Көшпелілер мәдениті
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Электроника және Робототехника кафедрасы
РЕФЕРАТ
Семестрлік жұмыс
Пән атауы: Әлеуметтік-саяси білім модулі
Мамандығы: Аспап жасау
Орындаған: Орынбаев Муса Оразбайұлы
Тобы: ПСк-20-3
Нұсқа: №18
Тақырыбы: Көшпелілерінің негізгі мәдени және техникалық жетістіктері.
Тексерген: Жадыра Өмірбекова
Алматы 2022
Жоспар
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
II. Неігзгі бөлім.
Көшпелілер мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Көшпелілер тұрмыс-көші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
Көшпелілер мәдениетінің даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..11
III.Қорынтынды ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
Кіріспе
Көшпелілер туралы түсінік алдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Б.з.д. V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап жазды. Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірін басқа да антик тарихшылар, философтар, орта ғасырлар ойшылдары сипаттады. Оларға табиғаттың төл баласы сияқты көшпелілер өмірі таза, қулық-сұмдықтан, отырықшы-қалалық өркениеттің жаман қасиеттерінен ада болып көрінді. Сонымен қатар көшпелілер туралы нашар түсініктер сол ерте заманда-ақ қалыптасты. Көне Қытайда "көшпелілер жабайы, мәдениеттің қас жауы" деген түсінік қалыптасты. Еуропада да көшпелі ғұндарды "тағы-жабайылардың тұқымы, өркениеттің жауы" деп есептеді.
XVIII -- XIX ғасырлардағы Еуропа ғалымдары да көшпелілер туралы өз көзқарастарын білдіріп отырды. Мысалы, Монтескъе көшпелілер қоғамын "әділетті, теңдікті қоғам" десе, Фергюсон, Адам Смит: "Көшпелілерде мүлік теңсіздігі, әлеуметтік теңсіздік ерте пайда болды", -- деген. Ал философ Кант: "Мемлекеттің өзі көшпелілер мен отырықшы-егіншілердің өзара қақтығысынан, қорғаныс мақсатында пайда болды" деген тұжырым жасайды. Атақты философ Ф. Гегель: "Көшпелілерде әлеуметтік қарама-қайшылық болғанымен, мемлекет болған жоқ", -- деп есептеген.
XX ғасырдағы Еуропа ғалымдарының көшпелілікке көзқарасы әр түрлі болғанымен, бұл қоғамның жағымсыз жақтарына ғана назар аудару басым болды. Мысалы, Рацель, Гумплювич, Торнвальд, Тойнби деген ғалымдар: "Көшпелілер өз бетімен өркениет жасауға қабілетсіз, олар мемлекетті, басқа да өркениет жетістіктерін отырықшы елдерді жаулап алу арқылы ғана үйренді" деген тұжырымдар айтты. Олардың және бұл ғалымдардың жолын қуушы қазіргі заманғы зерттеушілердің пікірінше: "Көшпелі қоғам -- бұл бір орнында тоқырап, өз бетінше дами алмайтын қоғам, отырықшы мәдениеттің әсерінсіз өркениет жасай алмайтын қоғам, болашағы жоқ қоғам".
Көшпелілік кеңес ғылымында XX ғасырдың 20 -- 40-жылдарынан бастап зерттеліп келеді. Бұл саладағы кеңес тарихшыларының еңбектерінде де маркстік-лениндік көзқарас басым болды, зерттеушілер, негізінен алғанда, көшпелілердің қоғамдық құрылысына ғана мән берді. Мысалы, А. П. Чулюіиников деген зерттеуші: "Көшпелілерде таптық қоғам болған жоқ, тек рулық қауым болды", -- десе, П. Кушнер: "Көшпелілерде "рулық мемлекет", феодализмнің бастапқы нышандары ғана пайда болды", -- дейді.
Көшпелілер мәдениті
Орта Азия, Сібірден бастап Қара теңіз жағалауына дейін Евразия территориясында өмір сүрген көшпенділердің мәдениеті бүгінгі күнге дейін өз деңгейінде объективті ғылыми тұрғыдан бағаланған жоқ. Ғылыми-танымдық басылым мәдениеттану, бейнелеу өнері, тарих, этнография, археология, педагогика, антропология, философия, дінтану, семиотика, лингвистика, әлеуметтану ғылыми салаларды қамтып, сондай-ақ көшпенділердің әр кезеңдегі мәдени процестерінің қоғамдағы рөлін көрсетуге септігін тигізеді.
Евразия аймағында өмір сүрген көшпенділерді зерттеуге ғалымдар XVIII ғасырдан бастап қызығушылық таныта бастады. Көшпенділердің б.з.б. өмір сүрген сақ (скиф) суперэтникалық тайпаның жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттелуі, Ресей мемлекетінің славян тарихын жазуымен байланыстыруға болады. Өйткені қазіргі орыс халқының территориясында өмір сүрген ежелгі сақтар (скиф) туралы тарихи деректер антикалық авторлардың жазбаларында ғана кездеседі. Сондай-ақ орыс ғалымдары өз зерттеулерінде славяндардың генетикалық туыстығын, сол ежелгі көшпенділерден шыққанын ғылыми тұрғыдан дәлелдемек болды.
Орыс тарихы сақтардан (скиф) басталуы керек пе? деген сұрақ ғылымда бір жақты жауап болмады. Скифологтардың мәселесін шешуде артефактілер басты рөл атқарды. Көне ескерткіштерді археологтар, нумизматиктер, филологтар, лингвистер, өнертанушылар зерттеуге кірісті. Ресей ғалымдарының жан-жақты зерттеулерінің арқасында ортақ бір шешімге келе алмады.
Мәдениеттану саласында қазақ халқының сақ (скиф) мәдениетімен сабақтастығын зерттеуде ауыз әдебиеті мен этнографияның маңызы зор. Кеңестік кезеңде этнография, ауыз әдебиеті салаларындағы ұлттық маңыздылығы бар тақырыптарға шектеу жасалып, тарихтан аластатылды.
Мәдениеттанумен барлық ғылым салалары айналысады. Олар: философия, дінтану, тарих, этнография, педагогика, антропология, этнопсихология, әлеуметтану, саясаттану т.б. Бұл ғылым салалары қоғамда болып жатқан процестерді көрсетуге мүмкіндік береді. Ал мәдениеттану тарихи кезеңдер мен өркениеттерді талдап, оның қоғамдағы рөлін көрсету басты белгісі болып табылады. Сондықтан көшпенділердің ділін, дінін, этнографиясын және салт-дәстүрін философия ғылымының ғана заңдылықтарына сай зерттеу тақырып аясын тарылтады. Көшпенділердің б.з.б. өркениетті мемлекет болып өмір сүргенін дәлелдеу үшін энциклопедиялық әр ғылымның деректемелері қажет. Бүгінгі күні мәдениет ұғымын анықтайтын екі жүздей ғылыми дефиниций бар. Олардың бәрін төрт топқа бөліп талдауға болады. Қоғамдағы адамдардың рухани және материалдық шығармашылықтары семантикалық шеңбер құрып -- мәдениет деген ұғымның жалпы мағынасын береді.
Көшпенділердің мәдениеті мен тарихын сараптауда көне артефактілердің маңызы зор. Таулы Алтайдағы Қатан өзенінің бойындағы қорғандардан қазба жұмыстары кезінде В.В. Радлов 1865 жылы көптеген құнды дүниелер тапты. Алтайдағы үлкен Улаған өзен өңіріндегі Пазырық шатқалында сақ (скиф) кезеңдерінен қалған әртүрлі көлемдегі бес обаны 1929 жылы М.П. Грязнов, ал 1947- 49 жылдары С.И. Руденко археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген.
Көпшенділердің артефактілерінің динамикасын зерттеуде дінін, салт-дәстүрі мен наным-сенімдерін, ғұрыптарын талдау арқылы заттық болмыстың символикасы анықталды. Ондай деректер С.И. Руденконың Таулы Алтайда табылған көне ескерткіштерінен, М.П. Грязновтың Таулы Алтай өңіріндегі Пазырық, Шібе қорғандарынан табылған материалдық заттарынан жиналған. Ежелгі көшпенділердің дүниетанымы, рухани дүниесі мен алғашқы дінінің пайда болуы артефактілер арқылы аныкталды.
Жоғарыда айтылған ғалымдардың еңбектерінде ежелгі көшпенділердің салт-дәстүрі, тілі, ділі туралы мағлұматтар жоқтың қасы. Көшпенділердің антика дәуірінен б.з.б. кезеңдермен байланысы жоқ, сондай-ақ бүгінгі күнге дейін әр дәуірдің мәдениеті өз алдына жеке қарастырылған. Көшпенділерді (б.з.б VIII -- ІV ғғ.) зерттеген ғалымдар иран, парсы, грек деректеріне сүйеніп, сақтардың (скиф) қолөнері, бейнелеу өнері мен кескіндеме мәнері антика өркениетті мемлекеттердің ықпал әсері немесе көшірмесі деген пікірлер қалыптастырды. Скифологтардың арасында ондай пікірлердің қалыптасуына империялық идеология ықпал етті. Ресей ғалымдарының біржақты зерттеулерінің салдарынан көшпенділердің мәдениеті мен тарихы тұтас жазылған жоқ.
Ежелгі суперэтникалық тайпалар мен қазақтардың мәдени-тарихи сабақтастығын толық қанды объективті зерттелуіне, кеңестік идеология кедергі болды. Археология, этнография, антропология мәселелеріне ресейлік, европалық ғалымдар ғана арнайы тапсырмалармен зерттеулер жүргізді. Бұл тақырып қазақ ғалымдарына жабық тақырып болды.
Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болғаннан бері жоғын түгендеуге мүмкіндік алды десек болады. Кезінде айтылмаған тұжырымдар мен зерттеуге шектеу қойылған тақырыптарды ғылыми тұрғыдан қайта қарауға мүмкіндік туды.
Көшпенділерді варварлар мәдениетінен өркениеттілікке жақындату үшін еліміздің археологтары да аз жаңалық ашқан жоқ. Елімізге белгілі археологы -К.Байпақов: Қола дәуірінде алғашқы көшпенділердің мәдениеті қалыптаса бастаған. Ерте темір дәуірінде өмір сүрген сақтардың (скиф) мемлекеттік құрылысы болғанын, сол сияқты көрші елдермен экономикалық мәдени және саяси қарым-қатынас жасап, қалалар салған- дейді. Бірақ бұл тайпаларды әлі де ғалымдар бөлек халық ретінде қарастырады. Сондықтан зерттеудің басты мақсаты б.з.б. VIII-ІV ғғ. Орта Азиядан бастап Қара теңіз жағалауына дейін өмір сүрген сақтар (скиф) мен қазақтардың генетикалық сабақтастығын қарастырып, Евразия аймағында өмір сүрген көшпенділердің қазақ хандығы орнағанға дейінгі аралықтағы мәдениетін тұтас көрсету.
Көшпелілік -- көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. Ерте заманда еуразиялық және афроазиялық аридтік аймақта жайылымдық мал шаруашылығын жетілдіру негізінде қалыптасты. Еуразиялық ұлы даланың ежелгі көшпелілеріне сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар, т.б. жатса, түркі-моңғолдық кезеңде бұл мәдени тип әлемдік үдерістерге өзінің терең әсерін тигізеді... Көшпелі мал шаруашылығы жүйесі шыңдалған тұрмыстық ерекшеліктері бар, ретке келтірілген және едәуір дамытылған шаруашылық типін білдірді. Еуразия даласын мекендеген көшпелі халықтардың негізгі өндірістік құралына айналған мал шаруашылығы тамақ өнімдерін беріп қана қоймай, айырбас үшін де пайдаланылды. Көшпелілік көшпелілердің мал жаюдың тәсілдерін жетілдіре отырып, күнделікті тұтынатын тұрмыстық заттар мен құралдардан бастап моральдық-этикалық таным-түсініктеріне дейін шыңдаумен болды... Қазақ мәденнетінің негізгі архетипі саналатын.
Көшпеліліктегі маңызды мәселенің бірі -- ондағы әлеуметтік құрылым, қоғамдық ұжымдасу ерекшеліктері, қауымдық тұтастықтың болуы. Еуразиядағы нарықтық коғамда зат иелену мен азаматтық қатынастар шешуші қызмет аткарса, көшпелілерде туысқандық, рулық байланыстар аса құнды болып ееептелінді. Ата қоныс ұғымы көшпелілер үшін қасиетті, өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындау болды. Көшпелілер уақыт пен кеңістікті игеруі, танып түсінуі нәтижесінде көшіп-қонып, табиғаттың колайлы белдеулерінде орналаса отырып, мәдениет пен климат ерекшеліктерін ұтымды қолдана білген. Мысалы, Қазақстанда ерте заманнан бері маусымдық жайылымдар пайдаланылған. Жауын-шашыны молырақ Арканың теріскейіндегі орманды-далалы алқапты, оңтүстік-шығыстағы таулы өңірді жұрт ең алдымен жайлау, ал шығыс және ортаңғы аймақты қыстау ретінде пайдаланып келген. Көктеу мен күзеу мал қыстайтын жерлерге тікелей жалғасып жатқан. Қалыптаскан дәстүр бойынша маусымдык жайылымдардың рулар арасында бөліске түскенімен мал қыстайтын жерлерден басқасын елдің бәрі бірдей пайдаланған. Қатал даланың табиғатын танып түсіну, оның ішкі заңдылыктарын терең білу, болжай білу -- мұның бәрі көшпелілер мәдениетінің маңызды жақтарын көрсетеді. Құрғақ даланы, -- дейді ағылшын тарихшысы, социолог А. Дж. Тойнби (1889-1975), -- тек бақташы ғана меңгере алады, бірақ сол далада тіршілік етіп, табыстарға жету үшін ол өзінің шеберлігін тынбай жетілдіре беруге міндетті, ол ерекше адамгершілік және парасаттылық қасиеттерді калыптастырады. Малшылык егіншіліктен көрі күрделілеу, өйткені дихан табиғат өнімдерін тікелей тұтынса, көшпелілерде мал табиғи өсімдіктерді өңдейтін механизм тәрізді. Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылык, жоғары интуициялық кабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікпен үйлесімді дамыған мәдениет адам мен табиғаттың арасында нәзік үндестікті білдіретін дәнекер кызметін атқарды. Көшпелі коғамның тіршілік етуінің көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығы болуы олардың дүниетанымына шешуші әсер етті. Көшпелілер мәдениетінің ажырамас бөлігі -- әлем және адам түсініктеріне негізделіп дамыған дүниетаным жүйесі болды. Табиғатты игеру және адамдардың практикалық іс-әрекетін бейнелейтін алуан түрлі дәстүрлі әдет-ғұрыптар, әпсаналар, қарапайым түсініктерді тудырды. Ертедегі көшпелілер дүние танымынын негізі -- көк аспан , шексіз әлем болса, сол көк аспан мен шексіз әлемнің кұдіретті жаратушысы-көктегі Күн. Көшпелі өмір, төрт түлік мал, Жер-ана барлығы жинала келе көшпелілердің материалдық игілігін, дүниетанымын қалыптастырып, төл мәдениетін жасады. Уакыт пен кеңістікті игеру аркылы көшпелілікке тән әрі тұрмыска қажетті алғашкы астрономиялық ғарыштық талғам-түсініктер орнықты.
Көшпелі өмір салты жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкеліп, жас адамның ел-жұртқа жағымды моральдық-психологиялық нормаларын белгіледі. Көшпелі өмір тіршілігіне сай қара күшке мығым, киыншылыкка төзімді, күбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш, ат үстіндегі алыс сапарларды қайыспай көтеретін дала перзенттері, жан-жүйесі жагынан да шыңдалған, қоғаммен үйлесімдігі, қауыммеи етене жакын жан-жакты жетілген адамдар калыптасты. Дала көшпелілерінің акынжанды болуы, ой-қиялының жүйрік болып келетіні көшпелі тіршіліктің аркасы еді. Көшпелілердің сан ғасырларға созылған тарихи-әлеуметтік дамуы барысында материалдық және рухани игіліктер жинакталып, көшпенділердің болмыс-бітімінің, рухани өрісінің кеңдігін, өмірлік арман-тілектері мен дүниеге талғам-түсініктерін ашып бейнеледі. Ғылыми негізделген дәйектер көшпенділіктің адамзат тарихында елеулі рөл атқарғандығын дәледейді. Қазіргі уақытта көшпеліліктің отырыкшы өркениет елдерінің шаруашылығынан, мемлекеттік атрибуттары мен қоғамдық билік жүйесінен, мәдени бітімінен ешбір кем емес екендігі дәлелденіп отыр.
Көшпелілер тұрмысы - көш
Алты құрлықтың алыбы Еуразия даласында жыл құсындай жосыла көшкен көшпенділер туралы пікір көп. Ғалымдардың бір тобы көшпенділік мәнін ұлы даламен байланыстырса, Еуропалық әдебиеттің басым бөлігі жабайы варваларға теңеді. Ал көшпенді халықтың жасаған жорықтары тек жабайы варварлардың басқынышылығы деп бағаланды. Ал көш туралы әлі де болсын көңіл көтеретін еш пікір айтылмады. Бар болғаны қазіргі Африка халықтарынң сәл ертеректеу жасаған миграциясы болып шықты. Шын мәнінде осылай ма? Алып Еуразияның кіндігінде көшпенді бабаларымыз бағытсыз, мақсатсыз көшіп-қонып жүре берген бе? Бірнеше тәулікке созылған көштің бар болғаны миграциялаудың сыпайы түрі болып шыққаны ғой? Тым болмаса көшпенділер тұрмысы әлемдік өркениетке тамшыдай болсын үлесін тигізді ме? Осы сұрақтарға көшпенділердің заңды жалғасы ретінде жауап беріп көрейікші.
Не үшін көшті?
Осы жерде керемет бір парадокс бар. Отырықшы ел - өз-өзін аман сақтау үшін егістігін кеңейтіп, тамақ таму үшін тұрғылықты жерінде тұрақтап қалу керек. Ал көшпенді халыққа керісінше, тамақ табу үшін көшу қажеттілігі туды. Бірақ бұлай десек, көшпенділерді нағыз қанағатсыз, ал көштің - қарын тойдыру мақсатында жасалған әрекет деген ойға қаламыз. Алайда ең бірінші көштің көшпелі тұрмыстың қиындығынан туғаны сөзсіз. Әрине әртүрлі географилық ортаның әсері мен климаттың өзгеруін жоққа шығара алмаймыз, ол анық. Бірақ көшудің негізгі факторларының бірі - табиғи ресурстарды сақтау десек қалай қарайсыз? Ал көшпенділер нағыз табиғи, экологиялық жүйенің қорғаушылары дегенге сенер ме едіңіз?Сену қиын, алайда отырықшы халыққа қарағанда, көшпенділер көбірек экологияны сақтап қалды. Ал көш сол жүйені іске асыратын алтын көпір болды. Мысалы отырықшы халық бір аумақта, атамекенім деп 30-40 жыл, не одан да көп жылдар бойы тұра беруі мүкін. Егін егін егіп, бау-бақша салу үшін жердің шүйгінін, топырақтың құнарын таңдайды. Бірақ бірнеше ғасырдан кейін сол құнарлы топырақ эрозиясының қайта түзілуі үшін тағы бірнеше ғасыр күту керектігін білетін шығарсыз? Ал көш тұрмысындағы көшпелілер топыраққа да, жерге де, ғасырларға созылатын зиян келтірмеді. Керісінше қол жануарлары өсімдік тұқымының жаңаланып отыруына себепші болды. Арғы бабаларымыздың жер-ана деп қастерлеп, жер асты байлығы мен ресурстарына қол созбаудың мәні осында болса керек. Сол себепті көшпенділерге атамекеннен гөрі, ата қоныс деген ұғым жақын болды.
Көш - мигрияцияланумен үш қайнаса сорпасы қосылмайды
Бұл түсінікке нақты көз жеткізу үшін көшпенділер тұрмысына, яғни көшу процесіне назар аударуымыз керек. Біздің көз алдымызда көш десе қаз-қаз тізілген түйелер, жүк көтерген жылқылар, бағыты белгісіз өң-түсі жоқ көңілсіз жандар елестейді. Шын мәнінде олай емес. Біле білсеңіз, көшу - бұл ең бірінші үлкен математика. Ал ол математиканы тудырған - табиғат. Яғни әртүрлі табиғи-климаттық жағдайларға байланысты көші-қон да әртүрлі бағытта қозғалған. Мысалы таулы аймақтардан қозғалса вертикалды , ал далалық аймақтардан қозғалса горизонтальды бағытта көшкен. Өздеріңіз білетіндей даламыздың көп бөлігі таулы, қыратты аймақтардан тұратындықтан, көш көбіне вертикал бойымен көтерілді. Бірақ көшпес бұрын жасайтын тағы бір маңызды әрекет бар. Ол кез-келген бағытты айнытпай табатын, жаңа экологиялық аймақтардан жаңылыспайтын, жануарлар биологиясынан жан-жақты хабардар көш бастайтын адам, яки көшбасшы тағайындау. Бұдан кейін әртүрлі салт-жоралғылар орындалады. Көшуге қолайлы күнді қазақы күнтізбе негізінде анықтап,белгілейді. Көшу процесі біз ойлағандай сүреңсіз, іш пыстырарлық болмаған. Керісінше көшубарынша сәнді және көңілді болған, ал қатар қоныстанған екі қоныс бір-бірімен әуендете жарыса көшкен. Көшпенді халық көштің ең озық үлгісін көрсетті деуге толықтай негіз бар. Тіпті жүк тиелген жануарлардың өзіндік атқаратын рөлдері де ерекше болған. Мысалы әшекеймен әрленген арулар жеңіл жүк тиелген атан түйеге мінуге құқылы. Ал көштің соңында жүретін ,ауыр жабдықтарды арқалаған ошақтүйеге ешкім отырмаған. Басқа жас жігіттер мен бойжеткен қыздар жылқыға не тайға мініп, айтысып не аударысып қозғалған. Осындай керемет жылжымалы корновалмен көшкен жұрт ақыры межелі жеріне сәтті жеткен. Негізі әрбір көштің өз ерекшелігі болады. Мәселен көктеуден жайлауға көшер болса көш Қозыкөш деп аталады. Бұл көштің шақырымына байланысты берілген атау. Яғни жаңа төлдеген жас малдарды демалдырып, көшіп отырған. Ал күзеуден қыстауға көшетін болса күніне 25-30 шақырымды артқа қалдырып отырған. Бұл құдды бір керемет философиялық жүйеге ұқсайды. Солай емес пе? Бірақ бұл жүйені бұзатын да факторлар аз болмады. Соның бірі жеті ағайынды - жұт. Жұт - көбіне қыс мезгілінде, азықсыз қалған қорадағы малдарға зиян келтірген. Бұдан амандық сұраса мал-жаннан бастайтын көшпелілер үшін қаншалықты қиын екені айтпаса да түсінікті. Жұтқа жеңіліп, бар малынан айырылған жандар көшуге жағдайы келмей, сол жерде жатақ болып қалады. Не бір байға жалдамалы жұмысшы ретінде күнін көреді. Бірақ бұл дегеніміз байларға ештеңе де болмайды деген сөз емес. Қатты жұттан мыңғырған малынан айырылған ауқаттылар да бар. Міне сондықтан көшке қиындықтан аман шыққан, түрлі сынаққа төзе білген жандар ғана қатысуға мүкіндігі болған. Осыдан кейін-ақ миграциялану мен көшудің ара-жігі жер мен көктей кенін байқау да қиын емес.Көшпенділер көшпегенде...
Адамзат өркениетіндегі ең үлкен жаңалықтардың шығу тарихы - тұрмыстық жағдайлармен байланысты. Жаңа жасалып жатқан технологиялардың барлығы жаңғақ милы жандардың қажеттілігі һәм мұқтаждығынан туды емес пе? Ал ол дәуірдегі, дәлірек айтқанда көшпенділердің қажеттілігі не еді? Әрине - транспорт. Осы мұқтаждықтың әсерінен адамзат әлеміндегі ең алғашқы үлкен жаңалықтардың бірі - жылқыны қолға үйретті. Қолға үйретілген жылқы жануары кейіннен жүк тасымалдайтын транспорт қана емес, сол заманның танкісіне айналды. Ал игілігін тек көшпелілер ғана емес, күллі әлем көріп, өз көздеріне өздері сенбеді. Үдере көш түзеген көшпелі жауынгерлерді алғаш көрген жат халықтар кентаврлар деп тамсанып, аңыз етті. Ақырында оның аңыз да, әпсана да емес, таза ақиқат екенін әлем халқы мойындап, көштен туған мобильділікті ғасырлар бойы қолданды. Тек бұл ғана емес, бұдан кейін қазіргі сіз бен біз киіп жүрген шалбарды ойлап тапты.
Ат үстінде ыңғайлы отырайын деп биік өкшелі аяқ киім жасап шығарды. Енді ойлансаңыз, адамзат өркениетіне үлкен жаңалық енгізуде көшпелілер тұрмысының тамшыдай емес, теңіздей үлесі бар. Сонымен қатар көшу барысында өздерін қорғау үшін, 700 метрге дейін жебесі ұшатын садақтың жиналмалы түрін жасап шығарды. Бұл аз десеңіз қазірге қозғалмалы үй іспеттес көліктің түп төркіні - көште қолданылатын, арба үстіндегі жиналмалы киіз үйден бастау алған. Ең қызығы Батыс мәдениетін зерттеуші Леви-Стросстың пікірінше 20 000 жыл бұрын Беринг бұғазы арқылы Америкаға өткен көшпенділердің бірнеше тобы, әлемдік тарихқа қайталанбас әрекет жасаған. Дәлірек айтқанда, солтүстік пен оңтүстік арасындағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz