Құс ұшаларының ақаулары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

бет

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 Кәсіпорынның тарихы, казіргі таңдағы жағдайы және болашақтағы дамуы . . . 5

2 Кәсіпорындағы қоңдырғылар мен техникалық процестерді

үйрену . . . 7

3 Кәсіпорындағы өндірістік санитария . . . 14

4 Жеке тапсырма. Құс еті . . . 15

4. 1 Құс етіне жалпы сипаттама . . . 15

4. 2 Құс етінің химиялық құрамы . . . 17

4. 3 Құс етінің классификациясы . . . 20

4. 4 Құс ұшаларының ақаулары . . . 21

4. 5 Құс ұшасының органолептикалық қасиеті . . . 23

5 Кәсіпорындағы еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі . . . 24

5. 1 Еңбекті қорғау . . . 24

5. 2 Техника қауіпсіздігі . . . 25

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ . . . 29


КІРІСПЕ

Еліміздің халықты тағамдық өнімдермен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарманың орындалуына ауыл шаруашылық құстарын өсірудің де маңызы зор. Өйткені құстардың етінің құндылығы ғана емес, оған жұмырқа және мамық өнімдірінің бағалылыған қоса онымен бірге олардың тез жетіліп, көп өнім беретіндігін ескерсек құстарды өсірудің маңызы белгілі болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына жолдауында: «Ауыл шаруашылығы - біздің негізгі ресурсымыз, бірақ оның әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру үшін зор мүмкіндіктер бар. Сауда және интеграция, ауыл шаруашылығы министрліктері фермерлерге өз өнімін сыртқа шығарып сату үшін барынша қолдау көрсетуі тиіс. » Сонымен қатар ауыл шаруашылығының ет өндірісіне аса назар аударып, көңіл бөлу керектігін айтты[1] .

Құс шаруашылығы - ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерінде бройлер балапандарын өсіретін ірі құс өсіру кешендері қалыптаса бастады. Бүгінгі таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндістан ерекше көзге түседі.

Құс шаруашылығы - мал шаруашылығының тиімді саласының бірі. Адамзатты нәруызды тағаммен қамтамасыз етуде құстай алынатын жұмыртқа мен еттің маңызы ерекше. Құс қауырсыны (мамығы) күнделікті тұрмыс қажетіне де пайдаланылады. Ал құс саңғырығы - сапалы тыңайтқыш. Созылған құстың ішкі мүшелерінің қалдықтары үй хайуанаттарына қорек ретінде пайдаға асады.

Республика құс өсіру, құс шаруашылығы өнімдерін қайта өндіру және өндірістері жеткілікті қуаттылықта. Қазіргі уақытта республикада құс шаруашылықтарының өнеркәсіптертік 41 құс фабрикалары жұмыс істеуде, оның ішінде 27-сі құс шаруашылығы өнеркәсіптері мен жұмыртқа шығару бағытында, ал 14-і бройлер етінің өндірісіне негізделген.

Құс шаруашылығы - мал шаруашылығының бір саласы. Құс өсірудің өнеркәсіптік сипаты бар. Әсіресе арнаулы құс фабрикаларында тауық өсіру халықты етпен, жүмыртқамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бір ғана құс фермасында 300 мыңнан астам құс өсіруге болады. Одан жыл сайын миллиондаған тонна жұмыртқа алынады. Құс шаруашылығының маңызды саласы бұл - құс етін өңдеу. [2]

Құс еті − әрі жұмсақ, әрі дәмді ет; Құс еті әрқашан бағалы жеңсік ас саналып келді. Құс шаруашылығы мықтап дамыған қазіргі уақытта тауық етін де, басқа құс еттерін де халықтың көбі тұтынатын болды. Құс етінің тағамдық бағалы заты − ақуыз; бройлер етінде ол санатына қарай − 17, 6 − 19, 7%, тауық етінде 18, 2 − 20, 8%, бөдене етінде 18, 0 %. Құс етіндегі амин қышқылының құрамы өте сіңімді. Суда жүзетін құстардың етінде май көп болады. Тауық етінде басқамен ауыстырылмайтын құнды, қанықпаған май қышқылдары сиыр және қой етіне қарағанда бірнеше есе артық. Құс етінде В тобындағы дәрумендер мол болады. Онда минералдық элементтер де (ең алдымен фосфор, күкірт, темір және мыс) аз емес.

Құс етін басқа кез келген ет сияқты, қуырады, пісіреді, бұқтырады, одан котлет және басқа туралған ет тағамдарын жасайды. Піскенде құс еті (әсіресе, бройлер еті) елжіреген жұмсақ болады, өйткені онда байланыстыру ұлпалары аз, 8%-дан аспайды (сиыр етінде ол 15%) . Олар, әсіресе төс етте аз, сондықтан тауық етінен сүйкімді тағамдар әзірлейді. Құс етінің негізгі компоненттері: су, ақуыз, май, көміртегі, минералды заттар, дәрумендер және т. б. Құс етінде су, ақуыз және май жеткілікті мөлшерде, ал көмірсулар өте аз деуге болады . Дегенмен, кейбір мүшелерде глюкоза мен гликогеннің мөлшері 4 %-ға жетеді.

Құс етінің тағамдық құндылығы еттің құрамы мен ондағы компоненттердің жекелеген мәндері арқылы анықталады. Қазіргі көзқарас бойынша «тағамдық құндылық» ұғымы өнімнің барлық пайдалы қасиеттерімен түсіндіріледі. Құс етінің тағамдық құндылығын бағалау барысында, ең алдымен, химиялық құрамын қарастырады. Құс етіндегі химиялық элементтер мөлшері егер тамақпен бірге қосымша ағзаға түсетін болса, онда жасы ұлғайған сайын жоғарылайды. Сондықтан олар жағымды және жоғары дәрежеде бір-бірімен байланыста болуы керек. Адамның қазіргі мәселелерінің бірі - адам денсаулығына пайдалы тағам құру. Ағзадағы ақуыз дар, тағамдық талшықтар, дәрумендер, макро - және микроэлементтер тапшылығы денсаулық үшін қауіптілікті білдіреді және өсімдік шикізатын өңдеуді қайта қарауды жедел талап етеді. Макарон өнімдерінің дәстүрлі түрлерінің тағамдық құндылығы жеткіліксіз, негізгі қоректік заттар: ақуыздар және көмірсулардың теңгерімсіздігіне ие. Қазіргі таңда макарон өндірісі алдында ассортименттерді жақсарту, өнімнің сапасын арттыру, ақуыздармен, дәрумендермен, басқа да тағам- дық және биологиялық құндылығы жоғары құрауыштармен байытылған өнімдер өндіруді кеңейту міндеттері қойылған. Осы мәселені шешудің неғұрлым келешегі бар жолы - тамақтану сапасын арттыруға мүмкіндік беретін, отандық өндірістің диеталық және емдік өнімдердің сұранысын қанағаттандыратын, өсімдік шикізатын өңдеу жолымен алынған, биологиялық бағалы қоспалармен байытылған өнімдер өндіру. [3]

1 Кәсіпорынның тарихы, казіргі таңдағы жағдайы және болашақтағы дамуы

Қазақстанның Оңтүстігіндегі ірі кәсіпорынның бірі «Инфрастрой ЛТД» ЖШС-і. Құс фабрикасы құс етін өндірумен айналысады. «Инфрастрой ЛТД» ЖШС-і 1994 жылдан бері «Қайнар-Құс» сауда белгісімен 25 түрлі құс етінің өнімдерін өңдіріп келе жатыр.

Кәсіпорынның негізі 1974-1980 жылдары Бөген бройлер құс фабрикасы болып қаланды. Алғашқы жобалық қуаттылығы 6000 тонна құс еті болған. 1994 жылы жекешелендіру кезінде «Қайнар Құс» АҚ болып қайта құрылған. 2006 жылы фабриканы «Инфрастрой ЛТД» ЖШС-і сатып алған. Кәсіпорын 2006-2018 жылдар аралығында модернизациядан өткен.

«Инфрастрой ЛТД» ЖШС-і Түркістан обылысы, Ордабасы ауданы, Қайнар елді мекеніңде орналасқан. Фабрика Шымкент қаласынан 15 шақырым жердегі экологиялық таза аймақта орналасқан. Фабриканың қолайлы жерде орналасуы шығарылатын өнімнің сапасына қолайлы әсерін тигізеді.

Бүгінде кәсіпорында инкубациялық жұмыртқа өндірісінен дайын өнімге дейін өндірістік дайын циклі бар. Фабриканың ерекшеліктерінің бірі - дербес автопаркі мен көтерме қоймаларының болуы. Өндіріс цехы жоғары технологиялық жабдықтармен жарақталған. Кәсіпорындағы барлық қондырғылар соңғы үлгідегі инновациялық жаңалықтармен қамтамасыз етілген. Құс фабрика толығымен автоматтандырылған.

Кәсіпорын қазіргі таңда 84 адамды жұмыспен қамтып отыр. Орташа айлық жалақылары 90 000 теңге. Фабрика жергілікті жердегі фермерлер мен шаруа қожалықтарына қолдау көрсету мақсатында ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Бастау» бизнес жобасымен, жобаға қатысушыларға арналған оқыту менторлық жүйесі - құстарды тамақтандыру, күтіп ұстау, ветеренарлық өңдеу технологияларын практикалық оқытуды көздейді. Жобаны іске асыру процесінде объектіге барып ақпараттық қолдау жүзеге асырылатын болады.

«Инфрастрой ЛТД» ЖШС-і өндірістік мақсатта РОСТ-308 тұқымдас бройлер балапандарын пайдаланады. Ата-аналық тауықтарды Түркия және Беларусь Республикасының құс фабрикаларынан алдырады. Қазіргі таңда шетелден әкелінген жұмыртқаларды инкубациялап, балапандарды өсіріп, 4 аталық гибрид формасын шығарды. Аналық бастар құс фабрикасында айнайы күтіп баптап өсіріледі. РОСТ-308 тұқымдас бройлер балапандары жылдам өсімталдығымен белгілі. Сондай-ақ инфекциялық аурулар мен стреске төзімді келеді. Балапандар ашып шыққаннан кейін 20-25 күнде тірі салмағы 1 кг-ға жетеді. 42 күнде тірі салмағы 2, 2 кг құрайды. Бір айлық балапандар тәулігіне 200 гр азық тұтынады. Сойылған кезде 70-72% таза бройлер етін алуға болады. Құс еті және құс еті өнімдері Алматы, Шымкент, Тараз, Ақтөбе, Қызылорда және басқа да қалаларда ұзақ көтерме сатуға және Қырғызстан Республикасына экспорттап шығарылады. Болашақта Қазақстан нарығын толығымен қамтып, құс етімен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Кәсіпорын жалпы 25 түрлі құс еті өнімдерін өндіреді. Шығарылатын негізгі өнім табака-балапандары. Бұдан басқа төс еті, филе, сан еті, сирақтары, жамбасы, қанаттары және субөнімдер шығарылады. Құсты сойған кезде олардан ешқандай артық заттар шықпайды. Қалдықтар 100% толығымен жаратылады. Ең соңғы құс саңғырғы да органикалық тынайтқыш ретінде пайданалынады.

Құс фабрикасы 2020 жылдын бірінші жартысында 2500 тонна өнім өндірді. 2021 жылы өндіріс көлемін екі есе арттыруды жоспарлап отыр. Өндірілетін құс еті және құс еті өнімдері облыс, республика көлемінде сатылымға шығып жатыр. Кәсіпорын құс етін өндіруге қатысты «тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйесі» ҚР СТ ИСО 22000-2006 және «сапа менеджмент жүйесі» ҚР СТ ИСО 9001-2016 (ISO 9001:2015) талаптарына сәйкес сертификатталған. Құс фабрикасы «Қайнар-Құс» тауар таңбасына куәлік иемденген.

Инфрастрой ЛТД, Шымкент - телефон, адрес, каталог, цены, отзывы о компании Инфрастрой ЛТД – BizOrg.su, ID 893568

Сурет 1. «Қайнар-Құс» тауар таңбасы

«Инфрастрой ЛТД» ЖШС-нің - 960 гектар жері бар. Өз кезегінде бұл жерлерде кәсіпорынның бөлңмдері құсханалар жем-шөп дайындау орны мен жайылымдары бар.

Кәсіпорын мынадай бөлімдерден тұрады:

  1. Аналық бас ұстайтын орын
  2. Инкубация цехы
  3. Балапандарды бағып күтіп ұстау цехы
  4. Сою цехы(убойный)
  5. Жем дайындау цехы

«Инфрасрой ЛТД» ЖШС-і - мақсаты тұтынушығы өзінің дәмдік қасиеттері керемет құс етінің сапалы өнімін ұсыну болып табылатын заманауи компания.

2 Кәсіпорындағы қоңдырғылар мен техникалық процестерді үйрену

Құс фабрикасы - көп құс басын механикандырылған және автоматтандырылған өндірістік технология бойынша өсіріп, жұмыс істейтін орын. Сондықтан мұндағы барлық жүйелер технологияландырылған және өз кезегінде бірімен бірі тығыз байланысты бөлімдерден тұрады.

Құс фабрикасы мына бөлімдерден тұрады:

  1. Аналық бас ұстайтын орын. Асыл тұқымды аналық тауықтарды күтіп-бағудың негізгі мақсаты инкубациялық жұмыртқа өндіруге бағытталады. Аналық тауықтардың саны өндірістік құстардың басына байланысты ұсталады. Оларды КБР-2 батареясында және еденде ұстайды. Азықтандыру, суару саңғырықты тазалау механикаландырылған. Бұл орын 13 корпустан тұрады. Әр құсханада 20 000-ға дейін аналық тауықтар ұсталады. Құсханалар өз ішінде құс ұстайтын торшалардан тұрады. Әрбір торшаға 30 мекиен орналастырылады.
  2. Инкубациялық цех. Инкубациялық цех құс фабрикасының негізгі цехтарының бірі. Ол экологиялық, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетін арнайы жобамен салынып, құрал-саймандар, инкубаторлармен жабдықталады. Инкубатордың жұмыртқаны асылтұқымды ата-аналық табындардан жинақтайды. Инкубаторлық цехтың жұмыс істеу графигі құс фабрикасының өндірістік технологиясына байланысты болады.

Кәсіпорында Ресей және КХР-нан әкелінген инкубаторлар орналақан.

а) Ресейлік инкубатор сыйымдылығы 45 000 дана жұмыртқа. Инкубатор цехында дәл мұндай 5 инкубатор бар. 5 инкубатор әр қайсысы 45 000 дана жұмыртқадан 225 000 балапан ашуға қуатты.

б) КХР-ден әкелінген инкубатордың сыйымдылығы 57 600 дана жұмыртқа. Дәл мұндай 3 инкубатор бар. 3 инкубатор 57 600 дана жұмыртқадан 172 800 балапан ашуға қуатты(2-ші суретте көрсетілген) .

Инкубатор шкафного типа 4.jpg

Сурет 2. «ЕСО-57600» инкубаторы.

Инкубатордан балапандар 21 күнде шығады. Кәсіпорында әр партиядан 397 800 бас бройлер балапандары ашып шығады.

Инкубациялық жұмыртқа ырғақты өндіру үшін ата-аналық (асылтұқым-ды) тауықтардан жылына 4 рет жаңа топтар құрады. Инкубацияланатын жұмыртқаларды 4 айлық мекиендерден әрбір екі сағатттан кейін жинайды. Жұмыртқаларды сараптап, іріктелгендеріне фармальдегид немесе озомен алғашқы дезинфекция жасалынады да, 8-12 0 С температурадағы қоймаларда 7 күнге дейін сақталынады. Инкубациялайтын жұмыртқаны ұзақ уақыт сақтау үшін туылғанына 2-4 күн болған жұмыртқаларды 5 сағат бойы 37, 5 0 С темпера-турада 70%-тік ылғалдықпен жылытады. Мұндай жұмыртқаларды 15 күнге дейін сақтауға болады. Дұрыс сақталмаған жұмыртқалардың шығымы 30% дейін кемиді. Жұмыртқаларды сыртқы пішініне қарай, өлшеу, жарық түсіріп көру арқылы, қажет болған кезде жарып бағалайды. Инкубацияға ұсақ, қос сарыуызды, сопақ немесе домалақ жұмыртқалар жарамайды. Қабығы жарылған, сарысуы шайқалған, қанды, етті дағы бар, көгерген үшкір басында ауа камерасы бар жұмыртқалар инкубацияланбайды.

Инкубациялау тәртібі. Ұрықтың бірқалыпты дамуы үшін қайықшаларды екі жағына ауық-ауық 45 0 С-ка аударып отырады. Өйткені ұрық дамуының әр кезеңдерінде сыртқы орта факторлары өзгеріп отырады.

Температура. Инкубациялаудың алғашқы күндері жоғары температура (37-38 0 С) ұрықтың өсіп-дамуын жеделдетеді. Инкубатордағы температураның автоматты түрде реттелуіне қарамастан қайықшалар арасы мен жұмыртқалар төңірегіндегі температура біршама жоғары болуы мүмкін.

Ауаның ылғалдылығы. Ауа ылғалдылығының шамадан тыс артық немесе кем болуынан құстың эмбрионалдық дамуы бұрмалануы мүмкін. Инкубация-лауда қолайлы ылғалдылық 50-60%; оны шығару кезінде 37, 5 0 С - 60-70% дейін көтереді.

Ауа алмасу. Инкубация кезінде жұмыртқалар оттегіні көп сіңіреді де, көмірқышқыл газын көптеп бөліп шығарады. Көмірқышқыл газы 1% артық болғанда ұрықтың өсуі тежеліп, оның жойылуы арта түседі. Инкубатор ауасында оттегі 21%; көмірқышқыл газы 0, 2-0, 3% ғана болу керек.

  1. Тауықтарды бағып күтіп ұстау цехы. Кәсіпорынның бұл бөлімі 2 бригададан тұрады. Бірінші бригада 13 корпустан, екінші бригада 10 корпусты қамтиды. Бір корпусқа 31 100 бройлер балапаны отырғызылады. Бройлерлерді өнеркәсіптік өндіру балапандарды еденде немесе клеткаларда жыл бойына үздіксіз қарқынды жүйемен өсіруге негізделген. Өсірудің кез келген әдісінде будан құстың генетикалық потенциалын толық пайдалану үшін азықтандару мен күтімнің қолайлы жағдайларын жасау қажет. Бройлерлер технологиялық процестерді механикаландырылған, автоматтандырылған жабық қораларда көптеп топтастырыла күтіледі.

Бройлерлерді еденде өсіру. Тәуліктік будан балапандар жақсы тазартылып, дезинфекцияланған құс қорасына көбірек топтастырыла орналастырылады. Бройлерлерді қалың төсе-ніште өсірген кезде отырғызу тығыздығы алаңның әр шаршы метріне 12-14 құстан келеді. Соңғы уақытта отырғызу тығыздығын арттыра түсу тенденциясы байқалуда. Бұл бройлерлердің 42 күндік мерзімінде сойылуына байланысты болып отыр. Сонымен бірге отырғызу тығыздығын арттыру қораның алаңын тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді. Құс фабрикаларында бройлерлерді өндірудің әр түрлі технологиясы қолданып, союға тірілей салма-ғы жеткен балапандар алынады. Осыған орай әр шаршы метріне келетін балапандар саны емес, өсірудің соңғы кезеңінде бройлерлердің орташа салмағы, яғни алаңның әр шаршы метріне тірілей салмақ есебімен өндірілген еттің мөлшері есепке алынады.

Бройлерлерді торшада өсіру. Бройлерлерді еденде өсірумен салыстыр-ғанда клеткада өсіру бір алаңның өзіне құсты 2-4 есе артық орналастыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге клеткаларда құстарға қолайлы мал дәрігерлік -санитарлық және зооинженерлік жағдайлар жасау әлдеқайда оңай. Бройлер-лерді клеткаларда өсірудің жағымсыз жағы, төс сүйегі килінің алғы шет жағындағы тері астындағы эксудаттың жиналуының салдарынан ұшаның тауарлық сапасының төмендеп кетуі болып табылады. Алайда, қазіргі уақытта бройлерлерді өсіру мерзімі 42 күнге қысқартылып отырған кезде жоғарыда аталған дертке құс шалдықпайды екен. Бройлерлер қалың төсеніштен гөрі клеткаларда тез өседі; еті (әсіресе төс еті) шикі протеиннің көп мөлшерімен, ылғал үлесінің аздығымен ерекшеле-неді: кокцидоз және саңғырық арқылы жұғатын басқадай ауруларға шалдығу қаупі азая түседі.

  1. Сою цехыкәсіпорындағы негізгі цех. Бұл жерде құс фабрикасының негізгі процесстері жүргізіледі. Құсты өңдеудің сызба нұсқасы 3-ші суретте көрсетілген.

Құсты сою технологиялық үдерістері мынадай жүйеде жүргізіледі:

Сурет 3. Құсты өңдеудің жалпы нұсқасы.

Сою цехында Голландиялық «Mein» құс сою жүйесі орнатылған. Қуаттылығы сағатына 7300 бас тауық соя алады. Барлық жүйе автоматтандырылған.

Сою цехына әкелінген құстарды конвейер ілгішегіне асып қояды. Содан соң конвейер бойымен құс жансыздандыратын аппаратқа (құсты анестезирацияға) береді. Құстың жанын шығаруға кернеуі 220 вольт айнымалы тоқтың тізбегіне қосылады. Байланысатын ортаның жұмыс кернеуі балапандар үшін 90-110 вольт. Жанын шығару ұзақтығы үшін 3-6 секунд. Электр тогімен құстың жанын шығарған кезде жүрек соғуы тоқталмайды, мұның өзі құстың қансырауын толық тоқтатып, ұшаның тауарлы түрін жақсарта түседі(4-ші суретте электрлі жансыздандыру қоңдырғысы) .

Аппараты электрооглушения птицы от 200 до 6000 голов в час | «Спецтехнология-Агро»

Сурет 4. Құстарды жансыздандыру қоңдырғысы

Жансыздандырылғаннан кейін сою мен қансыздандыру орнына жөнелтіледі. Құсты сою үшін - сол қолмен басынан ұстап, құлақ сырғалығынан 10 мм төменірек теріге пышақты түйреп, оң жақ және сол жақ ұйқы тамырын, күре тамырдың бір жағын, содан соң оның екінші жағын тіледі, түйреу ұзындығы 15 мм -ден аспауы тиіс. Құстар сойылған соң, қансыздандыруға жіберіледі(5-ші сурретте көрсетілген) .

Линия убоя птицы – оборудование для убойного цеха от производителя | ООО «КТБмаш»

Сурет 5. Құстарды қансыздандыру

Қауырсынды жұлу - құсты өңдеу мен қайта өңдеу кезіндегі маңызды да еңбекті көп керек ететін операциялардың бірі. Қауырсын мен мамық жүнді өңдеуден кейінгі құс етімен өнімінің сапасы көп ретте қауырсынды жұлу сапасына байланысты болады. Қауырсын жұлуды жақсартып, тездету үшін құс ұшасын жылумен өңделеді.

Бройлер балапандардың қанаттарын, бастары мен мойындарын өңдеу үшін жидіту жүргізіледі. Құсты жылумен өңдеу аппараттарындағы су температурасы автоматты түрде реттеледі.

Жылумен өңделгеннен кейін ұшалар жүнін жұлу үшін «К7-ФЦЛ» машинасына жеткізіледі(6-шы суретте көрсетілген) . Ұшаның жүнін резинкалы бұдырлы саусақтар жұлады. Конвейер ілгешектеріне бекітілген ұшалар дискілердің жұмыс қата-рын бойлай ілгері қозғалады. Айналмалы саусақтар ұшаның үстіңгі бетіндегі жүннің бәрін сыдырып тастайды да, оған жылы су бүркіледі. Жұлынған жүн сумен бірге гидралатауға келіп түседі. Қанаттарды, бастарды, мойындарды жуған сәтте, оларды үйкеліс күшін күшейту үшін жұмыс органдарын сығым-дап, қыса түседі.

Машина для снятия оперения К7-ФЦЛ/7: продажа, цена в Полтаве. оборудование для птицеводства от " ЧАО «Полтавский машиностроительный завод» " - 3074573

Сурет 6. Қауырсыннан ажыратуға арналған «К7-ФЦЛ» қондырғысы

Құс ұшаларының ішін жару және ақтармалау. Ұшалардың іші жартылай және толығымаи жарылуы мүмкін. Ішін жарған сәтте ішек-қарыны бөлек алынады, ұшаны конвейерден түсірместен арнаулы столда қатпаршағынан кесіп алынады. Ішін толық жарған сәттер ішкі органдары, мойын омыртқа мен басы, табан буындары мен аяқтары, негізгі мойын алынады. Ең алдымен арнаулы аппаратпен аяқтары кесіледі. Содан соң ұша астауға келіп түседі де, ішек қарыны жарылатын жүйеге бағытталады. Табан буындарынан арқасы жұмысшыға қаратылып ілінеді. Ішек қарынды жару, субөнімдер мен ішек-қарын қалдықтарға арналған астауларға жүргізіледі. Су астаудың жақтауларын бойлай ағып, субөнімдерді жуып шаяды.

Әрбір келесі операция жүзі өткір арнайы пышақпен орындалады. Ұшалардың ішін жару мынандай ретпен жүргізідеді : әуелі қатпаршақтың айналасын қоршай кеседі. Ұшаны сол қолдың бас бармағымен және ортаңғы саусағымен құйымшағынан қыса ұстап, пышақ пен теріні құйымшақ тұсынан тіледі. Сол қолдың саусағымен көтеншектің үстінен басып тұрып, қатпаршақ-тың айналасын қоршай тілуді аяқтайды. Содан соң қатпаршақты көтеншектің кесек етімен бірге ұшадан суырып алады. Тіліктің диаметрі 30 мм. Қайшымен немесе пышақпен (жүзін жоғары қарата) қарынды ішкі жағынан қатпаршақтан төс сүйекке дейін кесіп, тілікті сәл-пәл солға қарай ойыстырады.

Содан соң ұша мал дәрігерлік-санитарлық сынақтың жұмыс орнына келеді. Сапасы жақсы ұшалар контейнермен ішкі органдарды сылып тастайтын жұмыс орындарына келіп түседі(7-ші суретте көрсетілген) . Ең алдымен сол қолмен жүректі қалған органдардан бөлек алып, оны жүрек жанындағы қалтаудан босатады. Содан соң тағы сол қолымен бауырды еттен ажыратып, басқа органдардан да бөлек алады. Егер майы болса, оны ішектен сыдырып алып, арнаулы күбіге тастайды. Қалған ішкі органдарды сол қолымен қапсыра ұстап, асқазаннан бөлмей сәл-пәл соза түседі, содан соң оларды кесіп алып қалдықтарға арналған науаға тастайды.

В Таджикистане планируют увеличить производство яиц и куриного мяса - TAJ News

Сурет 7. Ішкі органдарды сылып алу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құс етіне жалпы сипаттама
Ет өнімдерінің технологиясын жетілдіру
Шірік қаңқалар
Құс ұшаларының ішін жару
Еттің сапасы, сақталуы және ақаулары
Жабайы жануарлар мен құстар етөнімдерінветеринариялық - санитариялық сараптау
Жабайы жануарлар мен құстардың ет өнімдерін консервiлеу
Ет, құс, жұмыртқа және олардың өнімдерінің химиялық қауіпсіздігінің көрсеткіштері
Құс шаруашылығы өнімдерін инфекциялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау
Шұжық дайындау технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz