Мінездің ұлттық ерекшеліктері
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуының: Жалпыға ортақ еңбек қоғaмына қaрай 20 қaдам бағдaрлaмaлық мақаласында: - ортa, техникaлық және кәсіптік, оқу орындарында Өлкетану сияқты міндетті оқу курстарын eнгізу жөнінде тапсырмалар берген болатын. Бұл әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбында сабақта және фaкультативтік курс ретінде жүргізілетін Өлкетану пәнінің мазмұнына туған өлкенің тарихи, табиғи, табиғи-географиялық, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, мәдени ерекшеліктері жайлы деректерді енгізу арқылы, аймақтық компонентті жүзеге асыруға мүмкіндік тудыратын кеңестер береді. Туғaн өлке, туған жер жaйлы білiм мазмұнының практикалық жақтарын күшейту жолдары қарастырылады, оның білім берудегі рөлі және оны қалыптастырудың әдістемелік тәсiлдері aшып көрсетiлeді.
Аймақтық компонентті жетілдіруде оқу-тәрбие жұмысының сыныптан тыс, сабақтан тыс, сабақта түрлері маңызды рөл атқарады. Олар пән сабақтарын толықтырып отырады және негізінен сабаққа байланысты жүргізіледі. Өлкетену жұмысы сабақтағы оқу материалының мазмұнынан тысқары болады, бірақ ол сыныптан, сабақтан тыс алынатын білімді туған өлкенің табиғаты, тарихы, байлығы жайлы қосымша кең көлемді біліммен толықтырып отырады.
Өлкенің тарихын білу - өзінің отбасының, әулетінің, туып өскен өлкесінің тарихын білуден басталады. Өзінің тегін оның тарихын білмеген адам өз халқының тарихын білуге ұмтылмайды, оған қызықпайды. Ал мұндай адам басқа халықтарды, оның тарихын, тілін, әдет-ғұрыпын құрметтей де сыйлай да алмайды. Осы жағдайлардың бәрі туған өлкенің тарихын зерттеудің, оған оқушыларды белсене қатыстырудың қажеттілігін дәлелдейді. Осыған байланысты орта мектепте оқушыларға туған өлкеміздің тарихын зерттеу оның материалдарын оқу-тәрбие жұмысында пайдаланудың мол тәжірибе беретіндігі мақсатында 8-сынып оқушыларына өлкетану атты арнайы курс бағдарламасын көрсетуге болады.
Өзектілігі: Қазіргі заманда мәдениетті, тәрбиелі ұрпақты өсіру біріншіден отбасынан, содан соң туған жерді сүюден басталады. Сондықтан, мектепте өлкетану жұмысын жетілдіру маңызды педагогикалық жоспарлаудың және ұйымдастырудың ерекшеліктерін айқындау қажет.
Мақсаты: 8-сыныптың географиясын оқытуда өлкетану принциптерін жүзеге асыру жолдарын көрсету.
Міндеттері:
1. 8-сынып географиясын оқыту әдістемесі негіздерін қарастыру.
2. 8-сыныпта өлкетану принциптерінің білімділік, тәрбиелік мәнің анықтау.
3. 8-сыныпта өлкетану принциптерін сабақта, сабақтан тыс формаларын іске асыру жолдары.
Ғылыми жаңашылдығы: Өлкетану курсы бойынша 8-сыныпқа арналған, сабақтан тыс оқу бағдарламасының құрылуы.
Тәжірибелік маңыздылығы: Осы дипломдық жұмыс материалдарын 8-сынып оқушылары Қазақстан тарихы және Қазақстанның физикалық географиясы сабақтарында өз оқу бағдарламасы бойынша оқыту барысында қолдану мүмкіндігіне ие.
Қорғауға шығарылатын қағидалар:
1. 8 сынып географиясын оқыту процесінде өлкетану принциптерін пайдалану, әдіс-тәсілдер арқылы іске асырылады.
2. 8 сыныпта өлкетану принциптерінің білімділік және тәрбиелік мәні бір-бірімен тығыз байланысқан.
3. 8 сынып географиясының өлкетану прициптерін пайдаланудың алуан түрлі формалары бар.
I ТАРАУ 8-СЫНЫПТЫҢ ГЕОГРАФИЯСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
3.1 Типтік бағдарламасының мазмұны
Жалпы ережелер:
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2. География - табиғи, қоғамдық, әлеуметтік нысандарды, құбылыстарды, үдерістерді бірлікте қарастыратын маңызды пән. Ол табиғи және антропогендік нысандардың арасындағы кеңістіктік-уақыттық өзара байланыстар мен өзара тәуелділіктерді зерттейді.
3. География пәнінің мақсаты - дүниенің географиялық бейнесін тұтас қабылдайтын, географиялық ойлау қабілеті дамыған, географияның әдістері мен тілін білетін және қолданатын, географиялық мәдениеті бар тұлға тәрбиелеу.
4. Тұлғаның географиялық мәдениеті - тұлғаның бойындағы Жер, қоршаған орта, табиғат туралы, оның алуантүрлілігінің себептері, халқы мен шаруашылық әрекеті туралы білім мен адам - табиғат - қоғам - мәдениет жүйесіндегі өмірлік құндылықтарды меңгеруінің көрінісі.
5. Дүниенің географиялық бейнесі - аумақтық табиғи-қоғамдық жүйелердің қасиеттері мен заңдылықтары туралы көзқарастар жиынтығы.
6. Географиялық ойлау - географиялық нысандар, үдерістер мен құбылыстарды, олардың арасындағы байланыстарды тану және олардың маңызды қасиеттерін бейнелеу.
7. География пәнінің міндеттері:
1) географияның ғылыми пән ретіндегі рөлі мен оның қазіргі заманғы адамзат мәселелерін, сондай-ақ ғаламдық мәселелерді шешудегі әлеуетін түсінуге мүмкіндік беру;
2) оқушылардың бойында табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыстарға, осы байланыстардың кеңістіктік ерекшеліктеріне ғылыми көзқарастарды қалыптастыру;
3) қоғамдық өндірістің, табиғатты қорғау мен табиғатты тиімді пайдаланудың ғылыми-жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық негіздерін ашу;
4) оқушылардың географиялық зерттеу әдістері мен зерттеу дағдыларын игеруіне ықпал жасау;
5) оқушылардың география ғылымының түсініктері мен терминдерін меңгеруіне ықпал жасау;
6) кеңістіктік ойлау мен картографиялық дағдыларды қалыптастыру;
7) географиялық білімді күнделікті өмірде, өз іс-тәжірибесінде пайдалану дағдыларын қалыптастыру.
География пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
8. География оқу пәні бойынша оқу жүктемесі:
7-сыныпта - аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
8-сыныпта - аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
9-сыныпта - аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Оқу пәнінің 8 сыныптағы базалық білім мазмұны
Кіріспе (4 сағат): географиялық білім көздері, Қазақстан Республикасы атласындағы карталар, олардың өлшеуіш ресурстары. Қазақстан Республикасының физикалық-географиялық орны, ғаламшардағы уақыт өлшемі, даталардың ауысу сызығы, Қазақстан аумағындағы уақыт айырмасы (сағаттық белдеулер, жергілікті уақыт, декреттік уақыт, белдеулік уақыт); №1 практикалық жұмыс Картадан елдің географиялық орнын анықтау, Қазақстанның шекараларын белгілеу және Жердегі белдеулік уақытты анықтау.
Қазақстан аумағының зерттелу тарихы бөлімін 4 сағат бөлінген: қазақ жерінің ерте кездегі географиялық зерттелуі (сипаттама, тарихи деректер, Геродот, Страбон, Птолемей шығармаларындағы жер туралы мағлұматтар), Ұлы Жібек жолы (бағыттардың сипаттамасы, тарихи деректер, археологиялық ескерткіштер, маңызы); орта ғасырларда Қазақстан аумағының географиялық зерттелуі (араб саяхатшыларының табиғатты танып-білулері, әл-Истахри, әл-Масуди, ибн-Хаукаль, ибн-Фадлан, ғалымдар Әбу Насыр әл-Фараби, Махмуд Қашғари, ХІІІ ғасырда табиғаттың зерттелуі, П. Карпини, В. Рубрук); ХҮІ - ХІХ ғасырларда Қазақстан аумағының географиялық зерттелуі (ресейлік және басқа да географтардың зерттеулері, К.Жалаири, С.Ремезов, П.И.Рычков, И.П.Фальк, Г.С.Карелин, Г.С.Паллас, А.И.Бутаков, А.Гумбольдт, К.М.Бэр, А.И.Левшин, П.П.Семенов, Н.А.Северцев, И.Г.Борщов, И.В.Мушкетов, А.Н.Краснов, Л.С.Берг, В.А.Обручев, С.С.Неуструев, Ш.Уәлиханов); ХХ ғасырдың басында және ортасында Қазақстан аумағының зерттелуі, соғыс жылдары Қазақстанға эвакуацияланған кеңес ғалымдарының рөлі, Қ.И.Сәтпаевтың ел ресурстарын зерттеуге қосқан үлесі, қазіргі кездегі зерттеулер (кескін картада жұмыс).
Қазақстан табиғатының жалпы физикалық-географиялық сипаттамасы бөлімін оқуға 36 сағат бөлінген:
1) Жер бедері, геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалары (11 сағат), геологиялық жыл санау және геохронологиялық кесте (тау жыныстарының жасы, эралар, кезеңдері, геологиялық оқиғалар), Қазақстан аумағының геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымы (платформалар, қатпарлы облыстар, тау жыныстары); жер бедерінің қалыптасуы мен дамуы (жер бедерін қалыптастырушы үдерістер, олардың байқалуы), Қазақстан жер бедерінің негізгі ерекшеліктері (жазықты аумақтар және тау жүйелері, биіктік айырмашылықтары), Қазақстан жазықтары (физикалық-географиялық жағдайы, түрлері, сыртқы сипаты, тау жыныстарының жату ерекшеліктері), аласа таулары (биіктігі, тау жыныстарының жасы, жер бедерінің ерекшеліктері) Қазақстанның биік таулы аумағы (жасы, қалыптасу жағдайлары, жоталардың орналасуы);Қазақстанның пайдалы қазбалары (жіктелуі, олардың орналасуының жер бедері мен геологиялық тарихқа тәуелділігі), рудалы пайдалы қазбалар (түрлері, қоры, аумақтық және тереңдік таралуы), рудасыз және жанатын пайдалы қазбалар (түрлері, қоры, аумақтық және тереңдік таралуы); №2 практикалық жұмыс Тектоникалық құрылымдар, жер бедері пішіндері және пайдалы қазбалардың арасындағы өзара байланысты анықтау;
2) климат және агроклиматтық ресурстар (10 сағат): ғарыштық климат қалыптастырушы фактор (күн радиациясы, оның түрлері), атмосфераның жалпы циркуляциясы (ендік, меридиандық), фронталдық зоналар, циклондар, антициклондар, атмосфераның маусымдық циркуляциясы (себептері, ерекшеліктері), атмосфераның жергілікті циркуляциясы (тау аңғарлық, жазықтық-тау алды, бриздер); Қазақстанда ауа температурасының өзгеруі, ел аумағында атмосфералық қысымның, жауын-шашынның, қар жамылғысының өзгеруі, климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері (қолайлы, қолайсыз), агроклиматтық ресурстар (вегетациялық кезең, жылумен және жарықпен қамтамасыз етілуі);№3 практикалық жұмыс Қазақстанның екі аумағының климат көрсеткіштерін салыстыру;
3) Қазақстанның ішкі сулары және су ресурстары (8 сағат): Қазақстанның ішкі суларының түрлері (табиғи және жасанды); Қазақстанның өзендері (қоректену түрлері, ағыстары, режимінің ерекшеліктері және өзен алаптары), алаптар бойынша Қазақстанның ірі өзендеріне сипаттама (аумағы, ағысының сипаты, су шығыны, шаруашылық маңызы, өзендердің трансшекаралық проблемалары), Қазақстанның көлдері (жіктелуі, ерекшеліктері, олардың аумақ бойынша орналасуы); ірі көлдері (географиялық орны, негізгі сипаты, экологиялық жағдайы), мұздықтар және көпжылдық тоң (пайда болу жағдайлары, таралуы, уақытқа қарай өзгеруі), жер асты сулары (жіктелуі, орналасуы, пайдаланылу салалары), су ресурстарын қорғау;№4 практикалық жұмыс, жоспар бойынша Әр түрлі ақпарат көздерінің көмегімен өзендерді салыстыру;
Топырақ ресурстары (2 сағат), топырақтар (қалыптасу жағдайлары және құнарлылығы, табиғаттың басқа компоненттерімен байланысы); топырақтың түрлері (таралуы, қолданылуы, олардың құнарлылығын қалпына келтіру, жерді мелирациялау ұғымы);
Табиғат зоналары (5 сағат), табиғат кешендері (қалыптасу жағдайлары және Қазақстан аумағында табиғат зоналарының өзгеруі); орманды дала және дала, шөлейт және шөл зоналары (географиялық орны, климатының, топырағының, өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесінің ерекшеліктері және адамның пайдалануы), биіктік белдеу және антропогендік кешендер; №5 практикалық жұмыс, жоспар бойынша Қазақстанның табиғат зоналарына қысқаша салыстырмалы сипаттама.
Қазақстанның ірі географиялық аудандары бөлімін оқуға 16 сағат бөлінген:Қазақстан аумағын физикалық-географиялық аудандастыру, Шығыс Еуропа жазығы, Тұран жазығы, Батыс-Сібір жазығы, Сарыарқа (Қазақтың ұсақ шоқысы), Орал (Мұғалжар), Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань;№6 практикалық жұмыс Белгілі бір ауданның кешенді кесіндісін сызу.
Қазақстанның табиғатын қорғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану бөлімін оқуға 8 сағат бөлінген: Қазақстанның табиғат ресурстары, олардың түрлері, орналасуы және қолданылуы, табиғатты тиімді пайдалану (ресурсты үнемдеу, физикалық-географиялық жағдайды есепке алу); Қазақстандағы негізгі экологиялық проблемалар (ғаламдық, ұлттық, жергілікті), ҚР-ның табиғатты қорғау Заңы, Қазақстанның Қызыл кітабы, ерекше қорғалатын аумақтар, қорықтар, ұлттық саябақтар, қорықшалар және басқалар; семинар Ғаламдық деңгейде ойла, жергілікті деңгейде шешімін тап, курсты қорытындылау.
Қорытындылай келе, типтік бағдарламаның әрбір тақырып өту кезінде өз өлкеге тоқталу керек. Яғни, мысалы, бірінші тақырыптарда өз облысымыздың, ауданымыздың, ауылымыздың географиялық орнына тоқталу. 8-сынып географиясы Қазақстанның физика-географиялық жағдайы туралы, яғни әрбір сабақта, өз өлке туралы тоқталы қиын емес[1].
8.1 Сабақ түрлері
Сабақ - логикалық аяқталған, толық, шектеулі бағандармен негізделіп қамтылған оқу - тәрбие үрдісі. Оның құрамында күрделі тығыз байланыста оқу процесінің негізгі элементтері қамтылған: мақсат, міндет, мазмұны, әдісі, тәсілі, түрі, оқушы мен оқу арасындағы іс - әрекеттің байланысы.
Сабақ өз алдына мұғалімнің шеберлігінің айқын көрінісі болғанымен, бір жағынан оқытудың психолого - педагогикалық заңдылықтарына, екінші жағынан білім беру стандартының қоятын талаптарына негізделген.
Мектептегі географияны соның ішінде өлкетануды оқыту, басқа сабақтарға қарағанда өзгеше болып келеді, табиғат және оның алмасуы, қоғамның өзара іс-қимылдың айтарлықтай әлеуеті бар мақсаттарға қол жеткізу үшін экологиялық білім және тәрбие беру үлкен рөл атқарады.Геогафияның сабақ типтерінің жіктелуі, дидактикалық мақсаттарына сай келеді, тараудың, тақырыптың, оқу бағдарламасына сай келуі тиіс. Сондықтан география сабақтары, кіріспе сабақ, дағдылар мен қабілеттерін қалыптастыру сабақтары, тексеру сабақтары, білімді бақылау және түзету, өткенді қайталау сабағы, аралас сабақ, қорыту сабақтары. Сабақтың түрлерінің негізгі құрылымдық-дидактикалық ерекшеліктері бар.
Кіріспе сабақ. Кіріспе сабақ - тиісті география курсын оқып, курстың негізгі бөлімі мен тақырыбын оқып үйрену сияқты алғашқы сабақ. Кіріспе сабақтың негізгі дидактикалық мақсаты сабақтың тақырыбы бойынша алдағы оқу жұмысына қажетті психологиялық тұрғыдан қалыптастыру, оған қызығушылық таныту, адамның практикалық өмірінде зерттелген мазмұнның мағынасын ашу. Кіріспе сабақта мұғалім оқулықтың құрылымдық құрылысының ерекшеліктерін таныстырады, мәтіннің ерекшеліктеріне оқушылардың назарын аударады және оқу материалын меңгерудегі қосымша мәтіндік компоненттерді қамтиды. Бұдан басқа, мұғалім оқушыларға қосымша оқу құралдарын курсқа оқып-үйрену керек екенін туралы хабарлайды. Географиялық атластың картасын, контурлық картаны, практикалық жұмыс үшін дәптерлерді және жеке тапсырмаларды, география бойынша дәптердің рөліне ерекше көңіл бөлінеді. География мұғалімдерінің практикасында кіріспе сабақтар жаңа оқу материалдарын үйрену сабақтарымен біріктірілген.
Біліктілікті қалыптастыру және шоғырландыру сабақтары. Географиялық дағдылар әртүрлі сабақтарда өте ұзақ уақыт бойы қалыптасады. Дегенмен, оқу жоспарын ескере отырып, оқыту және практикалық сабақтарды жүргізу үшін дағдыларды қалыптастыру мен топтастыру кезінде сабақ жүргізу қажет болады. Мұндай сабақтар жаңа материалдарды зерттеуде өткен сабақтарда қалыптастырылған дағдыларды жинақтап, жүйелейді. Мысалы, Географиялық карта тақырыбын оқыған кезде, әрбір сабақта оқитын оқушылар картаны оқып білу мүмкіндігіне ие болады: градус торын элементтерін анықтау және көрсету, картаның ауқымын, оның аңызын географиялық координаттарын анықтау. Негізгі сабақ уақытына тағайындалған тәжірибелік жұмыстарды жүргізгенде, бұрын алынған оқушылардың біліктілікті мен дағдыларын жинақтап, топографиялық картаны оқып, географиялық координаттарын анықтап, берілген координаттар бойынша географиялық объектілерді контур картасына қолдану бойынша тиісті тапсырмаларды орындайды. Кәсіби дағдылар мен дағдыларды қалыптастыру және топтастыру бойынша сабақ өткізу бойынша негізгі ұсынымдар: алдағы сабақтың мақсаты мен міндеттерін белгілеу; практикалық жұмысты орындаудың теориялық негізі болып табылатын базалық білімді қайталау; Оқушылардың тәжірибелік жұмыстарды орындау үшін іс-әрекеттердің ретін анықтау; тесттік жаттығулар, қажет болған жағдайда, практикалық тапсырмаларды орындау үшін негіз болып табылатын дағдыларды қалыптастыру; студенттерге қиындық тудырған жұмыстың белгілі бір кезеңдерін жүзеге асыруда көмек көрсету; Сабақты қорытындылау: үй тапсырмасы.
Білім мен дағдыларды бақылау және түзету сабақтары. Мұндай сабақтар теориялық білімдердің, дүниетанымның және рухани-адамгершілік құндылықтардың, әлемдегі көзқарастардың, өмір салтын, ғылыми тұжырымдамалар жүйесін, шығармашылық қызметтің жолдарын, олардың өмірге және жұмысқа дайын екендігін анықтау және бағалау үшін қолданылады. Оқушылардың білімдері мен дағдыларын бағалау олардың сапасын көрсетеді, бағдарлама материалдарын меңгеру деңгейін және оқытуды көрсетеді. Оқушылардың оқытуға байланысты қарым-қатынасы, оқытудың әртүрлі аспектілеріне байланысты жеке тұлғаның бағдарланған көзқарастарын қолдануды, оқу үрдісіне өзгерістер енгізуді және оқыту мазмұнын ұйымдастыру мен мазмұнын түзетуді ынталандырады. Білімді бақылау сабақтарында, әдетте, тақырыптық сынақтар, қорытынды практикалық жұмыс жүргізеді. Тақырыптық классификация бойынша оқушылар сұрақтарға жауап береді, практикалық тапсырмаларды орындайды, географиялық диктанттарды жазады.
Біріккен сабақ. Сабақтың бұл түрі географияда кең таралған.
Осы түрдегі сабақтарды өткізгенде, аралас және қалай болса да, әртүрлі тәрбие жұмыстарын араластырады және ол аралас сабақ деп аталады. Біріктірілген сабақтың барлық құрылымдық компоненттерін ұсынады: сабақты бастау, үй тапсырмаларын тексеру, жаңа материалдарды үйрену, үй тапсырмасын бекіту және қайталау. Бұл жағдайда сабақтың негізгі уақыты жаңа оқу материалдарының мазмұнын зерттеуге және тиісті дағдыларды қалыптастыруға арналған. Сабақтың элементтерінің әртүрлі комбинациясы және олардың бір-біріне ауысуы оның құрылымының икемділігі мен ұтқырлығын қамтамасыз етеді. Біріктірілген сабақтың кемшіліктері уақыттың жетіспеушілігін қамтиды.
Стандартты емес сабақтар. Осындай сабақтардың бірегейлігі оқушылардың географияға деген қызығушылығын қалыптастырып қана қоймай, шығармашылық тәуелсіздік, зияткерлік белсенділікті дамытуға, әртүрлі, кейде ең ерекше білім көздерімен жұмыс істеуді үйретуге мүмкіндік береді. Сабақты ұйымдастыру оқушыларды қоршаған табиғатқа оң көзқарас қалыптастыруға ықпал ететін зерттелген құбылыстарды шығармашылық бағалау қажеттілігіне әкеледі. Оқытудың дәстүрлі емес ұйымдық формаларын қолдану оқушылардың танымдық белсенділігінің әртүрлілігін және тиімділігін қамтамасыз ететін сабақтың дәстүрлі құрылымынан шығып, мұғалім қызметінің өрісін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, дәстүрлі емес география сабақтары деп мынадай шарттарды болжауға: (топ, команда) оқытудың ұжымдық нысандарын пайдалану; студенттердің тәуелсіз танымдық белсенділігі мен дағдыларын дамыту, шығармашылық ізденуге ұмтылу; студенттердің танымдық белсенділігін жандандыру; студенттерге топта жұмыс істей білу, команда беруге, тыңдауға талдау, шешімдер ұсына, дау үшін, сендіру, өз пікірлерін қорғай, жағдайдан шығу жолын табуға жолдастарын тыңдап, проблемалық мәселелерді шешу.
Біріктірілген сабақтар. Бұл тақырып әр түрлі пәндер оқытушыларының оны дайындау мен өткізудегі күш-жігерін біріктіруден, сондай-ақ әртүрлі академиялық пәндер арқылы алынған белгілі бір зерттеу объектісі туралы білімді интеграциялаудан тұрады, осы сабақтың мәнін ең лайықты түрде көрсетеді. Кешенді сабақтар мағынасы мен дидактикалық мақсаттарына сәйкес жіктелуі мүмкін. Интеграцияланған сабақтар (дидактикалық мақсатқа байланысты) топтардың біріне жатады: жаңа білім алу сабақтары, білім жинақтау жүйесін жүйелеу сабақтары, аралас сабақ.
Тәжірибелік және өзіндік жұмыс сабақтары. Мұндай сабақтар білікті мен дағдыларды дамытуға, оқушылардың тәуелсіз танымдық қызметін дамытуға, жаңа білім алуға мүмкіндік береді. Бұл сабақтың салыстырмалы түрде сирек түрі, өйткені практикалық және тәуелсіз жұмыс басқа да сабақтарда жасалады. Тәжірибелік және өзіндік жұмыс сабақтарының құрылымы дағдыларды дамытудың бастапқы кезеңінде студенттердің мақсаттарына және қабылдауына кіреді; жұмысты орындау үшін қажетті негізгі білімдер мен дағдыларды анықтау; орындау тәртібі, іс-әрекеттердің реті туралы танысу; жұмыс нәтижелерінің үлгісін көрсете отырып; оқу жаттығулары; дербес орындау; қорытындылау; үй тапсырмасы.
Сабақ-семинар. Сабақ-семинарларда оқулық, кестелер, карталар, қосымша әдебиеттер және басқа да білім көздері мәтіндерімен әр түрлі дербес жұмыстар орындалады. Дәрісте баяндалған оқу материалдары біріктіріліп, тереңдетілді. Тақырыпты зерттеу сынақ сабақтарымен аяқталады.
Бақылау сабақтары. Бақылау сабақтары, әдетте, білім туралы тақырыптық жазу үшін жүргізіледі. Көптеген жағдайларда білімді бақылау бірлескен, интеграцияланған және басқа сабақтар түрінде жүзеге асырылады. Бірақ кейде бақылау сабақтарын қолдануға болады. Оқушылардың алдын-ала ескертіп, қандай тақырыптар тексерілетінін көрсету керек, үлгілік сұрақтарды қоюға болады. Мұғалім оқушыларды басқару тапсырмаларын орындауға шақырады, содан кейін студенттер өздерін орындауға көмектеседі, мұғалімнің көмегі алынып тасталады; содан кейін алдын-ала нәтижелер жиынтықталады. Сынақ жұмыстары мұғаліммен мұқият тексеріледі. Келесі сабақта қателерді егжей-тегжейлі талдау жасалады, ең жақсы жұмыс атап өтіледі.
Компьютерлік тестілеуді қолдану арқылы сабақ. Компьютерлік тестілеудің өзі дәстүрлі емес сабақ түріне жатады, өйткені бізде қағазда орындалатын сынақтар үшін пайдаланылады. Бақылаудың дәстүрлі нысандарына қарағанда, компьютерлік тестілеу бірнеше артықшылықтарға ие: жылдам нәтиже; білімді бағалаудағы объективтілік; студенттердің белгілі бір дағдылар мен әдеттерге ие болуы туралы сенімді ақпарат алуға мүмкіндік береді;
Сабақ - рөлдік ойын.Сөйлеуге қолайлы жағдай жасаудың тиімді жолдарының бірі рөлдік ойын. Оқу мүмкіндіктері: қарым-қатынастың ең дәл моделі, себебі ол табиғи жағдайды имитациялайды; мотивациялық және ынталандырушы табиғат үшін үлкен мүмкіндіктерге ие; белгілі бір тіркестермен немесе жағдайлармен байланысты эмоциялар материалды есте сақтау үшін керемет жағдай жасайды; білім беру саласындағы ынтымақтастық пен серіктестікті қалыптастыруға, бірлескен қызметке ынталандыруды дамытуға ықпал етеді.
Сонымен, географияның әр сабағы мұғалімнің және оқушылардың өзара байланысты педагогикалық жұмысын ұйымдастырудың мақсаттары, мазмұны, әдістері, құрылымы, ұйымдастыру формасы мен оның мінез-құлқының басқа да ұйымдастырушылық-дидактикалық ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді. Бұл айырмашылықтар белгілі бір жалпы міндеттермен сипатталатын сабақтардың түрлерін анықтайды2.
8.2 Психологиялық сипаттама
Жасөспірім шақтың біраз бөлігі орта мектептің орта буын сыныбына сәйкес келеді және жеке тұлғаның қалыптасу процесінде айтарлықтай маңызды рөл атқарады.Мектептің жоғарғы сынытарында жасөспірімдік шақтың басым бөлігі өтуімен және өтпелі жаспен ерекшеленеді, ол жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен маңызын тигізеді.
Бұл жас кезеңінде (13-14 жас аралығында) адамның тұлға болып қалыптасу, пісіп-жетілу кезенінің басталуы, оның өмірге өзінің көзқарасының негізгі сипаттары қалыптасады - үлкен өмір алдындағы ең алғашқы рет жеке өз бетімен шешім қабылдап, болашақ кәсібін таңдау міндеті жүзеге асырылады. Қоғамда балалық шақтан жастық шаққа өту кезеңі тек қана оның тұлғалық жағынан пісіп-жетілуінің ғана белгісі емес, сонымен бірге мәдениетке ұмтылу, белгілі бір деңгейіндегі білім, нормалары мен дағды жүйесін игеруі, сол арқылы жеке тұлға еңбек етіп, қоғамдық қызметтер атқара алады және әлеуметтік жауапкершілікті сезінеді.
Жасөспірімдік шақ пен жастық шақтың арасында айдан анық көрініп тұрған аралық шек жоқ, ол шартты түрде ғана алынады, тіпті көп жағдайда бір-бірімен үйлесімді болып келеді. 13-15 жаспен 16-17 жас аралықтары кей жағдайларда ерте жастық шақ болып есептеледі, ал кейбір жағдайларда жасөспірімдік шактың соңы деп атылады. Жас шамасы бойынша кезеңге бөлу схемасында жасөспірімдік шақ бозбалалар үшін 13-16 жас, қыз балалар үшін 12-14 жас, ал жастық шақ жігіттер үшін 17-21 жас, қыздар үшін 16-20 жас болып анықталған3.
Балалықтан есейген шаққа өту сол қоғамның бала мен үлкенге қоятын нормалар мен талаптарының арасындағы айырмашылықтың болуына байланысты. Әлеуметік және таптық жағдайы жеке тұлғаның өмірлік жолының тұлғалық жағынан қалыптасу кезеңінен бастап, білім алу деңгейі мен дүниеге көзқарасы қалыптасуында зор мәнге ие болады.
Әдістемелік мәселенің ең күрделі жағы жас мөлшеріне байланысты өзіндік - жеке тұлғалық сипатының тұрақтылық және өзгермелілік деңгейі. Генетикалық немесе дамудың бастапқы кезінде пайда болған физиологиялық даму адамның жас мөлшеріне, жынысына байланысты. Мәдени арттықшықтарға байланысты сипаттамалар өзгермелі болып келеді, оның үстіне жас мөлшеріне қарай ілгерілеушіліктер, шын мәнісінде, басқа сипатқа ие. Биомәдениеттік сипаттамалар биологиялықта, әлеуметтік-мәдениде шарттарға байланысты түрленеді. Сондықтан өзіндік-жеке тұлғалық сипаттамалар ерекшелік емес, тәртіп болып саналатын болса да, олар жастық шақ аяқгалған соң, енді өзгерістер болмайды екен деген ұғымды білдірмейді.10 жастағы бала салмақты, әрі өмірдің өзі үшін жаңа тұстарын жеңіл қабылдайды, сенгіш, ата-ананың айтқанынан шықпайды, сыртқы сипатына да көп мән бере қоймайды. Ал 15 жастың мән-мағынасын бір қалыпқа салып айтып беру мүмкін емес, себебі бұл кезде баланың өзіндік ерекшеліктері тез айқындалып келе жатады. Бұл 15 жастағы жаңа өзгерістер, яғни, отбасындағы да, мектептегі де қарым-қатынастарында қиыншылық туғызатын тәуелсіз болуға ұмтылу рухының айқындалуы, өзін сырттай бақылап отырғандардан бостандыкқа шығуға деген құштарлығы өзін-өзі алып жүре алатындай өзін-өзі тәрбиелей алудың бастауы. Осының барлығы жасөспірімнің жандүниесінің тез жараланып қалғыштығына және сыртқы зиянды әсерлерге тез бой алдырғыш болуына себеп болады. Ал 16 жасқа келгенде мінездегі тепе-теңдік тағы да орнығады: келіспеушілік күйдің үнемі жоғары болуымен алмасады, өзіне өзі ие бола алу қабілеті де артады, әсерленгіштігінің де қалыпқа түскені, көпшілдігі, болашаққа деген зор сенімі аңғарылады.
Бозбалалық шақ деген ұғым әрқашан да өтпелі кезең, жыныстық жағынан жетіту болып табылатын физиологиялық процесс деген ұғыммен тығыз байланысты. Физиологиялық бұл процес шартты түрде екі фазаға бөлінеді:
а) пубертаттық кезеңнің алдындағы немесе дайындық кезені;
ә) өзіндік пубертаттық кезең, бұл кезеңде жыныстық жетілудің
негізгі процестері жүзеге асырылады;
б) пубертаттық кезеңнен кейінгі кезең, бұл кезде адам ағзасы толық физио-биологиялық жетілу деңгейіне жетеді.
Егер осы бөлінулерді әдеттегі жас мөлшері бойынша біріктіріп қарайтын болсақ, пубертаттық кезеңнің алдындағы кезен жасөспірімдік шаққа дейінгі кезенге сәйкес келеді, ал пубертаттық -жасөспірімдік кезенге, пубертаттық кезеңнен кейінгі кезең -жастық шаққа сәйкес келеді4.
Жастық шақ ақыл-ой қабілеттілігі артуының маңызды кезеңі. Жоғары сынып оқушылары Неге деген сұракқа үнемі және табанды түрде жауап іздейді және берілген жауаптың жеткіліктілігіне әрі негізділігіне өз күдігін білдіріп отырады. Олардын ойлау қызметі әлдеқайда белсенді және еркін. Олар мұғалімдерге сын көзбен қарайды. Пәннің қызғьшықтығы туралы жастардың түсінігі жасөспірімдерге қарағанда басқаша: егер алтыншы сыныпта оқитын пәннін сыртқы мәнін бағаласа, тоғызыншы сыныпта өзінше ойлануды талап ететін пәндер қызықтырады. Олар бір нәрсені қорыта айтуға, жеке деректердің негізінде жатқан жалпы қағидалар мен зандылықтарды іздеуге құштар.
Жастық шақтағы маңызды психологиялық процесс - өзіндік ақыл-ойдын және өзіндік Менің бейнесінің қалыптасуы болып табылады. Жастықтың психологиялық құндылығына ие болу деген сөз - өзінің ішкі әлемін ашу деген сөз. Өзінің ішкі әлемін ашу -бұл аса маңызды да, қуанышты, жан толқытарлық жағдай, бірақ ол сонымен қатар көңілді алаңдататын және қақтығысқа толы шақтарды да бастан кешіру деген сөз. Сананың толығуымен бірге өзінің ғайыптылығымен, қайталанбастығымен, басқа сезімдерден өзгешелігімен ерекшеленіп жалғыздық сезімі пайда болады. Жастық шақтағы мен әлі толық анықталмаған, бұлыңғыр сезім, ол көп жағдайда ішкі дүниесі бос қалғандай әсерде болып, оны толықтыруды қажетсінетіндей сезімге келеді. Осыдан келіп басқалармен араласуға деген құштарлық, сонымен бірге кіммен қарым-қатынаста болудың да тандалуы пайда болып, онаша болуды қалайды.
Үлкендермен қарым-қатынасы жастық шақтың ең маңызды мәселесі болып табылады, оның әлеуметтік және психологиялық та жағы бар. Ал оны дұрыс жолға қою үшін, жас айырмашылығын және қарым-қатынаста болатын, бірак әрқайсысы өмір жолының әр кезеңінде келе жатқан адамдармен өз арасындағы айырмашылықты шектеуді қажетсінеді. Мұндай айырмашылықтар әр түрлі және өзіндік қасиеттер мен қарым-қатынастарды қамтиды. 16 жастағы жігіт өзінің мүмкіндіктері жағынан да, өз кызығушьшықтарымен де, қоғамдық жағдайымен де 36 жастағы ер адамнан қашанда, қай жерде болса да ерекшеленіп тұрады5.
Қазіргі орта буын оқушыларының дене жетілуі мен психикалық дамуы жағынан бұдан он жылдан бұрынғы қатар құрдастарынан айтарлықтай жоғары, бұл жастағылар өздерін көп жағдайда ересектер санатымызда деп есептейді. Адамның әрбір жас шамасы айнала шындықпен тікелей қатынаста болады, сондай-ақ әрбір жас шама адамның өмірінде өз ерекшелігімен маңызды орын алады.Сондықтан әрбір жас кезеңнің өзіндік мәнін, сипаттамаларын зерттеу, білу болашақ ұрпақты өмірге дайындау ғана емес, баланы әр жас шамасына сай, оның талап-тілегімен санасып, нақтылы мақсатқа бағыттауымен байланысты. Халықтың педагогикада қазақ халқы адамның өмірін балалық шақ-қозы жасы деп бірнеше кезеңге бөлген. Қазақтың өмірі малмен тығыз байланысты болған мысалы; балалық кезең І жастан 10 жасқа дейін осы кезде баланың сана-сезімі дамиды. Қозы жас 10-15 жастың арасы адамға ақыл-ой кіреді. Қой жасы 15-25-тің арасы, мінез-құлық пайда болып қалыптасады. Жылқы жасы 25-40-тің арасы, одан үйлі-баранды болып халықтың әдет-ғұрпына араласады. Патша жасы 40-тан жоғары,ел болып, қоғамның салт-дәстүрін сақтап мемлекет басқаруға құқығы бар.
Л.С.Выготский өз-зерттеуінде әр жас шаманың басталуы ерекше,тек қана сол жас кезеңге лайықты, бала мен орта арасындағы қайталанбайтын қарым-қатынас орнай бастайды деген пікірді білдіреді
Тәрбиеде әр балаға жеке қарау - бұл оқушыны басқалардан айырып тұрған жеке бас ерекшелігін есепке алу ғана емес. Бұл бәрінен де бұрын, оқушыға әруақытта және барлық қарым-катынастарда жеке тұлға ретінде, іс-әрекеттің жауапты да өзін-өзі тани алатын субъектісі ретінде қарау. Жастық шақ - жеке тұлғанын қалыптасқан кезеңі. Бірақ жоғары сыныптағылардын бірден көзге түсетін ерекше жеке тұлға екендігін ұмытпауымыз керек.
Ортаңғыбуын сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыстағы жетекші педагогикалық идея: жеке тұлғаның өзіне тән кұштарлықтарына сәйкес оның негізгі мүмкіндіктерін іске қосу үшін, жүзеге асыру үшін жағдай жасау, өз болашағының әлеуметтік-мәнділік жағын анықтап алуы үшін көмектесу.Бұл кезенде тәрбиенің маңызды қызметі оқушының өз мамандығын тандауына көмектесу, өзінің отбасын құруына дайындау және азаматтық көзқарасы тұрғысынан әлеуметтік, Отанға деген белсенділігін қалыптастыру болмақ.
Оқушылардың өз өмірінің келешегі мен жоспарлары, дүниетанымының негізі қалыптасады, өмірге деген өзіндік көзқарасы, өмірдегі өзінің орны айқындалады. Тәрбиешілер жүргізетін бұл кезеңдегі мақсатты тәрбие өзінің айқындаушылық қызметін атқаратын болса да, дәл осы кезде жеке тұлғаның өз белсеңділігі, оның әртүрлі құбылыстарға баға беруі, әлеуметтік келеңсіздіктерге қарсы ықпал ете білуі айқын көрініс береді, тіршілік талап ететін және өзінің әлеуметтік байланыстары кеңеюіне орай міндетті түрде пайда болатын күрделі жағдайлардан шығудың дұрыс жолын таба біледі.
Темперамент дегеніміз - жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қорғаныштарынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенжілігінен жақсы байқалады. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғаоысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т.б.) эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) жақсы байқалып отырады.
Темперамент түрлеріне сипаттама
Холериктер темпераменті тез туатын күшті сезімдерімен, эмоциялық қозғыштығымен, шамданғыштығымен, жігерімен, үлкен қозғалғыштығымен, ұтымды қимылдарымен, бай мимикасымен сипатталады. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы бейімді болып келуімен сипатталады.
Холерик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Бұл ұшып-қонып тұратын, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл-күйі жылдам өзгеретін, қарым-қатынаста аумалы төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді пысық, бірақ бейқам, ашуланшақ болып келетін оқушыға тән қасиет болып келеді. Мұндай оқушы қимыл-әрекетті сүеді. Ол қызыққан жұмысына әбден беріліп, барлық ынтасын салып орындайды. Онда ой-әрекетінің белсенділігі байқалады. Ой-әрекетінің белсенділігі оқу тапсырмаларын орындауынан жақсы көрінеді. Спорт, әсіресе қозғалыс ойындарына бар ықыласымен қатынасады. Мектепте ұйымдастырылатын жұмыстарда балалардың алды болатын да осылар. Мұндай балалардың көбінің мінездері сотқар, шалдуар келеді. Өз эмоциялары мен қимыл қозғалыстарын билей алмай, қабынып, күйіп-пісуге дайын тұрады. Ашуы шапшаң қатты, қиыңқы, ұнамсыз істерге әуес. Бұлардың сөзі жылдам, интонациясы толқымалы, кейде топ ішінде даусы қатты шығып кетеді. Олар тез, қызу сөйлеп, төңірегіндегі бірден ұйытады. Холерик темпераментіндегі бала өте сезімтал болғандықтан, түрлі әсрге тез беріледі, ызақор, ашуланшақ болып келеді. Оның бұл сияқты ерекшеліктері өткір көзіненғ тез және оңтайлы қозғалыстарынан жақсы байқалады.
Сангвиник темпераменті жиі көрініс беретін және бірте-бірте тез алмастыратын сезімдермен көзге түседі, сангвиник өткір қозғалғыш, қарым-қатынаста тұрақсыз болуымен сипатталады.
Сангвиник темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Мұндай бала жылдам, тез қозғыш, көңіл-күйі тез өзгергіш келеді, көп нәрсеге қызығады, бәрін біліп алуға тырысады, біреу бағыттап отырмаса, тез суып кетуі де ықтимал. Ақыл-ой әрекеті белсенді (автивно) жүріп отырады. Сыныпта мұғалімнің айтқандарын қиналмай ұғады, сұрақ қоюға жаны құмар. Оның сөзі жылдам, анық, түсінікті, паузалар мен интонациялар жақсы сақталып отырады, сөзді мәнерлеп айтуға тырысады. Сөйлегенде ым-ишара (мимика, пантомимика) жағы басым келеді, көбінесе эмоциялы, қозу жағдайында тұрады. Осындай балалардың мінез-құлқынан қажырлылық, белсенділік сияқты кейбір жақсы қасиеттерді көруге болады. Сондықтан да сангвиниктер өмірге икемді, тәрбиелеуге оңтайлы, ширақ темперамент болып келеді.
Флегматик темпераментіндегі адам көбінесе салмақты, сабырлы келеді. Олар кез-келген нәрсеге сезім білдіре бермейді, асықпай баппен жүріп тұрады, сезімдері сыртқа шықпайды десе де болады. Осы темпераменттің бір осал жрі - қимыл қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селсоқ қарайтындығы, оңтайлықтың жоқтығы. Бірақ мұның ұстамдылығы, суық қандылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет болып табылады.
Флегматик темпераменті сезімнің болымсыз білінуімен сипатталды. Елеуреп ашуланбайды, көңіл-күйлері байсалды, орнықты қалпында ұзақ сақталады, жарқырап қуануы, жабырқап қайғыруы қиын, аз қимыл жасайды.
Флегматик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Ол өте сақ, ұяң, байсалды, жұртқа жақсылық тілейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты. Флегматик темпераментіндегі бала сабырлы, орынсыз асып-саспайды. Сабақта тыныш отырады, жанындағы оқушынынң мазсасын алмайды. Ауыр мінезді, көрсе қызар емес, мәселені тез шешуге асықпайды, салқын қанды. Бір істі бастаса, салпақтап соңынан дейін қалмайтын бала. Мұндай балалардың сезімдері сырт көзге білінбейді десе де болады. Ол оқушының дауыс екпіні баяу келеді, аптықпай, асып-саспай сөйлейді, сөзі ым-ищаралармен ерекшеленіп тұрмайды. Флегматик темпераментіндегі балалардың көпшілігі мектепке келгеннен кейін оқу жағдаларын меңгеруде өзінің икемділіктерін жақсы көрсетеді.
Меланхолик темпераментіндегі адамға әсер етпейтін нәрсе жоқ, бірақ әсер еткен нәрсенің бәріне өз сезімін білдіре бермейді, не де болса ішінде жүреді. Мұндай темпераменттегі адам өзге адамдармен онша көп жұғыспайды, бірақ тиісті жерде айтайын дегенін айта жүреді. Тұйықтық, өз ойына ойына шомуға бейім тұрушылық, орынсыз ибалылық - темпераменттің ең бір жағымсыздау, нашар жағы болып саналады.
Меланхолик темпераменті, бұлардың сан-алуандығы біршама сөз болғада жай туатын сезімдермен көзге түседі; сезім сырттай көріне қоймайды; меланхоликті көп нәрсе толқыта бермейді, сезімі білінбейді, әдетте терең ұзаққа созылған әрі мейлінше күшті созылады.
Меланхолик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Сәл нәрсеге ренжиді, өкпелегіш, пессимист, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын жайбасарлау болып келеді. Мұндай оқушылардың сезімталдығы өте баяу көрінгенімен, оның сезімі өте ұзақ уақытқа созылады. Меланхолик мектеп өміріндегі оқиғалардың бәрін үлкен әсермен қабылдап, көп ойлайды. Мәселен, мұғалім оны тақтаға шақырып есеп шығартса, мұның өзі әлдеқандай зор әсер етеді. Ол кейде қызарып ұялып кетеді, егер мұғалімнің тапсырғанын шығараалмаса, осыған қатты қайғырады, көпке дейін бұл оның есінен кетпейді. Егер мұғалім сыныптағы балалардың көзінше оған ұрсатын болса мұндайда бала төмен қарап жылап, кейде жауап айта алмайтын жағдайға ұшырайды. Оқушы біраз уақытқа дейін булығып, белсенді сөз айта алмас жағдайға түсіп кетеді. Меланхолик темпераментіндегі оқушы, көбінесе өз жолдастарының арасында көзге түспей, жай ғана, жай ғана жүріп-тұрғанды ұнатады, мен деп ешқашан ұмтылмайды. Ол ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықатан, көпшіліктен аулақ жүргенді жақсы көреді. Мектепте осындай балаларды құбы-құрдастары қорқақ, сылбыр, үндемес, маубас т.б. деп кемсітпе сөздері болады. Бала жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, бірбет, қыңыр, қисық келеді.
Мінез. Мінез түрі өзінің құрамындағы бітістердің жалпы сипатына тәуелді келеді, ал бітістер негізгі немесе жетекші және қосалқы болып бөлінеді. Негізгідері адамның бағыт-бағдарын айқындауға ықпалын тигізіп, яғни адамның тұрақты мінезінің сипатын береді де, қосалқылары мінез қырларын толықтыра түеді. Мысалы, батылсыздық, қорқақтық және альтруистік бітістердің алғашқы екеуі жетекші мәнге ие болса, онда адам секемшіл мінезді келіп, біреуге жақсылық, яғни альтруистік қадамында жалтақшыл, күдікті болуынан көздеген ісіне бара алмайды.
Адам мінезінің белгілі түрде қалыптасуы оның қоршаған дүниеге қатынасына байланысты. Бұл қатынастардың мәні адам араласып, байланысқа келген өмірдік объектердің маңыздысымен анықталады:
1) Басқа адамдармен қатынасына қарай (шыншыл - өтірікші, әдепті - дөрекі т.б.).
2) Орындалатын іс қызметіне орай (еңбекқор-еріншек т.б.).
3) Өз басына болған қатынасына байланысты (сыншыл-өзімшіл т.б.).
4) Заттарға қатынасынан (сақи-ашкөз, ұқыпты-салақ т.б.).
Мінездің ұлттық ерекшеліктері
Ұлттық мінез адамдардың қалыптасқан бірлестігі мен ірі топтары болып саналатын этностың, ұлттың, халықтың өмір тіршілгі мен әлеуметтік жағдайының тұтастығы арқылы танылады. Әрбір халық пен ұлттың, этностың өзіндік мінез-құлықтарының ерекшеліктері болатындығы тарихи шындық және объектив фактор. Қазақ халқының түркі тектес өзге халықтардан ерекшеленіп тқратын өзіндік сипат-қасиеттері бар. Ыбырай Алтынсарин еңбектерінде өз халқының мінез-құлқына тән бірсыпыра қасиеттерді атап көрсеткенді. Оның анықтауынша, қазақ халқына қарапайымдылық пен кішіпейілділік, ашық-жарқын көңіл мен кеңпейілділік, өзге нәсілді адамға деген достық пен сыйластық көзқарас, қонақжайлылық пен пайымшылдық сияқты қасиеттер тән. Сондай-ақ, олардың бойындаөзге де мінез-құлық сипаттары бар. Бұл орайда, қазақтардың өз жері мен Отанына, туған еліне деген шексіз сүйіспеншілігі, мал шаруашылығымен айналысуға икемділігі, меймандостығы мен балажандығы, өмірдің қиыншылықтары мен әділетсіз істерге төзімділігі, сөз өнерін ардақтауы, шешендік қабілетімен шыдамлығы олардың жалпы ұлттық қасиеттері болып табылады. Әрбір ұлт пен ұлысқа, этнос пен тайпаға тән қасиеттердің жай-жапсары - әлеуметтік психология саласы - этникалық психологияның зерттейтін төл пәні.
Адамның мінез-құлқының өзгеріп отыруына әлеуметтік жағдайдың үнемі ықпал етіп, оның жаңа салаларын қалыптастырып отыратындығы ғылыми тұрғыдан анықталған тарихи шындық және фактор.
Мінез және адам жас сатылары
Адамның алғашқы өмір қадамдары тіршілік проблемаларын шешуден гөрі көбірек төңіректегі оқиғалар мен құбыластарды бақылауға бағытталады. Негізінен объектермен түсе отырып, бала болмыс мәнін түсінуге ұмтылады. Соған байланысты өз қылық-әрекеттерінің орынды не орынсыз екенін бағамдай бастайды. Баланың сезімталдығы жас ұлғайған сайын кеми бастайды. Солай да болса, балалық шақта игерілген тәжірибе мен білім бозбалалық кезеңнің тұрақты мінез бітістеріне арқау береді.
Боз балалық шақтың өмірге қойған талаптары өте жоғары да бірбеткей келеді, қажеттіктер ауқымы кеңейеді, аласапыран, күйзелісі мол, ерік күшін керек ететін өмір басталады. Қоршаан дүниемен белсенді араласу, тікелей қатынас жасау сырттай бақылаудан гөрі анағұрлым қиын. Көрер көзге әдемі іс, оқиға, зат нақты орындауға келгенде сүйкімсіз де ауыр болуы мүмкін. Жағдайға билік ету оңай емес, ал өзіңді өзің басқарудың одан да кұрделірек. Өмір бүрқасында әрекет ете білу алғы шарт, ал кей жағдайларда өз әрекетің басқалар қимылынан ұтымды болғаны керек. Бқрын жағымды түр-түс, әуенге толы дүние енді бозбаланы әлеуметтік талаптар мен қалтқысыз міндеттерге орайды. Бозбалалық шақтың дағдарысынан балалық шақтағы жасанды бағыт моделі құрдымға кетіп, бақыт мән-мағынасы өзгеріске келеді. Бұл жаста бұрқасын қуат мол, сондықтан қиыншылықтардың бәрі де өтпелі. Болашаққа деген сенім шексіз. Сонымен бірге, өзіңді дербес, бірде біреуге керегі жоқ дүние ретінде сезіні, оқшаулана бастайды.
Адамның ендігі өмір желісі көп шаруасыз, байсалды да аңдап басу кейпіне келе бастайды. Өмірдің бәрі тек бақыттан тұрмайтынын түсініп, адам қанағат, шүкіршілікке бой бағындыру қажеттігін аңдай түседі. Қиялдық өмірден бала нақты, күтілмеген, бұлтарыстары көп ақиқатты өмірге өте бастайды. Енді бозбала өзінің бар қуат жігерін пайдалы да қажетті, қолынан келер іске бағыштайды. Тәжірибе, нақты іс-әрекетке араласудан жас жігіт, бойжеткен бұрынғы жалған түсінік, ұғымдардан арыла бастайды. Өмір енді адамға ішкі тұңғиық, тылсым тарапынан танылып, айқындала түседі. Тұлғаның әлеуметтік кемелденуі байқалады. Бәрақ әлі де жас жігі басқаларды бағалауда өз сезім өлшеміне көбірек сенеді, махаббат, достық, әлеуметтік қатынастардың басқа да формаларында өзінің тұлғалық бейнесін нығайта түседі.
Қабілет деп - әр адамның белгілі бір іс-әрекет түрі түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз - мақсатқа бағытталған; тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұй ымдасқан түрдебейімделуі және нәтижелі етіп атқаруы.
Адам қабілеттерінің табиғаты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz