада география мұғалімдерінің Бірінші Бүкілресейлік съезі болды. Съезге қатысушылар: Географияны оқытудың әдістерін өзгертіп, оқушыларды ойлауға, айналаны бақылауға, қорытынды жасауға үйрету керек - деді. Жаңа бағдарлама мектептегі географияның дамуына үлкен өзгеріс әкелуі тиіс болды, бірақ бұл жұмыстар мектептерде жүргізілмеді. Көптеген кедергілерге қарамастан революцияға дейінгі кезеңде географияны оқыту әдістемесі біраз деңгейде дамыды.
Кеңестік кезеңдегі география әдістемесінің дамуы.
Революциядан кейін патша өкіметінің тұсында құрылған мектептерді жойып, жалпы білім беретін еңбек мектебі етіп қайта құрылды.
Кеңестік кезеңдегі мектептердің алдындағы міндеттері:
1. Материалистік көзқарасты қалыптастыру.
2. Еңбекке тәрбиелеу.
1923 жылы Халық Комиссарлары Кеңесі жаңа бағдарлама құрды. Ол жалпы кешенді біріккен бағдарлама ретінде құрылды. Табиғат, еңбек, қоғам деп топтастырылып берілді. Бұл мұғалімдерді қанағаттандырмады. 1931 жылы 5 - ші қыркүйекте қаулы шықты, ол Бастауыш және орта мектеп жұмысын жақсарту - деп аталып, жаңа бағдарлама мәселесін қамтыды. 1932 жылы 25 тамызда қаулы шығып мынандай міндеттер қабылдады:
1. Бастауыш және орта мектепте оқу жұмысының негізгі ұйымдастыру формасы бар сабақ болсын.
2. Тұрақты оқу кестесі болсын.
3. Мұғалім оқушыларды оқулықпен жұмыс істеуін міндет етсін.
4. Оқушы өз бетімен, картамен жұмыс істесін.
Бағдарлама бойынша география курсының оқытылу сыныптары анықталды. География ғылымдарына, карталарға көңіл бөліне бастады. Сол кезде жаңа географиялық оқулықтар шықты. Мәселен, Н.Н. Баранскийдің, И.А. Витвераның экономикалық және шетелдердің географиясы шықты. Ғылыми әдістемелік журнал География в школе шығарыла бастады. Біраз жоғарғы оқу орындарында география маманын даярлау қолға алына бастады. Соғыстан кейінгі жылдары мектептерде өзгерістер енгізіліп, 7 жылдық мектептер жалпы білім беретін мектептерге ауыстырылды. 1953 - 1954 жылғы бағдарламада практикалық жұмыстарға көп көңіл бөлінді. Оқушыларды еңбек етуге - ғылыми көзқарастарын дамытуына дағдыландыру қажет болды. 1958 жылы 24 желтоқсанда Жоғарғы Кеңестің шешімімен Заң қабылданып мектептегі географияға үлкен көңіл бөлінді. Мектептерде өлкетануға көңіл бөлініп , өз өлкесінің картасымен жұмыс істеуге жағдай жасалынды.
Жаңа этап кезеңінде мектептерді дамыту барысында жоғарыдан қаулы қабылданып, онда Жалпы білім беретін мектептердің жағдайын жақсарту ісі қолға алынсын деді. Қаулы бойынша мектептегі географияны оқытуға біраз өзгерістер енгізілді, табиғаттануға берілген уақыт көбейтіліп, 2 сыныптан бастап 4-ші сыныпқа дейін оқытылатын болды. Оқу жоспарына факультативтік курстар қосылды. Олар оқушылардың білімін жетілдіру үшін негізгі курста қамтылмаған материалды, сұрақтарды қарастыруы тиіс болды. Осы кезде жаңа бағдарламалар жасау үшін ғалым географтар мен әдіскерлер жұмыс істей бастады. Жалпы орта білім беру бағдарламасы бойынша географияны физикалық және экономикалық бөлімдерге бөлді. Сол кезде В.П. Максаковскийдің шетелдердің экономикалық географиясы оқулығына Мемлекеттік сыйлық берілді. Жаңа бағдарлама бойынша физикалық география курсына, практикалық курстарға үлкен көңіл бөлінді.
1970 жылдары Үкімет орындарының шешімімен табиғатты қорғауға, ресурстарды ұқыпты пайдалануға кірісті. Жаңа бағдарлама бойынша жасалған оқулықтарға экологиялық, табиғатты қорғау мәселелері енгізілді. Бірітіндеп географияның материалдық базасы ұлғайды, керекті құрал-жабдықтар жасалынды, техникалық құралдармен жабдықталған географиялық кабинеттер пайда болды. Оқушылар тегін оқулықтармен қамтамасыз етіліп, жаңа оқулықтар шығарыла бастады. Географияны оқыту әдістемесі педагогикалық машықтанудың кейбір мәселесін шешу арқылы ғылыми деңгейге көтерілді. Географияны оқытуды педагогикалық ғылымдар Академиясы мен ғылыми-зерттеу институтының әдістеме бөлімі жүргізді.
3 Тақырыбы: Географияны оқытудың мақсаты, орта мектеп географиялық білімнің құрылымы мен мазмұны.
1. Географияны оқыту мақсаты.
2. Мектептегі географияның мазмұны.
3. Жалпы бағдарламаға мінездеме.
Орта мектепте географияны оқытудың өте маңызды мақсаты оқушыларды төмендегіше қалыптастыру және тәрбиелеу:
:: Отанның ұлттық байлықтарын аялай қарауға, шаруашылықта жеткен жетістіктерге деген мақтаныш сезіміне, оның даму болашағына деген жауапкершілікке;
:: Қазақстандық отансүйгіштікке, өзара көмектесуге деген құлшынысқа, Қазақстан мен дүние жүзі халықтар арасындағы достыққа;
:: Халықаралық саяси-экономикалық өмірдегі деректер мен құбылыстарды дұрыс түсінуге және бағалай білуді;
:: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, әсіресе объектілер мен құбылыстарды кешенді түрде қарастыру кезінде, өз ойларын картамен байланыстыра білуге;
:: Табиғатқа және табиғат пен қоғамның өз ара қатынасына диалектикалық - материалистік көзқарасты қалыптастыруға;
:: Қазіргі заманғы дүние жүзілік экономиканың дамуының негізгі бағыттарымен таныс болуға, Отанға деген сүйіспеншілікке, Қазақстан халқының жетістіктерін қорғауға, Жер бетіндегі халықтармен интернационалдық ынтымақтастық сезімде, белсенді өмірлік көзқарасқа;
:: Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау үшін керекті білім мен біліктілікке үйренуге, өндірістік қызметінде, өнеркәсіптік жэне қоғамдық өмірде атсалысудың маңызды жағдайы ретінде оқушыларды экономикалық география мен экономика саласында өзіндік білімін көтеруге дайындауға мақсат етеді.
География пәнінің оқу - тәрбиелік міндеттері.
География пәнін мектепте оқыту барысында келесі міндеттер шешіледі:
1. География ғылымы және онымен жапсарлас бірқатар Жер қоғам туралы ғылымдарды игеру, табиғат аясында жасай білу ережелеріне сай үйренген географиялық білімді кәсіптік қызметке қолдана білуді игеру.
2. Географиялық , саяси экономикалық ақпарат көздерімен, карталармен, тұрмыстық және кәсіптік міндеттерді шешу үшін электронды-есептегіш техникамен жұмыс істей білу.
3. Өз аймағындағы табиғи және шаруашылық ахуалды бағалау. Оқушылардың оқу жұмысына қажетті икемін қалыптастыру, логикалық дамыту, жадын, тілін, аумақ образын жасай білу, қоршаған ортаны эстетикалық қабылдай білу, өмірге деген шығармашылық көзқарас пен тұрақты түрде дамуға және өздігінен білімін көтеруге тырысу қабілеттерін дамыту.
Географиялық білім міндеттерін шешу барысында қазіргі заманғы география толық ғылымдар жүйесі болып табылатындығы басты назарда болды. Ол екі негізгі тарамдарға - физикалық және экономикалық география салаларына бөлінеді. Бұл бөліну география ғылымы зерттейтін обьектілердің өз танымынан туындайды, бір жағынан табиғат құбылыстары, екінші жағынан қоғамдық құбылыстар.
Физикалық география жаратылыстану ғылымдары анықтайтын табиғи құбылыстарын географиялық тұрғыда зерттейді.
Экономикалық география қоғамдық ғылымдар анықтаған заңдылық-тарға негізделген қоғамдық құбылыстарды зерттейді.
География ғылымдарының қазіргі замандық деңгейі зерттеу аумақтарының, әсіресе, Қазақстан Республикасының географиялық ерекшеліктерін, теориялық зерттеулер мен ғылыми түсініктер жүйесін теріп алу және дидактикалық өңдеу міндеттерін қойып отыр.
Қазіргі заман географиясының даму үрдісі мен оның табиғатты қайта қалыптастыру мен тиімді пайдаланудағы ролінің өсе түсуін еске ала отырып, географияның барлық курстарында табиғи ресурстарды зерттеуге адам қоғамы мен табиғат арасындағы қарым-қатынас мәселелеріне, табиғат қорғауға, минералды-шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға баса көңіл аудару керек.
Бұл мәселелер оқу материалының бүкіл мазмұны арқылы өтетін болуы тиіс.
География - жалпыға міндетті білім мен фундаменталдық оқу пәндерінің ішіндегі Жер планетасы туралы толық түсінік беретін, бір мезгілде жаратылыстану жэне қоғамдық ғылым болып табылатын жалғыз пән. Ол географиялық білімдердің орта мектепте алатын Жалпы ғылыми білімдер арсеналындағы синтездеуші функциясын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңына сәйкес, оқушылардың қоршаған әлем туралы білімдерінің толықтығы мен біртұтастығын талап ететін дәстүрлі жэне қазіргі замандық оқу әдістерінің және Жер туралы ғылымдар жүйесінің білім жинақтау құралдарының көмегімен біздің Планетамыз туралы ғылыми көзқарас қалыптастыру География пәнінің оқу функциясының негізгі мазмұны болып табылады.
Осыған сәйкес географиялық білім оқушылардың географиялық заңдар мен заңдылықтардың, үрдістердің, әлемнің түрлі аймақтары мен елдеріндегі қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынас обьектілерін білуге және түсінуді үйретуге қызмет етеді.
Табиғатты, тұрғындар мен шаруашылықты зерттей отырып, география табиғат, адам, қоғам, жүйесін зерттеумен айналысатын үлкен интеграциялаушы әлеуетке ие. Адам, қоғам және табиғат арасындағы қатынас - адамзат қоғамының өз өмірі мен әрекеті, ортаны қорғау мәселелерін шешудегі экологиялық құрамы болып табылады. Бұл кешенді көзқарастар оқушыларды оқытудағы пәнаралық ғылыми байланыстар үшін, тәрбиелеуде, дамытуда аса ірі мүмкіндіктерге жол ашады.
Мектеп географиясының құрылымы мен мазмұнын жетілдіруге байланысты География пәніне Жалпы білім беретін мектепті реформалаудағы негізгі талаптарды көрсететін айтарлықтай өзгерістер енгізілді.
География пәні Қазақстан Республикасы Жалпы орта білімнің Базистік оқу жоспарында көрсетілген оқу пәндерінің тізіміне сәйкес мынандай курстарға бөлінеді:
- Базистік оқу жоспарында географияны оқуға негізгі мектепте 7,5 + 2 сағат Жаратылыстануға бөлінген.
Географияның курстары
1. 5-ші сынып - Жаратылыстану - кіріктірілген курс.
2. 6-шы сынып - Физикалық география - бастауыш курс.
3. 7-ші сынып - Материктер мен мұхиттар географиясы.
4. 8 - 9-шы сыныптар - Қазақстан географиясы тұтас курсы - Қазақстанның физикалық, экономикалық жэне әлеуметтік географиясы.
5. 10-шы сынып - Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы.
5-ші - сыныпта Жаратылыстану курсы бастауыш сыныптарда оқылатын Дүние тану курсы мен жаратылыстану ғылымдары биология, химия, физика, география және экология пәндері арасында жалғастырушы роль атқарады.
6-шы - сыныпта Физикалық география курсы оқытылады. Бұл курс кіріктірілген Жаратылыстану курсынан географиялық жүйелі курстарына логикалық түрде өтуді қамтамасыз етеді, сонымен бірге олар үшін негіз болып табылады. Бұл курстың басты міндеті - оқушыларға пән туралы, Жер бетіндегі табиғат пен тұрғындар туралы, географиялық карта туралы, бастапқы түсініктерді беру, және де өлкетану негізінде бастапқы географиялық біліммен жұмыс істей білуді үйрету.
7-ші - сыныпта Материктер мен мұхиттар географиясы курсы оқытылады. Онда оқушыларға түсінікті деңгейде Жер табиғаты мен оның қабықтарының құрылысы таныстырылады. Түрлі аумақтардың табиғатын зерттеу кезінде оқушыларда алғашында табиғат кешендерінің ендік бағытта полюстерден экваторға қарай ендік және биіктік бойынша алмасу туралы образды көзқарас қалыптасады. Онан соң бұл құбылысқа ғылыми түсінік беріледі. Оқушылар географиялық қабықтың біртұтастығы мен құрамдардан тұратыны, олардың арасындағы байланыс туралы түсінікке біртіндеп әкеледі.
Жердің әр бір құрлығы мен мұхиттарын зерттеу кезінде осы аймақтағы халықтың шаруашылық әрекетіне және табиғатына сипаттама беріледі. Дүние жүзінің саяси картасы мен жекелеген елдердің қысқаша сипаттарына үлкен мән беріледі. Және де Қазақстан туралы бірқатар географиялық мәліметтер Евразияны зерттеу кезінде беріледі. Осылармен бір мезгілде Жердің географиялық қабығымен байланысты түсініктерді қалыптастыру жалғастырылады.
8-9-шы - сыныптарда Қазақстан Республикасының географиясы (Қазақстанның физикалық, экономикалық және әлеуметтік географиясы) бірегей курсы оқытылады. Бұл курс жеткілікті дәрежеде Қазақстан Республикасының табиғаты, халқы мен шаруашылығы туралы толық, терең және біртұтас түсінік беруге бағытталады. Курстың мазмұнында Қазақстан Республикасының табиғи жағдайларын және ресурстарын бағалау, халықтың демографиялық аспектілерін зерттеу, салааралық, аумақтық - өнеркәсіптік кешендер талдау және Қазақстан Республикасы біртұтас шаруашылық кешенін талдау мәселелеріне баса көңіл бөлінеді.
Аймақтық тарауларда табиғатын, халқын және шаруашылығын кешенді зерттеуге маңыз бере отырып және де шаруашылық сипатына байланысты, ірі табиғат және экономикалық зоналардағы сипаттамаларына баса назар аударылады.
Бұл курста оқушыларда физикалық-географиялық білімнің қалыптасуы негізінен бітіп, экономикалық-географиялық және экологиялық білімнің негізі салынуы керек.
10-шы сыныпта "Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы" курсы оқытылады . Бүл курс оқушыларда қоршаған әлемнің біртұтастығы (яғни жер шарының халқы және шарушылығы өзара байланыста) туралы көзқарас қалыптасуын қамтамасыз етеді. Мұнда Жер шары халқының өсуіне баса назар аударылуы керек. Түрлі елдер арасындағы экономикалық байланыстардың күшейе түсуі ауқымды коммуникациялар желісінің аса кеңеюіне әкеліп соғады
Бұл деген пәннің мәдени-гуманистік бағытының күшеюіне алып келеді, себебі әлем халықтары географиясын, діндерді, тілдерді, мәдениеттерді т.б. оқытуға бөлінген уақыт көбейеді. Онда жеке елдер туралы материалдар қысқартылған, себебі осыдан бастап ол материалдар негізінен аймақтық шолу ретінде оқытылатын болады. Сонымен қатар адамзаттың глобальдық проблемалары мен Қазақстанның әлемдік саясат пен экономикадағы орны мен ролін көрсетуге баса назар аударылуы тиіс. Осылайша құрылуына байланысты, бұл курс елтанушылық курсынан жалпы экономикалық географиясы бар экономикалық- географиялық елтану курсына айналады.
11-сыныпта "Жалпы география" (табиғатты пайдалану аспектілері) курсы оқытылады. Оны оқытудағы негізгі мақсат: оқушылардың әлемнің географиялық сипаты туралы білімін қалыптастыруды аяқтау. Ол қоғам мен табиғаттың өзара ықпалы, халықтың көбеюі мен таралуы, әлемдік шаруашылық және географиялық еңбек бөлісуі, дүние жүзінде және жеке аймақтарда туындайтын ауқымды және аймақтың экологиялық- географиялық проблемаларда анықтау туралы теорияны түсіндіруге сүйенеді.
Бұл курста қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану проблемалары туралы білімді жинақтаушы әрі дамытушы болып табылатын табиғат пайдалану аспектілеріне баса назар аударылуы тиіс.
Кең мағынада қарастырылуға тиіс физикалық және экономикалық, географиялық біліммен қатар оқушылар тарапынан биология, химия, физика және өзге де мектеп пәндерін оқу кезінде табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау проблемасынан алған білімдерін дамытуды ойластыру.
Оқу бағдарламаларының түрлері және олардың мазмұны.
География оқу пәні шеңберінде келесі бағдарламалар жүзеге асырылады:
- білім беретін негізгі бағдарлама;
- білім беретін бағдарлы профильді бағдарлама;
- білім беретін қосымша бағдарлама (жеке жұмыстық бағдарлама немесе жоспарды қоса).
Бөлімде осы пәнің шеңберінде оқытылатын оқу бағдарламасының әрқайсысына сипаттама беріледі, оның ішінде:
- оқу бағдарламасының мазмұны, география оқу шеңберіне оқытылатын бөлімдер мен курстардың тізімі.
Негізгі курстар:
Жаратылыстану кіріктірілген курсының құрылымы:
Жер - Күн жүйесінің планетасы. Дүниетану дене және заттар. Дүниетану тіршілік. Табиғат және Адам. Табиғатты қорғау.
Физикалық география - Бастапқы курс. Бөлімдер: План мен карта. Жер қабықтары. Жердегі адамзат. Жергілікті жердің табиғаты.
Материктер мен мұхиттар географиясы - Бөлімдер: Жер табиғатының сипаттамасы. Мұхиттар. Құрылықтар.
Қазақстан Республикасының географиясы. - Қазақстан Республикасы-ның географиясы курсы екі бөліктен тұрады:
а) Бірінші бөлім - Қазақстан Республикасының географиясы.
Бөлімдері: Кіріспе және Қазақстан аумағын географиялық тұрғыда зерттеу тарихы. Қазақстан тарихына жалпы шолу. Қазақстанның табиғатын қорғау. Туған өлке табиғаты.
б) Екінші бөлім - Қазақстан Республикасы экономиялық және әлеуметтік географиясы. Бөлімдері: Кіріспе. Табиғи ресурстық әлеумет. Қазақстан Республикасың әкімшілік аумақтық бөлшектенуі. Қазақстанның геосаяси жағдайы. Халқы. Қазақстан Республикасының халық шаруашылығының жалпы сипаттамасы. Өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығы. Көлік және байланыс. Әлемдік шаруашылықтағы Қазақстанның орны. Қазақстан Республикасы экономикалық аудандары. Өз облысының (туған өлкенің) экономикалық және әлеуметтік географиясы.
Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы. -
Бөлімдер: Дүние жүзінің жалпы экономикалық-географиялық сипаттамасы. Елтану элементтері. Дүние жүзіне аймақтық шолуы.
Жалпы география (табиғатты пайдалану). - Бөлімдері: Кіріспе. Жер табиғатына шолу. Табиғат және өркениет. Табиғатты игерудің аймақтық проблемалары, адамзаттың глобальдық проблемалары, тұжырым.
"География" оқу пәні бойынша оқу бағдарламасын игеру мерзімдері:
- бастауыш мектепте географиялық құбылыстар мен үрдістер туралы мәсе-лелер "Қорғаныш әлем" және "Дүниетану" жинақтылығы курстарында қарастырылады.
- 5-ші сыныпта "Жаратылыстану " кіріктірілген курсы.
- 6-9-шы сыныптарда география жеке оқу пәндері ретінде 4 жыл оқытылады.
- жалпы білім беретін орта мектепте(10-11-ші сыныптар) география сабағы жеке пән ретінде 2 жыл оқытылады.
- пән бойынша білімнің базалық мазмұнын игеру мерзімі Базистік оқу жоспарымен анықталады, ал пән бойынша білімнің жоғары деңгейінің мазмұны - Қазақстан Республикасының Жалпы деңгейінің мазмұны - Қазақстан Республикасының жалпы орта білімінің типтік оқу жоспарымен анықталады.
"География" оқу пәнінің оқу жоспарын (керекті деңгейлік минимум) мерзімі:
5-ші сыныпта "Жаратылыстану" кіріктірілген курсы аптасына кемінде 2 сағат (барлығы жылына 68 сағат) өтіледі.
- негізгі мектепте - 255 сағат. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы географиясын оқуға 8-9-шы сыныптарда аптасына кемінде 2 сағат бөлінеді
(барлығы жылына 136 сағат).
- орта мектепте - 68 сағат.
- гуманитарлық профильдегі жоғарғы мектепте:
а) филология және эстетикалық профильде - аптасына 1 сағат және оқу жылында 34 сағат.
б) 10 сыныпта қоғамдық-тарихи профильде - аптасына 1 сағат және оқу жылында 34 сағат, 11 сыныпта - аптасына 2 сағат және оқу жылында 68 сағат.
- Жаратылыстану ғылымы профилінде:
а) Жаратылыстану - географиялық профильде - аптасына 4 сағат және оқу жылында 136 сағат.
б) Химия-биология және физика-математика профильдерінде - аптасына 4 сағат және оқу жылында 34 сағат.
Географиядан профильді білім беру профилінде бағдарламаны игеру мерзімі (мазмұны күшейтілген деңгей):
- негізгі мектепте - 714 сағат;
- орта мектепте - 76 сағат;
Географиядан білім беру және қосымша бағдарламаларды негізгі және орта мектептерде игеру мерзімі:
- факультатив сабақтарда: оқу жылында 17 сағаттан кем емес немесе 68 сағаттан артық емес
- жеке бағдарламалар бойынша: оқу жылында 17 сағаттан кем болмау, 34 сағаттан аспау керек.
Оқушылардың оқу жүйесінің апталық және жылдық көлемі.
Оқушылардың әрбір сыныптағыоқу жүйесінің минималдық көлемі:
- негізгі мектепте - аптасына 2 сағат және оқу жылында 68 сағат.
- гуманитарлық профильді орта мектепте - аптасына 1 сағат және оқу жылында 34 сағат.
- жаратылыстану - географиялық профильдегі орта мектепте - 242
сағаттан кем болмауы тиіс (әр сыныпта аптасына 4 сағат және оқу жылында 136 сағат).
География пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі
Оқу пәндері стандарттарында:
- білім бағдарламасындағы оқу жүктемесінің жалпы көлемі белгіленеді.
Білім беретін негізгі бағдарламаға сәйкес жүктеменің минималдық көлемі:
- негізгі мектепте - 323 сағат;
- гуманитарлық бағытта орта мектепте - 68 сағат;
- жаратылыстану (жаратылыстану- география ) бағдарындағы орта мектепте 232 сағат (аптасына4 сабақ);
- физика- математика бағдарындағы орта мектепте - 68 сағат (аптасына 2 сағат) құрайды.
" География" оқу пәні бойынша оқу бағдарламаларының базалық мазмұны
География білімінің (оқу пәнінің) стандарты мемлекеттік білім нормасы ретінде қабылданатын негізгі өлшемдер жүйесін құрайды. Ол қазіргі заман деңгейіне сәйкес ғылымның, техниканың дамуына, оқытудың әдістері мен мазмұнын арттыруға бағытталған мектеп білімінің жаңа мақсаттарын көрсетеді; XX ғасырдың соңғы он жылдығындағы дүние жүзілік қоғамдастыққа және Қазақстанның қоғамдық өмірінде болған саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістерді көрсетеді.
4 Тақырыбы: Географияны оқытудың әдістері.
1. Әдістің түрлері.
2. Әдістерді пайдалану жолдары.
3. Практикалық жұмысты өткізу кезеңдері.
Әдіс дегеніміз - мүғалімнің білім беру тәсіліне оқушылардың сол білімді меңгеру тәсілін айтады. Әдістер туралы өте көптеген әдіскерлер өз ойларын айтқан. Әдістерді классификациялау туралы орыс ғалымы Б.Е. Райков (1947-1960 жж) өз ұсынысы бойынша 3-ке бөлген:
1. Баяндау
2. Көрнекілік
3. Моторлық
Б.В. Всесвятскийдің жүйелеп ұсынуы бойынша:
әдістерді
Баяндау Өзіндік жұмыс Оқулықпен жұмыс
1. Түсіндіру 1. Бақылау 1. Оқулықпен жұмыс істеу
2. Әңгіме 2. Эксперимент
3. Лекция 3. Дене еңбегі
Көптеген ғалымдар бірігіп әдістерді жүйелеуі бойынша 5 әдісті ұсынады:
1. Түсіндіру - көрнекілік әдісі.
2. Үлгі әдісі .
3. Мазмұндамалық әдісі.
4. Ізденіс әдісі.
5. Зерттеу әдісі.
1. Түсіндіру - көрнекілік әдісінің бағыты - оқушылардың білімін меңгеруін ұйымдастыру. Мұғалім оқушыға дайын мәліметті қабылдатуы тиіс. Бұл үшін мұғалім нақты мәліметті, жалпы ұғымды алады, ол үшін картаны, суреттерді т.б. құрал жабдықтарды пайдаланады. Бұл үшін мұғалім нақты деректі терең меңгерген, білімді болуы тиіс.
2. Үлгі әдісінің бағыты - оқушыларға таныс және үлгі білімімен қаруландыру. Мұғалім бұл бағыт бойынша оқушыларға өздігінен жұмыс істеуді үйретеді, жалпы өткен тақырып бойынша тапсырмалар береді.
Мысалыға: табиғаттың жеке компоненттеріне мінездеме беру, территория-ларға жалпы физикалық - географиялық мінездеме беру, жеке объектілер-ге экономикалық- географиялық (қала,өндірістер) мінездеме беру, экономикалық аудандар мен елдерге мінездеме беру, ауыл шаруашылығна мінездеме беру.
Мысалыға, жеке бір территорияға, климатқа анықтама беру керек, ол үшін мынандай жоспар құрады: 1. Территорияның географиялық орналасуы.
2. Қаңтар мен шілденінің орташа температурасы. 3. Маусым бойынша бұлттардың орналасуы 4. Жаз бен қыстың ұзақтығы 5. Климатқа әсер етуші факторлар.
Бұл әдіс бойынша оқушылар картамен жұмыс істеу арқылы географиялық координатаны, қашықтықты, бағытты анықтайды.
3. Мазмұндамалық әдістің бағыты - оқушыларға шешілген проблемалардың үлгісін көрсету, ауыр жолдың шындығын көрсету.
Мұғалім бұл әдісті қолданғанда алдымен өзі шешіп, анықтап алып сосын оқушыларға береді. Ғылыми білімнің үлгісін көрсетіп, ғылыми тұжырым жасатады және де айналаны қоршаған ортаны қорғау сұрақтарына жауап бергенде физикалық экономикалық білімдерін байланыстырып жауап береді. Мысалы: Волга өзеніне басқа өзендердің қалдықтары қосылатын болса, табиғатта қандай өзгерістер пайда болады, бұл проектінің қандай маңызы бар, осы сұрақтарға оқушы өзі ойланып жауап беруі үшін қосымша жер бетіндегі климаттың өзгеруі, мәңгі тоңның қалыптасуы жайлы түсінік беру керек.
4. Ізденіс әдісінің бағыты - оқушыларды біртіндеп шығармашылық еңбекке баулиды. Бұл үшін оқушылар белгісіз әдіспен шығармашылық тапсырмаларды, проблемаларды шешеді. Бұл әдісте мұғалім тапсырманы дайындап береді. Осыдан кейін тапсырманы бірнеше сұрақтармен беруге болады. Оқушылар берілген тапсырманы, сұрақтарды өз бетінше шешеді, бірақ мұғалім үнемі бағыт беріп отыруы керек. Мұғалім кейбір тақырыптар бойынша оқушылармен әңгіме, сұрақ - жауап ретінде әңгіме өткізуі тиіс, кей жағдайда мұғалім оқушыларға алдын ала тапсырманың жоспары мен жасалу жолдарын түсіндіруі керек.
5. Зерттеу әдісінің бағыты - бойынша оқушыларға өздігінен толық жұмыс істеуге мүмкіншілік беріледі. Практика жүзінде бұл әдіспен өлкетану бағыты жұмыс істеп келді. Сабақта аздап түсінік беріледі де, қалған тапсырманы оқушылар әдебиеттерден іздестіреді.
Оқушылардың білім меңгеру деңгейі: Географияны оқытуда
қолданылатын әдісі:
1. Деңгей - оқушылар дайын материалды Түсіндіру - көрнекілік әдіс
қабылдайды.
2. Деңгей - оқушылар білімді үлгі бойынша Үлгі әдісі.
таныс оқу әдісі бойынша.
3. Деңгей - оқушылар шығармашылық Ізденіс - зерттеу әдісі
білімді үйренуді жаңа оқулықтан қабылдайды.
Әдістерді іске асыру - Баяндау, көрнекілік, практикалық.
Білім көзі - Сөз, практикалық жұмыс жасау.
Мұғалімнің білім
беру жолдары - Сөз арқылы, көрсету, нұсқау, тапсырма беру арқылы.
Оқушының білім меңгеруі - Тыңдау, бақылау жұмыс істеу арқылы.
1. Әңгіме әдісі - мұғалімен оқушылардың белсенді қатысуымен болады. Әңгіменің нәтижесінде мұғалімнің басшылығымен оқушылар өз білгендеріне қорытынды жасайды. Әңгіме әдісінің негізгі элементі - мұғалімнің қойған сұрағы. Әңгіме әдісінің тиімді болуы мұғалімнің ізденушілігініне, дайындалуына байланысты.
Әңгіме - айтылайын деп тұрған сабақтың мазмұнын оқушыға бұрынан азды көпті таныс болған жағдайда қолданылады. Сонда ғана нәтиже береді. Әңгіме әдісін - қорыту, шолу, жаңа сабақты қорыту түсіндіру өткен сабақты мазмұнымен салыстыру кезінде қолданыламыз.
Әңгіме әдісінің негізгі талабы:
1. Мұғалім сұрақты қоя білуі керек (сұрақ өмірмен байланысты қысқа, түсінікті болғанда ғана нәтиже береді).
2. Сұрақ қою үшін мұғалім жан жақты білімді болуы керек.
3. Оқушыларға алдымен женіл сұрақ беріліп, біттіндеп күрделеніледі.
4. Әңгіме әдісі 5-6-7-8-ші - сыныптарға қолданылады.
Түсіндіру әдісі.
Оқушының белсенді түрде тыңдау мен мұғалімнің жүйелі, түсінікті, жатық тілімен баяндауына негізделген. Бұл әдіс оқушыларға таныс тақырыпты өткенде қолданылады. Түсіндіргенде - бір сыдырғы оқушыларды жалықтырып отырғызып қоймай, арасында сұрақ беріп, оқушыларды қатыстыру керек.
Лекция әдісін - көбінесе жоғарғы сыныптарға қолданылады, ұзақ уақытқа бөлінеді және жоспарланады. Уақыты 25 - 23 мин созылады.
Көрнекілік әдісі - оқушының сабаққа белсенділігін, ойлау қабілетін арттырады. Көрнекілік әдісін көрнекі-құралдармен шатастыруға болмайды. Көрнекі - құралдар мұғалімнің сөзін дәләлдеу үшін көрсетіледі.
Көрнекілік әдісін қоданғанда негізгі рольді мұғалімнің сөзі емес, кинофильм, таблицалар, карталар, глобустар атқарады.
Көрнекілік әдісінің түрлері:
1. Тәжірибені демонстрациялау, көрсету.
2. Табиғи объектілерді көрсету.
3. Бейнелеуші құралдарды көрсету.
1. Тәжиребені көрсету - мысалыға "Бүгінгі ауа - райы стенді ". Бақылауды оқушылардың өздері жасайды. Мұғалімнің нұсқауы бойынша сабақтан тыс кезінде жасайды, көрсеткен кезде бүкіл сыныпқа көрінетіндей болуы керек.
Көрсету ережелері:
1. Көрсетілген зат бүкіл сыныпқа көрінейтіндей болуы керек.
2. Ұсақ объектілерді, коллекцияларды, схемаларды парталарды аралап жүріп көрсетеді.
3. Көрсетілген зат асықпай, жүйелі түрде түсіндірілуі тиіс.
4. Көрсетілген зат көрсеткішпен дәл , анық көрсетіледі.
5. Көрсететін затты бірден оқушыларға таратып жіберуге болмайды.
Картаны таблицаны көрсету ережелері:
1.Таблицаны сыныпқа кіре сала ілуге болмайды.
2. Мұғалім картаны, таблицаны көрсеткенде қақ ортасына тұрмай бір шетіне тұруы керек.
3. Егер суреттер түрлі - түсті мен сызылса бояуының түсін айтады.
4. Таблицаның мөлшері бір ватман қағазы, таблицаны жасағанда фон береді.
Фон солғын емес, әдемі қанық бояумен беріледі. Таблицаның шетін көмкереді, жиегін көмкергішпен көмкереді, жоғарғы жағынан қалдыратын жерді 5 см ден асырмау керек, тепе - теңдік сақталуы тиіс.
"Қандайда болмасын суреттің жазуы жаман болса, онда ешқандайда құн, көрініс, қасиет болмайды".
5. Қазіргі кезде пластмастан жасалынған реликті (кедір - бұдыр) таблицаны пайдаланады, оның ерекшелігі: өте жеңіл, ыңғайлы, бояулары кетпейді тез жуылады.
Оқу кинофильмдерін көрсету жолдары.
Бұл техникалық құралдар арқылы іске асатын сабақтың түрі. Көрсететін фильмнің мазмұнын алдымен мұғалім толық білуі дұрыс. Фильм бойынша оқушыларға сұрақ алдын-ала дайындалады. Оқушылар кино көру барысында сұрақтарға жауап береді, бұл баға қорын көбейтуге, есте сақтау, ойлау, өздігінен қорытынды жасау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Практикалық әдіс.
Бұл әдіс - сөз көрнекілік және практикалық жұмыстың бір-біріне әсерінен туады. Практикалық әдіске табиғат объектілерін тани білу, анықтау, эксперимент жұмыстары жатады.
1. Табиғат объектілерін анықтау кезінде оқушылар үлестірілетін объектімен жұмыс істейді. Мысалы: жергілікті жердің бейнесін көрсететін, тау жотасы, теңіз жағасы, орман, саванна т. б.географиялық объектілердің жинақтап көрсететін панораманың макетін жасауға болады.
Табиғи объектіні тани білу экскурсия кезінде қолданылып, оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады.
Бақылау әдісі - табиғат құбылыстарын табиғи жағдайда ерекше сезіммен қабылдау қорғау, аялай білу қабілеттерін дамытады. Бақылау әдісі - түсіндіруді алдына мақсат етіп қояды, ол оқушылардың өзі жүргізуін, қорытынды шығаруын талап етеді.
Ескерту - барлық бақылаулардың қорытындысын сабақта қолданылатын болғандықтан сабақтың мазмұнын алдын ала мұғалім жақсы біліп отыруы керек.
Түсіндіру - бақылайтын объектіні таратып берместен бұрын жүргізіледі, ал қорытындыны оқушылардан алдындағы объектіні жинап алғаннан кейін шығарады.
Эксперимент әдісі - жасанды жағдайда жасалынады И.П.Павлов: "Бақылау табиғат не ұсынса соны жинайды, ал тәжірибе табиғаттан нені алғысы келсе соны алады" - деп жазды.
Практикалық жұмыстың кезеңдері.
а). Тақырыбы, мақсаты.
б). Нұсқау (инструктаж).
в). Жұмыстың орындалуы (тәжірибені жасау).
г). Қорытындысын жазу.
д). Есеп беру - құжаттар тапсыру.
5 Тақырыбы: Географиялық сабақ.
1. Сабақ - оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы.
2. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы.
3. Сабақтың құрылымы, оқулықпен жұмыс.
4. Оқушының білімін тексеру жолдары.
5. Географиялық дәптерге қойылатын талап.
1. Географиядан оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы - сабақ. Сабақта оқушылар мұғалімнің басшылығымен мемлекеттік бағдарламаға сәйкес теориялық, практикалық білім алады. Өзінің жеке басының жан- жақты дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту мен тәрбие берудің де негізгі принциптері сабақ беру кезінде қалыптасады. Сондықтан сабақтың мазмұны оқушыларға ғылыми тұрғыдан жетік тілімен түсіндіріліп диалектикалық, материалистік көзқарас қалыптасатындай болып құрылуы керек. Жаңа сабақтың материалы бұрын оқылған материалмен тығыз байланыста түсіндіріледі. Сабақ үстінде оқушылар алдымен жеке фактімен танысады, біртіндеп қортынды шығарады.
Сөйтіп логикалық ойлауға дағдыланады. Бүгінгі таңда мектеп бағдарламасына сәйкес сабақтың білім беру, дамыта оқыту, тәрбие беру жағына ерекше көңіл бөлінеді.
а) Білім беру - оқушыларға географиялық ұғымды қалыптастыру, заңдылықтарды білдіру, теория мен ғылыми жаңалықтарды ұғындырады.
б) Дамыта оқыту - кезінде оқушыларды байқауға, еске сақтауға, ойлауды дамыту, талдай білу, салыстыру, жоспар құру, сабаққа белсенді қатысуды қалыптастырады.
в) Тәрбие беру - оқушыларға тәрбиені жан - жакты беру, адамгершілікке баулу, этика-эстетикалық, еңбек тәрбиесін беру. Оқушыларда жігерлі сезім, эмоциалдықты талғам қалыптастыру.
Оқу мен тәрбие егіз.
Мұғалім сабақтың түрін әдісін, алдын ала белгілеп жасайтын тәжірибені, сол тақырыпқа сәйкес қосымша әдебиеттер керектігін күні бұрын жоспарға еңгізеді мұндай жоспарды перспективалық - жылдық (календарлық жоспар 1 жылға жасайды.) деп атайды. Перспективалық жоспарды ыңғайға қарай өзгертуге болады. Кейбір тақырыптарды ыңғайға қарай орнын рет санын ауыстыруға болады.
Перспективалық жоспар мұғалімнің жыл бойына жаңа материалдарды өту ретін қадағалауға мүмкіндік береді. Саяхаттар мен сабақтан тыс оқуды өткізуге көмектеседі.
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар 1 тарауға, жарты жылға жасалынады.
География сабақтарының құрылысы бірдей болуы мүмкін емес - ол оқытылатын материалдың мақсатына, мазмұнына және оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты.
Жаңашыл мұғалімдердің сабақ үстіндегі оқу процесінің негізіне алған басты идеясы - бұрын өтілгенді қайталауды , ескі мағлұматтарды білуді және жаңаларды қалыптастыруды біртұтас бір мезгілде өтетін процеске біріктіруден тұрады. Осы идеяны практикада іске асыру аралас сабақтың құрылымын қайта қарауға әкеледі.
Алдыңғы қатардағы мұғалімдердің сабақтарының системасындағы ең маңыздылары мыналардан тұрады:
1. Өткен материалды бекітуге және сүйеніш білімді айқындауға бағытталған машықтандыратын жаттығуларды, өз бетімен істейтін немесе шығармашылық жұмыстарды енгізу жолымен сабақтың бірінші минутынан бастап оқушыларды жұмысқа кірістіру.
2. Ескі және жаңа материалды біріктіріп қосу, сондықтан сабақта жаңа материалды түсіндіру мен ескі материалды қайталаудың аралығында көрсетілген шекара жоқ. Жаңа білімнің қалыптасу кезеңінде жаңа байланыстарды анықтау жолымен оқушылардың бұрынғы білімін мүлде жетілдіре түсіп, мұғалім бұрын өтілген тарауларды қайталайды және толықтырады. Сонымен қатар жаппай өз бетімен істейтін жұмыстарды ұйымдастырғанда жаңа материалдың бекітілуін қамтамасыз етеді.
3. Жаңа материалды оқып білуде оқушылардың өз бетімен істейтін жұмыстарының ролін күшейту. Шығармашылық жұмыстармен айналысатын мұғалімдер, оқушылардың өздері оқулықтан, карталардан немесе лабораторияда біліп алатындарын түсіндіруге босқа уақыттарын жібермейді. Сондықтан мұғалім өз бетімен істейтін жұмыстардың әрбір түріне алдын - ала тапсырмалар дайындап қоюы керек. Жұмыстардың осындай системасы оқу процесін перспективалық жоспарлаумен анықталады.
4. Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың белсенділігі, сыныптың көпшілік бөлігінің жауапқа араласуы білім мен іскерлікті игерудің сапасы және беріктігі туралы пікір айтуға мүмкіндік береді. Бұл оқушылардың жұмысын сабақтың соңында мұғалімнің жалпы баллмен бағалауына мүмкіндік береді. Географияның сабақтарында әр түрлі міндеттер шешілуі мүмкін: жаңа курс немесе жаңа тақырып бойынша жұмыстың мазмұны мен және түрімен оқушыларды таныстыру, жаңа білімді меңгеріп алу, жаңа ұғымдарды, картамен жұмыс істеудің іскерлігі мен дағдыларын, өткен материалды жүйелі қайталау және талдап қорыту. Әдетте сабақтың негізгі мақсаты тәуелді міндеттермен сай келеді. Негізгі оқу - тәрбие міндеттеріне байланысты сабақтың сол не басқа құрылысы айқындалады, яғни оның типі анықталады.
Қойылған дидактикалық мақсаттарға сәйкес оқу сабақтарын өткізудің белгілі жолы сабақ типі болып түсініледі.
Сабақтың типі құрамдас бөліктерінің бір ізділігімен және олардың мөлшерімен, сондай-ақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz